Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 
Негізгі
 əдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 

 152 
 
 
былайша  қорытылады.  «Біздің  поэзиямызда  бір  уақыт 
үстем  болған  халық  ақындарынша  толғаудан,  лепірме  көп 
сөзділіктен, элегиялық, одалық стильден қашып, біраз жас 
ақындар      өз      өлеңдерін  нақтылы  өмір    құбылысына 
құратын  болды.  Образды  деталь,  штрихтармен  ашуға 
тырысты.  Бұл  салада  едəуір  табыстары  да  бар.  Бірақ 
нақтылық  деген  жақсы  ниет  оларды  едəуір  ауытқытып 
алып кетті. Поэзияның тақырыбын тым ұсақтатып жіберді. 
Жырлауға татымайтын  болмашы ұсақ құбылыстарды  өлең  
етуге  əкеліп  соқты.  Поэзияның  қанатын  əлсіретті. 
Жалынды  пафосты  суытып,  терең  ой  толғауын  дыз  етпе 
кішкене сүйінішке сайды». 
Емен  де,  семен  де  графомандық  жинақтарын 
жауыннан  кейінгі  саңырау  құлақтай  шүпірлетіп  жатқан 
қазіргі  уақыттың  алақбай  алаңсыздығын  былай  қойғанда, 
ақын  санатында  жүргендердің  өлең  төгілтуді  үсті-үстіне 
төпелету деп түсінетінін қайтеміз? Поэзия қанаты əлсіреуін 
тоқтатқан  жоқ.  Жер  бауырлаған  «дыз  етпслер»,  біреу 
айтқанды  мың  қайталап,  күйіс  қайырушылық  қазір 
көбейген үстіне көбеюде. 
Жазушының проза, сын өнері хақында айтқан ойлары, 
аудармадағы  ойсыраған  олқылықтарды  аяусыз  мінеген 
өткір де өтімді пікірлері,  «əдебиеттің ұлттық сипаттарын... 
жан-жақты,  байсалды  тексеру  керек»  деген  əдебиеттануға 
мегзеген терең мəнді толғаныстары бүгін де шешімін жөнді 
таппаған мəселелерге мегзейді. 
«Əуезов  туралы  сөз»  деген  мақаласында  Тахауи 
əдебиетіміздің бүгінгі, ертеңгі тағдырына қайта оралады. 
«...Əуезовтен  кейін  қазақ  жазушыларына  əдеби  еңбек 
тым  қиындап  кеткенін  жасыра  алмаймыз.  Ол  жарық 
жалғанның  алдында  жақсы  атандырып  кеткен  əдебиеттің 
биік  деңгейін  төмендетіп  алмау  қай-қайсымызға  да  оңайға 
түсе 
қоймас. 
Дегенмен, 
біз 
орасан 
көп 
дос-
жарандарымыздың  алдында  ғана  емес,  əрқайсымыз  өз 
  57 
 
 
кейіпкер  роман  сақынасына  мүлде  шығарылмайды.  Ол 
туралы  Тəңірбергеннің  аузынан  бір-ақ  ауыз  сөз  естиміз. 
Кəленнің құдықты қалай жауып жүргені суреттелсе, артық 
болмас  еді.  Бірақ  автор  өйтпеген.  Тек  істеп  жүрген  орасан 
қайратының нəтижесін ғана көрсеткен. Қисапсыз  «үнемді» 
тəсіл.  Əбдіжəмілдің  айтарлықтай  олжасы  –  қазақ  романы 
поэтикасына  қосқан  жаңалығы.  Кəлен  қазақ  əдебиетінің 
батырлар галереясына сұранбай-ақ кіріп тұр. 
Жазушының  шығармашылық  жұмысқа  əбден  беріліп, 
ысылып,  кəнігіленіп  алған  кезде  көріктеуін,  бояуын 
келістіре  жасаған  образы  –  Судыр  Ахмет,  көк  мылжың, 
қуыс  кеуде,  есі  кірмеген  баладай  пəруайсыз  жан.  Еңбекке 
қыры  жоқтығы  жағынан  Қалау  мен  Төлеуге  ұқсас. 
Айырмашылығы – қолынан дəнеңе келмейтін, бір бақаннан 
бір  қазық  шығара  алмайтын,  қандай  да  іске  икемсіз 
орашолақ,  бос  белбеу.  Бар  жақсылықтан  жұрдай,  бар 
кеселді  мойнына  артқан  сорлы  тəлкекке  ұшырайды  да 
жүреді.  Байғұсқа  басына  келіп  дұға  оқитын  мола  да 
бұйырмаған.  Ешкім  білмейді,  із-түзсіз  жоғалып  кеткен. 
Судырдан  артында  қалған  жалғыз  белгі-ақ  киіз  қалпағы. 
Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет 
характер.  Ұлт  талайы-тағдыры,  адамның  өмірдегі  еңбегі 
туралы ойға шомдырады.  
З.Қабдолов:  «Қан  мен  тер»  романын...  Тəңірбергендер 
тағдырына құрылған трилогия деп ұғу керек... Жаңа дүние 
орнатушылар  алысқан  ескі  дүние  өкілдері,  яки  Еламандар 
алысқан  Тəңірбергендер  «шыбын  құрлы  көрінбейтін» 
əлденелер  емес,  азу  тісі  балғадай  аш  бөрілер  екенін, 
олардың  тісін  сындырып,  тізесін  бүктіру  адам  айтқысыз 
қиян-кескі  шайқас  екенін  айта  қалғандай  көркем  күшпен 
суреттеп көрсетеді». 
Романда  1913-1921  ж.  аралығындағы  сахарада  өткен 
оқиғалар 
қопарыла 
көрінген. 
Сол 
кезеңдегі 
қазақ 
даласының  панорамасын  жайып  тастаған:  бір  жағы  Арал 

  58 
 
 
балықшылары  болса,  бір  жағы  Шалқар  алпауыттары,  бір 
жағы дала кедейлері болса, бір жағы қала саудагерлері, бір 
жағы Абыралы əулеті болса, бір жағы Колчак династиясы, 
бір жағы қызыл комиссар болса, бір жағы ақ генералдары. 
Осылар  арқылы  азамат  соғыс  жылдарындағы  тарихи 
шындық аса шебер шешімін тапқан. 
«Қан  мен  терде»  Тəңірбергеннің  көк  аспанға  қарап 
тұрып  айтатын  сөзі  бар:  «Ана  қарашы,  жарықтық,  қандай 
биік  жəне  қандай  кіршіксіз  таза.  Адамзат  жетпей  сорлап 
жүр. Көре қал, күндердің күнінде көкке қолды жетсе, адам 
аспанды да былғайды». 
Осындағы  адам  жəне  табиғат,  қоршаған  орта  жайлы 
ойды  автор  «Қан  мен  терде»  кеңінен  өрістетпесе  де, 
адамның табиғатқа тым қатыгездігі жайлы əңгіменің шетін 
шығарады. 
 
2.    «Соңғы  парыз»  романы.  Адам  жəне  экология. 
«Қан  мен  тердегі»  Тəңірбергеннің  айтатын  ойы  өзінің 
шешімін  «Соңғы  парыз»  (1999)  роман  дилогиясында 
табады. 
Дилогияның  бірінші  бөлімін  1981  жылы  «Сең»  деген 
атпен  жарық  көрді.  Кезінде  бұл  роман  Одақ  көлемінде 
Леонид  Леоновтың  «Орыс  орманы»,  Виктор  Астафьевтің 
«Патша 
балық
», 
Валентин 
Распутиннің 
«Өрт» 
романдарымен  бір  қатарда  тұрды.  Табиғаттың  да  адамға 
есесін жібермейтіндігін айта алған шығарма. 
«Соңғы 
парыз
» 
романын  Ə.Нұрпейісов  өзінің 
«уақытыммен  есеп  айырысуым»  деп  есептеді.  Жазушы 
өзінің  бір  мақаласында  былай  дейді:  «Адам  баласы 
жасампаздық  қасиетінен  жұрдай  айырылып,  бірыңғай 
жасампаздыққа  салынып  кеткен  тəрізді».  Романның 
фабуласы  қарапайым  тəрізді  көрінгенмен,  көтерер  жүгі 
салмақты. 
 151 
 
 
пен  өнер  туралы  эсселер»,  «Мысли  вслух»  атты  төрт 
бөлімге жіктеп, құрастырған. Атының өзі айтып тұрғандай, 
əр бөлімнің өз жеке міндеті бар. Ең қомақты бірінші бөлім 
-  Мұхтар  Əуезов,  Бейімбет  Майлин,  Ғабит  Мүсірепов, 
Əбдіжəміл  Нұрпейісов,  Тайыр  Жароков,  Əбу  Сəрсенбаев, 
Қасым  Аманжолов,  Хамит  Ерғалиев,  Сырбай  Мəуленов, 
Шерхан  Мұртаза,  қырғыз  Шыңғыс  Айтматов  жəне  орыс 
классиктері  Федор  Достоевский  мен  Антон  Чехов 
портреттерін 
құрайды. 
Бұған 
осы 
кітаптағы 
өнер 
бөліміндегі  Сералы  Қожамқұлов,  Сейфолла  Телғараев, 
Рахметолла  Сəлменов,  орыс  тілінде  жазылған  Ғабиден 
Мұстафин  туралы  суреттемелерді  қоссақ,  Тахауидың  сын 
саласында да жазушылық терін аз төкпегенін аңғарамыз. 
Портреттердің 
эстетикалық 
талғау-талғамының 
ғылыми 
тереңдігі, 
əдебиеттік 
жоғары 
деңгейлі 
мəдениеттілігі  үстіне  əр  қаламгердің  адами  келбеті  дəл, 
дара  қалпында  түсірілген.  Өзімізге  таныс  үлкен  ағалармен 
тағы  да  бір  кезіккендей  бір  көтеріліп  қаласың.  Бұл 
портреттерден 
жазушымен 
достас, 
замандас 
қаламгерлердің 
шығармашылық 
лабораториясына 
да 
қанығамыз. 
Сынмен  бірыңғай  шұғылданып  жүрген  жастық 
шағында 
Тахауи 
Ахтанов 
əдеби 
процесті 
жіті 
аңғарушылық,  соны  əділ,  объективті  түрде,  ғылыми 
дəлдікпен  айтып  берушілік  талантымен  жұртшылық 
ризашылығына  бөленіп  жүрді.  Сонау  XX  ғасырдың  орта 
белінде,  1956  жылы  Қазақстан  Жазушылар  одағының 
пленумында  жасалаған  баяндама  «Бүгіннен  ертеңге»  деп 
аталады.  Кей  саяси-əдеби  түсініктердің  көнергеніне 
қарамастан,  бұл  баяндама  əлі  күнге  актуальді  қалпынан 
жазбаған.  Дəл  бүгінгі  «қышыған    жерлерге»    тиерлік  
пікірлері  əдеби  жұртшылықты ойландырмай қоймайды. 
Баяндамасының  поэзия  əлеміне  арналған  бөлімінде 
сыншы Тахауи көк жасық өлеңге көп қадалады. Соның бірі 

 150 
 
 
жиналып кеңестің  құрметті мүшесін сайлайды, соңғылары 
Əдебиет  академиясының  президенті  мен  вице-президентін 
сайлайды.  Əр  тілден  бір-бір  өкіл,  оған  қоса  Үндістандағы 
70 университеттен тиісті адамдар енеді. 
Академияның бай кітапханасы бар. Тахауи суретшілер 
мен 
сəулетшілердің 
Академияға 
сыйға 
тартқан 
еңбектерімен 
танысқанын, 
өз 
тарапынан 
қазақтың 
таңдаулы  əн-күйлері  жазылған  күйтабақ  пен  домбыра 
мүсінін сыйға тартқанын жазады. 
Деректі  хикаяның  көркем  өрмегі  ісмер  тоқылған. 
Көрген-білгенін  сыдырта  баяндау  емес,  тұнып  тұрған 
сурет. Жазушы əсіресе Тəж-Маһал бейнесінен алған əсерін 
жеткізуге 
бар 
өнерін 
салған. 
«Мəссаған... 
Мынау 
жұмыртқадай  аппақ  сарай  соншама  зор  болғаны  ма?  Жоқ, 
жоқ.  Мен  оған  сене  алмаймын,  -  деп  тебіренеді  суреткер. 
Сонша  үлкен,  сонша  ауыр  дүние  мынадай  сұлу  бола 
алмайды.  Сұлулық  сипаты  -  жеңілдік  пен  ұшқырлық  емес 
пе. Əнекей, бүкіл дене бітімі бауырынан жараған бедеудей 
əсем  де  сидам,  аққудың  мамығынан  соққан  ақ  сарай 
аспанға қалқып кетейін деп тұр». 
Жер  бетіндегі  жеті  кереметтің  бірі  –  Тəж-Маһалға 
лайық  сурет.  Оқушысын  ынтықтырып,  көз  суартады. 
Жылтырауық, 
қызыл 
сөз 
патетикаға 
берілмей-ақ, 
таңданып, таңдай қақпай-ақ, сұлулықты қарапайым тілмен 
жеріне  жеткізе,  шабыттана  бейнелеген.  Зілман  ауырдың 
аққу құс мамығыңдай жеңілдігін қалай жырлайды, қалайша 
жансызға  жан  бітіреді  десеңізші.  Контраст,  кереғар,  арасы 
алшақ  жатқан  дүниелерді  бетпе-бет  шендестіру  -  антитеза 
тəсілін  ойнатудың  бұл  тұстарында  жазушы  қиялына  қанат 
бітіп самғайтындай. 
4.  Тахауи  Ахтановтың  сын  мұрасы  жазушылық 
ісімен  тығыз  байланысты.  Бес  томдық  жинақтың  бүтін  бір 
кітабын  (5-інші  том)  құрайды.  Автор  бұл  жинақты 
«Қаламдастар келбеті»,  «Əдеби-сын  мақалалар»,  «Əдебиет 
  59 
 
 
Романда  суреттелетін  өмір  шындығының  эпикалық 
кеңдігі  ұлттық  проблема  мен  адамзаттық  проблеманы 
үйлестіруге  негізделген.  Арал  теңізі  экологиясының 
ойрандалуы  түптегі  келгенде  адам  пиғылы  бұзылуының 
салдары.  Күнəкəр  пенде
 
инсаниятынан  (нравственность) 
айырылып  барады.  Табиғат  «адам  баласының  үзілмес 
нəсіліне  таусылмас  азық  болсын»    деген  Хақ  тағала.  Адам 
Жаратушының үкіміне осы махаббатын аяқ асты етіп отыр. 
Осы  тұрғыдан  келгенде  «Соңғы  парыздың»  ойы,  толғамы 
бір қазаққа емес, күллі адамзатқа қатысты. 
Екі  бөлімнен  тұратын  дилогия  фабуласы  былай 
қарағанда  қарапайым:  дəстүрлі  «үштік»  арасындағы 
тартысқа  құрылған.  Ол  балықшы  колхозының  бастығы 
Жəдігер, оның əйелі Бəкизат жəне академик Əзім арасында 
өрістейді.  Қыз  кезінде  Бəкизатқа  қырындап  жүрген  Əзім 
кенет  нілдей  бұзылады.  Кінə  Бəкизатта  емес,  жастайынан 
бақай  есебі  мығым  Əзімде  еді.  Арада  он  үш  жыл  өтеді. 
Балалы-шағалы  отбасының  ақжаулығы  Бəкизат  сонда  да 
Əзімді  ұмытпайды.  Ақыр  аяғында  Əзім  құшағына  қайта 
құлайды. Академиктің ашынасына айналады... 
Бір  қарағанда,  бұл  фабула  жаттанды  махаббат 
драмасы,  шиыр  тұяқ  тақырға  айналған  тақырып  секілді. 
Міне,  осы  таптауырын  шаңдақты  жазушы  кең  байтақ 
жасыл жазира еткен. Жəдігердің шағын отбасы трагедиясы 
мен замана трагедиясы тығыз байланыста суреттеледі. Жер 
де,  адам  да  азып  барады,-дейді  роман.  Кең  байтақ 
Қазақстанның  даласында  күні  кешелер  миллиондап 
заулайтын  киіктің  жұқанасы  ғана  қалған.  Сол  азын-аулақ 
киікке  су  ішер  суат  табылмайды.  Тартылған  теңіз 
табанынан  босаған  борпылдақ  тұз  аралас  құм  қысқы 
бораннан  жаман  ұйытқиды.  Құм  боран  шыдатпаған  киік 
бұрын  маңына  жуымайтын  ауылдардың  қора-қопсысына 
тығылады.  Заманақыр  зауалындай  трагедия  адамның  өз 
басына  да  түскен.  Құдайдан  қорықпай  табиғаттың 

  60 
 
 
əлемтапырығын  шығарып  тонап  жатқан  адамзат  өз  жанын 
қоса тонауда, ар-инабат, инсаният атаулыдан безінуде. 
«Теңізі  тартылған,  жері  азған,  елі  босқан»  Жəдігердің 
бүкіл  тағдыры  замандасына  былай  дегізеді.  «...Есалаң 
сорлы,  есіңді  жый!  Оңың  мен  солыңа  қара!  Басқаны 
ойламасаң  да,  ойраны  шыққан  мына  дүниенің  ертеңі  не 
боларын  ойласаң  еді?  Осы  дүниеге  соңыра,  өзіңнен  кейін 
келетін  сорлы  ұрпақтың  күні  не  болатынын  ойласаңдар 
еді». 
Жері  азған,  елі  босқан  жалғыз  Арал  ғана  ма  екен? 
Сондықтан  «Соңғы  парыз»:  адамзат  үлкені,  кішісіне, 
басшы 
мен 
қаратабанына 
қарамай 
табиғат, 
қоғам 
алдындағы борышын қайтаруға міндетті, - дейді. Ол міндет 
қалай өтелуі керек? Нұрпейісов романы мəселені төтесінен 
қояды.  Бəр-бəрі  адамның  өз  қолында.  Шығарманың  мына 
бір жолдарына құлақ түрелік. 
Əнеу бір жылдардағы «ай құлағын əлдилеген ғажайып 
хикая ма, ертек пе, əйтеуір адамның аңсары ауып, арманын 
үздіктірген  алдағы  жарқын  болашақты»  айтқызу  романда 
академик  Əзім  бейнесі  тақырыбына  беріледі.  Сондай 
əңгімеге  қарық  қылып  жүрген  Əзімге  бір  күні  тындаушы 
ауылдастары тілек айтады. 
«-  Əзімжан-ау,  не  ойлағаның  бар?  Аузы-басына  қарап 
отырған  теңіз  тартылды,  балық  құрып  кетті.  Кəсіп 
қалмағасын  шамасы  келгендер  қатын-баласын  жетелеп 
көшіп  жатыр.  Арқа  тірер  азаматым...  асқар  тауым-ау,  сен 
бұған не дейсің? 
Əзім сырғақтайды. 
-  Болады...  болады,  ақсақал,  кішкене  шыдаңдар,  -  деді 
де, орнынан тұрып кетті». 
Адам өтірікке тойынып бітті. Сан жылғы қияли арман 
–  коммунизм  енді  бір  жиырма  жылда  орнап  қалар  деп 
гөйітіп еді, мұнысы алыстан бұлдыраған сағым боп шықты. 
Жəдігердей 
кейіпкердің 
тақырыбы 
– 
міне, 
осы 
 149 
 
 
одағына  да  келмейді.  Сөйте  тұра,  бұл  екеуінің  қызметін 
қоса атқаратын көрінеді. 
Үндістан 
мемлекетінің 
біздің 
Қазақстан 
республикасына  ұқсайтын  бір  жері  -  көп  ұлтты,  көп  тілді 
ел.  Біздегі  сияқты  сан  тілде  жасалатын  əдебиеттері  бар. 
Осыған 
байланысты 
Бүкілүндістандық 
Əдебиет 
академиясына жүктелген міндеттер ұлан-ғайыр: 
Біріншіден, 
Əдебиет 
академиясы 
көп 
ұлтты 
əдебиеттердің  ұйтқысы.  Сөз  өнеріне  қатысты  толғағы 
жеткен  мəселелерді  қарап  шешетін  өзінше  бір  билік 
айтатын орын (инстанция). 
Екіншіден,  əдеби  қозғалыстың  барысын  қадағалайды, 
процесті  бетімен  жібермей,  белгілі  бір  арнаға  түсірудің 
жолдарын 
қарастырады, 
соған 
орай 
тиісті 
ұйымдастырушылық шараларын жүргізеді. 
Үшіншіден, 
көп 
ұлтты 
əдебиеттерді 
өзара 
жақындастыруды  көздейді.  Сол  мақсатта  жазушылардың 
басын  қосып,  маңызды  проблемаларды  талқылайды, 
антологиялар  шығарады,  əдебиеттер  тарихын  жасайды, 
анықтама-библиографиялық   жұмыстарын жүргізеді. 
Төртіншіден,  Əдебиет  академиясының  жыл  сайын 
мандайалды  шығармаларға  беретін  он  алты  сыйлығы  бар. 
Академия  басшыларының  бірі:  «Біз  осы  сыйлық  тапсыру 
арқылы  он  алты  əдебиеттің  өкілдерінің  басын  қосамыз. 
Олар  бір-бірінің  шығармаларын  оқи  алмайды.  Осындайда 
бастарын қосып, бір-бірімен таныстырып, жақындастырып 
жібергіміз келеді»,-деген. 
Бесіншіден, 
Академия 
əдебиеттің 
теориялық 
проблемаларын 
əлем 
əдебиет 
дамуымен 
сəйкестіре 
қарастырып отырады. 
Бұл  міндеттерді  атқару  оңай  шаруаға  түспейді. 
Əдебиет  академиясының  жұмысына  барлық  əдебиет 
өкілдерін,  бұл  саладағы  ғалымдарды  қатыстыруға  тура 
келеді. Басқарушы кеңес құрамы 72 адамнан тұрады. Олар 

 148 
 
 
Қабанбай: Иə. Оң аяғың өзіңнің халқыңның мəдениеті, 
сол аяғың дүние жүзілік мəдениет». 
Ұлтының  қадір-қасиетін  ұғып  жетпеген  Тюрянчик, 
Кубиктердің қазақ көзінде «шойнаңдаған ақсақ» көрінетіні 
сондықтан. Тахауи Ахтановтың пьесасы бұдан отыз шақты 
жыл  бұрын  жазылса  да,  тəуелсіздік  сөзін  сөйлеп,  қазақ 
елінің былайғы болашағына пəрменді қызмет атқаруда. 
Тахауи  «жеңіл»  жанр  -  «Жолы  болмас  жігіттің...» 
атты
 əзіл-хикая да жазды. «Үндістан хикаясы» атты жол-
жөнекей  очеркке  ұқсайтын  деректі  повесті  дүниеге 
келтірді.  Əзіл-хикая  жанр  табиғатына  сəйкес  зілсіз,  жеңіл-
желпі  күлкіге  құрылса,  деректі  хикаясы  көрген-білгенін 
баяндау 
үстінде 
көне 
Үндістанның 
мəдениетімен, 
əдебиетімен  таныстырып  қана  қоймайды.  Алған  əсерінің 
тағлымдық  жағын  еске  ала  отырады.  «Мен  жазбаймын 
өленді  ермек  үшін»  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  бізге  қазір 
қай 
заматта 
жазылсын, 
көңіл 
бірлейтін, 
білмекке 
құарлықты  қандыратын  шығарма  ғана  емес,  тəуелсіз 
Қазақстан  республикасы  үшін  пайдасы  тиетін  озғын  іс, 
үлгілі  тəжірибе  ауадай  қажет.  Жаңа  уақыттың  берері  өз 
алдына.  Өткен  күннің  де  ой  саларлық  істері  аз  емес.  Үнді 
хикаясында ұлы мемлекеттің талай үлгі-өнегесі паш етілуі 
Ахтановтың  елінің  бүгіні  мен  ертеңін  көп  ойлауынан  деп 
түсіну лəзім. 
Бір  ғана  мысал.  Арасында  қазақ  жазушысы  Тахауи 
Ахтанов  бар  кеңес  делегациясы  Бүкілүндістандық  əдебиет 
академиясына соғады. Үндінің ұлы жазушысы Рабиндранат 
Тагор  атындағы  бұл  академияның  бағалы  тəжірибесі 
бүгінгі Қазақстанның да бір əжетіне жарап қаларлық. 
Тахауидың  жазуында  Əдебиет  академиясы  біраздан 
бері  қоғамдық  ұғымға  айналған  біздің  Қазақ  ұлттық 
академиясына  да,  қазіргі  М.  Əуезов  атындағы  Əдебиет 
жəне  өнер  институтына  да  ұқсамайды  екен.  Жазушылар 
  61 
 
 
жалғандықты,  бос  уəдені  кəсіп  етіп  алғандарға  қарсы 
өшпенділік,  қасастық.  Сол  себепті  роман  уытты  сатира 
тілін безегіш. Үш адам, жаңағы «үштік» - Жəдігер, Бəкизат, 
Əзім  теңізде  мұзбен  бірге  ығып  барады.  Зəре  жоқ. 
Жандары  мұрнының  ұшында.  Сондай  қиын  мезетте  де 
Жəдігер  бақталасы,  онсыз  да  қорқақтап  тұрған  Əзімге: 
Аралдың құрығаны елге құт дегенің қайда? - деп қалады. 
Роман  Əзімдей  жалған  ғалымның  ішкі  монологін 
дөңгелете келгенде, бар қылмысын өзіне мойындаттырады. 
Бірақ  Əзім  кінəні  жалғыз  өзінің  мойнына  артқысы 
келмейді.  Келтіретін  дəлелінің  жөні  жоқ  дей  алмайсың. 
Жазығы  -  жоғарының  дегенін  бұлжытпай  істеді.  Сонсоң 
бастықтардың алдында бас изеп шыбындаған жалғыз Əзім 
ғана  емес  шығар.  Сынын  сатылап  жоғарылата  береді. 
«...Қиянпұрыс,  қисық  істі  бастаған  бұл  емес;  Түркіменнің 
Бабаевы да емес, Москвада отырғандар!..» - деп бір кетеді. 
Артынша семсерін сол кездің идеологиясына сілтейді. 
«Арал  өңірі  тұзға  тұншығып,  тамыры  күйген  шөп 
көктемде  де  көктемей,  қара  кеңірдектеніп  қурап  барады; 
адам  көрмеген  індет  шығып,  ана  жатырында  ұрығынан 
ауруға  шалдыққан  балалар  деліқұл,  дімкес  боп,  келешек 
ұрпақ  азып  бара  жатқанына  қарамастан,  Кремльдегі 
көсемдер  біз  болмағанда  Орта  Азия  мен  Қазақстанның 
халқы  адамзат  көшіне  ере  алмай,  ескі  жұртта  сарыжамбас 
боп  қалатын  еді  деп,  екі  көзіңді  бақырайтып  қойып  жекіп 
жатқан  жоқ  па?»  -  деп  жосытады.  Қайта  айналып 
республика  ұлығына  ұрынады.  «Соларға  қарсы  қайсысың 
дауыс  көтеріп  едің?  Басқа-басқа  Үлкен  кісінің  өзі  ауыз 
ашса, соларды қостап,... зарлап қоя бермеуші ме еді?» 
Өстіп  «Соңғы  парыз»  бүкіл  елдің  берекесін  кетірген 
жалғандық  құртының  жайлаған  мекенін  табады.  Əзімдей 
академик  боп  қомпайып  жүргендер,  Қазақстан  жерінің 
асты қаптаған су деп өтірік карта жасағандар - Кремль көз 
бояушыларының қасында жіп есе алмайды екен. 

  62 
 
 
Жанры  жағынан  «Соңғы  парыз»  дилогиясы  «Қан  мен 
тер»  трилогиясымен  қарайлас  əлеуметтік-психологиялық 
роман. Сонымен бірге ерекшелігі де бар. Ерекшелігі, кетеуі 
кеткен  қоғамдық-саяси  өмірді  əжуалап  əшкерелеуші 
роман-памфлет те. 
Жалғандықтың  кірмейтін  тесігі  жоқ.  Соның  кесірінен 
мына  жалпақ  дүниеде  теңіз  тартылып  жатса,  жалқы 
тірлікте де талай өмір өксуде. Жалғандық адамның ең асыл 
рухани  кеніші  -жүректі  де  жайлап  алған.  Бəкизаттың 
жалған  махаббаты  -  жары  Жəдігерді  де,  өзін  де  жарға 
жығады. 
Бəкизат  ахуалы  «Қан  мен  тер»  трилогиясындағы 
Ақбала  тағдырын  еске  түсіреді.  Ақбала  да  Бəкизат  секілді 
Құдай  қосқан  қосағынан  жериді  ғой.  Мұндағы  ұқсастық  - 
Ақбала да, Бəкизат та көрсоқыр сезімнің жетегінде кеткен. 
Екеуінің  де  нақсүйерлері  адал  махаббатқа  лайықсыз 
жандар  боп  шықты.  Тəңірберген  жүрегін  қатыгездігіне 
жеңдірсе, Əзім əлжуаздығына жеңдіреді. 
Бəкизат 
пен 
Ақбала 
тағдырларының 
осындай 
ұқсастығымен қатар, елеулі айырмашылығы да бар. Ақбала 
Тəңірбергеннен  ажырасқан  соң  жел  аударған  қаңбаққа 
ұқсайды.  Еламан  тұрсын,  ата-анасына  да  керегі  болмай 
қалады. Бəкизат олай емес. Ол іштей түлеп үлгереді. Жəне 
қас  қағымдай  сəтте.  «Соңғы  парыз»  дилогиясы  «Сондайда 
бір  күн  болған»,  «Сондайда  бір  түн  болған»  деген  екі 
кітаптан  тұрады.  Бəкизат  жаны  бір  тəулік  емес-ау,  бір 
түннің  ішінде  Əзімге  суынады.  Өзінің  жүрек  қалауы 
Əзімнің  уақ  кісі  екеніне  көз  жеткізеді.  Бəкизат  кісі 
танымағанына,  өз  күйеуінің  əлдеқайда  ірі  азамат  екенін 
сезбей  келгеніне  опынады.  Іштей  жуылып,  Жəдігердің 
жаны  қалса  екен  деп,  Құдайдан  мойнына  бұршақ  салып 
тілейді.  Осы  күрт  өзгерісті  жан  диалектикасына  жетік 
зергер сенімді суреттейді. 
 147 
 
 
мен  «Сəуледе»  тоталитаризмнің  ең  жанды  жері  - 
партиялық  басшылықтың  баса  көктеушілік,  өктемшілдік 
мінезін,  адамды  аямаушылық  стилін  сын  оғының  астына 
алды.  Жазушы  қаламынан  туған  «Арыстанның  сыбағасы» 
атты  трагикомедияда,  «Күшік  күйеу»  деген  комедияда 
социалистік қоғамды құрт аурудай кеулеген жемқорлыққа, 
ұлтымызды  тілінен,  ділінен  айыру  саясатына  қарсы 
жалындатып жалау көтерді. 
«Күшік  күйеу»  комедиясының  өз  тілін  өгей  баладай 
көретін  қазіргі  қоғамымызға  да  айтары  мол.  Кеңестік 
кезеңнің  əсіресе  соңғы  жылдарында  қазақ  тілі  тұрмыс 
саласынан  басқа  саланың  бəрінен  ығыстырылғаны  мəлім. 
Қазақстанда  жеті  жүзден  астам  қазақ  мектебі  жабылды. 
Ана 
тілінде 
оқитындардың 
саны 
күрт 
кемігендігі 
салдарынан  қазақ  газеттерінің,  кітаптарының  тиражы 
азайған  үстіне  азайды.  Өз  тілін  қомсынатын  шалақазақтар 
осы  түста  Атажұрт  алқабында  арам  шөптей  қаптады. 
Тюрянчик деп аталатын кейіпкер Қабанбай дейтін болашақ 
филологқа  сұрау  қояды:  «Сонда  бар  бітіргеніңіз  языковед 
болу ма? Тем более қазақ тілі. Ол кімге керек?» 
Бұрын  да,  қазір  де  осы  сауалды  өзіне  де,  жұртына  да 
қоюшы  қазақ  аз  ба?  Шалақазақтардың  бір  сорты 
«планетарлық  сана»  дегенді  шығарып,  пьесаның  тағы  бір 
кейіпкері 
Кубиктің 
«Теперь 
мода 
пошла 
на 
все 
национальное.  Тіл,  əн,  күй...  жүн-жұрқа,  киіз  үй...  По 
моему  надо  быть  просто  современным  культурным 
человеком.  Нағыз  мəдениет  деген  біреу  ғана»,  -  деген 
алыпқашпа  əңгімесін  қайталаудан  жазбайды.  Мұндай  ұлт 
мұрасына  немқұрайды  пікірге  қарсы  күрес  ашқан  Т. 
Ахтанов  пьесасы  қазір  де  құнын  жоймаған  деуге  толық 
негіз бар. Төмендегі диалогты тыңдап көрелік. 
Қабанбай:  Нағыз  мəдениет  біреу  болса  біреу  шығар. 
Бірақ оның екі аяғы бар. 
Тюрянчию О-йо-йо. Екі аяғы дейсің бе? 

 146 
 
 
еткенде  алдымен  ойға  оралатындары  -  шаруашылықты 
жүргізудің  тиімді  тəсілдерін  насихаттаудан  гөрі  махаббат 
пен  зұлымдық,  ар-инабат,  адамгершілік  секілді  мəңгілік 
тақырыптарды 
толғайтын 
пьесалары 
болса 
керек. 
Солардың  бірі  -  ғылым  өлкесіндегі  адалдық  пен 
арамдықтың айқасын бейнелейтін «Əке мен бала» пьесасы. 
«Түймедей  қиянат  елеусіз  қалса,  түйедей  зұлымдық 
қоздайды»  -  дейді  шығарманың  Санжар  атты  кейіпкері. 
Ғылымдағы залымдыққа белшесінен батқандар бұл күндері 
аз  ба?  Санжар  -  ғылым  кандидаты.  Ізденгіш  жан.  Ол  өз 
тұсындағы  үстем  идеологияның  қазақ  халқының  өткен 
жолы  хақында  əдейі  таратқан  лақабын  теріске  шығаратын 
еңбек  туғызады.  Асқар  атты  есті  жігіт  аузына  Санжардың 
бұл  еңбегі  туралы  мынадай  сөз  салынады.  «Мен  сіздің 
еңбегіңізді үш қайтара оқып шықтым. Көп нəрсеге көзімді 
аштым.  Өз  халқымды,  шынымды  айтсам,  содан  таныдым. 
Жұрт  жабайы  санаған  көшпенді  халықтың  тағдырын, 
қасиетін біліп, мақтанатын болдым. Бұрын арланбағанмен, 
ұлтымды қомсынушы  едім. Сөйтсем, көп нəрсені білмеген 
жəне түсінбеген екем». 
Міне,  осы  ғалымның  еңбегін  институт  директоры 
Қаражанов 
қызмет 
бабын 
пайдаланып, 
ымқырып-
жымқырып  тонаған.  Онысымен  қоймай  Санжардың 
докторлығын  қорғауына  көрінеу  бөгет  жасайды.  Бірақ 
пьеса  айыптау  шоқпарын  негізінен  Қаражанов  пен  оның 
жандайшап  орынбасары  Қазаяқ  Есеновке  емес,  Асқардың 
əкесі  профессор  Оразға  қарсы  сілтейді.  Ораз-үлкен  ғалым. 
Академияға  мүшелікке  ұсынылған.  Академикке  өтуіме 
бөгет болар деген есеппен ежелгі досы Санжарға жасалған 
қиянатты  көрсе  де,  көрмегенсиді.  Қоғамымызға  сіңісті 
жауырды  жаба  тоқушылық  ауруын  драматург  жас  ұрпақ 
екілі Асқар көзімен қатаң сынға алады. 
Жалпы  Тахауи  Ахтанов  шығармалары  кеңестік 
жүйенің  талмау  тұстарына  аз  соққы  берген  жоқ.  «Боран» 
  63 
 
 
Роман  идеясы  айқын.  Көздейтіні  -  жалғандықтың 
жағасынан  алу.  Шығармада  Əзім  бастатқан  жылпос, 
өтірікшіл,  екі  жүзді,  айлалы  алаяқ  кейіпкерлердің  тұтас 
жүйесі  жасалған.  Аудан  басшыларының  бірі  Қозы  Қарын 
əрі-сəрі,  жұрттың  көлгірсіген  сөзінен  мақтау  мен  боқтау 
арасын  айыра  алмайтын  халдегі  байғұс  «Жауырынына 
терезе 
салса 
да, 
ішіне 
жарық 
түспейтін» 
Жуан 
Жақайымның  бар  қызметі  Əзім  қылмысын  игі  іс  етіп 
дабырайтып 
насихаттауға, 
жауырды 
жаба 
тоқуға 
бағытталған.  «Моншаға  түскенде  арқа  жуатын  резенке 
губкаша»  кір  мен  иіс-қоңысты  «күпсер  бойына  сіңіріп 
алады  да»,  тіл  жоқ,  ауыз  жоқ,  мызғымай  отырып  алады. 
Əзімнің ағасы, атақты құрылысшының андығаны – кеудеге 
тағы  да  бір  алтын  жұлдыз  қадау  үшін  -  «коммунизмнің 
сəулетті  құрылысын»,  патша  сарайындай  ғимарат  салу. 
Атақ, даңқ бермейтін құрылысқа енжар... Сары Шая - кеңес 
белсендісі 
– 
құдайсыздар 
ұйымына 
мүше. 
Бірақ 
құдайсыздығы  -  бер  жағы.  Қыл  аяғы  қойнында  комсомол 
билеті  бар  Қожбан,  ол  да  алдамшы  жəдігөй.  Ретін  тауып, 
молдалардың  арасына  сыналап  кіріп,  кісі  өлген  азалы 
үйлерді  бірге  тонасып  жүр...  Осылардың  бəрі  типтік 
жағынан тамырлас - жалған жүйенің жандайшаптары. 
Жəне  бір  айтылуға  тиісті  нəрсе,  «Соңғы  парыз» 
романының  жазылу  уақытына  байланысты.  Бұл  роман 
нарық  заманында  аяқталды.  Қандайда  шығарма  туған 
уақытының 
тыныс-танымымен 
санаспай 
тұрмайды. 
«Соңғы  парыздың»  оқиғасы  Кеңес  дəуіріне  қатысты  десек 
те,  көтерген  көп  проблемалары  бүгінгі  күнмен  үндес. 
Кешегі, бүгінгі жалғандыққа бірдей шүйлігеді. Нақсүйерін 
ажал  аузыңда  қалдырып,  сең  үстінен  амалдап  қашып 
шыққан  Əзім  өзі  сияқты  «болады,  боладыны»  əндетуге 
үйір,  уағдаға опасыздар келешектен де табылатынына нық 
сенімді.  «...Талай  жыл  өтер.  Заман  да,  қоғам  да  өзгерер. 
Адам  да  өзгерер...  Адам  қапша  өзгерсе  де,  Арал  тағдыры 

  64 
 
 
өзгермес»  деп  басталатын  бұл  ұзақ  монолог  адал  істі 
арамдайтын Əзімдердің бет-пердесін жыртады. 
Əзімдердің  сорты  көп.  Ортақ  сиқы  сол,  бəр-бəрінің 
айналасы-тау  толған  өтірік,  дала  толған  мақтан,  өзен 
толған өсек-оспақ... «Арал тағдыры - адам тағдыры» деген 
əдемі сөзді ел көзінде елтең-селтең жүргенді мансұқ еткен 
епті  жігіттер  қызыл  тілді  қайраққа  жанып-жанып  алып, 
халық  алдында  ана  мінбеден  де,  мына  мінбеден  де  - 
қиқулатар-ау!  Тірі  болсақ,  соны  да  көрерміз,  бірақ  Қызыл 
сөзге құлағы қанық кісілер оған онша илана қоймас». 
Илана қоймайтыны, тартыңған Арал тағдыры бірыңғай 
қызыл  тілге  салып  алдарқатудан  өзгермейді.  Ондай  қызыл 
сөзден  «Тұз  астында  тұншығып  жатқан  сорлы  өлкенің 
соры  қайнаған  халқына...  ешқандай  жеңілдік  болмас-ау!» 
Өйткені  негізі  -  шірік.  «Кезінде  осы  елдің  төрінде  отыз 
жыл  төбесімен  көк  тірегендей  шалжайып  отырған  Үлкен 
Кісі  əдемі  моншақтарды  сылдыратып  кеудесіне  таға 
бергені  болмаса,  кешегі  ел  басына  қара  күн  туғанда  қол 
ұшын бермеген. 
Балықшы  колхозының  бастығы  Жəдігер,  оның  əйелі 
Бəкизат  жəне  академик  Əзім  арасында  өрістейтін  қарым-
қатынасты  негізге  алады.  Бəкизатқа  қыз  кезінен  ғашық 
болған  Əзім  кейін  өзгеріп,  оған  үйленбейді  де  Бəкизат 
Жəдігерге тұрмысқа шығады. Он үш жыл отасқан екеуінің 
ортасына баяға Əзім түсіп, ақыры Бəкизатты дұрыс жолдан 
тайдырады.  Сөйтіп  Бəкизат  академик  Əзімнің  ашынасына 
айналады. 
Автор  Жəдігер  отбасының  трагедиясымен  замана 
трагедиясын  паралельді  алған.  Жер  де,  адам  да  азған. 
Табиғат  экологиялық  апатқа  ұшыраған.  Иен  даланың  сəні 
болған,  «сахара  ботакөзіне  айналған»  киіктерде  жоқ. 
Тартылған теңіз, ластанған ауа мен ішкі рухани болмысын 
кір  шалған  адамзаттың  арасында  тамырласқан  байланыс 
 145 
 
 
қоғамдық  шаруашылық  төрт  аяғынан  тік  тұрып  заулап 
кетер 
ме 
еді? 
Кеңестік 
жүйенің 
кінəраттарын 
шаруашылықты  жүргізудегі  консервативтік  кемістікпен 
ғана  түсіндіре  алмайтының  хақ.  Сондықтан  «Сəуле»  мен 
«Боранның»  енді  қайтып  сахналарда  ойналуы  екіталай. 
Өйткені  дау-дамай  туғызатын  мəселенің  түбі  шикілеу... 
Оның  бер  жағында  »Боран»  романы  мазмұнын  пьесада 
шашауын шығармай түп-түгел қайталау соңғысының жүгін 
тым ауырлатып жіберген. 
Жалпы  прозалық  дүниесін  пьесаға  айналдырудан 
Тахауидың  творчестволық  жағынан  ұтқаны  шамалы. 
Жоғарыда  талданған  «Жоғалған  дос»  əңгімесі  кей  жеке 
ситуациясы  өзгертіліп  «Күтпеген  кездесу»  пьесасына 
айналдырылды. Сондай-ақ «Махаббат мұңы» повесі аты да 
өзгертілмей  драма  жанрында  қайта  жазылды.  Тіпті  кей 
эпизодтардың прозалық жанрдан тұтастайын көшірілгенін, 
диалогтердің  қайталанғанын  былай  қойғанда,  идеясына  да 
мəнді  өзгеріс  енгізілмеді.  Мүның  бəрі  жазушының  ілгері 
басуына,  былайғы  ізденістеріне  белгілі  дəрежеде  түсау 
болғаны,  ескі  жүртқа  қайта  қоныстауына  əкеп  соққаны 
сөзсіз.  Осы  орайда  Рымғали  Нұрғалиевтың  мына  пікіріне 
толық қосылуға болады: «Айтылмыш жəйттерден жанрлық 
формалардың  бүгінгі  таңда  бір-бірін  байытуын,  тоғысу 
араласудан  туған  табыстарды  аңғара  отырып,  жазушының 
бұрынғы 
туындыларына 
жауапкершілікпен 
қарап, 
кемелдендіргенін  құптағанымызбен,  хас  суреткер  əманда 
жаңа  өріс,  соны  жайлау  ізденісінде  болмағы  -  творчество 
шарты,  өрлеу  өсу  заңдылығы  екендігін  тағы  қайталау 
лəзім». 
Аумалы-төкпелі  заман.  Бірінің  дəурені  өтсе,  екіншісі 
туады.  Оның  бəр-бəріне  төтеп  беретін  шығармалар  кемде-
кем. Пьеса ғұмырының ұзақтығы қойған проблемаларының 
болашақ  ұрпақтардың  жүрегіне  қандай  əсер  етуіне  тіке 
байланысты. Тахауи пьесаларының өміршеңдігі туралы сөз 

 144 
 
 
тартыс  табиғаты  жағынан  кемістігі  көзге  ұрады.  Кезінде 
композициясының етек-жеңі жинақы, ширақ деп бағаланса 
да, тартыс ретінде бəз-баяғы шаруашылық мəселе алынған. 
Социалистік  реализмнің  істі  жетілдіруге  кіл  оң  мен  солын 
айыра алмайтын басшылар кінəлі, əйтпесе жүйеде мін жоқ 
дегізетін  сарынын  қайталайды.  Шаруашылық  мəселе 
талқыланғанда,  пьесаның  драматургиялық  қасиетінен 
көрінеу  айырылып  қалатынын  кездейсоқ  олқылыққа 
жатқыза алмайсың. Мəселен, мына диалогтен əрекет, мінез 
ашуға  мұрындық  болатын  ешнəрсе  таппайсыз.  Тіпті 
кейіпкерлердің  дара  тілі  өшіп,  орнын  кеңселік  сөз 
қолданыстары басатындай. 
«С  ə  у  л  е.  Колхоздар  бір  күйленуге  күйленді.  Оларда 
қаражат  бар,  бірақ  техника,  материал  кеміс.  Мамандар  да 
аз.  Ал  істелетін  іс  ұшан-теңіз.  Ең  алдымен  мал 
шаруашылығының дəрежесін, мəдениетін көтеру керек. Ол 
үшін  жаңа  колхозаралық  үлкен-үлкен  базалар  құрып,  оны 
жақсылап  техникамен  қаруландыру  керек.  Жұрт  жаңаша 
мал бағу ғана емес, жаңаша тұрмыс құруды үйренуге тиіс». 
Кеңестік  газеттерде  күнде  айтылатын  жарапазанды 
қайталау кейіпкер тілін арытып жүдетпесе, ажарлап тұрған 
жоқ. Оның үстіне, мұндай екі жерде екі ақиқатты кертартпа 
етіп көрсетілетінін Сырдақтың білмеуі мүмкін емес қой... 
«С  ы  р  д  а  қ.  Бұл  ойыңыз  тамаша  екен.  Ал  бірақ 
мүмкіндік  ше?  Сіз  қолда  бар  мүмкіндікті  есептедіңіз  бе? 
Осы  сельстройдың  қолынан  келе  ме?  Үлкен  істі  бастау 
оңай, бітіру қиын. Сіз осыны ойладыңыз ба?» 
Шаруашылық  мəселе  талданатын  шығарманың  осал 
тұсы,  оның  оң-солдығын,  дұрыс-бұрыстығын  айыруды 
мəніне  қарап  емес,  жағымды,  жағымсыз  кейіпкерлердің 
қалай  қолдайтындығына  қарай  анықталатындығы.  Кеңес 
пьесаларының драматизміне нұқсан келтіріп, өміршеңдігін 
азайтатыны да осы. Сырдақ диктатор, Қасболат мансапқор 
болмай,  екеуі  де  қолға  алған  ісін  құнтты  жүргізсе, 
  65 
 
 
бар.  Табиғатты  тонап  жатқан  Адам  енді  өзін-өзі  тонауға 
көшкен. 
Автор бұл жерде тек Арал маңындағы трагедияны сөз 
етіп отырған жоқ, ол Арал трагедиясын жалпы адамзаттық 
трагедия нəубетке айналдырған.  
Теңіз  тартылып,  жер  азып,  тағдыр  тəлкекке  ұшыраған 
ел.  Əзімді  үлкен  адам,  академик  деп  есептеп,  одан  осы 
проблемаға  қол  үшін  берер  көмек  күтеді.  Ал  Əзім  болса, 
«болады,  болады  сəл  шыдаңдар»  деген  құрғақ  уəдеден  аса 
алмайды.  Бос  уəдені  кəсіп  еткен  Əзімдердің  халық 
тағдырына жаны да ауырмайды. 
Романда  осы  үш  қаһарман  да  теңіздің  үстіне  мұзбен 
бірге 
ығып 
бара 
жатқан 
сəті 
суреттелген. 
Əзім 
монологында  көп  мəн  бар.  Жалған  ғалымның  ақыры  өз 
қылмысын  өзіне  мойындатады.  Ол  бар  кінəні  жоғары 
жаққа сілтейді. 
Жанр жағынан алған да «Соңғы парыз» - əлеуметтік-
психологиялық  роман,  кетеуі  кеткен  қоғамдық  саяси 
өмірді, кеңестік жүйені əшкерлеген роман. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет