«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- параграф. Ұзақ мерзімді активтер аудиті бойынша өзге де рәсімдер



бет16/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
5- параграф. Ұзақ мерзімді активтер аудиті бойынша өзге де рәсімдер

234. Ұзақ мерзімді активтердің сақталуын тексеру бастапқы құжаттарды (түгендеу тізімдемелері, түгендеу комиссиясы отырыстарының хаттамалары, түгендеу комиссиясының шешімдері) тарта отырып, түгендеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.


235. Мемлекеттік аудиторға аудит объектісінің түгендеу процесін ұйымдастыруы ұзақ мерзімді активтердің бар екенін көрсету дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне көз жеткізу қажет. Аудит объектісінің ұзақ мерзімді активтерге бақылауды жүзеге асырғанын растау үшін алдыңғы түгендеу нәтижелеріне тексеру жүргізіледі.
Мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтердің сақталуы қалай қамтамасыз етілгенін, олардың іс жүзінде бар екенін тексереді.
Мемлекеттік аудитор түгендеу жүргізу дұрыстығына, түгендеу нәтижелерінің толық, дәл және уақтылы құжаттық ресімделуіне, бухгалтерлік есепте көрсетілуіне көз жеткізу үшін түгендеу жүргізуге қатысады (егер аудит жүргізу кезеңі түгендеу жүргізудің физикалық мерзімдерімен сәйкес келсе). Түгендеу нәтижелерін аудит объектісінің басшылығы қалай талдап жатқанын және егер түгендеу нәтижесінде артықшылықтар немесе кемшіліктер анықталса, қандай шаралар қолданылатынын анықтайды.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ-Ұзақ мерзімді активтер (ЖҚ-ҰМА)» жұмыс құжатында ресімделеді.
236. Ұзақ мерзімді активтер құнсызданған жағдайда мемлекеттік аудиторға резервті құнсыздануға есептеу дұрыстығын тексеру, құнсыздану себебін зерделеу қажет. Қажет болған жағдайда кәсіби сарапшыны тартуға болады.
237. Нәтижелерді қорытындылай келе мемлекеттік аудиторға жұмыс құжаттарында жиналған аудиторлық дәлелдемелерді жүйелендіру қажет. Жүйелі сипаттағы бұзушылықтар бойынша анықталған қателіктерді барлық тексерілетін жиынтыққа тарату керек. Анықталған ауытқулардың маңыздылығы іріктеу мөлшері мен жүйелі сипаттағы қателіктер ескеріле отырып айқындалады.
Анықталған ауытқулар осы Стандартқа 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтер қателіктерінің жиынтығы (ЖҚ-ҰМА)» жұмыс құжатында тіркеледі. Есепті құжат деректері негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті қалыптастыруға ықпал ететін бұрмалауларды талдайды.
Мемлекеттік аудитор нақты бір операциялар сыныбы, есеп сальдосы немесе ашу үшін белгіленген маңыздылық деңгейі асып кеткені туралы мәселені қоса алғанда, тиісті операциялар сыныптарына, есептер сальдосына немесе ашуларға ықпалын бағалау үшін әрбір бөлек бұрмалауды қарайды.
Егер жекелеген елеусіз бұрмалаулар көп болған жағдайда мемлекеттік аудитор ақшалай мәнде бұрмалау саны мен жалпы әсері туралы ақпарат береді.
Ұзақ мерзімді аудитті аяқтау рәсімі:
аудит объектісінен алынған ақпарат негізінде аудит нәтижелерін қорытуды және бағалауды;
аудит жүргізу барысында анықталған қателіктерді және тексерілетін кезеңдегі қаржылық есептіліктің дұрыстығына олардың ықпалын талдауды қамтиды.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтер-қорытындылар (ЖҚ-ҰА- қорытындылар)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік аудитор тексеру нәтижелері бойынша пікір қалыптастырады, жұмыс құжаттары пакетін жасайды, аудиторлық есептің бір бөлігін тұжырымдайды және аудит тобының басшысына және (немесе) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғаға ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет