Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ



бет13/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
annotation68524

4.3 Медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Жиналған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. 
Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтандыру полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады.
Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты - міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.
Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуі медщиналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың - медициналық мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.
Яғни, міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда бұл жауапкершілік тек мемлекеттке ғана жүктеліп отыр. Әрбір тұлға өз денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы, ал жұмыс беруші әрбір жетекші өз қызметкерінің денсаулығын ақтауға мүдделі болуы керек. Себебі, қызметкер-кез келген кәсіпорын үшін табыс көзі екені бізге белгілі. Осындай ортақ жауапкершілік тетіктері сақтандыру медицинасы кезінде барынша нақты жұмыс істейтін болады.
Қазақстан 90-шы жылдардың басында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жасауға қадам басып көрді. Бірақ ол кезең аса қолайлы уақыт болған жоқ, жұмыссыздық қатты белең алды, зейнетақы мен жалақы кешігіп беріліп, көптеген кәсіпорындар жабылып жатты. Жас мемлекет үшін тұрғындардың әлеуметтік осал тобы үшін қажетті төлемдерді жасау ол кездері көтере алмайтын ауыр жүк болды. Осындай факторлардың бәрі де міндетті сақтандыру туралы жақсы идеяны жүзеге асыруға жол бермеді.
Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі медицина саласындағы қызмет көрсету мәдениетін көтереді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінде орын алып отырған мәселелерді тиімді шешіп, кемшіліктерді жоюға жол ашады. Және де жаңа жүйеде үш қатысушы болады. Олар: мемлекет, емделуші және жұмыс беруші. Бұл жүйе тұрғындардың қажеттілігіне де жауап береді. Сондай-ақ, жұмысшылардың денсаулығын қорғау саласында жұмыс берушінің саясатын да айқындап береді.
Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру, денсаулық сақтауды ресурстық қамтамасыз етуді арттыруға, экономикалық қызығушылықты және медициналық ұйымдар мен медициналық қызметкерлердің өз қызметінің соңғы нәтижесіне жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер жұмыскерлерінің денсаулығын сақтауға мүдделі болады. Яғни әр азамат өз денсаулығына өзі жауапты екенін түсініп, ол үшін белгілі бір салымдар жасап тұруы тиіс.
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны - бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет