Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Драматургия
.  Қазақ  драматургиясы  да  коммунистік 
бағытынан  айныған  жоқ.  Белгілі  идеологиялық  қалыптар 
сол  күйінде  жалғасып  жатты.  Шахмет  Құсайыновтың 
«Ертіс 
жағасында», 
«Кеше 
мен 
бүгін», 
«Рабиға», 
І.Есенберлиннің 
«Таудағы 
тартыс» 
пьесасы, 
Ə.Тəжібаевтың  «Майра»  пьесасы  жазылды.  Алайда, 
жалпылай 
алғанда, 
демократиялық 
элементтер 
драматургияда  көріне  бастағанымен,  оның  негізгі  тізгіні 
партия комитеттерінің  қолында болды. Пьесаны жариялау, 
оны 
театрда 
қою 
саясаттың 
қолында 
еді.Бұл 
драматургтердің  қолын  байлады.  Осы  себептен  де  драма 
саласының еркін дамуына мүмкіндік болмады. 
ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдарындағы  қазақ  əдебиеті 
өзгеше  қарқынмен дамыды. Кеңестік  жүйедегі  əдебиеттің 
дамуын айқындағанда оның көркемдік, ұлттық сипаттарын 
ашудан 
гөрі, 
көбінесе 
тақырып 
өзектілігіне, 
шығармалардың 
идеологиялық 
бағыт-бағдарына 
мəн 
берілді.Ұлттық əдебиетіміз бен  мəдениетіміз М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердиев, 
Ж.Аймауытов  сынды  ақын-жазушылардың  суреткерлік 
шеберлік  мектебінен,  дəстүрінен  қол  үзіп  қалғандықтан, 
көркем туындылар саяси-идеологиялық арнаға бағытталған 
тақырыптық  сапасымен  өлшенді.  Бүкіл  əдеби  процесс, 
жекелеген  шығармалар  осы  өлшеммен  бағаланды.Қазақ 

  10 
 
 
тарихының  трагедиялы  тұстары  көркем  əдебиетте  өзінің  
объективті  көрінісін таба  алмады.  Социалистік  реализмнің 
принциптерімен  жазылған  туындыларда  қазақ  тарихының 
қаралы 
беттері, 
халық 
басынан 
кешкен 
азаптың 
зардаптары,  күштеу,  ашаршылық,  саяси  науқан,  геноцид 
зұлматтары  тасада  қалды.  Сөйтіп  ұлтымыздың  көркем 
тарихына қиянат жасалды. 
Өмір,  қоғам,  тарих  шындығын  суреттеу  көпшілік 
жағдайда 
саясаттың 
шылауында 
болды. 
Өмір 
шындығының  күнгей  мен  теріскейі  қатар  суреттелмей, 
оның  орнына  «жетістіктерді  жылтырата  суреттеген» 
сыңаржақтылық басым болды. 
Бүгінгі  əдебиет  адамға  бет  бұрған  қоғам  мен  адам 
санасының  өзгеруіне  орай  жаңаша  бағытта  даму  үстінде. 
Көркем  сөз  шеберлері  тақырып  қазығына  байланбай, 
мүмкіндігінше  қоғам,  өмір,  адам,  уақыт  шындығын  бар 
болмысымен  танытуда.  Əсіресе  көркем  əдебиетке  деген 
талап  деңгейі  жоғары.  Тоталитарлық  жүйеде  аяқ  асты 
етілген  адам  факторы  бүгінгі  қоғамда  басты  рухани 
құндылыққа  айналды.  Қаламгерлердің  жалпыадамзаттық  
мəселелерге  ұлттық  тұлғалар,  ұлттық  характер,  сана, 
психология  арқылы,  тарихи  кезеңдердің  шындығына  жеке 
тұлға  проблемасы  арқылы  үңілуі  –  бүгінгі  көркемдік 
танымның басты мұраты. Əдебиетке сөз өнері ретінде баға 
берілуде. 
Осы 
ретте 
əдебиеттегі 
психологизмге, 
адам 
концепциясының  көркемдік  шешіміне,  яғни  адамның 
рухани  болмысы  арқылы  уақыт,  заман,  қоғам  табиғатын 
көркем  тануға  ерекше  мəн  берілуде.  Шығарманың  
көркемдік  сипаты  суреткердің  адамды  рухани  құндылық 
ретінде тануымен өлшенеді. 
Бұл  кезеңде  тарихи  проза  дамыды.  Суреткерлердің 
тарихтың  əр  кезеңіне  арнап  жазған  шығармаларының 
ұлтымыздың  тарихи  санасының  дамуында  өзіндік  үлесі 
 199 
 
 
Қазақтың  талантты  тарлан  ақындарының  қатарында 
тұрған    М.Мақатаевтың  қазақтың  поэзия  əлеміне  қосқан 
үлесі  сүбелі.  Оның  «Аққулар  ұйықтағанда»,  «Жырлайды  
жүрек»,  «Қош,    махаббат»,  «Өмір  -өзен»,  «Өмірдастан», 
«Соғады  жүрек»,  «Шолпан»  атты  өлең  жинақтары  –  қазақ 
əдебиетінің табысы. 
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып 
Тастағысы  келеді  күресінге    -  дей  келе,  лирик 
Мұқағалидың «Жаралмаған жан едім күресуге» деуі - өзін-
өзі қапысыз тануы. Бұл ақынның əлсіздігі мен жігерсіздігін 
емес,  жан  дүниесінің  нəзіктігін,  сезімталдығын  аңғартса 
керек. 
Сондықтан  да  ол  өзінің  жан  сырын  қазақтың  қара 
өлеңінің құдіретімен жеткізді. 
Қазақтың қара өлеңі құдіретім, 
Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген  –  деп  сырлы 
лирикаға  қызмет  етті.  М.Мақатаев  поэзиясының  арқауы  - 
əн. 
Осы бір боздау үнді естігенде, 
Əн болып көкейіме есті жел де. 
Ойыма ойран салып, осы бір үн, 
Бауырымды ұстарамен кескілеуде. 
Апыр-ай, қайдан шықты, қайдан келді? 
                     - 

 -  
О, муза, 
Тағдырыма иембісің? 
Күрсініп, көкірегім, күйеді ішім. 
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ, 
Сен  мені  жаралғансың  сүйеу  үшін  –  деген  жолдар 
ақын  болмысын,  кредосын  танытады.  Мұқағали  жырлары 
пафосты  келеді.  Тілдік  ерекшелікке  талдай  келгенде, 
халықтың ауызекі сөйлеу тіліне бас игізеді. 
Ақынның: 
Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 

 198 
 
 
сумаңдаған  сол  жылдарға  лағнет  айта  тұрып,  сол  жылдың 
жақсылығын, 
өмірінде 
қалдырған 
жылы 
беттерін 
құдіреттей  қастерлейді.  Өйткені,  ол  тек  өткен  қиындық 
қана емес, тағдыр. Ал тағдырды кім оп-оңай белден сызып 
тастай алсын. 
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар, 
Бəрімізден бір-бір батыр жасапты. 
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, 
Сондағы  мен  ерлігіме  мақтанам,  -  дейді  лирикалық 
қаһарман. Шынайы, нанымды. 
«Қайран  жеңгем!»,  «Құрдастарға»,  «Жаралылар», 
«Қырқыншы жылдардағы бесік жыры», «Қайран жандар!», 
«Майданның  бəйгесінде»  сияқты  өлеңдері  аталмыш 
тақырып  ауқымындағы  өзіндік  өрнек,  пайымдауларымен 
дараланған.  Егер  осы  өлеңдерді  өмірбаяндық  ретімен 
жіктер  болсақ,  сұрапылдың  бір  ұрпақ  жан  дүниесіндегі 
қайғылы да шырғалаң ізін бедерлі көрсететін тынысты бір 
үлкен полотно шығар еді. 
Отан,  махаббат  жайлы  жырларынан  да  ақынның 
тазалығын, азаматтық арлы үнін естиміз. 
Сері күннен жалығып кəрі күннен, 
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен. 
Біреу сонда жанымнан шықпай тұрып, 
Жаны бірге менімен серігім бе ең?! 
Қысылтаяң сəттерде саған келдім, 
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім. 
Адам ба едің! 
Мұңым менен сырыма ортақ болған, 
Аяулы  панам  ба  едің!  -деген  шумақтардағы  тұнық 
сезім  шапағы  ше?  Енді  бір  өлеңдер  желісінде  ақынның 
шаттық  шалқуы,  өмір  шіркінді  қия  алмай,  Қысылып 
шыққан  жан  дауысы,  достарға  деген  назы,  адамға  деген 
аманаты  алып  өзеннің  арынды  ағыстарындай  арпалысып 
жатыр. 
  11 
 
 
болды. Бұрын бұрмаланған тарих негізінде танылып келген 
тарихи  тұлғаларға    жаңаша  ұлттық  пайыммен  үңілуге 
мүмкіншілік 
туды. 
Ə.Кекілбаевтың, 
М.Мағауиннің, 
Ш.Мұртазаның,  С.Жүнісовтің,  Ə.Əлімжановтың  тарихи 
романдары жарық көрді. 
Адамның  ішкі  жан  диалектикасын,  жан  арпалысын, 
қайшылығын, 
сезім 
иірімдерін, 
драматизмін, 
ішкі 
тартысын  айшықтаған  əңгіме-повестер  дүниеге  келді. 
О.Бөкей, 
Ə.Кекілбаев, 
Д.Исабеков, 
М.Мағауин 
шығармаларында  адамның  ішкі  драматизміне  құрылған 
өмір  шындығы,  адам  рухының  жанышталуы,  рухсыздану 
проблемалары  көтерілді.  Қоғамның,  адамның  əділетсіз 
қыспағына  түскен  адамдар  тағдырына  үңілуде  сəтті 
көркемдік  ізденістер  байқалды.  Адамның  жан  тазалығын, 
сұлулығын,  сезім  мөлдірлігін  суреттеген  лирикалық  проза 
бой 
көтерді. 
С.Мұратбеков, 
Т.Нұрмағамбетов 
шығармаларындағы лиризм ұлттық болмыстан өрбиді. 
Қазақ
  лирикасы  адамды  тану,  оның  ой-сезімін, 
рухани  тіршілігін  бейнелеуде  көркемдік  ізденістерге  қол 
жеткізді.  Туған  жер,  табиғат  пен  адам,  махаббат    мəселесі 
лирикалық шығармалардың арқауына айналды. Лириканың 
ішкі  жанрлары  (махаббат,  көңіл-күй,  табиғат  т.б)  дамып, 
тұтас  күйінде  адамның  көңіл-күйін,  сезімінің  алуан 
түрлілігін  ашты.  Адам  мен  табиғаттың  тұтастығын, 
адамдық 
құштарлық, 
сүю 
сезімдерінің 
шындығын 
жырлады.  Саяси  науқаншылдықтың  ауруынан  арылды. 
Лирика адам толғанысына аяқ тіреді. Сезім мен ой, сөз бен 
ой  қатар  өріліп,  поэзияның  философиялық  мəн-мағынасы 
тереңдеді.  Ф.Оңғарсынова,  М.Шаханов,  Т.Айбергенов, 
Қ.Мырзалиев  т.б.  ақындардың  шығармаларында  адамның 
болмысы, жан иірімдері жырланды. 
Драматургия
 
да 
көркемдік 
даму 
жағынан 
айтарлықтай  жетістіктерге  ие.    Өмір  шындығын  терең 
тартыс  арқылы  бейнелеуде,  сол  арқылы  адам    бойындағы 

  12 
 
 
сыр мен мінезді ашуда табыстарға жетті. Қ.Мұхаметжанов 
пен  Ш.Айтматовтың  «Көктөбедегі  кездесу»  пьесасы, 
Т.Ахтановтың  «Боран»,  «Ант»,  С.Жүнісовтің  «Өліара», 
«Ажар  мен  ажал»,  Ш.Мұртазаның  «Бесеудің  хаты», 
Ə.Таразидің  «Індет»  пьесалары  шынайы  тартысқа  құрылу 
арқылы, характерлер психологиялық жағынан шыңдалған. 
1960-жылдар    тарих,  қоғам,  адам  шындығын  ашуда 
жаңа
  поэтикалық  түрлер  мен  бейнелеу  құралдарын 
əкелді
.Жазушылар  гуманизмді    көркем  характер 
жасаудың
 
негізгі
 
өлшеміне
 
айналдырды

Сыңаржақты
  авторлық  баяндаудан  бас  тартып, 
кейіпкердің
 
«өзін-өзі 
тануына
», 
«өзін-өзі 
əшкерелеуіне
», өзінің рухани болмысына бойлап,  ақ-
қарасын
  ажыратуына  жол  ашты.  Осыған  орай  
көркем
  характерге    рухани-эстетикалық  категория 
ретінде
  ерекше  мəн  беріліп,  ұлттық  характер 
концепциясын
 
қалыптастыруға
 
басты
 
назар
 
аударылды
.      
60-жылдардағы 
роман 
жанрындағы 
көркемдік 
ізденістер 
қазақ 
əдебиеті 
дамуының 
негізгі 
тенденцияларын  айқындайды.  Бұл  ретте    М.Əуезовтің  
«Өскен  өркен»  (1962),  Т.Ахтановтың  «Боран»  (1963),  
Т
.Əлімқұловтың    «Ақ    боз    ат»    (1962)    романдарынан  
өзгеше  ізденіс,  өзгеше  көркемдік  сипат  танылады.   
 Т. 
Ахтановтың 
«Қаһарлы 
күндер», 
«Боран»  
романдары  бар.  Повестері:  «Махаббат  мұңы»,  «Дала 
сыры».  «Сəуле»,  «Боран»,  «Ант»,  «Махаббат  мұңы» 
драмалары жазылды. 
Алғашқы    шығармашылығын  өлең  жазудан  бастаған 
Т.Ахтанов кейіннен əдебисын жанрында да қалам тербейді. 
1942  жылы  майданға  өзі  сұранып  аттанады.  1948  жылы 
майданнан  елге  оралып,  «Күй  аңызы»  атты  тырнақалды 
əңгімесімен  елге  танылған.  Осыдан  соң  1956  жылы 
«Қаһарлы  күндер»  романның,  бұдан  сəл  кейінірек  «Дала 
 197 
 
 
Мұқағалиды  көреміз.  Отан  ол  үшін  аса  қасиетті  ұғым. 
Бүкіл  өміріне,  күнделікті  тірлігіне  тұрақ  болған  алтын 
тұғыр. 
Қас 
тұлпардың 
қасиеті 
бəйге, 
көкпарда 
көрінетіндей, ақынның өзіндік үні, өзіндік мəнері, мінезі де 
осындайда  жарқырап,  даралана  түседі.  1975  жылы 
«Шуағым менің» жинағында: 
Кешір, мені! 
Мəңгілік майдандамын. 
Түсін, мені! 
Отаныма бер мені бас бүтін, 
Нашар əйел тапқан ұл дегізбеймін! - 
(«Арнау») 
деп  жазса,  «Өмір-өзен»  жинағында  ақынның  Отанға, 
туған  ел,  өскен  жерге  деген  ыстық  махаббаты  құс 
жолындай  жарқырып  көрінген.  Осы  жинағындағы,  кейін 
таңдамалы  кітабына  қосылған  елге,  жерге  махаббатын 
толғаған  туындылары  ақынның  ерекше  бір  азаматтық 
пафосын алға тартады. 
Кешіргін, Отан, кей-кейде, 
Басып бір кетсем гөй-гөйге. 
Тілі шықпаса сəбиің, 
Тұтығып, сірə, сөйлей ме, 
Тосылып кейде мен біраз, 
Басылып 
қалам 
кей-кейде, 
-дегенде, 
Мұқағали 
Мақатаев  тек  лирикалық  қаһарман  мұратын  ғана  сездіріп 
тұрған жоқ, батыл да астарлы ой толғаған. 
Ұлы  Отан  соғысы,  одан  кейінгі  кезең  əдебиетімізге 
үлкен  бір  белес  болып  енді.  Мұқағали  бұл  тақырыпты  да 
өзінше көріп, өзінше зерлеп үлгерді. Бұлар оның жеке сөзі 
ғана 
емес, 
бүкіл 
замандастарының, 
тұстастарының 
тебіренісіндей  қабылданды.  «Сенбеймін  əкең  өлді  дегенге 
мен, Себебі ол үйімізден тірі аттанған» дейді ол «1941 жыл. 
Ақпан»  туындысында.  Осы  тақырыпта  ақынның  ғаламат 
жаңалығы  бар.  Ол  сол  бір  қатыгездіктің  мұз  тілі 

 196 
 
 
тіршілік  атаулыға  қатысын  ақын  ақтара  жеткізеді.  Бүкіл 
оқырмандарға таныс «Майгүлге»
 
өлеңінен кейін: 
Бұлданба, жүрек, бұлданба! 
Жиылып досың түрғанда, 
Жиырып сені жентектер, 
Жымысқы қайғы-мұң бар ма? 
Бұлданба, жүрек, бұлданба! 
Қызығы тайып, қызы өлген 
Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда, - 
(Өмір-дастан») 
деп  басталатын  өлеңін  жариялапты.  Жүрекке  қарата 
айтылған қайрау сөз, өзне деген тоқтам. Өзіне деген медет. 
Жүрек  туралы  жырларынан  мысалдарды  көптеп  келтіруге 
болады.  Соның  бəрінде  де  ақын  сезімтал  да  нəзік,  кейде 
ұяң, кейде ұятты, кейде мейірімді, кейде қатыгез жүрегімен 
сырласа, мүңдаса, ренжісе отырып, оқырманын талай-талай 
ордалы  ойдың  ауылына  қондырады.  Сөйтіп,  жалпы  адам 
дүниесіне  тəн  жандүние  қалтарыстарының  қасиетті 
құпияларын  шешеді.  Ең  бір  қастерлі  сезімдер  туралы 
ойландырады, толғандырады, сыр ақтарады. 
М.Мақатаевтың  ақын  ретіндегі,  азамат  ретіндегі 
бөлекше  мінез  жаратылысына  тəн  қасиеті  -  ештеңеден 
бейтарап  қала  алмайтыны.  Көзімен  көріп,  көңілімен 
бағамдаған жайды басқаға да, өзіне де, оңаша да, көпшілік 
ортасында  да  бүкпесіз,  жалтақсыз  қолма-қол  айтады. 
Өзгенің айыбын да, өзінің айыбын да жасырмай, бетке баса 
біледі. 
Бұл  арада  «Айтып  өткен  ақында  арман  бар  ма, 
жүрегінің басына кір жасырмай!» - дегенді автордың өзіне 
бағыштаған  дұрыс!  Сондықтан  да  ақын  қысылмай-
қымтырылмай,  еркін,  кібіртіксіз  сөйлейді.  Тосылып, 
тасырқамайды. 
Отан,  ана  туралы  ақындар  көп  жазса  да,  өзгеге 
ұқсатпай,  өзінше  жырлаған  санаулы  ақынның  төрінен  де 
  13 
 
 
сыры»  повесін  жазады.  1962  жылы  бұл  повесін  қайтадан 
өңдеп  «Боран»  романына  айналдырған.  Авторға  осы 
романы  үшін  1966  жылы  Қазақ  ССР-ның  Абай  атындағы 
Мемлекеттік  сыйлығы  берілген.  1980  жылы  «Шырағың 
сөнбесін»  романы  дүниеге  келді.  Кейін  драматургия 
саласында  да  жемісті  еңбек  етіп,  «Сəуле»,  «Ант»  т.б. 
драмаларын  жазған.  Соңғы  жылдары  А.Толстойдың, 
М.Горкийдің 
шығармаларын 
қазақ 
тіліне 
аударып, 
таныстыруымен де өнімді еңбек етіп келеді. 
«Боран» романында еңбек адамы – шопан Қоспанның 
бейнесі психологиялық талдау арқылы астарласа 
ашылады. Қоспанның ішкі дүниесіндегі алай - түлей 
сезім мен табиғат құбылысы параллельді түрде 
суреттеле келе, тұтастықта танылады. Романның өне 
бойында адамдар өмірі мен осы құбылыс қатар өріліп 
отырады. Жетімдіктің тауқыметін тартқан жас қыз 
Жаңылдың трагедияға толы өмірі оның еске түсіруі 
арқылы көрінеді. Өң мен түстің арасында өз ойымен өзі 
арпалысқа түскен Жаңылдың күйін бейнелеуде автор 
«айқайлаған еміс-еміс дауыс», «түнде шырылдаған 
бозторғайдың ащы үні» сияқты көркем детальдарды 
пайдаланады. Оның бойын билеген суық қорқыныш 
аласапыран боранда отар қойымен адасқан Қоспанның 
(Жаңылдың күйеуі) жай-күйін сездіргендей. Осы 
қорқыныш сезім оның көз алдына өткен өмір жолдарын 
əкеледі. Əке-шешесінен ерте айырылып, ағайынның 
үйінде жүргенде Ұштап пен оның қызы Ибаштан көрген 
тепкісі, «буыны бекіп, бұғанасы қатпаған» сəби сезімін 
жаралаған жетімдіктің тауқыметі, күйеуі Қоспан  
соғысқа  кеткенде  еркегі  жоқ  үйге  басына  келген,  
ауылдың  шолақ  белсендісі  Жаппасбайдың  арам  
пиғылынан  тартқан  жан  азабы,  жалғыз  ұлы  
Мараттың  өлімі,  одан  кейін  бала  көтермеуі – Жаңыл  
тағдырының  тəлкекті  тұстары». 

  14 
 
 
Автор  Қоспан  бейнесін  жасауда  көбінесе,  оның  ішкі 
жан  дүниесін,  күш-қайратын  үнемі  жанама  мінездеу 
арқылы беруге тырысады. 
Романда  Қоспан  алғаш  көрінгеннен-ақ,  адам  жүрегіне 
жылылық ұялататын, зор адамгершілігімен, ақкөңілдігімен 
айқындалып отырады. Автор, соғыс жылдарында Қоспанға 
командир  болған  «Қосболаттың»  оны  өзімсініп  «Үлкен 
қара»    деп    атайтындығын,    əйелі    Жаңылдың    соғыста  
жүрген    Қоспанның    үйдегі    əрекетін    еске    түсіріп,    оның  
жүрген  жүрісін,  қолы  тиген  мүлкін  ыстық  сағынышпен  
еске    алатындығы  –  бəрі-бəрі    Қоспанның    адами    жақсы  
қасиеттерін  таныту  үшін  пайдаланған. 
Роман  соғыстан  соңғы  жылдардағы  Қоспанның  үш-
төрт  күннің  ішінде  тап  болған  опатына  қарсы  тұруын,  
үлкен    төзім,    зор    қайрат    иесі    екендігін    танытуға  
негізделгендіктен,  тікелей  боранды  оқиғадан  басталады  
да,    Қоспанның    бүкіл    өмірін    дүлей    табиғаттың  
арпалысымен    қатар    алып,    сюжеттік    шегініс    арқылы  
баяндап    отырады.    Автор    дүлей    табиғаттың    тосын  
мінезіне    сырмінез    Қоспанның    талай    жылдан    бері    қой  
соңында    жүріп,    ауданда    бетке    ұстар    шопан  
атанғандығын,  өмірден  жинақтаған  мол  тəжірибесі  бар  
екендігін  де  алдын  ала  хабардар  етеді. 
«Осы  өңірде  шарламаған  ой  мен  қыры  қалған  жоқ,  
қай  жердің  аты  қандай,  суы  қандай,  бəрін  жатқа  біледі.  
Қыс    баласының    да    мінезі    мен    дағдысын    көңіліне  
мықтап    түйген.    Қазақы    қой    желге    төзімсіз.    Қоспан  
жел-құздың    аңысын    бағып,    ылғи    ықтасын    беткейді  
сағалайды.  Азғана  пішенін  сары  майдай  сақтап,  қойдың  
басын  жайылымнан  алмайды.  Қысқы  жайылымның  өзі  
жаздағыдай    көңілмен    мөлшерлеп    өлшеп-пішіп    қойған.  
Жақын  жердің  тебіндігін қорасындағы  шөбіндей  қориды.  
Бірақ  сонда  да  əр  бір  қыс  Қоспанға  төтенше  қиындық  
əкеледі.  Міне,  биыл  бір  күн  ашылып,  бір  күн  жауып,  
 195 
 
 
Мұқағали  ақын,  көбінесе  ұғым,  түсінік-таным  арқылы 
сөйлейді.  Сол  арқылы аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызады,  əрі 
мағына байлығын экспрессивтік мəн бояуын қалыңдатады. 
Түспесін десең егер сезімге кір, 
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр! 
Жамандық көрсең менің қабағымнан, 
Жас болып төгіліп кет жанарымнан, - 
Өкінішті... 
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті. 
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр, 
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі 
Өкінішті... 
О, жүрек! 
Менің алтын қазығым-ау! 
Қайтейін, қажыдың-ау... 
Қытықтаған бауырдың «назы» мынау 
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау! 
Не істемекпін? 
Жаным-ай, саған шипа істемек кім? 
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін: 
Жүрегім - Африка, бауырым - Кипр, 
Миым Мұзды мұхиттай... 
Не істемекпін?... 
(«Емханада») 
Заманның  тынысы  мен  ақынның  мұңы  ұштасып 
кеткендей. 
Бүгінгі күннің, бүгінгі дəуірдің, яғни, ақын өмір сүрген 
кездің  тынысы  да  осы...  «Жүрегім  -  Африка»,  «Бауырым  - 
Кипр»  дегенді  басқа  дəуірде  айтып  көріңізші?...  Ешкім 
түсінбес еді. Бүгін осы үш шумақ қазақ топырағындағы бір 
ақынды бүтін планетамен қауыштырып тұрған үш таған. 
Жүрек  туралы  өлең,  толғаулар  ақынның  жиі-жиі 
оралып,  қайыра  айналып  соғып  отыратын  иіріміндей.  Тек 
жүрек  тақырыбы  арқылы-ақ  жарық  дүниеге,  адамдарға, 

 194 
 
 
«Жапырақ-жүрек»  дегенде,  расында  да  ақынның 
көрегендігіне, байқағыштығына бас шайқайсыз. Сондай-ақ, 
Сырбай  Мəуленовтің  «жапырақ-терек  жүрегі»  деген 
жолдарын  еске  алғанда,  қазақ  поэзиясының  өзіндік  ортақ 
реңін де сезінгендейміз. «Көшеде»: 
Мен жолымды берейін, өт, қарағым, 
Несін күттің, несіне көп қарадыц? 
Қор болмассың құлыны текті ананың, 
Жолын алсаң, өзіңдсй текті ағаның, - 
деп  аяқталады.  Халыққа  жүрегі,  тебіреніс-талғамы 
жақын  ақын  дегенде,  осындай  туындыларын  тілге  тиек 
етеміз.  Автор  осы  өлеңінде  сөзбен  емес,  халқымыздың 
салт-дəстүрі, 
түсінік-талғамы, 
жалпы 
психологиясы 
арқылы  поэтикалық  қуатты  еселеген.  Аға  жолын  қиып 
өтпейтін əдемі салтымыз, ініге ізет жасап, жолын, пейілін, 
ниетін үсына аларлық үлкендік мəрттігіміз, ананың еркесін 
«құлыным»  деуі  -  осының  бəрі  қаншама  қарапайым 
болғанымен,  көкіректе  күй  сазындай  (тілмен  айтып 
жеткізгісіз)  тебіреніс  тудырады.  «Ұқсастық»  жырында 
даланы анаға ұқсатқан ақын: 
Тамыры иіп, 
тəтті бір ұйықтап алғасын, 
Ана шайына, 
Дала нөсерге қанғасын, 
Далаға дихан, 
Анаға адал жолдасы 
Тыңайтпақ болып, 
даярлап 
жатыр 
қалжасын, 
-дейді. 
Осындағы 
поэтикалық  эмоция  «Тамыры  иіп»,  «Шайға  қану», 
«Тыңайту»,  «Қалжа»  атты  халықтық  ұғым,  халықтық 
сөздер  арқылы  санамызға  шымырлап  жол  алады.  Бір 
ғажабы,  белгілі  тіркестер,  бұл  жерде  өзгеше  құбылып 
құлпырып кеткен. 
  15 
 
 
алысқа  аттатпай  қора  маңын  тақырлатып  кетті.  Содан  
ақыры  тəуекелге  бел  буып  Қоспан  өріске  шықты». 
Осылайша    Қоспанның    қолға    алған    қай    іске  
болмасын    асқан    ыждағаттылықпен    кірісетін,    өз  
шаруасын    игеруге    келгенде,    дөңгелетіп    əкететін  
шеберлігін    танытады.    Сонымен    қатар,    Қоспан  
бейнесінің    шынайылығын    аша    түсу    үшін    сəтті    деталь  
да  қолданады. 
Қоспанның    да    өмірдегі    жүріп    өткен    жолы,  
қанқұйлы    соғысқа    қатысуы,    тұтқында    болуы,    еліне  
оралғаннан    кейінгі    көрген    теперіштері,    тұтқында  
болғаны  үшін  көрген  қудалауы – бір  адамның  тағдыры  
үшін    аз    нəрселер    емес.    Бұл    оқиғалар    алғашқыда  
Боранның    бойына    жасқаншақтықты,    жігерсіздікті  
ұялатады.  Жаңылдың  да,  Қоспанның  да  ішкі  əлемінде  
ұқсастық    бар.    Ол  –  біреудің    ала    жібін    аттамас  
адалдығы,  төзімділігі,  өмір  сүйгіштігі. 
Романда  танымы  мен  табиғаты  жағынан  Қоспанның  
адамдық    əлеміне    мүлде    кереғар    Жаппасбайдың  
характері    іс-əрекет    үстінде    ашылады.    Қоспан    мен  
Жаппасбайдың    ішкі    дүниесі    ешқашан    бітіспейді.  
Өйткені,    Жаппасбайдың    ұғымына    ар    алдындағы  
жауапкершілік  сезімі  жат. 
«Біреудің    тұнығын    лайлап,    содан    ляззат    алуды  
өзінің  өмір  сүру   машығына  айналдырған  Жаппасбайда  
жазықсыз    адамның    обалынан,    киесінен    қорқу    деген  
жоқ.    Автор    бұл    жерде    кейіпкердің    іс-əрекетін    оның  
психологиясынан    туындатумен    бірге    жақсыларын  
жасытып,    Жаппасбайларды    тайраңдатып    қойған  
қоғамның    да    көлеңкелі    тұстарына    бойлатады.  
Жаппасбай    характерінің    астында    ұлт    трагедиясының  
шындығы  жатыр.   
Қоспанның    ішкі    жан    иірімдерін,    терең  
толғаныстарын    аралауда    автор    пейзажды    ұтымды  

  16 
 
 
қолданған.    Суреткердің    поэтикалық    сөз    өрнектері  
даланың    ақ    түтек    боранын    суреттеуде    əйгіленеді.  
Табиғат    көрінісі    боранды    «Ақ    дүлей»  (Қоспан    берген  
атау)  –  тылсым    күштің    бейнесінде    береді.    «Ақ  
дүлейдің»    жанды    бейнесін    танытатын    детальдар    бар.  
«Шарбы  бұлттың  арасынан  нұры  қашып,  жүдеу  тартқан  
ай  сығалайды.  Төрт  күн  соққан  боран  оның  да  ажарын  
алып    кеткен    сияқты»,-  дей    келе,    бұл    құбылысты    «кең  
атырапты    жүндей    түткен»,    адамға    тізе    бүктірген  
жойқын  күш  түрінде  бедерлейді». 
Осы    тұста    жазушы    шеберлігі    ретінде    мына    бір  
мəселені  айта  кеткеннің  артықтығы  жоқ.  Ол – кез-келген  
оқиғаның  үнемі  майдан  суретімен  қоса  қабат  ашылып  
отыратындығы.    Бұл    соғыс    көрген    Қоспан  
психологиясын    танытудағы    ұтымды    тəсіл.    Мəселен,  
қасқыр    салған    қырғыннан    соңғы    мына    бір    суретке  
назар  аударып  көрейікші. 
«Аспандағы    шарбы    бұлт    əр    жерге    бір    шудасын  
үзіп    тастап    жоғалып    кеткен.    Ай    сүттей    жарық.    Құм  
арасындағы    табақ    шұқырға    бұлдыраған    көбік    сəулесін  
толтырған.  Əр  жерде  сұлап-сұлап  жатқан  қойлар.  Анау  
ат    жалдың    ернеуінде    де    бір    екеуінің    денесі  
қарауытады.    Аяғының    астында    бір    нəрсе    былқ    етті,  
сүрініп  кете  жаздады.  Қасқырдың  өлігі  екен.  Əрегіректе  
қылаң    беріп    бозарып    жатқан    Майлыаяқтың    денесі.  
Онымен    қабаттаса    тағы    бір    қасқыр    құлаған.  Бас-аяғы  
үш  қасқыр   соғылыпты.  Өзгесінің  қанша  екенін,  қайда  
кеткенін  Қоспан  білмейді.  Бірақ  қойдың  шығыны  көп.  
Аттаған    сайын    өлік.    Бейне    қанды    қырғын    соғыстан  
кейінгі  ұрыс  даласы  сияқты.  Тірі  қалған  жалғыз  солдат  
тəлтіректеп  аралап  жүр». 
Сөз  жоқ  майдан  суреті.  Демек,  бейбіт  өмірдің  өзі – 
күнде    күрес,    күнде    майдан.    Адам    оған    өзі    ізденіп  
бармайды,    оны    соған    итермелейтін,    мəжбүр    ететін  
 193 
 
 
болғандықтан  да  поэзия  сазына  бөленіп  түр.  Жалтақсыз, 
жалтарусыз ойды, ішкі тебіреністі бəз күйінде көзге тосқан, 
көңіл  толқуын  кіршіксіз  хас  таза  күйіңде  өлең  тіліпе 
көшірген. 
Ақын  кредосы  -  шыншылдық,  сəби  сезімге  ғана 
сиятын  албырт  шыншылдық.  Оны  оқырмандармен  өзек 
жарды  сырлас,  айнымас  пікірлес  ететін  алтын  арқауы  да 
осы  -  шыншылдығы.  Дүниені,  болмысты,  құбылысты  өз 
көргеніндей 
бүкпесіз, 
көркемдік 
шындық 
көрігінде 
келістіре  қорытады.  Оқырман  қауым  талғамы  мен  аңсары 
сондай  поэтикалық  шындыққа  іңкəр.  Балқытушы  тұлғасы 
ақын жырының алғашқы жолдарында былай көрінеді: 
Қызыл науамен 
Қызыл от ағып барады. 
Қызыл адам жүр 
Қып-қызыл өңі, жанары. 
Қызыл ұшқындар ысқырып қызыл жалындай, 
Қызыл қаһарын қызыл адамға жабады! 
(«Балқытушы») 
Əсірелеу бар ма? Бар... Əйтсе де, өмірдің өз суреті ғой. 
Тіпті,  ақынның  тапқырлығына,  көз  алдындағы  көріністен 
еш  артық  қоспасыз  тудырған  поэтикалық  ассоциациясына 
тəнті  боласыз.  «Мен  сені  сағынғанда»  деген  өлеңінде 
қызғанышын  «қызғаныштан  мұз  шайнап,  тұз  жаладым» 
деп екі-ақ жолмен жеткізеді, енді бір өлеңінде («Байқалмай 
өткен махаббат»): 
Боз қырау аты кірпідей, 
Келетін əкең жұмыстан. 
Тазыдан қашқан түлкідей, 
Ініме мен де жылысқам, - 
деп ойнақы, естен кетпес əсерлі сурет сызады. 
Еменде жапырақ-жүректе, 
Үп етсе самал, дір еткеп... 
(«Жазғырма мені, жан аға...») 

 192 
 
 
картина  көзге  елестейді.  Тұтас  бір  дəуірдің  көктемі  ой-
шүңқырымен айқын көрінеді. 
Көп болды жасыл тауларға, 
Жап-жасыл бұлттар шөккелі. 
Əкелді шуақ бар маңға 
Соғыстың соңғы көктемі. 
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы, 
Орманның жасыл шекпені. 
Қуанта бірақ алмады 
Сонау бір үйді шеттегі, 
Соғыстың соңғы көктемі... 
Көктем  -  қуаныш,  көктем  -  тірлік  көктеуі,  алда  - 
жазира  жаз,  мəуелі  күз  бар...  Осынау  үлкен  алып  əлемнің 
бір  нүктесіндей,  жарық  дүниенің  елеусіз  ғана  қаралы 
нүктесіндей - қаралы үй... Манадан бері, төрт шумақ бойы 
əсем  бір  өрнекпен  бейнеленіп  келген  сурет  осы  нүктеге 
келгенде тітіренеді, тіріледі. Осы нүкте арқылы адамзаттық 
мəні  бар  драмаға  ауысады.  Сөйтіп,  өлең  туған.  Нағыз 
азаматтық, адамзаттық тебіреніс дүниеге келген. 
Болмаса, «Беташар» өлеңінде: 
Боз ала ауыл жастары, 
Бозбала күнін тастады. 
Боз жаулық жауып қыздарға, 
Шаңырақ құра бастады. 
Үйленді біздің ағай да, 
(Үйлепбе деуге қарай ма?) 
Бəсіре жалғыз көк тайын 
Сойғызып жатыр сарайда, 
(Той жасап бермек қалай да) 
Сезімді, 
жан 
тебіренісін 
бұдан 
артық 
қалай 
жеткізерсің.  Жəне  де,  дəл  осьшайша  тек  Мақатаев  қана 
айта алар, ақтарыла алар. Бейнелеп айтсақ, бұл - жан-дүние 
тазалығы,  сезім  құдіреттілігі.  Мың  қайталап  айта  беретін 
шынайылық  осы.  Анайылық  емес,  шынайылық.  Шынайы 
  17 
 
 
факторлар    болады.    Ендеше,    Қоспанның    да    мұндай  
жағдайға  душар  болғандығына  кінəлі  жандар  бар.  Ол – 
совхоз    басшылары,    мүмкін    өзінің    досы    аудан  
əкімшілігіндегі  Қасболаттың  өзі  де  болуы. 
Шаруаға  немқұрайдылық  қай  қоғамда,  қай  заманда  
болмасын    өзінің    залал,    зардабын    тигізбей    қоймайды.  
Қоспан  тағдыры соны  дəлелдеді.  
Роман    соңында    Қоспан    өзінің    өткен    жолына    сын  
кезбен    қарап,    бойындағы    кемшіліктерін    ой    елегінен  
өткізеді.    Бұл    ойға    итермелеген  -  өмірі    үшін    күрес,  
боранды  күнгі  арпалыстан  кейін  бойында  пайда  болған  
рухани  күш,  серпіліс.   
«Шырағың сөнбесін» романы Ұлы Отан соғысы 
тақырыбына арналған. Оқиға – Украина жерінде өтеді. 
Негізгі кейіпкер – Нəзира. Романдағы бүкіл сюжеттік 
оқиға Нəзираның атынан суреттелген. Романда Отан 
соғысының от жалынын бастан кешірген Нəзираның 
тағдырында екі желі бар. Біреуі – оның өз ауылындағы 
өмірі де, екіншісі – Қасымбекке күйеуге шыққан соң 
басталған жат жер – Украинадағы əскери өмірі мен 
соғыс кезі. Романда осы екі желі қатар өріліп отырады. 
Автордың негізгі идеясы – соғыс тауқыметін тартқан 
совет адамының өршіл рухын таныту. Соғыс зардабын 
нақтылы тұлға өмірі арқылы ашуды мақсат еткен. 
Автордың идеялық – эстетикалық концепциясы - осы. 
Нəзираның  соғыс  басталған  соң  Украина  орманының 
ішінде 
бастан 
кешкен 
қиыншылығы, 
адам 
өлімі, 
фашистердің жауыздығы, сонымен бірге аяғы ауыр кезінде 
Дуня апайдың үйінде тығылып жатуы, Қасымбекпен соғыс 
кезінде  қайта  табысуы,  Дулаттың    дүниеге  келуі  –  бəрі  де 
шығарманың  сюжеттік-композициялық  арқауын  құраған. 
Нəзираның  бала  кезінде  ашаршылықты  бастан  өткізуі, 
шешесінің  өліп,  əжесі  Қамқаның  қолында  өсуі  –  негізгі 
оқиға – соғыс кезімен  параллельді суреттелген.  

  18 
 
 
Автор өз идеясына лайықты оқиғаларды іріктей білген. 
Кейіпкердің жан-сыры, психологиялық тебіреністері 
арқылы қазақ қызының соғыс жылдарындағы көрген 
азабын танытады. Жазушы өзінің осы идеясын жүзеге 
асыру үшін партизандар əрекетіне, достық, өзара көмек 
тəрізді маңызды мəселелерге көңіл бөлген. Николай мен 
Света тағдыры, ұрысқақ Мусяның өлімі – бəрі де 
нанымды суреттелген. Жау қоршауында қалған, өмір 
мен өлім ортасында қалған жаумен табан тіресе 
айқасқан нағыз патриоттардың қажырлы келбеті, қилы 
тағдыры өтіп жатады. Мəселен, Нəзираның өмір жолы 
арқылы, сол кездегі кез-келген адамның трагедиясына 
ортақтастырады. Соғыста адамның моральдық-
психологиялық, рухани-этикалық қадір-қасиеті үлкен 
сынға түседі. Света образы арқылы əйел тағдырының 
ауыр сəтін берген. Қиянатпен зорлық еткен неміс 
фашисінен аяғы ауыр болып, бала тууы, күйеуі 
Николайдың оны естіген соң Светаны жек көріп кетуі – 
соғыстың адам тағдырын трагедияға əкелгенінінің бір 
көрінісі.Романның тақырыптық-идеялық желісін көтеріп 
тұрған образ – Нəзира образы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет