Арнаулы бiлiм министрлiгi



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/12
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ай ағамыз, ағамыз, 
Болдың бізге панамыз, 
 Ноғайдың жетім-жесірін 
Қойдай айдап сен бақтың,  
Аш-арық болған ноғайға  
Пана болып, оларға 
Тамақ беріп жем таптың !-дейді  ер  Тоған  Асан  Қайғыға  Мұрын  жырау  
жырлаған  «Қырымның қырық батырында». 
         Қазақ  даласына  Асан  Қайғы  немесе  Асан  Ата  жайындағы  аңыз 
əңгімелер кеңінен тараған дедік. Бұл реттегі белгілі легенданың бірі - «Ежен хан 
мен  Асан».Ертеде  қазақ  Ежен  хан  дегенге  қарапты  дейді  аңыз.  Тізесін 
бұрынғыдан  да  батыра  түспекке  сылтау  іздеген  Ежен  халыққаҮ  «Қорадағы 
билерім  құлын  тастайды,   айғырын      кісінетпесін»,-деген      жосықсыз      талап   
қояды.   Жұрт қысылғанда  хан  қаһарының  бар  тауқыметін  көтеріп  алмақ  боп  
белсеніп  шыққан-жас  бала  Асан  болады.  Бала  қасына  ерткен  қырық  мергеніне 
жолай  кездескен      ауылдың      иттерін      атқыза      беріпті.   Алыстан      келген   
елшілерді  қабылдағанда  Еженнің  ең  алдымен  білгісі  келгені  осы  содырлықтың 
себебі.  Асан  берген  жауап  мынау  болады: «Жас  кезімде  қозы  бағып  жүргенде 
қозыма  қасқыр    шапты.  Бар    даусыммен    айғайлап    ойдың    итін    шақырдым,-
келмеді,қырдың  итін  шақырдым,-келмеді,  қаланың  итін  шақырдым,-келмеді, 
даланың итін шақырдым,-келмеді. Сонда бұдан былай ит біткенді қыра берермін 
деп  ант  ішіп  едім».  Ежен: «А,  тентек  шіркін,  қазақтың  мидай  сары  даласында 
жүріп айғайлаған даусыңды біздің қаланың иті қайдан естісін» депті. Бұған орай 
Асан  бала: «Дат  тақсыр,  даладағы  айғырдың  даусын  қаладағы  бие  естігенде,  
кісінің  даусын  ит  естімеуші  ме  еді»,-дейді.  Сөзден  тосылған  хан тоқталыпты.  
Қалағаныңды    ал    дейді    балаға.  Бала    халқының    бостандығын  сұраған  екен, 
Ежен  хан: «Бар,  бердім    қазақ  деген  жұртты,  өзіңді  хан  сайладым»,-депті.Жаны 

 
 
 
11
таза,  бала  мінез  көшпендінің  санасы  да  балаңдықтан  арылмаған:  ұтымды 
айтылған  бір  ауыз  сөздің  құдіретіне  сенеді,  қарадан  шыққан  жас  бала 
даналығының  арқасында  хандыққа  жетеді.Əңгіменің  сюжеті-ертегілік.  Алайда 
бұл  хикаяның  əлденеше  нұсқасы  барлығын  ескерсек,  оқиғаның  Асан  атымен 
байланыстырылуы  кездейсоқ  еместігін  аңғарамыз.  Əңгімеден  жас  кезінен-ақ 
халық бақытын ойлаған ел қамқоры Асан көрінеді.Асан жайындағы аңыздардың 
енді  бір  алуаны-оның  қалайша  Қайғы  атануына  байланысты.«Сенің  талайыңа  су 
перісінің  əмірі    су  сұлтанының  қызы  несіп  болайын  деп  тұр  екен,-дейді  бал 
аштырған жас Асанға балгер.- Төрт үлкен өзен бар: күн батыста Еділ, Жайық екі 
су,  оңтүстікте  ұзын  аққан  Сырдария,  шығыста  өр  Ертіс.  Бəріне  де  қармақ  сал, 
бірінен  болмаса  бірінен  ілінер».  Перінің  қызы  Асанның  қармағына  Ертістің 
басынан ілініпті. «Адамзаттан өзге бөлек түрі жоқ, сұлулықта  міні  жоқ,  жалғыз-
ақ  айыбы-сөйлесерге    тілі    жоқ».  Біраз    тұрмыс  құрған  соң  түсініспеушіліктің 
нəтижесінде шарттарын орындай алмаған себепті қыз Асанды тастап көкке ұшып 
кетеді.  Ғашықтықтың  азабынан  Асан  мұңды  болып,  сол  себепті  Қайғы  атанған 
екен. 
       Əрине,  халық    ұғымындағы    Асанның    қайғысының    төркіні  
махаббаттан емес.  Бұл  бір  зары  адамды  мұңға батырып,  сарқылмас   азапты  
ойдың  тұңғиығына  тартып  кетер  қаза  күйі  іспеттес  нəрсе.  Асан  қайғысы – 
күнделікті  өмірдің    күйбеңі    туғызған    əдепкі,  пенделік    қайғы    емес,  адам  
атаулының  қайғысынан  мүлде  өзгеше  хал.  Айтылмыш  аңыздың  бір  нұсқасында 
Асанның  өзінің  асылы  періден  делінеді.  Асан  Қайғы  шын  əулие  болса  оның 
сүйегінде  адамзаттық  емес,  құпыя  бірдеңе  болуға  тиіс.  Тарихтан  белгілі  кейбір 
адамдар- дың  халық  аңыздарында  нұрдан,  күн  сəулесінен  жаралған,  немесе  
перінің қызынан туған болып көрсетілетіні де сондықтан. Асан қайғысының түп 
себебі  перінің  қызынан  айрылудың  зары  деп  ұғыну  да  Асанды  көтермелеудің, 
Асанға  табынудың  бір  көрінісі,  Асан  қайғысының  кəдімгі  пенделік  қайғы  емес 
екенді-  гін  атап  көрсетуге  ұмтылудан  туған  құбылыс.Перінің  қызы  мен 
адамзаттың  қосылуы,  бірақ  асылы  басқа  болғандықтан  тұрмыстарының  ұзаққа 
созылмай  айрылысуы-қазақ  фольклорында  ескіден  келе  жатқан  сюжет.  Алайда, 
айтылмыш  аңызды  осы  кезбе  сюжеттің  тағы  бір  көрінісі  деп  қана  қарауға 
болмайтын  сияқты.  Асан  мен  перизат  жайындағы  хикаяның  Қазақстанның  əр 
жерінен  жазылып  алынған  оннан  астам  нұсқасы  бар.  Соның    бəрінің    өзегі  -  
Асанның  бақытсыз  махаббаты.  Егер  халық  түсінігі туғызған перінің қызын жай 
қыз  бен    адмастырсақ,  оқиға  шындықтан  онша  алыс  болмай  шығады.  Хикаяның 
алғашқыда  Асан  өміріндегі  белгілі  бір  оқиғаға  байланысты  тууы  ғажап  емес. 
Уақыт оза келе ертегіге айналуы мүмкін. 
           Асан  жайындағы  аңыздардың  ең  таңдаулысы-оның  «Жер  үйекті» 
іздеуі. Асан Қайғы елдің кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен еткен 
қоныстарын жерсінбейді~ халықтың  болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша 
жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты «Жер үйек». 
Бұл-кісісі жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, 
малға  жұт  келмейтін  мекен.  Бұл-шөбі  шүйгін,  суы  мол,  шаруаға  жайлы  қоныс. 
Адамы  қайғы  дегеннің,  қастандық  дегеннің  не  екенін  білмейтін,  ертеңім  не 
болады  деп  ойламайтын  елге  ырыс  жер.  Онда  жұрттың  бəрі  тең,бəрі  де  шат-

 
 
 
12
шадыман  тірлік  кешеді,  ел  аласы  жоқ,  ағайын  арасы  тату.  Бірліктің,  ырыстың, 
бақ-дəулетті,  тыныш,  бейбіт  тұрмыстың  белгісі  ретінде  қой  үстіне  боз  торғай 
жұмыртқалайды.  Міне,  осы  жерге  қоныстану  керек.  Бірақ  оған  жету  оңай  емес. 
Ұзақ,  азапты  сапарға  жылдар  бойы  əзірлену  керек.  Мал  төлден  тиылуға,  ер 
төсегінен  безінуге  тиіс.  Соншалық  төзім,  шыдамды  бастан  өткерген  соң  ғана 
«Жер  үйекке»  сапар  шегуге  болады.  Жол  ауырҮ  шөлстан  бар,  аптап  ыстық  бар. 
Соның  бəріне  сабырмен,  шыдамдылықпен  төзген,  жолда  кез-  десетін  барлық 
қиыншылықтарды  көтере  алатын,  бақыт  дегеннің,  бақытқа  же-  ту    жолындағы  
күрес  дегеннің  не  екенін  білетін  ел  ғана  «Жер  үйекке»қоныстанбақ.Бірақ сол 
«Жер  үйек»  қайда ? Мұны  ешкім  де  айта  алмайды.  Малға  жай,  елге    ырыс   жер  
барын    Асан    өзінің    ғайыптан    болжайтын    даналығының  арқасында  білді,  енді 
сол  мекенді  өзі    табуы  керек.  Сөйтіп,  Асан  Қайғы  мал  біткеннің    жүрдегі,  əрі  
шыдамдысы    желмаяға    мініп    алып,  төңіректің    төрт  бұрышын  түгел  кезеді. 
Айдан  ай,  жылдан  жыл  өтеді.  Бірақ  арман  болған  «Жер  үйек»  табылмайды. 
Халқына  бақыт  сыйламақ  болған  Асан  Қайғы  өксіп  келіп  Ұлытаудың  басына 
жеткенде дүниеден көшеді.Əлем  фольклорындағы  ең  таңдаулы  легендалардың  
бірі    осылай    ауыр  күрсініспен,  мұңды  толғаныспен  аяқталады.Алайда,  адам 
өмірінің  қысқалығына,  қазаға,  сол  арқылы  жаратушы  хақ  тағаланың  өзіне 
қарсылық  білдірген  Қорқыт  жайындағы  аңызды  туғызған  халық - өр,  тəкаббар 
«Үмітсіз-шайтан»  деген  мақалды  шығарған  халық  ешқашан  да  болашақтан 
күдерін  үзбейді.  Қазаға  шара  жоқ-ақ  шығар.  Қобызының  күйіне  аждаһадан 
айбарлы ажалдың өзін ұйытқан Қорқыт та өлімнен қашып құтыла алмаған.  Бірақ  
осы    өмірді,  осы    азғана    өмірді    тыныштықта,  молшылықта,  бақытта  өкткізу 
қалайша  мүмкін  емес?!  Сондықтан  халық  мұңын  ойлаған  да-  нышпан  Асан 
Қайғы,  ғайыпты  болжай  алатын  сəуегей  Асан  Ата  «Жер  үйекті»  таба  алмапты 
дегенге  жұрттың  сенгісі  келмейді.  Жоқ!Олай  емес!  Бұл - ақылға  симайтын  сөз. 
Шындығында Асан Қайғы «Жер үйекті» тапқан екен! Бірақ... бірақ амал не, жұрт 
ұзақ  дайындыққа,  жол  азабына  шыдай  алмаймыз  деп  қорқып, «Жер  үйекке» 
бармай  қойыпты.  Шын  ойға  алған  болса  «Жер-үйекке»  жету  мүмкін  екен,  бірақ 
жұрт  өзінің  алауыздығын,  ақылсыздығын,  топастығын  көрсетіпті,  сөйтіп 
данышпан    Асан  Ата  жол  бастап  тұрғанда  арман  болған  «Жер  үйекке»  қоныс 
аудара  алмай  қалыппыз.Аңыз  тағы  да  мұңмен  аяқталады.  Бірақ    бұл    да    соңы  
емес.  Аңыздың  енді  бір  нұсқалары  былай жалғастырылады: сөйткенмен, Асан 
Қайғы  бір  топ  елді  ертіп  əкеткен  екен,  олар  «Жер  үйекке»  жетіпті,  қазір  сонда 
шат-шадыман тұрмыс кешіп жатыр-мыс. Тарихи Асан желмаяға мініп жер шолып, 
дəл аңыздағыдай жүре қоймаған болар.  Бірақ  қиялдағы  мекен Жер-үйек,  ондағы  
қой  үстіне  боз  торғай жұмыртқалаған тіршілік кебі жайындағы аңыздың барлық 
нұсқасының Асан атымен байланыстырылуына селқос қарауға болмайды. Шоқан 
Асан  Қайғыны  көшпенділердің  философы  деп,  əрине,  əншейін  атай  салмаған. 
Біздіңше,  Асан  Қайғының  адам  баласы  бақытты  тұрмыс  кешетін  қиялдан  туған 
мекен «Жер-үйек» жайындағы ойларын баяндайтын көлемді шығармасы болғанға 
ұқсайды.  Бұл  туынды  жыраулық  толғау  түрінде  келді  ме,  əлде  Томас  Мордың 
«Утопиясы», Кампанелланың «Күн қаласы» сияқты үлгіде жазылды ма,ол арасын 
ажыратып  айту  қиын.  Ал  бізге  жеткен  легенда  сол  философиялық  шығарманың 
кейбір    жұқаналарының    аңызға    айналып    кеткен    түрі.  Халық    қиялы    «Жер-

 
 
 
13
үйекті» Асанның өзіне іздетеді. 
Желмаяға мініп жер шолған Асан Қайғы жолай кездескен жерлерге, жай- 
лау,қыстауларға  өз  бағасын  бере    отырады.Қазақ  арасында  шүйделі  қоныстарды 
былай қойғанда ұсақ өзендер, кішкене төбешік, сай-сала жайында да «бұл туралы 
Асан Қайғы солай депті»-деген сөздер жиі айтылады. Асан шықпаған төбе, Асан 
түстенбеген  бұлақ  жоқ  сияқты.  Сондықтан  «Жер-  сулар,  қоныс-қыстаулар 
жайында  Асан  айтты  деген  сын  сарап,  барлау,  болжау  сөздердің  көпшілігі  сол 
жерлерді бертінде келіп қоныстанған елдердің өз жері- нің сырын, жайын түсініп, 
танып  болған  соң,  көп  тəжірибе  жылдарынан  соң  Асан  атынан  қосқан  өз 
шығармалары,  өз сындары» деген М.Əуезов пікіріне қосылуға тиіспіз. 
Жер  жайында  Асан  айтты  деген  сөздер  тапқыр,  əрі  көркем  келеді.«Үш  
Алматы    деген    жер    бар    екен.  Сарымсағы    сабаудай,  бүлдіргені  бүйректей, 
алмасы  бар  жүректей.  Сол  жерді  қимадым»,-депті  Асан  Қайғы.Шымкент, 
Сайрамды көргендеҮ «Екі  басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса 
бір  мазар,  баста  берекке  болмайтұғын,  базары  жақын-байымас,  мазары  жақын-
көбеймес»,-деген екен. 
Семейтауды: 
Төс табаны төрт елі Атан жүрер жер екен.  
Төсегінен түңілген Адам жүрер жер екен,-дейді. 
Асанның бұл реттегі сөздерді бос мақалдау, жай тақпақ емес. Сөз етілмек 
қоныстардың  малға,  басқа  жайлы-жайсыздығы  айтылып,  оның  өзіндік  ерекше- 
ліктеріне  дəл  баға  беріледі.  Кейде  жер  аттарының  шығуы  да  осы  Асан  есімімен 
байланыстырылады. 
«Шідерті»  деген  өзенді  көргенде: «Мына  шіркіннің  топырағы  асыл  екен. 
Алты  ай  арықтатып  мінген  ат  бір  айда  майға  бітетін  жер  екен,  бос  жылқы  ші- 
дерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының жері екен»,-деп... біраз жатқан екен. Сол 
себепті «Шідерті» атанған екен. «Түндікті» деген өзенді көргенде: «Он екі тұтам 
қазылық  үй  түндік,  маңырап  жатқан  қой  түндік,  қойдың  құлағы  тұтам  шығып 
тұрған  жер  екен»  деп  қимай  артына  үш  қарағандықтан  «Үшқара»  атаныпты. 
Ерейментауды  көргенде: «Желдің  жеті  есігі  бар  екен,  қыс  болса  жылқы  тұрмас, 
жылқы  тұрса  ішіндегі  құлын  тұрмас  ораздының  жайлауы,  жиырлының  қыстауы 
екен, екі жағындағы ел бай болар да қақ ортасын... қоныс қылған ел кедей болар, 
бітісі  жаман  екен,  бірімен-бірі  төбелесетұғын  кісі  сықылды  ерейіп  тұрғанын, 
панасы жоқ дала секілді тау екен»,-дейді. «Терісаққанды» көргенде: 
«Уа,  шіркін,  Сарыарқаның  тұздығы  екен,  тек  анда-санда  обып  қоятын 
жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жар екен»,-депті. 
Сарыарқада    небір    шұрайлы    жерлер    болғанымен,  аңыздың    айтуынша 
Асанға ешбірі ұнамапты.  Өйткені Асанның іздегені-мал мыңғырып өсетін мінсіз, 
мүлтіксіз  қоныс  қана  емес,  жау  қарысы  жетпейтін  жер.  Сондықтан  Асан  өзі 
көрген жерлердің қайсысынан болмасын мін табады. 
Асан  сыны  кейде  тым  ащы,  аса  өткір.  Мəселен,  Асан  Шыңғыстауды 
көргенде  былай  депті-міс:  «Мына  шіркіннің  топырағы  құтырған  екен,  оған 
шыққан шөп құтырады, оны жеген мал құтырады екен, оның етін жеп, сүтін ішкен 
адам құтырады екен- қаны үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп бо- латұғын 
жер екен». 

 
 
 
14
Шыңғыстау  қалмақтармен  қақтығыстар  мүлде  дерлік  тоқталып,  қазақ-
қазақ  болғалы  үзілмей  келе  жатқан  сырт  жаулармен  ұрыс-соғыс  бəсеңдеген  кез-
XVIII  ғасырдың  соңғы  ширегінің  өзінде  Найман  мен  Тобықты  руларының 
қақтығысының    себепкері    болды.  Кейінірек    патша    өкіметінің    тұсында    да 
əртүрлі  даулардың  нəтижесінде  туған  ұрыс-қағыстар,  ру-аралық  керістер  өзімен 
көрші  тайпалармен  салыстырғанда  Тобықты  ішінде  молырақ  болған.  Өзі  То- 
бықты  Абай: «Ел  бүлігі-Тобықты»,-деп  əншейін  айта  салған  жоқ.  Жоғарыдағы 
Асан айтты деген сөз сол дəуірде шыққаны күмəнсіз. Жəне тобықтылардың өздері 
емес,  көршілерінің  шығарғаны.  Осы  ретпен  айтылған  сөздердің  біра-  зында 
кейбір  жайлау  қоныстар  мүлде  іске  алғысыз  етіліп  көрсетіледі.  Мəселен,  Асан 
Баян-Аула тауын көргендеҮ «Ат ерін алуға жарамайтын жер екен.  Мына шіркінді 
жұрт  қалай  қоныс  қылып  отырған!?  Өзін  бір  көрген  кісі  кəпір  сені  желкемнің  
шұқыры  көрсін  дейді  екен»,-депті-міс.  Баян-Ауланы  мекендеп отырған елдің 
өзінің мұндай сөзді айтпауы хақ. 
Алайда,  жерге  байланысты  Асан  атына  телінетін  сөздердің  бəрін  де 
фольклорлық деп қарауға болмайтын сияқты.  Қазақ хандығы XV ғасырдың орта 
шенінде Шу, Сарысу өзендерінің бойында құрылғаны мəлім. Жат өлкеден келген 
жұрт жаңа қонысқа, əрине, өз бағасын береді. Ондай сөздердің біразын елдің аузы 
дуалы қариясы Асан айтуы əбден мүмкін. Себепсіз құбылыс жоқ. Əу баста сондай 
бір түртпек болды демесек, қазақтың өзінің бір қонысына Асанға баға бергізуінің 
сырын түсіндіре алмас едік. 
Асанның  Шу  жөнінде  айтқан  сөзіҮ    «Мына  шіркіннің  екі  жағы  борбас 
екен,  өне    бойы    қара    қамыс,  іші    толы    жолбарыс    екен,  баланың    іші 
қуырылмайтұғын,  пышағы    қыннан    суырылмайтұғын,  еркегі    ат  
болатын,ұрғашысы  жат  болатұғын  жер  екен».  Шуды  жолбарысының  көптігіне 
қарамай  пышағы  қыннан  суырылмайтын,  яғни  тыныш,  бейбіт  жер  екен  деуінің 
мəні неде ? Бізше, бұл сөздер сол кездегі тарихи оқиғалардан көрініс береді. 
Қазақ  хандығын  құраған  рулардың  ата-мекені  Дəшті-Қыпшақтан  кетуінің 
басты  себебі-ондағы  өзара  қырқыс,  күн  сайынғы  атыс-шабыс,  Əбілқайыр  мен 
Барақ ұрпақтарының арасындағы қақтығыс еді. Əбілқайыр ұлысынан кеткен соң  
қазақтар  Моғолстанның  батыс  бөлігі  Шу  бойында  біраз  жыл  бейбіт тұрмыс 
кешеді. «Мұнда  олар  тыныш  өмір  сүрді»,-деп жазады  Мұхамед  Хайдар  «Тарихи 
Рашидиде».  Əйелдің,  яғни  ананың  жат  болуының  да  мəні  барҮ  мұнда 
келгендердің  көбінің  туыстары  сол  Дəштіде    қалып    қойды,  бүліншіліктің 
нəтижесінде    қандас,  рулас    адамдардың    аралары    ажырады,  қазақ    болып 
бөлінгендер қиянға шығып кетті. 
«Көкектен  басқа  құсы  жоқ,  көк  шөптен  басқа  ісі  жоқ,  жер  азғыны  мұнда 
екен,  қатыны    семіз,  ері    арық,  ел  азғыны    мұнда    екен.  Аты    бестісінде 
қартаятұғын,   жігіті   жиырма   бесте   қартаятұғын   жер   екен»,-депті   Асан 
Қаратауды  көргенде.  Еділдің  ен  тоғайын,  Жайықтың  көк  шалғынын 
жайлап  келген  ел  Шу,  Сарысу,  Қаратаулардың  ақ  тақырын,  əрине,  жерсінбейді.  
Бұл сияқты жаңа қонысты ұнатпау, ескі ата-мекенді аңсау Асан толғауларында да 
бой  көрсетеді.  яғни  жер  жайында  айтылған,  Асан  атына  телінетін  сөздердің 
кейбіреулерінің шынында да Асанның өзінікі екендігі байқалады. 
Асан  айтқан  нақыл  сөз,  Асан  айтқан  толғау  жырлар,  əрине,  өте  көп 

 
 
 
15
болған.  Бізге соның кейбір жұқаналары ғана жетіп отыр.Асан сөздерінің деніҮ 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер, 
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн көрер, 
Жалаңаяқ байпаңдап қаздар қайтып күн көрер, 
Шыбыншықса  жаз  болып  таздар  қайтып  күн  көрер,-іспеттес  нақыл, 
толғау  түрінде  келсе  керек.  Бұл  жолдардан  адам  тағдыры  ғана  емес,  жан  иесі 
мақлұқтардың  бəрінің  тіршілігі  толғанатқан,  көне  заманда  өмір  сүрген  көне 
философ-гуманистердің типіндегі ойшыл Асан танылады. Кейін аңызға айналып, 
аты  ұрпақ  аузында  құртметпен  аталған  адам  теңіздей  терең  ақылдың  иесі 
болғандығы күмəнсіз. 
Асанды көбіне хан қасынан көреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгел 
дерлік  Əз-Жəнібек  ханға  арнай  айтылған.  Алайда,  Асанды  сарай  ақыны  деуге 
болмайды. Халық аңыздарында Асан Қайғы жайында «бұл қария қашан да ханға 
жағынбай,  жарамсақтанбай  тура  сөйлеуші  еді»  делінеді.Бұл  сөздің  ақиқаттығы 
Асан толғауларынан-ақ байқалады. 
Ай хан, мен айтпасам білмейсің 
,Айтқаныма көнбейсің. 
Шабылып жатқан халқың бар.  
Аймағын көздеп көрмейсің, 
Қымыз ішіп қызарып,  
Мастанып қызып терлейсің, 
Өзіңнен басқа хан жоқтай, 
Елеуреп неге сөйлейсің,- дейді ол Жəнібек ханға 
Ханның  елді  өз  бетімен  билеп  төстеу,  қаһары  түскен  адамын  өлім 
жазасына кесу хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мəселені шеше 
алмайтын  күйге  жетуі-қазақ  хандығының  соңғы  дəуіріне  тəн  құбылыс.  Ал  Асан 
өмір  сүрген  заманда  ханға  жаңағыдай  сөйлеу  кез  келген  шонжардың  қолынан 
келер  іс  емес.  Бұл-Асанның  Асандығы    ғана  айтқызған  сөз.  Бұл  жерде  Асан- 
халық тілегінің жоқшысы. Асан мұңы-халық мұңы. Оның атына жалғанған Қайғы 
деген  анықтама  халық  сүйіспеншілігінің  белгісі  іспеттес. «Тауарих  хамсаның» 
авторы  өзі  діндар  Құрманғали  Асанның  «Қайғы»  аталу  себебін  дінге  тіремек 
болады.  Бұл-халық  санасындағы  Асан  бейнесімен  қабыспайды.  Асан  қайғысы 
бақиды,  ахирет  жайын  ойлағаннан  туған  қайғы  емес.  Асан  мұңының  тамыры 
тереңде.  Оның  негізінде  халықтың  сол  кездегі  тұрмыс-халіне  жаны  ашығандық, 
өмірге  көңіл  толмау  бар.  Асан  қайғысы  бүгінгі  тіршіліктің,  ертеңгі  болашақтың   
қамын   ойлағандықтан   туған   қайғы.Сондықтан   да   өз толғауларында ол үнемі 
халық атынан сөйлейді. 
Бажайлап  оқысақ,  Асан  толғауларынан  тек  сол  заманға  ғана  тəн  кейбір 
суреттерді,  қазақ  халқының  құралу  дəуіріндегі  белгілі  тарихи  оқиғалардың  еле- 
сін    көреміз.        «Асан    Қайғының    шығармалары    өз    тұсының    айнасы,  ол    өз 
дəуіріндегі  қазақ  халқының  мұңын,  тілегін  көрсетеді»,-деп  жазған  еді 
Б.Кенжебаев. 
Əбілқайыр ханнан бөлінуге қарсы болмағанмен, Асан Қайғы ата-мекеннен 
ат құйрығын үзіп ұзап кетуді онша қош көрмегені байқалады. 
Қырында киік жайлаған,  

 
 
 
16
Суында балық ойнаған . 
Оймауыттай тоғай егіннің, 
Ойына келген асын жейтұғын. 
Жемде кеңес қылмадың, 
Жемнен де елді көшірдің. 
Ойыл деген ойыңды,  
Отын тапсаң тойынды, 
Ойыл көздің жасы еді,  
Ойылда кеңес қылмадың, 
Ойылдан елді көшірдің. 
Елбең-елбең жүгірген,  
Ебелек отқа семірген, 
Екі семіз қолға алып, 
Ерлер жортып күн көрген,  
Еділ деген қиянға, 
Еңкейіп келдің тар жерге 
Мұнда кеңес қылмадың... 
Ата-мекеннен біржол безуге Асан тіпті де риза емес. Сондықтан Жəнібек, 
Керей хандардың Моғолстандағы Иса-Бұға ханға беттеп көшкен ұзақ сапар жүрісі 
Асанға мəнсіз де, қажетсіз де көрінеді.  «Нəлет біздің жүріске !»-дейді ыза болған 
ақын.  Елін  қимаған  ақын  артта  қалып  бара  жатқан  қоныстардың  артықшылғын 
айтып босқан жұртты қайырып, Жəнібек көшін тоқтатпақ бола- ды. 
Еділ менен Жайықтың 
Бірін жазға жайласаң,  
Бірін қысқа қыстасаң, 
Ал қолыңды маларсың 
Алтын менен күміске! 
Асан өмір сүрген XV ғасыр-Шығыс Европаның тарихында ұлы өзгерістер 
болып  жатқан  дəуір  еді.  Күні  кеше  Алтын  Орданың  тепкісінде  жатқан  орыс  елі 
қайта      көтерілді,   Москва      күшейе      бастады,   бірлі-жарым      қақтығыста      өз 
қаруының салмағын көрсетіп те қалды. Алтын Орда шылпара боп ыдырап, оның 
орнын  өзара  қырқыстан  басқаны  білмейтін  ұсақ  хандықтар  басты.  Ал  орыс 
мемлекетінің қуаты күн сайын артып келе жатты. 
Асан  Қайғының  өз  дəуірінде  болып    жатқан  өзгерістердің  мəнін  ұғып, 
байыбына  жете  түсінгендігі  көрінеді.  Бұл,  əрине,  Асанның  үлкен  ақыл  иесі, 
ойшыл болғандығының тағы бір айғағы. 
 
                         Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Асан Қайғының өмірі туралы қандай деректер бар ? 
 2. Ел арасына Асан жайында қандай аңыздар тараған? 
 3. Асан толғауларының тақырыбы 
4. Жырау толғауларынан жаттау. 
 
                                    Доспамбет жырау 
    Доспамбет  ноғайлыдан  шыққан,əдебиетімізде  өзіндік  орны  бар  белгілі 

 
 
 
17
жырау  болып  есептеледі.Қолымызда  бар  деректерге  қарағанда  жыраудың    туып-
өскен    жері  Дон  өзені  құйылысындағы  Азов  шаһары  (Азағ,  Азаулы).Бұл  туралы 
жыраудың өзі былай дейдіҮ 
Айнала бұлақ басы тең 
Азаулының Стамбұлдан несі кем, 
 Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағаның 
Хан ұлына иесі жоқ, 
 Би ұлының несі кем ! 
Алла өзі берген күнінде 
Хан ұлынан артық еді менім несібем ! 
Азаулыда аға болған ерлер көп еді 
Əйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді ! 
Доспамбет-жорықшы  жырау.  Бізге  жеткен  толғауларының  рухын  айт- 
пағанның  өзінде  оның  талай  ұрыс-қағыстың  куəсі  болғандығын  көрсететін 
жолдары жеткілікті. 
Сере, сере, сере қар  
Асты кілең, үсті мұз, 
 Күн түн қатса жібімес. 
Мен күлікке қосымды артқанмын,  
Көмбідей ару жаларға 
Күректей мұзды тоңдырып  
Кірмембес ауыр қолға бас болып,  
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын... 
Немесе: 
Ағарып атқан таңды ай деп,  
Шолпанды шыққан күндей деп. 
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,  
Ақшаңдақты құрып қойған шатыр деп, 
Жазыда көп-ақ жортқан екеміз 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал