Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Қан  мен  тердегі»  Ақбала  мен  Бəкизат  образдарында 
ұқсастық  бар.  Екеуі  де  көрсоқыр  сезімнің  жетегінде  кетіп, 
ақыры  өздерінің  қадірін  білмес  Тəңірберген  мен  Əзімге 
жем болады. Ақбала Тəңірбергеннен кеткен соң, жел қуған 
қаңбақтың күйін кешсе, Бəкизат бір түнде Əзімге суынып, 
Жəдігердің 
қадірін 
білмей 
кеткеніне 
опық 
жейді. 
Сондықтан да Жəдігердің тек амандығын тілейді. 
Романдағы  жаман  қасиеттерімен  кейіпкерлер  -  Əзім, 
аудан 
басшысы 
Қозы 
қарын, 
Əзімді 
мадақтап, 
насихаттаушы  Жуан  Жақайым,  кеңес  белсендісі  – 
«құдайсыздар  ұйымының  мүшесі»  Сары  Шая,  жəдігөй 
Қожбан. 
Осылардың 
бəрі 
– 
кеңестік 
жүйенің 
жандайшаптары. 
Роман  «сондай да бір күн болған»,  «сондай да бір түн 
болған»  деген  екі  кітаптан  тұрады.    Автор  табиғаттың 

  66 
 
 
бүлінуі 
адам 
пиғылының 
бұзылуынан 
шығатынын 
көрсетеді. 
Ə.Нұрпейісов  –  көркем  аударма,  публицистика,  эссе, 
сын  саласында  да,  аудармада  да  ерен  еңбегі  бар  қаламгер. 
А.Чехов,  М.Горький,  Назым  Хикметтің,  испан  жазушысы 
А.Кэсоның шығармаларын аударды.  
1972  жылы  «Толғау.  Раздумье»  атты  əдеби  сын, 
эсселер жинағы жарық көрді. 
1979  жылы  «Край  голубых  озер»,  1985  жылы  «Ақ 
бидай туралы аңыз» очерктер жинағы шықты. 
«Своя  и  чужая  боль»  мақаласында  1990  жылы 
А.Солженицынның  «Как  нам  обустроить  Россию»  деген 
үндеуіне қарсы шықты. 
Ұлы  М.Əуезовтің  өзі  Ə.Нұрпейісовті  «алдыңғы  аға 
буын жазушылармен қатар соларға ілесе келе жатқан тағы 
бір  талантты  жазушы»  деп  бағалауы  оның  əдебиеттегі 
орнын межелейтіндігі сөзсіз. 
Ə.Нұрпейісов  прозасы  –  қазақ  əдебиетін  өркендетуге, 
халқымыздың  рухани  қазынасын  байытуға  қосылған  баға 
жетпес мұра. 
  
Негізгі
 əдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
2.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
əдебиеті.-Алматы, 1987. 
3.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дəуіріндегі  қазақ  əдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
4.
 
Дəдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  əдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
5.
 
Қазақ  əдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
6.
 
Əшімбаев  С.  Шындыққа  сүйіспеншілік.-Алматы: 
Жазушы, 1985. 
 143 
 
 
бер  жағыңда  оқиғалардың  эпикалық  ұлы  рухын  жеткізе 
білу - бұл пьесаның үздік ерекшеліктері. 
Алпысыншы  жылдары  туған  «Сəуле»,  «Боран» 
пьесалары  да  кезінде  үлкен  табыспен  қойылды.  Əсіресе 
«Сəуле» жоғары бағаланды. Тахауи Ахтанов пьесасындағы 
түпқазық  кейіпкер  Сəуле  образы  арқылы,  «бала  тəрбиесі, 
күйеу  күтімі,  үй  шаруасымен  ғана  айналысатын,  жеңіл-
желпі 
жұмыс 
істейтін 
əйел 
емес, 
үлкен 
қызмет 
түтқасындағы  жанның  басыңдағы  сырларды  көрсету 
арқылы творчестволық марқаюға бет бұрғанын танытты». 
Марқаюдың  бас  белгісі  -  шаруашылық-экономикалық 
ілік-тартыстан  қашан  да  ескірмейтін  ел  билігі  тақырыбын 
сахналық  өреге  көтере  білгендігі.  Облыстық  партия 
комитетінің  хатшысы  Сəуле  алға  басу  жолында  көрінеу 
аяққа  оралғы  болып  отырған  облыс  басшысы,  бірінші 
хатшы Сырдаққа астарлап диктаторсың деген айып тағады. 
«Əр қызметкерді ойсыз орындаушыға, пікірсіз құптаушыға 
айналдырмақсыз ғой. Көп болып ақылдасып, қауым болып 
шешудің  орнына  өз  əміріңізді  ғана  жүргізбексіз  ғой». 
«...Сіз  кім  сөйлейді,  не  сөйлейді,  соның  өзін  бұрын 
белгілеп  бересіз.  Алдымен  өзіңіз  шешіп  алып,  соны 
құптатасыз. Ал, мүндай мінез көптің ойына өріс бермейді, 
талабына тұсау болады». 
Қазіргі  демократияшыл  уақыт  көзімен  қарағанда,  бұл 
стиль бір ғана Сырдаққа тəн бе еді деген сұрақ туады. Бұл 
Мəскеудің  бір  кездегі  тоталитарлық  тəртібінің  стилі  болса 
ше? 
Осы 
жерде 
айта 
кетсе 
орынды, 
«Боран» 
пьесасындағы
  аупарткомның  бірінші  хатшысы,  мансап 
үшін  жалған  ақпар  беріп,  қоғамдық  малды  жұтқа 
үшырататын 
Қасболаттың 
да 
Сырдақтан 
айырымы 
шамалы. 
Қысқасы,  Тахауидың  жоғарыда  аталған  қос  пьесасы 
замана  дертіне  дөп  диагноз  қойған,  уақытынан  озғын 
шығармалар  қатарына  жатады  деп  бағалануы  тиіс.  Тек 

 142 
 
 
мүддесін  құрбандыққа  шалып,  бар  хан,  билерден  асып 
түсетін əрі харекетті қаһарман дəрежесіне биіктейді. 
Пьесада Сауран бейнесін де, өз бейнесін де асқақтатып 
тұрған  жəне  бір  характер  бар.  Ол  -  Бəтима  (Бопай) 
характері.  Бəтима  басына  түскен  бар  қиыншылыққа  төтеп 
береді. Əйелдік нəзіктігі, майысқақтығы сынбайтын, керек 
жерінде  айтыс-сайысқа  еш  қаймығусыз  қойып  кететін 
шешімді  мінезімен  жарасымды  ұштасқан.  Бұл  -  образдың 
ең  бір  тартымды  да  татымды  қасиеті.  Бастапқыда  Бопай 
махаббатының 
құрмалдыққа 
шалынғанына 
қатты 
қиналады.  Бірақ  кіл  бір  сезімнің  шырмауында  қалып 
қоймайды. Сауранды жан-тəнімен сүйсе де, шешуші жерде 
күйеуінің  намысын,  өзінің  əйелдік  арын  сақтай  білетін 
тұстарында  көрінеу  биіктеп  кетеді.  Сауран  əуелдегі 
ашыналығына  иек  артып,  Бопайға  Əбілқайырды  Ресейге 
қосылуға  көндір  деп  қолқа  салады.  Өйту  қолымнан 
келмейді  дейтін  Бəтима  ханымға  «Бопай  өліпті  ғой»  -  деп 
өкпе-наз  айтады.  Қыз  Бопайдың  Бəтимаға  ханымға 
айналуы  арасындағы  сапалық  өзгеріс  осы  жерде  белгі 
береді. Енді ел тізгінін ұстауға көшкен Бəтима ханым адам 
танығысыз өзгерген. Сауранға өжет кесімін іркіліссіз мəлім 
етеді:  «Бопайды  енді  іздеме.  Сатып  кеткен  малын  қайта 
даулаған 
саудагерді 
көріп 
пе 
ең?!.. 
Түтеткенім 
Əбілқайырдың  түтіні.  Сөйлейтінім  де  соның  сөзі, 
жасырман» - деп төтесінен бір-ақ қайырады. 
«Ант»  тарихи  дастаны  -  Тахауи  Ахтановтың  ғана 
емес,  бүкіл  қазақ  драматургиясының  жетістігі.  Үлкен 
роман-эпопеяға  лайық  тақырыпты  еркін  игерген  драма. 
Жоңғармен  шайқас,  Ресейге  қосылу  секілді  заңғар 
тақырыптардың  басын  қосып  бір  пьеса  аумағында, 
сахналық шарттарға сəйкестендіре отырып, философиялық 
биік  деңгейде  талдау,  əрі  кейіпкерлердің  астан-кестен 
қимыл-əрекетін  бұрқырата  төгілдіру,  кейіпкерлерінің 
лирикалық  сезімдерін,  жүрек  лүпілін  қанықты  беру,  оның 
  67 
 
 
7.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 
8.
 
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 
9.
 
Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы, 
1996. 
10.
 
Дəдебаев  Ж.  Өмір  шындығы  жəне  көркемдік 
шешім.-Алматы,1991. 
11.
 
Жұмаділова 
Н. 
1960-90-жылдардағы 
қазақ 
романы.-Қарағанды,2003. 
 
Қосымша
 əдебиеттер: 
1.
 
Жұмаділов 
Қ. 
Таңғажайып 
дүние.-Алматы: 
Жазушы,1996. 
2.
 
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 
3.
 
Рахымжанов  Т.  Романның  көркемдік  əлемі.-
Алматы, 1994. 
4.
 
Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жəне  психологиялық 
талда.-Алматы,1996. 
5.
 
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 
 
Лекция
  3.  Жұбан  Молдағалиевтің  өмірі  мен 
шығармашылығы
 (1920-1988) 
 
Жоспары

1.
 
Ж
.Молдағалиевтің лирикасы. 
2.
 
Ж
.Молдағалиевтің 
поэмалары

«Мен-
қазақпын
»  поэмасындағы  ұлттық  сана  жəне  көркем 
характер

 
1
Ж
.Молдағалиевтің 
лирикасы

Жұбан 
Молдағалиев  1920  жылы  қазіргі  Орал  облысының  Тайпақ 
ауданына  қарасты    Жыланды  деген  жерде  туған.  Кедей 
шаруа  отбасынан  шыққан.  Əкесінен  жасқа  толмай  тұрған 
кезде айырылған бала кейін шешесімен екеуі туған жерден 
басқа  жаққа  қоныс  аударады.  Ақынның  өз  айтуына 

  68 
 
 
қарағанда,  Жыландыға  қырық  жастан  асқан  шақта  қайта 
оралады.  Туған  топыраққа  арнап  кейін  бірнеше  өлең 
жазған. 
Жұбан  Молдағалиевтің    ақындық  ортасы  –  ең 
алдымен,  ауыз  əдебиеті  үлгілері,  баспасөз  маңайы.  1939 
жылы  Оралда  оқып  жүргенде  Қасым  Аманжоловпен, 
Хамит 
Ерғалиевпен, 
Жəрдем 
Тілековпен 
кездеседі. 
Жұбанның  өз  айтуы  бойынша,  ол  кезде  бұл  бала  ақын 
болса,  олар  оған  дана  ақын  көрінген.  «Тірі  ақынды  бетпе-
бет  көргенін  сол»  дейді.  «Кел,  жолдастар,  жырлайық»  деп 
мінбеден  оқыған  өлеңімен  олардың  өктем  үндерінің 
астында қалып қойғандай болды, - дейді ол.  
Жұбанның  алғашқы  жинағы  «Жеңіс  жырлары»  1949 
жылы  шықты.  Жұбан  əлі  29-да  ғана  еді.  Сөйтсе  де  оның 
алғашқы  өлеңінің  ауқымынан  алыстап,  өскені  көрінеді. 
Айналасы  он-ақ  жылдық  тəжірибе  оны  ақын  қатарына 
қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. 
Өлең жазу емес, окоп қазу күндерін өтті. Дегенмен, сол оқ 
пен  от  арасында  өлең  де  жазылды  –  бірақ  бұл  соғыс 
шежіресі, соның күнделігі сияқты еді. Үзіліп қалған бейбіт 
өмірдің  елесін  аңсағандай,  гүл  мен  күлген  күннің  өзін 
көрмей, бірақ барын сезінгендей жырлар туды.  
Бұл  жай  ақынды  бірден  есейтіп,  əлеуметтік,  саяси 
құлашы  кең  поэзияға  бағыттады.  Қалам  үшкірлігі  əлі  де 
жастықты  аңғартса,  айтып  отырған  пікірі  -  өлім  мен  өмір 
арпалысындағы  жанның  ойын,  көңілін  сездіреді.  «Отан», 
«Бір  бассаң  да  алға  бас»,  «Туған  елге»,  «Қазақ», 
«Шығыста туған елім бар», «Жеңімпаздар сəлемі» деген 
1942-45  жылдары  жазылған  өлеңдерден  осы  жайды 
аңғарамыз. 
«Қазақ»  деген  өлеңнің  1943  жылы  жазған  дедік.  Осы 
туындыға  жас  қаламның  алғаш  толғанысына  назар 
аударсақ, əлгі ер жету, есею, яғни ерте жетілу дегенді анық 
 141 
 
 
жаратылған  тұлға.  «Азғана  елді  қырқыстырып,  Арасынан 
жем іздейтін» құзғындарды иттің етінен жек көреді. Сауран 
образы  -  автордың  үлкен  жетістігі.  Образ  тақырыбы-
Атамекен  мүддесін  бəрінен  де  жоғары  қоюды  көксейді. 
Тартыс  дүрбелеңі  оның  өз  кеудесінен  от  алып  дүрілдеп, 
күллі шығармаға өртке тиген дауылдай екпін бітіреді. 
Сауран ел бірлігін сақтау қамында тіпті сүйген қызын 
басқа  біреуге  қияды.  Əбілқайырды  хан  ету  үшін  Əлім 
тайпасымен  сүйек  шатысты  болу  қажеттігі  туады  да,  ол 
ғашығы  Бəтиманы  Əбілқайырға  əйелдікке  беруге  келіседі. 
Осының бəрін өз қолымен атқаратын Сауран - ердің ері. Ел 
тəуелсіздігінің табанды күрескері һəм құрбаны. 
Пьесаның  екінші  жартысындағы  Сауран  əрекеті  тіпті 
бөлек.  Елдің  шырқын  бұзып,  жүрттан  алабөтен  жырыла 
көшіп,  бұра  тартқан  хандарды  уысынан  шығарып  алған 
Əбілқайырға  ыза  болған  Сауран,  бұл  іске  бел  шешіп  өзі 
кірісіп  кетеді...Ел  тағдыры  тығырыққа  тірелгенде,  бірлік 
мəселесін  білек  күшімен  шешуге  болатынына  хан 
көнбейді. Оның Ресейге қосылу ниетін естігенде, Сауран... 
терісіне сыймай, бұлқан-талқан болады. Əбілқайырдың бұл 
қылығын  исі  қазақ  еліне  жасалған  зұлымдық  деп 
қабылдайды. Сауран характерінің күштілігі - ел тəуелсіздігі 
жолында 
не 
харекеттен 
болса 
да 
тайынбайтын 
табандылығында.  Ресейге  қосылмаймыз  деп  бітіспейтін 
жерге  жеткенде  Сауран  қанды  көйлек  серігі  Бөкенбайдан 
үзілді-кесілді  айырылады,  оның  достасқан  кезде  алмасқан 
қылышын қайырып беріп түрып, «өз қылышың өз басыңды 
кесіп  түспесін»  деген  қоқан-лоққысына  селт  етпейді, 
Ресейге қосылып, ел мүддесін саттың деп жəне бір қимасы 
Əбілқайыр ханның жанын жəһəннамға жібереді. 
Ел  басына  зауал  төнгенде  аянатын  еш  нəрсе  жоқ. 
Дұшпаннан  жан  аяйтын  не  қадды  дегізген  сайын  Сауран 
өркештене,  буырқанып  бұрсана  түседі.  Жеке  басының 

 140 
 
 
байланыстыратын  жүлгелес  психологиялық  оқиғалар: 
Сауран  мен  Бəтима  махаббаты,  Жанарыс  қазасы.  Соңғы 
екеуінсіз  драма  композициялық  тұтастықтан  айырылып, 
қожырап кетер еді. 
Пьеса кеңес кезінде қойылғанда Əбілқайыр ханды алға 
шығарып,  Ресейге  өз  еркіммен  қосыламын  деген  əрекеті 
үшін  оны  идеал  қаһарманға  айналдырып  жіберетін.  Пьеса 
идеясы  жаңа  тұрғыдан  оқылғанда,  бұрын  жете  мəн 
берілмей  келген  қыры  барлығы  аңғарылады.  Ол  Ресей 
империясына  өз  еркімен  қосылудан  гөрі,  ел  береке-
бірлігіне  саяды.  Аңырақайдағы  жеңістен  соң  Əбілқайыр 
хан аузынан мынадай үлкен мəнді сөздер айтылады: 
«Асқар  белім  Бөкенбай,  айпалайып,  Саураным,  екі 
бірдсй бсренім, əттең, шіркін, екеуің, ертерек тізе қосқанда, 
ақтабан  боп  шұбырған,  алқакөлде  сүлаған,  қаралы  күнді 
кешегі шыққыр көзім көрер ме ед?!» 
Бөкенбай  -  Орта  жүзден.  Сауран  -  Кіші  жүзден.  Үш 
жүз қазағы бастары біріксе, əнеки, ең зор күш-қуат та, қүт-
береке  де  сонда.  Амал  не,  Аңырақайда  біріккен  білекпен 
жауын  жайратқан  қазақ,  тағы  да  жүз-жүзге  жіктеліп  жүз 
шайысып, 
бет-бетімен 
тарқасып 
кетеді. 
Жұмылған 
жұдырық  қайта  жазылып  күші  азаяды.  Мұның  аты  -  ел 
шетіне  жау  келтіру  екенін  өзі  шыққан  тауының  биік 
болғанын  көксейтін  Сəмеке  хан,  Қайып  хандардың 
түсінгісі жоқ. Бақталас хандар - ел соры. Бəленің түп себебі 
-  төре  тұқымының  қараша  делінетін  қазақ  халқына 
балтыры сыздап, басы ауырмауында еді. Əттегене, пьесада 
бұл тақырып қағас қалған... 
Тарихи  дастанның  жоғын  жоқтамай,  бар  материалын 
қанағат  тұтып  талдағанда,  оның  жұлыңды  идеясы  ел,  жер 
тұтастығын көздейді. Оны жүзеге асырушы Сауран сұлтан 
-  пьесаның  бас  кейіпкері.  Сахнаға  Əбілқайыр  ханның 
өзінен  де  жиі  шығатын  Сауран,  шығарманың  бірлікшіл 
идеясын  бəрінен  де  берік,  дəйекті  ұстанатын  бөлек 
  69 
 
 
көреміз. Біріншіден, ой, ұғым тереңдігін, түсініп молдығын 
аңғарамыз.  
«Жар болсын тыныштық» (1972), «Белгісіз солдат» 
(1971),  «Бейбітшілік  армиясы»  (1951),  «Биік  ұш, 
бейбітшілік
 
көгершіні
» 
(1952), 
«Сен 
дегенде

Ленинград
»  (1976),  «Мамай  қорғаны  басында»  (1973) 
жəне  басқа  көптеген  өлеңдерінде  белгілі  «Жыр  туралы 
жыр
»  поэмасында  (1956)  соғыс  пен  бейбітшілік,  соғыс 
қалдырған зардаптар, естеліктер жайы қозғалады, ақын өзі 
бастан кешкен, жақсы білетін жайды қасиет деп, қастерлеп, 
ізетпен еске ала жырлайды.  
Ж.Молдағалиев поэзиясына тəн нəрсе – ой жүйесі мен 
тұжырым,  түйін  жалғастығы,  яғни,  айтылмақ  ойдың,  мəн-
мағынаның  дəл  түйінін  табуы,  шашырамай,  жалпыламай, 
жетелеген  ой  барысының  жарасымды  шешім  табуы, 
өлеңнің белгілі бір нəтижелі түйінмен аяқталуы.  
Көп  мысалдың  бірі  ретінде  ақынның  «Махамбет 
қабірі
 басында» (1966) деген өлеңін алалық.  
Жер мен жексен, шөп басқан төмпешіктен 
Көз ала алмай тұрмыз біз көп кешіккен.  
Əрі қарай арманда кеткен ақын жайы, батырдың қаны 
төгіліп,  «бармағын  шайнап  өткен  жер,  қанжығаға  басы 
байланып,  барымта  болып  кеткен  жер»  деп  Қарой  жерін 
жырлайды  ақын.  Толғаныс,  ойланыс,  өткенді  көзге 
елестету  жағы  тартымды,  мəнді  айтылу  мен  бірге, 
Махамбеттің өз ырғағы өлеңге еніп, ажар беріп тұр. Бұл да 
ойлы ақынның өнері. Өз өрнегімен жүре берсе де болар еді. 
Бірақ,  ақын  Махамбеттің  өзін  сөйлеткендей,  оның  отты 
жырының  үлгісін  өз  өлеңіне  қалып  етіп  алып,  ой  мен 
сезімге  бірдей  əсер  ететін  толғау  туғызған.  Көркемдік, 
тапқырлық дегенге осылай келу орынды. Ой қанша жақсы 
көрінгенімен,  сезім  қоздырарлық  қиыстырулар  болмаса, 
оның өзі дұрыс өлең, бірақ сидаң өлең боп шығар еді. Осы 

  70 
 
 
өлеңде  Жұбанның  алып  отырған  тақырыбына  қарай, 
Махамбет өрнегіне əдейі барғаны жарасып-ақ тұр.  
Келесі «Елуден кейін» (1972) деген өлеңінде ақын сол 
ой-идеяны əрі қарай өсіргендей.  
Мұны тағы да, «елуден асқан» дегенге қарап, ақын тек 
өз жайын айтып отыр екен деуден аулақ болу керек. Əрбір 
адамның, тіпті ақын емес жанның да ойланар жайлары ғой. 
Мəселен,  өлең  жазбаса,  іс  істер,  пайдалы  тіршілік  етер, 
өзіне  де,  қоғамға  да  шипасын  тигізер  жалпы  азамат 
парызын айтып отырған ақын.  
«Уақыт» 
деген 
өлеңінде 
(1973) 
Жұбан 
біраз 
философиялық  ойларға  кетеді.  Ілгері  өлеңдердің  бір 
көлемдірек,  тереңірек  нұсқасына  ұқсайды.  Адам  жайына, 
көңіл-күйіне  қарай  уақыттың  да  өзгеріп  тұратыны  белгілі. 
Өзгергенде  оның  я  ерте,  я  кеш  болып  тұратынында  емес, 
кейде  жүрмегендей,  минөтің  жылға  татып,  ал  кейде  зулап 
өтіп  жылың  бір  минөттей  болатын  жайлар  ұшырайды. 
Сондай  сəттерді  көзге  елестетіп,  ақын  үлкен  ой  түйеді. 
Əрине, мұндай жайлардың себеп-салдары бар.  
Əр  тұстарда  жазылған  «Ортақ  баяндама»  (1954), 
«Алтын  арқа»  (1956),  «Біз  жырлаймыз»  (1956),  «Тың 
туралы
  жыр»  (1958),  «Дала  суреттері»  (1970),  «Тың 
жердің
  тұңғыш  тұрғыны»  (1972),  «Бəрекелді»  (1976) 
жəне 
басқа 
Орал, 
Жайық, 
Көкшетау 
жайындағы 
өлеңдерінде  өзгерген  өңір  жырланады,  оның  кешегісі  мен 
бүгіні, берекелі еңбек иелері – атақты, абыройлы еңбекқор 
жандар бейнесі суреттеледі. 
Адамның қоғамдағы орны, оның сан алуан қасиеттері, 
адамгершілік,  ізгілік  жайлары,  пайдасы  мен  залалы, 
алғысы  мен  қарғысы  –  Жұбан  өлеңдерінде  өте  жиі 
қозғалатын тақырып. 
Ең  алдымен  ақын,  əрине,  адамның  қоғамға,  халқына 
деген  қалтқысыз  еңбегін  мадақтайды.  Мұның  биік  түрі  – 
Отан  үшін  жан  пида  еткен  кешегі  Ұлы  Отан  соғысындағы 
 139 
 
 
3. Т.Ахтановтың драматургиясындағы тартыс жəне 
характер
.  1960  жылдың  алғашқы  жартысынан  бермен 
қарай  Ахтанов    драматургия  жанрына  көңіл  бұрды.  1962 
жылы  «Сəуле»,  1966  жылы  «Боран»  пьесалары  Қазақтың 
М.Əуезов 
атындағы 
академиялық 
Драма 
театры 
репертуарынан  орын  алса,  1964  жылы  Семей  облыстық 
драма 
театрында 
«Арыстанның 
сыбағасы» 
пьесасы 
қойылды.  Жетпісінші  жылдары      қатарынан  бес  пьеса 
дүниеге  келеді.  Бұлардан  «Күтпеген  кездесу»  (1970), 
«Ант»  (1973)  М.Əуезов  атындағы  академиялық  драма 
театрында,  «Махаббат  мұңы»  (1974),  «Күшік  күйеу» 
(1976)  Алматы  жасөспірімдер  театрында,  «Əке  мен  бала» 
(1975) Талдықорған облыстық драма театрында қойылды. 
Шығармалар  жинағының  бес  томдығына  кірген  бүл 
шығармаларының  басында  бəрінен  кейін  дерлік  жазылған 
эпикалық  сипатты  «Ант»  драмалық  дастаны  тұр.  Осыған 
қарағанда  драматург  үшін  өзге  пьесалары  бір  төбе  де, 
«Ант» бір төбе болғанға ұқсайды. 
«Ант» үш бөлімнен тұрады. Ақ өлеңмен жазылған бұл 
шығарма  қазақ  халқының  елін,  жерін  қорғап  соғысып,  ат 
үстінен  түспеген  екі  жүз  жылдық  тарихының  ең  бір 
шемеңді  де  шешуші  кезеңдерін  қамтиды.  Атап  айтқанда, 
бірінші 
бөлім 
негізінен 
«Ақтабан 
шұбырындыға» 
арналады. 
Екіншісі  -  басқыншы  жау  -  ойраттарды  ойсырата 
жеңген  «Аңырақай»  шайқасы,  үшіншісі  Ресейге  «өз 
еркімен»  қосылу  хикаясын  қамтиды.  Əр  бөлімнің  келесі 
бөліммен  жалғасатын  тараушалары  бар.  Осыншалық  зор 
оқиғаларды бір пьеса аумағына сыйғызу - қиынның қиыны. 
Алайда  талантты  драматург  үлкен  оқиғаларды  аясы  тар 
жанр  аясына  сахналық  шарттар  заңына  сəйкестендіріп, 
сығымдап  сыйғыза  білген.  Пьесаның  өзегі  -  қазақ 
халқының елі, жері үшін қиянкескі тартыс болғанда, драма 
ұйытқысы 

жеке 
тағдыр 
мен 
ел 
тағдырын 

 138 
 
 
сыншылдық 
тəжірибесі 
кеңінен 
пайдаланьшғанын 
байқаймыз. 
Бір  көңіл  қоярлық  жəйт,  Лəззат  кеңес  кезінде  оқу 
оқып,  тəрбиеленген  жас  көрінсе  де,  көбіне  өз  жүрегінің 
түкпірлеріне үңілгіш. Шабыт алар қайнары - коммунизмнің 
алыстан  қол  бұлғаған  сəулетті  шыңдары  емес,  туған 
табиғаты,  өлкесі.  Айнала  тіршілік лебі  жас  қыз  кеудесінде 
қуаныш күйіндей сайрайды. Соның бар қызығын көкірегіне 
сықап,  алғашқы  жыр  жолдарын  иіген  емшек  сүтіндей 
асқақтатады. 
«Қыз  көңілі  белгісіз  бір  нəрсені  аңсап  арман  билеп, 
алысқа шақырады. Алдында жарқын мейрамы барын сезіп, 
сол сағатты асыға күтетін болды. Оның қандай боларын да 
білмейді,  бірақ  əйтеуір  өмір  жолында  өзін  тосып  түрған 
үлкен бір қуаныш бар?» 
Тахауи повесінде қыз жүрегін баураған қуаныш алдап 
соққан  сүйіктісі  Нияздан  емес,  өлең  өлкесінен  табылады. 
«Кейін  əдебиетке  кеңірек  араласқан  соң  білді.  Нияз  да 
өзінің  аз-ақ  алдында  жылтырап  шыққан  көп  жас  ақынның 
бірі  екен.  Əп-əдемі  өлендер  жазып  ауызға  іліккен.  Бірақ 
екеуінің  одан  арғы  тағдыры  екі  түрлі.  Лəззаттың  құнығып 
істеген көп еңбегі зая кеткен жоқ. Аз жылда абыройы асып, 
жұрт  мейірін  қандырар  біраз  шығарма  беріп  тастады.  Ал 
Нияз болса ескі жұртында айналсоқтап өріске шыға алмай 
жүр. Сол баяғы «жас ақын», өндіргені шамалы». 
Лəззатты  мұңайтатын  махаббаты  да  осы  байламға 
қатысты. Сүйгені Нияз əйелі барын жасырып, алдап соқты. 
Сонда  да  қыз  көп  жылдар  бойы  алғашқы  сезім  жетегінде 
жүреді.  Ниязбен  арасы  үзілгенімен,  оған  тілектестік 
дəмеден  арыла  қойған  жоқ  еді.  Сол  дəмесі  де  құрдымға 
кетеді.  Махаббат  мұңы  -  соңғысында.  Нияздың  көрінеу 
тоқырауы,  əрі  жасаған  қиянатына  қарамастан  Лəззаттың 
оған  жақсылық  тілеп  жүргенін  түсінбеген  керең  кеуделігі 
ғашық қызын ақыры жирендіріп тынады. 
  71 
 
 
сұрапыл  ерлік.  Көп  өлеңдердің  қайырмасындай  осы  жай 
ақын  туындыларында  үнемі  көрініп  отырады.  Басқа 
тақырыпқа  арналған  өлеңдерінде  де  ақын  осы  ұғымға 
оралып соқпай кетпейді. 
Келесі «Ар-ұят туралы» (1973) деген өлеңнен де осы 
жайды аңғарамыз. 
Ол ұят, - деді сол қазақ қарт, -  
Өлең де ожданнан безінбе! 
Жас жігіт күлді оны мазақтап: 
- Ұятың нан болса, езіп же. 
Міне, осылай қарапайым басталған өлеңде ұят пен ар, 
адамдық  пен  ізгілік  жайында  едəуір  ұтымды,  орынды 
тұжырымдар  айтылады.  «Өлімнен  ұят  күшті»  деген 
мəтелдің  мағынасында  ақын:  ажалдан  əркім-ақ  бір  өлер, 
ұяттан  бір  емес,  күнде  өлер;  əйтпесе:  қояндар  қамыстан 
өліпті, батырлар намыстан өліпті; тағы да: арынан жаны да 
садаға деген ірі ұғым-ой тастайды. 
Азаматтық 
поэзия, 
қазіргі 
тұрмыс-жайымыздың 
өміршең 
жақтарын 
үлгі 
етіп 
жырлайтын 
поэзия, 
қоғамымыздың, халқымыздың бүгінгі орасан жасампаздық, 
жеңімпаздық  қалпын  айқындай  түсетін  поэзия  –  бүгінгі 
өскен,  көркейген  əдебиетіміздің  жемісті  бір  тармағы. 
Жұбан  поэзиясының  түп  қазығы  осында.  Ақынның  туған 
жер,  ел,  халық  жайлы  өлеңдері  тебіренген  жүректен 
шыққан,  отан  ұлының  сөзі.  «Ақын  бақыты»  (1952), 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет