«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер



бет17/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
7- тарау. Жалға беру аудиті

238. Мемлекеттік аудиторға есепте жалға беру операцияларының дұрыс және толық көрсетілгенін анықтау қажет.


Мемлекеттік аудиторға есепте жалға беру операцияларының бар екені туралы ақпаратты сұрату қажет.
Алдын ала зерделеу кезеңінде мемлекеттік аудиторда жалға берілген немесе алынған мемлекеттік мүлік туралы сыртқы ақпарат болуы тиіс.
Мемлекеттік аудитор мемлекеттік мүлікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органнан аудит объектісінің теңгеріміндегі және жалға берілген (алынған) мүлік туралы ақпаратты сұратады.
239. Жалға берілген мүлік аудиті.
Мемлекеттік аудиторға:
жалға алу-беру актісінің бар екеніне;
жалға берілген мүліктің теңгерімде екеніне;
жалға беруден түсетін кірістердің тиісті кезеңде уақтылы көрсетілетініне;
табысты танумен бір мезгілде бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстардың танылатынына;
жалға беру төлемдері бюджетке түскен кезде бюджет алдындағы кредиторлық берешектің уақтылы өтелетініне;
талдамалы және синтетикалық есеп деректерінің салыстырылғанына жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алу қажет.
240. Жалға алынған мүлік аудиті.
Мемлекеттік аудитор:
аудит объектісінің жалға алынған мүліктің болуы мен сақталуын қамтамасыз ететініне;
жалға алынған мүлік бойынша талдамалы және синтетикалық есептің жүргізілетініне;
жалға алынған мүліктің теңгерімдік есепте көрсетілгеніне;
жалға алу бойынша шығыстардың тиісті кезеңде көрсетілгеніне жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алады.
241. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесі туралы ұғым алу үшін жалға алу операцияларының есебі бойынша ішкі бақылау жүйесінің тәуекелеін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпаратты қамтамасыз ететін құжаттарды сұратады.
Жалға алу операцияларының бухгалтерлік есебінің жай-күйі және олардың қаржылық есептілікте дұрыс көрсетілуі туралы аудиторлық пікір қалыптастыру үшін мемлекеттік аудиторға:
осы бап үшін белгіленген маңыздылық деңгейі асып кеткені туралы мәселені қоса алғанда, тиісті операциялар сыныптарына, есептер сальдосына немесе ашуларға ықпалын бағалау үшін әрбір бөлек бұрмалаудың мөлшері мен сипаттамасын қарау;
бұрмалаулардың жалпы қаржылық есептілікке ықпалын қарау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет