«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- параграф. Негізгі құралдардың аудиті



бет14/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

1- параграф. Негізгі құралдардың аудиті

216. Мемлекеттік аудиторға негізгі құралдардың іс жүзінде бар екендігі және есеп пен қаржылық есептілікте тиісті түрде көрсетілгені туралы жеткілікті және тиісті дәлелдемелерді алу қажет.


Мемлекеттік аудиторға негізгі құралдардың құрамы мен құрылымын зерделеу, оларды мойындау, теңгерімдік құнын, амортизациялық аударымдарды және құнсызданудан болатын шығындарды айқындау дұрыстығын тексеру қажет.
217. Мемлекеттік аудиторға мынадай:
уақытша пайдаланылмайтын;
толық амортизацияланған құнымен пайдаланылатын;
сатуға арналған;
пайдалану тоқтатылған;
өзге де негізгі құралдардың теңгерімдік құны туралы ақпарат алу қажет.
218. Мемлекеттік аудиторға негізгі құралдардың бастапқы құнын қалыптастыру тәртібін тексеру, іс жүзіндегі шығындарды және оларды бағалау дұрыстығын қарастыру қажет.
Мемлекеттік аудиторға сатып алынған негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу құны, оның ішінде импорттық баждар және сатып алуға өтелмейтін салықтар және активті жұмыс қалпына келтіруге байланысты тікелей шығындар кіретіндігіне көз жеткізу қажет.
Егер актив басқа активке ауыстыру жолымен сатып алынған жағдайда, сатып алынған активтің құны төленген немесе алынған ақшаның сомасына түзетілген алынған активтің құны бойынша айқындалады.
219. Мемлекеттік аудитор қандай күрделі сипаттағы шығындар негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға жатқызылғанын анықтауы тиіс.
220. Мемлекеттік аудитор қатардан шығып қалған негізгі құралдарды құжаттамалық ресімдеу тәртібін, шоттардың корреспонденциясын, есепте көрсетілуін, бұрын есептелген амортизацияны есептен шығаруды зерделеуі тиіс.
221. Мемлекеттік аудитор қайта есептеу жолымен амортизациялық есептеулер сомасын айқындауы тиіс.
2- параграф. Биологиялық активтердің аудиті

222. Мемлекеттік аудиторға биологиялық активтердің іс жүзінде бар екендігі және есеп пен қаржылық есептілікте тиісті түрде көрсетілгені туралы жеткілікті және тиісті дәлелдемелерді алу қажет.


Мемлекеттік аудиторға биологиялық активтер Есепке алу саясатын сәйкес тану өлшемшарттарына жауап беретіндігіне көз жеткізу үшін олардың құрамы мен құрылымын зерделеу қажет.
223. Мемлекеттік аудиторға биологиялық активтердің құрамында негізгі құралдардың объектілері есепте тұрмағанын анықтау қажет:
жұмыс малы, зообақтардың экспонаттары, күзететін иттер және басқалары;
ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты емес өсімдіктер (мемлекеттік мекемелердің аумақтарын көгалдандыру).
Әділ құнын анықтау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, биологиялық активтерді әділ құны бойынша есепке алу кезінде бастапқы мойындау сәтінде және әрбір есепті күнге биологиялық актив сатуға арналған қосымша шығындарды шегере отырып, әділ құны бойынша өлшенеді.
Биологиялық активтерден алынатын ауыл шаруашылығы өнімі тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік мекеме комиссиясының актісі негізінде өнім алу сәтінде айқындалатын оны сатуға қосымша шығындар шегеріле отырып, әділ құнымен өлшенеді.
Белсенді нарық болған кезде биологиялық активтің немесе ауыл шаруашылығы өнімінің әділ құнын биологиялық активтерді немесе ауыл шаруашылығы өнімін негізгі сипаттамалары бойынша (мысалы, баға белгілеу үшін осы нарықта пайдаланылатындарды негізге ала отырып, жылы немесе сапасы бойынша) топтастыру жолымен айқындауға болады.
Активтердің қаржыландырылуына, актвитердің қалпына келтірілуіне байланысты ақша қаражатының қозғалысы өнім жиналғаннан кейін есепке қосылмайды (мысалы, ормандарда теректі кескеннен кейін оларды отырғызуға шығындар).
Жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімінің әділ құны дәйектіліктің жеткілікті дәрежесімен айқындалады.
Сатуға қосымша шығындар комиссиялық шығыстарды, салықтарды, алымдар мен меншікке беруге баждарды қамтиды. Сатуға қосымша шығындарға көліктік және активтерді нарыққа жеткізумен байланысты өзге де шығыстар жатпайды.
Биологиялық активтердің нарықтық бағасы немесе басқа құндық көрсеткіштері болмаған жағдайда жинақталған амортизация мен оның құнсыздануынан залалдар шегеріле отырып, өзіндік құны бойынша бағалануы керек (нақты шығындар бойынша есепке алу моделі).
Биологиялық активтің әділ құнын сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен бағалау мүмкін болған кезде сату бойынша болжамды шығыстар шегеріле отырып әділ құны бойынша бағалауға көшу керек.
Жекелеген жағдайларда активтің өзіндік құны оның әділ құнына тең болуы мүмкін:
биоөзгеру бастапқы шығыстардан бастап орын алмаса (мысалы, тікелей есептік күн алдында отырғызылған жеміс-жидек ағаштарының көшеттері);
биоөзгерудің бағаға маңызды әсер беруі күтілмесе (мысалы, өндірістік циклі 30 жылды құрайтын орман шаруашылығындағы қарағайлардың алғашқы өсу сатысында).
Егер биологиялық актив болжамды өткізу шығындары шегеріле отыра әділ құны бойынша бағаланса, бұл биологиялық актив есептен шығарылғанша бағаланады. Әділ құн бойынша бағалаудан өзіндік құн бойынша бағалауға көшуге, тек әділ құн бойынша бағалаудан нарықтағы бағалардың төмен түсіп кетуіне байланысты бас тартуға тыйым салынады.
Жермен тығыз байланысты биологиялық активтер (мысалы, орман шаруашылығындағы ағаштар) болжамды өтімді шығыстарды шегере отырып әділ құны бойынша жерден бөлек көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет