ТҰСАУКЕСЕР
]]]]
Қарқаралы
]]]]
112
алынғаны дәлел болғандай. Қарқаралы аймағындағы қоғамдық-
саяси және оның мәдени өміріне қызығушылық танытқан барлық
оқырман үшін таптырмас пайдалы ғылыми жұмыс, зерттеулер
жинағы екені анық. Сондай-ақ монография материалдарын мек-
тептердегі оқыту бағдарламасында өлкетану курстарына
пайдалануға тұрарлық мәнділігімен де бағалы.
Кітаптың мазмұнына келетін болсақ құрастырушы
авторлардың кіріспесімен ашылған алғашқы бетте І бөлім, яғни
Қарқаралы тарихының сюжеттері деп басталып, аңыз бен
құпияға толы киелі мекеннің атауы жайлы ел аузындағы
әңгімелерден үзінділер беріледі. Қымбат та асыл экспонаттар
қатарын тізбелейді.
Келесі ІІ бөлімде Қарқаралы тарихындағы уақыт пен ұрпақтар
сабақтастығын байланыстырады. Қазақтың алдыңғы қатарлы
зиялы қауымы жайлы, алаш қайраткерлері, қазақтың осы өңірге
табан тіреген танымал тұлғаларының, Ресей елінің жазушы,
оқымысты, саяхатшы этнографтарының өлке тарихымен бай-
ланысты тұстарын аша түскен.
...Жүрген соң баурайында күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды» дегендей қасиетті
Қарқаралының асқақтығын, оның барша қазақ халқы үшін қадірі
мен киесінің, мәртебесінің деңгейін осындай құнды дерекке мол кі-
таптардан оқып білетініміз шындық. Сондықтан кез-келген адам
бойында отансүйгіштікті қалыптастырып, өз өлкесіне деген пер-
зенттік сезімін, патриоттық азаматтығын тәрбиелеуде баға
жетпес мазмұнды деректермен берілген бұл жинақ кітап өз
оқырмандарының үлкен сұранысына ие болады деген сенімдеміз.
Себебі, асылын ардақтап, өз туған жерінің өз туған өлкесінің
өткен өмірін білуге қызықпау, тарихын оқып үйренуге талпынбау-
ол адамзат үшін ең қауіпті «мәңгүрттіктің бір түрі болмақ.
Евней Бөкетов атындағы ҚарМУ-ң тарих факультетінің “Тұлға”
ғылыми-зерттеу орталығы мен «Сарыарқа» тарихи-мәдени
мұрагер орталығының директоры тарих ғылымының кандидаты
Н.А.Бейсенбеков пен ҚарТУ-ң Қазақстан тарихы кафедрасының
профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты
С.Д.Шаймуханованың рецензиясымен берілген монография белгілі
өлкетанушы Ю.Поповтың, тарих ғылымының кандидаты доцент
А.Шотбақова мен тарих факультетінің деканы, тарих
ғылымының кандидаты, доцент Г.Смағұловалардың авторлық
ғылыми жинақтары жастарға, өскелең ұрпаққа тәлімді
мазмұнымен кең өріс берері сөзсіз.
Маусым айында ауданы-
мызда «Қарқаралы-2014»
байқау фестивалінің
өткізіліп, жас талант
иелерінің өнерлері сынға са-
лынып, аталған байқауға ҚР
еңбек сіңірген әртісі, әнші,
продюсер, «Құрмет», «Пара-
сат» ордендерінің иегері
Майра Ілиясова қатысып,
қазылық жасаған еді. Атаулы
байқау өз мәресіне жеткенде
әнші Майра апамыз аудандық
мәдениет үйінде
қарқаралылықтарға деген
үлкен құрметімен концертін
қойып, «Япырай», «Бақыт
құшағы», «Біз екеуміз»,
«Қызыма», «Махаббат әні»
секілді бірнеше эстрадалық
әндермен қатар дәстүрлі
халық әндерін орындап, соны-
мен бірге, ақ жаулықты ана-
лар жайында да әнін шырқап,
тыңдарманның ықыласына бөленді.
Бұл ән шашуда әнші апайымызға құрмет танытып, өзі қазылық
жасаған байқауда бас жүлдені иеленген жас өнер иелері әдемі
әндерін сый тарту етті. Үлкен сахна төрінде жүрген әртіс
Майра апамыз тек әндерін ғана орындап қоймай, өзінің
қолтаңбасы қойылған бірнеше сувенирлік естелік сыйлықтарын
да табыстап жатты. Концерт соңында әншімен сұхбаттасудың
реті түсіп, «Қарқаралыға келгендегі алған әсеріңіз?» «Өнер
жолындағы басты құндылық?», “Жастарға көрсетер үлгі-
өнегеңіз?», «Айтар тілегіңіз?» дегендей бірер сауалдарды
қойғанымызда әнші, продюсер ҚР еңбегі сіңген әртіс былай деп
ағынан жарылған еді:
-Қасиетті топыраққа аяқ басқандағы алған әсерім өте кере-
]]]]
Қарқаралы
]]]]
113
Д.Ыдырысов
Д.Ыдырысов
Н.Жақсыбаева
Н.Жақсыбаева
Х а л ы қ ә р т і с і -
Х а л ы қ ә р т і с і -
Қ А Р Қ А Р А Л Ы
Қ А Р Қ А Р А Л Ы
х а л қ ы м ен
х а л қ ы м ен
Ө Н Е Р
]]]]
Қарқаралы
]]]]
114
мет. Өйткені осы жолы келгенде уақытым сәл-пәл болды да, ең
бірінші Құнанбай атамыз салдыртқан аудан орталығындағы
Алланың жердегі үйі мешіттен бастап, қаланың тарихи орында-
рын аралап, Мәди атамыздың ескерткішінде болдым. Осының
бәрін көріп риза болдым. Бір айтарым осы өңірден шыққан Ж.Еле-
беков ағамыздың жары Хабиба апамыз бен киелі топырақтың ту-
масы, М.Жүнісоваға мұражайда арнайы бұрыштар ашылу керек
шығар деп ойлаймын. Қ.Мырзалиев ағамыз «талантты тірі ке-
зінде бағалау керек» дейді ғой. Енді осымен алтыншы рет
өткізіліп отырған «Қарқаралы-2014» байқауы жайында айтар
болсам, бұл елдің конкурсы, бұған дейінгі байқауларда өзге де та-
нымал әншілердің келіп қазылық жасағанын естіп жатырмын.
Биылғы байқаудың тізгіні маған тиген екен. Байқауға 400-дей та-
лантты балалар келіп, сахнада әндерін айтып, билерін билеп,
өнердің өріне талай жас таланттарымыз аяқ басты десем де бо-
лады. Бұл байқау жалғаса бермек. Осы байқауда ән айтуда осы
жердің баласы Қали Тоғжан есімді жас қызымыз Абай атамыздың
әнін үш тілде орындап бас жүлдені иеленді. Заманның сұранысы
үш тұғырлы тіл болғандықтан өте жарасымды. Келешекте
біздің әншілеріміз шет елдерге барып, Абайдың әндерін
ағылшынша айтып тұрса қандай тамаша, қазақ халқын шетел-
діктерге танытады деген сөз. Конкурс жасаған соң оның сапасы
кәсіби деңгейде жоғары өту керек. Ол жерде жарық та, дыбыс
жүйесі де өте жоғары қойылған. Міне, соның бірі «Тас бұлақ» тау
отделінің директоры Т.Акуов мырзаның еңбегіне басымды иіп
рахметімді айтамын. Келесі жылы бұл кісі халықаралық дәрежеге
көтергісі келеді. Болашақта Қазақстанның, Ресейдің, одан да әрі
шет мемлекеттердің жұлдыздарын жинап конкурс өткізгісі ке-
леді. Аталған байқаудың қанат жаятын түрі бар, мен оған қуана-
қуана қосыламын. Мен де сол бір тарихи бетте яғни, 2014 жылы
Майра Ілисова келіп осы конкурстың төрайымы болды деген есі-
мім қалады ғой, сол үшін де қуаныштымын.
Сахнада жүрген өнер адамының басты құндылығы мен үшін
дәстүрлі музыка. Өйткені таза саф өнер болу керек. Шыны керек
кейінгі кезде жастарымыз фонограмаға үйір. Бір-екі өлеңді жат-
тап, компьютерге жазып алып айтып жатады. Музыканы
жазғанда оранжировка жоғары сапада жазылу керек. Ауылды жер-
лерге жақсы музыка мамандарын тарту керек, жақсы сапалы
музыкалық аспаптарды алып беру керек. Өзім әнді домбырамен
айтқан әншілерді жақсы көремін. Қарқаралы өңірі қатты ұнады.
Өмірде қандай жетістікке жетсек те біз енді жетістікке жеттік
қой деп шалқайып отырмаймыз, елге, халыққа қызмет жасай бе-
реміз. Қазіргі үлкен мақсат-жастарды тәрбиелеу. Қазақ әндерін,
халық әндерін әуенін бұзбай орындау, ән таңдай білу, сахнада
өздерін мәдениетті ұстау дегендей жауапты жұмыстар өте көп.
Менің өз мектебім бар, жастарға қолымнан келгенше үлкен көмек
көрсетемін. Ауылда, облыста шықпай жүрген таланттарды
шақырамыз. Қарқаралы жерінен шыққан таланттарға да есігіміз
қашанда ашық. Бастысы өнер жолына бет бұрған азаматтарды
қолдап, көмек көрсету, жақсы шәкірт тәрбиелеу.
Айтар бабасы болса, ұрпағы
неге тартынсын. (халық даналығы)
Бүгінде қанша толқынға, қаншама
ұрпаққа қамқор, пана болған ерекше
тұлға, ақ жүрек, жарқын бейнелі, үлкенге
сыйлы, өз елін, Отанын сүйген, халқына ер-
лікпен еңбек еткен үлкен ғалым, филосо-
фия ғылымының докторы, профессор, Ұлы
Отан соғысының ардагері С.Ж.Кенжебаев
атамыздың өмір жолы өнегелі де жарқын.
Қасиетті де киелі Қарқаралының әдемі
табиғаты, дертке дауа жұпар иісі әрбір
жүрекке нұр ұялатып, сұлулық пен
биязылыққа, байсалдылыққа құштар
етеді. Осындай топырақтан дарыған
қабілет пен дарынға ие болған, осы
қасиетті өлкеде туып-өскен Сағындық
Жүнісұлы Кенжебаев туралы, айтар сөзді
әрине, бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес.
Биылғы Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерей-
тойымен тұспа тұс келіп отырған 90
жылдық мерейтойында тілге оралар сыр
да аз болмайды. Себебі, адамгершілік
қасиетін, қарапайымдылығын, ұлылығын және қазағына- ұлтына сіңіріп келе
жатқан өмір бойғы қыруар еңбегін, ғажайып болмысын білмейтін қазақ кемде кем
шығар. Ұлы тұлғаның 90 жылдық мерейтойын туған ауыл жұртшылығы мен мек-
теп ұжымы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында жұмыстарын
бастап кетті.
Алты алаштың өнеге тұтар аға ұрпақтары Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков,
Ж.Ақбаев, өнер майталманы Қ.Қуанышбаевтан тағылым , одан беріде әкесі Жүніс
пен ағайын-туыстарының еңбекқорлығынан өміріне сабақ алған, жас кезінен
қиындықты көп көрген атамыздың жүріп өткен жолдары ұрпақтарына үлкен үлгі-
өнеге. 90 жылдық мерейтойына және ұлы жеңіс мерекесіне орай ұлы тұлғаның
өмір жолдары туралы қысқаша таныстырып өтуді жөн көрдік.
С.Ж.Кенжебаев - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері. Әсем
Қарқаралының Қоңырқұлжа тауының етегінде қарапайым отбасында дүниеге кел-
ген. Қарқаралыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық училищесін 1942 жылы
үздік дипломмен бітіреді. Әлі 18-ге толмаған жас жігітті аудандық партия коми-
теті Бесоба ауылдық кеңесінің хатшысы қызметіне жұмысқа жібереді. Бұл ұлы
Отан соғысының басталған кезі болатын. Әскери есеп столының бастығы
қызметін атқарып жүргенде ол ауыл азаматтары мен ағайын-туыстарын
майданға шығарып салып, қимастықпен қоштасқан сәтте ата-аналардың, бала-
шаға,әйелдердің көз жасы мен қайғысы оның жас жанын тебірентті. Содан 1942
жылдың мамыр айында өзі сұранып жауға қарсы күреске аттанады. Орлов жаяу
әскери училищесін бітіріп, Орлов-Курск майданында «Ерлігі үшін» медалімен мара-
патталды.
1945 жылдың ақпаны- Шығыс Пруссия жері. Зеңбірек оғы тиіп, өрт жалынына
оранған «Ис» танкісінен шығып, аман қалуы да оның үлкен ерлігі болды. Рота және
полк командирлері қол қойған, қазір мұрағатта сақталған мінездемеде былай де-
лінген: «Кенжебаев С.Ж. «Ис» маркалы ауыр танкідегі зеңбірек командирі болып
қызмет атқарған уақыттың ішінде өзінің тәртіптілігімен, ұстамдылығымен та-
]]]]
Қарқаралы
]]]]
115
Сағындық Кенжебаев -90
ТөРІНДЕ ТөРЕЛІКТІң ЖүЗГЕН ТұЛҒА
Рысты
Рысты
АҒЫБАЙ
АҒЫБАЙ
№8 орта мектеп директоры
№8 орта мектеп директоры
]]]]
Қарқаралы
]]]]
116
нылды. Мінез-құлқымен және қызмет бабындағы болмысымен бүкіл полктің
құрамындағы әскер арасында зор беделге ие болды. Дұшпан танкілеріне қарсы он
мәрте жасалған шабуылға қатысты Сикуты елді мекенін азат ету ұрыстарында
өз экипажымен ол 5 атыс нүктесін жойып жіберді және фашистердің 10 солдатын
оққа ұшырды. Тағы бір ұрыста рота құрамындағылар жаудың ірі калибрлі 12
зеңбірегін, күш-көлігі мен 40 жылқысын қолға түсірді. Осы ұрыста фашистердің бір
взводы тұтқындалып, бір дзотынның күлі көкке ұшырылды. Бұдан кейінгі болған
ұрыстарда өз зеңбірегімен оқ жаудырып, дұшпанның 10 пулемет, миномет көзінің
үнін өшірді, 10 фашисті құлатты. Либштад қаласы маңындағы деревняны азат
ету ұрыстарында немістер қарсы шабуылға шыққанда ол екі танкінің қатысуымен
неміс пехотасын бораған оқтың астына алып, бастарын көтертпеді. Немістің 25
солдатын жер жастандырды. Өзі қолынан жараланса да, ұрыс даласын тастап
кетпеді. Неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен
батылдығы үшін С.Кенжебаев екі рет «Ерлік» медалімен марапатталды»,-деп жа-
зады М.Мамажанов.
Отан соғысының ардагері С.Кенжебаевтың жауынгерлік бейнесінен біз
батырлық, қажырлық, талаптылық пен ерлікті көреміз. Сонымен қатар ол от-
ызыншы жылдардағы ашаршылық, Сталиндік репрессияның зобалаңын басынан
кешірген. Соғыстан кейінгі жылдары ВЛКСМ-нің Орталық комсомол мектебін және
М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің философия фа-
культетін үздік бітіріп, халқы мен елі үшін бойындағы білімі мен сарқылмас күш-жі-
герін әлі күнге дейін қалтқысыз орындап келеді. Өмір жолында қаншама
қиянат-қысымшылық көрсе де ешқайсы сағын сындырып, жігерін жасытпады.
1962-65 жылдары Мәскеуде қоғамдық ғылымдар академиясын бітіріп, диссертация
қорғап, философия ғылымының кандидаты деген атаққа ие болды. 1975 жылдан
Алматы мемлекеттік әлем тілдері университетінде ұстаздық етіп келе жатқан
ғалым. Оның бойындағы адамды сыйлау, қастерлеу, еңбекті сүю, білімге деген
ынтызарлық қасиеттері, қай ортада болса да, ерекшеленіп тұратындығын
оқыған естелік, әңгімелер арқылы кейінгі ұрпақ есте сақтауда.
С.Кенжебаев өзінің іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен дарынды
басшылардың бірі бола білді. Қаншама ұрпаққа қамқор, пана болып, дұрыс өмір
сүруге жөн сілтеді. Ана сүтімен тал бойына туа біткен басқа да асыл қасиеттері,
халқына деген адалдығы, ұлтжандылығы – біз үшін үлкен өнеге.
Жаңа заманда ұлтымыздың өзіндік бет-бейнесін жоғалтпай, оған өз үлесін
қосатын білімді де білікті, іскер өр тұлғалар С.Кенжебаев сияқты ұлағатты ұстаз,
ұлтымыздың бірегей азаматына қарап бой түзейді. Халқына, дос-жарандары мен
туған-туыстарына, шәкірттеріне кішіпейілдігімен, ұстамдылығымен,
байыптылығымен, мәдениеттілігімен, ұлағаттылығымен танылған ағамыздың
тағы бір ұстанымы – қанағатшылдық. Ол ұрпағын мансапқұмарлық пен
байлықтан, ұсақтықтан алыс болуға шақырды.
«Дүниенің түбіне жете алмайсыз, ол адамға опа қылмаған, адам өлсе артында
қалатыны – адамгершілік, кісілік мінезі» дегенді өмір сүру қағидасы етіп алған.
Осындай кісілік мінезі мен ұлты үшін сіңірген еңбегін бағалай келе, көпшілік «Төраға»
деп атаған. Ол – көпшіліктің, халықтың көңілінің ең төрінен орын алған адамына
беретін аты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы
Әбілфайыз (Алтай) Ыдырысов өзінің «Төраға» атты лирикалық эссесінде
атамыздың даналығы, ұлылығы туралы толық жазған.
Елін, халқын сүйген азамат, үлкен ғалым «Төраға» атанған С.Кенжебаев
атамыздың құдай қосқан қосағы Нағима апамыз да «Төрапа» атанып, ел анасы
бола білген. Атамыздың қиын өмір өткелдерінен абыройлы өтуіне және адамдық,
жолдастық қалпын бұзбай, кеңпейіл ашық күйінде өмір кешуіне жан жарының
еңбегінің зор болғанын да білеміз. Жанұяда 2 ұл, 3 қыз өсіріп, немере – шөбере сүйіп
бақытты ата-әже бола білген. Халықтың ақылшысы, қамқоршысы «Төраға» мен
«Төрапа» 68 жыл бір шаңырақтың астында кеңпейіл, мол дастарханымен үлкен-кі-
шіні бауырына тартып, бақытты отбасы болған жандар.Апамыз осыдан 2 ай
бұрын өмірден өтіп, қазасы туған-туыс пен ол кісіні білетін жандардың көңіліне
өшпес жара салды. Атамыздың бәйбішесі Нағима Смағұлқызы «Ата-ана:Тілегі мен
түлегі» атты естелік кітап қалдыра отырып, туған жерінің ұрпақтарына өзінің
төмендегідей өсиетін қалдырыпты:
Ардақтысы адамның Ана екен,
Тәртіп берген жастықтан дана екен,
Бас идім «Ана» деген атыңызға,
Тас іргені бекіткен сіздер екен
Адам болып жүрем десең балаларым,
Ардақтаңдар түсіне біл, ана жанын.
Анасын сыйламаған кейбір азғын,
Ешқашан ағарта алмас қара жанын
Жаны адал, жақсыларға қолыңды бер,
Жақсылардың қасиетін алыстан көр.
Бірақ «Орнында бар оңалар» дегендей, артында қалған ұрпақтары орнын
жоқтатпай еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген білімді де білікті жандар.
Ақ жүрек, жастарды тәрбиелеуде, білім беруде әлі де еңбек етіп жүрген С.Кен-
жебаев атамыздың жарқын бейнесін көру біз үшін үлкен бақыт. 2004 жылы Бесоба
орта мектебінің ірге тасының қаланғанына 80 жыл толу қарсаңында ауылымызға
келіп,ауыл жұртшылығы мен оқушылар арасында өткен кездесу кешінде сабырлы
да байыпты баяу үнімен, асқан адамгершілік қасиетін таныта сөз сөйлегенде, бі-
лімі мен іскерлігінің нәтижесінде тындырымды, салиқалы ой айтып, тыңдаушысын
бірден баурап алған болатын. Міне, осы бір кездесуде адамгершілік қасиетіне
тәнті болып, әркім өзіне үлгі етіп пір тұтқан болатын. Атамыздың
жомарттығын, туған жеріне, ұрпақтарының білімді, тәрбиелі болуына сәл болса
да үлесім болсын деген ниетпен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты
Елбасының Отан соғысы ардагерлеріне берген сый- сияпатын (30000 теңге)
жылда туған жердегі білім-тәрбие ұясына арнайы жіберіп отырған іс-әрекетінен
көреміз.Мектеп әкімшілігі ақылдаса келіп, жыл сайын ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаған
оқушыларға стипендия етіп беруге келісім жасап, дәстүр 9 жылдан бері жалғасын
табуда.Бұл стипендия иегерлерін мақтанышпен атап өтетін болсам, Мәди Айнұр,
Рахымбаев Абзал, Сәдубайұлы Нұрым, Құрал Айтолқын, Қабден Айдос, Рахымбаева
Жұлдыз, Балташ Ақбота, Қабден Данияр, Сүлейменова Арай,Қуанышбаев Бауыр-
жан, Ойратова Әсем, Ақатаева Арай.
Жасы 90-ға келсе де С.Ж.Кенжебаев оқу-ағарту саласында оқудың мазмұны мен
ұйымдастырылуына байланысты заман талабына сай жұмыс жасап келеді. Қазіргі
жас ұрпаққа дәріс оқып, өзінің өмірлік тәжірибесінде: «Біз партияның
басшылығымен қызмет еттік. Жастық жігерді Отан деп, ел деп жұмсадық.
Осының бәрі әлі де керек. Тәуелсіздіктің баянды болуын қамтамасыз ететін-жа-
стар. Тек соларға басшылық, жігерлендіру жетіспейді. Біз өткен жол ауыр еді.
Тағдыр бізді аямады. Заманымыз қатал болды, бар күш-жігерімізді пайдаланып,
реті келгенде лақтырып тастап өте беретін. Содан кеткеніміз кетіп,
қалғанымыз ес жинап, ширап шықтық. Соның бәрінде идеалға сендік, еңбекке,
адалдықты сақтауға, төзімділікке, қайырымдылыққа үйрендік. Түптеп келгенде,
бұлар-адам үшін керек сапалар. Қазіргі жастар бойынан осыларды көргім келеді»,-
деп баяндайды.
Біз қашанда осындай ұлы тұлғаларды мақтан тұтып, тағлымды өмір жолынан
үлгі аламыз, құрметтейміз. Халыққа аты шыққан, азаматтық бойы ерекше,
ұлағатты ұстаз, қайраткер, абзал азамат, қазақ зиялысы атанған С.Ж.Кенже-
баев 2013 жылдың шілде айында туған жері Қарқаралыға ат басын тіреп, аудан
басшыларымен, халықпен кездесу өткізіп, Қарқаралының 190 жылдық мерекесін
өткізуге орай құрылған қорға өз үлесін қосуға ниет таныттты. Туған жері Бе-
соба ауылына келіп, ауыл жұртшылығымен жүздесіп, кіндік қаны тамған
Қоңырқұлжа тауының етегіндегі ата-бабасының басына құран оқытып, тағзым
етіп қайтқан болатын. Бұл іс-әрекетінен де туған жеріне деген ыстық ықыласын
байқаймыз.
Жерлес ғұлама тұлға-Сағындық атаны біз Ұлы Жеңістің 69 жылдық мереке-
сімен және торқалы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, деніне саулық,
өмірдегі бар жақсылықты ел мақтаған азаматтық тұлғасына тілеп,бізге үлгі-
өнеге бола берсін дей отырып, сіздің бойыңыздағы төзімділік, еңбекқорлық,
қайырымдылық қасиеттерін бойымызға сіңіре бермекпіз.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
117
]]]]
Қарқаралы
]]]]
118
Дәрігерлікті аурулардың алдын алу үшін үйрену парыз. Бұл адам баласына
белгілі бір уақытта ғана қажет болатын білім түрі. Демек, білімнің бұл
түрін барлық адамдардың үйренуі шарт емес.
Бурһануддин Зарнужи
«Тағлим әл-мутағаллим»-
Тәлімгер тағылымы.
Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы, бақсы мен тәуіптерге бас ұрып келген сайын да-
ладан суырылып шыққан-Қарқаралының дәрігерлікті алғашқы игерген және осы
аталы жұртта алғашқылардың бірі болып дәрігерлік қызмет жасаған тұлғалар
болмақ. Нақтысында Қарқаралының алғашқы дәрігерлерін қазақтың алғашқы
дәрігерлері түсінігінен ажыратып айтуға, қарауға болмайды. (Айтылатын дерек-
тер, үш автордың – А. Әлжановтың, Ә. Шокиннің және Ә. Досахановтың Қазақ
ССР, РСФСР, Ленинградтағы СССР тарихы (ЦГИА), СССР әскери тарихы (ЦГВИА
СССР), Орталық мемлекеттік Астрахан (ГААО) мен Омбы (ГАОО) мемлекеттік
мұрағаттарының құжаттарын, республикадағы алғашқы медицина
қызметкерлері естеліктерін, сондай-ақ библиографиялық әдебиеттерді пайда-
лану негізінде қазақтың алғашқы 22 дәрігері туралы 1984 жылы 5 000 дана ти-
ражды «Алғашқы қазақ дәрігерлері» атымен жарыққа шыққан кітабынан алынды).
Аталмыш-«Алғашқы қазақ дәрігерлері» кітабы көпшілікке таныс емес. Себебі, ол
кітапта профессор Х. Досмұхамедұлының да аты аталуына байланысты сол
жылы дүкен сөрелерінен сатылу үстінде дереу қайта жиналып алынған. (1991 жылы
құрастырылған Халел Досмұхамедұлының «Аламан» хрестоматиясының алғы
сөзінен. Құрастырушылары: Ғ. Әнесов, А. Мектепов, Ш. Керімов).
Өткен ғасырларда қазаққа ауыр соққан дерттің бірі, тіпті бастысы табиғи
шешек ауруы екен. Мұрағаттық деректерге сүйенген авторлар шешекке қарсы
егу жұмыстарына қазақ балаларынан емшілер (лекарь) дайындалуын 1825 жылдың
28 шілдесінде Орынбордағы шекаралық комиссияның жанынан белгіленгенін ай-
тады.
Жалпы шешекке қарсы егу жұмыстарын оқып-үйренуге қазақтардың ең алғашқы
3 адамы Ордадан жіберілген екен. Олар тәулігіне 15 тиын төлеп оқыған. Оған негіз:
Орынбор генерал-губернаторының «шешекке қарсы егушілерді оқыту үшін ша-
малары келгенше жас ордашыларды Орынборға жіберетін болсын»- деп барлық
сұлтан-билерге жарлық хат жолдауы болған.
Осылардың ішінен біреуі – Сырлыбай Жәнібеков 3 айлық курсты тамамдап, Ордаға
жұмыс істеуге оралады.
Батыс Сібір дәрігерлік колледжі кеңесшісі Залуговский деген қырғыздар
(қазақтар) арасында шешекке қарсы күрес туралы нұсқаулардың 1829, 1841 және
1846 жылдары болғандығын, жергілікті халықтың аңғалдығына, білімсіздігіне, ескі
сеніміне, салақтығына байланысты аяқсыз қалатындығын, осы дертке қарсы
күресу үшін мамандар дайындауды жергілікті халықтың орыс тілін білетін жа-
старын тартудан бастауды айтқан. Ұсыныс қабыл болып, мемлекеттік совет
мүшесі, генерал-адъютант Анненков 1851 жылы әр облыстан 2 баладан іріктеп
алып, шешекке қарсы егуді үйрену үшін госпитальдардағы дәрігерлерге жіберуді
шешкен.
Алайда, халық ішінде дәрігерлікті үйрену шараларының балалардың ақыл-есіне
теріс әсер ететіні туралы сөз тарап, соңынан Көкшетау госпиталының бас
дәрігері Зюковтың оқушысы – қазақ баласы Рахметолла Қабановтың қайғылы
қазаға ұшырауы салдарынан «госпиталда оқыту» шарасы тоқтап қалады.
Соның салдарынан халық сеніміне біртіндеп кіру арқылы әрекет жасау көзделеді.
Осы жұмыстар жемісін беріп, 1852 жылы Көкшетау округінен 5, Ақмола округінен
Достарыңызбен бөлісу: |