лирикасын
молықтыруға да Қадыр ақын едəуір еңбек
сіңірді. Оның жаз («Жаңбырлы жаз»), күз («ішіп-жеп,
41
махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын
жүректен жырлап шығуға соншама ынтықты.
«...Əлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады.
Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір
тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп
соғып жатқандай. Кей күні... сен əлденеге өзек аузында
жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын,
жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңе аласың. Өз үйің
жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай
қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен
болар, жан əкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген
жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де
қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала
əлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның əжім беті
іштей нұрланып елжіреп қоя береді».
Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге
келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер»
трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең»
(1964), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ
байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап түрған күнді аз
кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері
тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан
тəрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз
тұнжырап түнерген қалыбынан жазбайды. Соның өзінде де
туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.
Мына қабағы қатулы шығармадан ол сезілмейді емес.
Трилогияны оқыған сайын Қасым ақынның:
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге көкірегімді бөледің?
Сенде тудым. Сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім -
деген өлеңі есіңе оралады. Алтын бесік туған жерге
деген ұлы махаббат, ол туралы асқақ ойлардың прозадағы
реңі, əрине, өлең сөзден басқаша кестеленеді. Прозашының
42
туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспеншілігі
елінің кең қолтық мінезін, шалқар əнін, шалқар көштей
шұбатылған тарихын эпостық құзырға көтере суреттеуінен
аңғарылса керек.
«Қан мен тер» трилогиясы - ел, халық, оның
əлеуметтік
тағдыры
туралы
шығарма.
Уақыты
өзгергенімен, заманалық зəрулігі өзгермейтін туынды.
Соңғы жетпіс жылғы алтын əдебиетімізді мысқа балағысы
келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап
күресін жазғандықтан ескірді деп мін таққысы бар. Бай мен
кедейдің бұзылған арасын жазды деп Нұрпейісовті
кіналасақ, «Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін, қүдайым-ай» дейтін Абай өлеңі
хақында не айтуымыз керек?
«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тəуелсіздік
мұнарасынан,
демократиялық
көзқарас
тұрғысынан
оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін
таппайсыз. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы
пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай
жіберді екен?» деп те қаласыз.
Романның
«Күйреу»
аталатын
үшінші,
соңғы
кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ
коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына
Еламан əжептəуір күмəн келтіреді.
«...Ол кезде жер басқан адамның бəрі бірдей болады
дейді. Жə, жарайды, адам баласының көкірегінде алалық
болмас. Осы жұрттың ішер асы, киер киімі, сөйлер сөзі
бірдей-ақ болсын. Бірақ құдай бірдей жаратпаса қайтеді?
Басқаны қойғанда бір оттың басында бір қазаннан ас ішіп,
бірге жатып, бірге тұрып жүрген, бауырлас кісілердің
арасында бірдейлік бола қоймаушы еді ғой. Олардың
арасында да бірінің сөзі үстем, бірінің өзі үстем. Бірі
ертеден қара кешке дейін қоңынан күн өтіп, сылпылдап
қой соңында жүрсе, енді бірі алшайып ат үстінен түспейді.
167
..Дос дегенде өртеніп өл, жанып өл,
Өзің үшін мына менің жаным көл.
Жылғақұмар жаңбырдың, суындаймыз
Бірімізді біріміз іздегенде.
Біріміз күн, біріміз інжу тастай
Жайнап сала береміз жолыққанда.
Қақ жарылган бір тұтас маржандаймыз,
Қиюласа қаламыз тілдескенде.
Əрі қожық, əрі сенің құлыңмын,
Сендей досы болса деймін ұлымның!
Бұл адамдар арасындағы шынайы достықты жырлау
үстінде ақын тапқан қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа
көркемдік-бейнелеу құралдары, тың да мəнді-мазмұнды
поэтикалық өрнектер.
Адамдар
арасындағы
достық
қарым-қатынас
-
жұмбағы көп аса күрделі құбылыс, құбылмалы процесс.
Өмірде дос болып жүріп қас болудың, əрбір сын сағатта
достықтан айнып шыға келудің де неше түрлі көріністері
бар. Міне, Қадыр ақынның осы бір ұнамсыз жайттар
жайында
жазған
реалистік
толғауы
да
тартымды
(«Ажыратар алыс пенен жақын», «Қуаныштың қызыл гүлін
екпек ек» т.б.).
Жеке адамдар арасындағы достық туралы өлеңдермен
қатар, Қадыр халықтар арасындағы қасиетті, қадірлі
достыққа да өзінің көп өлеңдерін арнаған («Орыс досыма»,
«Цыган жыры», «Өзбек өңірінде», «Қырғыз құшағында»,
«Тəжік топырағында», «Түрікмен төрінде»).
Бұл өлеңдерінде ақынның қазақтардың достыққа
дегеңде аса қабілетті, өте берік, ешқашан айнымайтын
ақжүрек адалдығын жақсы суреттеген. Ол таптаурын
болған көптеген бейнелеуден бойын аулақ ұстап, тың
көркемдік образдар, жаңа теңеу, ұтымды метафоралар
табуға ұмтылады.
166
көркем деталь, штрихпен беруге ақын шебер. Бұрын-соңды
ешкімнің аузынан шықпаған тың образды сөздер де ақын
өлеңдерінде жиі үшырайды.
Соғысқа қарсы жазылған ақын өлендерінің түйіні
біреу: ол-жер жүзіндегі барлық адал ниетті адамдарды
бейбітшілік үшін күреске үгіттеу.
Қадыр Мырза Əли - достық атты адамдар бойындағы
ең бір асыл қадір-қасиеттің жыршысы. Оның «Миым менің
қажығанда», «Досым болсаң!», «Айтқан бойда еретін»,
«Танып ниет теңізін», «Тағдыр мұны тілемесін, тілесін»,
«Келесің істен қалжырап», «Жолдас үшін үй жақын»,
«Күдеріңді досыңнан үз дегенде», «Талай-талай қызуыңнан
от алдым», «Егер сүю күнə болса», «Тек биік деп» сияқты
өлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімнің алуан-
алуан əдемі суреттері бар. Адам бойындағы достық атты
қасиетті, киелі сезімді жырлағанда Қадыр бұрын-соңды
қазақ
поэзиясында
ұшырайтын
көптеген
көркемдік
бояуларды қайталамайды. Ол тың поэтикалық өрнектерді
табуға ұмтылады.
Мен отырған жерде саған кең жайлау,
Сен отырған жерде маған еркіндік.
Сен отырған жерде маған рахат,
Мен отырған жерде саған көңілді.
Бір телефон өмірде
Жатқа білсем, сенікі.
Туған күнін біреудің
Ұмытпасам, сенікі.
Шақыртпай-ақ баратын
Үйім болса, сенікі.
Басқаларға бұлдайтын
Төрім болса, сенікі.
Өмір бойы толмайтын
Орын болса, сенікі.
43
Түсінбеймін...Қара борбай кедейлер теңдік алсын.
Бірдейлік орнасын. Бірақ, бəтір-ау, осы халықтың киер
киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?»
Жазушының алғашқы романымен салыстырғанда «Қан
мен тер» - тірлік-тынысы əлдеқайда кең шығарма.
Жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды. «Курляндия»
оқиғалы роман санатына жатса, бұл - əлеуметтік-
психологиялық типті шығарма. Ізденіс салмағы характерге
түскен. Бар суреткерлік қабілетін ата-бабалардың мінез-
кескінін ашуға жұмсаған. Характер – Нұрпейісов
романының қозғаушы күші. Ел қазанында қайнап піскен
характер өз тарапынан ел тамырының соғуына, тонус,
райына ықпал етеді. Романдағы оқиғаларға мұрындық боп
көрінеді. Əрі сюжет ұйтқысы.
Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һəм
жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің
жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды.
Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан -
қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік,
қайраттылық тəн. Намыскер жігіт. Жұрт Қаратаз деп
атайтын Құдайменді байдың қорлығына шыдамай, айбат
шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған.
Бір-екі сөзінен ой түйгіш, көкірегі ояу жан екені байқалып
қалады. Жетпей жатқан тұсы əзірше былайғы дүниемен ісі
жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық
қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте əлеуметтік
сəуле түсіреді.
Еламан өміріндегі ілкі əлеуметтік сілкініс кездейсоқ
оқиғадан басталады. Арал промыселінің қожайыны «тентек
Шодыр» атанған Федоров əлі дұрыстап қата қоймаған
теңізге балықшыларды зорлап айдап салады. Жалданған
балықшыларды басыбайлы құлы есепті ұрып соғады. Өзіне
де қол көтерген соң іштей кіжініп жүрген Еламан суға
кеткен балықшыларды сұрастырмай, ауын жоқтап тұрған
44
дүниеқоңызды сүйменмен салып өтеді... Кездейсоқ оқиға.
Еламан кісі өлтіремін деп ешқашан ойламаған. Тумысында
жуас, ақ пейілді адам. Мына кездейсоқ оқиғаның
қажеттілік деп аталатын астары бар. Жазықсыз Андрей мен
Жалмұраттың қазасы, көпестің олардың өмірінен дүние
боқты жоғары қоюы, адамшылық ар-инабатының жоқтығы
адал кеудеде кек отын тұтатады.
Нұрпейісов
характер
сомдауда
əлеуметтік
Һəм
психологиялық талдау тəсілін бір арқанның екі тіні
есебінде өреді. Романның алғашқы беттерінен ақ автор би-
төл сөз жəне төлсөз (несобственно-прямая речь) арқылы
Еламанның жанын сөйлетеді. Жəне психологиялық
талдаудың монолог формасын жиі қолданады. Монолог
шарты - жалғыздық. Еламан «Жалғыз кісіге ой үйір келеді-
ау» - деп түйеді . Ойы үнемі екіге бөлініп жүреді. «Теңіз
үстінде əйелі жайында көп ойлайды. Алғашқы кезде ол бір
түндік астында бірге тұрғасын бойы үйреніп кетер деп
үміттеніп жүрген. Бірақ «Кешкісін үйге кеп əйелінің бетіне
бір қарағаннан-ақ көңілі суып сала беретін». Еламан
қасында құр сүлдесі жатқан əйелі Ақбаланың тəні ғана
өзінікі, ал жаны басқа жақта екенін сезгенде мүлде моқап
қалады. Бас кейіпкердің осы күйі ұзақ-сонар ішкі монолог,
төл сөз арқылы беріледі. Кей кейде ғана ішкі монологі ішкі
төл сөз пішінін алады. «Бейшара қайтсін, мен кінəлімін.
Ие, ие, мен кінəлімін», - деді Еламан ішінен».
Кейіпкер
іштей
күйінеді,
опынады,
толғанады.
Адамның осы бір ішкі драматизміне жазушы əрдайым
құлақ түргіш.
Трилогияның екінші кітабы «Сергелдеңде» Еламанның
жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші
кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында
əлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып
көрсетеді.
165
Өз елін, халқын өлшеусіз махаббатпен, жан-тəнімен,
жалынды жүрегімен беріле сүюдің үлгі-өнегесін де Қадыр
Мырза Əли өлеңдерінен танимыз.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Асқар тауын аспанымен астасқан
Қазағымның мəртебесі деп білем!
Күннің нұрын, айдың əппақ сəулесін
Қазағымның махаббаты деп білем! -
деген өлең жолдары ақынның өз халқына деген
перзенттік сүйіспеншілігін, патриоттық шынайы сезімін
білдіреді. Қадыр ақынның бірсыпыра өлендерінде
жер бетіндегі адамзаттың халыққа апат əкелетін қырғын
соғысқа қарсылығы, бейбітшілік үшін қажырлы күресі
суреттелген.
Тарихтағы
басқыншылардың
жойқын
шабуылынан қиямет-қайымды бастан кешіп, көп зардап
шеккен, «мың өліп, мың тірілген» (Жұбан Молдағалиев)
қазақ халқының тағдыры ақынды қатты толғандырады. Ол
арғы-бергі тарихтағы Шыңғысхан, Бату, Наполеон,
Муссолини сияқты басқыншы қолбасшылардың қолымен
жасалған жауыздық ізін жырға қосады, айуандықты
айыптайды.
Əсіресе, Қадыр өлеңдерінде 1941-45 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының қаһармандығы,
тап болған алапат қиындықтарға төтеп берген төзімділігі,
ғажайып жігер-күш танытуы айқын да көркем бейнелермен
берілген («Аязға алма беті тыз етіп бір», «Басым жаудың
күшін біз», «Соғыс болса», «Бүйткен өмір қүрысын»,
«Қырық екінші жылды басқа жазбасын!», «Азамат боп
дүниеге келгесін», «Мың шүйлігіп талай нəпсі - күшіген»,
«Бір кісідей соғыстық», т.б.). Бұл өлеңдерден Қадыр
ақынның
өзі
қатар
тұрғыластарына,
əріптестеріне
ұқсамайтын, өзіндік мəнері, тапқырлығы байқалады.
Əсіресе, үлкен оқиғаларды шағын-шағын өлең шумағымен,
164
шындыққа сай үлкен көркемдік шеберлікпен суреттеп
берді.
Бабамыздың шоқ басқан табанымен,
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы - тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы - қимаған даланы кең.
Бір жаманы - жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы - тілге ерік берген екен.
Бір жаманы - кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы - найзагер, мерген екен.
Бір жаманы - кешігіп əліппе ашқан,
Бір жақсысы - күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы - қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы - сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы - шаруасын маңдытпаган,
Бір жақсысы - қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы - үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы - жесірін қаңғытпаған.
Тату-тəтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы - сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы - абақты тұрғызбаған!..
Қазақ халқының көшпелі дəуірдегі тіршілігі туралы
осы бір хрестоматиялық жырды əдебиет классигі Ғабит
Мүсірепов ерекше ұнатып, жоғары бағалаған. Ақынның
бұл өлеңін тек Ғабит Мүсірепов ғана емес, бүкіл əдебиет
қауымы қазақ поэзиясының классикалық туындысы деп
таныды. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
атты өлеңінде де қазақ халқының жарқын образы бар.
Алайда бір ескеретін жай: бұл өлеңде қазақтардың
адамгершілігі, меймандостығы, өнегелі, биік қалпы жыр
өрнегіне түскен.
45
Ақ патша тағынан құлап, орнына келген Уақытша
үкімет те ел тізгініне ие бола алмай, Қос үкімет дейтіннің
орнаған кезі. Ел іші дағдарыста. Соғыс ауыртпалығы ес
жиғызбай езіп жаншып əкетіп барады. Бұрынғы майлы,
жайлы орнынан тапжыла қоймаған ескілік Петербор
жақтан шыққан дүрбелеңнен шошынғанымен, əлі айылын
жияр емес. Түрмеге қамалған, айдауда жүрген, одан
түріктермен соғысқа қатысқан, майданнан оралғанда
Шалқарға келіп темір жол бойына жұмысқа орналасқан
Еламан, ендігі жүріс-тұрысында біраз дүниені бағдарлап,
байыздайтын өреге көтерілген. Бірақ кейіпкердің əлі де
«бір қайнауы ішінде». Əлі де ол оң мен солын айырып
жетпеген сергелдең пішінде, əуре-сарсаңда.
Екінші кітаптың сюжеті мен композициясы бас
кейіпкер характерінің осы ерекшеліктерінен туындайды.
Сюжет əлеуметтік дауылдың қарсаңындағы ісініп-қабына
бастаған теңіздей теңселген ахуалды бейнелеу барысында
шиыршық атады. Бұрынғы самарқау ырғағынан жаңылған
кейіпте. Композиция сюжеттің сабақтас оқиғаларынан
құралады. Əлдебір үлкен оқиға аяқтала бере, ширыққан
сюжет суреті публицистика əуеніне ауысады. Суреттелген
оқиғаларды тың ойлармен түйіндейді. Эпикалық сюжеттің
ішкі драмалық, күрделі-психологиялық сипаты өзгеріп,
ақырында талдама-жинақтаушылық реңк алады.
«Еламанның сең соққан балықтай сергелдеңге түскен
жаны соқтықпалы өмірден соқпақ іздеп, баяғы Шалқарға
бет қойды».
Романның соңғы редакциясында бұл сөйлем түсіп
қалған.
Онсыз да түсінікті жайттарды оқырманға шайнап
берген астай етуді автор жөн көрмеген тəрізді. Оның бер
жағында, Еламанның сең соққан балықтай күй кешіп жүруі
рас болғанымен, Шалқарға бет қоюында саналы əрекет
барлығы
байқалады.
Талай
елді,
жерді
аралады.
46
«...Ұйықтап жатқан кеще ойға тас тиіп оятқандай болды;
сонан бері өз басының қайғысын ел қасіреті жеңіп, шерлі
жүрегі сыздап қайтты». Шалқарға бет алғанда Еламан қара
басының қамын ойлаған жоқ. Еліне көмек тиетін көздің қай
жерде екенін біліп аттанған.
Характердің сюжеттік арнасы кеңи түседі. Майданнан
еңсесін тік көтеріп қайтқан Еламан ешкімге кеудесін
бастырмауға, есесін жібермеуге тиіс. Іс жүзінде солай
болады да. Майданда казак-орыстармен төбелес үстінде
жазым бола жаздаған жерінен арашалап алып, Шалқарға
жұмысқа орналастыруға көмектескен, үйінен пəтер берген
Мюлгаузенмен жұдырықтасып қалады. Мюлгаузеннің
«қорқақсың» деп жұрт көзінше қорлап былапыттағаны
жанына батады, намысына тиеді. Кейіпкер характерінің
қатайғаны Тəңірбергенмен айырылысқан бетте төркініне
қайтуға жүзі шыдамай Шалқарға келген Ақбаламен ойда
жоқта ұшырасып қалғанда байқалады. Ескі нұсқада Еламан
бұрынғы əйеліне жаны ашығандай, онымен қайта
табысқысы келгендей кейіп көрсетуші еді. Жаңа нұсқада
оның Ақбалаға қайырылғысы жоқ. Құштарлыққа бой ұрып,
емшектен шықпаған баласын тастап, бір кезде айдауға
кеткен Еламанға ол да бұрылмастан кетті ғой, - деп
қорытады өз шешімін.
Мюлгаузенмен төбелестен кейін ауылға оралған
Еламан бастапқы кезде тағы да бұрынғысындай іштен
тынып жүрген. Тағы да оқиға ағысында жаңқадай
қалқитын
тəрізді.
Шалқардан
əкелген
тапаншасын
жолшыбай бір ескі жұртқа тығып кеткен. Балықшылар
арасынан тыныш тірлік іздейтіндей. Қайын атасы Сүйеудің
үйіндегі баласын қолына алады. Бірақ бұлайша жеке
басының қамын күйттеумен жүруі ұзаққа бармайды. Өмір
еркіне қоймай иіріміне тартады. Амалсыз білегін сыбануға
мəжбүр. Əлеуметтік тартысқа қайта араласпасына амалы
қалмайды. Айдын шалқар теңізді бір өздері иемденіп,
163
Сен біреудің кісілігін кешірмей.
Қайғы-құса көрмеген соң кеміріп,
Қырау түспей көңіліңе өмірі,
Ер жыласа, соған іштей мəз болып,
Ел жүдесе, қаласың сен семіріп!
Сұмырайға бола қалса тапшылық,
Сені сайтан алар еді хатшы ғып.
Бəрін, бəрін білесің сен өмірде,
Білмейтінің бір-ақ нəрсе - Жақсылық!
Өліп-өшіп, өп-өтірік кемсеңдеп,
Өлесің сен жұрттан кейін, өлсең де.
Анаң түгіл сатар едің Аллаңды,
О бастан-ақ болмаған ғой ол сенде!
Соны ойласам, боран ұлып жанымда,
Көңілімді басады бір қалың қар...
О зұлым-ай!
Сен тұрғанда
Өзімнің
Қалай тірі жүргеніме таңым бар! - деген ақынның
айбынды да өткір жыр шумақтары адамдар бойындағы
кесір-кесапатты жеріне жеткізе əшкерелеп түр.
Қадыр - негізінен ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда
қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі
өмірі, тіршілігі туралы бүге-шігесіне дейін жазған өлеңдері
өте көп. Сол өлеңдердің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ
халқы өмірінің көркемдік шежіресі, əдебиеттегі образды
тарихы деуге де болады. «Бабамыздың шоқ басқан
табанымен» атты ел аузында жатталып кеткен атақты
өлеңінде ол қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасып
қалған ұлттық əдет-ғұрпын, мінез-құлқын, психологиясын,
экономикалық,
əлеуметтік,
саяси
бейнесін
тарихи
162
Еңбек - адамдарды, халықты өсіретін, алдына қойған
арман-мұратына жеткізетін құдірет күш екенін Қадыр ақын
шығармаларыңда жеткізе айтқан.
Жадау тірлік, марғаулықты мұра ғып
Жата берген бүктетіліп, бұралып,
Қазақ жері ұйқысынан оянды –
Ұйқысынан оянды енді бір алып.
Адамды,
адамдарды
ардақтап,
көкке
көтере
жырлаумен қатар, Қадыр ақын оның бойында бар
кемшіліктерді
де
көре
біледі.
Адамдарда
жиі-жиі
ұшырайтын
ашқарақтықты,
тойымсыздықты,
қанағатсыздықты, ақша қуып байлықты арман ететін
дүниеқорлықты ақын өткір жыр тəсілімен түйреп отырады.
«Байлық» атты өлеңіндегі ақынның:
Ақша қуған адамдарда жоқ сенім,
Бар арманы - алтын ұстап өтсе күн.
Ажалменен жатқанда да айқасып,
Өзін қойып, Сені ойлайды Тек сені!
Саған құштар дүниенің бар сұмы,
Бұл айтқаным ождан сыны, ар сыны,
Мен өзіңе қарсы емеспін,
Мен саған
Құл болуға,
Күң болуға қарсымын! - дегенін айналамыздағы
байлықтың соңына түспейтін миллиондаған қарапайым
адамдардың барлығы да құптайтын, мақұлдайтын болса
керек.
Арғы-бергі адамзат тарихындағы көп адамдардың
бойында бар жиіркенішті мінез-зұлымдық, арамзалық
дегенге де қарсы Қадыр ақын жыр жебесін аямай боратады.
Арамзалық-зұлымдықтан көшірме,
Сен келесің көшірмені өшірмей.
Біреу сенің иттігіңді кешірсе,
47
балығы көп ойыққа басқаларға ау салдыртпайтын Темірке
көпес пен Тəңірберген байдың озбырлығына қарсы тұрады.
Жеңілетінін біле тұрса да, топ бастап қайрат көрсетеді.
Түрікпендер шабуылдап, бейқам жатқан елдің мал-жанын
айдап кеткенде, қол бастап, жаудан өш алады. Мал-жанды
үйіріне қосады. Жағдай намысты оятып, кеудеде жігер
туғызса, жігер характерді қайрайды. Ар-намыс жетегіндегі
характерге оқиға арнасын өз деген жағына бұра алатын
қуат бітеді... Бұрынғы жылқышы, балықшы, сарбаз ой-
санасының əлеуметтік қабаты қалыңдай түседі. Шодырды
өлтірген кездегі Еламан - стихиялы бүлік құрбаны еді. Бұл
жолғы Еламан басқа жан. Саналы күрескер. Халқының
қолындағы қаһарлы қару. Білек күші жағынан ғана емес,
ақылы да пəрменді құралға айналған.
Түрікпен шабуылының құрбандықтарын жерлеп, асын
берген Еламан төбе басында жалғыз қалып, «ауыр оймен
тұнжырап отыр». Жай ғана қамығып отырған жоқ. Ой
ойлап отыр. Бұған дейінгі шертілген ұзын хикая
публицистикалық жолмен сығымдалып қорытылады.
«Осы қазақ неге көнгіш? Аштыққа көнуге болар, ал
бірақ қорлыққа көнген қасиет пе?..Көненің көзі ғой деп,
қариялардан жөн сұраған кезі болды. Қанша жасаса да
олардың осы өмірден түйген зəредей де сабағы болмапты...
Олар өз елінің тірлігін ұзақ сонарға сап, баяғы заманда
өткен даңғой батырын, жезтаңдай биін мақтап, жөн сұраған
кейінгі ұрпаққа тірліктің жолын қиындата түседі... Ата-
бабасының бір ісіне ырза емес. Үстіне кісі кіргізбейтіндей,
кең далаға сыймай, мал жайып жатқаннан не ұтты? Талай
заманнан бері жер дауы кішкентай елді жегідей жеп,
алауыздық асқына түскен. Соның арқасында ит-құсқа
таланып, таяқ жеумен күн кешіп келеді. Кеше де өздерінен
он есе күші аз жауға қарсы тұра алмады. Таланды.
Тоналды. Алдағы уақытта əлі қанша таланбақ!»
48
Публицистикалық толғау драмалық сюжет есепті. Іші
қазандай қайнаған Еламан тығырықтан шығаратын жол
іздейді. Ізденіс үстінде ойы шартарапты шарлайды. Арғы-
бергі тарихқа «ат сабылтады». Ауылына қайтқан беттегі
қалпы қызық. Көзін алдындағы жалпақ даладан алмай
келеді. Ал ойы басқада. Қап тауын, Ресей жерін аралайды,
қала берді Түркия майданына кірісіп кетеді. Кезбе ойы
кесек ойларға бастай ма, қалай? Сюжет-толғау, сюжет-
естелік ащы ішектей шұбатылған ұзақ ішкі монологке
ұласады. Еламан іштей түлейді. Оянған, рухани жағынан
байыған Еламан санасы жаңарып, ел сөзін ұстайтын өреге
көтеріледі... Роман кеңістігі теңіз айдынын елестетіп ұлғая
береді...
Еламанның ел-жұртының тағдыры хақында ендігі
түйгендерінің
бəр-бəрі
мінсіз
емес.
Келісетін
де,
келіспейтін де жерлері бар. Қазақ халқының өткен күнін,
бұрынғы бетке шығарларын түгін қалдырмай сынап-мінеуі
сыңаржақтау. Роман жазылған уақыттағы, яки кеңес
кезіндегі
үстем
көзқарастың-социалистік
реализмнің
салқыны тигендей. Ел тарихын тым кемсітіп жібергенімен
келіспейміз. Келісетініміз - Еламанның ел ішінің бірлігі
хақындағы түйгендері. Мұның жөні бөлек.
Қазақтың
қарымды
қаламгері
Əбдіжəміл
Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман-трилогиясының
алғашқы кітабы 1961 жылы, соңғы томы 1969 жылы
шықты. Роман-трилогия тұтас күйінде 1970 жылы жарық
көрді («Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»).
Роман жайындағы ««Қан мен тер» қалай жазылды?»
деген мақаласында (1976 «Жұлдыз» №3) автор былай
дейді:
«Бағзы бір замандағы байырғы қазақ пен кешегі
революция қарсаңындағы қазақ тірлігінде салт-сана, əдет-
ғұрып, дəстүр жағынан түк айырмашылық болмаса да,
ұлттық сана-сезімінде күрделі өзгеріс байқалатын...
161
Ұясына көтеріп салған да - Адам! - деп ақын
адамдардың жасампаздық тұлғасын, құдірет күшін, əдеби
ұлы бейнесін жыр өрнегіне дұрыс түсірген.
«Адамды адам еткен - еңбек» деп данышпан бекерге
айтпаған. Ұлы Абай да «Еңбек етсең, ерінбей, тояды
қарның тіленбей» деп адам атаулының биік қалпы еңбек
арқылы танылатынын дəл тауып айтып кеткен. Поэзия
тарихындағы барлық ақын да өз əлінше адамдардың еңбек
үстіндегі тұлғасын көрсетуді дəстүрге айналдырған. Қадыр
ақын да сол дəстүрді өзінше толықтыра түсуге бар күшін
жұмсағаны оның шығармашылық жолынан байқалады
(«Теріңді намыс сыдырсын», «Қалада да, далада да, айда
да», «Жараспайды жақсыға құлқын егес», «Құдіретін
ақылдың сенер ішім», «Телегей боп қызыл қан далада
аққан», «Қалампыр сіңген балғынға», «Шаруанды сенің
мыңдаған», «Жəй ғана сөз», «Жұмыс қана - даруы
толғаныстың», «Көңілі аппақ қабығындай хатыңның»,
«Тағы кіріс ісіңе», «Бүгін де сол кешегі» т.б.).
Қалада да,
Далада да,
Айда да,
Уа, тіршілік,
Сенің ғана пайдаңа
Жержаһанды қалауынша құлпыртып,
Жұмыс жасап жатқап жандар қайда да.
Ылғи ғана бсйнет дəмін татқандар
Күн боп батып,
Таң боп қайта атқандар.
Қайда барсаң,
Қашап барсаң, - деп ақын əр саладағы еңбек үстіндегі
адамдарға сүйсінеді, олардың - еңбек адамдарының əдеби
кейпін романтикалық толғаныспен, тебірене жыр етеді.
160
жырлауда Қадыр ақынның тапқан табыстары, жеңісі аз
емес.
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын! -
деп ақын дұрыс толғанады.
Қадыр
ақын
үнемі
адам
бойынан
ізгілікті,
жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады.
Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен
жырлайды. Оның өлеңдерінең ақынның адамға деген
шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап көзге түсіп
отырады.
Күндіз-түні сабылып, ертелі-кеш індетіп,
Тек жақсылық, жақсылық іздеу - менің міндетім.
Мен жақсылық іздеймін қызу қанның өзінен,
Мен жақсылық іздейміп бұзылғанның өзінен.
Мен жақсылық іздеймін қаскүнемнің өзінен,
Мен жақсылық іздеймін маскүнемнің өзінен.
Мнп жақсылық іздеймін!
Əрлі-берлі із кесіп,
Жамандықты іздесе,
Оңбағандар іздесін! - деген ақын жүрегінен жарып
шыққан жыр жолдары сендіреді де, сүйсіндіреді де.
Сезетұғын сияқты осы бастап бекем ұл
Дүниенің тұтқасы Адамдарда екенін! -деп Қадыр ақын
жер бетіндегі барлық қоғамның тетігі, тіршілігі, бет-
бейнесі адам деп біледі.
Көресінің көкесін көрген де - Адам.
Көк құрышты қамшы ғып өрген де - Адам.
Найзағайдай атылған жолбарыстың
Жағын қолмен айырып берген де - Адам!
Күн нұрына арманын малған да - Адам.
Жақсылықпен бір тыныс алған да - Адам.
Құлап түскен торғайдың балапапын
49
Сонымен бірге 1916-жылғы қанды оқиға тұсында кешегі
мал соңында күн кешкен жалшылардың ойы, санасы өсіп,
оңы мен солын тани бастады. Сөйтіп шым-шытырық
өмірден өзіне сүрлеу жол іздеп табатындай парасатқа
көтеріліп қалып еді...
Менің есебім бойынша Еламан да... дəл осы дəрежеге
көтерілуге тиіс қаһарман еді... Кешегі мал баққан
жалшының саналы жолға түсіп, қызыл жалаулатып
революционер болғанын көрсеткеннен гөрі, оның осы
жолға қалай келгенін, себебі мен салдарын көрсеткім
келді».
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жазушы Еламан
характерінің эволюциясына, əсіресе, осындай қарапайым
адамның жан дүниесіндегі қайшылықтарға көп көңіл
бөледі. Жазушы осы тақырыппен 15 жылға таяу уақыт
айналысты.
Роман
тарихи-революциялық
тақырыпқа
жазылған.
(С.Мұқанов «Ботагөз», Х.Есенжанов «Ақ жайық»,
З.Шашкин «Тоқаш Бокин» романдары да осы тақырыптас).
Романда қазақ даласындағы əлеуметтік шындықтар –
капиталистік
қарым-қатынастың
тереңдей
түсуі,
Ақпатшаның қазақтан «қара жұмысқа» əскер алу туралы
бұйрығының шығуы, осыған байланысты 1916 жылғы
дүрбелеңнің
басталуы,
ақпан
буржуазиялық
революциясынан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайлар, қазақ
төңкерісі, патша генералдарының жанталаса бас көтеріп,
совет өкіметіне қарсы шабуылға шығуы, азамат соғысының
басталуы жəне т.б. күрделі жайлар кеңінен суреттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |