2- тарау. Сыртқы сарапшыларды тарту
297. Аудиторлық іс-шараға сарапшыларды тарту кезінде сарапшылар саны, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік емес аудиторлық ұйымның атауы көрсетіледі.
Тартылатын сарапшылар өз біліктіліктерін тиісті құжаттармен растайды.
Сарапшының жұмысы аудиторлық есепті қалыптастыру кезінде пайдаланылады.
Бұл ретте, тартылған сарапшы өз жұмысы нәтижесінде қалыптастырылған қорытындыларға жауапты болады.
1- параграф. Алдыңғы аудиттің жұмыс құжаттарына шолу
298. Аудитті жоспарлау процесінде алдыңғы аудиттің жұмыс құжаттары, алдыңғы аудит нәтижелері, ұсынымдардың орындалуын және алдыңғы қаржылық есептілік аудиті барысында анықталған бұзушылықтардың жжойылуын бақылау зерделенеді.
299. Алдыңғы аудиттің жұмыс құжаттарына шолу бастапқы сальдоның қаржылық есептілік нысандары бойынша дұрыс көшірілуіне қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелер алу үшін жүргізіледі.
Алдыңғы аудиторлық тексерулер барысында алынған бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігінің аудиторлық дәлелдемелерін пайдалану үшін мемлекеттік аудитор алдыңғы аудит барысында тестіленген осындай бақылау құралдарының сенімділігіне қатысты жасалған қорытындыларды құжаттандыруы тиіс.
Мемлекеттік аудитор алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігіндегі елеулі бұрмалауларды түзеу мақсатында орындалған кез келген қайта есептеуге қатысты арнайы жазбаша ұсыным да алуға тиіс.
2- параграф. Аудитті аяқтау
300. Қаржылық есептілік аудитін аяқтау кезінде мемлекеттік аудиторға аудит бағдарламасының орындалу толықтығы мен сапасын бағалау қажет.
Мемлекеттік аудитор ассистенттер орындаған рәсімдер бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін барлық жұмыс құжаттарын қайта қарайды.
1- тарау. Аудит нәтижелерін қорыту және бағалау
301. Қаржылық есептілік аудитінің аяқтау кезеңінде мемлекеттік аудитор және (немесе) аудит тобының басшысы қаржылық есептілікті жасау принциптерін тексереді, қаржылық есептіліктің құрамы мен мазмұнын, түсіндірме жазбада ақпараттың ашылуын зерделейді, түсіндірме жазба кестесінің деректерін қаржылық есептілік деректерімен салыстырады.
Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлға және (немесе) аудит тобының басшысы мемлекеттік аудиторлар жүргізген тексеру нәтижелерін зерделейді.
Мемлекеттік аудиторға және (немесе) аудит тобының басшысына қаржылық есептілік көрсеткіштерінің бұрмалануы рұқсат берілетін маңыздылық деңгейінен аспайтынына көз жеткізу қажет.
Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелерін бағалау осы Стандартқа 59-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ-Аудит нәтижелерін бағалау (ЖҚ-НБ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |