179
Білім берудегі
бөлімінің
міндеті оқыту арқылы баланың қоғамдық
тәжірибені игеруіне, танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Көрсетілген салаларының міндеттерін шешуде зияты зақымдалған
мектеп жасына дейінгі бағдарламасының «Денсаулық», «Әлеуметтік
даму», «Танымдық аясының дамуы», «Қарым-қатынасын қалыптастыру»,
«Шығармашылық қабілеттерін дамыту» секілді бес бөлімі ұсынылады.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы
(коррекциялық) мектептерде жүргізіледі. Арнайы мектептерінде бала
дамуындағы кемшіліктерді түзету, оларды еңбекке баулу, әлеуметтік-
психологиялық оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар
саны – 12 бала. Оқытудың ұзақтығы 9 жылды (дайындық сыныбын
қосқанда 10 жылды) құрайды. Мектепте оқытудың кезеңдері бірнеше
кезеңдерден тұрады:
- пропедевтикалық-диагностикалық кезең (дайындық сыныбы) ;
- бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;
- жалпы білім беру кезеңі- 5-8 сыныптар;
- әлеуметтік – еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі – 9 сынып.
Зияты
зақымдалған
балалар
арнайы
бағдарлама
бойынша
оқытылғандықтан цензалы білім алмайды. Яғни оларға білім беру аттестат
алуына емес, әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.
Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай
мемлекеттік негіздегі құжат беріледі.
Оқушылардың қызығушылықтары мен қалауларына, қабілеттеріне,
икемділіктері мен дағдыларына қарай тігін ісі, ағаш шебері, аяқ-киім
шебері мамандықтары игеріледі. Жақсы үлгерім көрсеткен оқушыларға
біліктілік разряды беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: