Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет49/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Нашар еститін балаларға арналған арнаулы мектеп - 
нашар еститін, 
кеш саңыраулыққа ұшыраған, бірақ өз бетімен сөйлей алатын балаларға 
арналған мектеп. Бұл мектеп екі бөлімге бөлінеді: 
-
 
бірінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты жеңіл 
түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады; 
-
 
екінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты күрделі 
түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады. 
Көрсетілген 
бөлімдердің 
әрқайсысына 
(бірінші 
сыныпқа) 
балабақшада болған жеті жасқа толған балалар қабылданады. Мектепке 
дейінгі мекеме тәрбиесінде болмаған балалар екінші бөлімде дайындық 
сыныбынан өтеді. 
Сыныптардағы оқушылардың толымы бірінші бөлімде 10 оқушыны, 
екінші бөлімде 8 оқушыны құрайды. 
Арнаулы мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру 
мазмұнының бағдарламасына сәйкес үш деңгейде ұйымдастырылады: 
1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (бірінші бөлімде 4-5 жыл, 
екінші бөлімде 5-6 жыл); 
2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім (бірінші бөлімде де, екінші бөлімде 
де 6 жыл); 
3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (бірінші бөлімде де, 
екінші бөлімде де 2 жыл). 
Есту қабілетін дамыту мен сөйлеу тілін қалыптастыру және оларды 
түзетуге бағытталған жұмыстар дыбыс күшейткіш аппаратуралардың 
көмегімен арнаулы ұйымдастырылған топтық және жеке сабақтарда 
жүргізіледі. 
Есту қабілетін дамыту мен дыбыстарды айтуды машықтандыру 
жұмыстары фонетикалық ритмика сабақтары мен ырғақты би 
сабақтарында да қатар үйымдастырылуы болады. 
Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнаулы мектептер - 
соқырларға және нашар көретін балаларға арналған білім беру мекемесі. 
Бұл мектептерде қылилық пен амблиопия диагнозы қойылған балаларға 
арналған сыныптар (топтар) қызмет жасауы да мүмкін. Соқырлар мен 
көру қалдығы (0-0,04) сақталған және көру функцияларының күрделі 
бұзылуларымен сипатталатын балалар қабылданады. 
Бірінші сыныбына 6,5 жастан бастап, кей жағдайларда 8-9 жастағы 
балалар қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың толымы 8 


126 
баланы құрайды. Оқу мерзімінің ұзақтығы орта (толық) жалпы білімді 
игеру уақытын қосқанда 12 жыл. 
Осы мектепке көру өткірлігі 0,05-тен 0,4-ке дейін сақталған нашар 
көретін балалар да қабылданады. Сонымен қатар бұл мектептерде көз 
ауруларымен жиі ауыратын, өте жақын арақашықтықтан оқитын және 
жазатын балалар да оқиды. 
Жалпы білім беру сабақтарымен қатар коррекциялық сабақтар қатар 
жүреді. Оның ішінде: кеңістікте бағдарлау, тіл дамыту, әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау, мимика және пантомимика және т.б. 
Сөйлеу тілінде күрделі кемшіліктері бар балаларға арналған арнаулы 
мектеп
. Осы мектеп екі бөлімнен тұрады: 
-
 
бірінші бөлімде, күрделі тіл кемшіліктері (алалия, дизартрия, 
ринолалия, афазия) кездесетін және тұтығу тіл кемшілігі бар жалпы 
сөйлеу тілі бұзылған балалар білім алады. 
-
 
екінші бөлімінде, тұтығу тіл кемшілігінің күрделі формасы 
кездесетін балалар білім алады. 
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер жойылып, түзетілсе, психологиялық-
медициналық-педагогикалық сараптаманың қорытындысына сай, ата-
аналардың келісімімен жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады. 
Мектептің бірінші сыныбына 7-9 жастан бастап, дайындық сыныбына 
6-7 жастан бастап қабылданады. Мектепте білім алған балалар 10-11 жыл 
ішінде негізгі жалпы білімді игереді. Арнаулы логопедиялық және 
педагогикалық көмек түрлері оқыту мен тәрбиелеу процесі кезінде, 
сыныптан тыс уақыттарда арнаулы құрылған сөйлеу режиміне сай 
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет