Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата15.03.2017
өлшемі8,26 Mb.
#9298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дидар 
Дидар 
АМАНТАЙ
АМАНТАЙ
жазушы, драматург, мемлекеттік 
жазушы, драматург, мемлекеттік 
«Дарын» сыйлығының лауреаты
«Дарын» сыйлығының лауреаты
АТЫңНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ
П Р О З А 

ҚАЗАҚ ТАБИҒАТЫ
Тəңірім! Оның түркі аты мəңгілік бол-
сын. Əулетін көлігіне тиеп, көсемі
алдыңғы түйені бұйдасынан жетелеп, ке-
руен тізбегіне өрелі кілем жауып, түлігін
қаптатып табындап өргізіп, Батыстан
Шығысқа қарай салқар көш түзегенде,
көк теңбіл биіктен ару Күн шұғыла
шашып, қарсы алдынан жолықсын.
Қолын төбедегі күмбез аспанға қаратып
жайған көк бөрі заузаты қолдау тапсын
сенен, Күн.
Елдің түркі аты өшпесін. Байыған Күннің
бетін жасырып, ай жарығында қара дом-
бырасын ұстаған қазақтың қоңыр мінезді
табиғатын түн ашады. Қазақты мақпал
шымылдық жамылған түн баласында
көр, əдетке сіңген салт-дəстүрі қоныс
аударған, тегі, көш тоқтатқан мезгілде
нақты мəн-мағынасын, анық мазмұнын
табады. Киіз үйдің түнде жаны кіреді.
Құсжолындағы шоқ жұлдыздар
шаңырақтан моншақтай үзіліп көшпелі
қыздың уысына төгіледі, əсемденіп жіпке
тізіліп білегіне байланады, мойнына
тағылады. Қиық ай – əшекей сырғаның
бедерінде, көкжиектерді қосқан күмбез
шатырлы түпсіз ғарыш киіз үйдің өзін бе-
реді. Қазақ тіршіліктің қайнар көзі – бол-
мысты – киіз үйдің ішіне жинайды.
Болмыс дегеніміз – киіз үйдің көрнекті
нұсқасы, үлгісі. Тəуелсіз болмыстың
Парменидтің өзі қызығатын əділ сипат-
тамасы. Болмыс – бізге берілген
қоршаған орта, дүние, санадан дербес,
ақыл-ойдан ерте жаратылған, қашан,
қайда жойылатыны ақылға сыймайтын,
өзіне-өзі тең, жалқы, ары қарай дамыта
берсек – абстракция, дерексіздік.
Дүние болған.
Мəдениет
Қазақ мəдениеті – түркі əлемінің айы-
рылып шыққан, тармақталған аша
бұтағы емес, негізгі діңі, тарамы емес,
түп тамыры. Атақонысты тастап кете ал-
майтын киіз туырлықты көшпелі жұрт
қана. Түркі дүниесінің қара шаңырағына
ие болып қазақтар қалды.
Түркі дүниесі. Су асты мұхиты тəрізді
алып жұмбаққа айналған сауал белгісі.
Тереңге бойлап, тұңғиыққа талмай жүзе
алмағандар үшін – тарихи жад, су бетіне
қалқып, көтеріліп шықпағандар үшін –
ғұмыр. Екі ғалам, тіл табыса алмаған егіз
мəдениет, түрлі қос жазықтықта жатқан,
ғылыми түсініктерді нақтылы бейнелей-
тін терминдері сан ал-уан, əр құбылысты
тезге салу өресі, өлшемі біріне-бірі
алабөтен, сұқбаттаспаған, бақталас пар
көзқарас.
Қазақтың тілін білмей, мəдениеті ту-
ралы сөз қозғап, пікір айту – күнəнің
үлкені. Мартин Хайдеггердің байла-
уынша, тіл – болмыстың үйі. Көшпелі
жұрттың бар болмысы – тілінде.
Мəдениеті не жыраудың тол-ғауында, не
жылқының бітімінде. Жылқы ұстау өнері
– көшпелі мəдениеті. Жылқы – қазақтың
символы. Əдетте, ауылда кісінің аты бо-
лады. Аты жоқ қазақ жауынгер де емес,
отағасы да емес, оның отбасы да жоқ.
Атың кім деп сұрайды далада. Жаман ат
– ардың азабы, жақсы ат – намыстың
қанағаты.
Наурызда басталған көш қараша қаздар
қайтқанда аяқталады. Қыста көшпелі
қазақ отырықшыға айналады. Қыстауды
қай жерден қиып аласың, сол жер сенің
атақ-дəрежеңді аңғартады. Суы мол
қоныстың сұрапыл қатты боран соққанда
паналатар ықтасын қырат-қырқасы,
жота-жоны, қалқасы болуы керек. Жел
ауылға соқпауы қажет, ұйтқыған қар үйге
табалдырықтан кеулеп енсе, ауылдың
теріс қонғаны анық. Ауылдың бақан
тіреп, шаңырақ көтеріп, кереге керетін,
киіз үй тігетін орнын жайылған мал
көрсетеді. Қай тұсқа иіріліп жатады, сол
тұсқа қазығыңды қақ.
Еуропалық ақыл-ой, тегінде, өзі мəн-
жайын түсін-беген салт құбылысын,
жоралғы ретін дамудың соңында қалған
өркениетке жатқызады. Түзген өлшем
жүйесі, мөлшер шамасы көшпелі əлемін
түсіндіре алмайды да, түркі мəдениетін
алғашқы коғамдық немесе феодалдық
құрылыс шеңберіне енгізеді. Өйткені,
еуропалық рационализм көшпелі ғарыш
кеңістігінде орын таппай салақтап бос
қалады. Көшпелі ғарыш кеңістігі шет-
қиырсыз, кең, еуропалық пайым – көш
ауқыметі, бетпақ дала аясын – зерде-зе-
йінімен толтыра алмай мехнат шегеді,
қыр пəлсапасын қалыптастыруға,
қадіріңе жетуге басқа парасат қажет.
Қазақ тəңірлік ұғым-түсінік пен
мұсылмандық қағиданы санасына қатар
тоқып, қайшылықсыз өмір сүрген. Қос
анықтың күш-қайратын бойына сіңірген
белсенді пəлсапа мен мойынсұнған
тəртіп үлкен төзім, зор сабырды туды-
рады. Көшпелі тұрмыс иесі – жанкешті.
Қазақ ауылы көш тартуға да,
майдандасуға да, қонақ күтуге де
қолайлы. Белсенді күн кешуге бүкіл
жағдай бар, таңертең майданға шық,
түсте мейманыңды қарсы ал, кешке
тынық Таң мен аласұрған Танайға дейін
көшіп кет.
Көшпелілік – жауынгерлік мəдениет.
Досқа – мейірімді, дұшпанына – кешірім-
сіз, сақаралық мінез – Бұқар жырау, Ма-
хамбет, Кенесары, Бауыржан, Қасым.
Дала жаратылысы – түз табиғаты
шындықты бетке айтып – жаудың бетін
қайтарғанда, қаһарын төгіп, бетіне жан
қаратпайды. Қауіп ойлап, екіжүзділік та-
ныту – сертінен тайып, үрейге бой ал-
дыру – қазақ үшін бір ұғым. Тура биде
туған жоқ. Қара қылды қақ жара
алмасаң, қиын-қыстау заманда ел
басқарма, мехнат жолда көш бастама,
тұтас тайпаны жарға жығасың.
Қазақы мінез қыр баласының қанында
ғана емес, дəстүрінде де бар. Дəстүр –
қашанда мінез-құлықты қалыптайтын
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
11

шеңбер, тұрақтандыратын дағды. Салт
қандай болса, мінезің де сондай. Əдет-
ғұрып – қоршаған табиғи орта, ауысатын
маусым жəне меңгерген өркениеттік
тұрмыс қарымын, аясын, қасиетін негізге
алған пəлсапа. Құла түз – мейірімсіз,
рақымсыз дұшпанға тең, көшпеліге
жеңілдік жоқ, қиындықта, бейнетте
тірлігіңді жасап, рухани дүниеңді сомда.
Өмір де, өлім де – көшпелі сана ағыны,
көшпелі ой арнасында – басқа межеде
өлшенеді жəне қос ұғым-түсінік
бетпақтың шет-қиыры жоқ аумағын шек-
сіз ауқымдайды. Ажал табан астында
жатқан топырақта емес, бұйрық – киіз
үйдің сыртына – аспан белтүстігіне
шығып, аруақтар əлеміне көтерілу
тəрізді.
Ғалам моделі
Қазақтың əлемі – киіз үй. Ол үшке
бөлінеді: жеті қабат жердің асты, дала –
киіз үй, сосын алты қабат аспандағы
жұлдыздар немесе аруақтар мұхиты. Тік
шаншылған құрық бойы бəрінен жоғары
тұрған – Тəңірі, көктегі Тəңірісі.
Əр адамның аспанда өз жұлдызы бо-
лады. Көшпелі – өз жұлдызының жер бе-
тіндегі көлеңкесі. Қазақ “жұлдызы жанды”
деп табысқа жеткен адамды айтады. Бір-
бірін жақтырмайтын өш жандарды
“жұлдызы қарсы” деп жатады.
Айырылысқан ерлі-зайыпты “жұлдызы
жараспағандықтан” бірге тұра алмады.
Жұлдыздың сəулелер арқылы
жазықтыққа түскен кескіні, проекциясы –
далалық. Ағып түскен жұлдызды көріп
қазақ жақсы адамның дүниеден озғанына
қамығады. Абай – қазақ халқының
маңдайына біткен “жарық жұлдызы”.
Жұлдызға қарап, уақытты анықтаймыз,
олар “жамырай” жанады, қонып отырған
ауыл сияқты. Жұлдыз бір тəуліктегі өмір
емес, тұтас бір жылдың, бір дəуірдің ша-
руасына, қаракетіне араласады. Көшпелі
Сүмбіле туған соң, суға түспейді, енді
малдың жайылымын, отын ауыстырған
жөн, көшіңді түзеп, жолға шық, киіз
туырлықты қазақ. Шолпан жұлдыз
туғанша... ұзақ күткен жақсылық пешене-
мізге жазылса, түбінде алдыңнан шығар.
Жұлдыз, сірə, аруақтың өзі шығар.
Өйткені, “аруақтың функциясы” мен
“жұлдыздың қызметі” қатар аталса да,
ұқсас. Сондықтан, біз екеуін ортақ əлем
тұрғысында, бірге, тұтас
қарастырғанымыз қателік емес.
Жерге көмілген түздік, көшпелі – кейін
аруаққа айналып, көкке ұшып шығады.
Ол жұлдыз болып, жерге сəулесін
түсіреді. Əкем жарықтық менің
жұлдызым ба, кім білсін. Қорғай жүр,
əкемнің жұлдызды аруағы, мен – сенің
көлеңкеңмін.
Көшпелі қазақ дүние салғанда, үш тəулік
үйіне қондырады. Үйімен қоштассын,
оның үйімен біз де қоштасайық. Үш
күннен соң жер қойнына береміз, жетінші
күні жанына сау-сəлемет айтамыз, қош
бол. Қырық күн өткізіп, ол бізге рух
күйінде, аруақ қалпында ортамызға
қайтып келеді. Рақмет саған, Тəңірім.
Тəнін жеті қабат жердің астына тастап
шыққан Жаны басқа, жаңа сапаға иелік
құрады, ол қасиеті – аруақ. Егер дүнияуи
тіршілік əлемінде ештеңе жоқтан туып,
ештеңе жойылмайтынын, тегінде, есі-
мізге алсақ, қос шектің үніндей – үйлесім
тапқан мұндай эманация жүйелі діни
кітаптың бар екені туралы ой қозғайды,
өйткені Тəңір бастапқыдан жаратылысты
– бүтін, толымды – жаратқан.
Қайдасың, Тəңірлік кітап, көшпелі
пəлсапа шарқ ұрып сені ғаламнан іздеп
жүр.
ТІЛ
Қазақтың тілі – ойлау жүйесіне пар, тең,
эпикалық тыныстағы, құнарлы, сөздік
қоры мол, кең құлашты тіл. Тұрақты сөз
тіркестері көп, бəрі көшпелі тұрмыс-салт
тіршілігі, жөн-жоралғы дағдысы, ұғым-
түсінік танымынан алынған.
Қашықтықтың (ұзындықтың) өлшемі –
құрық бойы, қозы көш жер, ат шаптырым
немесе Мезгілдің (уақыттың) өлшемі –
сүт пісірім, сауын арасы, үш күндік
қашықтық (шалғайлығы). Кеңістікті
өлшеуге уақыттық ұзындықты
анықтайтын тұрақты сөз тіркестері
қатысады. Керісінше, Уақыт – Кеңістік
арқылы. Сондықтан, ықшам, қысқа,
кеңселік орыс тілі қазақшаға
аударылғанда, созылыңқырап, ұзын жон-
данып шыға келеді. Ғарыштық ойлау
жүйесі мен эпикалық тіл қашанда тығыз
байланыста өмір сүреді, бұл – қазақ
тілінің айырма-белгісі. Қазақ тілі
қалыптасқан орысша жарнамалық сөз,
сөйлем табиғатынан алабөтен, мүлдем
бөлек, сондықтан, мағынаны аудару
керек.
Қазақ тілінің жұрнақ сомдау қабілеті зор,
тіпті, – орыс етістігінің өзін
қазақыландырып жіберуге болады.
“Электризовать” жəне “электризация” –
электризациялау, ағылшынша «Electrify»
(илектрифай) жəне “Electrization” (илек-
тризейшэн), қазақ нұсқасында – илектри-
файлау жəне илектризейшэн ету немесе
қылу, жай етістік те, күрделі етістік те
жасауға мүмкіндік бар.
Ойлау жүйесі – əлемдік ауқым, тіл –
эпика, соған барабар мінезі – ашық,
көпшіл, пейілі кең қазақ, əрбіреуімізге
белгілі, қонақжай.
Ойлау, сөйлеу, мінез – даланың нақ өзі
секілді.
Қайта құру
Мен қайта құру деген сөзден
қорықпаймын. Ұлтты қайыра құратын кез
жетті. Жаңа архитектураның іргетасын
қалайтын белесті қамтыдық. Қайыра
өркендеу дəуірі, құла қазақтың құшағына,
Абайдың қайғысын кешіп, Қаныштай
жалғыздықта торық, Қасым ханның тегін,
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
12

Кенесарының кегін қайтар, Əлихан
Бөкейханұлы, көз ұшына көрін, елес
болып кетпе.
Ұлттық, өзекті, асыл мүдде өзін қазақ
сезінетін адамның топшылар мұратына,
толғанатын тақырыбына айналсын.
Жалпыадамзаттық мəдени тəжірибені
нысаналай отырып, жалпықазақтық
идеяны жаңғырту, сөйтіп, ауыздықты ті-
степ ала жөнелетін сыңар езу кертарт-
паны жүгендеу, солай етіп, жиек сағалап
шеттеп бара жатқан маргиналдықты
тұзақтау.
Бүкіл қазақты, Франция қазағын да,
Қытай қазағын да, Ресей қазағын да,
Монғолия қазағын да, бес құрлыққа та-
рыдай шашылып, бытырап жатқан алты
алаштың төл ұрпағын бір мұратқа бірікті-
ретін, бір елге тұтастыратын, бір
этникалық күшке айналдыратын ұйтқы,
қуат – тіл жəне атажұрт. Туған топырақ
дегеніміз – бабаларымыздың сүйегі
мəңгілік қоныс тапқан мекен.
Жүздік, рулық құрылым арқылы ортақ
қағида, тəртіпті тұрақтандыру, ұлт ата-
уына – қазақ ұғымына жету –
жалпытүркілік қасиет. Бірақ, шегелеп
тұрып қайталасақ, бірақ, соңғы уақытта
бүкіл қазақ мұратына жетудің мұндай
түрі, тұтастыққа шақыру талпынысы
дағдарысқа, зады, қайшылыққа
ұшырады. Екі нəрсе жолын кесті –
қазақстандық идея мен капиталистік
қатынастар, қос мəселе жаңаша ойлауға
мəжбүр етіп отыр.
Басты мақсат – ұлт болсын. Ұлт –
адамзаттың бұтағы, тармаққа жарылған
тамырының дара сипат алған өскіні.
Орыс жері мен орыс ұлты, шотланд жері
мен шотланд ұлты, қытай жері мен қытай
ұлты, неміс жері мен неміс ұлты, жөйіт
жері мен жөйіт ұлты – тарихи категория,
бар. Тек Иерусалим – Əл-Құдыстан ғана
үш жойқын мəдениет бүршік атып, гүл
жарды, Иерусалим – Əл-Құдыс ғана сол
бетінше сақталып қалды, ал Вавилон
қирады. Иерусалим – Əл-Құдыс – біреу-
ақ. Америка – Ұлттық Белгі емес,
диффузиялық араласу, маргиналдық
кеңістік. Маргинал – түрлі мəдениеттің
алыс-берісі, рухани өндіріс емес, рухани
сауда-саттық.
Ақсүйектік
Халықтың мұңын жоқтап, қамын жеу –
ақсүйектік деңгей. Қалың бұқара
тұрмысын жақсартуға талпыну – зиялы
биігіне, парасат шыңына жету болмақ.
Шоқан – ақсүйек, зиялы. Осы екі
ұғымды қатар қойып, мəнін салыстырып,
екеуінің симбиоздық атрибутын табамыз,
синтезіне келеміз. Сонда ақсүйек топтың
қалыптасуының үш жолын көреміз, біреуі
– тек арқылы, екіншісі – кемел білім
арқылы, үшіншісі – баю арқылы. Үшеуі де
рухани өсу, ізденістерсіз мұратына қол
соза алмайтыны анық.
Алашорда үкіметі, задында, текті өкімет
болды. Түп атасы, сойы асыл ұрпақтың
қазақ ертеңіне, тағдырына алаңдап,
майданға араласуы – дағдылы жөн-
жосық еді. Өйткені, алашордашылдар
дегдар отбасы тəрбиесінде өсті, олар
қазақты қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманға бастап алып
барғысы келді, оны – міндетіміз, парызы-
мыз деп түсінді. Сондықтан, Алашорда
үкіметі өз халқын өзі тонаған жоқ, қазақты
несібесінен айырған жоқ, əрбіреуі қара
басының күйін күйттеп, туысқанын би-
лікке əкелумен айналысуды мақсат
тұтқан жоқ. Барлығы Ресейдің білімі
кеніш оқу ордаларында дəріс алды, орыс
тілін жетік білді, маргиналдық
құбылыспен жақын танысты. 
Абай Əбішті оқуға неге берді?
Күрмеу
Адам зиыны – бақи, ғұмыры – қас-
қағым. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда –
қазан. Халық тасқындап аққан шалқар
дария секілді, белестен белеске көшіп,
дəуірден дəуірге ұласып, кей уақ аты,
атауы өзгеріп, жиғанына ие, тергеніне
тиянақты болып, жосылып кете берсін.
Оның қазақ аты мəңгілік болсын.
Кеңестік қазақтың күні өтті, алаштық
қазақ Алтайдан – Атырауға, Арқадан –
Жетісуға дейін жайлап, қарасы молайып,
шырқау биігіне көтеріліп, дүбірлесін,
Тəңірім!
Алматы, 20.09.1996
АЛЬБЕР КАМЮ – МЕНІң
ДОСЫМ
Альбер Камю тақырыбына қалам тарт-
пас бұрын оны екі жыл оқыған жоқпын.
Біреуге ұқсаудан қорықтым. Əдетте,
басқа қаламгердің шығармасынан, зады,
алған əсер көңіліңде сайрап тұрады да,
айтылған дайын тіл орамы, ой өрісі –
тартылған сызық, қойылған үтірінен ғана
айырылып, нүктесіне леп белгісі
қосылып – сенікіне айналып, дағдылы
ағаштан жасалатын қағаз бетіне
таңбаланып, жазылып түсіп жатады.
Маған дегдар Камюді ұмыту керек
болды. Екі жыл уақыт ішінде қай
толғанысы, қандай мəнері ұмытылмай
қойды, соны жазып шығуға бекіндім.
Сана қойнауына тереңдеп сіңген əсер
тоқтаусыз ойланудан соң, ақыл-
парасаттың қасиетіне өзгереді.
Ықпалдың жүрек табиғатына қол соза-
тыны осы тұс, пайымның құрылымы
жаңарады, қабылданған дүниетаным,
тұрақталған көзқарас сыртқы əлемге
үңілген терезенің пормасын қалыптайды.
Ғалам тұлғасы – əркім өз алдына жеке
сомдаған көркем туынды немесе бас
қаһарман. Адам санасындағы жарық
дүние елесі, асылында, кəдімгі тұңғиық
əлемге – дəл, нақ емес – қалайда сəйкес
келмейді. Птолемей алғаш пішінін сызып
көрсеткен, Коперник діни көзқараспен
түс шайысып, қатты ұстасып – əбден
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
13

қастасқан, кейін өлімі арқылы
дəлелдеуге тырысқан, Галилей өміріне
қауіп төнгенде, əзілмен оңай бас тартуға
қиналмаған планеталар жүйесі
хақындағы тебіреніс – кісі қолынан
шыққан əсем бейне, өйткені біз оны көз
жанарымызбен көре алған жоқпыз, аст-
рономия ғылымында осындай түзілім бар
екені алақанға салынып, алдымызға жа-
йылды. Білім, ілім, тарих дегеніміз, те-
гінде, куəлік ету емес – иланым. Адамзат
ұрпағы – сенімге жүгініп, нанымға үміт
артып, жағдайға көніп – өмір кешеді.
Бірақ, білімнің ақиқатына үшінші сатыда,
яғни, нəтижесінде ғана көз жеткіземіз, ол
– автомобиль, телефон, электроника.
Демек, ғылымның көтерген туы – соңғы
ғаламат жаңалықтарын, сүбелі табыста-
рын қажетіне жаратушы қоғам – қабілет-
қарымы өткенде тоқсан тетікті меңгеріп,
соңыра жалқы түймені басып, төңірегін
басқаруға жеткен, дайын нəрсені
тұтынушы қалың елдің ордасы. Қара
халық ешқашан себепке көңіл аударып
жатпайды, ол салдармен жұмыс істейді,
күнделікті тұрмысында пайдаланады –
жемісін жейді. Сондықтан, теледидар эк-
ранынан əрдайым жариялап жүрген
ғарыш шексіздігі ұғымы тек салдардың
анықтауышы, себеп – əрбіреуіміз оқып-
тануға талпынбаған Ньютон мен
Эйнштейннің кітабында, бірақ қос жара-
тылыстанушы ғалымның ашқан
заңдарының тегі əлі күнге шейін белгісіз,
əйтпесе маған бір аттас зарядтардың не-
ліктен бір-бірін тебетінін түсіндіріп берсін.
Немесе, бүкіл əлемдік тартылыс күші
қайдан келді, молекула неге атомдардан
тұрады, позитрон, нейтрон жəне элек-
трон броундық қозғалыс тұманында
қайтіп қиюласқан жігінен ажырап, жан-
жағына шашырап кетпейді. Ядролық
физиканың жұмбақтары, тіпті, миды ашы-
тып, есті шығарады. Ұсақ бөлшектердің
сұлулығы мен үйлесімділігіне таң
қаласың.
Сол кезде жадыңа Тəңір оралады. Бəрін
түгел орны-орнына қойып, барлық
құбылыстың себебі бола алатын Абсо-
лютті іздейсің, ұдайы – бұлжымайтын заң
мен бұзылмайтын тəртіпті – аңсаған
пенде тəнсіз Рухқа қапелімде жолығады.
Түсінгісі келетін жайттарды түсініксіз
толғаммен шешеді. Түсініксіз толғам –
жоғарыдан қадағалап отыратын Жыр.
Сонымен қатар, таусылмайтын көп
мəселенің екінші бір көне тобы бар, оны
да Құдай жеңіл бітіре салады, онысы –
ажал. Гегель өзінің абсолюттік идеясына
Аллаһтың қуаты мен мінезін сыйлады,
Маркс рухани құбылысты материалдық
жаратылыстың тіліне аударды, ал жиыр-
масыншы ғасыр – кеше атүсті жауап
беріп, тез құтылып шыққан Блез
Паскальдың мəңгілік са-уалдарын –
қайтадан жандандырады. Ғұмырдың
мəні туралы ізденістің, Тəңірдің жарлығы
жайлы таластың ауық-ауық жанданып от-
ыруы, асылында, тірліктің қысқалығынан,
сосын – өлім тəжірибесінің болмауынан.
Мен əкемнің қайда кеткенін білмеймін.
Оны та-уып беруге ұмтылған дүмше
ғалым дүмбілез жорамал, жалған
қисынды маған шындық етіп ұсынбақ. Ол
қайдан біледі, аруақтар майданына
барып көрген жоқ, қыл көпірді күмəнді
қылып та, нақты жақтап та сөз жары-
стыра алмайды.
Камю адам əпсанасының шекарасына
тосқауыл қой-ғысы келді. Қаламгер мен
ақын кейіптеген өмір жыры мəңгілік ба-
йыпты талқыдан өткізіп, айқын
тұжырымға тірелуден шалғай, үнемі
алып эпикалық жанрдың елге таныс, жат-
танды, жалпылама эпитеттеріне шалы-
нады, еті өліп кеткен теңеудің бойына қан
жүгіртіп, ұйқыдан оятып, қалауын айтып
қолқа артқысы келеді, алайда жиі
қайталанатын ежелгі метафора сезім мен
ойда дүмпу жасай алмайды. Тұйықталған
шеңбер бойымен тынымсыз қозғалады,
жаңа роман ескі кітаптың тəсілімен си-
паттайды. Жаңа үлгіні қалыптастыру
үшін категория өзгеруі керек. Хайдеггер
құсап өз пəлсапалық сөйлеу мəнеріңді
туғызасың, оның тілі – бөлек, айрықша.
Алғашқы повесі алабөтен түйінге
жықты. Түрлі, қабат тоғысқан қаһарлы
сын ұғынбаудың белгісі еді. Повесте кес-
кінделген Мерсоның оқшау бейнесі
əдебиет шежіресіндегі жалқы кейіпкер
екені бірден аңғарылады. Анасының
дүние салғанына күйінішін де білдірмеу
психологиялық негізсіздігі делініп, Мерсо
талай сыншының оқ атар жамбысына ай-
налды, күдігі аз, сенімі жоқ, ештеңені тура
кесіп, таразыға тартпайтын, бос
дақпырттан үнсіздікті қалаған,
махаббаттың тауын шаққан, тірлікті
үйреншікті сорабынан адастырған,
моральдың тағын шайқалтып, мəнін
тұтас бұзған, қоршаған ортаның шартты
ғұмыр кешу ережесінен қайшылық
тапқан, адамгершіліктен қатыгездіктің ізін
байқаған, жəрдемнен – тұзақты, ақылдан
– екі-жүзділікті, заңдылықтан –
кездейсоқтықты, оқиғадан –
жайшылықты аңдаған, ақырында
көмейге толған ыза, көкіректі қысқан ашу
повестің түйінінде сан алуан сұрақтар
болып адамзат ұрпағына толассыз
бағытталып жатады.
Абсурд – өзінің шекарасын анық
аңғарып отыратын сана. Онымен келі-
суге болмайды, егер абсурдтығын
мойындасаң, онда абсурд жойылады.
Жауабын алған толғақ абсурдтың
аймағынан шығады. Сауал күйінде, жан-
талас түрінде, аласапыран қалпында
тұрақты сақталған қарым-қатынас қана –
абсурд. Сондықтан, Камю
Достоевскийдің «Албастылар» романын
абсурдқа теліді, ал «Ағайынды Карама-
зовтар» абсурдтық ұғымдағы өңірден
тысқары кетті. Кафка – абсурдтық
қаламгер. «Қамал» шығармасы
тоталитарлық империяны болжау еді.
Меніңше, Əбіш Кекілбайдың «Шыңырау»
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
14

повесі – абсурдтық сюжет. Онда, жалпы,
адамзат үшін түбегейлі, басыбүтін да-
йындап берген даяр модель жоқ.
Құдықшының кеудесінде күрметіле
түйіліп, тарқатылмай қалған қорғасын
мұң, қолқаны қапқан ащы күйік бар.
Камю шынайылықты іздеді. Айдалаға
лаққан шұбыртпалы сөйлемдерден
қашты, ой мен қимылды əдемі де қысқа
қайыратын, түсінігі айқын, дəлдігі нақты
ықшам лексиканы жақсы көрді, əлемді
тек эстетикалық категория ретінде ғана
ақтап алуға болатын еді. Шағын новелла,
құйтақандай эсселер, жа-йылып аққан
өзендей үндесіп жазылған жолдар, сон-
дай əсем суреттер, жаңбырдың аңқыған
иісін уақиға дəрежесіне дейін көтерген
метафоралар, тұтқиылдан жаңаша
идеяны ұсыну, ең бастысы – ешқашан
қаныңа суарылмаған сөзге, сөйлемге жо-
ламау, өйткені онда қызу жоқ, жасық тір-
кесім тек көңілді суытады, рухты жылыта
алмайды. Алжирлік француз жүректен
тербеді.
Жүрек еркіндікті сүйді. Бостандық
күресте еді. Ұдайы күресу – талай
жүзжылдықтар бойы меңгеріп,
дəуірімізге кемел машық, асқан шебер-
лікпен түрлендіріп əкелген жазалау, пікір
алуандығымен санаспау, көзқарасты
бұрмалау, көңілді басу, сағын сындыру,
жаппай үрейлендіру, абақтыға тастау,
қинау, қорлау, ар-намысты аяққа таптау,
даралап дарға асудан топтап атып
өлтіруді игеру тəрізді – қиянатқа қарсы
көтерілу екені анық, мұндай қауіп
жағдайында адами қасиетіңді сақтау
үшін Ницше секілді қанмен жазу қажет
еді, сол уақытта қанның рух екенін
түсінесің, сөздің ше, ол қай кезде
жоғалып кетіп еді, төгілген қан ешқашан
құрғамайды.
Бүлік осылай туды. Камю жарқын
болашаққа қол созған қайрат-жігердің
мұқалмайтынына, гуманистік идеалдың
алған бетінен қайтпайтынына, бүлікшіл
дүмпудің шырықты бұзатынына,
зұлымдықтың шегі-нетініне сенді. Бірақ,
ойсырай жеңілу жылдам келді. Ол енді
«Құлау» кітабының желісін салмақтауға
кірісті. Бұл құс самғар биіктен, зеңгір
көктен тоқтаусыз құлдырау еді.
Экзистенциалистік ағымның
метафизикалық мəсе-лесін
əріптестерінен дара пысықтаған Камю
«Бірінші адам» романын – автомобиль
апатынан бақиға аттанар алдында –
үлкен қиындықпен жаңа бастап жатқан
болатын. Аяқталмаған шығарма Камюдің
өзіне ұқсады. Адамзаттың мол мəдени
мұрасымен жан-жақты таныса отырып,
ол ұлан-ғайыр қарама-қайшылықтарға
жолықты. Оны түзетуге жүз Толстой
керек еді. Камю қауға сақалды тынымсыз
шалдың жарты ғұмырын ғана кешті.
Ол жалғыз болды, Кафка дүниеден ерте
озған еді.
Алматы, 1996 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет