Арнаулы бiлiм министрлiгi



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/12
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арғымақтың талдай мойнын талдырып, 
Үйде қалған арудың 
Ал иіндігін аудырып. 
Доспамбет талай-талай жорықтарда қол бастаған батыр болған. 
Ол бір соғыста ауыр жарақаттанып өлерінде айтты деген сөзінде:  
Ер Мамайдың алдында 
Шаһид  кештім,  өкінбен,-дейді.Осыған  қарағанда  жырау  Мамайдың 
сарбазы  болған  секілді.Мамай 1549 жылы  өлген.  Ал  Доспамбеттің  қаза  табуы 
бұдан  көп  бұрын  сияқты.  Ұлы  Ноғай  ордасының  биі  Мамай  мен  Доспамбеттің 
əміршісі-Қырым  ханның  бірігіп  қимыл  көрсетуі-1523  жыл.  Осы  жолы  Қырым 
ханы  Махмед-Герей  Мамайдың  көмегімен  Жəнібектің  ұлы  Үсейінді  жеңіп 
Астраханды басып алады. 
Қырым мен Ноғай ордасы үзбей жауласып отырғаны белгілі. Ауыз бірлік 
бұл  жолы  да  ұзаққа  созылмайды.Мамай      өзінің      немере      інісі      Ағыстың 
(Жаңбыршыұлы      Телағыс)   үгітімен      Махмет-Герейді      Астраханьнан      алдап 
шығарып  алады  да,баласы  Батыр  хан  екеуін  соңдарынан  ерген  барлық 

 
 
 
18
нөкерлерімен  қоса  қырып  тастайды.  Бұдан  соң  Ұлы  Ноғай  ордасы  мен  Қырым 
хандығы арасындағы алауыздық қайта күшейе түседі. 
Доспамбет осы Махет-Герей мен Мамайдың əлі тату кезінде қаза тапқанға 
ұқсайды.  яғни  жыраудың  өмір  сүрген  уағы XV ғасырдың  соңы, XVI ғасырдың 
алғашқы ширегі. 
Дүниенің басы сайран, түбі ойран 
Озар сөйте бұл дүние 
Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағадан,- 
дейді  жырау  өлерінде  айтқан  жырында.  Рухы  таза  ортағасырлық  бұл 
толғаудан  жорықшы  жыраудың  ой-өрісі,  санасы,  нанымы  көрінеді.  Қазір 
мағынасы мүлде ұмытылған сөздер, тілімізде қолданудан шығып қалған тіркестер 
жырау толғауларында көп кездеседі. Жыраудың өзінің жарақаттануын, қансырап, 
əлі азайып, бойынан өмір кетіп  бара  жатқанын  суреттейтін  жолдары  рухының  
ескілігіне,  көркемдік  əдістерінің  сəл  жабайлылығына  қарамастан  көңілге  əсер 
етерлік терең, көз тоқтатарлық сұлулығымен өте құнды. 
Арғымаққа оқ тиді 
Қыл майқанның түбінен 
Аймадетке оқ тиді 
Отыз екі омыртқаның буынынан. 
Зырлап аққан қара қан 
Тиылмайды жонның уақ тамырдан. 
Сақ етер тиді саныма, 
Сақсырым толды қаныма.  
Жара бір қатты, жан тəтті, 
Жара аузына қан қатты. 
 Жарықшылар жоқ па екен? 
 Жармай білте саларға, 
Жағдайсыз жаман қалып барамын,  
Жанымда бір туғанның жоғынан. 
Доспамбет-қазақ əдебиетінің өсу-өркендеу тарихында елеулі роль атқарған 
суреткерлердің  бірі.  Доспамбет  жырларының  игілікті  əсері,  тіпті,  кейініректе 
шыққан  Бұқар,  Махамбет  творчестволарынан  да  айқын  аңғарылады.  Соынмен 
бірге    ескіден    қалған    мол    мұра-эпикалық    жырлардан    да    Доспамбет    əсерін 
байқаймыз. 
Доспамбет  мұрасы  біздің  заманымызға  толық  жете  алмады.  Əйткенмен 
жыраудың  кейбір  туындылары  жəне  жырау  жайында  жаңа  деректер  əлі  де  та- 
былатын  шығар  деген  ойдамыз.  Бұл,  əрине,  болашақтың  ісі.Ал  əзірге  қолда 
санаулы жолдардың өзінің əдебиетіміздің тарихы үшін маңызы зор. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Доспамбет қай жерде туып өскен  
2. Доспамбеттің жорық жырлары 
3. Доспамбет туралы ғалымдардың пікірлері 
4. Жырау өлеңдерінен жаттау 
 

 
 
 
19
 
        Шалкиіз жырау Тіленшіұлы 
                                       
Ел аузындағы əңгімелерге қарағанда  Алшын ішінде Құяс табынан шыққан 
Тіленшіұлы  Шалкиіз  жыраудың  тағдыры  мүлде  өзгеше  болды.  Күйкі  өмірде 
дегені  үнемі  орнына  келе  бермегенмен  де  тəкаппар,  даңқұмар  батыр  жырау 
тіршілігінде-ақ  алты  алашқа  танылды.  Құздан  құлаған  селдей  екпінді,  ағарып 
атқан  таңдай  сұлу  жырларға  хан  да,  қара  да  ұйыды:  Шалкиіз  өз  заманының 
бірінші  ақыны  болды.  Жырау  офат  тапқан  соң  оның  рухы  да  даңқ  пен  құрмтке 
бөленді~  əр  бұтасы  əн  салған,  əр  малшысы  ақын  болған  көшпенділер  жайлаған 
Орталық  Азияда  бірнеше  ғасыр  бойы  онымен  бой  таластыра  аларлық  ешкім  де 
дүниеге  келмеді.  Бірақ  осыдан  жүз-жүз  елу  жыл  бұрын,  дала  басқа  кейіпке  түсе 
бастаған,  əзелгі  тірлік  тынысы  өзгерген XIX ғасырда  ортағасырлық  рыцарь-
жыраудың бейнесі көмескіленуге айналды.   Əйткенмен,   бұл   да   Шалкиіз   үшін   
бақытты   шақ    еді:   оның шығармаларынан қалған соңғы жұқаналар жазылып 
алына бастады. Жыраудың ғасырлар бойы даланы дабылдатқан  даңқы өшті, бірақ 
оның  орнына  шын  мəнісіндегі    мəңгілік    жасау    келдіҮ    жырау    туындылары  
əртүрлі    өлеңдер    жи-  нақтарына,  хрестоматияларға  енгізілді,  сөйтіп  келешек 
ұрпақтың  алдына  жету  мүмкіндігіне  ие  болды.  Баспа  ісі  өркендемеген,  қазақ 
тілінде  санаулы  ғана  кі-  таптар    жарық    көрген  төңкеріске  дейінгі    дəуірде  
Шалкиіз    шығармалары  əртүрлі  жинақтарда,  хрестоматияларда  он  екі  рет 
басылды. Бұл-сол кез үшін астрономиялық сан еді. 
Осы кезде Шалкиіз қазақ ақын жырауларының ішінде бірінші болып орыс 
тіліне  аударылды.  Орыс  ғалымдары  мен  зерттеушілері  Шалкиіз  творчествосына 
жоғары  баға  бергенін  көреміз.  Жыраудың  би  Темірге  айтқан  жырлары  орыс 
тілінде шыққан əртүрлі жинақтар мен мерзімді баспасөз бетінде төрт рет жа- рық 
көрді.Шалкиізді  бір  кездегі 
«қара    ағаштан    қалың    ноғайдың»  ең    соңғы 
ұрпақтары да əлі ұмыта қоймаған екен. Оның би Темірге арнаған толғауының бір 
үзіндісін  В.Радлов  Қырымдағы  ноғайлар  арасынан  жазып  алып,  өзінің  «Түрік 
тайпалары əдебиеті нұсқаларының» VII кітабына енгізген. 
Осы  кезде  жыраудың  даңқ  қыраны  ең  соңғы  рет  шарықтап  қалды.  Бірақ 
бұл  ұзаққа  созылған  жоқ.XX  Ғасырдың 20-жылдары    халқымыздың  əдеби 
мұралары  жан-жақты  жиналып,  жекелей  де,  топтастырыла  да  баспа  бетін  көріп 
жатқанда  Шалкиіз  жырау  ешкімнің  назарына  ілінбеді.  Том-том  болып  қазақ 
əдебиетінің  тарихы    жазылғанда    Шалкиіз    зерттеушілер    көзінен    қағаберіс  
қалды.  Жырау  жайында  ара-тұра  айтылып  қалған  сөздер  бірді-екілі  ауыздан 
аспайды.  Жырау-  дың    мүлде    дерлік    ұмытылғандығына    дəлел  ретінде  оның 
Шалкиіз  атының  «Шалгезге»  айналдырылғанын    айтудың    өзі    жеткілікті.  
Шалкиіздің  кезінде əдебиетіміздің тарихынан өзінен тиісті құрметті орында ала 
алмай  қалуының  кейбір    себептеріне    соға    кетейік.  Жыраудың    біздің  
заманымызға    жеткен  шығармалары  түгелдей  баспа  бетін  көргенімен  де 
бірыңғайланбаған,  бір  жерге  жинақталмаған    еді.  Шалкиіз    толғаулары    күні  
бүгінге    дейін    революциядан  бұрын    шыққан,  шаң    басқан    ескі    кітаптардың  
арасында    шашылып    жатыр,  олардың  кейбірінің  барлығынан  əдебиет 
тарихшыларының  өзі  бейхабар.  Содан  соң  Шалкиізді  оқығанда  көзге  бірден 
түсетін  жай-ондағы  кейбір  образдардың,  тіркестердің,  кейде  тіпті  тұтас 

 
 
 
20
жолдардың  Бұқараға,  Махамбетке,  Базарға  т.б.ұқсастығы.  Шын  мəнісінде  бұл 
ұқсастық  Шалкиіздің  Бұқар,  Махамбетке  емес,  Бұқар,  Махамбеттің  Шалкиізге 
ұқсастығы.  Шалкиіздің  əдебиет  тарихына  енгізілмей  қалуының  тағы  бір  себебі-
оның зерттеушілерге бірден-бір дерлік белгілі шығармасы  «Би Темірге толғауда» 
əмірші атына арналған мадақ сөздер бар. яғни  «Шалкиіз  ханды,  биді  мақтаған,  
мұндай  адамды  əдебиет  тарихына қалайша енгізе аламыз!» Жəне ең соңғы, ең 
басты  себеп-»Бізде XVIII ғасырға  дейін  əдебиет  болған  жоқ,  өйткені  болуы 
мүмкін емес еді» деген дана тезиске бас шұлғу. 
Шалкиіз жыраудың өмірі жайында бізге біраз деректер жеткен. Жыраудың 
туып-өскен    жері    Батыс    Қазақстанда    ел    аузынан    жазылып    алынған    тарихи 
əңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Ноғайлының ұлыбиі Мұсаның қызынан туыпты. 
Əкесі  Тіленші - қазақ  арасында көп  шонжардың бірі болса керек.Үш  айлығында  
анасынан    айырылған    болашақ    жырау    нағашы    атасының    қолында 
өседі.Көшпенділер    аристократиясынан    шыққан    Шалкиіздің    өз    өмірінің 
алғашқы күндерінен бастап-ақ жоғарғы  қауым ішінде болғандығын көреміз. Бұл 
оның адам ретінде қалыптасуында  ғана емес, поэзиясында да үлкен із қалдыруға 
тиіс еді. 
Өз атасы билер кастасына жатпағаны себепті ешкімге тəуелсіз əмірші болу 
маңдайына  жазылмағанын  білген  атаққұмар,  билікқұмар  Шалкиіз  қашан  да 
билеушілерді    билеуге    тырысады.Жыраудың    бұл    мінезі    ол    жайындағы 
əңгімелерден ғана емес, оның өзінің шығармаларынан да көрініс тапқан. Едігенің 
немересі  Тенсібайдан  туған  Темір  би  батыс  тарихшыларына  да,шығыс 
тарихшыларына  да  белгілі  адам.  Анонимді  «Шейбани-намадан»  оның 
Астраханьды  билеген  Қасым  сұлтанның  іргелі  бектерінің  бірі  эмирь-эль-умера, 
яғни  əскербасы  болғанын  көреміз.  Қасым  сұлтан  маңызды  мəселелердің  бəрін 
Темірмен  кеңесіп  қана  шешеді  екен.   Темір 1480 жылы  Уграда  болған, 1485 
жылы Қырымды шауып, мол олжамен оралады.  Өмірінің соңғы кезеңінде Темір-
Москваның  одақтасы.  Оның  өз  дəуіріндегі  тарихи  оқиғаларда  қандай  роль 
атқарғаны сол кездегі орыс жылнамаларынан айқын аңғарылады. 
Темірдің  қаншалық  ықпалды  адам  болғандығына  мысал  ретінде  оның 
қызы Нұр-Салтанның жайын айтудың өзі жеткілікті.  Алдымен Қазан ханы атақты 
Меңлі-Герейдің  əйелі  болған,  Қазан  хандары  Махмет-Əмин,  Əбділ-  Лəтиф, 
Қырым  ханы  Сайып-Керейдің  анасы  Нұр-Салтан  орыс  патшаларымен  өз 
тарапынан  елші  алысып  тұрған,  мемлекет  істеріне  ықпал  етіп  отырған.  Темірдің 
дəлді қай жылы туып, қай жылы өлгені мəлімсіз. Оның есімінің орыс тарихында 
ең  соңғы  рет  ұшырасуы-XV  ғасырдың 90-жылдары.  Ал 1504 жылы  Ноғай 
ордасының  биі-Темірдің  ұлы  Тəуекел.  Бұл  кез  документтерінде  Темір  о  дүние 
адамы,  марқұм  ретінде  ғана  еске  алынады.Біздің  қолымызда  бар  деректерден 
Шалкиіздің Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың жəне оның інісі Жүсіптің 
төңірегінде  өткендігі  көрінеді.Ордадағы  Жүсіп  пен  Исмайылдың  билікке  таласу 
дəуірінде  жырау  Жүсіптің  партиясын  жақтайды.  Бірақ  Исмайылдың    еппен 
жүргізген  саясаты  нəтижесінде  Жүсіп  Шалкиізді  сыртқа  тебеді  де,  қарт  жырау 
əміршісінің маңынан аулақ кетеді.  Жырудың өз өмірінің соңғы кезеңін Хақназар 
ханның əміріндегі қазақ мемелкетінде өткізгендігі аңғарылады. 
Жанама  мəліметтерге  қарап  біз  Тіленшіұлы  Шалкиіз  жыраудың  өмір 

 
 
 
21
сүрген дəуірі шамамен алғанда 1465-1560 жылдардың арасы деп есептейміз. 
Шалкиіз  мұрасынaн  біздің  заманымызға  жеткені-600  жол  шамасында. 
Шалкиіз - жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын 
ашса болды көмекейінен күмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық  
үлгісі.  Дүниеде  ненің  болсын  шегі  бар,  импровизацияның  аты- импровизация. 
Ақын  қанша  құдіретті  болғанмен  алдын  ала  дайындықсыз,  суырып    салып  
айтылған  өлеңде  мін  болмай  тұрмайды,бұл  сөз  алдымен  шығарманың 
көркемдігіне,  содан  соң  ойлылығына  қатысты.  Импровизация  гүлденген 
ортағасырлық  Арабстан  ақындарының  өзі  экспромтпен  айтылған  жырларын 
артынан жөндеп, өңдеп отырған. Сол себепті де өз поэзиясында   Əбу Таммам көз 
тұндырар сұлулыққа, Мүтанабби теңіздей терең ойлылыққа жетті. Осы тұрғыдан 
алғанда,  Шалкиіз  туындылары  жалаң  импровизацияның  ғана    жемісі    екендігіне  
күмəн  туады.Шалкиіз  ислам  дінін  ұстанған,  оның тəңірісі көк емес, алла. 
Тəңірінің үйі кебені 
Ибраһим-Халил алла жасапты, 
Ғазырейіл жан алмаға қасап-ты. 
Шалкиіздің құранға, ислам дінінің қағидаларына қаншалық жетік болғаны 
бізге мəлімсіз, алайда оның сауаттылығы күмəн туғызбайды. 
Қара сия ақ қағаз, 
 Дəфтерге өнер төктірдің. 
Алыс жерден мөһрлі шұбар хат келсе... 
Əбсінде ғалым жидырып,  
Ақ кітабын жайдырып... 
Шалкиіз  бірталай  уақ  ноғайлының  биі  Темірдің  төңірегінде  болды  дедік. 
Жыраудың  Темірге  арнай  айтқан  екі  толғауы  сақталған.  Мұның  біріншісі  Темір 
Шалкиізді  туысына,  атақ-дəрежесіне  сай  сый  көрсетпей  шетке  қаққан  кезде  бір 
жағы өкпе, бір жағы наразылық ретінде айтылған.  Екінші толғауҮ 
Қара бас құспен шалдырып,  
Көк теңіздің үстінде 
Көтеріп желкен аштырып,  
Жүк тиедің кемеге, 
Ниет еттің тəңірінің үйі кебеге. 
 Жүк тиесең-кетерсің, 
Ниет етсең-жетерсің,  
Жетсең  тауап  етерсің,-деген  сөздермен  басталады.  Бұл  толғаудың  өзіндік 
тарихы  бар.  Би  Темір  қаусап  қартайған  шағында  Мекеге  қағбаға  тауап  етуге 
аттанбақ  болады.  Бимен  арасы  қырбай  болып  жүрген  Шалкиіз  əміршісінің  оң 
тізесін қайта алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып қалады. 
Бұл  толғауларында  Шалкиіз  көне  қазақ  поэзиясындағы  образдылықтың 
шырқау  биігіне  шығады.  Айтылғанына  төрт  жарым  ғасыр  өткен  сөздер  өзінің 
қиыннан  қиыстырылуымен,  өткірлігімен  таңырқатады.  Алп-алп  басқан,  алп 
басқан 
Арабы торым өзіңсің.  
Жазылы, алтын, қол кескен  
Алдаспаным өзіңсің! 

 
 
 
22
Бояуы ашық, шығыстық жолдар. Сонымен бірге таза далалық.  
Соқса бір жілік сындырған, 
Көк қоянның қос құлағын тұндырған, 
 Көгілдірдің жез қанатын сындырған,  
Тегеурінді болат темірдің 
Тегеуіріні өзіңсің ! 
 Айдынды көлге қол шауып  
Тоғызын соғып ұшырған 
Қу сұлтаны саһарсың,  
Саһарыңа сайлау қаусырған  
Боз сұңқарым өзіңсің ! 
Жыраудың  Темірді  мадақтауы  фантастикалық  дəрежеге,  табынуға  дейін 
жетедіҮ 
Білерді білмес не демес 
Сұлтан ием, сен менің 
Бармай тапқан қағбамсың ! 
Толғаудың  бір  жерінде  жырау  өзінің  биге  борыштар  екендігін,  осы  атақ, 
дəрежеге  соның  арқасында  жеткендігін  айтады.  Бірақ  Шалкиіздің  Темірді  ма- 
дақтауы оның өзіне оң қарағандығынан ғана емес. Жырау Темірді «əр ісінде тура» 
«жұрт иесі», əділ əмірші деп есептейді.  Шалкиіздің ойынша Темір - жұрт тірегі, 
елдің  берекесі,  ол  алыс  сапар-хаждан  оралғанша  «артында  қалған  көп  халқы» 
тозғындап кетпекҮ «жұртқа бір лайық ие жоқ». Сондықтан да жырау  хажға  бару  
парыз    еместігін    еске    салып,  құдайдың    шын    парызы-қарауындағы  халыққа 
рақымды, əділетті əмір жүргізуі екендігіне Темірдің көзін жеткізбек болады. 
Жығылғанды тұрғызсаң,  
Жылағанды уатсаң, 
Қисайғанды түзетсең,  
Тəңірінің үйі бəйтолла, 
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты ! 
Шалкиіз орта ғасырда өмір сүрді. Өз заманының салт-санасы оған да жат 
емес, өз ортасының моралі-ол үшін қасиетті. 
Сен алтынсың-мен пұлмын, 
 Сен жібексің-мен жүнмін,  
Сен сұлтансың-мен құлмын,-дейді ол Темірге. 
Темірдің ата-тегі нашар адамдарды көтермелеп, өзінен жоғары ұстағанына 
заманының мораліне берік Шалкиіз шыдай алмайды. 
Жақсыңнан мені кем көрдің 
Жаманыңмен тең көрдің ! 
Бұл  адамдар,  əрине,  Шалкиізден  ақыл-парасат  жағынан  да  кем.  Ескі 
салтты-аталыны  сыйлауды  бұзған  күннің  өзінде  Темір  осы  жағына  ден  қоюы 
керек еді деп есептейді жырау. Сондықтан əрі салауатты батыр, əрі қабырғалы би 
Шалкиіз бұған көнгісі келмейді, өзінің шын кейпін танытады. 
Ал  Шалкиіз  шығармаларының  өзіндік  ерекшелігі-ондағы  философиялық 
толғаныстардың молдығы. 
Рас,  жаңа    тұрпатты    əдебиеттің    рухы    бойына    сіңген    бүгінгі    күннің 

 
 
 
23
оқырманына: 
Асқар, асқар, асқар тау,  
Асқардан биік тау болмас, 
Басына балапан шырлап ұшып қона алмас,  
Бүркіттен қыран құс болмас,- 
Баулуы жетпей бөрі алмас,  
Бидайықтан алғыр құс болмас-  
Бұйырмаса екеу түгіл бір де алмас,  
Сұңқардан сұлу құс болмас- 
Қауырсыны қатпай ұша алмас,-деген сияқты жолдар бос ділмарлық болып 
көрінуі  де  мүмкін.  Жыраудың  кейбір  пікірлері-біз  үшін  қарапайым  ақиқат,  ал 
оның кейбір сөздері құрғақ мораль сияқты ғана əсер қалдырады. Алайда, Шалкиіз 
бен екі ортада төрт жарым ғасыр тұрғанын естен шығаруға болмайды. 
Шалкиіз-новатор  еді.Ол  қазақ  поэзиясындағы  философиялық  бағыттың 
негізін  салды.Бұл  тұрғыдан  алғанда  Шалкиізді  қазақтың  барлық  жырауының 
атасы  деуге  болады.Өзінің  философиялық  афористік  поэзиясы-толғауларда 
Шалкиіз    ойлылықтың,көркемдіктің  шыңына  шықты.Қиыннан  қиыстыру, 
нақтылық, 
ықшамдылық,ойнақылық,сонымен 
қатар 
тереңдік-Шалкиіз 
поэзиясының ерекшелігі. 
Дүниеде тұрақты, мəңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Əлем бір қалыпта 
тұрмайды,  бəрі  фəнилік,  бəрі  өткінші.  Бірақ  осы  пікірлерінен  автор  сопылық 
қорытынды  шығармайды,-өмір  қысқа  екен,  бұл  жалған  басы  жұмыр  пенденің 
бəрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіп көріп 
думандатып  өткізу  керек.  Осыған  қарағанда  жырау  ислам  дінінің  кейбір 
қағидаларына онша берік болмағанға ұқсайды. 
Əйткенмен,  Шалкиіз  шектен  шығып  кетпеуді  уағыздайды.  Əр  пенде 
ақырын жүріп, анық басуға тиіс-асқанға тосқан. 
Ұзын жолдың үстінде 
Оралып ойнап тұрған 
О дағы бір құба арланға жолығар! 
 Сөйлегенде сөзі аузына симаған,  
Еріккенде қызыл тілін тимаған 
Ғақбытлы сол жаман, 
О-дағы бəр пəлеге жолығар!  
Туыстың бəрі бірдей емес, жақсысы бар, жаманы бар.  
Жайыңды білген қарындас,- 
Ол қарындас, һəм жолдас,  
Жайыңды білмес қарындас- 
Өзі дұспан, өзі қас. 
«Көрінгеннің  бəрі  бірдей  кісі  емес», «қырға  шықпас  жаманның»  барынан 
да жоғы игі. Ондайлардан қашан да аулақ тұрған мақұл. 
Жауынды күні көр жүрме-  
Жар жағасы тайғақ-ты, 
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,-  
Күндердің күні болғанда 

 
 
 
24
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!  
Бұдан  бес  ғасырдай    бұрын  жасаған  жыраудың  көптеген  пікірлері  күні 
бүгінге дейін ескірмеген. 
 Алып, алып ал сақын, 
Аңдып жүрген дұспандан жүз сақын,  
Күле кіре күңіреніп 
Шыққан  достан  мың  сақын,-деп  насихаттаған  Шалкиіз  досқа  адал, 
дұшпанға мейірімсіз болуға шақырады. 
 Дұспанға беліңді шешіп инанба, 
Инантып тұрып өлтірер. 
Жатты өз етсең-»басың жазымда қалмақ». Адам үшін ең қымбат-өз ортасы, 
туған жері. 
Алма мойын сам үйрек 
Ана Еділден көксеген 
Көлді тастап қырға ұшса  
О-дағы бір тарланға жолығар. 
Балладада «ноғайлының Ер Шобан деген батыры біраз жолдастарымен 
Қабардыдан...  жылқы  алады».  Шығармадағы  оқиғаның  Қабарды  жерінде 
бо-  луы-тарихи  шындықтан  алшақ  емес.  Шалкиіз  заманында  Қабарды,  Кубань, 
Солтүстік    Кавказ-талай    тайпалар    қақтығысқан,  ұрыс-соғысы    мол    жер  
еді.Қазақтың  көптеген  тарихи  жырларының  қаһарманы  белгілі  Қазы  мырзаның 
Қабардыға  жасалған  жорықтардың  бірінде  қаза  тапқаны  мəлім.Жылқысын 
алғызған Биғазы көп əскермен ер Шобанның артынан қуып жетеді. 
Саф арғымақ сайлаған,  
Найзасына жалау байлаған. 
Қабардының Биғазы Жүйрігіне шыдамай 
 Желіп шықты көк тауға... 
Эпостағы  ескі  традицияның  жөнімен  екі  батыр  сөз  қағысады.  Сонда  Шо- 
бюан қоқан-лоқы жасап, өз тобының  ішінде ноғайлының атақты батырлары бар 
екендігін  айтады.  Құр  бопсаға  шыдамаған  Биғазы  ұрыспай  жылқысын  тас  тап, 
кейін қайтып кетеді. 
Шобан 14 адамның атын атап, əрқайсысына арнайы сипаттама береді.  
Ал дегенде аларға, 
Алып жерге саларға, 
Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға 
Арыстанбекұлы Сұлтан бар. 
Жырау туғызған нақыл сөздердің талайы мақал-мəтелге айналып, Шалкиіз 
сөзі  ретінде  емес,  ата-баба  мұрасы-халық  мақалы  ретінде  жұртшылық  санасына 
сіңісті болып кетті. 
Əркімге-ақ таныс:  
Ақылсыз достан Ақылды дұшпан артық, 
Жаманнан туған жақсы бар, Адам айтса нанғысыз.  
Жақсыдан туған жаман бар, Бір аяқ асқа алғысыз, 
Жақсылардың  өзі  өлсе  де  сөзі  өлмейді,-сияқты  мақалдар  алғашқыда 
Шалкиіз аузынан шыққан еді. 

 
 
 
25
Сөз соңында жоғарыда айтылған барлық пікірімізді қорытамызҮ Шалкиіз-
қазақ əдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, феномен. 
 
                Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Шалкиіз туралы қандай мəліметтер бар 
2. Шалкиіздің би Темірге айтқан толғауының шығу себептері 
3. Шалкиіздің ерлік туралы шығармасы қайсы  
4. Жырау поэзиясындағы афоризмдер 
5. Шалкиіз бен Махамбет поэзиясының үндестігі неде? 
 
                           Жиембет жырау Бортоғашұлы 
                                        
Бортағашұлы  Жиембет  жырау  Алшын  руынан,  көшпенділердің  əскери 
аристократиясынан  шыққан.  Алшындықтар  тек  қазақ  хандығында  ғана  емес, 
басқа  Орта  Азия  хандықтарында  да  мемлекеттің  тірегі,  əскери  күші  болғаны 
мəлім.  Жиембет-Есіл  ханның  əскербасы  батырларының  бірі,  əрі  жорықшы 
жырауы. Сонымен бірге Жиембет-ел аузынан алынған тарихи əңгімелерге жəне өз 
шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет 
істерінде үлкен роль атқарып отырған қабырғалы би. 
Жыраудың    өмірбаяны,  қай    жылы    туып,  қай  жылы  өлгендігі  жайында 
нақты  деректер  жоқ.  Тек  біздің  заманымызға  жеткен  шығармаларындағы  кейбір 
сəттерден,  халық  жадында  сақталған  əңгіме,  жырлардан,  ескі  шежірелерден 
жырау жайында біраз мəлімет ала аламыз. 
Жиембет «Еңсегей бойлы ер Есім»  жырының басты кейіпкерінің бірі. 
«Сол күнде үш жүздің баласында атақты төрт батыр болар еді. Ұлы жүзде 
Бөгжелі елінен Жабайұлы Жақсығұл деген мерген еді. Қоңыраттан Алатау де- ген 
батыр  еді.  Кіші  жүз  Алшын ... Бортағашұлы  Жиембет  деген  еді.Үйсіннен 
Сүлеймен батыр...» Жырда Жиембеттің ерліктерін суреттеуге көп орын берілген. 
Қазақстан  Ғылымдар  Академиясының  орталық  кітапханасының  қолжазба 
қорында    сақталған    шежірелердің    біразынан  Жиембеттің  атын  ұшыратамыз. 
Солардың бірінде Жиембет жайында мынадай мəлімет барҮ 
                                                    Тана 
 
              Бортоғаш батыр                                                                  Жабу 
 
Жиембет батыр   Жолымбет батыр    Ақымбет             Байбақты батыр 
                                                                                              Əйтімбет батыр 
                                                                                                Жауын батыр   
                                                                                                Қара батыр 
                                                                                                 Дат батыр 
                                                                                                 Салман батыр 
                                                                                                 Сырым батыр 
Тағы бір шежіреде Жиембет-Кіші жүздің ескіде өткен аузы дуалы биі де- 
лінеді. 
Тананың  ұраны-Жиембет.  Атақты  Сырым  батыр  да  жауға  шапқанда  өз 

 
 
 
26
атасы Жиембеттің атын атап шапқан. 
Əрине, шежіреге күмəндануға болады. Əсіресе, сөз арыға-қазақ халқының 
жəне  қазақтың  белгілі  ру  тайпаларының  шығу  тегін  баяндауға  барғанда.  Бұл 
жерде шежіре аңызға айналып кетеді. Алайда, бергі уақыт, беріде жасаған кей- бір 
тарихи адамдардың ата-тегін баяндауға келгенде-шежіре сенімді, нақты де- ректер 
береді. Мəселен, біз Абайдың əкесі, оның əкесі, оның əкесі, т.т. кім болғанын тек 
кəріқұлақ  қарттар  берген  мəліметтерден  ғана  білеміз.  Жəне  бұл-ізде  ешқандай 
күмəн туғызбайды. 
Жігітке ата білмек фарыз деген,  
Мойыныңда жүрмесін қарыс деген,-деп жазған еді бір кезде Нұржан ақын. 
Тіпті  қазіргі  кездегі  орта  буындағы  адамдардың  ішінде  өз  ата-тегін  тарата 
алмайтындар сирек ұшырасады. Бұл түсінікті де. Ол кезде «жеті атасын білмеген-
жетімдіктің  салдары»  деп  есепте-  леді.  Моңғол-түріктердің  тарихын  жазған 
атақты Рашид-ад-Дин былай дейді: 
«Моңғол-түріктер өздерінің ата-тегі жайлы шежіреге айрықша мəн береді. 
Олар бұл шежірені, тіпті тілі жаңа  шыққан жас балаларының да құлағына құйып 
қояды...  Сондықтан,  өз  руының  шежіресін  білмейтін,  өзінің  ата-тегін  тарата 
алмайтын адамдар мүлде ұшырамайды... Бұл-естен кеткен ескі замандардан күні 
бүгінге дейін сақталып келе жатқан салт». 
XIII ғасырда осылай болған. XIX ғасырда да солай болды. Орыс этнографы 
Н.А.Аристов  мұндай  шежірелердің  қазақ  арасында,  тіпті,  жазба  түрінде  де 
кездесетіндігіне назар аударған-ды. 
Кімнен    кімнің    туғаны    бірнеше    буынға    дейін    ұмытылмай    сақталуы 
нəтижесінде  алынған  диаграммалардан  кейде  кейбір  адамдардың  үрім-бұтағы 
өсіп, рулы елге айналғандығы анық көрінеді. 
Əрине,   қазақ   шежірелерін   зерттеу-өз   алдына   бір   мəселе,   біздің 
мақсатымыз-кейбір  шежірелерде  Жиембет  атының  ұшырасуына  селқос  қарауға 
болмайтындығын ескерту ғана. 
Есім    ханның    қабырғалы    билерінің    бірі    болған    Жиембет    қарапайым 
көшпенділер  қатарынан  емес,  қолынан  билік  кетпеген  дала  феодалдарының 
ұрпағынан    екендігі    аңғарылады.  Халық    аңыздарының    жəне    шежіренің    ай- 
туынша,  Жиембеттің  арғы  атасы-Ноғайлыдан  шыққан  атақты   Алау  батыр~ 
Алау-XVI ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам. 
Жиембеттен  қалған  ең  елеулі  мұра-оның  Есім  ханға  толғауы.  Толғаудың 
туу себебі жайында айтылатын əңгімені келтірейік. 
Қалмақ  тайшаларының  бірінен  Есім  ханға  сыйға  бір  сұлу  қыз  жіберілген 
екен.  Оған  Жиембеттің  інісі  Жолымбет  батыр  қызығып,  барар  жеріне  жеткізбей 
жолдан  тартып  əкетіпті.  Хан  алдына  кесе  көлденең  тұрғаны  үшін  Жолымбет 
əуелде  інісіне  қатты  наразы  болған  екен,  артынан  тентектігін  кешіріп, 
татуласыпты.  Енді  Есім  хан  ағайынды  екеуіне  де  қысым  көрсетуді  ойлайды. 
Мұны білген Жиембет бір реті келген жерде ханға осы толғауды айтыпты. 
Толғау 7-8 буынды  жыр  ағымы  үлгісінде  келеді.  Көркемдік  құралдарға 
онша бай емес, көбіне-көп қолданылатыны-теңеу. 
«Қайратым  қанша  қайтса  да»,-деген  сөздерге  қарағанда  шығарма 
жыраудың    жасы    ұлғайыңқырап    қалғанда    туындығы    көрінеді.  Біздің  

 
 
 
27
алдымызда-  ештеңеден  именбейтін,  талай  көксоқтаны  көрген  кəрі  тарлан.  Ол 
ханға тым батым сөйлейді. 
Еңсегей бойлы ер Есім, 
 Есім, сені есірткен 
Есіл де менің кеңесім ! 
Ес білгеннен Есім хан 
Қолыңа болдым сүйесін, 
Қолтығыңа болдым демесін ! 
Есім  қазақ  тарихындағы  ең  жауынгер,  ең  əлуетті  хандардың  бірі  еді.  Ол 
жайындағы  аңыз  əңгімелер,  тіпті  көршілес  халықтардың  да  жадында  сақталған. 
Сондықтан  Есімге  мұндай  сөздер  айту  əмірші  алдында  үлкен  еңбегі,  беделі  бар 
адамның  ғана  қолынан  келер  іс  екені  өзінен  өзі  түсінікті.  Ел  əңгімелеріне 
қарағанда, Жиембет-Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі,оның барлық 
жеңісті  жорықтарының  қаһарманы.  Əсіресе,  жыраудың  батырлығы  ерекше  сөз 
болады. 
Менің ер екемді көргенсің, 
Əуелден бірге жүргенсің. 
 Дегенімді қылғансың 
Қайратымды  білгенсің,-дейді  Жиембеттің  өзі  де.Қайраты  қайда  көрінгені, 
қандай  ерліктер  жасағаны  жайында  айтпайды,  тек  өзін  мадақтаумен  ғана 
шектеледі: 
Менім ерлігімді сұрасаң,  
Жолбарыс менен аюдай, 
Өрлігімді сұрасаң,  
Жылқыдағы асау тайыңдай.  
Зорлығымды сұрасаң,  
Бекіре мен жайындай  
Періктігімді сұрасаң, 
Қарағай мен қайыңдай. 
Жыраудың теңеулерді өзін қоршаған реалдық ортадан ағандығы көрінеді. 
Жөнсіз шалқу жоқ. Сондықтан өте əсерлі шыққан. 
Жиембеттің  бата  сөйлеп  отырғанының  тағы  бір  себебі-оның  жалғыз  еме- 
стігінде,  артында    күшті    руы,  белді  батырлары    тұрғандығында.  «Мен    өлсе 
құнсыз  кетер  деме  сен»,-дейді  ол  Есімге.  İнісі  Жолымбет  батырға  арнаған 
жырында: «Хан  жалғыз  да  біз  үшеу»,-деп  өздерінің  көптігін,білектілігін  айбар 
етеді.Сүйеніш  тұтары-немере  інісі  Байбақты  батыр.  Байбақты-батыр  Сырым 
батырдың  алтыншы  атасы,Торғауыттарға  қарсы  соғыстың  қаһарманы.  Ел 
жадында  сақталған  əңгімелерге  қарағанда  Байбақты  батыр  Жем  мен  Жайық 
бойын  қалмақтардан  босатқан.  Бұл-тарихи  шындыққа  сəйкес  келеді.  Оңтүстік-
Шығыс  Сібірден  Батысқа  ауған  қалмақтар  Ұлы  Ноғай  ордасын  талқандап,  күш-
қуаты кемеліне келіп тұрған кезде, 1635 жылы көктемде ханзада Жəңгір бастаған 
қазақ  əскерлері  Хо-Урлюк  тайшаның  ұлысын  шабады.  Бет  қарай  алмаған  Хо-
Урлюк  Жем  бойындағы  орнығып  қалған  қонысын  тастап,  Жайықтан  ары    өтіп  
кетеді.  Осы  оқиғадан  соң  Жем  жəне  Жайықтың  сол  жағалығы қайтадан қазақ 
руларының көші-қонына айналады. 

 
 
 
28
Жиембет  өмір  сүрген  дəуір-қазақтардың  сыртқы  жауларға  қарсы 
қаһармандық  күресінің  дəуірі-тін.  Бұл  кездегі  ең  басты  дұшпан  Жоңғардан 
шыққан қалмақтар еді. 
XVI ғасырдың аяқ кезінде қалмақтар қазақ хандығына тəуелді болды. İнісі 
Ораз-Мұхамедтің  тұтқындалуына  байланысты  Тəуекел  ханның  Москваға 
жіберген  елшілігі  жайындағы  материалдарда  Тəуекел  «қазақ  пен  қалмақтың 
ханы»  аталған.  Москваға  келген  қазақ  елшісі  Құл-Мұхамед  Ораз-
Мухамедке:«Ағаң  Тəуекел  өзі  қазақтарға  хан  болды  да,  інісі  Шахмахметті 
қалмақтарды  би-  леуге  отырғызды~  қазір  екі  орта  қатар,  аралас-құралас  көшіп 
жүр»,-дейді.  Бұл  жайдың    қаншаға    созылғанын    білмейміз,-XVII  ғасырдың  
екінші    он    жылдығында  қайта  күшейген  қалмақтар  өздерінің  жортуылдары  мен 
көршілерінің  тынышын  ала  бастайды~  қазақтар  мен  қалмақтардың  арасындағы 
қақтығыстар күн санап көбейе береді. 
Қазақтардың ойраттарға қарсы XVII ғасырдағы күресі-көбіне жеңісті,сəтті 
болып отырғанмен де аса тынымсыз,елдің тынышын кетірген ауыр күрес еді.Осы 
кездегі оқиғалардың кей бірінің елесін Жиембеттің Есімге толғауынан да көреміз. 
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,  
Соқыр бурыл байталға 
Сонда бір жайдақ мінгенсің.. 
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, 
Қаланың қасы бүлгенде Хандар қалаға қылаған 
Сұлтандар суға сылаған 
Қаз мойынды ханша 
Қалада тұрып жылаған... 
Есім  хан  тұсында  қалмақтар  мен  соғыс 1620, 1627, 1628, 1635 жылдар 
болған.  Осының  бəрінде  де  қазақтар    жеңіске  жетеді.  Жоғарыдағы  үзіндіден 
қалмақтардың аңдаусызда шапқаны жəне бұл жолы қазақтар үлкен бүлгіншілікке 
түскендігі  көрінеді.  Соған  қарағанда  Жиембеттің  еске  алып  отырғаны-
қалмақтардың 1620 жылғы  жорығы  болуға  тиіс.  Бұл  жолы  қалмақ  тайшалары 
қапыда  соғу  үшін  Есімге  бітім,  тыныштық  жайындағы  ұсыныстар  мен  елші 
жібереді де,кенет қазақ  ауылдарына  бас    салады,  көп    жұртты    қырғынға 
ұшыратады.  Алайда,  қазақтар  көп  ұзамай  есін  жиып  алады  да,  қалың  əскер 
шығарып, қалмақтарды харап етеді. Жоғарыдағы сөздеріне қарағанда Жиембет те 
осы оқиғаның куəсі болған, жəне сол соғыста көзге түскенге ұқсайды. 
Толғаудың  тарихи  екендігін  аңғартатын  тағы  бір  дерек-ондағы  ханды 
кемсіте  айтылған: «тас  қалаға  жан  сақтап»,-деген  сөздер.Есім  хан  заманында 
қазақ  хандарының  ордасы  қалада-Түркістан  болғаны  мəлім.Ал  қалада  тұру  ол 
кездегі  қазақтардың  ұғынуынша  онша  қызығарлы  тұрмыс  емес,  көшпендінің 
стихиясы-  самал  жел  ескен  боз  селеулі  кең  дала,  бұл-ханға  да,  қараға  да  тəн 
қасиет. «Біз-сахаралық көшпенділерміз. Бар байлығымыз-жылқыда. Оның - терісі 
киіміміз, еті - тамағымыз, ал биенің сүтінен ашытылатын қымыз - шарбатымыз... 
Біздің жерде бау-бақшалар да, сəнді сарайлар да жоқ», - деген екен Моғолстанның 
əмірі  Сұлтан - Сейітке  қазақтың  ханы  Қасым.  Жəне  соны  мақтаныш  тұтқан  да 
сияқты. Жиембеттің мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі қаншама жоғары 
болғанмен,  оның  хан  мен  тартысының  аяғы  насырға  шабады.Сірə,конфликтінің 

 
 
 
29
түп-төркіні  Жолымбеттің  тентектігінде  ғана  жатпаса  керек.  Шындығында  бұл - 
өзін жартылай болса тəуелсіз күйде ұстағысы келген  ірі  феодал  мен  мемлекет  
басында  отырған,  ел  бірлігіне  ұмтылған əміршінің арасындағы күрес еді. Халық 
жадында қалған аңыздардың айтуынша, тартыс Жиембеттің жеңілісі мен тынады. 
Жыраудың  өз  өмірін  қуғында,  астана  Түркістаннан  аулақ,  шалғай  жерде 
аяқтағандығы аңғарылады. 
                                  Марғасқа жырау 
Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз 
мақсатын  орындау  жолында  жеке  ұлыс-тайпалардың  хандары  мен  ірі  феодал- 
дарының  қарсылығын  тойтарып  отыруына,  кейде  қантөгіске  баруына  да  тура 
келді.   Есімнің      жолына      кесе-көлденең      тұрғандардың      бірі-Қатаған,   
Шанышқылы  руларының  ханы,  Ташкентті  билеуші  Тұрсын  еді.  Тəуелсіз  əмірші 
болғысы  келген  Тұрсын  Есімнің  қалмақтарға  қарсы  жорыққа  кетуін  пайдаланып 
қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Бұл оқиға халық санасында 
үлкен  із  қалдырған. «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  жыры  Тұрсын  ханның  ел  шабуы 
жайында былай дейді: 
Қырғын салды қазаққа  
Самалын құдай оңдады.  
Кезіккендер қырылып,  
Алды-артына аңдады. 
Қара жерді қандады,  
Буаз қатын кез келсе,  
Ішін тіліп жайлады.  
Бас қамында анасы, 
Шырылдап жылап баласы,  
Бесіктер қалды жол-жолда,  
Найзамен түйреп жамғарды. 
Өлікпенен бөгеді, 
Қыр мен адыр, сайларды.  
Ошаң етер адам жоқ,  
Сансыз көрді пайданы. 
Бұл-ағасына   інісі   пышақ   ұрған   соғыс   еді.   Көп   ұзамай-ақ   кезек 
Қатағандарға  келеді.  Ызақор,  дұшпанына  мейірімсіз  Есім  жорықтардан  орала 
салысымен    Ташкентті    шауып    алып    Қатағандарды    қырғынға    ұшыратады. 
Тұрсын  ханның  өзін  өлтіреді.  Бұл  оқиға,  Абылғазы  баһадүр  ханның  айтуынша, 
1627 жылы болған. 
Есім  ханның  батырларының  бірі,  əрі  жорықшы  жырауы  Марғасқаның 
біздің    заманымызға    жеткен    бір    өлеңі    осы    оқиғаға    байланысты    туған.  Ел 
əңгімелерінің  айтуынша,  Есім  хан  тұтқиылдан  шауып  Ташкентті  бір-ақ  түнде 
алған  екен.  Есім  ханның  жауынгерлері    Тұрсын  хан  жатқан  сарайды  қорушы 
күзетшілерді  у-шусыз  жайғастырып  тастайды.  Енді  ішке  кірмек  болған  Есімнің 
қасындағы  əрі  батыр,  əрі  жырау  МарғасқаҮ  «Тақсыр,  сіз  тұра  тұрыңыз,  мен 
барайын»-деп    сарайға    енеді.  Тұрсын    бейқам,  ұйқыда    жатыр    екен.Марғасқа 
қарусыз ханды байлатып алады. 
Байлатардан  бұрын  ханның  кеңірдегіне  жалаң  қылышты  төсеп  тұрып 

 
 
 
30
оятып алып, Марғасқа былай дейдіҮ 
Ей Қатағанның хан Тұрсын, 
Кім арамды ант ұрсын !  
Жазықсыз елді еңіретіп, 
Жер тəңірісіп жатырсың.  
Хан емессің, қасқырсың, 
Қара албасты басқырсың!  
Алтын тақта жатсаң да,  
Ажалы жеткен пақырсың !  
Еңсегей бойлы ер Есім  
Есігіңде келіп тұрҮ 
Алғалы тұр жаныңды, 
Шашқалы тұр қаныңды!  
Бұл    жырдан    Марғасқаның    от    тілді,өжет,  аса    талантты    ақын    екндігі 
аңғарылады. Өлең Марғасқаның халық əңгімелерінде айтылатындай шынында да 
жауынгер, жорықшы жырау болғанын көрсетеді. 
          Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Жиембет қандай ортадан шыққан 
2. Есім ханға толғауында не айтылады  
3. Марғасқа туралы не білесің 
4. Тұрсын ханға толғауы қандай жағдайға байланысты айтылған  
5. Есім хан кім болған? 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал