Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып


Ізетпен: Әбіш Кекілбайұлы



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата15.03.2017
өлшемі8,26 Mb.
#9298
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Ізетпен:
Әбіш Кекілбайұлы.
3 мамыр 2008 жыл Қарқаралы.
*** *** ***
Қазақтың әулиесі, Абайдың әкесі Құнанбай қажы-кезінде бүкіл
қазақ жұртына үлгі шашты. Құнанбай қажы мешіті-соның бір
ғана көрінісі. Қалпына келуі, елінің дінін орнықтырып рухын
көтеру жолында қызмет жасап жатуы-қазақ елінің қайтадан
бекем болуының бір көрінісі болса керек. 
Құнанбай қажының рухы бейіште шалқығай!
Мұхтар Мағауин.
23.08.2004ж.
*** *** ***
Талай тарихи оқиғалардың куәгері талай ұлт перзенттерінің
табаны тиген атақты Қарқаралы жерінде болып, бауырларым
мен дидарласқаныма Алла тағалаға мың да бір шүкір.
Қарқаралылық бауырларыма тауфиқ пен ғинат, шапағат, зор
табыс игілік тілеймін!
Құрметпен-Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
төрағасы,
Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.
2004 жыл.
*** *** ***
Қасиетті Түркістан қаласынан келген Совет Одағының ба-
тыры Есетұлы Расул Құнанбай мешітіне келіп, зиярат етіп
жүрген барша мұсылман  қауымына, игі денсаулық тілеп, осы
қолтаңбаны қалдырды Алланың нұры жаусын, Қарқаралы еліне!
Есетұлы Расул. 20.06.2003 жыл.
*** *** ***
Он сегіз мың ғаламды жаратушы Тәңірінің нұр-шапағаты
түскен қасиетті жерұйықтары исі қазақ даласында да
баршылық. Сондай киелі өлкелер-Көкшетау, Баянауыл,
Қарқаралыға құрмет немесе 
естеліктер кітабындағы 
ескерткіш жазбалар

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
56
Қарқаралы. Бір ғажабы, жұмақтай жайнаған осы ғажайып
киелі топырақтан небір ғұлама-оқымысты, майталман жа-
зушы-ақындар, аққуға әуез қосқан күміс көмей әншілер шыққан.
Әр дәуір, әр заманда Қарқаралы азаматтары айбынды,
ержүрек те батыр, жас ұрпақтары, бозбаласы мен қыз-ару-
лары келбетті де сұлу-көрікті және шетінен талантты да да-
рынды болуы таң қалдырды. Ұлы геолог Қаныш Сәтбаевтың
«Алтайдан Карпатқа дейінгі ұлан-байтақ өлкеде Қарқаралы
топырағындай қасиетті, киелі жер жоқ» деуі де тегін емес.
Осыған орай Қарқаралыға арналған небір жазбаша
жәдігерлер аз емес. Мәселен, біздің тарихи қаламызға жолы
түскен сан дуалы ауыз қонақтардың естелік кітаптарға
жазып кеткен жүрек жарды лебіз, қолтаңбалары бүгінде
мұражайлардың төрінде тұр.
Бұл ескерткіш жазбалардың жас ұрпақты адамгершілікке, ел
мен жердің қадір-қасиетін бағалай  білуге Отан сүйгіштікке
баулып, тәрбиелейтіні сөзсіз.
М.Омарбекұлы.
*** *** ***
Қарқаралыға арнайы  сапармен келген Түркістанның
арғындары ата-бабаларымыздың туған жері Қарқаралыға игі
ниет білдіреді.
Түркістан қаласы арғындарының төрағасы Рахман.
*** *** ***
Қазақ халқына ұлы Абайды әкелген Құнанбай қажының мешіті
дініміз бен ұлттық рухымызға жалау ретінде қызмет ете бер-
сін. Дара тұлғалы бабаларымыздың әруағы жебесін.
Мұхтар Шаханов.
29.06.2007ж.
*** *** ***
Қарқаралы-қазақтың қасиетті, киелі жері. Елімізге ұлыларын
көп берген жерден болашағымыздың кемеңгерлері де көп
шықсын деп тілеймін.
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Мырзатай Жолдасбеков.
ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
*** *** ***
Қасиетті Құнанбай қажы мешітіне келу әрбір азаматтың бо-
рышы деп білеміз. Қай елде, қай жерде жүрсекте Құнанбай
қажымен Абай есімін халық біледі.
Сіздерге осы қасиетті елде, қасиетті мешітті сақтап күтіп
жүргендеріңізге мыңда бір рахмет.
Кенжемерген Қабышұлы Әбікеев,
контр-адмирал.
30.05.06ж.
*** *** ***

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
57
Уақыт өткен сайын қадірі арта түскен қасиетті де  әзиз
Құнанбай қажы бабамыздың Қарқаралыдағы жаңғыртылған ме-
шітін бір көру мақсұт еді. Билеп-төстеген уақыт ырық бер-
мей, кейбір ойға алған істеріміз орындалмай жатады емес пе?
Жас кезімде Қарқаралыда болып, бабамның еңсесі түскен
мешітінің алдында дәрменсіз ұзақ тұрғанмын. Көңіл ұшқыр, қол
қысқа кез еді. Арман-биік, асқар, құлдық-терең құдық кез еді.
Қалың қазақ даласы басынан не кешірмеген?
Араға отыз жыл салып Қарқаралыға арнайы соқтым. Қала
орталығындағы бабамның қайта түлеген мешітін көру мен
үшін үлкен қуаныш болды. Абай атам тоқтап жүрген көк ша-
тырлы үйге де ендім. Уақыт тапшылығынан бабамның меші-
тіне қона алмай аттанғаныма өкінсем де, еңсем көтеріліп,
рухтанып қалғандай болдым. Қазақтың киелі ордаларының бірі,
Алаштың ардақтыларының табаны тиген қасиетті
Қарқаралы топырағы көңілге қуат қосып, жанға шапағат да-
рытты!
Бабалар рухын ардақтап, солар көтерген шаңырақтардың
еңсесін түсіртпей, жас ұрпаққа аманат қылып тапсырып,
дәстүр қылып қалыптастырып, жол көрсетіп отырған ел
азаматтарының үлгі-өнегесі мақтанаралық та, қызығарлық
та жай!
Қарқаралының тарихы 180-ақ жылдан бұрын басталды де-
генге сену қиын. Қарқаралы тарихы әлде қайда тереңде
жатыр. Оны зерттеу болашақтың ісі. 
Әйтсе де, торқалы той құтты болсын! Қасиетті Қарқаралы
топырағына Алланың нұры жаусын! Алла тағала Ел-жұртты
берекесінен айырмасын! Өркендеріңіз өсіп, ел арқа сүйер тірек
болсын!
Роллан Сейсенбаев,
Қоғам  қайраткері, халықаралық 
Абай клубының президенті, жазушы.
*** *** ***
Қасиетті үйде орналасқан музыкалық мектепке зор болашақ
тілеймін. Ал оқушыларға, дарындылығыңызды әрі қарай дамы-
тып, елімізді, халқымызды насихаттау жолында табыс тілей-
мін.
Ізгі ниетпен:
Бірғаным Әйтімова.
*** *** ***
Қарқаралы-қазақтың хас батыры Тоқтар Әубәкіров дүниеге
келген киелі топырақ.  Біз Батырдың 60 жылдығы құрметіне
өткізілген турнир қатысушыларына зор денсаулық тілейміз.
Халқына амандық тілейміз.
Құрметпен: Парламент депутаттары 
Е.Әбілқасымов,
З.Алшынбаев, 
Б.Өтепбаев,
Р.Шаекин.
** *** ***

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
58
Қарқаралыдағы музейді көріп, аралап, көптеген
мәліметтерге қанық болдық. Өлке тарихы, ел тарихы, жақсы
көрсетілген. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс
тұрақты түрде жалғастырылатынына кәміл сенеміз.
ҚР Парламент депуттаттары Оралбай Әбдікәрімов, 
Нұрлан Әбдіров, Серік Темірболатов, 
Мейрам Пшенбаев, Рахмет Мақашев.
*** *** ***
Ел игілігіне, ел инабаттылығына, иманжүзділікке
тәрбиелейтін тарихи Құнанбай қажы мешітінің қауымына
үлкен табыс, береке тілейміз.
Еліміздің амандығы, саулығы ырыс-берекесі аса берсін!
Қарқаралы өңіріндегі бүкіл халыққа баянды береке тілейміз.
Тарихи мешіттің қасиеті қолдай берсін. Еліміздің
Қазақстанның абыройы өсе берсін
Сағынбек Тұрсынов,
ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты.
31.01.2008ж.
*** *** ***
Құнанбай қажының киелі мешітіне келіп Құран оқыттық.
Қарқаралы өңірінің барша жұрт, азаматтарына жақсылық ті-
лейміз. Әйгілі Мәди Бәпиұлының ескерткішін орнату құрметіне
келген Астана, Алматы азаматтары атынан келген
қонақтар:
Амангелді Ермегияев, Көпен-Әмір-Бек, Жүрсін Ерман.
15.ІХ.2007ж.
*** *** ***
Үлкен елдің үлкен тарихы бар. Сол тарихты әспеттеп
отырған Қарқаралы халқына үлкен рахмет. Тамаша жердің
адамдарына денсаулық, бақыт тілеймін!
Құрметпен: «Астана» аймақтық құрылымның 
қолбасшысы, генерал-майор Шацков.
*** *** ***
Совет Одағының Батыры Мартбек Мамыраев №1 қазақ
орта мектебі коллективіне Жеңіс тойының 40 жылдығы ал-
дында зор денсаулық, бала тәрбиесінде табысқа жетулеріңе
тілек білдірді.
Бұл тілек кездесу кешінен кейін жазылды.
Мартбек Мамыраев
23.ІV.1985 жыл
*** *** ***
Өткен күндерден алғанымыз келешекке рухани азық болсын.
Жайнай берсін киелі Қарқаралы!
С.Әбдірахман,
қоғам қайраткері, экс-депутат.
26.08.2007 жыл.
*** *** ***

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
59
Құнанбай қажының мешітіне келіп құран оқытып, тәуіп еттік.
Балаларымыздың тойында болып Алладан тілек тілеп
қажының рухы қолдай жүрсін деп мінәжат етуші Жаңаарқа
ауданынан келген
Артықбай Қадырбайұлы,
Бадиша Жармұханбетқызы.
26.10.2007ж.
**** **** ***
Жастардың талаптарына нұр жаусын! Үлкен биіктерден
көрінсін. Абай атамыздың рухы берілсін. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Көпбосынов, Шолпан Бейсенбаева.
19.09.2006ж
*** *** ***
Құрметті ардагерлер мұражайының ұжымына!
Осы ғимаратта бас қосатын ардагерлердің естеліктері,
әңгіме-дүкендері болашақ, ұрпақтардың жанында сақталады
деп сенемін. Жасай беріңіздер, қарттарым!
Тілек білдіруші: Нүркен Мырзаханұлы, биология
ғылымының
докторы, профессор. 
12 қараша 2003 жыл.
*** *** ***
Қасиетті де, киелі Қарқаралы ауданының ең алғашқы
мектебінің 70 жылдық торқалы тойының қарсаңында келген
екенбіз. Музейдің бай тарихын көрдік. Атыңнан айналайын деп
халық атап кеткен елдің бай тарихын жасаушылардың көбі
осы мектептен шыққан екен. Ел байлығы мен дәулетін
дамытуға ат салысқан азаматтардың көбі осы мектептің
түлектері. Соған сай болыңдар. Егеменді тәуелсіз еліміздің
азаматтарын тәрбиелеуде үлкен табысқа жетіңіздер.
Қ.Медиев,
ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері,
облыстық Мәслихат хатшысы.
11.10.2002 ж
*** *** ***
Тілегіңіз қабыл болсын, ақсақал!
Тоқтар Әубәкіров.
11.10.2002ж
*** *** ***
Құрметті Қарқаралы ардагерлері!
Семейден келген  Абылай қожаның шөбересі, Жұмағұл қажының
немересі  Сақайып қожаның нәсілі Елеубек Жұмағұлов, жұбайы
Әсия қасиетті жердің халқына игі тілек білдіреді. Қарқарал-
бүкіл қазақтың жайсаң азаматтары түлеп ұшқан қасиетті ұя.
Сіздерді қазақтың генефоны деп атасақ, шатыспаймыз.
16.06.2006 жыл.
*** *** ***
Қасиетті Құнанбай қажының мешітіне келіп, басымызды идік.
Әрқашанда Қарқаралы тұрғындары аман болсын.
Сіздерді Алла тағала қорғап, қолдап жүрсін!
Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешова.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
60
“Қыз Жібек” кинофильмінің бас кейіпкерлері.
23.04.2008 ж
*** *** ****
Сегодня группа экскурсантов посетила музей с большим ин-
тересом мы выслушали рассказ директора музея Б.Ж.Абилова.
Узнали много полезных вещей по истории Центрального Ка-
захстана. Желаем коллективу музея дальнейших творческих
успехов. 
Подписали: от Караганды и Питербурга Ю.Г.Попов,
О.В.Черноок. настоятель Света Скорблянская Храме
г.Абая Карагандинской обл. А.Угельков.
19 июля 2007 года.
*** *** ***
Аса қадірлі Қарқаралы елін Құнанбай атамыздың аруағы
желеп-жебеп жүрсін.
Меруерт Түсіпбаева,
Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты,
Әнші-актриса. 
20 тамыз 2004 жыл.
*** *** ***
Қарқаралыдағы Құнанбай қажының өз қолымен салдырған ме-
шіті ғасырдан ғасырға жалғасатын құдіретті де құнды қазына
болары хақ. Құнанбаймен, Абаймен жалғасқан қастерлі тарих
жолы адал ниетті азаматтарға игі қызмет ете берсін!
Серік Тұрғынбекұлы,
Ақын.
Астанадағы Қуанышбаев атындағы драма театрының
ұжымы. 
12.11.03
*** *** ***
Қарқаралы еліне деген тілеуіміз қабыл болсын. Елімізге бірлік,
имандылық берсін!
Аманжол Әлтаев,
ақын.
25.10.2004 жыл.
*** *** ***
Киелі топырақ, қасиетті Қарқаралы жерінде болып, Құнанбай
қажының мешітінде құран оқытып, дұға бағыштадық. Алла
тағала Қарқаралы халқына баянды болашақ берсін.
Игі тілектермен Қарағанды облысы аудан, қала
әкімдерінің орынбасарлары: І.Ісләмұлы (Абай ауданы)
М.Қожахметов (Ұлытау ауданы), А.Сәлімбаева
(Қарағанды), А.Әли (Бұқар-Жырау ауданы),
М.Жандәулетов (Жаңаарқа ауданы), М.Түкбаева (Балхаш),
Оспанова (Қаражал қаласы), Есмурзаева (Сәтбаев), 
Шарбекова  (Приозерск қаласы), К.Смағұлов (Жезқазған
қаласы),  Искаков (Қарағанды),
Даутова (Нұра ауданы), 
Е.Иманғалиев (Білім департаменті).

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
61
«Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде
әбден қыс түсіп, қар бекіп алған-ды.
Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш
үйді ақ шидемін айналдырып киген қыс кәрінің көрінді...»
М.Әуезов
«Абай жолы» романынан.
***
«Атыңнан айналайын, Қарқаралым,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен Мәди қуғын көрген Арқадағы»
М.Бәпиұлы.
*** 
«Қарқаралы, сен маған жолықтың,
Өлеңі болып Қасым Аманжоловтың
Таң жүзі болып,
Ән құзы болып Мәдидің.
Қанды ізі болып көк ала жорықтың
Қарасам саған қашанғым еске түскендей,
Қаба сақалды тауларың ескерткіштердей.
Қарағайларың қапсағай бойлы
Қазыбектердей,
Самал желдерің сандық тастарға
Жырларын жуып өткендей»
С.Мәуленов.
***
Көп таудың арасында Арқадағы,
Атақты бір сұлуы Қарқаралы.
Көркем кескін, Кербез тау адам түгіл,
Бұлтты аспандағы тарта алады.
Ол кезде мекендеген ел аз ғана,
Тайсалмай тауды кезіп жортады аңы.
Қоршаған Қарқаралы қорғанының
Бұғылы-тау отауы ортадағы.
С.Мұқанов
«Сұлушаш» поэмасынан.
***
«Түн жылы болды. Түйенің боздағанына, жылқының кісінегеніне оянба-
стан біз алаңсыз жайлы ұйықтадық. Қонған жеріміз Қарқаралы тауы
көрінеді. Таудан әрі –Қарқаралы округінің орталығы. Дәл осы жерден
қырық шақырымдай Жарлыға құятын өзендердің бірінің бойына жетіп
аялдадық. Біз жүріп өткен жерлер өте көрікті. Айнала құз-
жартастар...»
Адольф Янушкевич
«Қазақ даласына сапар туралы   жазбалар» кітабынан. 
Саяхатшы, этнограф.
***
Қарқаралы туралы ақын
жазушылардың толғаныстары

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
62
Туғызған Қарқаралы Қасымдарын,
Тауының серік еткен жасындарын.
Көп мұнда айыр көмей, жез таңдайлар,
Жерінің жеткізе айтар асылдарын.
Анасы, шын бесігі өлең-жырдың,
Бағасы түсер  артып сенен кімнің.
Қазақтың қасиетті бір өлкесі,
Қазынасы өткен күннің, келер күннің.
Ғафу Қайырбеков.
***
Қырына шықсам шолып шартарабын,
Кеудемді шабыт кернеп, артар ағын.
Тудырған батырды да, ақынды да.
О, менің қасиетті Қарқаралым!
С.Ләмбеков.
***
Қыз берген Қарқарасы түсіп қалып,
Тау атын Қарқаралы қоя сапты.
Жанақ ақын.
***
«Өңірін Қарқаралы кездім тынбай,
Ішімнен бір мақтаныш сездім ыңғай.
Еліміз ырысы мол, бақытты екен,
Мәңгіге мекендеген жерді мұндай»
Ғ.Орманов.
***
«Қазақи хас қасиеттердің алтын бесігі, ұлттың ұлы ұясы, қасиетті
өлке, құт мекен-Қарқаралы» 
С.Досанов.
***
«О, менің қасиетті Қарқаралы,
Жаныма жалын құйып сары самалың.
Жата кетсем жастық боп жар қабағың,
Аралап, тау-тасыңды шаршамадым.
Көз алдыма елестеп қай-қайдағың,
Толқытып көңіл-күйін шайқайды ағын.
Мынау жермен бір кезде жүрген шығар,
Қол ұстасып Сұлушаш, Алтайларың».
Ж.Өмірбеков.
***
«Өр кеуде, биік еңсе Арқадағы,
Ел сүйген ертегілі Қарқаралы.
Етектен өрлей өскен ну қарағай,
Көк сеңгір құз өркешті марқа туы»
Ғ.Игенсартов.
***
«Тұнған пәк сұлулықтың шартарабы,
Ақынның асқақ жыры, айтар әні.
Арқаның ақиығы секілденіп,
Алыстан шақырады Қарқаралы»
С.Ақсұңқарұлы.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
63
Мәди Бәпиұлы
ҚАРҚАРАЛЫ
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.
Басын Ұшқараның балғын едім,
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.
Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін,
Жағалай ел жайлауға қонды-ау деймін.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер,
Артыма бір қаратпай қалды-ау деймін.
Немене, көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жауар бұлттай өрлегендей
Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,
Қайрап ап қалың жауға сермегендей.
Жаппар Өмірбеков
ҚОҢЫРТӨБЕ
Тауға толып тұрған жоқ қой төңірек,
Неге сені атады екен «төбе деп,
Сенен биік тау көрмеп ем бір кезде,
Содан ба екен сенің жөнің бір бөлек.
Жалаң аяқ жартасыңа шығып ем,
Қара құстың ұяларын бұзып ем,
Тұрғандағы төңіректі түгендеп,
Шіркін менің сол дәуренім қызық ең!
Сенен биік таулар көріп білсем де,
Сен ыстықсың қай бір жерде жүрсем де.
Бауырыңда өтіп ата-бабам ғұмыры,
Балалығым қалған екен бір сенде.
Балалығым бауырыңда тай мініп,
Жүр ме екен әлі қозы-лағын қайырып?
Тау жаңғыртып дуылдасып алысып,
Өрге қарай өжеттермен жарысып,
Жүр ме әлде көк бұлақтың жанында,
П О Э
П О Э
З И Я
З И Я

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
64
Құрбысымен күрес салып, шалысып?
Біреу күліп, біреу зарлап жыласын,
Қоңыртөбе, осында сен куәсің.
Көк мұнарың көкейіме күй салып,
Алыстан да көзді тартып тұрасың!
Менде иісі бар топырағыңның, гүліңнің,
Тал бойыңа хош исіңді сіңірдім.
Жырлап жүрмін менен тарап тұрсын деп,
Өшкенің мен өткенің де бүгінгің!
ҚАРҚАРАЛЫ
Сағынып тау-тасыңды кеп жүр едім,
Жағалай жасыл орман желбіредің!
Көңілім жаңа ғана оянғандай,
Жүрегім лүпіл қаға елжіредім.
Қарай берсем, қарашығым талар ма?
Жұпарыңды жұтсам құмар қанар ма?!
Қарайлап қонақтаған асқарыңа,
Қырандай қалықтаймын аспаныңда,
Құйылып көкейіме шақырады,
Назы бар сұлулардың жас қайыңда!
Құштарыма ғашық кеудем толар ма?
Жұпарыңа жұтсам құмар қанар ма?
Түрленген атырабың, шартарабың,
Бөленген жасыл нұрға Қарқаралым,
Көз ашқан бауырыңда бөбегіңмін,
Атыңды атай жүріп марқаямын.
Қарай берсем көркіңе көз тояр ма?!
Жұпарыңа жұтсам құмар қанар ма?
Шота Уәлиханов
Шота Уәлиханов
ҚАРҚАРАЛЫ
Тоқтар-жан, құтты болсын алпыс жасың!
Өрге қарай атылсын тепкен тасың.
Қазақ атын әлемге мәлім етті,
Ыстық жүрек, қыран көз, алтын басың.
Туған жерің киелі Қарқаралы,
Мұнда туған елімнің мақтанышы.
Ата даңқын ту қылып нық ұстадың,
Байлығың көп Отанға берер әлі.
Тойың тойға ұлассын Тоқтар батыр,
Биік болсын сен тіккен алтын шатыр!
Әр ісің жас ұрпаққа үлгі болып,
Бұл елден тағы шықсын талай батыр!
Еншалла!
Халқың көзбен көреді,
Айтқаным менің келеді.
16 қыркүйек 2006 жыл.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
65
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ 
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВҚА
Қара түнді  қақ жарған самаласын
Жаңа ғасыр
Жаңаша бағаласын.
Қарқаралы басында жалғыз арша»
Қара өлеңнің төрінде дара Қасым.
Ақ сәулелер сүйгенде Ай қанатың,
Әппақ нұрға өзі де айналатын. 
«Қасым солай болмаса несі Қасым»
Ерке өзені өлеңнің қайран Ақын.
Зарын айтсам заманның зар илермін,
Ақ, қарасы аралас фәни көрдім.
«Сая таппай сарғайған сайғақ құрлы»
Қарқаралы-мекені Мәдилердің.
Сол биіктің мен білсем,
Ұлы өнері,
Жалғыз арша басында түнереді,
Аспандатып ақынын жібереді.
Қасиетті  қарт таудың қатпарлары
Қара ормандай халқымның тірегі еді.
Сая іздеме сайымнан
Сайда қалып,
Көкке шаншыл!
Қанатты байлап алып.
Абыз мекен қобызын күңірентіп;
Ақ батасын бергені Айдан анық.
Көк пен жердің арасы...
Көңіл емі,
«Елім-айлап» егілген елім еді,
Тойған тобыр ол жайлы не біледі?
...Қарқаралы басына шыққан жанға,
Шыңғыстаудың шыңдары көрінеді.
Өлең-жырдың үйірі кіл қасқадан,
Тауынан бұлт,
Жанынан мұң қашпаған,
Қасым ақын секілді құрдас маған.
..Биіктің бағасын білмейді екен
Шыңғыстаудың шыңымен сырласпаған.
Шалқығанда шабытпен шалқар ағын,
Дүниенің кезесің шартарабын.
Орал, Байқал,
Қиырды Қасым-жырмен-Құшағына сыйғызған Қарқаралым!

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
66
..Жасыдың да тірлікте
Жүдедің де,
Бомба кетті жарылмай жүрегіңде.
Өртке тиген дауылдай өлеңімен
Қарқаралы өзіңсің жыр еліңде.
Жасыл көктем,
Жасыл бақ,
Жасыл көше,
Жапырағын жайды екен асыл неше,
Ай, Күн емес қоштасты ғасыр кеше.
...Алаштағы ақынның арланы еді
Қасым демей қайтеді жасын десе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет