168
Ринолалия
– сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық
мүкістіктерінің себебінен дауыс ырғағының және дыбыстаудың бұзылуы.
Синонимдер: мыңқылдақтық, палатолалия. Қатты және жұмсақ таңдайдың
жарылуы, ашық формада аденоидтер, аңқа ісіктері, жабық формада мұрын
қалқасының қисаюы байқалады. Ауа мұрын арқылы да, ауыз қуысы
арқылы да өтеді. Сөйлеген сөзі бір сарынды және түсініксіз.
Дизартрия
– сөйлеу аппараты иннервациясының органикалық
жеткіліксіздігі себебінен сөзді айту жағының бұзылуы, дыбыстау
механизмінің барлық буындарының қалыптаспағандығы байқалады.
Дизартрия церебралды паралич кезінде орталық жүйке жүйсінің
зақымдалуының нәтижесі болып табылады, бірақ нейроинфекция және
басқа да ми ауруларының нәтижесі ретінде пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: