Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет56/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

12. Шылауды оқыту әдістемесі


  1. Сегізінші сыныпта шылау деген ұғымды және шылауды сөз табы ретінде таныстыру.

  2. Шылаудың сөйлемдегі мәні мен қызметі.

  3. Шылау тақырыбын өткенде,морфологиялық тұлғаларды байланыстыру

  4. Шылауды салыстыру әдісімен оқыту.

Шылау сөздер - тіліміздегі сөз таптарының бірінен саналады. Сөз таптары лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы, синтаксистік қызметі сияқты үш белгісіне қарай ажыратылады. Ал, шылауларды алып қарасақ, бұл үш қасиетті оның жеке тұрғыдағы күйінен таба алмаймыз. Ол - өз алдына толық мағынасы жоқ, көмекші сөз деп танылады. Көмекші болғанда, басқа бір толық мағыналы сөзге ілесіп айтылу арқылы оған қосымша мағына үстейді. Ал, кейбір шылаулар дәнекерлік қызмет атқарады. Сөйтіп шылаулар сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ғана белгілі мәннің пайда болуына жәрдемдесіп отырады. Мәселен, шылаулы, шылаусыз сөйлемдерді салыстырайық.
Оқу жайында сөйлестім. Оқу сөйлестім (мән жоқ)
Көлге таман бардым Көлге бардым.
Сенен соң сұрадым. Сенен сұрадым
Ауыл да көркейді Ауыл көркейді
Қалаға барды ма? Қалаға барды.

Осындай фактілер шылау сөздің мағынасы бар екенін, әлбетте, мағынасы сол сөйлем ішінде ашылатынын көрсетеді. Соған орай шылаулар өзі тіркескен сөздерге синтаксистік қызметі жөнінен қызмет етіп тұратыны да танылады. Көптеген шылаудың тұлғасы бірқатар қосымшаларға ұқсас келеді. Жағдай шылауды басқа сөзден бөлек жазу емлесін меңгеру ісінде біраз қиындық келтіреді. Тілімізде шылаулар әжептеуір жиі қолданылады. Міне осы айтылғандарға байланысты шылауды оқытуға ерекше назар аударылуы тиіс. Бірақ арнайы мектепте шылау тақырып ретінде 8-9 сыныптарда өтіледі. Оқулықта жатыс және көмектес септік жалғаулар мен оларға формасы жағынан ұқсас келетін шылаулар ажырату үшін сұрақ қою әдісін қолдану ұсынылады. Кімде? Неде? Қайда? Қашан? Кіммен? Немен? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерге жалғанған қосымшалардың жалғау болатыны, ал, шылаулардың өзін бұрынғы сөзден бөлек жазылатыны түсіндіріледі. Мұғалім -ма, -ме формалы шылауларды оларға ұқсас жұрнақтардан ажырату мәселесіне жете көңіл аудару керек. Осыған орай сөйлем хабар мағынасын беруге тиісті грамматикалық тұлғаның жұрнақ болғаны, егер сөйлемнен сұрақ мағынасы туса, ма- ме жүр емес, шылау екені ұғындырылады.


Сонымен қатар шылаудың қатынасуымен сұрау мағынасын беретін сөйлемнің аяғына сұрақ белгісі қойылатыны түсіндіріледі. Бұл арада шылаудың жеке тұрғанда белгілі лексикалық мағынасы болмағанымен, сөйлемге қатысқанда, одан логикалық мағына шығатынын байқату керек. Сегізінші сынып оқушылары шылауға дейін сөз таптарының көбін оқып үйренеді. Осы мағлұматты пайдаланып әрі таптарын қайталау элементін ойластырып, -ма, -ме, шылау болса, барлық есімдерге де, етістікке де тіркес айтылатынын, ал, жұрнақ болса, тек қана етістік түбірге жалғанып, одан туынды сөздер жасайтын практикалық жұмыс орындау жолымен таныту қиын емес және ондай туынды сөздердің «бірқатар етістік ұғымын болымсыздыққа айналдырса сол етістіктің екінші жақтағы бұйрық мәнін білдіре түсіндірілуі тиіс. Енді -ма, -ме, жұрнағы жалғанған етістіктің сөйлемдегі мағынасы зат есімге ауысатын мыналар арқылы түсіндіріледі. Бұл арада салыстыру әдісін қолданып, бір сөздің әр сөйлемде кейде етістік кейде зат есім болатынын көрсетуге болады.
Аялдама алыс емес. Сен тез жөнел, көп аялдама. Көрме ұйымдастырылды. Мазмұндама жазылды. Мәтінді ауызша мазмұндама, жазбаша мазмұнда. Осылайша, сегізінші сыныпта шылау тақырыбынан бағдарламалық білім бергенде, оның сөйлемдегі мәнін, тыныс белгісін, жазылу емлесін дұрыс таныту мақсаты жүзеге асырылады. Бұл жұмыс практикада дағды беру жолымен орындалады. Соның өзінде шылаудың өзін ғана алып, мынау шылау сөз, ол байланысқан сөзден бөлек жазылады, жеке тұрып дербес лексикалық мағына бере алмайды деген ережелерді түсіндіру үстіртін білім бергендік болады. Сондықтан шылауларды оларға ұқсас бұрын өтілген морфологиялық категориялармен (жалғау, жұрнақ) салыстыру әдісі бойынша танытқан дұрыс, сонда ғана оқушылар шылауларды саналы меңгереді, әрі бұрын өтілген материалды пысықтайды және грамматикалық формасы ұқсас категорияларды дұрыс танып, ажырата алатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет