Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет16/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
annotation68524

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?


2. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?
3. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?
4. Мүлік сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз?


6. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6.1 Әлеуметтік сақтандыру
Қоғам дамуының объективті факторларының бірі болып белгілі бір себеп-терге байланысты қоғамдық еңбекке қатыспайтын және еңбекақы арқылы өзінің өмірін қамсыздандыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Осындай қоғам мүшелерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жиынтық өнімнің белгілі бір бөлігі бағытталады. Тауар-ақша қатынастарының қызмет ету жағдайында жиынтық өнімнің бұл бөлігі, белгілі бір ақша қорларын құру және пайдалану арқылы қолданылады.
Әлеуметтік сақтандыру – бұл, қатынастар жиынтығы болып табылады, яғни, оның көмегімен еңбекке жарамсыз немесе әр түрлі себептерге байланысты өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалануды айтады.
Әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру келесі қағидаларға негізделеді:
- жеке жауапкершілік – қызметкерлер өздерінің сақтандыруына қатысады, төлемдер мөлшері қызметкерлердің алдын ала жарналары және сақтандыру өтіліне байланысты;
- ынтымақтастықжұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер және мемлекет сақтандыруға қаржылай қатысып, мүдделілерге өздерінің жарнамаларымен көмек көрсетеді (сақтандыру жағдайы болғанда);
- ұйымдастырушылық өзін-өзі басқару – екі әлеуметтік субъектілер және сақтандыру қоғамдастықтары арасында ынтымақтастықты күшейтетін, қызметкерлердің өкілетті өкілдері және тұрмыс берушілер жүзеге асыратын әлеуметтік сақтандыру органдарын басқару, әлеуметтік сақтандыру жүйесін қоғамға ашық жасап, әлеуметтік тұрақтылық, халықтың демократиялық сана сезімінің құрылуына себеп болады;
- жалпылық – әлеуметтік сақтандыру мүдделенушілердің ең үлкен бөліктерін қамтиды, ол сақтандырылғандардың құқықтарының іске асуын заңнамалық кепілдікпен белгілеумен, тиісті төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және қызмет көрсетумен бейнеленеді;
- міндеттілік (мәжбүрлік) әлеуметтік сақтандырудың жұмыс берушілер және сақтандырылғандардың еркі және мүдделеріне тәуелсіз болуы жұмыс берушілермен және қызметкерлермен, сонымен қатар белгілі жағдайларда мемлекетпен (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыру жарналарын төлеу міндеттілігімен (заң бойынша) бейнеленеді;
- мемлекеттік реттеу – сақтандыруды қорғау саласында, төлемдер деңгейі және қызмет көрсету сапасы, жәрдемақы тағайындау шарттары, қаржы қаражаттардың дұрыс пайдаланылуын бақылау.
Әлеуметтік сақтандырудың ең маңызды қызметтеріне мыналар жатады:
- қорғау қызметі – сақтандырудың қалыптасқан материалдық деңгейін қамтамасыз етуден тұрады, егер табыстың жай көздері қол жетпес болса, сонымен қатар оның жеке бюджетінде алдын ала ескерілмеген қосымша шығындар;
- орнын толтыру қызметі – табысты жоғалтуды материалдық өтеу көмегімен еңбекке жарамдылығынан айырылу және денсаулыққа зиянның орнын толтыру, сонымен қатар емделу және реабилитациямен байланысты қызметтерді төлеуден тұрады;
- ұдайы өндірістік қызметі – науқас, қарттың, мүгедек жүктілік жағ-дайында ұдайы өндірістік қалыпты өтуіне жағдай жасау барысында сақтану-шылардың (жанұясының мүшелерінің) барлық шығындарын өтеуді қамтамасыз ету;
- қайта бөлу қызметі – әлеуметтік сақтандыру қоғамдық өнімді қайта бөлуге едәуір әсер етеді. Сақтандырылғанның тұтынуына бағытталатын әлеуметтік төлемдер қайта құрылған құнның үлесін өсіреді Қызметтің мәні барлық сақтандырылғандардың жұмыс беруші және мемлекет арасында әлеуметтік тәуекел бойынша материалдық жауапкершілікті бөлуден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет