Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 «Боран»    романында    еңбек    адамы  –  шопан  
Қоспанның    бейнесі    психологиялық    талдау    арқылы  
жасалған.  Кезең  келбеті,  адам  тағдыры  Қоспанның  ішкі  
сыры    ретінде    табиғаттың    стихиялық    күші  –  боранмен  
психологиялық  параллелизм арқылы  астарласа  ашылады.  
Қоспанның    ішкі    дүниесіндегі    алай-түлей    сезім    мен  
табиғат    құбылысы    параллельді    түрде    суреттеле    келе,  
тұтастықта    танылады.  Романның    өн    бойында    адамдар 
өмірі    мен    осы  құбылыс    қатар    өріліп    отырады. 
Жетімдіктің    тауқыметін    тартқан    жас    қыз    Жаңылдың  
трагедияға    толы    өмірі    оның    еске    түсіруі    арқылы  
көрінеді.  Өң    мен    түстің    арасында    өз    ойымен  өзі  
арпалысқа    түскен  Жаңылдың    күйін    бейнелеуде    автор 
 191 
 
 
Аспан асты, жер үстін паналаған. 
(«Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы!») 
Екі  өлең  де  қарапайым  жолдармен  басталған. 
Поэтикалық  ойдың  өрбуі,  экспрессивтік  əсердің  үдеу 
үстіне үдеуі бірте-бірте өлеңнің өз табиғатын, өз құйынын 
тудырған.  Бəрі  анық,  айқын,  ой  да  өз  биігіне  көтеріліп, 
кемел  деңгейде  толық  жеткен,  қанша  сарқыла,таусыла 
егілсең де, бұдан ары төгілте сыр ашу мүмкін емес шығар!? 
Сырт  көзге  шалынбаса  да,  бүгінгі  қазақ  лирикасындағы 
ерекше  бір  тыныстың,  жаңа  лептің  шарпуы  бар.  Бүтінгі 
оқырман  əсіресе  символикалық    реңкті,    жадағай 
суреттілікті,  жасанды  ұраншылдықты  тез  айырады,  əрі 
ондай 
өлеңдерді 
оқымайды. 
Өмірдің, 
тіршілік 
құбылыстарының  өз  тұрғысы  өмірдің  өзінің  асқақ  пафосы 
өлең 
табиғатына 
тым 
жақындай 
түскендіктен, 
шешендікпен,  тақпақшылдықпен,  əсіре,  теңеу,  əсіре 
бейнелеумен  бірыңғай    қалу  мүмкін  емес.  Мұқағали 
Мақатаев өлеңдерінің осыған  орай  айрықша  ерекшелігі  - 
өзіндік    мəнер-нəшіннің  ұтымды  оралымдылығы.  Ақын 
ұсақ көріністерден, майда зергерліктен гөрі кесек картинал 
арға,  тынысты  полотноларға  үйір.  Бəрін-.  шеберлікті  де, 
иненің  көзіндегіні  ілердей  байқағыштықты  да  соған 
бағындырады.  Бейнелеп  айтсақ,  ақын  туындыларының 
ішінен  тұтастай  өлең  -  полотноны,  өлең-портретті,  өлең- 
картиналарды  айнытпай  көреміз.  Мұны,  тек  шеберлік  деп 
қана  қойсақ,  қысқа  қайырғандық.  Шеберлік  болғанда, 
өлеңнің  құлын  мүшесіне  сынық  сүйем  артық  ет 
жолатпайтын  кірпияз  тазалық,  назарды  кез-келгенге 
жамырата  бермей,  нысананы  қиядан  шалатын  суреткерлік 
қырағылықпен қоса, сол айтпақ  ой-нысананы ұзатпай іліп 
түсер  алғырлық.  Демек,  шеберлік  тұғыры:  Тіл  (ақындық) 
тазалығы... Ой саралығы... Тебіреніс тереңдігі... «Соғыстың 
соңғы  көктемі».  Өлең  бес  шумақ.  Бес  шумақта  бес  беттік 
баяндаумен  де,  бес  бөлімді  кітаппен  де  жеткізгісіз  үлкен 

 190 
 
 
Сөз  жоқ,  Мұқағали  Мақатаев  таланты  жетпісінші 
жылдар  поэзиясында  кемел  биігінде,  қазақ  лирикасының 
кең  төрінде  дер  кезінде  көрінді.  Сол  бір  он  жыл,  яғни, 
жетпісінші 
жылдар 
поэзиясы 
сөз 
болғанда, 
ірі 
таланттарымыздың 
аса 
аз, 
санаулыларының 
ішінде 
құрметті  тіл  безеген  желбуаз  шешендікпен  де,  таңдай 
қаққызуға  талаптанған  білімдарлықпен  де,  қырлап-
сырлаған  түрлік  (формалық) құбылтулармен  де алған  жоқ. 
Оның  сиқырлы  қуаты  -  асқар  биікке  көтерген  қасиет  - 
халықтық  саз,  халықтық  рух,  əркімнің  жүрегі  жатырқамай 
жақын тартатын қоңырлау сазды əуен. Тауып  айтылған ой 
тарланға  тəн  тыныс  болғанымен,  табиғат  жаратылысынан 
келісті  тұлғасын  тапқырлыққа  мансұқ  етпейді.  Мұқағали 
ақын  ретінде  ойды  ойып  алып,  дайын  күйінде  қалтаңа 
салып бермейді, ойды өрбітеді, ойды тіршілік процесіндей 
дамытады,  шоғын  маздатып,  қызуын  өршітеді.  Табиғи 
өрісті  арнасымен  желілеп  жеткізеді.  Соның  бəрінде  де 
сіңіп,  жетеңе  жедел  белгілі  бір  шынайы  құбылыстан, 
өмірлік  оқиға,  детальдан  тілге  тиек  табады.  Сөйтіп,  өлең 
өрнектері ассоциациялық поэтикалық түзілім, қатарлармен 
санаңа шымырлап жетеді. 
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да, 
Айтысың да басылмас, ылаңың да. 
Араздасып ағайын кетер еді, 
Бір қария болмаса бір ауылда. 
Біз қария болғанша, кім біледі?... 
(«Қарттар азайып бара жатыр») 
Көктем кетті, күз, міне, жуықтады, 
Бармысындар, бауырлар қырықтағы? 
Бəрің тірі қалдың ба, қарығанда 
Қырқышны жылдардың суықтары? 
Тағдыр біздсн бəрін де аямаған 
Жылатқан да жұбатқан, аялаған. 
Ата-қаздан айрылған балапан ек, 
  19 
 
 
«айқайлаған  еміс-еміс  дауыс»,  «түнде    шырылдаған  
бозторғайдың    ащы  үні»    сияқты    көркем  детальдарды  
пайдаланады.    Оның    бойын    билеген  суық    қорқыныш 
аласапыран  боранда  отар  қойымен  адасқан  Қоспанның 
(Жаңылдың    күйеуі)    жай-күйін    сездіргендей.  Осы  
қорқыныш  сезім оның  көз  алдына  өткен  өмір  жолдарын  
əкеледі.  Əке-шешесінен    ерте    айырылып,    ағайынының  
үйінде    жүргенде    Ұштап    пен    оның    қызы    Ибаштан  
көрген    тепкісі,  «буыны  бекіп,  бұғанасы    қатпаған»    сəби  
сезімін  жаралаған  жетімдіктің  тауқыметі,  күйеуі  Қоспан  
соғысқа    кеткенде      еркегі    жоқ    үйге    басына    келген,  
ауылдың      шолақ    белсендісі  Жаппасбайдың    арам  
пиғылынан  тартқан    жан    азабы,    жалғыз    ұлы    Мұраттың  
өлімі, одан  кейін  бала  көтермеуі -  Жаңыл  тағдырының  
тəлкекті  тұстары. 
Қоспанның да өмірдегі  жүріп  өткен  жолы,  қанқұйлы  
соғысқа    қатысуы,    тұтқында    болуы,    еліне    оралғаннан  
кейінгі    көрген    теперіштері,    тұтқында    болғаны    үшін  
көрген    қудалауы  –  бір    адамның    тағдыры    үшін    аз  
нəрселер    емес.    Бұл    оқиғалар    алғашқыда    Боранның  
бойына    жасқаншақтықты,    жігерсіздікті    ұялатады. 
Жаңылдың    да,    Қоспанның    да    ішкі    əлемінде    ұқсастық  
бар.  Ол  –  біреудің    ала    жібін  аттамас    адалдығы, 
төзімділігі,  өмір  сүйгіштігі.  
Романда  танымы  мен табиғаты  жағынан  Қоспанның  
адамдық    əлеміне      мүлде    кереғар      Жаппасбайдың  
характері    іс-əрекет    үстінде    ашылады.  Қоспан    мен  
Жаппасбайдың    ішкі    дүниесі    ешқашан    бітіспейді. 
Өйткені, 
Жаппасбайдың 
ұғымына 
ар 
алдындағы  
жауапкершілік  сезімі  жат. 
Осы  ретте  Ф.Оңғарсынованың  өлеңіндегі    ақын 
жанының бітімге  келмейтін жауы  еске түседі: 
Ол – адамдар шындыққа  жүгінбейтін, 
көлгірсіп күлімдейтін, 

  20 
 
 
Өзі істеген  жауыздық, зұлымдықтан, 
Қайғы шегіп  ішінен түңілмейтін. 
Жаппасбайдың  табиғаты  осыған  ұқсас.  Біреудің 
тұнығын  лайлап,  содан  лəззат  алуды  өзінің  өмір  сүру 
машығына  айналдырған  Жаппасбайда  жазықсыз  адамның 
обалынан,    киесінен    қорқу  деген  жоқ.  Автор  бұл  жерде 
кейіпкердің 
іс-əрекетін 
оның 
психологиясынан 
туындатумен 
бірге 
жақсыларын 
жасытып, 
Жаппасбайларды  тайраңдатып  қойған  қоғамның  да 
көлеңкелі  тұстарына  бойлатады.  Жаппасбай    характерінің  
астында ұлт трагедиясының  шындығы жатыр.              
Қоспанның ішкі жан иірімдерін, терең  толғаныстарын  
саралауда    автор    пейзажды    ұтымды    қолданған. 
Суреткердің  поэтикалық сөз өрнектері  даланың  ақ  түтек  
боранын  суреттеуде  əйгіленеді.Табиғат  көрінісі  боранды  
«Ақ  дүлей»  (Қоспан    берген  атау)  -  тылсым    күштің  
бейнесінде    береді.  «Ақ  дүлейдің»  жанды  бейнесін  
танытатын  детальдар    бар.  «Шарбы  бұлттың  арасынан  
нұры    қашып,    жүдеу    тартқан    ай    сығалайды.Төрт    күн  
соққан    боран    оның    да    ажарын    алып  кеткен    сияқты»,- 
дей    келе,    бұл  құбылысты    «кең  атырапты    жүндей  
түткен»,    адамға    тізе    бүктірген    жойқын    күш    түрінде  
бедерлейді. 
Роман    соңында  Қоспан    өзінің  өткен    жолына    сын  
көзбен    қарап,    бойындағы    кемшіліктерін    ой  елегінен  
өткізеді. Бұл ойға  итермелеген - өмірі үшін күрес, боранды 
күнгі    арпалыстан    кейін  бойында    пайда    болған  рухани 
күш,  серпіліс.Романды талдау барысында  психологиялық 
талдаудың  компоненттеріне,  олардың  Қоспан,  Жаппасбай, 
Жаңылдың характерлерін даралаудағы көркем мəніне назар 
аудару  қажет.  Қаһарманның  рухани  болмысында  болып 
жатқан 
өзгерістердің, 
жаңарулардың 
себеп-салдарын 
автордың 
қаншалықты 
көркем 
жинақтай 
алғанын 
қадағалау орынды. 
 189 
 
 
Жүрек - жыр, жүрек - сыр, жүрек - сезім. Жүрек - жыр 
мүшелеп бөлетін зат емес. Ақын жыры тұтас бір буынның, 
уақыттың,  дəуірдің  кесек  бір  бөлігінің  өзгеге  ұқсамайтын, 
өз 
мінез-сымбатымен 
көрінген 
көрінісі. 
Сонау, 
«Армысыңдар,  достар?!»,  «Қарлығашым,  келдің  бе?», 
«Мавр»  жинақтарынан  бастап,  соңғы  «Өмір-өзенге» 
дейінгі  туындылардың  бəрінен  үзілмес  бір  ізді,  жібек 
желдей жанға жайлы сырлы сазды, өзіндік дəстүр арнасын 
сезінесің.  Ол  -  қай  өлеңде  болмасын  ақынның  монолог, 
диалог түрінде ауысып келіп отыратын ашық сыршылдық, 
шынайы  əңгімешілдік  рухтағы  бүкпесіз,  кібіртіксіз  тіл 
қатуы. 
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадай саумысың? 
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау құсым? 
Оралдың ба тағы да өзің өскен ұяға, 
Оралдың  ба,  сүйіктім,  екеуің  де  бармысың?-  десе  де, 
осы өлеңнен соң он-он бес жыл өткізіп барып, «Жаңбырда» 
өлеңіңде: 
Жақсы едің ғой, 
Құлын мүсін қылықтым, 
Тұсағына түстің қандай құрықтың? 
Қайдан жүрсің? 
Жүзің неге сынық тым? 
Неге ұмыттың, неге бізден суыттың? -деп тебіренсе де, 
ақын  жанының  мейірлі  лүпілін  өз  сезім  күйімізбен 
жатырқамай жалғастырамыз. 
Жатырқамай,  жаныңа  жақын  келіп  сыр  ашқандай.  Ол 
сырдың салмақтылығы, парасаттылығы - жалтақсыз, жанға 
жылы  тиетін  азаматтығында.  Керек  жерінде  сəбилік 
мақтанышпен, 
керек 
жерінде 
мысқыл-кекесінімен, 
ирониямен  «лирикалық  менін»  ашық  ақтарып  отырады. 
Сонымен  де  замандастың  асқақ  та,  парасатты,  кесек 
тұлғасын көзге тосады. 

 188 
 
 
орыс əдебиетінде өмірдің шынайы қайшылықтарын бірінші 
кезекте,  айқын  жырлау  ағымы  күшейе,  бедерлене  түскені 
даусыз.  Бүгін  де  шыншылдық  бағыт  əдебиетіміздің  елеулі 
ілгерішіл принциптерінің қатарында. 
Нақ  осы  əуен,  нақ  осы  əділ  сыншылдық  – 
М.Мақатаевтың  шығармагерлік  ерекше  мінезінің  бірі. 
Мұндай 
сыншылдық 
қазақ 
поэзиясының 
реалистік 
туындыларына  тəн  классикалық  дəстүр  реңктерінен 
саналады.  Абайды,  Сұлтанмахмұтты,  Қасымды  даралап 
көрсеткен  ерекшеліктің  өзі  -  осы  сыншылдық  өткірлік, 
өлеңнің  өзегіне  өмірдің  отын  қүю.  Өмірдің  ащы 
шындығымен  бақай  есепшілердің  бетін  күйдіру.  Бұл  - 
өлеңнің  мінезі  ғана  емес,  ақынның,  азаматтың  үні,  ел 
ішінде Халық-Ана салтынан сүйегіне сүтпен сіңген қасиеті. 
Əдебиеттің  дамытушылық  қуаты  да  осындай  сипатында 
ғой. 
Өмір  де  -  бір  өзен.  Өлең  де  бір  өзендей,  тұңғиық. 
Мұқағали  жырлары  бірде  үн-түнсіз  шымырлап  қайнап, 
тереңге  тартып,  бірде  ақ  күміс  бұлттарын  түйдектетіп 
аспанға  атқан  сол  өмірдің  өзіндей.  Егер  дəстүрлі  зерттеу 
«салтына»  бағынсақ,  өлеңдерін  алуан-алуан  тақырыпқа 
жіктер  едік  (Отан,  ана,  махаббат,  пенделік  тебіреніс, 
табиғат, т.б.)... Ол, бір жағынан, дұрыс та шығар еді. 
Бірақ,  ақын  жанын,  талант  қорытпасын,  жүрекжарды 
сезімді  жіктеп,  жіліктеуге  бола  ма?  Демек,  онымыз  бос 
əурешілік.  Қай  тақырыпты  да,  проблеманы  да  көркем 
шығарма биігіне көтере, шынайы толғау - хас шеберлік, аса 
таланттьшықтың ғана маңдайына жазылған мүмкіндік. 
Қарағым, сені жайым жоқ кем көретін, 
Бимағұлым тағдырың сен көретін. 
Зат болып неге жүрегім жаралмаған, 
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін?!... 
(«Көретін күнім алдымда») 
  21 
 
 
60-жылдардағы  əдебиет  қоғамдық-əлеуметтік  өмірдегі 
сан  қырлы  өзгерістерді    көркем  зерттеп,  жаңа  заман 
адамының  сана-сезімін,  психологиясын,  рухани  болмысын 
жан-жақты  саралауға  ден  қойды.  Ауылшаруашылық, 
өндіріс салаларында жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық 
санасын  зерделеп,  олардың  бойындағы  адамгершілік, 
моральдық  принциптерді,  өз  мүддесінен  ұжым  мүддесін 
жоғары қою секілді сапаларды аша көрсету  күн тəртібінен 
түспеген 
мəселелер 
болды. 
Адамның 
ішкі 
əлемін 
меңгеруде    көркемдік  принциптер  мен  психологиялық 
стильді  оның  бойындағы    қайталанбайтын  өзгешелікті 
таңбалаудан  гөрі,  ұжымдық  санасының    қырларын 
танытуға бағындырды.          
Ауылшаруашылық 
 
проблемаларын 
көтеретін 
туындылардың  бірі  –  Тəкен  Əлімқұловтың    «Ақбоз  ат» 
романы.  Романда  Біркімбайдың  отбасындағы  жағдайлар, 
оның  қызы  Гүлнаш,  немересі  Шырынның  бастарынан 
өткен  күйлер  əңгіме    болады.  Негізгі  оқиғалар  осылардың 
тағдырларынан  туындайды.Əр  қаһарман  өмір  жолында 
рухани  жағынан  өзгеріп,  олардың  мінез-құлқы,  сана-сезімі 
əлеуметтік шындық нəтижесі ретінде көрінеді. 
Біркімбай - өмірдің талай талқысына түскен, 
қиыншылықты көре жүріп, түйгені мол, көпті көрген адам. 
Оның кəсібі- сəйгүлік атты баптау. Шонай байдың жүйрік 
Ақбоз атына қатысты тұста Біркімбай мен оның қызы 
Гүлнаштың мінездері дара сипатқа ие  болады. Шонайдың 
адам тағдырын (Гүлнаштың) саудаға салуы, ата-анаға 
тəуелді, салт-дəстүрдің шырмауынан аса алмаған 

  22 
 
 
Гүлнаштың мұң-наласы, іштей күйзелсе де, Біркімбайдың 
да дəуір салтынан аса алмауы,  жаңа сананың адамы  
Шырынның іс-əрекетіндегі, ой-санасындағы еркіндік – бəрі 
де өзіндік өмірі бар адамдардың тағдыры. Осы 
кейіпкерлердің жан-дүниесінен, санасынан, мінезінен 
халқымыздың ұлттық  қасиеттері аңғарылып отырады. 
Шырынның қандай еркін өссе де, ата салтын ұмытпай,  
Елеусізге қатысты жағдайда əдеп сақтауы – ұлттық 
сананың, ұлттық психологияның  көрінісі. 
Біркімбай  қарт    ата  дəстүрімен  сəйгүлік  аттардың 
тұқымын  өсірумен  айналысады.  Бұрын  жүйрік  атқа  жеке 
басының  қамы  үшін,  өз  мерейінің  үстемдігі  үшін  ғана 
қызықса,  енді  болашақ  үшін  бар  күшін  салады.  Романда 
қаһармандардың 
өзгерген, 
түлеген 
ішкі 
рухани 
болмыстарына үңіле келе, автор қоғамдағы адам дамуының 
диалектикасына өзінше үңіле алған. 
Ауылдың  еңбек  адамдарының  өміріне    арналған 
туындыларда  көркемдік тереңдікпен  қатар ауыл мəселесін 
жалаң суреттеп  кететін жағдайлар да аз емес.     
Жазушылардың  шығармашылық  нысанында  болған 
мəселелердің    қатарында  тың  игеру  тақырыбы  да  бар. 
С
.Жүнісовтің 
«Жапандағы 
жалғыз
 
үй
» 
(1966), 
З
.Шашкиннің  «Сенім»(1966)  романдарындағы    инженер 
Райхан,  агроном  Нұрлан  образдары  өз    халқының  
жанашырлары,  адал    азамат,  іскер    маман  деңгейінде 
 187 
 
 
Айтса айтсып айыбымды бетке қарып, 
Қайтемін қаламымды кекке малып. 
Арам шөптің орнына гүлді қырқып, 
Əйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып. 
Басымнан кемшіліктер өткені анық, 
Несіне өкпелеймін көпке налып. 
Ащы жырым құйылса өтке барып, 
Ашырқанып алайда сөкпе, халық, 
Мұңымды айтпай, 
Шау тартатын жайым жоқ шетте қалып, 
(«Айтсын  деп  ақиқатты  тіл  берілген»)  -  деген  
жолдарды  оқығанда  ақынның  азаматтық    тұлғасы      көз 
алдымызда биіктей түседі. Алысқа  да  апаратын,  аспанға  
да  шығаратын  ақиқат  екеніне  тағы  да  мойынсұнамыз.  Не 
айтса да, қара қылды қақ жарып, ағынан төгіліп сөйлейтін 
суреткер  тұлғасы  сол  орынсыз  асып-таспай,  көргенін 
көргендей, барды бардай етіп ашық толғауымен асыл. 
В.Белинский  орыс  əдебиетінде  жарық  жұлдыздай 
жарқырап  туып,  мəңгілікке  қайталанбай  өткен  Гогольдің 
бірыңғай  ел  тірлігіне,  халықтың  күнделікті  тұрмыстық 
психологиясынц  салт-санасына  байсалды  көрегендікпен 
зер  салуы  жөнінде:
 
«Мүмкін,  сонысымен  ол  біржақтылау, 
бір сарындылау көрінетін де шығар, бірақ сонысымен де ол 
бəрімізден  де  тереңірек  нұсқалырақ,  бірегейлеу  əрі 
шыншылырақ»,  -  деп  жазыпты.  1845  жылы  «Өлі 
жандардың»  екінші  томын  жазу  себептерін  жазған 
төртінші  хатында  Н.Гоголь:  «Тек  ғажайып  тамаша 
характерлерді  ғана  сомдау»  біздің  тегіміздің  кереметтігін 
көрсетпейді,  «бір  буынды  əдемілікке,  əсем  асқақтыққа 
тəрбиелеу  үшін,  оның  нағыз  жамандығын  да  бар 
тереңдігімен  көрсету  шарт»,  -  деп  көрсетті.  Бұл  -  Гоголь 
творчествосының  кредосы...  Белинский  анықтауынша, 
«Нағыз ұлттық суреткер», «прогресс, даму, парасаттың үлы 
көсемдерінің  бірі»...  атанған  Гогольден  кейін  ғана  бүкіл 

 186 
 
 
Тұшынып, сірə, сөйлей ме? 
Тасынып біраз мен кейде, 
Басылып қалам деңгейде. 
...Ашынам арзан ағайға, 
Ашынам арзан жеңгейге. 
Ашынам, қайта басылам, 
Басылам-дағы тасынам. 
Адамдықтарын алтынмен, 
Өлшегендерге ашынам! 
Мансапқорлардың қасынан 
Шықпайтындарға ашынам! 
Жалданып өскен жасынан, 
Жағымпаздарға ашынам! 
Айрылғап адал досынан 
Алаяқтарға ашынам, - 
(«Отаным,  саған  айтам!»)  -  десе,  бұл  ақынның 
дидактикалық  ақылгөйлігі  емес.  Кəдімгі  қазақтың  жыр 
үлгісіндегі  тегеурінді  тебіренісінің  жаңа  көрінісі.  Белгілі, 
үйреншікті 
ұғымдар 
дегенге 
сыймайтын, 
əдеттегі 
танымдық шарттылықтардың ақындық жан-дүние төріндегі 
шұғылалы  көрінісі.  Жағымпаздық  атаулының  жағымсыз 
қасиет екені айдан анық, соның езін ақын өз мəнерімен, өз 
мінез-құлқымен  бейнелейді,  жағымпаздықты  «Жалданып 
өскен  жасынан»  деп  жаңаша  ораммен,  жеріне  жеткізе 
айтады.  Жасынан  жалданып,  тəуелділікте  өткен  тағдырда, 
өмірде, азаматта не өмір, не тірлік бар? Əдебиеттің тегінен 
сіңген асқақ мінез - адам жанының бұла таза, тарпаңдығын 
жырлау Адамдықтық асыл қасиеті - жан-дүниенің, тəн мен 
сезімнің  тəуелсіздігі,  бейкүнə  тазалығы,  бостандығы  үшін 
күрес.  Ақындық  та,  поэзия  да  адам  жанының  кең 
мағынадағы  еркіндігін,  еркін  рухың  толғаушы.  Өлең 
авторы  сол  үшін  ашынады,  сол  үшін  күйінеді.  Ақын 
өмірлік шындықты өз жүрегінің əсерімен, өз ақын сезімінің 
көрігінде суарып шығарған. 
  23 
 
 
шыққан.  Тың    игерудің    көлеңкелі    тұстарына,  əсіресе,  
қазақтың 
мал 
өрісін 
тарылтқанына, 
қамқорлықпен  
қарамаса,  жердің  де    озатынына  мəн    беріп,  ой    тастау 
түрінде болса да жеткізе алған. 
ХХ  ғасырдың  басында  өткен  тарихи  оқиғалар  –  1916  
жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс,  Қазан  төңкерісі,  азамат  
соғысы 
көркем 
əдебиетімізде 
қызыл 
империяның 
таптаурын 
танымымен 
зерттеліп 
келгендігі 
белгілі. 
Жазушыларымыз  ертелі  –  кеш  тарихымыздың  осы  тұсына 
айналып  соғып  отырды  да,  адамтану  мəселесінен    гөрі 
кеңес  дəуірінің    құдіретін  паш  ету,  асыра  мадақтау  үрдісі 
белең  алды.  Өйткені    көркем  туындының  маңыздылығын 
осы белгісіне қарап өлшеді.  
Бүгінгі күні қазақ тарихының осы оқиғалары жайында 
сан-қилы  пікірлер  айтылып  жүр.  Тіпті  қара  күйе  жағу 
нышандары  да  байқалады.  Бірақ  халықтың,  қоғамның  
өткеніне    тым    үстірт,  сыңаржақты  қарау,  бəрін  теріске 
шығару 
ұлтымыздың 
көсегесін 
көгертпесі 
айқын. 
Сондықтан бұл тақырыпта жазылған көркем  туындыларды 
талдау кезінде жаңаша пайымдауды сол дəуірдің қоғамдық 
–  саяси,  əлеуметтік-мəдени  дамуының  ерекшеліктерін 
зерделеумен  сабақтастырған  абзал.  Өйткені  өткенге  дұрыс 
баға бермей, болашаққа қадам баспақ жоқ. 
Бұл  тақырыптың  көркем  əдебиетте  игерілуінің  өзіндік 
тарихы  бар.  С.Сейфулиннің  «Тар  жол  тайғақ  кешу» 
ғұмырнамалық  романы,  І.Жансүгіровтің  «Жолдастар», 
С.Мұқановтың  «Ботагөз»,  «Теміртас»,  «Өмір  мектебі», 
З.Шашкиннің  «Тоқаш  Бокин»,  Ғ.Мұстафиннің    «Көз 
көрген»  ғұмырнамалық  романы,  «Дауылдан  кейін», 
Ғ.Мүсіреповтің  «Оянған  өлке»,  «Жат  қолында»  т.б. 
романдары 
тарихи  оқиғаны 
тап 
тартысы 
аясында 
қарастырғанмен,  өткен  ғасырдың  басындағы  аласапыран 
дəуірдің панорамасын жасап , тарихтан шежіре шертеді. 

  24 
 
 
2. Хамит Ерғалиевтің (1916-1997) 
шығармашылығы
 
Х.Ерғалиев  Атырау  обсының  Махамбет  (бұрынғы 
Новобогат)  ауданында  дүниеге  келген.  Мұнай  рабфагын 
бітірген  соң,  Қазақ  мемлекеттік  университетіне  (1939) 
оқуға  түскен.  Бірақ  аяқтауға  мүмкіншілігі  болмай,  Ұлы 
Отан  соғысына    аттанған.  Соғыстан  соң  республикалық 
«Социалистік  Қазақстан»  газетінде,  Қазақстан  жазушылар 
Одағында 
қазақтың 
мемлекеттік 
көркем 
əдебиет 
баспасында қызметтер атқарады. 
1959-жылдан  өмірінің  ақырына  дейін  бірыңғай 
шығармашылық жұмыспен айналысқан. Баспасөз бетіндегі 
алғашқы өлеңі 1936 жылы жарияланған. Содан бері 40-тан 
астам төл кітаптары мен аударма жинақтары жарық көрген. 
«Əке  сыры»,  «Үлкен  жолдың  үстінде»,  «Оралдағы  отты 
күн», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан» 
жəне т.б. жиырмаға жуық поэманың авторы. Шығармалары 
түгелдей 
дерлік 
орыс 
тіліне 
аударылып, 
Мəскеу 
баспаларынан  бірнеше    кітабы  жарық  көрген.  Əңгімелері 
мен  публицистикалық  мақалалары,  очерктері  де  кітап 
болып басылған. 
Орал  қаласындағы  рабфакта  оқып  жүрген  кезінде 
қабырға газеттерінің бетіне алғашқы өлеңдері шыққан жас 
ақын 
іле-шала 
«Ұлы 
кек», 
«Дүние 
теңселгенде», 
«Шыңдағы  сұлу»  атты  дастандар  жазыпты.  Бірақ  газет 
бетінде  жарық  көргені  соңғысы  ғана.  Поэзия  əлеміне 
осылайша үнмен екпіндей енген ақын жырлары Ұлы Отан 
соғысынан 
кейін 
көркемдік-эстетикалық 
тұрғыдан 
кемелденіп,  рухани  күш-қуатқа  ие  бола  түсті.  Ақынның 
шығармашылығы  негізінен,  бірнеше  салаға  бөлінеді.  Атап 
айтқанда, 
олар 
лирикалық 
өлеңдері, 
дастандары, 
аудармалары,  публицистикалық  шығармалары.  Бұл  арада 
атап айтатын нəрсе – Х.Ерғалиев жақсы қалыптасқан лирик 
болуымен  қатар оқырманға, ең алдымен эпик ақын ретінде 
 185 
 
 
қоярмын!», «Қайран біздің шешелер! Арды ойлаған, Шілік 
шауып, ши орып, бау байлаған...» 
Бұлар - ақын шығармаларындағы əр алуан өлеңдерінің 
алуан  тынысты  тармақ,  толғамдары.  Азаматтық  парасат 
сөзі,  адамгершілік  көңіл  толқулары,  адам,  адалдық  деп 
лүпілдеген  тіршілікке  іңкəр  жүрек  тынысы.  Оқушының 
жанына,  жүрегіне  қозғау  салмаған,  бірге  толқытып,  бірге 
тебірентпеген  өлең-  өнер  емес.  М.Мақатаев  өлеңдерін 
отты, жігерлі десек те, бірыңғай сазды, сыршыл, шешендік, 
ақылгөйлік  сарындары  бар  десек  те,  нақ  басып  дəл 
сипаттай  алмас  едік.  Мақатаев  жырлары  -  азаматтық  жан-
дүние  сырлары.  Кəдімгі  жүмыр  басты  пенденің  күнделікті 
түрмыс-күйінен  туындап  жататын  жан  тебіреністері. 
Əрине, 
ақынжанды 
адамның, 
ақын 
жүректің 
бұлқыныстары. Ал оны өлең тілінде жеткізуде жоғарыдағы 
атаған  сипаттардың  бəрі  де  туыңды  табиғатына  сай  əр 
тұста  əр  түрлі  деңгейде  көрінеді.  Əммеден  əйгілі  ақиқат  - 
адамның,  былайша  айтқанда,  кəдімгі  жұмыр  басты 
пенденің бойында, мінез-құлқыңда, тағдырында жақсы мен 
жаман  қатар  арпалысып  жүр.  Тек  кейде  жақсының  бел 
алатынына,  кейде  жаманның  дендеуіне  қарай,  «жақсы 
адам», «жаман адам» дейміз. Ақын жырларының жан өзегі 
осы  Адам  атты  ұлы  тұлға  бойындағы  екіұдай  тайталас. 
Жақсы  мен  жаманның  тайталасы,  текетіресі.  Ақын  уытты 
жырларымен 
(пендешілік, 
арамдық, 
көрсеқызарлық, 
жауыздық,  қараниеттілік,  екіжүзділік  толып  жатқан  түрлі 
зымияндықты  білдіретін)  жамандық  атты  ұғымның  езін 
тұншықтыруға, жоғалтуға құштар. Жақсы жыр, жақсы сыр, 
асқақ тебіреніс жамаңдықты жеңуге тиіс деп сенеді автор. 
Осы 
тұрғыда 
М.Мақатаев 
шығармашылығының 
шыншылдық, сыншылдық сипатын анық көреміз. 
Кешіргін, Отан кей-кейде, 
Басып бір кетсем гөй-гөйге 
Тілі шықпаса, сəбиің 

 184 
 
 
мəсілі»  ақ  əже,  «су  сұраса,  сүт  берген,  айран  берген» 
қайран жеңге - исі қазаққа төл ұғым, төл сезім, табиғаттың 
өзі берген ұлттық асыл қазына. Сол себептен де ақын сезімі 
этнографиялық  əлеміш  емес,  табиғи  толғаныс,  терең  əрі 
тəтті  мұң.  Қазақ  тұрмысына,  қазақ  баласына  ғана  тəн 
ерекше  сезім  күйі.  Есейген  сайын  адамның  алдағы  күнге 
қызыға  түсіп,  ұмтыла  түсіп,  соңында  қалып  бара  жатқан 
сəтті күніне жалт етіп бір қарағанындай алақұйын сəт. Бұл 
-  адам  жаны  мен  жалған  дүние  арасындағы  мəңгілік 
арпалыс,  диалектикалық  заңдылық.  Қазақ  ақынының 
түйсінуі, 
қазақ 
ақынының 
тебіренісі 
сол 
мəңгілік 
тақырыпты  өзгеше  бір  реңде  жеткізеді.  Қай  тақырып 
болсын,  шынайы  сезімнің  шарпуына  оранса,  шыншыл 
жүрек  лүпілін  жеткізсе,  несі  бар?!  Адам  өз  өмірінің  əр 
кезеңін  əлсін-əлсін  əр  түрлі  жағдайда  еске  алып  отырмас 
па?  Əуелі  өткен  өміріңсіз  бүгінгі  тіршілігің  жарым-жарты. 
Керісінше,  бүгінгі  өмірсіз  өткен  күнді  қалай  сезінерсің? 
Бұл  түзілімі  күрделі құбылыс  -  жеке  адамның  да,  ортаның 
да,  қоғамның  да  тыныс-тіршілік  болмысын  жеткізгендей 
күй. 
«Неге ертерек суалдың, жаным Анам»,  
«Жоқ! Дəрігер! Орнатпа басқа жүрек! 
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.  
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,  
білдірмей доғдыр алып тастады деп?!  
Өңгеріп өгей күрек қайда барам,  
өнгенің ғүмырын қайтіп пайдаланам»,  
«Өзімнің   жүрегімді    жерлеп келіп, 
өзгенің    өмірін    қайтіп жалғастырам?», 
«Неше  мың  жыл  мен  неге  жасамаймын,  мың  жыл 
жасап  жүрген  жерде  қара  қарға!?»  «Қызым  менің,  Гүлім 
менің, Аяулым! Жатыр молаң жотасындай қоянның. Құлпы 
тастың  құны  маған  бес  тиын.  Бірақ  таспен  қалай  жаншып 
  25 
 
 
кеңінен  танылды.  Оның  шығармашылығының  басым 
бөлігін  құрайтын  туындылар  да  –  осы  дастандары  десек, 
артық айтқандық емес. 
Ақынның «Құтты қоныс», «Санаттағы сарбаз», «Көбік 
шашқан»,  «Алтын  зерен»  сияқты  жинақтары  –  оның 
сарабдал,  арқалы  ақын  екендігінің  айқын  мысалы.  Бұл 
кітаптарының  қай-қайсысында  да    ақын  өзіне  тəн 
азаматтық  пафосты  көркемдікпен  айшықтап,  жасампаздық 
рухқа  құлаш  ұрады.  Оның  қай  туындысынан  болса  да, 
рухани  қайсарлықтың  нышаны  көрініп  тұратынын  атап 
айту  қажет.  Ақын  шығармашылығына  жалаң  өсиет, 
жадағай  дидактика  жат.  Есесіне  суреткерлік  қуаттың 
нышандары 
басым 
келеді. 
Ақынның 
лирикалық 
өлеңдерінің  тақырыптары    негізінен,  бірнеше  саланы 
қамтиды.  Атап  айтқанда,  олар  –  патриотизм,  жалпы 
адамзаттық  мəселелер,  табиғат  жəне  адамның  жеке 
басының  көңіл-күйі  сияқты  поэзия  үшін  ескірмейтін 
ауқымды  тақырыптар.  Ақынның  пайымдауынша,    өз 
халқыңды,  ұлтыңды  шексіз  махаббатпен  сүймей  тұрып, 
бүкіл  адамзатқа  тəн  материалдық  жəне  рухани  игіліктерге 
қол  жеткізу  қиын.  Патриотизмді  жырлаған  кезде  ақынның  
жүрекжарды  үні,  туған  халқына  деген  сүйіспеншілігі 
алдыңғы қатарға шығады. 
Қаныммен жаулап алған қайран бағым, 
Қанжардай қажет дейді қайралмағым. 
Ісім не күн мен түнде, келе берсе 
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым. 
 
Мұратым – мұң-шапағатым бөлінбейтін,  
Менің де пірім бар көк бөрім дейтін. 
Жарық жасырынса, қала алмайды 
Көкжалдың көзі болып көрінбей түн. 
 
Көзімде түннің оты маздағаны –  

  26 
 
 
Арланның азап-сордан азбағаны. 
Сұқтансаң сұлулыққа, түк еместей, 
Жүректің тоқтап қала жаздағаны. 
 
Қайғының қарысы да ызғары ішті, 
Өз елін өле сүймек қызғанышты. 
Сол үшін дем біткенде  талай тарлан, 
Қоштасып арманымен, құздан ұшты. 
 
Əзірше күйсе күйсін нақақ хатым, 
Сатусыз өз жұртыма махаббатым. 
Сұм ажал астамшылық істеп көрген 
Кеудеме зеңбірегін тақап та тым. 
Ей, пенде, көңілі мен көзі бөтен, 
Сен менің келе алмайсың сөзіме тең. 
Дəуірлі дəптерімнің ақ бетінде, 
Осылай сайран  салып өзім өтем. 
Ақынның  өзі  айтқандай,  «өз  жұртына  махаббатын 
сатпайтын»  шын  мəніндегі  азаматтық,  биіктік  тек  үлкен 
жүректі,  ірі  тұлғалы  жандарға  ғана  тəн.  Осындай  сезім 
күйін 
бекем 
бейнелей 
отырып, 
ақын 
өзінің 
жас 
оқырмандарын да махаббатын сатпауға ишаралайды. 
Патриотизм  ұғымын  жалаң  бейнелеу    мəселесі  де 
ақынға  жат.  Ол  осынау  киелі  түсінікті  нақты  бір  жермен, 
нақты  халықпен  байланыстырып  жырлайды.  Ол  жер  – 
ақынның өзі туған Қазақстаны, нақты халық – ақынның өзі 
шыққан  қазақ  халқы.  Туған  ұлтының  өзіне  тəн  қадір-
қасиетін,  ешкімге  ұқсамас  жақсы  жақтарын  масайрап  айту 
үшін  ақын  көп  өлеңдерінде  тарихымызға  шолу  жасап 
отырады.  Оның  елеулі  деген  тұстарын  назардан  тыс 
қалдырмайды. Тарихымыз жайында тебірене келіп, «Туған 
жер толғауы» атты өлеңінде былайша философиялық түйін 
жасаған екен: 
Бабадан қалған байтақ жер! 
 183 
 
 
кезеңіне  лайық  тынысын  содан  естиміз,  түсінеміз. 
Дұрысында таңдап, талғап танимыз. 
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен 
орын  тепкен  -  Мұқағали  Мақатаевтың  саңлақ  үні  халық 
санасына  сіңді  деп  айтуға  негіз  бар.  Ақынның  шыншыл, 
сыршыл  қоңыр  дауысы  əдебиет  əлеміне  орнықты.  Өзімен-
өзі,  арпалысқан  мазасыз  Ақын-Жүрек  миллион  жүректі 
адамгершілік,  суреткерлік  жалын-жігерімен  жылытып 
келеді. Сонда есте көп сақталатын да, еріксіз тілге, зердеге 
нəр  болып  таматын  табиғаттың  тұлғалы,  тұрлаулы, 
тебіреністі жырлады. 
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, 
Алынбаған ақым бар сенде менің! 
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім, 
Бура бұлттар - бусанып терлегенім, - 
деп қайталаймыз ақын жырын. 
Поэзия! 
Менімен егіз бе едің? 
Сен мені сезесің бе, неге іздедім? 
Алауыртқан таңдардан сені іздедім, 
Қарауытқан таулардан сені іздедім. 
Сені іздедім кездескен адамдардан, 
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан. 
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан, 
Сені іздедім жоғалған адамдардан. 
Сені  іздедім  досымнан,  қасымнан  да...деп  күбірлейміз 
асыр-тасыры  мол  XX  ғасырдың  аласапыранды  толқын-
толқынында қақпақыл ойнап жүріп.  «Ақ кимешек көрінсе, 
сені  көрем...  Ақ  кимешек  жоғалса,  нені  көрем?»  -  деген 
жолдар  тілге  оралғанда,  көкірек  көзі  ащы-тұщысы  аралас 
мұңға  толады.  Əже...  Ақ  кимешек...  Уақыт...  Иə  өмірдің 
заңы. Кəдімгі пенделік сезім. Жас өседі, жасамыс қартаяды, 
қарт  жанынан  əл  таяды.  Бұл  -  табиғат  заңдылығы.  Солай 
болуға  тиісті.  Сөйте  тұра,  «таныс  дауыс,  таныс  сөз,  таныс 

 182 
 
 
жарасымды  дамытты.  «Күпі  киген  қазақтың  қара  өлеңін, 
Шекпен  жауып  өзіне  қайтарамын»  дегенде  де  ақын  өзінің 
суреткерлік сырын алға тартқан. 
Аққулар  ұйықтағанда»,  «Бəсіре»,  «Жырлайды  жүрек», 
«Қош,  махаббат»,  «Өмір  өзен»,  «Өмірдастан»,  «Соғады 
жүрек», «Шолпан» жыр жинақтары. 
Мұқағали  өлеңдері  -  ұлттық  поэзияның  жаңа  бір 
белеске  көтерілгендігін,  жаппай  еуроцентристік  ағымға 
ойысқан  заманда  қазақтың  қара  өлеңінің  шынайы 
қасиеттерінің  қадірі  артып,  бұрынғыдан  да  толысып, 
кемелдене  түскендігінің  куəсі.  Ол  қазақ  өлеңінің  ұлттық 
бояуы  мен  рухын  ұстанды,  түрлендіре  байытты  да, 
сонысымен  қалың  қазақ  оқырмандарының  жүрегіне  жол 
ашып, ұлттық поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы 
ретінде  мəңгілік  ұялап  қалды.  Сонымен  қатар,  ақын  қазақ 
лирикасын  XX  ғасыр  əдебиетінің  озық  дəстүрлерімен 
талантты  түрде  құнарландырды.  Білікті,  парасатты  ақын 
ретінде  өз  заманының  ірі  мəселелеріне  қалам  толғаса, 
соның  өзінде  қазақ  өлеңі  мен  ана  тілінің  ғасырлар 
қойнауынан 
нəр 
жинаған 
аталы 
дəстүрін 
бұзбай, 
жарасымды  дамытты.  «Күпі  киген  қазақтың  қара  өлеңін, 
Шекпен  жауып  өзіне  қайтарамын»  дегенде  де  ақын  өзінің 
суреткерлік сырын алға тартқан. 
Адамды  бірде  азынаған  үскіріктің  құшағына,  бірде 
апшыны  қуырған  аптаптың  аңызағына,  бірде  жапырағын 
желден басқа жан желпімеген жаратылыс жаннаты жазира 
жайлау  жасыл  аймаққа  алма-кезек  алмастырып,  өмірдің 
нəрін  көңілдің  аңсары  мен  кəусəріне  айналдыратын  уақыт 
атты құдіреттің өз мақамы, өз күйі болатындай, поэзияның 
да  сол  уақыт  атты  қайсар  еменнің  шор  боп  біткен  иір-иір 
бұтақтарынан  жамырап,  бүр  ашқан  өзіне  ғана,  кезеңіне 
ғана сай сымбат, бітімі бар. Содан жаратылған мінез-құлқы 
бар.  Шынайы  талантты  поэзия  тармақтарында  тіршіліктің 
тынысы  қан  лүпіліндей  соғып  тұрмақ.  Өлеңнің  де  өз 
  27 
 
 
Сырың жоқ бізден жасырын: 
Қасірет, бақыт, бай тағдыр –  
Барлығы сенің жан сырың. 
 
Халқымыз сенен жаралған 
Өсімдік, ауаң, суыңдай- 
Өлең де сенен нəр алған, 
Өзегі бір сəт суынбай. 
Қазақ  жерінің  тарихы  қайғы-қасіретке  толы  болып 
келгенін  жас  ұрпақтың  біліп  өскені  абзал.  Еліміз  де, 
жеріміз  де  керемет,  тарихымыз  жақсылыққа  толы  деген 
сияқты  декларациялық  жылтыр  сөздерге  Х.Ерғалиев 
қаламы үйір емес. Ол  еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқының 
басынан  кешкен  азапты  жолдарды  поэмаларында  да, 
лирикалық  жырларында  да  əлсін  əлі  еске  салып  отыруға 
бейім.  Тіпті  кеңес  дəуірінде  ұлы  халық  деп  дəріптелген 
орыстардың 
қазақ 
жеріне 
қалай 
көз 
алартқанын, 
отаршылдық, шовинистік пиғылын да жасырмайды:  
Баса көктеп Жайыққа орыс келген,  
Жерді тартып алмақ па?.. 
Ол істелген. 
«Қазақ» деген ұлт атын жəне тонап, 
Құм, тақырдан «киргизге» қоныс бөлген. 
Малын айдап аларда малшыны атқан, 
Қарсы шыққан қарттарын қамшылатқан. 
Жас баласын ұрлап ап, жаттығарда 
Нысана қып, тірідей қаңсыратқан. 
Сатқындардан қажетке тізім жинап,  
Көнбегеннің көзінше қызын қинап, 
Есаулға немесе бірер түнге  
Сыйланыпты бұрымы ұзын бейбақ. 
Кезінде  оның  əдеби  сын  тарапынан  талдау  объектісі 
ретінде назар аударған шығармаларының бірі – «Бауырсақ» 
атты өлеңі. Көлемі жағынан шағын, бұл лирикалық өлеңнің 

  28 
 
 
көркемдік  шешімі  келісті,  айтар  пікірі  өрісті.  Қазақтың 
ұлттық  тамағы  бауырсақ  осынау  жыр  жолдары  арқылы 
символикалық  мəнге  ие  болып,  туындының  көркемдік-
идеялық салмағын арттыра түскен.  
Есіме қайтып ене алмас, 
Желді күн, яки тымық күн. 
Қай сəтте анам ең алғаш 
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым. 
 
Əлде ол шешем əкеммен, 
Базардан алған үн шығар?.. 
Əлде оны сатып əкелген 
Саудагер жылпос ұншы бар?.. 
 
Əлде оны жақын туыстан 
Əкелген аштық-ауыр шақ?.. 
Əйтеуір титтей уыстан 
Шығармай жедім бауырсақ. 
Жалпы, 
поэзияға 
қойылатын 
қатал 
талап 
Х.Ерғалиевтың өмір бойғы ұстанып өткен шығармашылық 
кредосы. Сонымен бірге өзінің азаматтық көңіл-күйін, жеке 
позициясын  жырлары  арқылы  іркілмей  оқырманға  ұсыну 
қасиеті де оған тəн.  
Уақытында жаңалық болып саналған сол бір ізденістер 
бүгінгі    күні  де  кейінгі  жас  талапкерлер  үшін  көркемдік 
нышаны  болып  табылатыны  сөзсіз.  Бір  қарағанда,  ақын 
жырларында  дерексіздік,  жалаң  философия  орын  алатын 
сияқты көрінгенімен, əрбір жырдың тұтастай беретін əдемі 
əсері,  эстетикалық  эмоциясы  бұзыла  қоймайды.  Ақын  жай 
қарапайым 
өмір 
көріністерінен, 
тіршіліктің 
типтік 
нышандарынан  поэзиялық  үйлесімділік  көре  біледі. 
Сөйтіп, 
өмірдің 
жадағай 
құбылыстары 
Х.Ерғалиев 
қаламынан  мағыналы  жырға,  поэтикалық  сырға  айналып 
сала бергендей болады.  
 181 
 
 
қайтыс  болды.  Бұл  кезде  ақын  поэма,  дастандарымен, 
талантты  лирикалық  шығармаларымен,  əлем  əдебиетінің 
кесек  туындыларын  қазақ  тіліне  аудару  арқылы  қазақ 
əдебиетінің тарихында ерекше тұлғалы орын алып, жарқын 
да  шынайы  талантымен  кеңінен  танылып  үлгерді.  Ақын 
соңында  бай  да  талантты  қаламнан  туған  мұралар 
қалдырды.  Оның  жеке  өмірі  мен  шығармашылық 
ізденістерінің 
ішкі 
бірлігі, 
тұтастығы, 
дүние 
құбылыстарына  деген  шыншыл  да  сезімтал  ақындық 
көзқарасы  туындыларынан  барынша  айқын  аңғарылады. 
Шығармашылық  өмірінің  алғашқы  қалыптасу  кезеңі  бүкіл 
кеңес  əдебиетіне  үлкен  серпіліс  тудырған  60  жылдардағы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет