Арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#67
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

            Майлықожа Сұлтанқожаұлы   
                           (1835—1898)  
Майлықожа 1835-жылы  Сырдария  өзенiнiң  бойында  Оңтүстiк  Қазақстан 
облысына  қарасты  Қожатоғай  деген  жерде  туылады.  Ақын  əкеден  ерте 
айырылады. Сүйенерi, сенерi жоқ анасы он төрт жасар Майлықожасы мен одан да 
жас Есехан деген баласын ертiп, төркiнiне, əкесiнiң қолына келедi. 
                         Əкеден жастай қалған жетім едім, 
                         Көп көріп таршылықты жетіп едім. 
                          Жетім боп он төртімде қалғаныма, 
                          Амалым жоқ қылатын, өкінемін. 
                                        Есеханмен əркімге қызмет етіп,  
                          Боп кетті-ау қара құлдай кескіндерім. 
Кесірі көп кер заманның ауыр азабын болашақ ақын өз басынан кеше, 
оған қарсы алыса-арпалыса өскені ақиқат жай. Тек ержете келе танылып, əуелі 
жаттамалы өлең айтып, кейін өнер жолына белін бекем байлау арқылы көздеген 
мақсатына  жеткен.  Ақынның  айтуына  қара- . ғанда,  ол 20 жастар  шамасында 
сөзге  араласып,  өлең  өнеріне  беріле  бастаған.  Өз  басының  еркі  өзіне  тиген 
кезден  бастап,  ел  ақындарымен  кездесіп,  сауық  кештерге,  ас  берген  жерлерге 
барып,  ескі  ел  дəстүрі  бо-йынша  сөз  енеріне  дағдылана  берген.  Кейін  өзінің 
сауатын  молайтып  жазба  əдебиет  өкілдерін,  Шығыс  əдебиетін  оқуға,  оның 
кейбір  үлгіле-рін  жаттап  айтып  таратуға  мүмкіндік  алған.  Көрші  елдерді, 
мəдениет  орталықтарын  аралап  көрген.  Бұхара,  Самарқан,  Ташкент  сияқты 
қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мəдениетімен танысқан. 
Аттары 
əлемге 
əйгілі 
Фирдауси, 
Низами, 
Əлішер 
Науайы 
шығармаларымен  де  жас  кезінен  танысқан.  Кейде  оларға  еліктеп,  кейбір 
сөздерін өзінше жырлағандығы да байқалады. 
 Ол  өзіне  дейінгі  Қожа  Ахмет  Яссауи  мен  Сүлеймен  Бақырғаниды, 
Асанқайғы  мен  Бұқар  жырауды  да  жақсы  білген.  Өз  замандастары  Дулат, 
Шортанбай,  Мəделіқожа,  молда  Мұсалармен  пікірлес  болған.  Қазақ  еліне 
белгілі  Сүйінбай,  Құлыншақ,  Құлан,  Айман,  Гүлханым,  Жаныс  (қырғыз 
ақыны) тағы басқа ақындармен жүздесіп, олардың кейбіреулерімен айтысқан. 
Ол  қазақтар  түрмысын  білiп  кана  қоймай,  өзбек,  қырғыз  елдсрінiң 
хал-жайларымен де жете таныс болған. Бүған ақынның Жаныспен айтысы куə.
 
 
Майлықожа 1860 жылдары  Сырдан  Əулиеатаға  келіп,  Сыпатай  ба 
тырдың  асында  Сүйінбаймен  кездесіп,  онымен  тіл  қағысқан.Бұл  айтыс  
бірінші  рет   1929  жылы  «Жаңа  əдебиет» журналында  басылды. Екінші рет 
Сүйінбай өлеңдерінің 1935 жылғы жинағына енген еді. Ақын Сыпатай асының 
бастаушысы  боп  жүрген  Есім  деген  байдың  құрметіне  разы  болмай, 
онысынайды.  Өлеңнің  жалпы  келемі 68 жол.  Онда  басқа  рудан  келген 
қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс калғаны сөз болады. 
Майлы  Шығыс  əдебиетімен  танысып  қана  қоймай,  оны  қазақ  тіліне 
аудару  əрекетін  де  істеген.  Діни  хиссалар  сюжетіне  дастан  жазумен  де 

 
 
 
148
айналысқан. «Зарқұм» 
үлгісінде 
«Абдолла 
бала» 
жырын 
шығарған.«Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.  
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы 
Ташкент  қаласында  басылған  «Қырғыз  хрестоматиясы»  атты  жинақта 
Майлықожаның  бірнеше  ұзақ  толғаулары  басылады.  Олар — «Райымқүлға», 
«Қасқыр», «Ноғай  мырзаға», «Үш  жігіт»  деп  аталады.  Ақынның  бүл 
өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер. 
Майлықожаның  осы  жинақтағы  кейбір  өлеңдерінде  бай-болыстарды 
əжуə  ету,  мысқылдау  мотиві  айқын.  Мықтылардың  елді  зарлатып,  сүлікше 
сорып, түлкіше алдап, зүлымдық істеп жүргені əшкереленеді. Болыс болу үшін 
таласып  əуре-сарсаңға  түсіп,  өз  бауырын  да  сол  жолда  қазаға  қиятын  кейбір 
Райымқүлдай мансапқорларды қатты сы найды. 
Оңай  байлыққа  жетуді  аңсау,  қанағат  қылмау  адамның  бойындағы  ең 
жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» толғауларын 
осындай  мінездерді  сынауға  арнайды.  Адал  еңбекпен  тапқан  тағамға  қанағат 
тұтпай,  калай  да  баюды  ойлап,  жан  ұшырған  ағайынды  үш  жігіттін,  өкінішті 
қазасын  мысал  етеді.  Аңқауды  алдап,  тапқан  байлықты  бөліспей  өзі  ғана 
иеленбек болған қудың тағдыры да осындай өкінішті аяқталады. 
Қу ағаштың басына жапырақ тұрмас,  
Қулықпенен еш адам сірə оңбас.  
Лажсыздан дұшпанға істетпесең, 
Мекерліктін  ұрығын ексе болмас.  
Еш адам байымайды ұрлықпенен, 
             Адал адам байиды шындықпенен, 
             Басы жақсы болса да түбі жаман, 
Білсең де жолдас болма сұмдықпенен. 
Майлының  «Тотынама»  толғауы  да - мысал  сөз  үлгісіндегі  шығарма. 
Мұнда  оқиғаның  Үндістанда  болғаны  айтылады. «Бар  екен  бір  шəһəрі 
Үндістанның»  деп,  сол  шəһəр  жанындағы  көлді  мекендеген  ерлі-зайыпты  екі 
тотыны  сөйлетеді. Мақтаншақ  қораз шібиінің сақтандырған  ақылын  тыңдамай, 
ұя салар жер таңдамай, панасыз ашық көл бетіне ұя салады. 
Еркегі айтты: «Біз еркек кісіміз-ді, 
 Түсірсе бұл суменен ісімізді.  
Бұл су бізге жамандық қыла алмайды,  
Алармыз біз де мұнан өшімізді». 
Шіби тоты мықтысынған қоразына реніш айтып, егер дос ақылын алмасаң 
пақыр бақаның кебін киерсің — деп, көкірексіген бақа тағдыры туралы аңызды 
айтып  береді.  Ол  аңыз:  Екі  үйрек,  бір  бақа  үшеуі  де  дос  болып,  жаз  бойы 
көлді  бірге  жайлайды.  Күз  көл  суалған  кезде  үйректер  басқа  көлге  ұшпақ 
болады.  Сонда  бақа  да  қалмайтын  бола-ды.  Үшеуі  келіседі:  Бақаға  шыбық 
тістетіп,  екі  үйрек  сол  шыбықты  досымен  қоса,  екі  жағынан    көтере  үшады. 
Жолда  бақа  достарына  мақтанам  деп  аузындағы  шыбықтан  айырылып  қалып, 
құлап түседі. Өледі... 

 
 
 
149
Мақтанып, шыдай алмай бір сөз депті,  
Дегенде шөп аузынан шығып кетті. 
 Болғанша сөзін айтып жерге түсіп,  
Ол бақа мылжаланып қапты өліп... 
 Бақадай тіл алмаған болма бекер,  
 Қайткенде бұл теңізге күшiң жетер?!-деп,  шіби  сөзін  аяқтайды.  Бірақ  қораз 
тоты  тыңдамайды.  Ақыры  су  толқығанда  балапандары  суға  кетіп,  өздері  көп 
қорлық көреді. Мысал аяғында шіби тоты былай деп зарлайды: 
Құдая би ақылмен қылма жолдас, 
 Алмаған достың тілін адам оңбас. 
Қорытынды  сөзінде  ақын  əйелдің  ақылдысы  жігітке  ырыс  болатынын 
айтып,  əйелге  құлақ  қоюды  уағыздайды.  Еркекпін  деп  дандайсыған 
ақымақшылыққа соққы береді. 
Адамның бірінен-бірінің артыкшылығы оның жынысында емес,
 
ақынның 
ойынша, əйелдің еркекке бергісіз данасы да болады. Онымен санасу керек. 
Қатын деп қатыннан да қапыл қалма,  
Ілгері еркектен де ақылы болса. 
Алысты жат көрмесе азаматым, 
Шығарса мейман күтіп ердің атын. 
Сен секілді əйелдің қадірін білмей, 
Кемсіткеннің əйел деп өзі қатын. 
Осы  тұста  бір  айта  кететін  нəрсе,  Майлы  басқа  өлеңдерінде  де  əйел 
теңсіздігi  мен  қалың  мал  салтына  ашық  наразылық  білдіреді.  Ал  əйел 
теңдігін аяққа басқан ескі салтты костаушы малдыларды қатты сынайды. Жасы 
жетпістен  асқан  шалдың  жеке  басының  қызығы  мен  малын  бағатын  жалшы 
керек 
болғандықтан 
жас 
 
тоқал 
алып, 
əйел- 
ді  қорлайтындарын  айтып,  ондайларды  мазақ  етеді.  Мысалы,  өзінің 
«Алдаберген  байға»  арнауында,  оның  осы  бір  ерсі  істерін  бетіне  басып, 
           Бай едін бағың асқан ,Алдаберген, 
Қораңнан қой мен түйең аңдап өрген. 
Құтты болса байға құт, тоқалға сор,  
Он бесінде қаусаған шалға келген. 
Жетпісіңде қыз алып болдың жігіт, 
Тоқалға—сор, жұртқа—ерсі, саған—қызық, 
Қатын үсті қаңсыған шалға тиіп,  
Тоқал сорлы қылады неден үміт?  
Майлы  Төлеубай  деген  үйленген  кезде  тойының  үстінен  шығып,  жаңа 
түскен  келіннің  бетін  ашады.  Сонда  Төлеу  төрт  əйелінің  үстіне  тағы  бір  қыз 
алып,  оның  да  обалына  қалып  отырғанын  айта  отырып,  жас  келін  тағдырына 
аяушылық білдіреді. 
Келін келді Жортпастан 

 
 
 
150
 Үсті басын шоқ басқан.  
Төрт қатынның үстіне 
 Бесінші боп қарағым, 
 Қайтып  келдін.  қорықпастан?!—деп,  келінге  қарата  сауал  тастайды.  Осы 
сауалдың  өзі  жай  қойылмайды.  Сол  арқылы  ақын  болған  əділетсіздікке  өз 
наразылығын білдіріп отыр. 
Майлықожа  елдің  ауыр  тұрмысына,  халықтың  басына  түскен 
қиыншылықтарға,  жұт  болған  ауыр  жылдар  қасіретіне  көптеген  өлеңдер 
арнаған.  Əсіресе,  қоян  жылғы  аштық  пен  қиыншылық,  шаруалар  күйзелісі 
ақынды мықтап толғантады. 
Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, 
Қабағы шаруалардың болды салбыр. 
Қысты күні болғанда қар тынбады, 
Айуанға өлім жетті аштан əрбір... 
Қысы жұт, жазы қымбат арты болды, 
Сұрағаны - азықтың нарқы болды. 
«Қайғың — қара тамағың» деген мақал, 
Ашаршылық алаштың дерті болды. 
Міне,  осындай  қиын-қыстау  кезеңде  халық  қамын  ойлау  əрбір  ел 
азаматының  міндеті  болса,  бай  мырза  атанып  жүргендер  бұл  міндетті  атқара 
алмай, керісінше, елді жұртпен бірге қосылып талап, шаруаның титығына жетіп 
жатқанын көрсетеді. 
Бай, мырзалар жегізді мерекесін,  
Жақсы ауылға тоқтамай көре өтесің. 
Үй басына үлесіп жеген пара,  
Қысқартты қыдырлының берекесін... 
Майлы  өлеңдерінің  біразы  қазақтың  би,  болыстарын  сынауға  арналады 
дедік. Мысалы, ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі қалып»
 
атты бір өленінде 
үстем  тап  өкілдерін  сын  тезіне  салады.  Олардың  ұрылар  жұмсап,  халықты 
аяусыз тонап жатқанын əшкерелейді. 
Ұрыларға билер тұр «бере көр» деп,  
Өз малыңа айдаладан келе  көр деп. 
 Бие сойып аузымды майға толтыр,  
Мал иесін біздерге қоя бер деп.  
Болмағанға болыстың поштасы жүр, 
Шаршатпаққа жол-жолда тоспасы тұр. 
Ұрлық қылған жігіттер — тау түлкісі, 
Болыспенен мал беріп, достасып жүр...     
Билер түнде сөйлессе бір ұрыға, 
Жолыққандай болады қыдырына.  
Мал иесі дау даулар билер үшін,        
Алған пұлы жетпейді шығынына. 

 
 
 
151
Болыс,  билердің  өз  құлқындарынан  басқа  ойы  болмай,  халықты 
аяусыз  қанап,  ел  реңін  алып  жатқанын,  ақ-  қараның  анығына  жетпей,  параға 
батып жүргендерін батыл сынайды. 
Бейбақтардың басына бақ қонып жүр,        
Арам жеңіп, адалды жоқ қылып жүр.  
Ақша беріп, билерді антқа салсаң, 
Мөрін басып, қара істі — ақ қылып жүр. 
Ел  билерінін,  осындай  жұғымсыз  қылықтарын,  пасықтығын  шындық 
тұрғыдан  таныта  келіп,  ақын  адамгершілікке,  əділеттілікке  үндейді.  Адамға 
ең қажет нəрсе еңбек етіп, адал өмір сүру деп ұққан ақын: 
Парасатты ер жігіт, 
Жақсыдан ғибрат алады. 
Ерінбей бейнет еткеннің, 
Енбегі дейді жанады,— дейді. 
Дүниеге қызығып, арға тиер іс қылып, адамдықты жоюға болмайтынын 
да  ескертеді.  Əсіресе,  қулық-сұмдық,  өтірік-өсек,  ұрлық  сияқты  жұғымсыз 
істерден сақтандырады. 
Адал жүріп анық бас, 
Біреудін. алма инесін. 
Қызықтырған түлкідей 
Дүние өтер бір күні... 
Есерліктің белгісі  
Өтірік-өсек аяңды, 
Іркілместен соғады. 
Майлы  адамды  жəне  оның  мүмкіншіліктерін  жоғары  бағалайды. 
Өнері мен білімі асқан адамға ақн зор сеніммен қарайды. 
Аспан-жердей парқы бар 
Деп айтады адамның. 
 
Халық ішін аралап, 
Өнерді өлшеп шамалап, 
Ұлғайса деймін қадамы.       
Майлы  өлеңдерінін,  тағы  бір  өзіндік  тақырыбы  əйел  жұртының 
өмірден,  семьядан  алатын  орнын  белгілеу.  Ақын  түсінігінше,  əйелдің 
өмірдегі  орны  өзінше  бөлек.  Оларды  ескермеуге  болмайды.  Үй  құты,  өмір 
көркі,  семья  сəні,  жігіт  қызығы — жақсы  əйел.  Əр  үйдің  ырысын  молайтатын 
да,  ер  азаматтың  даңкын  зорайтатын  да  сол  шаруаға  бейім,сыпайы,  көркіне 
сай  жан  жары  болмақ.  Бірақ  əйелдердің  де  «жақсы»,«жаманы»  бар.  Əйелдің 
жақсылығы  тек  көркінде  емес,  ісінде,  адамгершілігінде,  ақылы  мен  өнерінде. 
Жақсы əйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс. 
 
Ырысы қалың жігіттің, 
            Қатьгны шаруа томпаңдап,     
Жаман қатын көп ұйыктар, 
 
Оятсаң араз қоңқаңдап. 
Жақсы болса қатының, 

 
 
 
152
Ер егізің жақының. 
 
 Жан денең де жай тауып, 
Тола да болар ақылың. 
 
Өзіңе керек жұмыстан, 
Көрмейсiң істің қапылын 
Шолпан жұлдыз жар алсаң, 
                                 Кіргізеді көркіңді-ай. 
                                    Қызықтықпен өткен күн 
                                  Болмай кетер бір күндей. 
 
 Ақын өзінше «жаман əйел» сиқын да шебер бейнелейді. Ондай əйелге 
қосылған адамның күні қараң, өмірі қызықсыз деп қорытады ойын. 
Жаман болса қатының, 
 Ұқсайды тілі шешекке. 
 Ызаға толар қос өкпе,  
 Əр жұмысты қылғанда,  
Жолықтырар кесетке... 
 Арманда өтер өмірің. 
 Ақынның  əйел  туралы  пікірлері  жалпы  адамгершілік  ниеттен  туған. 
Алай  да  ақын  əйелдің  қоғамдық  праволары  туралы  пікір  қозғамайды, əйелді 
тек үй ішінің құты, сүйген жар шеңберінде ғана түсіндіреді. 
Майлының 
шығармалары 
халықты 
адал 
еңбекке 
үндеуден 
жалықпайды.  Ол  адам  өмірін  жан-жануарлар  тіршілігімен  ұштастыра 
мысалдап  жырлайды.  Мысалы, «Бұлбұл»  өлеңінде  ақын  еңбеккер  үшін  табыс 
тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп алмаудың 
керек  екенін  қатты  ескертеді.  Жаздай  əн  салып,  қыс  қысымын  ескермеген 
бұлбұлдай  бейшара  болма  дейді.  Ақынның  бұл  өлеңі  əркімге  мəлім, 
Крыловтың «Құмырсқа мен шегірткесіне» мазмұндас шығарма. 
Бір бұлбұл бауда өмір сүрген екен, 
                                  Саясын ол гүлдердің қылған мекен. 
                                   Азаннан кешке дейін əн шырқаумен, 
                                  Сауықпен сайран құрып жүрген екен... 
                                  Ілгері əн болған еді сайрағаны, 
                           
Жаз өтер деп қыс қамын ойламады.   
Ахуалы адамның сол секілді,. 
                                  Əр адам пікір қылса ойланады. 
                                  Осылай өткен екен сайрап бұлбұл, 
                                   Хиқаят естігенге қызық бұл бір. 
                                       Тұрмыстың азды-көпті толқынында, 
                                       Бұлбұлдай қапаста тұр көніл білгір. 
 
Мəделі  қартайып,  қатты  ауырып  жатқан  кезде  Майлы  келіп  өлеңмен 
көңілін  сұрап  ұзақ  толғайды.  Бұл  толғауында  Мəделінің  жас  шағын  еске 
алып, оның ерлік істеріне шолу жасайды. Қасымханның Қалипа деген қызын 

 
 
 
153
қалыңсыз  алғанын,  хан  мен  бектерге  мойын  сұнбай  өткенін,  Түркістан  үшін, 
Бұхар,  Қоқандарға  қарсы  ерлік  күрестер  жүргізгенін,  тілге  шешен,  батыр, 
ақын боп адал еңбек еткенін еске алады. Оны үстемдер тобына қарама-қарсы 
қояды. Ақынның ерлік бейнесін жасайды: 
Жабыдан атты мінбеген,  
Жабдык салмай жүрмеген.  
Жиын-тойға барғанда, 
Жібектен басқа кимеген.   
 Хан менен бекке қарсы боп, 
Қасарысып мойын имеген.   
Күш сынасқан жерлерде,  
Жамбасы жерге тимеген. 
Қаруланып толғанса, 
Қарағай найза қолға алса, 
Аз бенен көпті білмеген.  
Майлы - өзі  өмір  сүріп  отырған  заманның  озбырлығына  наразылық 
білдіріп,  əділет  жолын  жақтаған  ақын.  Күнде  көзі  көріп  жүрген,  қазак  елінде 
етек  жайған  қулық-сұмдықтар,  ұрлық-зорлықтар  ақынды  тол-ғандырмай 
коймайды. Ол ел қайғысын ойлап, олармен-бірге қасірет шегеді. Оның: 
Заманның толғауын толғағанда, 
Елдің қамын ойлаған қайғылымын,— деуі де сондықтан: 
Елді  түзеп,  халыққа  пайдалы,  жайлы,  əділ  басшылық  ете  ме  деген 
үстемдер  өз  қүлқынынан  өзгені  ойламай,  қалта  қамы,  шен-шекпен,  дəреже 
құмарлықпен  айналысып  жатыр  деп,  қазақ  коғамындағы  бей-берекет 
тəртіпсіздіктерді əшкерелейді. 
 Əкімі жүр ұрыны тиямын деп, 
 Тіл алмаса желкесін киямын деп. 
 Би мен болыс басының пайдасында, 
 Парасын ап дүниені жиямын деп. 
 Шен-шекпенді — қалың ну, тоғай боп жүр,  
Оған жақсаң, жұмысың оңай боп жүр. 
 Осы əдеттер қалмаса ел ішінен, 
 Енді  заман  не  болар  бұл  күйінде?!—деп,  заманының  тұйыққа  тірелген 
ауыр  халін  реалистікпен  баяндайды.  Ел  басқарып  отырған  адамдардың  əрбір 
тобына  тоқтай  келіп,  ақын  олардың  бəрі  де  бір  іннен  шыққан  қасқырдың 
бөлтіріктері  сияқты  ұялас  жыртқыштар  деп  ашық  айтады. «Тұрлыбекке» 
арнауында ақын датқа атанған бай, би Тұрлыбектін. бұзықтық істерін де батыл 
бетіне басып, оның қасқыр мінезді образын жасайды. 
Тұрлыбек, сен бір елдің мүжығысың, 
Он екі ата аулыңның бұзығысың. 
Қарайғанның бəрін де қан-қақсаттың 
Сірə, сенің болған жоқ түзу ісің.  
Қасқырдай мейрімің жоқ сұр жігітсің, 

 
 
 
154
Бет-аузың қабаған ит секілденіп... 
Тұрлыбекті ақын тек жыртқыштық іс-əрекетімен ғана бейнелеп қоймайды. 
Соған  қоса,  оның  тұлға  бітімі,  жүріс-тұрыс,  бет  əлпеті  бірге  суреттеліп,  оның 
жағымсыз портреті жасалады. Ақын Тұрлыбекті əр қырынан суреттеп, бейне бір 
тасқа ойылған тұрпайы тұлғаны танытқандай əсер қалдырады: 
Ту сыртыңнан қарасам,  
Жайылған тырна сырттанған. 
Қарсы алдыңнан қарасам,  
Жан екенсін мұрттанған.  
Бір қырыңнан қарасам, 
Қырыққан серке бұттанған.  
 
Қасқырдан туған қасқырсын, 
Залымдықпенен жұртты алған. 
Момын елді қорқытып,  
Аттана шаптың, шыққаннан. 
Əрине,  бұл  жай  портрет  жасау  ғана  емес,  шындық  тұлға,  көркем 
образ.  Батыр  да  батыл  ақынның  өктем  сөзі,  Махамбет  сияқты  «өзекті 
жанға бір өлім»— деп, өші кеткен елінің кегін алу үшін айтылған өзекті өртер 
жалынды сөздер. 
Кейде  ақын  жеңіл  əзіл-оспақ,  кекесінмен  де  көп  сыр  ашады.  Иманбай 
дейтін  датқасымакқа  арнауында  оның  іс-əрекеттері  сыналып,мінездері  ащы 
мазаққа айналады.  
 
Ісі жоқ істеп жүрген мерт секілді, 
Сөзің бар айтатұғын өрт секілді. 
 Көңiллдегі емессің бектің ұлы,  
Базарға ашыналығың сарт секілді...  
Жүруші ем күміс пе деп, пұл екенсің,  
Сорына жұрттың туған ұл екенсің. 
 Қарныңды параменен қампайтып ап, 
 Секілді қасап өгіз қу екенсің. 
Əрине, ақынның ойынша өзі сынаған датқа, билерден үміт жоқ. Олар елді 
ілгері  бастап,  көсегелерін  көгертпейді.  Ақынның  үміт  артары  заманындағы 
алдыңғы  қатарлы,  парасатты  азаматтар.  Ақын  əр  түста  жоғары адамгершілікті 
үгіттеп, адалдық, адамгершілік туын жоғары ұстайды. 
 Заманының  жақсылары  малымен  асқан-тасқан  ақшалылар  емес, 
білімді  парасатты  дана  адамдар,  ел  қамын  жеген  ерлер,  өзіндей  өнер  иелері, 
білімді берекелі жандар. 
Асылық сөздің арты шақ, 
Асылық қылсаң тұрмас бақ. 
Орынсыз бекер іс қылар, 
Ақылы саяз ақымақ. 
Батырлық пенен парасат, 
Теңдей боп келсе екі жақ... 

 
 
 
155
Арам мен адал андысқан, 
Сұғанақ — бірі, бірі — сақ...  
Халыққа  қызмет  қылар  қоғамшыл  нағыз  азаматтың  сипаты  да  ақын 
шығармаларында  айқын  бейнеленген.  Олар  елі  алдында  адал,  бар  білгенін 
халқынан  аямайды,  жатты  да  ел  қылып,  кешірімшіл  келеді,  сертіне  берік,  аз 
сөйлеп көп іс қылады;       Білмеген сөзді білдірген
                                       Сауалдап сауат ашқандай. 
                                           Жауды кешу, жатты ел ғып, 
                                        Басыла сөйлер мақтанбай... 
                                        Халықка қызмет қадірлі,  
                                         Сыртына əдебі асқандай.  
                                         Тал жібектей есілген,    
                                            Жақсының жайы нақ сондай. 
Жаман  адам  қиянатшыл,  дөрекі-дөкір,  надан,  сараң  дей  келіп,  ақын 
ондайлардан  аулақ  болуды,  керісінше,  пейілді,  мейірімді  адал  жан-дарға 
жақын жүріп, тəлім алуға, оған қызмет көрсете білуге үгіттейді. 
Əдепті тəлім аласың, 
Жақсының ерсең қасына, 
Мезгілінде қонақтап,  
Дəулет құс-ұшқан қаршыға... 
Білімді  адам—мəдениетті,  сыпайы  кедеді.  Олармен  мəжілістес  болсаң 
көп  нəрседен  хабардар  да  боласың.  Оларға  тəн  қасиет — кішіпейілділік, 
адалдык, ақ пейілділік, көпшілдік деп атап көрсетеді. 
Көпті сүйер ақ пейіл,  
Ішке пікір ап қалмай. 
Жақсымен болсан, сұхбат,  
Ағарып таңың атқандай. 
 Сыпайы сөйлер əдеппен,  
 Көп көзіне баптанбай. 
Гуманист  ақын  адал  достық  қадір-касиеттерін  термелеп,  адамға  тəн 
жақсылықтың  бір  көрінісі  адамдардың  қарым-қатынасында,  сый-ластығында 
екенін  ескертеді.  Мысалы: «Жөн  білсең  жолдасыңа  жоба  көрсет»  деген 
өлеңінде де ақын бұл пікірлерін ашық айтады: 
Шын достың көңілі өсіп қуанбай ма,  
Сағынып бірін-бірі есен көрсе? 
Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет, 
Жұмысы жөнге жүрмей кешеуілдесе. 
Жорамалды қариядан жоба үйрен, 
Түймедей түйініңді шешем десе.  

 
 
 
156
Жол берме жобасызға деймін, халқым, 
Біреудің адал малын жесем десе... 
Халыққа қыңыраймай қоғамда бол, 
Белгілі ел бастайтын көсемдерше! 
Достық  пен  адалдық  шарттарын  ұсына  отырып,  ақын  шын  достарды 
күндеуші  əзəзілдер  де,  бұзықтар  да,  татымсыз  доссымақтар  да  болатынын 
айтады.  Осылрдан  сақтана  біліп,  адал  көңіл  айнасына  кө-леңке  түсірмей  кір 
жұқтырмай таза ұстай білуге үндейді.      
Дос болу асылында неге керек     
Жаныңды достық үшін қинаспасаң. 
 Дос болу  асылында неге керек,     
 Жоғыңды бір-біріңнің жинаспасаң.  
 Көлеңкең көлемді боп көрінеді,  
 Өсек қып бір-біріңді шырмамасаң. 
Ел  берекесі — адам  арасы,  ағайын  ішінің  татулығына  байланысты 
болатынын  айтып,  жақсы  азаматты  қалыптастырып  өсіретін  де  сол  ағайын 
ішінің  берекесі  деп  керсетеді.  Жақсы  ағайын  мен  жаман  аға-йын  түрлерін, 
оларға тəн іс-əрекеттер сырын ашуға күш салады. 
Жақсы болса ағайын,  
Көңіліңді шат қылар.  
 Жаман болса ағайын, 
 Айқай-шу қылып маңайын, 
  Өзін өзі мерт қылар... 
Ақынның  дүниетанымы  өз  заманы  түсініктерінің  шеңберінен  ас-пайды. 
Адам өмірінің, дəулетінің тұрақсыздығы мойындалады. Ақын ойынша, өмір адам 
үшін  бірде  қиын,  бірде  қызығы  мол  боп  көрінеді.  Сондай-ақ,  ол  сарайдай 
сайраңдар жер, түлкідей түрленіп адамды қы-зықтырып, құмар қылар алдамшы. 
Əрине,  мұның  бəрі  Майлы  қосқан  жаңалык  емес.  Ол  əлiмсақтан  бері  айтылып 
келе  жатқан  өмір  өткіншілігіне  білдірген  адам  баласының  наразылығының 
көрінісі. 
Бірақ,  бұған  қарап  ақын  өмір  қайшылықтарын  танымайды  екен  деген 
қорытынды  шығаруға  тағы  болмайды.  Дүниеде  бір  қалыпта  тұратын, 
өзгермейтін  нəрсе  жоқ.  Сондай-ақ  адам  тіршілігі  де  жап-жазық  емес,  оның  да 
кедір-бұдыры  көп.  Сондықтан  адам  үнемi  бір  мінезде,  бір  қалыпта  бола 
алмайды. Тірліктің шарты— сүйіну, күйіну, жеңу, жеңілу. Кейде өмір жазығын 
сайрандасаң, кейде шатқалдарынан өтуге тура келді.  Сөйтіп,   кейде   жазылып-
жадырасаң,   кейде   жабығып та қаласың дегенге мегзейдi. 
Артында қалдырған ақындық мұрасын жоғарыда талдап танығанымыздай 
өлеңдi дəстүрлi ауыз əдебиетiмiз бен жазба əдебиетiмiздiң үлгiсiнде ауызша да, 
жазбаша  да  шығарған  Майлықожа  шығармашылығы  əдебиетiмiз  тарихынан 
тиiстi орнын алады. 
 

 
 
 
157
                            МАЗМҰНЫ 
1. Кіріспе                                                                                     3 
2. Қазтуған жырау Сүйінішұлы                                             5 
3.  Асан Қайғы Сəбитұлы                                                         8 
4. Доспамбет жырау                                                                  16 
5. Шалкиіз жырау Тіленшіұлы                                               19 
6. Жиембет жырау Бортоғашұлы                                           25 
7.  Марғасқа жырау                                                                   29 
8. Ақтамберді жырау Сарыұлы                                               30 
9. Тəтіқара ақын                                                                         34 
10. Үмбетей жырау                                                                           37   
11. Бұқар жырау Қалқаманұлы                                               41 
12. Шал ақын                                                                              48 
13. Көтеш ақын                                                                           53 
14. ХIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ  ƏДЕБИЕТІ                           56 
15. Дулат Бабатайұлы                                                   61  
16. Шортанбай Қанайұлы                                                          81 
17. Махамбет   Өтемiсұлы                                                           86 
18. Шернияз Жарылғасұлы                                                      105 
19. Сүйiнбай Аронұлы                                                               109 
20. Бақтыбай  Жолбарысұлы                                                   113 
21. Шөже Қаржаубайұлы                                                           116 
22. Орынбай Кертағыұлы                                                           126 
23. Кемпiрбай Бөгембайұлы                                                      130 
24. Нұрым Жаршағұлұлы                                                          132 
25. Мəделi Жүсiпқожаұлы                                                          138 
 
26.
 
Майлықожа Сұлтанқожаұлы                                              147  
 

 
 
 
158
 
 
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТI ТАРИХЫ
(
Көмекші құрал
) 
 Редакторы: Қ. Аралбаев ф.ғ.к. 
 Компьютерге терген:Пиралиева Замира. 
 Корректоры: Смамутова Шырын.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                           
 
 
  Бердақ атындағы Қарақалпақ мəмлекетлик университетиниң баспаханасы 
Өзбекстан Республикасының Баспа сөз комитети лицензиясы №11-665 28-
февраль 2001-жыл 
 
Көлеми 6 баспа табақ 
Буйыртпа №___ Нусқасы 100 
Офсет усылында RISO 3105 машынында басылды. 

 
 
 
159
                                   БЕЛГІ ҮШІН 
________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
__________________________________________________________________ 
 
 
 
 

 
 
 
160
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет