3- параграф. Материалдық емес активтер аудиті
224. Мемлекеттік аудиторға материалдық емес активтердің бар екені және есепте және қаржылық есептілікте тиісінше көрсетілгені туралы жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алу қажет.
225. Мемлекеттік аудитор материалдық емес активтердің құрамы мен құрылымының Есептік саясатқа және Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес тану өлшемшарттарына жауап беретініне көз жеткізу үшін оларды зерделейді.
226. Мемлекеттік аудитор материалдық емес активтердің құрамында:
қызмет мерзімі бір жылдан аз (мысалы, антивирус бағдарламалары);
аяқталмаған және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделмеген ғылыми зерттеулер мен әзірленімдер объектілерінің бар-жоғын анықтайды.
227. Мемлекеттік аудиторға зияткерлік қызмет нәтижелеріне (авторлық құқықтар, патенттер, куәліктер, күзет құжаттары және өзге де құжаттар) ерекше құқықтың түскенін немесе бар екенін растайтын заңды негіздер (сатып алуға шарттар, қабылдап алу-беру актілері, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге бекітілген сметалар және өзге де құжаттар) табу қажет.
Алынған құжаттарға талдау жүргізу арқылы аудит объектісінің материалдық емес активтерге пайдалану құқығының бар екеніне және пайдалану құқығының көшуін негіздейтін шарттардың барлық талаптарының сақталғанына көз жеткізу қажет.
Меншік құқығын беруге заңды құжаттардың күндерін есетегі бухгалетрлік жазба күндерімен салыстыру қажет.
228. Мемлекеттік аудиторға аудит объектісінің өзі құрған материалдық емес активтерді бастапқы бағалауын аудиттеу кезінде:
кезең шығыстарына есептен шығарылған зерттеу сатысына шығындарды;
әзірлеу сатысына арналған капиталдандырылған шығындарды тексеру қажет.
229. Мемлекеттік аудиторға капиталдандырылған шығындардың негізділігін тексеру, әзірленген материалдық емес активтің бастапқы құнын қалыптастыру қажет.
4- параграф. Инвестициялық жылжымайтын мүлік аудиті
230. Мемлекеттік аудиторға қаржылық есептілікте көрсетілген инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы туралы жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелер алу қажет.
231. Мемлекеттік аудитордың инвестициялық жылжымайтын мүліктің Есептік саясатқа және Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес тану өлшемшарттарына жауап беретін айқындау үшін жалға берілетін жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы және үй-жайдың ауданы туралы мемлекеттік мүлікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органға сұрау салуды жүзеге асыра отырып, аудит объектісі жалға беретін мүлік туралы сыртқы ақпараты болу қажет.
Алынған ақпаратқа талдау жасай отырып, мемлекеттік аудиторға есепте инвестициялық жылжымайтын мүлікті көрсету қажет.
232. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу бойынша бақылау құралдарын тексеру кезінде мемлекеттік аудиторға:
операциялық жалға беру шартатрын есепке алу жүзеге асырылатынына (аудит объектісі теңгерім ұстаушы болып табылады);
жалға беру шарттары бойынша қабылдап алу-беру актілерінің бар екеніне;
жалға берілген мүліктің ақпаратын тіркеу, өңдеу және қорыту мәселелері бойынша қызметкерлерге сауалнама жүргізілетініне;
қызметкерлердің құзыреттілігі мен жұмыс тәжірибесінің инвестициялық жылжымайтын мүлік есебін жүргізу үшін сәйкес келетініне;
тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясын құруға, түгендеу жүргізуге бұйрықтардың бар екеніне;
инвестициялық жылжымайтын мүлік есебі бойынша аудит объектісінің өзге де әрекеттеріне көз жеткізу қажет.
233. Мемлекеттік аудиторға бастапқы құнын, шығарылған күнгі жинақталған амортизация сомасын көрсете отырып, шығарылған инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілері бойынша бухгалтерлік құжаттама сұрату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |