Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет33/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

VIII.
 
Білім берудегі әлеуметтік-бейімдеу бағыттылығы
– арнайы 
білім беру жүйесіндегі коррекциялау мен компенсациялау процестерінің 
өзіндік мақсат емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік өмір 
сүруге дайындау, тәуелсіздік жағдайын қамтамасыз етудің құралына 
айналуын қадағалайды. 
IX.
 
Педагогикалық көмекті қатаң өлшеу қағидасы.
 
Мүмкіндігі 
шектеулі балалар ерте жастан бастап он сегізге дейін, тіпті кейбіреуі өмір 
бойы коррекциялық қолдауды талап етеді. Коррекциялық-педагогикалық 
көмек көрсету жұмыстарын ерте к езден ұйымдастыру, бала дамуындағы 
кемшіліктерді 
ерте 
диагностикалау, 
медициналық-психологиялық-
педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын өмірдің алғашқы жылынан 
бастап, жүйелі жүргізудің тиімділігі зор. Бірақ, сонымен қатар берілетін 
көмек бала ештеңемен айналыспайтындай шексіз болмауы қажет, сондай-
ақ көмек баланың белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алатынындай деңгейде 
берілуі тиіс. 
X.
 
МШ балалардың ата-аналарымен белсенді серіктестікте болу 
қағидасы
 
ата-аналарды коррекциялық-педагогикалық процеске тең 
құқықтағы серіктестер және оның тиімділігін жоспарлау, жүзеге асыру 
мен бағалауға қатысушылар тұрғысынан қатыстыруды қарастырады. 
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі қандай кемшілік 
болмасын оқу-танымдық әрекет қалыпты баланың оқу-танымдық 


80 
әрекетінен ерекшеленіп отырады. Себебі, мүмкіндігі шектеулі баланың 
оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру үшін ерекше мазмұндағы жұмыс 
түрлері жүргізілуі тиіс. Арнайы педагогтар мүмкіндігі шектеулі баланың 
оқу-танымдық әрекетін қалыптастырса, екінші жағынан коррекциялық-
компенсациялау 
жұмыстарының 
мазмұнын 
анықтайды. 
Күрделі 
кемшіліктер кезінде оқу-танымдық белсенділікті арттыру жұмыстарының 
нәтижесін шығару кей кездерде мүмкін болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет