Шетел туристеріне ұсынылатын қызметтің бір түрі тамақтану болып табылады.
Шетел туристеріне тамақтануды ұйымдастыру мейрамханалар мен кафеде жүзеге асады. Қызмет көрсетуден 5 күн бұрын тамақтану кәсіпорнына туристер келесін елі, саны, келу күнімен ұзақтығы көрсетіліп шетел турстерінің келу графигі, ал бір тәулік бұрын-туристердің әрбір тобына қызмет көрсетуге тапсырыс береді.
Тапсырыста: шетел туристеріне қызмет көрсетуге жауапты өкіл тегі, топ индексі, хабарлама нөмірі, туристер келген ел, топтағы туристер саны (соның ішінде емдәмдік тамақтануына қажетті туристермен балалар саны), топ қасында жүретін тұлғалар саны, қызмет көрсету классы, тамақтану түрлерімен сағаттары (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас), жалпы болу уақыты, бірінші және соңғы қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетіледі.
Шетел туристері тобының тамақтануын ұйымдастыру жеке залда немесе жалпы залда арнайы бөлінген орындарда жүзеге асады.
Шетел туристері тобының тамақтануын ұйымдастыру жеке залда немесе жалпы залда арнайы бөлінген орындарда жүзеге асады.
Егер қызмет көрсету бірнеше күн мейрамханада жүзеге асырылса, онда залда шетел туристеріне белгілі бір тұрақты орындарды бекіткен жөн. Әртүрлі елдерден келген шетел туристеріне бір залда тамақтануды ұйымдастырғанда, үстелге сол елдер туларын қойған жөн.
Тағам қабылдаудың келесідей шамамен интервалдар ұсынылады: таңғы ас -8-ден 10 сағ. дейін; түскі ас-сағат 12-ден 15 дейн, кешкі ас 17 сағат 30 мин. – 20 сағ. дейін.
Тамақтану екі ауысым ұйымдастырылса, кешкі ас 20-30 дейін созылуы мүмкін.
Егер келу бағдарламасымен ішкі шаралар қолданылса, ( мысалы, театрға бару), кешкі ас шараға дейін немесе мейрамхананың жұмыс істеу тәртібі шегінде ұсынады.
Ас мәзірін құру. Түскі ас пен кешкі ас үшін әр күнге екі нұсқада ас мәзірін құрады. Ас мәзірінде тағамдар аты, шығым нормасы мен әр тағам бағасы көрсетіледі.
Ас мәзірін құру. Түскі ас пен кешкі ас үшін әр күнге екі нұсқада ас мәзірін құрады. Ас мәзірінде тағамдар аты, шығым нормасы мен әр тағам бағасы көрсетіледі.