Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет29/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Білім беру тарихындағы дефектолог мамандығын даярлау ісі қай 
уақытта басталды? 
2. Қазіргі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесіндегі қызметті 
ұйымдастыруға қажетті педагогикалық мамандықтарды атаңыз. 
3. Арнайы педагогқа тән кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерді 
атаңыз. 
4. Арнайы педагогтың кәсіби білімінің мазмұны қандай болуы тиіс? 
5. Арнайы педагог үшін кедергі болатын жағдайларды атаңыз. 



§ 12. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы педагогикалық қағидалар 
2. Арнайы қағидалар 
Арнайы педагогиканың қағидалары – 
жалпы педагогикалық және 
арнайы қағидаларға бөлінеді. Арнайы білім беру жүйесіндегі жалпы 
педагогикалық қағидаларды жүзеге асыру сапалық сипатты бейнелейді. 
Арнайы қағидалар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің 
концептуалды жағдайларын қарастырады. 
Жалпы дидактикалық қағидалар: 

Ғылымилық қағидасы
игерілетін білімнің ғылымилық сипатын 
анықтауда, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білімді игерудегі әлеуметтік 
бейімделу, танымдық мүмкіндіктеріне болжам жасайды. 

Теория мен практиканың өзара байланысы 
қоршаған орта туралы 
ақпараттарды бала бірінші заттық-практикалық әрекет негізінде игереді. 
Осының қорытындысына сүйене отырып, арнайы педагог заттар мен 
шындық құбылыстар туралы жаңа ақпараттармен таныстырады. 

Оқытудағы белсенділік пен саналылық қағидасы 
оқыту мен тәрбие 
екі жақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесі кезінде оқушы объект 
ретінде оқыту мен тәрбиенің ықпалын қабылдаса, субъект ретінде өзінің 
белсенділігін танытады. Субъективті белсенділіктің төмендеуі, танымдық 
қызығушылықтың әлсіздігі, оқуға деген мотивтің төмендігі мүмкіндігі 
шектеулі балалардың бағдарлама материалын толықтай игеруіне кедергі 
жасайды. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог-мамандар аталған 
ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқыту мен тәрбие процесінде 
оқушының субъективті белсенділігін арттыратын әдістер мен тәсілдерді 
орынды қолдануы тиіс. 

Жеткіліктілік қағидасы 
баланың жас, психикалық және дене 
ерекшеліктерін есепке алу арқылы баланың потенциалдық даму 
мүмкіндіктерін анықтауды қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды 
оқытудағы проблемалық оқыту «жақын даму аймағы» түсінігі негізінде 
құрылуы керек. 

Реттілік және жүйелілік қағидасы 
арнайы білім берудегі баланың 
білім, іскерлік, дағдысын анықтаушы біртұтас жүйені құруды қамтамасыз 
етеді. 

Игерілген білімінің беріктілік қағидасы 
баланың игерген білімін 
жаңа біліммен байланыстыруға баулуды көздейді. Жаңа материалды 
игерудегі беріктілікті жүзеге асыру үшін өткен материалды еске түсіру, 
оның мазмұнына сүйену керек.
 


74 

Көрнекілік қағидасы 
білім беру процесіндегі сезім органдарының 
іске қосылуын қамтамасыз етуде көрнекі құралдарды пайдалану қажет. 
Аталған қағида дамудағы кемшілікті компенсациялау арқылы қалыпқа 
келтіруге болжам жасайды. Оқыту процесі кезінде заттық көрнекіліктер 
(муляждар, макет, ойыншықтар), бейнелі құралдар (иллюстрациялар, 
слайдтар, картиналар, фильмдер), шартты-символдық белгілер (сызбалар, 
символдар, формулалар, графикалар) түріндегі түрлі көрнекі құралдар 
қолданылады. Көрнекі құралдарға таңдау жасау баланың жас 
ерекшелігіне, дамудағы кемшіліктің түріне, оқу бағдарламасының 
мазмұнына байланысты жүргізіледі. 
Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке көмек көрсету қағидасы 
арнайы 
білім беру мекемелеріндегі сыныптар толымындағы ерекшеліктер, топтық 
және жеке оқыту формаларын ұйымдастыруды қажет етеді. 
Оқыту мен тәрбиелеудегі саралау принципі
баланың жеке даму 
ерекшеліктеріне қарай (жоғары жүйке жүйесі әрекетінің дамуы, 
темперамент, ойлау операцияларының жылдамдығы, еңбек етудегі, 
білімді игерудегі қабілеті, эмоциялық-ерік сферасы) балалар катеогриясын 
типологиялық ерекшеліктерге бөлуді ұсынады. 
Оқытудың ұжымдық сипаты
оқушының 
әлеуметтік ортаға 
бейімделуі, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет