(1997) нарықтық экономикаға көшкен дертті қоғам
тұсындағы қазақ халқының ұсқынсыз, аянышты, жүдеу
кейпін көреміз. Поэмада ол қазіргі жалғанды жалпағынан
басып жүрген алаяқтардың қулық-сұмдықпен жинаған
арам байлығын шымбайына батыра əшкерелей отырып,
бұқара халықтың күйзелген күйкі тірлігін, күйбең өмірін ет
жүрегі елжірей, зарлана толғайды. Поэмада сапырылысқан
шетел машиналарынан аяқ алып жүргісіз Алматы
қаласының бүгінгі алабажақ бейнесіне де, «Өгіз арба» мен
«Жорға шанаға» қарап қалған қазіргі қазақ ауылының
сұрықсыз келбеті де елес береді.
«Заман-ай», «Бес жыл өткен соң» поэмалары – қазақ
халқының ХХ ғасырдағы көркемдік тарихын оқырман
санасына толық жеткізетін көрнекті эпикалық туындылар.
«Өткелдер», «Махаббат», «Пайғамбар жасы», «Дерт»,
«Парламент», «Күдік» атты поэмалар осы циклді
толықтырады.
Ал «Ақырзаман», «Көкейкесті», «Ғадауат ғасыр»
сияқты ақындық терең тебіреніспен, шалқыған жүрек
жаланымен
жазылған
поэмалары
таңдамалы
туындыларының көптомдығының 9 томында (2001) жарық
көрді. Бұл поэмаларда ол халықтың өткен тарихына
көркемдік шолу жасаған. Алайда, Қадыр өзіне дейінгі
ақындарды мүлде қайталамай, өз тарапынан тың ақындық
сөз, өткір идеялық пікірлер айтқан. Мəселен, «Ақырзаман»
поэмасында қазақ халқының орыс мемлекетіне отар
болудан шеккен адам айтқысыз зардаптарын ақын батыл-
батыл жыр жолдарымен жеткізе суреттейді. «Ғадауат
35
Кеңес дəуіріндегі типтік көріністер мен құбылыстарға
негізделген.
Ақын «Жылдар, жылдар» деп жырлай отырып, уақыт
əкелген тосын шындықтарды, бейбіт заманның қызық та
күрделі мəселелерін кейіпкер көзқарасы арқылы тарата
жеткізуді көздейді. Бас кейіпкер ақынның өзіндік меніндей
əсер етеді. Сондықтан бас кейіпкер мен авторлық
көзқарастардың ұштасып, тұтасып кетіп жататын жерлері
аз ұшыраспайды. Шығарма оқиғаларының қоюлығымен
емес, əр тұста келтіріліп отыратын толғаныстарының,
пайымдауларының қуаттылығымен назар аударады. Кешегі
қасіретті заман мен кеңестік дəуірдің қарым-қатынасын əр
жылдардағы ұрпақтар үндестігін жеткізу жолында автор
психологиялық талдау əдісін қолданады.
Поэма
Х.Ерғалиевтің
өткен
ғасырдың
70-
жылдарындағы елеулі шығармаларының бірі. Мұнда
əдеттегі эпикалық туындыларға тəн ширыққан сюжет,
өрбіген оқиға онша көп емес. Автор бас кейіпкердің ішкі
əлемін, психологиялық сезім күйлерін, толғаныстарын
суреттеу арқылы заман мен жек адам арасындағы əр
сипаттағы қайшылықтарды ашуға тырысады. Сол арқылы
əлемде болып жатқан түрлі оқиғалардан хабардар етеді.
Мысалы, «Жақсылықтың қара дəптерінен («Алжирдегі
соңғы күн мен түн»)» деп тарауында бас қаһарманның
Америкалық əріптесі Джонмен кездесуі баяндалады. Бұл
арада сол замандарда орын алған социалистік жəне
капиталистік дүние арасындағы қырғиқабақ соғыстың
нышаны айқын суреттелген. Жақсылықтың байқауынша,
Джон – кеңес өкіметін жақтырмайтын адам. Есесіне
Жақсылық – шығарманың қай тұсында да өз позициясына
берік, Отаны жаны күйіп кететін патриот əрі əділетті жан.
Оның Алжир сияқты шет елде кездестіретін тағы бір
адамы – қазақ жігіті Ералы. Бөтен жан емес, өзінің қарулас
36
досының баласы. Бір заманда шыр етіп дүниеге келген
нəрестенің есімін Ералы деп қойған Жақсылықтың өзі
екен. Алжирдің жерін минадан тазартқан кеңес сапері қазір
мүгедек болып қалған. Поэмадағы оқиға желісіне Ералы
бейнесін енгізу арқылы ақын кеңес елінің бейбіт
сүйгіштігін көрсетеді. Поэмада махаббат мəселесі де саяси
тұрғыдан баяндалған. Бұл арадағы махаббатың негізгі
ерекшелігі – оның интернационалистік сипатта болуы. Бір-
бірін сүйген екі жас: Ералының ұлты қазақ та, Дала –
Алжир
қызы.
Сөйтіп
шығармада
патриотизм,
интернационализм əрі махаббат мəселелері бір-бірімен
астастырыла, ұштастырыла өрілген.
Негізгі
əдебиеттер:
1.
Алпысбаев Қ. Поэма жəне сюжет.-Алматы, 1992.
2.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994.
3.
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975.
4.
Бердібаев Р. Биік парыз.- Алматы, 1980.
5.
Базарбаев М. Қазақ поэзиясындағы көркемдік
ізденістер.-Алматы, 1995.
6.
Дəдебаев Ж. Қазіргі қазақ əдебиеті. Лекциялар
курсы.- Алматы, 2003.
7.
Дəдебаев Ж. Өмір шындығы жəне көркемдік
шешім.-Алматы,1991.
8.
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981.
9.
Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы,
1996.
10.
Майтанов Б. Қазақ романы жəне психологиялық
талда.-Алматы,1996.
11.
Қазақ əдебиетінің тарихы. 3-том, 2-кітап.-
Алматы: Ғылым, 1975.
12.
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ
совет əдебиеті.-Алматы, 1987.
13.
Қирабаев С. Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998.
173
Ақынның
туған
жер
тақырыбындағы
өлеңдері
«Жерұйық», «Дала дидары» жинақтарында топтасқан.
Мұнда автордың «Саяхат» жырлары (поэзия очерктері)
енген. Өлеңдерінде айшықты афоризм бар екен сезіледі.
Ердің исі шығады ер тоқымнан,
Тарих исі шығады шаңырақтан,
Таң самалы тасыған гүл исіндей
Жырдың исі шығады ауасынан
(Қарқаралы).
Қадыр өлеңдері драмалық ситуацияларға құрылған
диалог, монолог элементтерін жетілдірді. Лирикасының
кейде философиялық, психологиялық трактатқа айналып
кететін кездері болады.
2. Поэмаларындағы қоғам жəне адам, табиғат. Ол
ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі поэма жанрының өсіп
жетілуіне көп еңбек сіңірді. Оның поэмаларының көбі
лирика-публицистикалық сипатта жазылған. Мəселен,
оның «Қызыл кітап» (1986) поэмасы – ой-толғамы
ауқымды, бүкіл адамзатты ойландырар пікір-тұжырымға
бай, философиялық туынды. Адамзат тарихына шолу
жасап, жер бетіндегі адамдардың өзіне көп зиян
келтіргенін ақын өкінішпен жырлайды. Жер үстіндегі
көптеген жан-жануарларды (аң-құс) қырып-жойып, аяулы
жер-ананы жесір қалдырған, планета экологиялық апатқа
ұшыратқан адамдардың зұлымдық іс-əрекетіне қарғыс
айтады. Адамдардың осы зиянды істерінің түбі неге
соғарында
абайлап,
ақынның
жер
бетіндегі
бүкіл
адамдарды, замандастарын ойлануға үндеуі – поэманың
мағыналы, мəнді идеялық түйіні десе де болғандай.
Ақын «Заман-ай» поэмасында (1997) Қазақстанның
Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен
жаңаша көзқараспен қарап, шымырқана толғанады. 70 жыл
ішінде
қазақ
халқы
бастан
кешкен
адам
небір
қиындықтарды нақты көркемдік ойлармен жинақтап,
172
Керек десе ол өзіңді сүю үшін! – деп, туған елге деген
махаббат еш бүкпесіз жеткізеді.
Ақын тілінде шешендік басым. Қарапайым сөйлеп
отырып-ақ, үлкен шындыққа қол созады. Өлеңдері - арзан
дидактика емес, шешендік стильмен өрілген дүниелер.
Бір қарағанда, қарапайым ғана болып көрінеді. Күнде
өзіміз куə болып жүрген құбылыстан терең ой түйеді.
Қадырдың «қарапайымдылығының» тасасында философия
бар.
Мүмкін емес тыңдауың елжіремей, балқымай,
Сөзбен жазбай тарихын, күймен жазған халқым-ай!
Мынау шешен шектерден сыр таптым-ау мен бөлек,
Бүкіл далам келеді көз алдыма дөңгелеп.
Бейнелілік пен шешендік бір-бірімен байланысқан.
Ақын сезімі, күйі басым болғандықтан лирикалық сипат
басым. Күй – негізгі фактор болса да, оған түрткі, сезімді
күшейткен фактор – туған жерге деген ақынның
махаббаты. Күй өнері туған жер атты киелі ұғыммен тең
алынған. Ақын сезім динамикасын дəл бейнелеген.
«Боз дала» өлеңіндегі «боз жусан», «боз бел», «боз үй»
т.б. ұғымдар ұлттық санамызға жақын болғандықтан да
сезімімізге əсері мол.
Боласың боза ішкендей ауа жұтып,
Боз жусан, боз көделі боз даладан.
«Боз» эпитеті өлеңге əр беріп тұр.
Табиғат жəне туған жерге байланысты туған Қадыр
өлеңдерінде құштарлық пен құмарлық айрықша көрінеді.
Киіз үйді, жайлауды даланы ұқпай,
Ұқпайсың ғой, ұқпайсың, мені, балам,- деген өлең
жолдарында қала мен даланы қарсы қою ниеті жоқ,
керісінше, цивилизацияның бітпес сары уайымы емес,
халқының қасиетін бағалау. Мынау зымыраған уақыттан,
дулы өмірден бір сəт тыныстауға бет алған ақынды көресіз.
37
14.
Қазақ əдебиетінің тарихы (1956-90 жж.). 9-том.-
Алматы, 2005.
15.
Қуандық Мəшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы
стиль жəне бейнелілік.-Алматы, 1990.
16.
Жұмаділова
Н.
1960-90-жылдардағы
қазақ
романы.-Қарағанды,2003.
Қосымша
əдебиеттер:
1.
Қазақ поэзиясындағы дəстүр ұласуы.-Алматы, 1981.
2.
Ысмайылов Е. Ақын жəне революция.-Алматы,
1983.
3.
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996.
4.
Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі.-Алматы,
1994.
5.
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002.
6.
Нұрғалиев Р. Сырлы сөз.-Алматы, 2001.
7.
Нұрғалиев Р. Айдын.-Алматы, 1985.
8.
Нұрғалиев Р. Күретамыр.-Алматы, 1987.
9.
Нұрғалиев Р. Қазақ драмасы.-Алматы, 1979.
10.
Кəрібаева
Б.
Қазіргі
қазақ
лирикасының
поэтикасы.-Алматы,1988.
11.
Кəрібаева
Б.
Қазіргі
қазақ
лирикасы.-
Қарағанды,1990.
12.
Нарымбетов
Ə.
Қазіргі
қазақ
поэмасы.-
Алматы,1982.
13.
Нарымбетов Ə. Қазіргі совет поэмасы.-Алматы,
1977.
14.
Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,1984.
Лекция
2. Əбдіжəміл Нұрпейісовтің өмірі мен
шығармашылығы
.
Жоспар
:
38
1.
«Қан мен тер» роман-трилогиясы. Поэтикасы,
образдар
жүйесі.
2.
«Соңғы парыз» романы. Адам жəне экология.
1.
«Қан мен тер» роман-трилогиясы. Поэтикасы,
образдар
жүйесі.
Əбдіжəміл Кəрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы қазан
айының 22 жұлдызы күні Қызылорда облысы Арал
ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында туған.
Қазақша рəсім бойынша келсек, руы Кіші жүздің Шекті
(Жаманақ), бертін Жақайым руынан. Жетінші атасы
Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан
шіріген бай Сыланбай, одан тараған Нұрпейіс болыс
болған. Нұрпейістен Кəрім, Нəжім, Қали деген ұлдар туған.
Осы үшеуі, Кəрімнің кіндігінен туған Əбдіжəмілді
қосқанда төртеуі Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан
аман қалғаны - Əбдіжəміл ғана. Өзге боздақтар шейіт
кеткен. Əкесі Кəрім жасында қыран салып саяттаған,
ауылнай қызметін атқарған кісі екен. Соғыс қарсаңында
балық колхозында істеген. Кəрім, 1944 жылғы 21 сəуір күні
Тернополь түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
1942 жылы орта мектепті тəмамдасымен армия
қатарына шақырылған өрімдей жас Əбдіжəміл Оңтүстік
жəне Прибалтика майданында соғысқа қатысады. Екінші
дəрежелі
Ұлы
Отан
соғысы,
«Қызыл
Жұлдыз»
ордендерімен марапатталады.
1946 жылы желтоқсанда, армия қатарынан босанған
бойда, əскерде жүргенде бастаған «Курляндия» романын
жазуға кіріседі. Оны бітіріп, баспаға берген соң бір жыл
Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. Келесі 1954
жылы
Мəскеудегі
М.Горький
атындағы
əдебиет
институтына түсіп, оны 1956 жылы бітіреді. Тырнақалды
кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың
лауреаты атанады. Проза саласында үзбей еңбектенуімен
171
Өлеңдерінің тақырыбы – адам, адамға тəн сезімдер,
табиғат, махаббат, туған жер т.б. Қадырдың поэзиясына
өзек болып тартылған бір күрделі образ бар. Ол – қазақ
даласының образы. «Дала дидары» жинағы осы тақырыпты
сөз өтеді.
«Көне заман көріністері» деп аталатын бөлімінде туған
ел, атамекен суретін бар болмысымен көрсеткен. «Жар-
жар», «Бесік жыры», «Бəйге», «Қыз қуу», «Əн», «Бата»,
«Ауыл түні», «Көш» - қазақ даласының бейнесі бар. Бір
өлеңі – атамекен даланың күлкісі мен қуанышы болса, енді
бірі - қайғысы мен көз жасы, енді бірі - əні мен назы.Ақын
бойындағы биік рух – Бабалар жеріне деген ұлы сезім.
«Түркістан»,
«Торғай»,
«Сарысу-Талас»
өлеңдері,
«Алатау»,
«Алтай»,
«Көкшетау»,
«Баянауыл»,
«Қарқаралы» өлеңдері «Жерұйық» циклінен алынған.
Оның əрқайсысында қазақ даласының тарихы жатыр, Дала
тарихын поэзиямен өрген ақын туындылары – қазақ
поэзиясының шырқау биігі.
«Жерұйық» циклі үш бөлімнен тұрады. Сол үш
бөлімде тұтас Қазақ даласының тауы мен белі, көлі мен
өзені, данасы мен данышпанын жырлап, жинақы ғана
поэзия кестесіндегі дала тарихының образын жасаған. Дала
образы – асқақ, биік.
Көптеу болып жанғанынан өшкені,
Көздің жасы – бүкіл елдің кешкені.
Бұл дала ма? Бұл далада болыпты-ау,
Бақыт пенен қасірет те көшпелі.
Дала табиғаты ұлттық мінезді тудырған. Ақын туған
елін жалаң мақтап, мадақтаудан аулақ. Əр өлеңінде ой мен
сезім үндесе келе, əдемі образ туған.
Дала-кең, кеңдік те бір ұлылық қой,
Ұлылық жатады өстіп игерілмей, – дей келе,
О, туған жер, берер ем жүректі де,
170
Оның жоғарыда айтылғандай, көп шығармаларының
ішінде қанатты сөздер, афоризмдері де жиі ұшырайды.
Қазақ боп Туғаныңа өкінбе,
Қазақ боп Жарыта алмағаныңа өкіп!
Бас шұлғитын - тұлпарлар,
Басқаратын - есектер.
Орманда балта қажет,
Қалада қалта қажет.
Түйме ұрлаған адам түйені де ұрлай алады.
Есірткі еліртеді,
Билік семіртеді.
Мансапқорға ем жоқ,
Оны тоқтататын шен жоқ.
Парақордың ақылы кем,
Көлемі кең.
Қадырдың қанатты сөздері ел арасына кең тарап,
халықтың рухани игілігіне айналған.
Қадыр Мырза Əли - XX ғасырдағы қазақ поэзиясының
жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне зор еңбек
сіңірген үлкен ақын. Оның өлеңдері ешқашан, Абай
айтқандай, бөтен сөзбен былғанған емес. Қайта ол
«қиыннан қиысып, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін,
айналасы теп-тегіс, жұмыр» боп келеді.
Қадырдың «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой орманы»,
«Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Көкпар»,
«Алақан», «Қорамсақ», «Қызыл кітап» жыр жинақтары
бар.
39
қатар, жас талант өткір сынымен, публицистикалық
мақалаларымен де көзге түседі. 1962-1964 жылдары
Қазақстан Жазушылар одағының органы - «Жұлдыз»
журналының бас редакторы боп істейді.
1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай
шығармагерлік қызметпен шұғылданып, өндіре жазған
Əбдіжəміл нарық заманында халықаралық қазақ ПЕН
клубын ұйымдастырып, оның президенттігіне сайланады.
2000 жылы ПЕН клуб жанынан «Таң-Шолпан» журналын
шығарады. Көп жылдардан бері ол осы əдеби-көпшілік
журналының редакторлар кеңесінің төрағасы.
«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы-
Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ əдебиетінің табысы.
Үлкен жазушымыздың ерен еңбегі елінің, мемлекетінің
жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде кеудесіне
«Еңбек Қызьш Ту», «Құрмет Белгісі» жəне тəуелсіз
Қазақстанның «Отан» ордендерін қадады. 1985 жылы
«Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
Ол - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бұл
мəртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш
қаламгер: Мұхтар Əуезов, Əбдіжəміл Нұрпейісов, Жұбан
Молдағалиев қана алғанын ескерсек, əдебиетіміздің,
əдебиет арқылы тұтастай сөз өнеріне жүйрік қазақ халқы
абыройының төрткүл дүние алдында арта түскеніне
алдымен
кімдерге
борышты
екеніміз
өзінен
өзі
айғақталады.
Əбдіжəміл əдебиеттегі алғашқы қадамын бірден
сүйекті жанр - романнан бастады. Ұлы Отан соғысынан
жаңа оралған майдангер іштен тебіндеген албырт шабыты
қолына қалам ұстатқанда, ақ қағазға алдымен қанды
ұрыстан, өмір мен өлім айқасынан алған əсерін түсіреді. Ол
əсердің молдығы сонша, əскерден босанысымен, төрт-бес
жыл бойы табан аудармай істеген еңбегі «Курляндия» атты
қалың романды дүниеге келтіреді (1950). Көркемдік бітімі
40
көңіл тойғандай шықпады десек те, бұл шығарма əдебиетке
өз қазынасымен, тың суреттерімен қосылды. Қазақ
оқырманын окоп шындығына қанықтырып, жауынгер
тірлігінің тереңіңде жылып аққан ағысын, тыныс-лебін
тікелей ұрыс шебінен елестетті. «Курляндия» кейін
толықтырылып, əрі ықшамдалып «Күткен күн» (1958)
атымен қайта шықты.
Жазылған дүние шығарманың көркемдік сапасын
жетілдіру мақсатында өңделді. Кейбіреулер «Курляндия»
«сын көтермейтін нашар» шығарма десті. Авторының өзі
тіптен тұқыртып: «...1947 жылы əскер қатарынан босанып
қайтқан шала сауатты қалпыммен роман жаздым. Əрине,
шала сауатты баладан шала сауатты роман шығатыны
белгілі», - деп атүсті сынды растағандай болды. Жөнін
айтқан - жазушы, сыншы Тахауи Ахтанов. «Курляндия»
романында, - деп жазды ол, - жас жазушы ең алдымен
өзінің талантын, шебер суреткерлігін танытты. Соғыс
өмірін оқушылардың көз алдына көркем елестете білді.
Біздің есімізде бірі бар, бірі жоқ. Өткен өмірдің бетін
кірбің басқызбай, есіңе салып беріп отыратын өмір
шежіресі - көркем əдебиет» - депті ертерек жазған бір
мақаласында Əбдіжəміл.
Ол соғыстың өрті өшкелі бір емес, алпыс жыл. Жарты
ғасырдан аса уақытта қайта оқылған «Курляндия» ескірді
ме екен дейтін емес, қалдырған ізі бар. Майдан суретін
ендігі ұрпаққа сенімді жеткізетін туынды. Ел іргесінің
тұтастығын сақтап қалған ерлікті роман шежіредей
шертеді. Есей, Нұржандар қазақ, орысы, татары, өзбегі боп
бір ауыздан сөз, бір жеңнен қол шығарады. Ел намысын
қолдан бермейді. Нұрпейісов романы - сол шындықты
асырмай, жасырмай қаз қалпында суреттей отырып,
отаншыл сезімге баулитын құны жойылмайтын шығарма.
Майданнан қайтқан жас офицер Əбдіжəміл туған
жерімен
қаншама
сағынып
қауышса,
оған
деген
169
ойнап күліп бір тыналық»), қыс («Қыс қамын ерте баста
жабыла ойлап», «Қаңтардың үскірігі ғаламат та!») туралы
өлеңдері, сондай-ақ «Жаңбыр», «аптап», «Туды деме сен
мені осы кімнен», «Көк тоғай»), т.б. жырлары туған елінің
табиғатын
үлкен
ақындық
шеберлікпен
суреттеген
туындылар.
Бұлардың
қай-қайсысында
да
өлке
табиғатының əр алуан қыр-сыры байқағыштықпен тап-
басып, дəлме-дəл бейнеленеді. Ақынның табиғат жырлары-
оқырманның эстетикалық сезімін байыптайтын, туған
жердің табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін
еңбектер.
Ақынның табиғат туралы барлық жырларында да оның
туған Жерге, ел-жүртына деген үлкен сүйіспеншілігі,
перзенттік сезімі көріңеді. «Ұлы дала» атты өлеңі.
Өзіне дейінгі табиғат жырларының шиырына түсіп
кетпей, ақын табиғат лирикасының қай-қайсысында да тың
бейнелеу құралдарын қолдануға ұмтылады.
Əдебиеттің
барлық
өкілі
жабыла
жырлаған
махаббатты
да Қадыр ақын айналып өткен жоқ. Оның,
əрине, өзге ақындар шарлап өткен шиырлардан бойын
аулақ ұстап, өзінше тың пікірлер айтуға, қасиетті, сиқырлы
сезімнің жаңа бір қырларын ашпақ болған талпынысы да
табыссыз емес. Кірпіктері күн нұрына суарылған сұлуларға
елжіреп табынған ақын:
Батырларды матап-байлап тастауға
Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.
Қайран сұлу Күн келбетті, Ай мүсін!
Көзін сүзбей қалады оған қай кісі?!
Бір адамның, бір адамның бақыты ол,
Мың адамның, мың адамның қайғысы! - дей келіп,
«Махаббат - ғашықтың пернесі» атты цикл өлеңдерін
Қадыр өлеңді көп жазған ақын. Қадыр - өзіне дейінгі
аса ірі ақындардай, сөздері мірдің оғындай жыр дүлділі.
168
Халықтар арасындағы достық ел басына қауіп-қатер
төнгенде сынға түсетінін жақсы білетін ақын «Мың бір
сілкініс» атты өлеңінде Ташкент жер сілкінісінен адам
айтқысыз азап шеккен өзбек қасіретін жырлайды.
Жеке адамдарға арнап өлең жазу - қазақ поэзиясында
ежелден үзілмей келе жатқан дəстүр. Махамбет, Абай
шығармаларында кемелденіп, еңсесі биіктей түскен бүл
көркемдік үрдістің жиырмасыншы ғасырдағы қазақ
поэзиясында жалғаса түскені де баршаға аян. Сол дəстүрді
ілгерілете түскен ақындардың бірі - Қадыр Мырза Əли
туған еліне өлшеусіз еңбек сіңірген, ел тарихынан іргелі
орын алған халықтың батырларына, өнерпаздарына,
ақындарына арнаған Қадырдың өлеңдері аз емес.
«Абылай», «Қабанбай асында туған ой», «Сырым
Датұлы
», «Еменге біткен иір бұтақ», «Амангелді»,
«Мəншүк»
сияқты
шығармаларында
ол
арғы-бергі
қаһармандардың
ерлік
бейнесін
шабытты
жыр
өрнектерімен сомдайды.
XIX ғасырдағы қазақ əдебиетінің алыптары Абайға
(«Күні келген кемеңгер»), Шоқанға («Шоқан»), Ыбырайға
(«Ыбырай»), яки XX ғасырдағы қазақ əдебиетінің
классиктері Ахметке («Ахмет Байтұрсынұлы»), Мұхтарға
(«Мұхтар Əуезов»), Ғабитке («Қара шал») арнаған
Қадырдың
өлеңдері
қазақ
поэзиясындағы
арнау
өлеңдерінің жақсы үлгілерінің қатарын толықтыра түседі.
Ақын бұл шығармаларымен де ұлттық поэзияға тың серпін,
жаңа үн, соны көркемдік бояулар əкелді.
«Құрманғазы», «Сегіз сері Баһрамұлы», «Мұхит»,
«Тəттімбет», «Қобыз кесене» т.б. ақын өлеңдерінде өнер
жұлдыздарының кемеліне келіп тұрған жарқын бейнелері
бар.
Қазақ əдебиетінің өркендеп өскен бір саласы - табиғат
Достарыңызбен бөлісу: |