Отырыстар арасындағы үзілістерде жиналыс жүргізу орны бойынша ұйымдастырылатын банкет – фуршет жұмыс істеуі мүмкін.
Қатысушылар санына, бөлме ауданы мен түріне байланысты 2-3 м ұзындықты бір немесе бірнеше фуршет үстелдерін қояды. Қажет өлшемді үстелдер болмаса, квадрат немесе тіктөртбұрышты үстелдерден құрастырады. Үстелге банкет – фуршетке арналған дастарқан жайылады. Үстелге кішкентай порциямен салқын тісбасарлар (салат салғышта) нан, үлкен табақтарда порциялап салынған гострономдық тауарлар, бутербродтар, бәліштер, вазаға салынған жемістер, пирожныйлар қойылады. Үстел шетіне кофе, сорпалармен термостар, сорпа және кофеге арналған шыны-аяқтар, шырын құйылған құмырылар қойылады.
Фуршет үстелдері қасында кішкентай үстелдерге тісбасарлық және бәліш тәрелкелері, тісбасарлық шанышқылар мен пышақтар, фужерлер немесе стақандар қойылады. Қосымша үстелдер қағаз майлықтар, сумен сырамен бөтелкелер, фужерлер, стакандар қойылады.
Әр үстелге үш даяшы қызмет көрсетеді: біріншісі өнім толықты,ғын бақылайды, екіншісі қолданған ыдыстар мен аспаптарды жинап, қорын толтырады, үшіншісі есеп – айырысады.
Қызмет көрсетуді тездету үшін сорпа мен бәліштерді жіберетін жеке үстелдерді ұйымдастырады, ыстық сосискалар, бір порциялы табаларда,кокотницаларда ыстық тісбасарды сатады. Бұл жағдайда тағамдарды аспаз жібереді де, даяшы есеп айырысады. Қосымша шай үстелі, балмұздақ сату ұйымдастырылады.
Қонақ үйлердегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары таңертенгі сағат сегізден кешікпей жұмысын бастайды да, 24 сағаттан асырмай аяқтайды.
Әдетте, барлар таңғы 7 ден жұмысын бастап, 22-23 сағатта аяқтайды, түскі үзіліс болады. Әрбір барға тағамдар, тауарлар мен сусындар ассортименті орнатылады. Оның ассортименті кең болмау керек , бірақ апта күні бойынша әртүлі болуы керек.
Әрбір бар залдан , қосалқы бөлмеден , ас ыдыстарды жуу бөлмесінен тұрады. Қабатты барларды экспресс-кофе қайнатқышы бар үстелмен, суытылатын витриналармен, тауар қоюға арналған қабырғалық витринамен жабдықталады. Сауда бөлмесінде үстелдер мен орындықтар қойылады. Қосалқы бөлме электрплитасымен, электрқайнатқышпен, тоңазыту шкафымен жабдықталады. Жұмысшылар штаты бармендер мен жинаушыдан (олар ыдысты да жуады) тұрады, жеке жағдайларда аспаз болады.