Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет30/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Арнайы қағидалар: 
I.
 
«Қалыпты жағдайға ұмтылу» немесе «қалыптандыру» 
қағидасы – 
мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлік әрекетін қалыпты 
жағдайға барынша жақындату
.
«Қалыпты жағдайға ұмтылу» идеясы 
алғаш рет 50 жылдары Скандинавия елдерінде пайда болып, соның 
әсерінен барлық әлемде МШ адамдарға көмек көрсету мекемелерінде 
көптеген өзгерістер енгізілді. Осы идея МШ адамдарға көзқарас 
бағыттарын өзгертуге және олардың өмірлік жағдайлары мен білім 
берілуін жақсартуға ықпалын тигізді. Қалыптандыру қағидасы қазіргі 
көптеген 
өмір 
ағымдарының, 
яғни, 
педагогикалық 
әрекеттің 
концепциялары мен реформаларының, жеке алғанда МШ адамдардың 
өздерінің өмірлерін қалыптастырудағы негізі болып табылады. 
Қалыптандыру принципі мынадай сөздермен сипатталады: МШ 
адамдардың өмірі «қаншалықты деңгейде мүмкін болса, соншалықты 
деңгейде қалыпты жағдайға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс». Бұл дегеніміз 
адамға қажетті өмірлік әрекеттері (тұрғын үй, ара-қатынасы, оқу-тәрбие 
процессі т.б.) барлығы қалыпты, шынайы жағдайда ұйымдастырылуы 
керек. Қалыпты өмір сүрудің жағдайы мен жетістіктері МШ адамдардың 
көп жағдайда өздеріне байланысты болып келеді, бұл оларды басқа 
халықпен араласуына мүмкіндік береді. МШ балалардың өмірлік 
сатылары мүмкіндігінше жақсы ұйымдастырылуы тиіс, бұл жерде 


75 
айтайын дегеніміз – белгілі бір жас және жынысына байланысты мәдени 
рөлдік қатынастар ұйымдастыру болып табылады. 
Ең ерте жасалған қалыптандыру принципінің формуласы Нильс Эрик 
Банк-Миккельсенге (Niels Erik Bank-Mikkelsen) тиесілі еді. Даниядағы 
неміс оккупациясы кезінде ол концентрациялық лагерьге түседі де, сонда 
осы жағдайды ол өзіне жүргізеді, яғни адамдардың көп мөлшері аз адамға 
бағынады. Өзіндік сезіну арқылы Банк-Миккельсен концентрациялық 
лагерь мен мемлекеттік жетімдер үйі және үлкен ауруханалар арасындағы 
белгілі бір параллельді жүргізді. Бұл принцип алғаш рет «МШ адамдарға 
қамқорлық көрсету дат Заңында» (1959) көрініс тапты, онда «ақыл-ойында 
бұзылыстары бар адамдарға берілетін көмек мүмкіндігінше жақсы өмірді 
қамтуы тиіс» екендігі жөнінде айтылған. 
50-60 жылдары Даниядағы сияқты, Швецияда да қалыптандыру 
принципі мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге, сонымен бірге ата-
аналар бірлескен жұмысына белсенді түрде енгізілді. 1968 жылы 
Швецияда жаңа Заң қабылданды, онда қоғамдағылар МШ адамдарға 
қызмет түрін көбірек ұсынулары қажеттігі айтылған. Бұл Заңда барлық 
ақыл-ойында кемістігі бар, оған қоса күрделі кемістігі бар балаларды 
оқыту, сонымен бірге мамандандырылған білім алу құқығы, кіріктірілген 
топтармен тұру құқығы және күндізгі орталықтардағы сабақтарға бару 
құқығы қамтылған. Кейінгі жылдары Швециядағы МШ адамдарға 
арналған Заңға өзгерістер енгізілді. 
Қалыптандыру принципінің сипаттамасын арнайы әдебиетте бір жыл 
кеш берді, оны 1969 жылы швед ата-аналар одағын басқарушы Бенгт 
Нирье (Bengt Nirje) жасаған. Ол сегіз пункт бойынша, барлық пунктқа 
ақыл- ойында кемістігі бар адамдарға байланысты «қалыпты өмір» 
түсінігін енгізілуі тиіс деді. 1969 жылы Бенгт Нирьенің «Ақыл-ойында 
кемістігі бар адамдардың өмірлік жағдайларының стандарттарының 
өзгерістері» атты кітабы жарық көреді. Кейіннен оның идеясына 
сенбеушілік танытқандықтан ол ата-аналар одағынан кетіп, Канадаға 
келеді және осында әрі қарай денсаулық сақтау Министрлігінде жұмысын 
жалғастырады. 
Соның негізінде қалыптандыру принципі Нильс Эрик Банк-
Миккельсен, Бенгт Нирье және т.б. осы салаға қызыққан мамандардың 
ағартушылық сапарларының арқасында жеткілікті түрде Еуропаға және 
Солтүстік Америкаға кеңінен тарады. 80 жылдары қалыптандыру 
принципі немістілдес елдерден лебіздер таба бастады. Бұл принципті 
жақтаушылар көбейсе де, МШ адамдардың өмірінің жақсаруы жай жүзеге 
асты. 
1985 жылы Швеция парламенті жаңа Заң қабылдады, соған сәйкес 
ақыл-ойында кемістігі бар адамдар қалыпты жағдайдағы адамдармен бірге 


76 
өмір сүруге құқықтары бар. Бұл жаңадан жалпы типтегі мекемелерді 
құрудың негізі болды. 
Қалыптандыру принципі – МШ адамдардың өмір сүру жағдайларын 
жақсарту концепцияларының көптеген идеяларының негізі және барлық 
әлемдегі көмек көрсетуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы принципі 
болып табылады. 
Б.Нирье бойынша қалыптандыру принципінің негізгі мазмұны: 
1. Қалыпты күнделікті ритм (серпін).
Ұйқы, ұйқыдан тұру, киіну, 
тағам жеу, жұмыс, бос уақыт – осының барлығы қалыпты адамның 
күнделікті өмір тіршілігіне ұқсас болуы тиіс. Мысалы, кезең бойынша, 
күніне кем дегенде бір рет айналасындағылармен араласуы тиіс, сонымен 
бірге, адамның жеке биологиялық ритмдері назарға алынуы керек. 
2. Апталық ритм.
Мұнда өмір сүруде баспана, , жұмыс және бос 
уақыт сияқты бөлімдер қамтылады. Жасалатын жұмыстың мағыналылығы 
және күнінің көп уақытын алуы тиіс. Мұнда тек ауыстырылатын орын 
ғана емес, қасында болатын адамның өзгеруі де маңызды. Мынадай 
жағдайлардан аулақ болу керек, адамның өмірлік әрекетін бір мекеменің 
ішінде өткізуден және апталап, айлап осы мекемеде қалудан. Адамдардың 
мекемеден шығып орын ауыстырушылығы, оларға жаңа жағдайларға 
бейімделе алуына мүмкіндік береді. 
3. Жылдық ритм
.
МШ адамдар басқа қалыпты адамдар сияқты бірдей 
деңгейде мерекелік іс-шараларға қатысулары керек, мысалы, демалыс 
кезіндегі саяхаттар, қонаққа бару, мейрамдар. Олардың өмірінде жыл 
сайын қайталанатын жағдайлар болуы керек. 
4. Шынайы өмірлік жол (өмірлік сатылары
).
МШ адамдарға 
қойылатын талап пен қатынастар оның жас мөлшеріне қатаң сәйкес келуі 
тиіс! МШ балалар өздерінің құрдастарымен, мүмкіндігінше ата-
аналарымен де бірге өсулері тиіс. Мекемелерде жақсы кадрлардың 
болуына тырысу және тәрбиеленушілер мен тәррбиешілердің арасында 
сенімді жағымды қатынасты орнату қажет. Мектеп жасындағы МШ 
балалар МШ ересек адамдармен бірге тұрмаулары керек, бұл олардың 
оқуға деген және тәжірибесінің қалыптасуына мүмкіндіктерін 
төмендетеді. Өскен де МШ жасөспірімдер мен жеткіншектер қалыпты 
ортада, яғни жанұясының не таныстарының қасында мүмкіндігінше 
болулары тиіс. Бұдан байқайтынымыз мұндай адамдарға қомқорлық 
жасайтын қызмет көрсетулерді құру қажет. 
5. Қажеттіліктеріне құрметпен қарау.
Бұл пункт МШ адамдардың 
қажеттіліктерінің пайда болуларына байланысты. Егер МШ адамда 
коммуникациялық шектеулері болса, яғни, тілегі, шешімі, ерік-жігері 
бұлардың барлығы ескеріліп, есепке алынуы тиіс. Бос уақыт, күн тәртібі 
және бөлме жағдайы басқа адамның ұсынуы бойынша емес, 
тәрбиеленушінің тілегіне сәйкес болуы керек. 


77 
6. Басқа жыныстағылармен сәйкесінше қатынас орнату

Басқа 
жыныстағылармен қатынастағы шынайы қажеттілік әр жас кезеңінде 
ескерілуі тиіс. Баспаналық және оқу орнында екі жыныс бойынша 
өздерінің басқарушылары болулары тиіс. 
7. Орналасқан жағдайға байланысты стандарт.
Орналасқан 
жағдайға байланысты құрылған стандарт «қалыпты» болуы тиіс. Мұнда 
мекеменің орналасуы, оның жарықпен қамтылуы есепке алынады. Мекеме 
өте үлкен болмауы тиіс, олар басқа адамдармен араласа алмай қалмауы 
керек және басқа әлеуметтік ортадан алшақ та орналаспауы керек. 
В. Вольфенсбергердің трактатындағы қалыптандыру принципі 
Вольф Вольфенсбергер қалыптандыруды халықтың әлеуметтік сәтсіз 
топтарының пайдалы жағы мен белсенді бейнелерін қамтамасыз етуден 
бастап, содан кейін қоғамның басқа жақтарына кіріктіруге бағытталады 
деп есептейді. 
Вольф Вольфенсбергердің ойынша, қалыптандыруға сай адамдардың 
топтарына қолданылатын әдістер мен заттар, оларға көмек көрсету, 
қамқорлық жасау, сыртқы келбеті, мінез-құлқы жатады. Ол МШ 
адамдардың қоғамдық жағдайының жақсаруына көмегін тигізетін екі 
мазмұнға назар аударды: 
- барлық өмірге қажетті жағдайларды дамыту және бекіту арқылы 
олардың құзыреттіліктерін дамыту: еңбектік, қарым-қатынастық, 
әлеуметтік, эмоциялық, когнитивтілік; 
- олардың сыртқы келбетін, мінез-құлқын жақсарту, бірақ оның шаш 
үлгісіне, киіміне, қылықтарына қатты назар аударудың қажеті жоқ, себебі 
бұл қалыптан ауытқушылыққа алып келеді. Екінші мазмұнға қатысты 
Вольф Вольфенсбергер жеткілікті түрде белсенді оймен қосылды, тіпті 
олардың келбеттерін косметикалық емдеуден өткізуге кеңес берді және 
соған сәйкес қоғамның оларды жақсы қабылдайтыны жайлы айтып өткен. 
Осы жағдайға байланысты канадалық бұл ғалымға сынаушылық 
ескертулер жиі келді. 
Қалыптандырудың принциптерінің авторлары МШ адамдарды 
«қалыпты» деп қабылдаған жоқ және қалыпты нормалар мен қоғамдық 
жағдайларға итермелеген жоқ. Олар алдымен қоғамдағы барлық адамдар 
сияқты МШ адамдардың да мүмкіндіктерін мойындағандарын қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет