Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.03.2017
өлшемі8,26 Mb.
#9298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Əлімхан Ермеков зайыбы, 
баласы жəне 
гувернанткасы 1925 жыл
Қанат 
Қанат 
ӨСКЕМБАЕВ 
ӨСКЕМБАЕВ 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің доценті, 
мемлекеттік университетінің доценті, 
тарих ғылымының кандидаты
тарих ғылымының кандидаты
Арайлым 
Арайлым 
МҰСАҒАЛИЕВА
МҰСАҒАЛИЕВА
тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы 
тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінің профессоры
Еуразия ұлттық университетінің профессоры
Ə. Ермеков жəне ХХ ғ. басындағы
Ə. Ермеков жəне ХХ ғ. басындағы
ұлт зиялылары жайлы
ұлт зиялылары жайлы
деректік мəліметтер
деректік мəліметтер

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
42
асырмақ болған бағдарламаларын олар кеңестік
үлгіде жүзеге асыру жолында күрескен табанды
қоғам және мемлекет қайраткерлері болды.
Мысалы Ә. Ермековке байланысты зерттеудің
деректік негізін Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясы (Мәскеу, Куйбышев, Омбы,
Том қалаларындағы мемлекеттік облыстық
мұрағаттарынан алынған) мұрағат қорларының
құжаттары мен кітапханаларының сирек кезде-
сетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде
сақталған материалдар, ғылыми зерттеу
жұмыстарындағы мәліметтер, Ә. Ермековтің
жеке мұрағатынан алынған қолжазбалары мен
балаларының, туыстарының, жерлес–
қызметтестерінің, шәкірттерінің ол туралы
жазған естеліктері құрайды.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
мұрағатының (ҚР ОММ) мынадай қорларында:
№494 «Семей Ерлер гимназиясы», №1398 «Семей
облыстық земстволық басқармасы», №1718
«Уақытша ҮкіметтіңСемей облыстық атқару комитеті», №14 «Қырғыз (Қазақ)
өлкесінбасқаратын Уақытша революциялық комитеті», №15 «Семей
облыстықбасқармасы», №17 «Уақытша Үкіметтің Торғай облыстық комиссары»,
№5 «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і Орталық Атқару Комитеті, №30 «Қазақ КСР Сов-
наркомы», №251, №81 «Қазақ КСР халық ағарту комиссариаты», №82 «Қазақ
АКСР денсаулық комиссариаты». Бұл көрсетілген қорларда Ә.Ермековтің өскен
ортасына және қоғамдық-саяси қызметінің әр кезеңдеріне қатысты деректік
құжаттар сақталған. Атап айтқанда, бұлар қайраткердің жастық шағы,
қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауы, Алашорда үкіметі
құрамындағы сан алуан қызметі, Семейдегі облыстық земстводағы қызметі,
Кеңестік билік тұсындағы және Халық Ағарту саласындағы қызметтерін
айқындайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының (ҚРПМ) №140 БКП(б)
«Қырғыз АКСР-ң облыстық бюросы», №811 «Қазақстан партия ұйымының тари-
хынан коллекция»; «Естеліктер» деп аталатын қорларында жалпы «Алашордаға»
байланысты азамат соғысы жылдарындағы ұлт зиялыларының қызметін
көрсететін құжаттар мен естеліктер сақталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мұрағатының(ҚР ҰҚКМ)
2-том №06610, 3-том №05194, №78754 істеріндегі Ермековке қатысты
құжаттар бар. Осы құжаттарға байланысты, кезінде профессор К.Нұрпейісов
Ә.Ермековтің 1930-1932 жылдарда алғаш істі болғанда жинақталған
құжаттарды өзінің алғысөзімен қазақ тіліне аударып жариялаған болатын[1]. 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қарағанды
облысының Департаменті мұрағатындағы (ҚР ҰҚК Қарағанды облысының Де-
партаменті) №02251 И. Әлімбеков пен А. Жұмабаевқа байланысты іс бойынша Ер-
мековке қатысты мәселелер кездеседі.
Шығыс Қазақстан облысының Жаңа тарих құжаттары орталығының (алда -
ШҚО ЖТҚО. Семей қаласы) №72 «Семей губерниялық революциялық комитеті»
қорынан Ә. Ермековтің 1919-1920 жж. Семей губревкомындағы қызметін
көрсететін құжаттар табылды. Сонымен бірге, осы архивтің №37 «Семей уездік
земство басқармасы», №48 «Уақытша үкіметтің Семей облысының басқармасы»
қорларынан Ә. Ермеков және Алашорда үкіметінің басқа да қайраткерлерінің 1917-
1919 жылдардағы қызметтері жайында құнды мәліметтер беретін деректер кез-
деседі.
Ә. Ермеков туралы мол құжаттар беретін келесі бір мұрағат орталық -
Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ) болып табылады. Оның
ішінде белгілі өлкетанушы Ю.Г. Поповтың №1487 жеке қорының пайдасы өте зор.
Онда Ә.Ермековке арналған жеке істе оның жастық шағы мен саяси-қоғамдық
қызметіне байланысты мол деректер бар.
Сол сияқты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ)
мұрағатында сақталған №2767 «Ә.Ә. Ермековтің жеке ісі» атты құжаттар
жинағы, оның қамаудан шығып, 1955-1961 жылдарда осы институтта ғылыми-
оқытушылық қызмет жасаған жылдарынан мағлұматтар береді. Сонымен бірге

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
43
осы қорда Ә. Ермеков өзінің толық ақталуын және профессорлық, ең болмаса до-
центтік атағын қайтарып алайын деп алғашында институттың ғылыми
кеңесіне, ҚазКСР жоғарғы және орта, арнаулы оқу бөлімінің министрі К.Б.
Біләловке, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.А. Ташеновке, тіпті Кеңес
Үкіметінің басшысы болған Н.С. Хрущевтің атына дейін жазған шағым-арыздары
сақталған.
Келесі Ә. Ермеков туралы мәліметтер– көрші Ресей мемлекетінің Мәскеу, Том,
Куйбышев, Омбы қалаларының мұрағаттарында сақталған құжаттар жинағы.
Құжаттар Ермеков өмірін аша түсуге үлкен көмегін тигізеді. Мысалы: Ресей Фе-
дерациясы мемлекеттік мұрағатының (РФММ. Мәскеуқаласы) №1329 қорында
1920 жылы Семей губревкомының мүшесі Ә. Ермековтің Кырревком мүшесі, әрі
коллегия төрағасы болып сайланғаны, сондағы қызметікөрсетіледі. №3572 «Куй-
бышев жоспарлау институтының» қорындаӘ. Ермековтің жеке ісінде 1938 жылы
Қазақстандағы қуғын-сүргіннің басталуымен байланысты бас сауғалап осы
институтқа келіп, оқытушылыққызметпен айналасуы айтылады. Омбы
облысының мемлекеттік архивінде №86 «БатысСібір географиялық қоғамы»
қорында студент Ә. Ермековтің орысхалқының көрнекті өкілі, ғалым, Ш.
Уәлихановтың досы Г.Н. Потанингеәрі жол серік, әрі аудармашысы болып 1913
жылы туған өлкесіне саяхатпен келгені жайлы құжаттар. Том облысының мемле-
кеттік архивінде сақталған №72 қор құжаттарынан Ә. Бөкейханов пен Ә.
Ермековтің 1918 жылдың шілде және тамыз айларында Самара, Омбы
қалаларында Бүкілресейлік Құрылтай Жиналысы мүшелері комитеті
жәнеУақытша Сібір үкіметтерінің әскери мекемелерінің өкілдерімен Алашордаға
қарулы күштерді құруға жан-жақты көмек көрсету жөніндегікеліссөздерінен
мәліметтер жинақталған.
Ә.Ермековтің қайраткерлігін, қоғамдық-саяси қызметін ашыпкөрсетуде, ол өмір
сүрген кезеңдегі баспасөз мәліметтері де үлкен рол атқарады. Бұл ретте әсіресе,
ХХ ғасырда шығып тұрған «Қазақ»,«Сарыарқа», «Ұран», «Дело», «Свободная
речь», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Орталық
Қазақстан»,«Білім және еңбек»[2] сияқты басылымдардың орны бөлек.
Ә.Ермековтіңақталғаннан кейінгі уақытта Республика көлеміндегі кейбір басы-
лымдарда жарық көрген оның естелік-эсселері сақталған. Бұлар қайраткердің
дүниетанымын, қоғамдық-саяси қызметін мейілінше толық талдауға көмектеседі.
Ә.Ермековтің 1917 жылға дейінгі өмірінің кейбір сәттерін қазан төңкерісіне де-
йінгі мерзімді баспасөзде жарияланған бірлі-жарым мақалалардан табамыз.
Мәселен, бұл ретте алдымен оның қызметтес серіктері Ә.Бөкейханов
пенС.Торайғыровтың пікірлері, арнау өлеңдері. 1917 жылы «Қазақ» газеті Алаш
партиясы атынан учредительное собраниеге аталған депутаттар тізімін бер-
генде, Семей облысынан депутаттыққа үміткер Ә.Ермековпен таныстыра кет-
кен:«Әлімхан Ермеков – бұл күнде Томск технологиялық институтының
студенті.Технологиялық институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді,
Қазақ зиялыларының бір тобы. Екінші қатарда:  сол жақтан екінші М. Дулатов,
А. Байтұрсынов, Р. Мəрсеков. Шетте жеке отырған Ə.Найманбаев. 1918 ж.
Шəуешек қ.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
44
шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат – бұл
күнде Семей облосной комитетінде ағза hәм «Сарыарқа» газетінің
жазушыларының бірі»[3,415]- деп бағаласа, Ә.Бөкейханов «Жалпы сібір съезі»
мақаласында «Сібір автономиясының негізгі законын жазатын Томскіде тұратын,
комитет сайланды. Бұған біз Семей учредительное собраниеге Әлімхан Ермек ба-
ласын сайлап, қазақ атынан қойып кеттік»[4,265] - деуі оның қоғамдық-саяси
қызметке араласуының алғашқы көрінісін береді.Кезінде, Ә.Ермековтен дәріс
алған ұлы ақын С. Торайғыров та оны рухани ұстаз тұтып, өзінің терең
сүйіспеншілігін өлең жолдары арқылы білдірген [5].
Ә.Ермеков жайлы зерттеу жұмыста ұлы МағауияЕрмековтің, қызы Раушан
Ермекованың әкелері жайлы естеліктері,шәкірттері Қажи Нұрсұлтанов, Юрии
Попов, Жалау Балғабаев,Әмірхан Ермековтің балалары Дәмештің, Аяужанның,
қызметтес – сыйлас болған М.Сәрсекеев, Ж.Бектұров, Д.Шаймұханов,
Ә.Жұмасұлтанов, Ш.Қашықов, Қ.Мәкенбаев,Н.Мағзұмов және басқалардың есте-
ліктерін айналымға түсіруге болады. Мысалы, Республикамызға танымал жазушы
М.Сәрсекеевтің «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан «Қаныш Сәтбаев» [6] кіта-
бында Ә.Ермековтің 1921 жылы Шыңғыстау мен Баянауылға өзінің ерекше сый-
лайтын ұстазы геология ғылымының магистрі М.А.Усовты денсаулығының
нашарлауына байланысты қазақ даласына шақырғаны көрсетілген. Осы сапарда
ол, М.А.Усовпен болашақ академик Қ.Сәтбаевтың жақын танысуына, оның
болашақ мамандығын таңдауға дәнекер болғанын байқаймыз. М.А.Усов осы сапа-
рын тыңғылықты түрде күнделігінде жазып жүрген. «Абай» журналында жарық
көрген күнделікте көрсетілген Ә.Ермековке қатысты материалдар бар [7]. Со-
нымен бірге, Ә.Ермековтің өмір жолын және көзқарасын түсінуде оның ұлы-ака-
демик МағауияЕрмековтің жариялаған естелік мақалаларының[8] орны ерекше.
Сондай-ақ, академик Ә.Сағыновтың «О пройденном пути»[9] естелік кітабы мен
профессор Т.Әбдіразақовтың «Атақты жерлесім туралы сөз»[10] қолжазбасы
Ә.Ермеков ешқандай кінәсіз деп табылып, толық ақталғаннан кейінгі Қарағанды
қаласында оқытушылық қызметін жалғастырып жүргенде қызметтес және
жақын араласқан кездерінен қызықты естеліктер келтіреді.
Біз осы деректер арқылы Ә.Ермековтің күнгей де көлеңке беттерінен маңызды
мәліметтер ала отырып, сонымен бірге Семей қаласында орналасқан Шығыс
Қазақстан облыстық құжаттама орталығының құжаттарындағы 1917-1928 жж.
Кеңес өкіметінің орнауы, азаматтық соғыс, большевиктер тарапынан жүргізілген
саяси қуғын – сүргіндер тарихынан алаш интеллигенциясы жайлы мәліметтер
беретін құжаттарға да шолу жасасақ дейміз.
Бұл материалдарды үш бөлікке бөлуге болады: 
1) Мұрағат қорларында жинақталған құжаттар (қаулылар, үкімдер, хаттамалар,
бұйрықтар сияқты іс жүргізу материалдары); 
2) Жеке істер (қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері туралы
мағлұматтар); 
3) газеттер қоры (қос революция, азамат соғысы жылдарындағы газеттердегі
мақалалар, жарияланымдар). 
Мұрағаттың жолсілтеушісі (путеводитель) екі бөліктен тұрады: бірінші бөлігі
Уақытша буржуазиялық және контрреволюциялық (Колчак) үкіметінің, екінші –
кеңес мекемелерінің қорлары [11]. Екінші бөлікте жолсілтеуші 19 бөлімнен, ең үлкені
6-бөлімнен, оның 5 бөлімшесінен тұрады. Жолсілтеуші де барлығы 193 311 ісі бар
502 қор жинақталған. Бұдан мұрағат қорларының көлемді екенін көре аламыз. 
Басты қорларына тоқталып өтелік: 
1. 37-қор. Қорда 128 іс бар.Семей уездік земство басқармасы. 1917 жылы 18
желтоқсанда «Сібір земство мекемелері туралы Уақытша Ереженің» 45-бабы не-
гізінде құрылған. 1919 жылы желтоқсанда облыста және қалада Кеңес өкіметі
қалпына келтірілген соң жойылды.Уездегі басқару органы болып табылады.Қорда
жергілікті жерлерден келіп түскен хаттамалар, Алашорда әскерінің құрылуы,
жасақталуы, осы бағытта большевиктермен қайшылықтар, Алаш лидерлерінің
аталған жұмысты жургізудегі қызметтері көрсетілген. Ә. Бөкейханов қол қойған
хабарламалар, Алаш қалалық милиция бастығына жазылған хаттар, Алашорда
жалпы қырғыз (қазақ) Халық Кеңесінің, Уақытша Сібір үкіметінің бұйрықтары да
кездеседі. Жалпы алғанда, қор құжаттары Алашорда үкіметінің большевиктерге
қарсы күресін практикалық жүзеге асыруы бағытында жүргізген шараларын
анықтап көрсетеді. Алаш милициясының құрылуы да большевиктерге
қарсылықтың бір түрі болғандықтан көптеген құжаттар мәселені зерттеуге
тың мағлұматтар бере алады. 

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
45
2. 44-қор. Семей уездік жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңесі.
Қор құжаттары большевиктердің Алашордамен, жергілікті халықпен байланысын
ашуға көмектеседі. Семей уездік Кеңесінің мәжілістерінің хаттамалары,
қаулылары, бұйрықтар, баяндамалары азамат соғысы жылдарындағы елдегі
жағдай туралы бірсыпыра материалдар бере алады. 
3. 48-қор. Қорда 343 іс бар. Жалпыресейлік Уақытша үкіметтің Семей
облысындағы басшысы. 1917 жылы қыркүйекте құрылған, бастапқыда облыстық
комиссариат деген атаумен болды, 1918 жылдың шілдесінен – облыстық комис-
сар, 1919 жылдың қаңтарынан облыстық басқарма деп қайта атауын өзгертті.
Облыстық әкімшілік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметіне
қадағалауды жүзеге асырған. Кеңес өкіметінің орнауымен 1919 жылы желтоқсанда
жойылды. Аталған қорда жергілікті халық пен уақытша үкіметтің,
большевиктердің қарым-қатынастары, бұйрықтары, жергілікті мекемелермен
жазылған хат алмасулар, сауалнамалар (оның ішінде белгілі қоғам
қайраткерлерінінің сұрақтарға берген жауаптарын көруге болады), жергілікті жер-
лерден келген әртүрлі ақпараттар, Алашорда үкіметімен байланыс, алаш интел-
лигенциясына қатысты құжаттар, әртүрлі телеграммалар бар. Ж. Ақпаевтың
түрмеден босатылуы туралы құжат кездеседі. 
Аталған қор материалдары бізге 1917-1919 жылдар аралығындағы орнаған билік
орындарын қарым-қатынасын ашып беруге көмектеседі.
4. 72 – қор. Қорда 380 іс бар. Семей губерниялық революциялық комитеті. 1919
жылы 18 желтоқсанда Сібір революциялық комитетінің №1 бұйрығымен құрылды.
Жергілікті Кеңестерге сайлау жүргізу және даярлау кезеңінде губернияда тәртіп
орнату үшін құрылған, азаматтық және әскери өкіметінің уақытша төтенше ор-
ганы болып табылады. Революциялық комитеттердің қызметін басқарды,
шаруашылық өмірдің мәселелерін шешті, губерниядағы контрреволюциялық бас
көтерулерімен күрес жүргізді. 1920 жылы 3 тамызда өкіметті қайтадан сайланған
Семей губерниялық Кеңесінің атқару комитетіне берді.
Бұл мекеменің алдыңғылардан айырмашылығы, Кеңес өкіметінің орнауы бары-
сында құрылғанында. Қорда Алаш интеллигенциясының Кеңес өкіметі жағына
шығуы барысындағы құжаттар, оның ішінде Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, М.
Әуезов, М. Тұрғанбаев туралы мәліметтер кездеседі. Көптеген деректер қазақ
интеллигенциясын Кеңес ісіне тарту мәселесіне және оларға деген қудалауды
тоқтату мәселесіне арналған. Осылай айтылса да, қорда сақталған Семей
губерниялық революциялық комитетінің қызметкерінің жеке парақтарындағы,
кеңестік мекеме қызметкерлеріне арналған сауалнамалар сұрақтарына назар
аударсақ, кеңес өкіметі қазақ интеллигенциясына күмәнмен қарағанын көре ала-
мыз. Мәселен, «1914 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін қандай қызмет
атқардыңыз немесе жұмыс істедіңіз?», «1917 жылдың ақпан айынан бастап 1917
жыл аяғына дейін қайда жұмыс істедіңіз?»; «Қазан төңкерісінен кейін қайда жұмыс
істедіңіз?»: а) «1918 жылдың мамыр айына дейін қайда жұмыс істедіңіз? 1918
жылдың мамыр айынан, тамыз айына дейін қайда жұмыс істедіңіз?; Қай партияда
болдыңыз және осы уақытта қандай партиядасыз?; Кеңес өкіметіне
қатынасыңыз?; Кеңес өкіметінің қандай саясатына келіспейсіз?; Ақ әскерде
болдыңыз ба?; Қандай саяси көзқарасыңыз үшін саяси қудалауға ұшырадыңыз?»
деген сұрақтар қойылған. Сұрақтардың мәтінен көріп отырғанымыздай,
кеңестіктер әрбір азамат туралы ақпаратты жинап отырған. Мұның барлығын
кеңестіктер кейін «үлкен террор» кезінде құжат ретінде пайдаланғанына шүбә
келтірмейміз. Сонымен қатар, қорда бұйрықтар, хабарламалар, есептер, өңір ту-
ралы мәліметтер, Алаш революциялық комитетінің мәжілістерінің хаттамалары
бар.
Семей губерниялық революциялық комитеті аймақтағы алғашқы жүйені орна-
тушы мекемелердің бірі ретінде Орталықтан көптеген нұсқаулар алып отырған.
Оның ішінде, Бүкілресейлік төтенше комитет сияқты кеңестік саяси репрессия-
ларды асыруды бастаған мекемелер бар. Басшылықпен арадағы хат жазысулар
мен хабарламалар да Кеңес өкіметіне ерекше қарсылық көрсеткен Семей өңірінің
халқының көңіл-күйі, большевиктерге қарым-қатынасы, контрреволюциялық
күштермен күрес, оларды жою туралы көптеген ақпараттар кездеседі. Бұл
ақпараттар негізінде Семей облысында большевиктер жүргізген саяси қудалау
туралы көптеген мәліметтер ала аламыз.
Аталған қор материалдары көптеген ғылыми жұмыстарда, диссертациялық
еңбектер кеңінен пайдаланылуда. 
5. 73 – қор. Қорда 1399 іс бар.Семей губерниялық жұмысшы, шаруа және

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
46
қызыләскер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті. 1920 жылы қарашада
жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңесінің губерниялық съезінде
құрылды. Өз қызметін 1928 жылғы 3 қыркүйектегі БОАК қаулысымен губернияны
жоюға байланысты тоқтатты. Кеңестердің губерниялық съезінің атқару органы
болып табылды, съездер арасындағы кезеңде губерния территориясында кеңес
өкіметінің жоғары органы міндетін атқарды. Кеңес үкіметі декреттері мен
қаулыларын жүзеге асырды, губернияның экономикалық және мәдени дамуы мен
әкімшілік басқарудың барлық мәселелерін шешті. 
Алдыңғы қор материалдарымен салыстырғанда, аталған мекеме құжаттары
кеңестік биліктің орнығуын толық ашып береді. Мәліметтер мазмұны
төмендегідей болып келеді: жедел телеграммалар, рапорттар, «кулактар» ті-
зімдері (ауыл-ауыл бойынша), діни орындар туралы мағлұматтар, кеңестер билі-
гінде қарсылықтарды басу құжаттар, губерниялық революциялық трибуналдық
жазалау шаралары, аталған мекемеге хабарламалар, жеткізулер, қырғыз (қазақ)
өлкесін басқару бойынша әскери-революциялық комитеттің бұйрықтары, Семей
губерния- лық революциялық комитетінің басқару бөлімінің есептері, жоғары
тұрған органдармен хат алмасулары, Семей губерниялық төтенше
комиссиясының Кеңес мекемелері қызметкерлері үшін сауалнамалары,
қылмыстық бандылармен күрес бойынша Семей төтенше үштігінің қызметі
жайлы құжаттары. 
Қорда Кеңес өкіметінің толық орнығуы барысында жүргізген репрессивті шара-
лары кеңінен ашылады. Алдыңғы қорларда құжаттарында қазақ интеллигенциясы
мен жергілікті халық тарапынан қарсылықтар туралы мәліметтер кездессе, бұл
қорда толық орнығып алған басшылықтың құрылымдық бөлімшелерінің саяси би-
лікті орнықтыру мақсатындағы қызметтері ашылады. Бұл белгілі бір дәрежеде
кеңестік саяси қудалаудың жоғарыдан жүргізілуін ашып береді. 
Аталған қор материалдары Кеңес өкіметінің орнығуы барысындағы саяси,
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өмірді ашып беретін көп мәліметтер
жинақтаған, тың деректерге толы деп қорыта аламыз.
6. 133 – қор. Алаш қалалық қоғамдық басқармасы. 1917 жылы Алаш қаласының
жеке әкімшілік бірлікке бөлінгені тұсында құрылған. Қала басшылығы органы
болып табылды. 1918 жылы Семей қаласында кеңес өкіметінің орнауына байла-
нысты жойылды. Қор көлемі азғантай (бір тізімдеме, 6 іс қана бар). Дегенмен,
қорда Кеңес өкіметінің облыста билік орнатуына байланысты құнды деректерді
табуға болады.Сонымен қатар, 134-қор – Алаш жұмысшы, шаруа және қырғыз
(қазақ) депутаттары кеңесі қорынан да кеңестік жазалау шаралары туралы де-
ректерді табуға болады. 
Аталған қор материалдары осылайша, кеңестік биліктің орнауы кезеңіндегі
көптеген мәліметтерді ашуға мүмкіндік береді. 
Шығыс Қазақстан облыстық құжаттама орталығының материалдары әртүрлі
құжаттық басылымдар болып шығып жатқанын да айтып өту керек. Орталық
құжаттарының жарық көруі екі түрде жүзеге асуда:
1) Орталықтың қызметкерлерінің Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
педагогикалық институтымен бірігіп құжаттар жинақтарын шығаруы; 
2) Орталықта жұмыс істеген диссертант-зерттеушілердің өзіндік жариялаулары. 
Орталықта шыққан құжаттар жинақтары арасынан саяси репрессиялар
мәліметтері жарияланғандар: 
1. Неизвестные старницы истории Семипалатинского Прииртышья (20-30гг. ХХ
века). Семипалатинск 2002. Еңбекте Семей өңіріндегі ОГПУ жүргізген шаралары
туралы, 1921 жылғы аштық, 1928 жылғы тәркілеу саясаты, шекарадан өтіп кет-
кен жергілікті тұрғындар туралы мәліметтер берілген. Аталған мәселелердің
барлығы аймақтағы Кеңес өкіметінің жазалау шараларының бір бөлігі еді. Бұл ту-
ралы алғысөзде тарихшы Е.Сыдықов былай көрсетеді: «Байлардың мүліктерін
тәркілеу фактісінің өзі жазалау шараларын пайдалануды болжамдайды, сондықтан
көп құжаттар «құпия», «өте құпия» деген белгімен берілген». Ал кітаптың
соңында берілген, бірақ жинаққа кіргізілмеген құжаттар тізімі Орталықта
большевиктердің өңірде жүргізген реформаларын әшкерелейтін көптеген тың де-
ректер бар екенін айқындайды. 
2. Из истории величайшей трагедии казахского народа. 1932-1933гг. Семипала-
тинск, 2005. Еңбекте Қазақстанға бағытталған кеңестік саяси репрессиялардың
нәтижесінде жүзеге асқан үлкен трагедия-аштық кезеңі туралы сөз болады.
Көптеген құжаттар аталған кезеңдегі мемлекеттің жазалау шараларын,
халыққа қарсы жаппай репрессияны ашып береді. Тарихшы Х. Әбжанов өз пікірінде

мәселені төмендегідей ашып көрсетеді: «құжаттық жинақ тек қана куәландырып
қоймайды, сонымен қатар еш кінәсіз адамдарды аштықпен, репрессиямен, өндіріс
құралдарын тартып алумен, өкімет пен еңбектен қуумен жойған тоталитарлық
жүйені кінәлайды» [12].
3. Мұхтар Әуезов - Семейде (құжаттар сөйлейді). М.О. Әуезовтың 110
жылдығына – арналады. Семей 2007. Аударған: Қазіргі заман тарихы құжаттама
орталығының археографы Л.К.Қадырова. Жинақ әлі басылып шықпаған, бірақ
мұрағаттағы Алаш қозғалысына арналған кейбір көрмеде фрагменттерімен
танысуға мүмкіндік алдық. Орыс тілінде жарық көрген басылымның аударылуы
үлкен жұмыстың бастамасы деп білуге болады.
Басылымда М.Әуезовтың Семей қаласындағы қызметі анықталған, оның ішінде
кеңестік мекеме қызметкерлеріне арналған сауалнамалардағы (кейбір сұрақтары
жоғарыда көрсетілді) сұрақтар қайраткерге большевиктердің сенімсіздік білдір-
генін көрсетеді.
Жалпы алғанда, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық құжаттама
орталығында шыққан құжаттардан кеңестік биліктің жазалау шаралары туралы
көп мәліметтер алуға болады. Материалдар тек қана Орталық деректері емес,
сонымен қатар мұрағат қызметкерлері Ресеймен Қазақстанның орталық және
жергілікті мұрағаттарынан [13] көптеген құжаттар жинастырған. Бұл зерттеу-
шілерге ғылыми жұмысты жазуда үлкен көмек болып табылады. 
2) Орталықта жұмыс істеген зерттеушілердің өзіндік жарияланымдары.
1.Россия и Центральная Азия . 1905-1925 гг. Сборник документов. Сост. проф.
Д.А.Аманжолова. Караганда: Издат. КарГУ, 2005.- 494 с. Еңбектің авторы Алаш
қозғалысы тарихын, алаштықтар мен большивиктердің қарама-қайшылығына
арнап алғашқы еңбектер жариялаған ғалымдардың бірі [14]. Алаш қозғалысының
ең күшейген кезеңі 1917-1920 жылдардағы Кеңес өкіметіне қарсылық кезеңі ту-
ралы материалдарды тарихшы Ресейдің көптеген орталық және жергілікті
мұрағаттарында жарияланғаны белгілі. Сонымен қатар, автор алаш қозғалысы
мен большевиктер мемлекеттерінің орнығуы барысындағы қарсылықтарын,
уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиылысы мүшелері комитетімен, Колчакпен бі-
рігіп большевиктерге қарсы жүргізген азаматтық соғыс жылдарындағы
жағдайды, Алаш интеллигенциясы өкілдерінің Кеңестер билігі жағына өтуі про-
цестерін ашуда Орталықтың көптеген қорларының құжаттарын пайдаланған.
Жалпы, аталған еңбек – Кеңес өкіметінің орнауы барысында саяси
қайшылықтарды кең ашып беретін маңызды дерек көзі. Құжаттар жинағы Ресей
мен Қазақстан тарихшыларының тарапынан жоғары бағалануда [15]. 
2. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: «Алаш» бас-
пасы, 2005. Еңбек Қазақстан Республика мәдениет ақпарат және спорт ми-
нистрлігі, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Қазақстан
Республикасы Президентінің мұрағатының бастамасымен шыққан. Кітапта 1917
жылғы желтоқсан–1920 жылғы мамыр аралығындағы алаштықтар мен больше-
виктер қарым-қатынасы туралы көптеген деректер жарияланған. Оның ішінде,
Шығыс Қазақстан облыстық құжаттама орталығының 37,44,48,72,133
қорларының құжаттары кеңінен пайдаланылған. Құжаттар жинағында жалпы
саны – 16 дерек бар. Сонымен қатар, Орталықтағы мерзімді басылымдар мате-
риалдары да пайдаланылғаны байқалады. Еңбекте Қазақстандағы Кеңес
өкіметінің орнауы барысындағы оқиғаларды ашып беретін көптеген құнды
құжаттарды көре аламыз. 
Дегенменен де, Алаш қозғалысына байланысты Орталықтан әлі де көп
құжаттарды қосуға болушы еді деп ойлаймыз. 
Орталықтағы құжаттардың тағы бір түрі – жеке адамдар істері. Оның ішінде,
белгілі қазақ интеллигенттері, көрнекті қоғам қайраткерлері Жақып Ақпаев,
Әлімхан Ермеков, Мұхтар Әуезов, Ғазымбек Бірімжанов, Райымжан Мәрсенов,
Нығмет Нұрмақов, Ғабдулхакім Бөкейхановтар туралы мәліметтер бар. Жеке іс-
терден қазақ интеллигенциясы туралы тың мағлұматтар алуға болады. 
Сонымен қатар, Орталықтың газет-журналдар қорының да көлемді екенін
айтып өткеніміз жөн. Орталықта 1917-1928 жылдар аралығында шығып тұрған,
қоғамдық өмірді, саяси жағдайды кеңінен ашатын түпнұсқалық газеттер бар.
Мәселен, «Воля народа», «Свободная речь», «Абай», «Сарыарқа» және т.б.
Көптеген нөмірлердегі мақалалар еліміздің басқа кітапханалары мен
мұрағаттарында кездеспейтін, тың деректер.
Мерзімді басылым–қоғамдық өмірдің айнасы.Сондықтан да, баспасөздерде алаш
қайраткерлерінің және мекемекелердің жағдайы, қаулылары хабарламалары жа-
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
47

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
48
рияланып тұрды. Бұл мәселе Орталықтың деректік қорының құндылығын
күшейте түседі. 
Орталық құжаттары көптеген диссертанттардың зерттеу объектісіне ай-
налды. Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты деректерді көптеп
қарастырған еңбектер де бар[16].Сонымен бірге, қор құжаттарындағы Алашорда
үкіметінің деректеріне сараптамалар да жасалып жүр[17].
Қорыта келгенде айтарымыз, еліміздің жергілікті мұрағаттары ішінде Шығыс
Қазақстан облыстық құжаттамалар орталығының өзіндік орны бар, бай
құжаттары бар мекеме. Қазақстанның қазіргі заман тарихының көлеңкелі
тұстарын ашу үшін аталған мұрағат материалдары әлі де зерттелуі тиіс және
арнаулы билік орындарының тікелей араласуымен құжаттар жинақтары үнемі бас-
падан шығып тұруы керек деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет