2- тарау. Аудиторлық құжаттама
302. Аудиторлық құжаттама – бұл аудит жүргізу барысындағы және аудиторлық тексеру аяқталғаннан кейінгі орындалған аудиторлық рәсімдер, алынған аудиторлық дәлелдемелер жиынтығын көрсететін материалдық ақпарат тасығыштар, мемлекеттік аудитор, аудит объектісінің қызметкерлері және аудит басталғанға дейін мемлекеттік аудитордың сұрау салуы бойынша үшінші тұлға жасаған қорытындылар жиынтығы.
Құжаттама құрамына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың материалдары, талдау, растау хат және өзге де ақпарат кіреді, сонымен қатар Ішкі мемлекеттік аудит комитеті басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұйрығымен бекітілген құжаттар.
303. Мемлекеттік аудитор аудит ұғымын қамтамасыз ету үшін қажетті жеткілікті дәрежеде толық және егжей-тегжейлі нысандағы жұмыс құжаттарынан тұрады.
Мемлекеттік аудиторға аудит объектісі басшылығымен және мамандарымен, сондай-ақ тартылған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылауды уақтылы құжаттандыру қажет.
Жұмыс құжаттары әрбір нақты аудиторлық тексеру жағдаяттарына және аудит жүргізу барысында аудитор қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп жасалады және жүйеленеді.
Мемлекеттік аудиторға заңнамалық талаптарды негізге ала отырып, жұмыс құжаттарының құпиялығын, сақталуын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті рәсімдер белгілеу қажет.
Құжаттама қағаз және/немесе электрондық нысанда ұсынылады.
3- тарау. Аудиторлық есеп
304. Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп мемлекеттік аудит жүргізген тікелей мемлекеттік аудиторлар жасаған қаржылық есептілік аудитін жүргізу нәтижесі болып табылады.
Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп – жазбаша нысанда көрсетілген қаржылық есептіліктің дұрыстығы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы пікірді құрайтын тікелей мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған құжат.
Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының 4-бөлімінде айқындалған нысанда және тәртіпте жасалады.
305. Пікірді тұжырымдау үшін мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте жосықсыз әрекеттермен немесе қателікпен туындаған елеулі бұрмалаулардың жоқ екеніне сенімді болуға тиіс.
Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың жоқ екеніне жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме ала алмаса, ол пікірін аудиторлық есепте ескертпемен білдіруі тиіс.
Егер мемлекеттік аудитор ескертпесі бар пікір пайдаланушының шатасуына әкелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол теріс пікір білдіреді.
Аудиторлық есепте жоғары деңгейлі сенімділік және аудит барысында алынған дәлелдемелерді негізге ала отырып, қаржылық есептілік бойынша нақты білдірілген пікір болуға тиіс.
Егер мемлекеттік аудитор бухгалтерлік еесп жүргізудің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, қаржылық есептіліктің дәйекті есептік деректер негізінде жасалғаны, елеулі қателіктердің жоқ екені, аудит бағдарламасына сәйкес аудит жүргізу үшін барлық ақпараттың алынғаны туралы пікір білдірсе, ол оң аудиторлық есеп қабылдайды.
Егер аудитор аудит объектісінде бухгалтерлік есеп жоқ деп пікір білдірсе, ішкі мемлекеттік аудит органының басшысы аудит объектісінің басшысына бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімдерде қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді және мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік аудитті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды және пікір білдіруден бас тарта отырып, аудиторлық есепті береді.
Достарыңызбен бөлісу: |