2. Сақтандырудың қандай сыныптамалары мен сала түрлері бар ?
3. Сақтандырудың әрбір түріне мінездеме беріңіз?
4. Сақтандыру (қайта) ұйымының қатысушы ретінде кім танылады?
5. Қандай ұжымдық органдары сақтандыру ұйымдарын құруға міндетті?
6. Лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет?
7. Сақтандыру аясында өкілетті орган қандай тапсырмаларды орындайды?
8. Сақтандыру аясында өкілетті орган қандай функцияларды атқарады?
9. Төлемқабілеттілік және қаржылық тұрақтылық түсініктерін ашыңыз?
10. Сақтандыру келісімдері түсінігін және оның түрлерін ашыңыз?
11. Қандай шарттар сақтандыру келісімдерінің жарамсыздығына әкеледі?
12. Сақтандырушы мен сақтанушының міндеттері мен құқықтары қандай?
4. ЖЕКЕ САҚТАНДЫРУ 4.1 Өмірді сақтандыыру Жеке сақтандыру – бұл адам өміріне оның еңбек қабілеттілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін тәуекелдердің алдын алу түрі. Өмір және өлімді ақшалай түрде объективті бағалау мүмкін емес. Сақтанушы мүгедектік және өлім жағдайына ұшыраса, материалдық қиындықтардың тек орнын толтыруға тырысуы мүмкін. Қорғаудың осы түрі құқықтық көзқарасы бойынша келісім-шартпен бекітіледі. Жеке сақтандырудың келісім-шарты-азаматтық-құқықтық келісім, бұл келісім бойынша алдын ала алынған сақтандыру төлемінің есебінен сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде жасалған шығынның белгілі мерзімде орнын толтыруға, ренталар және басқа да белгілі төлемдерді төлеуге міндеттеледі.
Мүліктік сақтандыруға қарағанда жеке сақтандыруда объективті айқындалған мүдденің болмауы мүмкін, бірақ сақтандыру сомасы мен сақтанушы шеккен залалдардың арасында байланыс орын алады. Жеке сақтандыруда тәуекелге ұшырайтын адамның өзі сақтандыру объектісі ретінде көрініс табады, яғни оның өмірі, денсаулығымен байланысты. Сақтандыру сомалары табылған материалдық шығынның немесе залалдың құнын білдірмейді, олар объективті түрде нақтыланбай сақтанушының материалдық қабылетінің негізінде талап-тілектерімен анықталады. Мүліктік сақтандырудағы сияқты жеке сақтандырудың келісім-шарты міндетті немесе ерікті болуы мүмкін және бұдан басқа ұзақ және қысқа мерзімді болады. Жеке сақтандырудың әр түрі бойынша сәйкес келісім-шарттар жасалады.
Жеке сақтандыру әр түрлі негізде жіктеледі.
Тәуекелдіктің мөлшері бойынша:
қалған өмірін немесе өлім жағдайын сақтандыру;
мүгедектік немесе жарамсыздық жағдайын сақтандыру;
медициналық шығындарды сақтандыру.
Сақтандырудың жеке түрі бойынша:
өмірді сақтандыру;
бақытсыз жағдайлардан сақтандыру.
Келісім-шартта көрсетілген тұлғалардың саны бойынша:
жеке сақтандыру ( жеке тұлға сақтанушының рөлінде);
ұйымдық сақтандыру (сақтанушылар ретінде жеке тұлғалардың бір тобы).
Сақтандыруды қамтамасыз етудің мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 - 5 жыл);
ұзақ мерзімді (6 – 15 жыл).
Сақтандыру төлемдерін төлеп беру формасы бойынша:
сақтандыру сомасын бір уақтылы төлеп беру;
сақтандыру сомасын рента түрінде төлеп беру.
Сақтандыру сыйақысын төлеп беру формасы бойынша:
бір уақтылы сыйақыларды төлеп беру арқылы сақтандыру;
сыйақыны әр жыл сайын төлеп беру арқылы сақтандыру;
сыйақыны әр ай сайын төлеп беру арқылы сақтандыру.
Өмірді сақтандыру жеке сақтандырудың кең жайылған және әдетті бір түрі болып табылады. Егер сақтандыру мерзімі ішінде сақтанушының өмірінде қаралған сақтандыру жағдайы туындаған кезде, сақтандырушы алынған сыйақының (сақтанушы төлейтін сыйақы) есебінен белгіленген сақ-тандыру сомасын төлеп беру міндетін келісім шартпен бекітеді. Сақтандыру оқиғасы болып сақтанушының өлімі немесе және өмір ұзақтығы және қалған өмірі саналады. Сақтандыру келісім-шартының бір тұлғамен жасалған сияқ-ты бірнеше тұлғалар тобымен де жасалуы жеке сақтандырудың ерекшелігі болып табылады. Қандай да бір байланысымен және қызығушылығымен біріккен тұлғалар тобының топтық (ұйымдық) сақтандыруы бір полиспен іске асырылады.
Ұйымдық сақтандырудың негізгі түрлері:
қосымша төлемдерсіз бір жылға созылған уақытша жаңарған сақтандыру;
жесірлік, жетімдік және мүгедектік бойынша ренталар;
сақтандыру сомасын ұзақ мерзімде төлеп беру арқылы сақтандыру;