Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет31/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

II.
 
Дамудағы 
кемшіліктерді 
диагностикалау 
мен 
коррекциялаудағы жүйеліліктілігі мен біртұтастығы
 
коррекциялық 
жұмыс түрлерін құруда кемшіліктің құрылымын білуді қажет етеді. 
Дамудағы кемшіліктің кез-келген түрінің жүйелі түрдегі сипаттамасы 
болады. Мысалы, алалия кезінде сөйлеу тілінің барлық жүйесі бұзылады 
(фонемаларды қабылдау процесі, сөйлеудің лексикалық-грамматикалық 
жағы, байланыстырып сөйлеу). Осының әсерінен алалик-баланың жоғары 
психикалық функцияларының дамуы әлсірейді. Сонымен қатар арнайы 


78 
мамандардың (дәрігер, психолог, мұғалім-дефектолог, логопед) бірлесе 
отырып дамудағы кемшілікті зерттеу, диагностикалау қорытындысын 
шығарады. 
Кешенді 
түрдегі 
психологиялық-педагогикалық 
диагностикалау жұмысының қорытындысы бала дамуындағы кемшіліктің 
түрі мен деңгейін анықтауға жағдай жасайды. Диагностикалау 
жұмысының қорытындысын негізге ала отырып арнайы педагогтар 
коррекциялық жұмыстарды жүзеге асыра алады. 
III.
 
Арнайы білім берудің коррекциялық-компенсациялық бағыты
 
білім берудегі білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік, түзетушілік 
міндеттерді шешуге болжам жасап, арнайы білім беру жүйесіндегі 
интеграция мәселесін қарастырады. Компесациялық мүмкіндіктеріне, яғни 
сақталған анализаторлардың жұмысына сүйене отырып (соқырлардың 
саусақ ұштарының көмегімен оқуы, саңыраулардың ерін қимылынан оқуы 
т.б.) коррекциялық-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыруға негіз 
болады. 
IV.
 
Тұтас және кешенді ықпал ету принципі
мүмкіндігі шектеулі 
балалар мен олардың отбасына педагогикалық, психологиялық және 
медициналық көмектесуді қамтамасыздандыратын, диагностикасы мен 
коррекциясының бірлігін, ғылыми-практикалық қызметтерінің бірегей 
біріктірілген жүйесін құруды білдіреді. Кешенді көмек өзара мәнділігі 
бірдей үш бағыттан тұрады: 
- медициналық бағыттың мақсаты болып балалардың денсаулығын, 
емдерінің уақтылы және сапалы алынуын бақылау, коррекция кабинетінің 
материалдық-техникалық жабдықталуы аясында медициналық көмектің 
қажетті түрлерін көрсету болып табылады; 
- әлеуметтік-психологиялық бағыттың мақсаты болып мүмкіндігі 
шектеулі балалар мен олардың отбасына әлеуметтік-психологиялық 
түзету көмегін көрсету, оның әлеуметтік, медициналық және білім беру 
қажеттілігінің көлемін анықтау және оларды қанағаттандыру тиімділігін 
бақылау; 
- білім беру бағытының мақсаты болып дамуында ақауы бар 
балаларға коррекциялық-дамыту көмегін көрсету және үй жағдайында 
бағалау мен бақылау, дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестер 
беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет