ШАЙТАНКӨЛГЕ БАРҒАНДА
Мағауия Сембайға
Сүрлеу соқпақ бастады қайқаң белге,
Қайқаң белге бір шықпай қайтам ба елге?
Шақырайтып шілденің шіліңгірін-
Бір топ ақын келеміз Шайтанкөлге.
Бір топ ақын келеміз оттай жанып,
Бір топ ақын келеміз шоққа айналып.
Ақсұңқардың Серігі алдымызда,
Қарайлайды артына тоқтай қалып.
Бір топ ақын...
Бәріміз ауылда өскен,
Дауыл кескен кіндігін,
Жауын кешкен.
Ұлар тілін ұғатын Ұлықбек бар-
Заңғар-заңғар Зайсанның тауында өскен.
Бір биікке бізді арман жетектеді,
Төте жолға берерміз төтеп тегі.
-
Сәт!-дейтіндей, іздесең
Дара қайнар-
Қарағайлар, қайыңдар етектегі
Жанардағы жақұт жыр,
Лағыл аймақ,
Ұрпағының жүретін бағын ойлап,
Жанартауын жаныңның жарқыратар
Сарыарқаның сайынан сағым ойнап.
Ақ самалдай аңқылдап еседі үміт,
Өңірінен өмір ап өседі жұрт.
«Қарқаралы басында жалғыз арша»,
Одан әрі...
Көгінде көшеді бұлт.
Топ ақынбыз...
Іздеген нұрды көктен,
Үмітінің үкісін үлбіреткен,
Сағынтайдың Серігі жыр оқиды.
Жасылдары жасындай дір-дір еткен.
Аһ, Шайтанкөл!
Жаралған тұнығы ардан,
Сырың арман талайға,
Жырың арман.
Көл біткеннің барлығы жер үстінде,
Шың басына сен ғана шығып алған.
Сел боп аққан серт пе едік,
Сезім бе едік,
Сайларыңнан сайғақтай безінбедік.
Топ ақын тұр жартаста
Топ арқардай,
Айнасынан айдынның өзін көріп.
Қарқаралы!
Біздерге жарасар ән,
Бұл соқпақпен жүрмейді аласа адам.
Шайтанға да шер айтар шайырларды
Аспан көлге апардың, Мағаш ағам.
Қарқаралы!
Жүдегенде саған кеп жүгінді ұлың,
Бүтін сөзін айтармыз бүгінгінің.
Шайтанкөлді шайырлар шайқап қайттық,
Шақырайтып шілденің шіліңгірін...
ҚАЗАҚЫ ӨЛЕҢ
Өмір,
Сенің арнаңа түсіп ақтым,
Толқын-толқын күндерді ұшыраттым.
Біздің бастан бір дәурен жалт береді
Үйіріндей үріккен қысырақтың.
Жарық таңның жалқыны
Жалғасқаным,
Ардың әні шырқаған алғашқы әнім.
Мұнар-мұнар мұнартқан бір керуен,
Мендегі мұң, бауырым,
Сәл басқа мұң.
Жыр қақтадым жанымның жалынына,
Ырғақтарым шабыттың шарығына
Қайралды да...
]]]]
Қарқаралы
]]]]
67
]]]]
Қарқаралы
]]]]
68
Қосылып күңіренді
Шалдар шалған қобыздың сарынына.
Дүр дүние, дүрмек пе, дүрбелең бе?
Белгі болып қалармыз бір белеңде.
Осы өлеңді жазбай-ақ қояр едім,
Жалғандығын жалғанның білмегенде...
***
Қарашада қалмайды гүл ағашта,
Мына дәурен тұрмайды мына баста.
Шыр айналып шылбыры, шыдам бітіп-
Жер тарпыды тағы да құла қасқа.
Алтын кірпік арай күн, арманым ең,
Тағдырым бар табысар таңдарымен.
Жауыздықпен шабысты жан-жүргеім-
Ауыздықпен алысты ардакүрең.
Тұлпарым, дүлдүлім, арғымағым!
Мәңгі бағым..таңдарды таңға ұрамын.
Шалдығамын көмбеден көре алмасам,
Зар қыламын айта алмай Ардың әнін.
Мұңайтады мына күн мұлығыңды,
Жын-жыбырға түргізіп түндігімді.
“Елім-айды” ертемен еңіретіп-
Сүргендеймін бұрын да бұл ғұмырды.
Безеріп бел,
Өксіп қыр,
Жылады ауыл,
Жаратқанның ести ме құлағы ауыр.
Желбауымды желкелеп желпілдеткен-
Басқа дауыл білерім мына дауыл.
Арманым-ай!
Алды-арты айран асыр,
Жырларымды жолыңда пайдаға асыр.
Асылыма араша түсе алмаған-
Жайма базар секілді жайма ғасыр....
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Көңілде, күй, ағында,
Дабылда, дара тұлға,
Тұлпардың тұяғында,
Аққудың қанатында,
Қайырлы таң, Қазақ елі!
Жанына жарасымды
Бақ құшқан бар аймағы.
Оятсын Алашымды
]]]]
Қарқаралы
]]]]
69
Шұғыла, арайлары!
Қайырлы таң, қазақ елі!
Басымда бақ түнеді!
Ұрпақсыз заты асылдай.
Анамның ақ тілегі,
Бабамның батасындай-
Қайырлы таң, Қазақ елі!
Заманның қазақтары
Ертеңге жол ашады.
Ғаламның ғажаптары,
Баламның болашағы-
Қайырлы таң, Қазақ елі!
***
Арқаның ауа көшті аңызағы,
Тамылжып жеткен кезде тамыз әні.
Мезгілсіз жел ұшыраған жапырақтай
Бір жазы өмірімнің тағы ұзады.
Көңілім көк кептер ме,
Шағала ма?
Сезімді шомылдырдым самалаға.
Жаныңнан жарық жұлдыз
Жарқ етті ме,
Сағымнан сәуле іздеген қара бала?...
Ертеңге өркен болып әні ұласқан,
Жолым бар
Өлең іздеп арып-ашқан.
Жандарға дәру болар бағы
Қашқан-
Шөлейтте өседі ғой-Адыраспан.
Жұмбағын бұл жалғанның кезім ұғар,
Төзімі бар жандардың
Сезімі бал.
Көлдегі көзге түспес шөже құстың-
Сәл ащылау болса да өз үні бар.
Тартқанда өмірімнің көші ілгері,
Мұңайсам,
Кінәлама, досым, мені.
Жүзінен өкініштің табын көрем.
Қызуы қайтқан күннің бесіндегі.
Кешені бүгін жатыр ұмыттырып,
Қас қағым сәттерінен сыр ұқтырып,
Көктемі көңілімнің-аққулы айдын,
Өткелі өмірімнің-үміт-күдік....
]]]]
Қарқаралы
]]]]
70
АҚ ҚАЙЫҢ
Мен жоғымды сенен келіп іздеуші ем,
Арманымнан күдерімді үзбеуші ем.
Көктемде, аппақ қайың, мен сені
Ақ балтырлы, көк көйлекті қыз деуші ем.
Бүгін келсем, әсерің жоқ көктемдей.
Көңілге де бір жел тұрып өткендей.
Ақ балтырың бәз-баяғы қалпында,
Көйлегіңді біреу шешіп кеткендей.
Күз келген соң уақыт тартып жетегін,
Жыл құстары тауыпты өз мекенін.
...О, ақ қайың, саған қарап ұқтым мен
Өмір мәңгі көктем емес екенін!
1927ж
***
Арқаға биыл көктем келгелі,
Ойларға сезім өткел бермеді.
Сағынып кеттім құралай қызды,
Ол бірақ мені жек көрген еді.
Жалғасып аппақ тілекке мұңым,
Тербеліп кеткен жүректе жырым.
Жарқырап күндей ашылмайды ма
Сол шақтан қалған жүдеп көңілім.
Сарғайсын неге сағыныш әні,
Келген жоқ маған кәрі қыс әлі.
Жабығудан бір жалықпайсың деп,
Жалғыз қалғанда жарым ұрсады.
Асып-тасқанда кенерем көлдей,
Өксимін неге өлең өлгендей.
Жел тұрса кейде желпілдеп ұшам
Жиде ағаштағы жебегендердей.
Елік қыз ерке,
Кекілдім еді,
Ақын біткеннің жетім жүрегі.
Уақыттың жолы қиыр да шиыр,
Бақыттың соңы...
Өкіндіреді.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
71
Серік Ақсұңқарұлы
Серік Ақсұңқарұлы
А В Т О Р Д А Н
Қарқаралы!
Сенің Сарыарқадағы заңғар бір шыңың
Қызыларай тауының етегінде дүниеге
шыр етіп келіп, орда бұзар отызымды
жасыл орманды Жиренсақал тауының
қойнауында дүркірете өткізген бір ұлың едім.
А д а м з а т т ы ң
сұлуы Сенің Ләйләң еді ғой.
«Шайтанкөлде бір қыз бар Ләйлә
деген, соған мені ғашық қып бай-
лады өлең» деп жыр жазып жүріп,
қалай ақын болып кеткенімді өзім
де байқамай қалғам... «Коммунизм
таңы» газеті менің Музамды басы-
нан құс ұшырмай әлдилеп,
Қарқаралының халқы мені
алақанына салып, Алаштың аспа-
нына көтерді. Қарқаралы
ғаламзатты көз алдыма алып
келді. Қарқаралының тауына
шығып – Адамзатты көрдім! «ХХ
ғасырдың 20 сәтін» жазып, арқама
аруақ қонғандай күй кештім.
«Әуелі Алланы аузыңа ал,
құлыным!» – деп отырушы еді менің шешем, Тұранға Құранды
әкелген арабтың үмбеті – Қожаның қызы – Һалифа Рамазанқызы.
Содан Құранның өзегіне нұр, өміріне мән-мағына беретін он шақты
сүресін өзімше қазақша тәржімалап, бетімді құбылаға қараттым.
Сөйтсем, ақындықтың рахатынан – бейнеті, ғажабынан – азабы
көп екен. Қазақтың қызғыш құстары Әлихан Бөкейхан мен Әлімхан
Ермек, Ақбайдың Жақыбы жүріп өткен тау-тас табанымды
қытықтап, суын ішкен бұлағы сусынымды қандырып, жанын
жадыратқан қара орман – қарағайдың жапырағы өзегіме өлең болып
құйылып, өмірімді өзгеше нұрға бөледі.
– Ясная Полянаңа бара жатырсын ба? – дейтін еді ел маған
Жиренсақалды бетке алғанда. Расында да ол менің Жыр Бағым – Нұр
Бағым еді. Онда Ару анам Һалифа тірі еді. Жесірліктің не екенің ол
кісі жақсы білгенмен, жетімдіктің не екенін мен онда сезген жоқ едім.
Ерке едім. Еркін едім. Жиренсақал шыңындай асқақ, Шайтанкөлдей
биікте едім.
Бір кезде Қасымына пана бола алмай, іші қанжылаған шерменде ел
мені басына көтерді. Арыным асқақтап, ақылым кемелдене
бастаған. Сенде жүріп, Серік Ақсұңқарұлы атандым. Атымды Алаш
]]]]
Қарқаралы
]]]]
72
таныды. Отызыншы жылдары осында аупарткомның хатшысы
болып, жетімді жебеп, жесірді жарылқаған әкемнің көзін көргендер
мені емірене ішіне тартты. Мен де олардың ала жібінен аттап өткем
жоқ. Арамға есе жібермей, адалдың сөзін сөйледім. Әкемнің аруағы
риза болсын дегем .
Әкем – Ақсұңқар. Құстың баласы болған соң, жер бауырлап жүруге
хақым жоқ-ты. Сол Құс маған Асан Қайғының бір сөзін айтқан:
«Сайын Сахарадан Жерұйығын іздеген Асан Ата желмаясымен желіп
жүріп, Қарқаралыны көргенде:
– Е-е, мынау Жаһананың жасылы,
Алла-Тағаланың асылы екен! – депті.
Сол жасыл жер жанымды жырға бөледі.
Отыз жыл ой мен қырды кезіп, қара шаңырақтың қадірін біліңкіремей
бара жатыр екем: Сенде отау көтеріп, үй болдым, түтінімді
түзедім. Менің ұлым Рауан, қыздарым Фариза мен Әлия сенің
топырағыңда жарық дүниеге келді. Мен – балалы, Анам – немерелі
болды.
Әкем марқұм айтушы еді: «Адам Ата мен Һауа Ана жұмақтан
қуылғанда, осы Қарқаралыға түскен көрінеді. Адамзаттың арғы
атасы Қабыл – Абыл да осы өңірде дүниеге келіпті-мыс.
– Мен – Һауа Ана,
Сен – Адам Ата боласың! – депті Һауаға қазақша тіл бітіп.
– Ана деген сөз түсті ғой аузына,
Сенің тілің – Ана Тілі болады! – депті Адам Ата сонда. «Адам Ата –
Һауа Анада» мен сол әкем айтқан аңызды—жырға айналдырып жі-
бердім.
Сол Ана тілімізді арда емген Кемпірбай, Шөже, Әсет, Қаллеки,
Әлжаппар, Қапан, Қасымдар сенің атақ даңқыңды Алты Алашқа
жайды! Абайдың Анасы—сенің қызың Ұлжан еді. Алаштың Анасының
бірі Һәм бірегейі—Сенсің, Қарқаралы—Қараорманым менің!
Сенің топырағың киелі. Алашқа аңыз болған арыстарың қандай еді!
Мен де Сенің ұлыңмын, Қарқаралы—Қараорманым! Сен—
Қазақстанның шағын ғана макетісің ғой. Саған қарап бүкіл бір
ұлтты тануға болады. Тарихи сілкіністер кезінде Алашыңмен бірге
абдырап, ақыл-есіңді жинап, етек-жеңіңді жиғансың. Ақтабан
шұбырынды—Алқакөл сұламадан Қазағыңмен бірге өтіп, Көк
Тәңіріден басына азаттық сұрап, еңірегенде етегің жасқа толған.
Сенің Жүрегің—Ғасырлар Кардиограммасы! Мен соны қолыма алып
оқимын да, Қазақстанның өткені мен кеткенін көзіме елестетем:
ол—жырға айналған соң ғана жүрегім тыншып, жүгім жеңілдеп,
жүзіме нұр жүгіреді.
Алашым—Азат! Енді саған қайдағы бір қағылған-соғылған келіп,
орманыңа от қоя олмайды! Алла Сені Алаштың бағына Көкпен Көк
қылып жаратқан! Сен—мәңгі бақи көгеріп тұру үшін туғансың!
Қазақтың Көк Байрағындай!
Сені Швейцария деп жүрген кім осы?! Швецария—Еуропаның
Қарқаралысы емес пе еді!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
73
Қарқаралыдан шығып, Сенің көгілдір тауларыңа аяқ арта бергенде
көзім— нұрға, көңілім—жырға толып кетеді. Тау ішінде, түтінің
көкті көлбеп, Сен жатасың. «Шайтанкөл аққулар мекені» дейтін Ме-
йірхан Бұлбұлыңның сұлу үні құлаққа шалынады. Ол менің әнім еді
ғой. Менікі емес—Сенің әнің ол! Сен – әнге айналғалы қай заман,
атыңнан айналайын, Қарқаралы! Көгілдір тауларыңды тағы да
бетке ұстап, Саған келе жатырмын, тірі пендеге имеген өр ба-
сымды Саған келіп иейін! Топырағыңды сүйейін! Гүл—Елім—
Сарыарқада лүпілдеген Жүрегім, Қараорманым – Қарқаралы!!!
... 1997 жылы тамыздың 16-жұлдызында, сағат 14.30-да Қарқаралы
ормандарын қалың өрт шалды. Бидайық, Ақтерек, Жиренсақал
Әулие, Комиссаровка алқаптарына айдаһарша бас салған қызыл
жалын әлі күнге дейін көз алдымда тұр. Өрт шыққанда мен
Жиренсақал Әулиенің етегіндегі шешемнің үйінде едім. Өрттің лебі
маңдайымды шарпыды. Кеңес өкіметі Қарқаралыны қызойнақ жасап
еді. Енді бұл от-ойнаққа айналды!
Қарқаралыда, қалың өрт кезінде адамдық-азаматтық құбылыстың
қарасы көрер көзге көпе-көрінеу көмескі тартып, пенделік-
өзімшілдік, өлермендік пиғыл айқұлақтана көзге түсті.
Қорқыныштысы – осы. Қарқаралы жасылынан айрылып, қаралы
қарағайдың қара жердегі тамырлары жанып жатқанда, рухани ерге-
жейлі қолына ара ұстап, қара орманға бас салды!
Қарағайдың қалай өртенгенін өз көзіммен көрдім. Оның 1 метр
тереңдіктегі тамыры жан-жағына 10-15 метрдей жайыла таралады
екен. Ысылдап жанып жатыр... Айдаһар секілді! Бойынан бөлінетін
эфир майы өз-өзінен лапылдай береді. Қарағай – Қарқаралының
алтын тәжі! Патшаның тәжі өртеніп жатыр! Құл-құтан — мәз...
Баяғыда хан тақтан түскен күні — Алаш аттан түсіп еді. Жаяу-
жалпылы, аш-жалаңаш, тексіз тобыр ақ патшаның аяғына
жығылып, Абай сын тезіне алған антиқазақтық қасірет:
көрсеқызар жалмауыз, алтыбақан алауыздық атқа мінді де, ұлттық
менталитет бұзылды. Бодандық ұлттың өзегіне түскен құрт еді.
Өртенген орманның да өзегі — құрт. Діңі мен қабығын жеп, көкті
көрсе, көзі атыздай болып, бас салатын құрт — бұл! Оны тазалап,
аластап құртпаса, ол қара күлге айналады. Қазір Қараорман күңіреніп
түр. Өмірді өрт пен дерт алды. Адамзат бір кезде Алланың кәріне
ұшыраған күнәһарлар мекені — Содом мен Ғоморға қайта оралды!
Ел ішінде біреулер орманды қасақана, әдейі өртеді деген сөз де бар.
Қарау ойлы пендеден о да шығады. Тәңірі түбін қайырлы қылсын де.
Мен үшін Қарқаралының киесі бөлек. Қасиетті топырағына еміреніп,
Қасым — Музасына тебірендім. Мен оның тауының әрбір тасына,
орманының әрбір бұтағына ғашық едім.Ол туралы ода жазса ғана
сауап болар еді. Өрт менің өзегімді өртеп, жүрегімді қап-қара қып
тастады. Бозбала кезден көкейде жүрген көмескі көркем дүнием
«Қарқаралы — Қара орманым...» айыптау актісіне айналып кетті...
Соған өкінемін.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
74
ҚАРҚАРАЛЫ
Асан Қайғы желмаясымен желіп жүріп,
Қарқаралыны көргенде:
“Уа, мынау Алла тағаланың асылы,
Алаштың жасылы екен” депті.
Көкшулан тау, көкке иығы тиіп те,
Жер түгілі, Күнге басын иіп пе?
Жатады екен ұлылық пен сұлулық,
Аяғыңның астында емес, биікте.
Жермен бірге Күнді айналған тасқында,
Мекені-Алаш, мен де шерлі һас тұлға,
Неше түрлі құрт-құмырсқа жүреді-
Аяғымның астында.
Жазамын деп ғажабы мен ғазалын.
Қырық жылдай тартып жүрмін азабын.
Тау ішінде, сай ішінде жарқырап,
Жауһар құсап
Жатыр менің
Ғажабым...
Қарқаралы, қатал болған ғасыры,
Зардай әні,
Сарғаяды жасылы,
Кешір бізді, о, Алланың асылы!
Көркемдікті көрмей талақ қылатын
Адамзаттың көзінің бар басыры...
Тәңірім-Көк,
Алаш анам деп едім.
Қаным тамған жерден ізде мені, елім,
Өзің бенен өлімтікке осыдан-
Өр басымды имейтұғын себебім.
Көйлегімді бұлағына жуған мен,
Көкірегімді құрағына жуғам мен,
Сұлу жерден сұмырайлар тумайды,
Көзді жасқап,
Біздей асқақ,
Тәкаппарлар туғанмен.
Бұл заманда құрт пенен қырт құтырды,
Арбап әбден алды менің зықымды,
Айналдырған ақын Ақан серіні
Перінің қызы сықылды...
*** *** ***
]]]]
Қарқаралы
]]]]
75
ТЕКТІ
(Пролог)
Хакім Зәкішевке
Қайран анаң ақын болсын деді ме,
Бір өксік бар өзегінде қап қойған.
Қайран әкең хакім болсын деді ме,
Хакім деген ат қойған.
Әкім болып толтырғанда төріңді,
Өр ұлыстан айыл жимай, өр үнді —
Кремльдің сарайынан көзіңе
Кәпір емес –
Ер Сеңкібай керінді!
«Уа, армысың!
Бармысың сен, құлыным?!» —
Естідің де ұлы атаңның ұлы үнін:
«Мені тастап қайда кеттің?!» — деп сонда,
Көк Бөрідей көкке қарап ұлыдың!
Орындары ойсыраған көп текті,
«Аһ!» дегенде аузынан кеп от төкті.
Сен тексіздей бас имедің заманға,
Бас игендер —
Бақа-шаян боп кетті...
Дулығасы қасқияды қақ төрден,
Қылыш та тұр жаудың басын қақ бөлген.
Көк Бөрінің күшігіне сол кезде
Көк ит бастап,
Көп ит қоштап тап берген!
Сары ит пенен қара ит сонда қоса үріп,
Ойда қалды ойындары осылып:
Әкімдікке –
Хакімдігің қосылып,
Хакімдікке —
Ақындығың қосылып,
Батырлығың қосылып...
Қарағай ең —
Отқа тие тұтандың,
Бекзат едің —
Жұлыныңнан жұқардың,
Сеңкібайдан қалған соңғы тұяқ ең,
Арасында —
Өңкей құл мен құтанның!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
76
Жау қашырар бір батырдың айғайы,
Дау қашырар бір ақынның таңдайы.
Бір жақсыдан бір-ақ тұяқ қалса да,
Бір қауымның жарқырайды маңдайы!
Кезеңді асып,
Өзенді асып, өртенді,
Қайдан табам көз арбайтын көркемді?
Қарқаралы — хан жайлау-ды сен барда,
Сен кетіп ең — Қараорманым өртенді!
...Заман көшті.
Көк пенен Жер күңіренді,
Дүние бір сұрқия сұр түрге енді.
Сеңкібайдың аруағына тапсырдым,
Бақа-шаян басып алса бұл жерді!
ШАЙТАН
Мұңлы Шайтан — Құдайдың қуған жаны...
Абай
Сұм Шайтан күллі әлемді күлкі етіп кеп,
Мәз болған...
Қақ айрылып, дүңк етіп көк —
Жұмақтан Алла оны қуып шығып,
Құлапты Шайтанкөлге күмп етіп кеп...
Бұл Шайтан қартаймайды — кіл жас екен,
Осы бір Дүниемен құрдас екен.
Түссе егер ер көзіне есін алған
Жынысы еркек емес –
Ұрғашы екен!
Ол осы елден бұрын Күнді көрген,
Гүлді де бұрын көрген мұңлық елден.
Ол тіпті хор қызынан сұлу екен,
Ол түскен көл де әдемі күллі көлден.
Арбайтын елді қолаң шашы ма екен,
Анары, әлде Айдай қасы ма екен?
Баһадүр батырға емес,
Ақынға емес —
Туғалы саф Алтынға ғашық екен!
Жердің де бірге жасап нуыменен,
Ағады сақ-сақ күліп суыменен.
Алтынға өзі арбалып,
Өзгені де
Арбайды соның сиқыр буыменен.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
77
Күледі,
Күңіреніп жылайды екен,
Тәнін ол жұпар шөппен сылайды екен.
Періште алтын көрсе — жолдан тайып,
Шайтанның құшағына құлайды екен.
Көзіңе көрінбесін жастай шалып,
Көрінсе көзіңе — құрт, басқа — ой салып;
Бауырына алтын басқан айдаһар да ,
Қашады қазынасын тастай салып!
Тоқтатпас кінә да оны, күнә да оны,
Шайтанның бір-ақ мұрат, бір-ақ ойы:
Алла мен адамға бір күлсе болды,
Малынып саф алтынға тұла бойы!
...Алашым айырылып түр-түсінен,
Айныды адамзат та үрдісінен.
Маза жоқ күндіз,
Түнде — тұрам шошып,
Сол сұмның сылқылдаған күлкісінен...
ӨРТ
Құлашын төскейдегі өрт серпе келе,
Құлады төсектегі көрпеге де.
Үйездеп, есі шығып лағып қалған
Мына жұрт үйде отырып өртене ме?!
Аллаң да, адам да ұмыт, Ар-дағы ұмыт.
Елде енді ес жиюға қалмады үміт.
Аярмен арбасуға халі келмей,
Алашым лағып отыр барға кіріп...
Көңілде – күдік, көкте – Ай адасып жүр,
Барады қайда жөнеп Алашым бұл?
Ақсақал, қарасақал төрде отырған,
Бір басқа мас боп неге таласып жүр?!
Біреуі Қырымға асып,
Ұрымға асып,
Абылайсыз қосылмаған бұрын басы.
Көшімді кім бастайды өрге қарай?!
(Бәрі де мына шалдың — Ру басы!)
Қашан да бір оңалмай қойған ісі,
Сұм заман!
Ойында — ойран, бойда — мысы:
Ойнаған неше түрлі оңбағанмен,
Келіп тұр қазақпенен ойнағысы.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
78
Топырақта ата-баба құты қалған,
Сайтаннан қалай қашсам құтыла алам?
Елімді салайын ба?!
Қалғаны — сол!
Жерімді...
Баяғыда-ақ ұтып алған!!!
Жалмауыз дүниеде, іші кепкір,
Сандалам...
Абылайдың түсі деп — бұл.
Алдына құс салмайтын Құлагерім
Етке өтіп бара жатып,
Кісінеп тұр!
Заманның арты кең бе,
Басы — қыспақ,
Арбаса «Хан-талапай» — асық ұшпақ.
Мен жүрмін Батыраштың базарында,
Қолыма Құлагердің басын ұстап!
ЖЕТІ ЖАСАР ҚАРАҒАЙ
Жеті жасар қарағай —
Жеті жасар баладай.
Қалың өртке шалдыққан
Қарқаралыға қарамай,
Қарағанды басына қалай келдім, балам-ай?
Қарқаралы көгалы,
Қарқаралы гөзалы,
Сені көрсем, құдай-ау, арқам неге қозады?!
Қарқаралы таулары — өртке түсіп, лаулады!
Аласұрып тау-дағы — атан түйедей аунады!
Тәңірі жоқ...
Бар болса, нөсер неге жаумады?!
Қарқаралы қайыңы — Алаштікі, айыбы.
Ит те содан байыды,
Құс та содан байыды!
Мынау не «Хан-талапай»?!
Қалмады ма бір талы?
...Сұлу болма, балақай: сұмырайлар — құртады!
Жеті жасар қарағай –
Жеті жасар баладай.
Атпай қойды-ау ала таң,
Алаң ойлар келді шақ:
Ойға түспе, балапан,
Опынасың мен құсап,
Қалың өрттің ішінде отырасың мен құсап!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
79
ЦИВИЛИЗАЦИЯ
Құрт кеп түскен қарағайдың діңіне енді қарамашы,
Тамам дүние — осылардың киер киім, тамақ-асы:
Мотор-ара ұрттарына сыйып кетті Қараорманым,
Бұ заманның құрттары да —
Цивилизация шаранасы!
Мен Компьютер-Пенде көрдім —
Цивилизация шаранасы!
Қасиет жоқ, қасірет жоқ — қалқиған бір қара басы.
Миы толы қалың цифр, (басын ашып қарамашы),
Жүрегі жоқ,
Ішек-қарын бар!
Бұл — Сайтанның баламасы!
Калькулятор — Тауық көрдім —
Цивилизация шаранасы!
«Халқым» дейді өксіп кейде, о да өтірік —
Қара басы!
Алашқа рух болғанымен, бұған жейтін жем боп қалды —
Ақсұңқардың Серігінің «Адам Ата — Һауа Анасы»...
БАЙМАҒАНБЕТ ПЕН ШЕРНИЯЗ
Дегелеңде — дерт,
Қарқаралыда — өрт.
Исатай мен Махамбет болу қайдан-ды,
Шернияз — құс тас төбемде айналды.
Маған да бір Баймағамбет керек-ті —
Тауып алдым!
Қайран көңіл жайланды.
О, дүние-ай, шексізден де шексіз-дүр,
Кеудемдегі сырымды айтсам кексіз бір, —
Тексіз болды, бірақ со бір Байекем,
Бетсіз болды —
Сөз ұқпайтын бетсіз бұл!
О, Байекем, көріп болғам күштіңді!
Көңіл күпті,
Қан қарайған,
Іш—мұңды;
Сен орысша сөйлейсің ғой — сөйлеші,
Менен терең түсіне алсаң Пушкинді!
Көсемдікті қой да, одан, кел, түңіл:
Сен Абайды оқымайсың, мен түгіл.
Бір шыбықпен Алашты айдау — арманың,
Біз бір — жүрген ел ішінде еркін ұл,
]]]]
Қарқаралы
]]]]
80
Колбинді де көрген жұртпыз, -сен түгіл!
Қой, Байекем, күн тиместен — ірімей,
Қой, Байекем, су тиместен — шірімей.
Шернияздар шейіт болып тым ерте,
Шерін соның тартқыздың-ау тірідей!
Арулаймын деп жүргенде ұлт арын,
Тозып бітті ұятым мен ұлтаным;
Мені саған қор ғып, қайда кетті екен,
Қайран, менің Баймағамбет сұлтаным?
Дегелеңде — дерт,
Қарқаралыда — өрт...
ҚАРҚАРАЛЫ
Ей, қойшы, күнім...
Осынау бейіш, салқын бақ
Жаныма жағып, отырмын мен де салқындап.
Бұтада осы жайғасып, біраз дем алам,
Креслосын кім берер дейсің алтындап.
Ей, қойшы, ей, күнім...
Иран бағыңнын іші — не?
Имандай шыным: осы жер кірген түсіме.
Осы бір тоғай, осы бір тау да жетеді,
Патша бола алмай, ақын боп кеткен кісіге.
Иә, білем осы көгалға көктен қарадың,
Ташкенде талай сұлудың шашын тарадың,
Шайтанкөлдегі Ләйләні көрген жоқсың ғой,
Көргенде оны не болар едің, қарағым?!
Не деген ғажап қарағай қалың тоғаны,
Қарқаралыдай ғаламда бір жер жоқ әлі.
Патша болмайын деп пе едім осы аймаққа,
Ақын боп кеттім — өзіме соның обалы.
Ей, қойшы, ей, күнім...
Айтпашы иран-бақтарды,
Сайрады, әне, жан сырын құстар да ақтарды.
Патша болған соң құлдану керек біреуді,
Мен бала күннен сүюші ем Спартактарды.
Альпіге шығып, асқарға аяқ салдың ба?
Ей, қойшы, ей, күнім...
Қалайық осы шалғында.
Жиренсақалдың басына шықсаң мен құсап,
Жаһана күллі жатпаушы ма еді алдыңда.
Арабқа барып,
Алашқа көктен қарадың,
Шалқып та іштің Шам шаһарының шарабын.
Мен саған күллі ғаламды бере салайын,
Қарқаралыны бір күнге берші, қарағым?!
ШАЙТАННЫҢ ШЕРУІ
Күл болғанда қауызынан гүл,
От басқанда қынаны,
Айдаһардың аузынан бір
Сары Шайтан шығады.
Шайтан өртке араласып,
Сақ-сақ күлсе бір ұшып, —
Періштелер қара басып,
Қалады екен бүрісіп...
Өртті өрге түре айдайды,
Жасылына жақындап;
От болмаса жүре алмайды,
Күле алмайды сақылдап.
Ой мен қырға оқша ағады,
Қос обаны қоса аттап,
Ел мен ерге от салады,
Қу мен сұмды қосақтап!
Сасықтар мен пасықтардың
Санасында күледі ол,
Қан жылаған ғашықтардың
Арасында жүреді ол.
Түлкі бұлаң түрін көргем,
Абылайдың асында.
Ол жүреді сұлу көл мен,
Сұлушаштың қасында!
Билік пенен күшке көнді,
Қараған жоқ күшсізге.
Сол қазақты үшке бөлді,
Бөледі енді 300-ге!
Езулеп кеп емеді де от,
Бүркеді оны гүлге кеп.
Оған Күннің керегі жоқ,
Оған қара түн керек.
Сұлу көздің қиығында
Жүреді де жарқылдап:
Сұмырайдың иығында
Күледі кеп қарқылдап!
Қарағайға қарғып жетіп,
Қара орманның ішінде;
Көзі ілінсе қалғып кетіп,
Күл көреді түсінде.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
81
]]]]
Қарқаралы
]]]]
82
З А Р
Дегелеңді дерт алды,
Қарқаралыны өрт алды.
Шыңырауда көзі біткен бұлақ — тұл.
Өзегіне өрт кеп түскен құрақ — тұл.
Алматыда,
Көшесінде Сайынның
Ұлттық Ұят бетін басып,
Жылап тұр!
Бозда, жаным...
Замананың перісі,
Арамданған ауылы мен кеніші:
Сен — қазақтың соңғы шерлі Жамалы,
Мен — қазақтың соңғы Ақан Серісі!
Бозда, жаным...
Шырқ айналған шағалам,
Қалай сені қанатыңнан қаға алам?
Көз жасыңнан көкірегіне өрт түсіп,
Бір ұл туар Ұмайдайын Анадан!
Сенің жұртың босқын еді, бодан да,
Бодан ұлыс оңбаған еш қоғамда.
Тәңірі өзі айдап шыққан бір кезде,
Қайта кірдік Ғомора мен Содомға.
Бозда, жаным...
Өзегіңе от толып,
Күнәһар боп күңіренші,--
Сот болып!
Тәні қалып Ғомора мен Содомда,
Ұлттық Рух ұшып кетті...
Жоқ болып!!!
Алашым жоқ!
Сайтан соққан,
Сорлаған...
Мен — Төлеген,
Қыз Жібек-ті Ол — маған!
Махаббат — құс, қос қанаты қайрылып,
Ұшамын деп көкке қанат қомдаған:
Оны-дағы қортық Қодар қорлаған,
Сені-дағы қортық Қодар қорлаған!
Алашым жоқ!
Сайтан соққан,
Сорлаған,
Жоқпын оған мен де,
Жоқ қой Ол – маған!
Ұлы кеткен Ғомора мен Содомға,
Қызы кеткен Ғомора мен Содомға,
Мен қазақтың соңғы ақыны сорлаған...
ЖАУҺАР
Көкшулан тау, көкке иығы тиіп те,
Жер түгілі, Күнге басын иіп пе?
Жатады екен ұлылық пен сұлулық
Аяғыңның астында емес –
Биікте.
Жермен бірге Күнді айналған тасқында,
Мекені – Алаш,
Мен де шерлі һас тұлға;
Неше түрлі құрт-құмырсқа жүреді –
Аяғымның астында.
Жазамын деп ғажабы мен ғазалын,
Қырық жылдай тартып жүрмін азабын.
Тау ішінде, сай ішінде жарқырап,
Жауһар құсап жатыушы еді Ғажабым!
Қарқаралы, қатал болған ғасыры,
Зардай – әні,
Сарғаяды жасылы,
Кешір бізді, о, Алланың асылы;
Көркемдікті көрмей талақ қылатын
Адамзаттың көзінің бар басыры...
АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН
Қарқаралы, қайда көктің жасындары, қайтейін,
Сенен — бір өрт,
Менен — бір дерт басылмады, қайтейін.
Пенделердің көзіндегі құрты болдың, қайтейін,
Салған өрт пен жанған өрттің жұрты болдың, қайтейін.
Ғаламдағы жалғыз пірім, Қарқаралы-ау, қайтейін,
Сенен — бір шер,
Менен — шемен тарқамады-ау, қайтейін...
ҚАРАОРМАН
Дегелеңге дауасы жоқ дерт енді,
Қарқаралыда — Қараорманым өртенді.
Қараорманым...
Үрпиді де тұлымы,
Қараң қалып — құрыды.
Қарқаралы тауын аса бергенде
Қаракөздің түсіп қалды бұрымы!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
83
]]]]
Қарқаралы
]]]]
84
Тамұқ оты — тасында,
Ғабдиман да көрінбейді,
Қасым да.
Қара жылан ордасымен көшіп кеп,
Ысылдап тұр —
Қарқаралы басында!
Сұлулық бір сәтте — өлді!
Қарқаралыны қара дию қақ бөлді.
Жұмақ жатқан бауырында сол таудың,
Көз алдымда Тамұқ оған тап берді!
Өрт түбіне, дерт түбіне жетер ме ой?
Мұқағали айтқан: бәрі — бекер ғой;
О, Тәңірі, Жұмақ пенен Тамұқтың
Екі арасы – бір-ақ қарыс екен ғой!!!
Дәуітәлі ағам айтып кеткен анығын,
Көзбен көрдім,
Тамам ойын таныдым:
Осы жерде — Өмірім мен Өлімім,
Осы жерде — Жұмағым мен Тамұғым!
Сарыарқада осы жұмақ — аралым,
Жұмағымда Мәжнүн болып барамын.
Хор қыздары Шайтанкөлдің бетінде,
Қара шашын тарқаттым да,
Тарадым!
Аралымда ашылды да араным,
Мас болдым мен сарқып ішіп шарабын,
Қарағайдай жас болдым мен, қарағым!
Нұры ашқанда саңылауын сананың,
Гүл ашқанда...
Жас шыланып жанарым,--
Айдау жолмен адамзатқа жол тартып,
Қарқаралыдан —
Ғаламзатқа қарадым!
Әкем-дағы айта алмады: «Тоқта!» деп,
Шешем- дағы айта алмады: «Тоқта!» деп.
Қапылыста түсіп кеттім бір күні,
Қасымнан бір қалып қойған отқа кеп...
Қараорманнан бұрын түсіп отқа кеп,
« – О, Тәңірі, өрт басарың жоқ па?!» – деп,
Сұрап едім,
Тіл қатпады ол маған,
Тұла бойым — содан бері соқпа дерт...
Шыбын жаным бір тіріліп, бір өлді,
Көкірегімнен көк аспанға жыр өрді.
Жиделісай өңі кіріп, құлпырып,
Жиренсақал өксіп-өксіп жіберді...
Сонан шыққан Әлихандай,
Әлімхандай ұлт үні,
Жасындайын жойқын екен күркірі.
...Жұмағымды біреулерге тастай сап,
Мен Тамұқтан бір-ақ шықтым бір күні...
Өрт түбіне,
Дерт түбіне жетер ме ой?
Мұқағали айтқан: бәрі — бекер ғой;
О, Тәңірі, Жұмақ пенен Тамұқтың
Екі арасы – бір-ақ қарыс екен ғой!!!
ТӨРЛЕ, БЕКЗАТ, АЗАТТЫҚ
Төрле, Бекзат Азаттық!
Түбіме жеткен — құлқын-ды.
Құл мен күңді мазақ қып,
Ақсүйек қылшы ұлтымды!
Дегелеңді дерт алды.
Қарқаралыны өрт алды.
Құдайсыз қап, болды-дағы құл — тұлға,
Ұлысым да аңырады, ұлтым да.
Генералдар көшіп кетті Мәскеуге,
Дегелеңнің дерті қалды жұртында.
Қарау пиғыл таңдайыма татыды.
Қараорманым өртке түсті-ау ақыры.
Қараөткелде қарағайдан үй салды,
Қарқаралдың қашып кеткен әкімі.
Дегелеңге дауасы жоқ дерт енді,
Қарқаралыда — Қараорманым өртенді.
...Алаш дейтін Ару қыз-ай, қайтейін,
Көрінген ит ашты-ау сенің көрпеңді!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
85
]]]]
Қарқаралы
]]]]
86
Сәбит Б
Сәбит Б
ЕКСЕЙІТ
ЕКСЕЙІТ
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ КӨШЕСІНДЕ ТУҒАН ОЙ
Баспанаға зар болған Қасым ағам,
Бейнетінен тірліктің жасымаған.
Отты өлеңін жазған ол, алау жырын,
Бәкене үйде отырып азынаған.
Зәулім үйде жайғасып лоджиялы,
Төр біткенге тоғышар қонжияды.
Арып-ашып жүргенде ақын байғұс,
Доңыз тектес немелер қоң жияды.
Залым заман, не шара жосығыңа,
Жандайшаптың мойнында осы күнә.
Бабын таппай ақынның кеткеніне
Қасы куә, дәрменсіз досы куә.
Кең сарайды бұйыртып пасықтарға,
Ақындарды қамадың лашықтарға.
Масылдарды шомылтып хауыздарда,
Асылдарды құлаттың шалшықтарға.
Тас бөгетке кездесіп Қасым ағам,
Астамсыған төреден жасымаған.
Астанасын тастамай, баспанасыз,
Жақұт жырын қашаған асыл адам.
Бір көшеге ие боп тұтасымен,
Көпірімен, тал-терек бұтасымен,
Отыр бүгін марқайып ақын аға,
Құшағы кең қалыпта, құлашы кең.
Бар жақсыны сый етіп ұрпағына,
Бұлбұл құсын ұшырып жібер жыр бағына,
Тоқсандағы абыз боп бата берді.
Он жастағы Азат құлыншағына!..
Қыркүйек. 2001 ж.
ҚАРҚАРАЛЫ БАСЫНДА. ЖАЗ
(идиллия)
Жаз-жаз айы...
Аз жазсам да, жаз жайын саз жазайың,
Маужыр маусым, тамылжыр тамыз қандай,
Шілде қандай шіліңгір-маздақ айым!
Жаз-жаз айы...
Кештім бастан армансыз кіл әйбат күн,
Сауық-сайран, думанды қыз қайнаттым.
Сыбызғыны сызылттым айлы кеште,
Жұлдыз жауған түндерде сырнайлаттым...
Саябағы жап-жасыл-жанға жайлы,
Тәнге рахат-саршағыл жағажайы.
Жарқылдағы секілді фотоаспаптың,
Селт еткізер ақ сәуле нажағайы!..
Жаңбырдан соң озонды тұнса ауасы,
Осы ауаны бар сынды мың дауасы.
Тәңірияның иінағашындай
Кемпірқосақ, дәлірек-Күн доғасы!
Тамыз өтіп барады...тамаша айым!
Жыр да азайып бара ма, ән де азайып?..
Жаз сағынтып, аңсатып жетеді де,
Көрген түстей жоқ болар таңғажайып...
*** *** ***
КӨЛ ЖАҒАСЫНДА
(ЭКСПРОМТ)
Жанарым нұрға,
Жүрегім жырға бөленді,
Жағаңда тұрып суырып салдым өлеңді.
Арманым менің
Желкен боп аппақ шақырды,
Сезімім менің толқын боп ерте жөнелді.
*** *** ***
Көңілім-айдын,
Жүрегім-қайық, тербелді.
Шабытты шалқар, сезімді сергек
Сен бердің.
Бейнеңді, әттең, көшіру қиын,
Өйткені
Шығармасысың
Табиғат деген зергердің!
*** *** ***
]]]]
Қарқаралы
]]]]
87
]]]]
Қарқаралы
]]]]
88
Ерғазы Ж
Ерғазы Ж
АЗЫҚБАЕВ
АЗЫҚБАЕВ
ҚАРҚАРАЛЫҒА САҒЫНЫШ
(әні бар)
Арман тау, жасыл жұмақ жер ардағы,
Көргенше патша көңіл құмар тағы.
Сұңқар ұя, көл жанарлы Бұғылы шың,
Тас жарған қарағайлар тұмар бағы.
«Шайтан көл» аққу жүрек лүпілдеген,
Жартаста өскін тамыр бүлкілдеген.
Жұпары жанға дәру самал есіп,
Сыланып шынар айдар үлпілдеген.
Сағыныш мөлдіретер жанарға шық,
Білінбес назды әуенмен ара қашық.
Енгендей гау құшаққа тебіренейін,
Қандырып жан құмарынбала ғашық.
Кіршіксіз мөлдір сезім, тұңғыш таным,
Әлі есте тау саяңда нұр құшқаным.
Туған жер Қарқаралым, абат бағым,
Ұшырдым сағыныштың жыр құстарын.
*** *** ***
ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЗЫЛЫҚ
Уа, армысың, Қарқаралы қазылық,
Іштегі шер, хатталып жыр жазылып,
Жүрген жанмын, ойымды алау от кеулеп.
Елге жаймай, өзімді-өзім мәз қылып.
Қарқаралы сеңгір таулар бөрікті,
Қара орманың-бұйра шашың көрікті.
Сиқырлы су шыңға өрлеген «Шайтан көл»,
Таңғажайып ертегі-аңыз өріпті.
Кендарадай сырмақ түсті баурайың,
Сыр мен сымбат, қарағай мен тал-қайың.
Ана пейіл тоғай іші бауырмал,
Құшағың жай, гүл-майсаға аунайтын.
Тас қамалдар, ел қорғаны қаланған,
Сыр шертеді көне түркі ғаламнан.
Сарыарқадай ұшан-теңіз даламда,
Табиғаттан тұлғаң ерек жаралған.
Ел құмартқан шырша ғұмыр жазы деп,
Жер қойнауың алтын кеніш қазып ек.
Тілмен түйген Еліміздің елдігін,
Ұлы Баба, Қаздауысты Қазыбек!
Көгілдір тау, жасыл тоғай өлкем-ай,
Жат қызыққан мың сан бұлақ, көлге бай.
Қазақ елін, Байтақ жерін қорғаған,
Бір туар ер, батыр баба Сеңкібай!
Қас табиғат ойған шебер қашамай,
Зәулім үңгір қатпар-қатпар тасқа бай.
Бір келгенде-ақ Алты Алаштың данасы,
Дауалатқан көкірек көзін жас Абай.
Көл жанарға төңкерілген нұрлы аспан,
Нүркен-Тоқтар қаһарманды жыр-дастан.
Екі сұңқар: бірі Отанды қорғаса,
Екінші-ер, ғалам шармен сырласқан.
Қарқаралы, Қаракесек-Мәди-үн,
Қасым, Қапан-муза бағым, ән-дүйім.
Домбыраны тебірентіп, термелеп,
Мөлдіреткен Тәттімбетті сал діл-күйін!
Уа, қасиетті Қарқаралы қазылық,
Бітпейді жыр, айтылмақ сыр жазылып.
Мәңгі тауым, жасыл бауым, көрсетші.
Арқа белін, әлемге әйгі жаз қылып?!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
89
]]]]
Қарқаралы
]]]]
90
Өнердегі қарқындады
Байланысы екі елдің.
Қас қарайып, жарқырады
Мұнарасы Эйфельдің*.
Өнерге шын жанашырлар
Ерте-кеш деп қарай ма?
(Болмысында қандай сыр бар)
Жиналуда сарайға.
Бұл – бір ара болды балы,
Ұясы да тәрізді.
Ығайы мен толды залы
Сығайына Париждің.
Музыканың тұнған сазы,
Ән шырқалған әр кеш бір
Сахнада – Құрманғазы
Атындағы оркестр.
Шымылдығы ашылды да,
Шыға келді әртістер.
Қызылды да, жасылды да
Үйлесімді әр түстер.
Киім ою-өрнектері
Көздің жауын алғандай.
Залға келу ермек пе еді,
Халық мүлгіп қалғандай.
Қара фрак, қара бантик,
Еуропаша киініп,
Көрерменге қараған тік,
Шамғон** тұрды иіліп.
Дәл осындай сәттерде бір
Кетпес пе ел дүрлігіп.
Шіренгендер қақ төрдегі
Отыр үнсіз сыр бүгіп.
Қызғанды ма көріп, іштей,
Талаптары қатал-ақ.
Осы әдемі көрініске
Соғылмады шапалақ.
Шын ба, әлде елес пе екен,
Ел тек басын изеді.
Осы солар емес пе екен,
Менсінбеген Бизені?***.
«Көңіл ашар» күмбірледі,
Ашылмады көңілі.
Оларға бұл – үн дүрмегі,
Естімеген өмірі.
Оркестрдің сынағы алда,
Тапқандай ол тың тыныс.
Ешкім жоқтай мына залда,
Тілеуғазы Бейсенбек
Тілеуғазы Бейсенбек
Қазақстан жазушылар
Қазақстан жазушылар
Одағының мүшесі, ақын
Одағының мүшесі, ақын
ШАМҒОН,ТӘТТІМБЕТ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗДАР
Бір дыбыс жоқ, тым-тырыс.
Мәнсіз өткен кеші мейлі,
Әнге емес ынталы.
Бір бикештер есінейді,
Бұлғын тонға қымтанып.
Өміріне жан-ау ырза,
Кең көсіліп, талтайып,
Қалғып отыр анау мырза,
Орындыққа шалқайып.
Шықты әншілер жұрт алдына,
Баурап алар еркіңді,
Талай әндер шырқалды да,
Небір күйлер шертілді.
Әнге – жанға нәр берген бұл
Жүрмегендей қаталап,
Анда-санда әр жерден бір
Естіледі шапалақ.
Мына жағдай Шамғонды да
Толғандырды, қинады.
Оркестрді шамданды да
Уысына жинады.
Қалай отыр жансыз күйде,
Мынау ғажап концертте.
Орындалды сансыз күйлер:
Талай төкпе, сан шертпе.
«Қосбасардың» мұңды ырғағы
Көңілдерді арбайды-ау.
Енді бірде сыңғырлады,
Сыңғырлады «Сарыжайлау».
Сыңғыр үнге төзе алды ма,
Наз ақтарды қарашы.
Француздың көз алдында –
Қазақтардың даласы.
Бұлақтары сыңғырлаған,
Жасыл таудың бөктері.
Құрақтары сыбдырлаған
Самал желпіп өткені.
Әсерін-ай, көңіл аулай
Сылдыраған бұл үннің.
Даусы күміс қоңыраудай
Құлдыраған құлынның.
Жусан исі бұрқырайды,
Қыр гүлімен өбісіп.
Құлын-тайлар шұрқырайды
Бір-бірімен көрісіп.
Тасқын судың мамыр айғы
Ел есінде ағысы.
Қозы-лақтар жамырайды,
Енесімен табысып.
Құрбыласын бір көруге
Өлеңдеткен жетеді үн.
Қыз шығады гүл теруге,
Көлбеңдеткен етегін.
Мініп алып ала тайға,
Балақай да жабысып,
Құйғытады алақайлап,
Ескен желмен жарысып.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
91
]]]]
Қарқаралы
]]]]
92
Асау өзен күркірейді,
Жасыл тоғай жағасы.
Жеңгеміздің күрпілдейді
Қымыз піскен сабасы.
Күйдің сазы мың ырғақты
Сиқырымен өзінің
Көрерменнің шымырлатты,
Қыңыр, қатты сезімін.
Сарай нұрға боялғандай,
Анықталған – күй күші.
Көрермендер оянғандай,
Қанып қалған ұйқысы.
Сыңғырлатып күй біткенде,
Беті ашылды кештің де.
Мұндай тосын сый күткендей
Емес еді ешкім де.
Осы-ау биік болса талап,
Толқындатып жүректі,
Ойда жоқта қолшапалақ
Толқын атып дүр етті.
Нәзіктікпен көркемдеген
Сырлы сазды бедерлі,
(Ел емес пе өркендеген)
Тани қойды шеберді.
Әсем сазды оранды да,
Көңілдерге от енді.
Сол көрермен оралды ма,
Тани білген Шопенді****.
Қанша қатал болса-дағы,
Жұрт назарын бұрды ептеп.
Күй шертілсе – қол соғады,
ән айтылса – құрметтеп.
Асыл ерді жатқа ұнаған
Көруі бұл ақырғы.
Дирижерді сахнаға
Қайта-қайта шақырды.
«Ел өнері өркендесін»
Деген ойы ақталып,
Биік ұстап өр кеудесін,
Шамғон тұрды шаттанып.
Құлағына сұрау салып,
Сыбырлайды үні ішкі:
«Көргендей ме мынау халық
Сенен Шарль Мюншті»*****.
Сарай толқып, ағын жүрді,
Сенбес, бәлкім, жат күндеп.
Француздарды бағындырды
Шамғон және Тәттімбет.
* - Париждегі әйгілі мұнара
**- Атақты қазақ дирижері
Шамғон Қажығалиев
***- Француз композиторы Жорж
Бизе
****- Поляк композиторы Фреде-
рик Шопен
*****- Француз дирижері Шарль
Мюнш
«Қарқаралы басында
жалғыз арша, хатқа
жүйрік сол қалқа
мұсылманша» деп баста-
латын әнді халықтікі деп
жүрдік, кейін білдік – Біржан
салдікі екен. Мұны бала ке-
зімде әкем Ошекең (Ошақбай)
(1893-1971) ыңылдап айтып, «қайран
Біржанның біздің Қоянды жәрмеңкесіне келгенде
шығарып шырқаған әні ғой» деп отырушы еді. Ол
кісі 1893 жылы туған болатын, мен оның 60 жасында
дүниеге келген екем, азан шақырып атымды Алпыс-
бай деп қойған, бірақ кіші ағам Бауыржанның есіміне
ұқсатып Бақытжан атаныппын. Әкем жасынан еті
тірі, пысық болған көрінеді, мұсылманша, орысша
сауаты болыпты, жақсы-жайсаңдармен бірге
тұрып, бірге жүрген. Өзі Қарқаралының Кент тауларының етегіндегі
Шатағашта дүниеге келген. Арғы тегі Қаракесек-Шор, Әйтімбет, әрі ақын,
әрі батыр Жанақтан тарайды. Ошекең 1928 жылы Аққорада ең алғашқы ар-
тель құрған, кейін ол Фрунзе атындағы совхоз аталып, 1991 жылы Қасым
Аманжоловтың 80 жылдығына орай Қасым атындағы кеңшарға айналды.
Әділетсіз, ұрда-жық ұжымдастыру салдарынан байлардың да,
орташалардың да мал-мүлкі тәркіленіп ханталапайға, тіпті талан-таражға
салынып кеткен ғой. Әкем орташа дәулетті, ал атамыз Тобаяқ әлді бо-
лыпты. Шешеміз Нұриланың (Қарашор Сеңкібай батыр, бидің ұрпағы) айтуы
бойынша, үйлерінде жалшы ұстаған, бірақ олар әрқашан тоқ, киімдері бүтін,
үй иелеріне риза болып жүреді екен. Шындығында, мырза байлар көп болған
ғой қазақ сахарасында, ал Қарабай сындылар бірен-саран екен, сол
қарабайларды кеңес өкіметі алаулатып-жалаулатып, халықты езді, жан-
шыды деп көрсеткен. Бай жалшы-кедейі болса да, оны әлдендіріп, үйлендіріп,
жеке отауға шығарып, алдына мал салып береді екен. Ал, шындығында,
кедейлердің көбісінің жалқау болғандығы, осыдан да жарымағандары рас енді.
Кейін совет хұкіметі оларды «құтыртқан» кезде шолақ белсенділікке салы-
нып, өздерін асыраған иелерін сатып, олардың мал-мүліктерін ту-талақай
еткен...
Содан барып 31-32-ші жылғы алапат аштық жайлайды ел ішін.
Анамыздың туған ағасы Әбілғазы нағашым кезінде Кенттегі Әміре
болыстың (Темірше болысының) көмекшісі болып, ақбозатқа мініп, траш-
пенке-күймемен сән-салтанатпен жүрсе де, кейінірек қызылкөз
«қызылдардың» саясатына бейімделіп, күрт 180 градусқа бұрылып, Матай
мен Үштөбеде паровоздың кочегары (от жағушы) болып кетеді. Ал,
ашаршылық тұсында туыстарының біразын (оның ішінде Ошекең-Нұрила
]]]]
Қарқаралы
]]]]
93
Бақытжан
Бақытжан
ТОБАЯҚОВ
ТОБАЯҚОВ
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті,
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті,
профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі,
профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі,
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ақын, Халықаралық Түркі және Абай поэзиясы фестивальдерінің,
ақын, Халықаралық Түркі және Абай поэзиясы фестивальдерінің,
Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты
Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты
ҚАРҚАРАЛЫ БАСЫНДА
ЖАЛҒЫЗ АРША...
(ЭССЕ-ТОЛҒАУ)
Достарыңызбен бөлісу: |