Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет59/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Әдебиеттер:


  1. Луцкина Р.К. Формирование навыков диалогической речи у учащихся первых классов всп.школы. Из.кн. Вопросы кор.работы во вспомогательной школе.Алматы.1983.

  2. Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., Педагогика, 1997.

  3. Рахметова С. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы. Алматы., 2007.



15. Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту


  1. Мазмұндама және оның түрлері.

    1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндау

    2. Толықтырып әңгіме бойынша мазмұндау

    3. Қысқаша әңгіме бойынша мазмұндау 2 Шығарма және оның түрлері:

  1. Серия суреттер бойынша шығарма

  2. Экскурсия бойынша шығарма жұмысы

  3. Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары Арнайы мектепте жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде

мынадай түрлерін көрсетуге болады:
1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі.
Мазмұндаманың бұл түрінде текст бойынша қойылатын сұрақтар текстің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Әуелі әр сұраққа жеке-жеке жауап алынады да, соңынан, қорытынды ретінде, барлық сұраққа бір оқушы немесе екі-үш сұрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы қайырған жауаптарын, тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.

  1. түрі – толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдері байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын ролі орасан зор.

  2. түрі-ықшамдап мазмұндау, не қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдынғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балалардың творчестволық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар тексті емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі текстегі негізгі ойды аңғаруға, және текстің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.

Қазақ тілі сабақтарында алдынала жұмыстар жүргізіледі: Біріші сабақта 5- 7мин қиын,жаңа сөздермен сөз тіркестермен сөздердің мазмұны талданады анықталады; екінші сабақта 5-7мин талданған сөздермен, сөз тіркестерімен оқушылар сөйлемдер құрастырады; үшінші сабақта түсіндіру диктанты жаздырылады. Диктант жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де тексте емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге
бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі.
Шығарма және оның түрлері. Арнайы мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша тексті өзінше құрап, өзінше жазады. Шығарманы

  1. – сыныптан бастап жазады. «Шығарма» тарминін арнайы мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген – білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп берулерін айтамыз. Арнайы мектеп балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады: 1. Серия суреттер бойынша шығарма; 2. Экскурсия бойынша;

3. Оқушының өз іс - әрекетіне байланысты тақытыптар.

  1. Серия суреттер бойынша шығарма. Бұл жұмысты мұғалім алдын ала жан-жақты ойластыруы қажет. Балаларды сөйлеткенде сөйлемдері әрі түсінікті, әрі жүйелі құрылуына, өз пікірлерін білдіруге назар аударған жөн. Сонымен қатар оқушылар айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін қадағалап, осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануларына жағдай жасау керек. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ кезектеп суреттіп көрсетіп оның мазмұнын сұрақтар бойынша талдап қысқа шағын мәтінді үйренеді және ойларын еркін білдіруге дағдыланады.

  2. Экскурсия бойынша шығарма жұмысы. Бастауыш мектепке сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына байланысты жаздырады. Байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау көп қиындық келтірмейді.

Жыл маусымдарына байланысты табиғатта болатын өзгерістер, оларды және өндіріс орындарындағы құбылыстарды экскурсия жасау арқылы бақылап, мағлұмат алатын болғандықтан экскурсияға байланысты шығарма дейміз. Сонымен қатар балалар өндіріс орындарындағы еңбекпен де экскурсия жасау арқылы танысады. Мұның барлығы шығарма жазу үшін материал болып есептеледі.

  1. Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары. Оқушылардың өздері туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жүргізілетін шығарма жұмыстарын оқушылардың өз іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топталады. Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Шығарманың бұл түрін үйден жазып келуге де тапсыруға болады. Бұл топтағы шығармалар сипаты, мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді. Бастауыш класс балаларына не ұнайтынын, оларға не

жақын екендігін, олардың жазу мүмкіндіктері мен тіл байлығын, шығарма жазу дағдысының қалыптасу дәрежесін т.с.с шығарманың осы түрінің қорытындысынан айқын аңғаруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет