Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет131/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

ГЛОССАРИЙ 
кемтар 
балаларды 
әлеуметтік 
және 
медициналық 

педагогикалық түзету арқылы қолдану – 
кемтар балаларға тұрмыс - 
тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай 
жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам 
өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, 
медициналық және білім беру қызметтерін көресететін білім беру
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі; 
кемтар бала (балалар) –
белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, 
тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың 
салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және ( немесе) психикалық 
кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар); 
«қатер» тобындағы бала (балалар) – 
ерте қолға алынбағандықтан, 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану 
көрсетілмегендіктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп 
қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар); 
дене кемістік –
адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс 
істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық 
түзету арқылы қолдануды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы; 
психикалық кемістік
– адам психикасы дамуының және (немесе) 
жұмыс істеуінің уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: 
сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық – 
еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл –ой 
дамуының бұзылыстары, соның ішінде ақыл- ой жағынан кежелеп қалу; 
психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып үйренудегі 
өзіндік қиындықтар; 
күрделі кемістік
– психикалық және дене кемістігінің кез – келген 
ұштасуы; 
ауыр кемістік –
мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру 
стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту 
мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние 
туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе 
аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі 
психикалық және (немесе) дене кемістігі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет