-кафе, мейрамханалар, дәмханалардың тұрақты және маусымдық желілері қарастырылады. Желілердің негізгі бөлігін маманданған өзіне-өзі қызмет көрсету кәсіпорындары (бәлішхана, тұшпрахана, құймақхана және т.б.) және кіші бөлшек желілері (дүңгіршектер, бәліш, тоқаш, бутербродтар, сусындар, кондитерлік өнімдер сататын палаткалар) құрайды.
Демалушылардың-
-сұранысын қанағаттандыру үшін жаппай демалу орындарында сонымен қатар тасымалдау саудасы мен жылжымалы буфеттер арқылы қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Қысқа мерзімде-
-көп адамдарға қызмет көрсету үшін театр антрактында құрама қызмет көрсету әдісі қолданылады. Бірнеше буфеттер, соның ішінде кофе, шай, кондитерлік өнімдер, бутербродтар, балмұздақтар, шырындар, сулар сататын буфеттер ұйымдастырылады. Спектакль уақытында залды келесі тұтынушылар ағынына даярлайды.
Заманауи қызметтер мен кызмет көрсету түрлері Заманауи қызметтер мен қызет көрсету түрлеріне:
Швед үстелі
Тақырыптық буфеттер
Үстел-экспресс
Зал-экспресс
Жексенбілік бранч
Презентациялар
Кофе-брейк
Happy-hour
Орыс-үстелі
Linner
Dinner жатады
Қазіргі заманғы мейрамхана технологияларын тақырыптық швед үстелін ұсынады, олар қонақтарға сервистік қызметтер максимумын қамтамасыз етеді және кеңестік астармен салыстырмалы қымбат өнімдерден даярланған тағамдардың көп түрлерін татып көруіне мүмкіндік береді.
Экзотикалық швед үстелі саясатты жақсы көретін адамдарға ұсынады және үнді, тай және индонезия аспаздықтары тағамдарын таңдауға ұсынады. Бұл балғын көкөністерден даярланған үнді салаттары; таңқышаяндарымен жапон сушилары; күнжітпен маринадталған тауық еті; тұшпара мен қуырылған күріш; жержаңғақты сары май; экзотикалық жемістерден даярланған үнді салаттар (киви, ананас, апельсин), манго соусымен кокосты бланмаже.
Алкогольді сусындардан құрғақ ақ шарап (шабли, Рислинг) және Розд’Анжу қызғылт шарабын ұсынады. Кофеге ликер (Драмбуйе, Тма Мариа) және коньяк беріледі. Үстелге жасыл немесе көк рендің дастархан жайылады. Декоративті элементтер ретінде теңіз тастары, раковиналар, теңіз жұлдыздары, кішкентай шыны түйіршіктер, балық табақтар мен падностар, кемелер қолданылады. Даяршылар теңіз формасын кию керек.
Зал экспресс швед үстелі қолданылайтын мейрамханаларда тұтынушыларға жылдам қызмет көрсетуге арналған. Бұл қызмет көрсету түрінің негізгі қабырғадан 1,5 м қашықтықта ұзндығы бойымен орнатылған фуршет үстелі болып табылады. Үстелге салқын тіс басарлар (әр түрлі салаттар, балық, ет салқын тағамдары, ірімшік), сары май, жеке ормадағы сүт қышқылды өнідер, шырындар, сулар, нан және нан тоқаш өнімдері қойылады. Қасына салып алуға арналған аспаптар, қасықтар мен пышақтар, қысқыштар қойылады.