Арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#67
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

                                   
Көтеш - қазіргі Павлодар облысының территориясында туып өскен. Сүйегі 
Арғыннан,  Арғын  ішіндегі  Сүйіндіктен  тарайтын  Сексен  аулынан.Болашақ  ақын 
бала  кезінен-ақ  атағы  шығып,  ауызға  іліне  бастайды.Оның  алғаш  көзге  түсуі - 
Абылай хан алдында. 
Көтеш  өлеңдерін  жиыстырған  Мəшһүр  Жүсіптің  айтуынша,бірде  Абылай 
құныкер  болып,  қарашылармен  арасында  үлкен  дау  шығады.  Сонда  ешкімге 
белгісіз  бала  жігіт  Көтеш  сөзге  көлденеңнен  араласып,  өз  руы  атынан  ханнан 
өлген кісісі үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етеді 
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, 
 Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің? 
Хан басың қарашыңмен даулы болып, 
Үстіне ақ орданың қол келтірдің! 
Абылай,күйіп кетті салған қалаң, 
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң. 
Жанайды дəл бүгін күн босатпасаң,  
Болады ертең жесір қатын-балаң! 
Арғыннан  тараған  бес  Мейрамнан  ру    намысын  жоқтап  үш  мыңдай  адам 
атқа қонған екен, Абылай ұрысуға шыдамайды, өлген кісінің құнын, оған қоса көп 
айып төлейді. 
Көтештің  өмір  сүрген  дəуірін  анықтауға  себі  тиерлік  осы  оқиғаның  қай 
жылдары  болғанын  дөп  басып  айта  қою  қиын.  Сөз  жоқ,  айтылмыш  дау  Абы- 
лайдың ресми түрде Орта жүз бен Ұлы жүзге қабат хан болып жарияланып, билігі 
де, əскери қуаты да күшейген кезден (1770ж.) көп бұрын  шыққан. Мəшһүр Жүсіп 
баяндаған  оқиғадағы  бізге  қажетті  тағы  бір  дерек - бұл  кезде  Қаз  дауысты 
Қазыбектің жоқтығы~ ханға қарсы аттанғандары бастаушы оның ұлы Бекболат би 
болады.  Ал  Қазыбектің 1763 жылдар  шамасында 97 жасында  дүниеден  кешкені 
белгілі. яғни айтылмыш оқиға 60-жылдарда болғандығы аңғарылады. 
Сонымен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп Көтеш ақын 1745 жылдар шама- 
сында туған деп айта аламыз. 
Ел аузындағы əңгімелерге қарағанда  Көтеш 73 жасында  дүние салыпты. 
Енді    бір    деректерде    басқа    сан    айтылады,  бірақ    олардан    да    ақынның 
қартайынқыраған  кезінде  өлгендігі  көрінеді.Халық  жадында  Көтеш  жайында 
сақталған əңгімелердің бір алуаны – оның қазасы төңірегінде. 

 
 
 
54
Көтеш  өлең  айтып  ел  аралап  жүрген  кезінде  жапан  түзде  төрт  ұрыға  кез 
болады.  Ұрылар    аударып    атын    алып,  ен    ді    өзін    өлтіргелі    жатқанда    қарт 
ақынның : 
Жолыңды айт, ей төрт жігіт, ел болғайсың,  
Төртеуің көк байталға тең болғайсың,  
Кінəсі жоқ Көтешті тонап алып, 
Айдабол  мен  Күдікке  жем  болғайсың,-деген  бір  ауыз  өлең  айтуға  ғана 
шамасы келіпті. 
Кейін Сексен елі Көтешке іздеу салады.İздеушілер бір ауылда балалардың 
осы өлеңді айтып жүргенін естіп, сол арқылы айыпкерлерді табады. Көтештің руы 
ақындардың өлімі үшін құн даулап алыпты. 
Енді  бір  əңгіменің  айтуынша,  Көтеш  айтысқа  түсіп  жүрген  кезінде  бір 
руды, оның басты адамдарын қатты сөгіп жамандаған екен. Кейін сол жаққа бара 
қалғанда,сол  елдің  байларының  бірі  ақынды  ұстатып  алып,өлесі  қылып  сабап, 
байлатып  қойыпты.Көтештің  қазасы  осы  жолы  болған  екен.Ақынның  байлаулы 
тұрғанда айтқан өлеңі былай басталады: 
Алдымнан алты пұшық анталады, 
 Тілге келмей біреуі балталады. 
Осы ауырудан сірə жан қалмас білем,  
Балтасы тиген жері қанталады... 
Елінен шыққан іздеушілер Көтешті  кімдер өлтіргенін осы өлең бойынша 
табады.  Құн  даулап,  ердің  өз  басы  жүз  жылқы,  өнері  жүз  жылқы  деп  екі  жүз 
жылқы  алыпты. 
Сонымен, Көтештің өлімі қақындағы əңгімелер бір-ақ нəрсеге саяды, ол - 
ақынның кісі қолынан өлуі. 
Көтеш - ипровизатор.Халқымыздың    əдеби    мұралары    жайында    құнды  
еңбектер  қалдырған  А.Е.Алекторов  өзінің  бір  мақаласында    импровизаторлар 
жайында  айта  келіп,олардың  ақындық  қуатына,өлең  шығарғыштық  қабілетіне 
таңырқайды.Қазақ  ақындары  кез  келген  тақырыпқа,  ешқандай  алдын  ала 
дайындықсыз,табан аузында өлең шығарып айта береді дейді ол. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  Көтеш-таза  қазақ  түсінігіндегі  ақын  жəне  күшті 
ақын.  Көтештің    бізге    жеткен    өледері    түгелдей    экспроммтпен    айтылған 
шығармалар. 
Көтеш-кез  келген  нəрсені  өлеңге  айналдыра  алатын  ақын,  жəне  күй 
талғамайтын жүйрік. 
Бірде жаңа жұртқа қонғанда, азғана қойы түнде қотанда жатпай,өре береді. 
Сонда Көтеш қойларына арнап былай жырлайды: 
Қойым-ау, кел қойсаңшы өргеніңді,  
Мен айтамын көзіммен көргенімді
Құйрығыңды бір ит-құс алып кетсе,  
Сен оннан ала алмассың бергеніңді. 
Əйелі қазымыр, келіні шайпау болып, Көтеш қартайған кезінде от басының 
қызығын көре алмапты.Бірде ел көшкенде жуас атты келін мініп, қарт ақынға асау 
байтал  қалады.Ол  заманда  көш  жөнекей  ауылдың  ақсақал,  қарасақалдары 
мəслихат  құрысып,өз  алдына  бір  бөлек  жүріп  отырады  екен.Бір  құрдасы 

 
 
 
55
келіп:«Ақын, жүр, көш алдына шығып аяңдай берейік»,- дегенде асаудан именіп 
келе жатқан Көтеш қарланып былай дейді: 
Қартайғанда қатының дұшпан болды,  
Баласымен бірігіп қысқан болды.  
Келін деген бір пəле тағы шығып,  
Біреуі іштен, біреуі тыстан болды. 
Қартайғанда қатының қазба дейді,  
Келін менен балаға жазба дейді. 
Ат болса, айғыр болса солар мініп,  
Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.  
Бала-бала деуменен мазалымыз,  
Баладан болар білем ажалымыз.  
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,  
Келін деген даяр тұр тажалымыз. 
Бұл  сөздерді  естіген  шайпау  келін  атасын  тағы  ианаттайды.  Сонда 
ашынған Көтеш оған да өлеңмен жауап қайырады. 
Жоғарыда  келтірген  өлеңнен  Көтештің  шаруасы  шағын  адам  болғандығы 
көрінеді. Ел əңгімесіне қарағанда ақын өмір бойы кедейшіліктің тақсіретін тартып 
өтіпті.Алайда тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін 
жағын  жалдап,тілін  беземеген,тіленшіленбеген.Бұл-Көтештің  арлы  ақын 
болғандығын көрсетеді. 
Көтеш  қартайған  шағында  аурулы  болады.Жарлылығының  жəне 
сырқаттылығының  салдарынан  ақынның  кейде  елмен  бірге  көшіп  жүре 
алмай,қыстауда  қалып  қоятын  кездері  де  болған.  Көтештің  бұл  кездегі 
өлеңдерінен өзінің қолының қысқалығына налу,өмірге наразылық сарындарының 
кейбір нышандары байқалады. 
Сексен ерікке қоймады-ау қалжыратып 
Қайтып өлең айтармын алжып жатып,  
Сексен түгіл тоқсанға болмас едім, 
Ұсақ турап ет берсең балбыратып,-дейді жетімсіздіктің зарын шеккен қарт 
ақын.  Алайда  бойда  қуат,  жүректе  от  бар  күн  артта  қалғандығын  мойындап, 
өлімге бет бұрады: 
Кəріліктің, жылы жұмсақ ас жарай ма, 
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма? 
Кəрілік, мұның бəрін жақтырмайсың, 
Үйген топырақ, қалаған тас жарай маƏ? 
Өлеңге бөгелмейтін тапқыр Көтеш өз заманында талай айтыстарға да түсіп 
жүрген.  Шал  мен  екеуі  бізге  белгілі  айтыс  ақындарының  ішіндегі  ең  көнелері. 
Алайда,  Көтештің  айтыстарының  дені  сақталмаған.Ал  сақталғандары-негізінен 
бірер ауыздан ғана келетін қақпа сөздер. 
Көтештің біздің заманымызға жеткен айтыстарының ішіндегі ең көлемдісі 
- оның арсыз қызбен айтысы. 
Қыпшақта  ақындығымен  ғана  емес,  өлеңде  тұрпайы  сөйлеуімен  де 
«даңқы»  шығып,  арсыз  атанған  ақын  қыз  болған  екен.  Сол  қыз  бір  тойда 
біріненсоң бірімен айтысып, қатарынан тоғыз жігітті жеңеді.Содан соң қарсылық 

 
 
 
56
білдіргеніне қарамастан жұрт қызбен айтыстыруға Көтешті алып барады. 
Көтеш есіктен аттамастан-ақ қыз оның сақалының ағына қарамай: 
...Қызарған екі көзі маймылдай шал, 
 Тұсыма қайдан менің кезің келді,-деп бастайды сөзді. Көтеш дөрекі жауап 
береді. Қыз да «өткір» сөздер таба алады, енді Көтеш одан да асып түседі.Айтыс  
өстіп «дами» береді. Екі жақ өзара балағаттасуға бармайды, бірақ одан əлдеқайда 
тұрпайы сөздерге келіседі. 
Əйел  мен  еркектің  дене  мүшесінен,  олардың  қимыл,  əрекетінен 
айтылмаған  ештеңе    қалмайды.Көтеш  өлеңдерін    жинастырған    Мəшһүр    Жүсіп  
айтысты  аяғына  дейін  жазып  шығуға  төзімі  жетпей, «мылжыңдай  беріп  не 
қылайын, ақыры алжыған шал жеңеді ғой» деп аяқтайды сөзін. 
Көтештің арсыз қызбен қағысы - ескі айтыста бейпіл сөйлеудің үлгісі. Осы 
сөздің  толық  мағынасындағы  импровизатор  ақын  болды  дедік.  Сондықтан  да 
оның  аузынан  шыққан  жырлардың  дені  ұмытылған.Алайда,  біздің  дəуірімізге 
жеткен    шығармаларынан-ақ    Көтештің  XVIII  ғасырдағы    қазақ    əдебиетінде 
өзіндік орны бар ақын екендігі көрінеді. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Көтештің алғаш ақын атанып көзге түсуі қандай жағдайға байланысты? 
2. Ақын жейында ел аузында қандай əңгімелер сақталған? 
3. Көтештің суырып салма ақын болғандығына мысал келтірің 
 
 
ХIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ  ƏДЕБИЕТІ 
XIX  ҒАСЫРДЫҢ  АЛҒАШҚЫ  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  ҚОҒАМДЫҚ-
ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ. 
XIX  ғасырда  дала  өлкесін  меңгеру  ісін  бұрынғыдан  гөрі  батыл  жүргізе 
бастаған  Ресей  патшалығы  қазақ  елін  билеу  ісіне  тікелей  араласты.  Қазақ 
хандығын жойып, аға сүлтандық əкімшілік басқару тəртібін орнату жобаларын 
іске асыра бастады. Бұрынғы атадан балаға ауысып келе жатқан хандық билік 
орнына  сайланып  қойылатын  сұлтандар  əкімшілігі  орнатылды.  Сырт  формасы 
сайлау болғанымен ұлықтар келісімінсіз, олардық ұйғарымынсыз ешбір сұлтан 
əкімшілік  ісіне  өз  бетінше  кірісіп  кете  алмады.  Əйткенмен  де,  бұрынғы  тек 
тұқым қуған хандар иелігінен мұның кейбір өзгешеліктері де бар еді.  
Сұлтандыққа қарсы болған ақсүйек, төре түқымдары хан атағын əлі де 
сақтап қалу мақсатында бар амалдын, бəрін жасады. Бұл наразылық нəтижесіз 
де  емес-ті.  Мəселен,  патша  тарапынан  Жəңгір  өле-өлгенше  Бөкей  ханы  боп 
есептелінді.  Оның  билігін  өзгертумен  көп  шұғылданбады.  Жəңгірді  басқа  жүз 
хандарынан  беделді  тұтып,  оны  казақ  даласына  ықпал  етудің  қол  шоқпарьна 
айналдырды. 
 Бірақ  Еділ  мен  Жайық  өзендерінін  ортасындағы  Бөкей  ордасы  басқа 
сырт елдерімен көп байланыс жасай алмады. Тек Россиямен тікелей байланыс 
жасап,  өз  хандығынын,  елге  саяси  ықпалың  нығайтуды  ойлады.  Көрші 
Россияның  қалалары,  станциялары  мен  қазақ  халқы  арасында  товар,  ақша, 

 
 
 
57
айырбас,  базар  қатынастары  ұлғайды.  Рулар  арасындағы  өзара  тартыстар 
бəсеңдеп,  таптық  кайшылықтар  айқындала  бастады.  Бөкей  ордасына  қарасты 
құнарлы жер үстемдер меншігіне бөлініп берілді. Шаруалар жер қысымын көріп, 
елде шаруалар мен феодалдар арасындағы наразылық үдеді. 
  «XIX 
ғасырдың 30-жылдарында,-деп 
атап 
көрсетіледі,-Қазақ  
тарихында,- мал бағуға жарамайтын жерлерді есептемегенде,хандықтың барлық 
жері  дерлік  тек  кана  феодалдардың  иелігінде,  болды ол жерлерді жайлағаны 
үшін  шаруалар  феодалдарға  ақшамен,  малмен,  басқа  түрлі  өнімдерден  ақы 
төлеуге  немесе  байдын  шаруашылығында  жұмыс  істеп  өтеуге  тиісті  болды»
1

Жəңгір  хан  да  өзінің  ата  жолын  қуған,  қатал  да  озбыр  ұлық  болып,  оның 
тұсында  халық  тыныштығы  мүлде  бұзылды.  Оған  сүйенген  қазақ  билері, 
сұлтандары  мен  старшындары  білгендерін  істеп,  берекесіздікті  өршітті. 
Жəңгір  ханньң  тұсында  халықтың  күйзелісі  адам  айтқысыз  ауырлады.  Əсіресе, 
қазақ  шаруаларын  есепсіз  алым-салық  мықтап  қажытты,  Салықтың  түрі 
көбейіп,  оларды  мезгілінде  өтеу  қиынға  түсті.  Салық  жүн,  тері,  киіз,  мал,  
ақша түрлерінде үй  басына  бірдей мелшерде белгіленіп, кедейдің күнкөрісін 
тым  ауырлатып  жіберді.  Бұған  қоса,  Ішкі  Орда  шаруалары  жер  қысымына 
ұшырады. Мүндай феодалдық қысымдар казақ өлкелерінің барлығында да (əр 
түрлі дəрежеде болса да) өріс алып жатты.  
XIX  ғасырдын,  алғашқы  ширегінен  бастап  қазақ  жерінде  феодалдық 
қысымдарға  қарсы  күрестер,  козғалыстар  етек  алды.  Қазақ  шаруаларының 
төзімі  таусылып,  əр  тұстан  ереуілдерге  шығып,  ашық  бой  көрсету,  зорлықка 
қарсы  наразылық  білдіру,  бұйрықтарды  орын-даудан  бас  тарту  сияқты 
стихиялы  қозғалыстар  көбейді.  Осы  түстағы  ірі  тарихи  қозғалыстың  бірі  осы 
Ішкі Ордада болған еді. 
    Х1Х  ғасырдың 30-жылдары  Ішкі  Орда  шаруаларының  хан-сұлтандар 
мен  бай-билер  қысымына  қарсы  күресі  ашық  айқасқа  айналды.  Көтерілістiің 
туын  Беріш  руынан  шыққан  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісүлы 
сияқты  өжет  ерлер  көтеріп,  халық  кегін  алу  жолында  ханға  қарсы  күрес 
бастады. 
   Исатай  мен  Махамбет  бастаған  шаруалар  кетерілісі 1836—1837 
жылдар  арасында  өзінің  шарықтау  шегіне  жетті.  Халықтың  алып  күші  хан 
ордасын қайыстырып, недəуір қауіп төндірді. Халық қаһарының, ел намысының 
іште қайнаған ыза-кегі өрши түсті. Бірақ қару-жарағы жəне соғыс тəжірибесі 
аз  көтерілісшілер,  олардың  басшылары  екі  жүзді  ханның  зымиян  айласына 
алданып,  зұлымдар  құрған  тұзаққа  түсті.  Халықтың  камал  бұзар  орасан  зор 
күш-қайраты  орынды  жерде  дер  кезінде  жауына  қарсы  жұмсалмай  еш  кетті. 
Сөйтіп,  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  көтеріліс  ойлаған  мақсатына  жете 
алмады. Қарапайым соғыс құралдарымен жарақтанған қалың бұқара патшаның 
зеңбірегі мен бораған оғына төтеп бере алмай, жеңіліс тапты.   
     Исатай  мен  Махамбет  бастаған  Ішкі  Ордадағы  қозғалыс  та  басқа 
козғалыстардың  бəріне  ортақ  заңды  қайшылықтардан  құр  болған  жоқ. 
Керісінше,  бұлдағы  сол  қайшылықтардың  ауыр  зардабын  тарткан  күрестердің 
бірі болып есептеледі
1


 
 
 
58
Халық  қозғалысының  жалынды  жаршысы,  бойындағы  талантын  жауға 
қарсы  атылған  жай  оғымен  қабат  жөнелтіп,  қылышы  мен  сөзін  бірге  сілтеп 
өткен əрі батыр, əрі ақын — Махамбет Өтемісүлы болды. 
Осы  кезде  қазақ  арасында  Ресей  патшалығына  деген  наразылықтарды 
Орта  Азия  хандықтары  одан  əрі  қоздыра  түсу  əрекеттерін  жасады.Əсіресе, 
Оңтүстік  Қазақстан  еліне  ықпал  етуді  көздеген  Қоқан,  Хиуа  бектері 
Қазакстанның шектес жерлерін басып алып, өздерінін əмірлерін жүргізді. Хиуа 
ханы Кіші жүздің Россияға наразы төре-сұлтандарымен байланыс жасап, оларға 
қару-жарақ  беріп,  елден  зекет  жинатты.  Қокан  ханы  қазақтьң  Оңтүстік  өлкесін 
түгелдей  дерлік  өзіне  қаратып,  ол  елдерден  ауыр  алым-салықтар  алып,  езе 
түсті. Осыдан 1821 жылы Оңтүстік өлкесінде Қоқан басшылығына қарсы Тентек 
тере  бастаған  қозғалыс  басталды.  Кейін, 1851—1853 ж.  Жетісуда  Сұраншы 
бастаған  көтеріліс  болды.  Бірақ  қазақ  феодалдарыньң  опасыздығы  бұл 
көтерілістерді де нəтижесіз аяқтатты. 
Хандык  билікті  көксеген  қазақ  феодалдары,  хан-төре  түқымдары  халық 
наразылықтарын  өз  мақсаттары  үшін  пайдалану  əрекеттеріне  кірісті.  Ол  үшін 
мүсылман  дінін  бетке  үстауға  тырысып  бақты. 1820 жылдары  Кiші  жүздің 
оңтүстігінде  Арынғазы  өзін  хан  жариялады.  Оны  Хиуа  ханы  колдады.  Ал 
Орта  жүзде 1825—1826 жылдарда  Ғабдолла  Уəлиев,  Саржан  Қасымовтар 
хандық  үшін  күрес  ашты.  Қоқандықтардың  көмегімен  олар  қазақ  елін  тонап 
отырды. Бұларға кейін, қырқыншы жылдар ішінде, Кенесары Қасымов бастаған 
қозғалыс жалғасты. Кенесары қолы көптеген қазақ руларын, көрші қырғыз елін 
ауыр  азапқа  салды.  Орыс  бекіністеріне  де  тап  беріп,  талай  қан  төгіс  ұрыс 
жасады.  Хан бөлтіріктерінің қолына ілкіде алданып түскен  ел кейін біртіндеп 
олардан  іргесін  аулақ  сала  бастады.  Хандықты  мақсат  тұтқан  Кенесары 
төлеңгіттерін  ғана  төңіректеп,  бұрынғы  мекенін  тас-тап,  қалың  елден  бөлініп 
кеткендердің тағдыры да қадірсіз қазамен аяқталды. Мысалы, Кенесарының өз 
тағдыры да дəл осындай болған-ды. 
Қалың  қазақ  бұқарасының    орыс  халқымен  қарым-қатынасы  нығайып, 
бірте-бірте  жақындасуы  нəтижесінде  қазақ  халқының  мəдениетіне  де  көптеген 
өзгерістер  енді.  Орыс  халқының  жер  өңдеу  кəсібі,  сауда-саттық,  отырықшылық 
тұрмысы,  ілгері  мəдениеті,  оқуы  елге  əсерін  тікелей  тигізіп  жатты.  Орыс 
мектептерінде оқу арқылы қазақ жастарына алғаш рет европалық тəрбие алуға 
жол  ашылды.  Қазақ  өлке-сіне  ұлы  орыс,  озық  Батыс  мəдениетінің  дабылы 
тарап,  өндіріс  пен  өнеркəсіп,  ақшалай  айырбас,  саналы  өнер  өрнектері,  жаңа 
өмір  көрі-ністері  ықпал  ете  бастады.  Бірақ  феодалдық  қоғамның  ауыр  салма-
ғында  жаншылған  бұқара  халык,  бой  жазып,  өнер  жолына  еркін  түсіп  кете 
алмай, қоғамдық қайшылықтар құрсауында ұзақ жылдар қамалды. 
Жоғарыда  аталған  хандық  мақсаттағы  козғалыстар  феодалдык 
идеологияны  да  күшейтті  Феодалдық  күрес  қайраткерлері  өздерінің  жеке 
таптық мақсатын халыктық іс деп таныту əрекеттерін де жасап бақты. 
Өздерінің сөзін сөйлеп, жырын жырлайтын ақындар ұстап, солар арқылы 
өздерін  ел  намысын  қорғап  жүрген  ардагерлер  етіп  танытуға,  сөйтіп  елді 
соңынан ертуге бар күштерін салды. 

 
 
 
59
Осыдан  келіп  əдебиетте  қошаметшіл  ақындар  пайда  болды.  Олар 
феодалдық  құрылысты,  Жəңгір,  Баймағамбет,  Кенесары,  Наурызбай  сияқты 
хан-сұлтандарды  дəріптеді(Байтоқ,  Жанұзақ,  Медеубай,  Досқожа,Нысанбай 
т.б.)-Қошаметшіл  сарай  ақындары  жасаған  əдеби  туындылар  жеке  бастың 
қамынан  туған,  өмір  шындығьна  жанасымы  кем  құрғақ  мақтау, «тақсырлар» 
алдында  бас  иген  дəрменсіз  поэзия  еді.  Əдебиет  тарихына  қосқан  үлестері 
болмағандықтан,  бұл  акындарды  сөз  етіп  жатпаймыз.  Өйткені  əдебиет  жеке 
адамдар мүддесіне кошамет етумен емес, қоғам-дық пікірлер көтеріп, əлеуметтік 
қайшылықтардың  бетін  аша  білумен,  заманының  шындығын  танытып,  өз 
дəуірінің  көкейкесті  мəселелерін  көтеріп,  ел  тілегін  көркем  тілмен  бейнелей 
білумен бағалы. 
Осы кездің тарихи-əлеуметтік жағдайын баса жырлаған, қоғамның жаңа 
бетбұрысына  наразылык  білдіріп,  ескі  дəстүрді  жалғастырған  акынның  бірі — 
Дулат  Бабатайұлы  болатын.  Ол  бұрынғы  ата-баба  жолын,  қаһарман  батырлар 
ерлігін  жоқтаған,  аға  сұлтандық  өктемдікті  сынап,  оған  қарсы  өткір  сөздер 
жүмсаған,  өз  кезінің  саяси  күресіне  белсене  араласкан,  заманының  белгілі 
ақыны болған. 
              Аға сұлтан, казының, 
              Ел сілкінді ісінен:    
               Ауылдын, атка мінері — 
              Жемтікке қонған күшіген 
              Өзі тойса мəз болды,  
               Ел іргесін сақтамай... 
Ақын  елдегі  күйзелістің  бəрін  сол  қоғамдық  өзгерістің  туындысы  деп 
танып,  тəуелсіздікке  ерлік  күрес  арқылы  жетуге  болады  деп  білді.  Сондықтан 
Дулатты  жеке  адамдардың  хан-салтанатын  жырлап  өткен  кейбір  сарай 
ақындарымен  шатастыруға  əсте  болмайды.  Ол—ескішіл,  екі  ұшты  түсінікте 
болғанымен,  əлеуметтік  сарында,  ел  өмірі,  дəуірі  туралы  келелі  ой  қозғаған, 
тəуелсіздікке.  үндеген,  əдебиетте  өзіндік  орны  бар  ақынның  бірі.  Ол  өзіне 
дейінгі  Асан,  Бұқар  жыраулар  сияқты  дəстүрді  ұстаған  атақты  жырау,  солар 
бастаған  əдебиет  сарынын  жалғастырушы.  Дулат  творчествосы—аға 
сұлтандық  билік  тəртібін  қатты  сынаған,  патшаның  отаршылдық  саясатына 
наразы  болған,  елдегі  үстемдер  тобының  барлығына  қарсы  өжет  ақындық 
танытарлық, реалистік бағыттағы творчество. 
XIX  ғасырдағы  қазақ  əдебиеті - өзінің  мазмұны  мен  идеясы  жағынан 
біраз  ілгерілеген,  қоғамдық  мəні  зорайып,  əлеуметтік  беті  айқындала  бастаған 
əдебиет.  Бұл  кез  əдебиетінде  дəуір  көрінісі  айқын  бейнеленеді.  Үстем  қоғам 
билеген  заман  сыры  жан-жақты  ашылып,  коғамдық,  ұлттық  сананың  ояна 
бастағаны, əлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық, таптық қайшылықтар жырланып, 
қазақ  ақындарының  ел  ісіне  белсене  араласып  жатқан  кезеңі  танылады. 
Патшалық,  аға  сұлтандық  өктемдіктерге  жергілікті  үстемдер  озбырлығы 
қосылып,  қалың  ел,  еңбекші  бұқараның  қасіреті  молайып  жатқан  бұл  кез 
поэзиямызда  өзінің  реалистік  сипатын  табады.  Шыдамы  таусылып,  басқа 
амалы қалмаған шаруалардың қолына қару алып, хан-төре, аға сұлтан тобына 
қарсы аттанғаны үлкен оптимистікпен жырланады. 

 
 
 
60
Қазақ  поэзиясы  бұрынғы  бірыңғай  сарыннан  арыла  бастайды,  батыл 
істерді  жақтайды.  Бұрынғы  кейбір  жыраулар  алланың  рақымын  тілеп  «жақсы 
патша», «мейірімді  хан-сұлтандарды»  ақылға  шақырып,  кем-кетік,  жоқ-жітікке 
аяушылық  жасап,  мейірімді  іс  қылуға  үндеп,  əділет  жолын  меңзеп, 
адамгершілік  ақылдар  айтып,  ағайыншылыққа  баулу  немесе  алыстан  тоят 
тілеп, басқа бір қияли өмірді, жайлы өңірді, жағасы жаз, суы бал «жер ұйық», 
күні  нұрлы,  жанға  рақат,  малға  жайлы— «Жиделі  байсын»  сияқты  мекенді 
армандаумен қанағаттанып келген-ді.  
Бұл  сарыннан  жаңа  дəуір  поэзиясы  түгел  арылып  кетпесе  де,  оның 
алдыңғы  қатарлы  өкілдері  заманы  ұсынған  жаңа  талаптарға  сай,  зұлымдыққа, 
əділетсіздікке  қарсы,  батыл  күрес  идеяларын  қолдап  атой  салып, «Ереуіл  атқа 
ер  салуға»  үндеді.  Осылайша  қазақ  поэзиясында  жаңа  бір  өршіл  сарын  пайда  
болды.  Көтеріліске  аттанған  халықтар-дьщ  қаһарлы  күші  мен  айбынды  алып 
бейнелерін  танытар  жаңа  пафосты  ерлік  идеядағы  күресшіл  поэзия  бой 
көрсетті.  Бұл  сайып  келгенде  өзіне  дейінгі  батырлар  жыры  дəстүрінің 
жаңарған  тың  түрі.  Идеялық  жағынан  өскен  поэзияның  табысы  еді.  Қазақ  елін 
билеп-төстеп  отырған  төре-шора,  би-болыс,  дін  иелері,  молла,  ишан,  қалпе-
қазірет,  бай-шонжарлар"  кейбір  ақындарша  бұрынғыдай, «қызыр  қонған»  құ-
дайдың  сүйген  құлдары  боп, «тақсырлап»  сөйлеп,  мадақ  жырлары-ның 
кейіпкерлері  бола  бермейді.  Енді  олардың  шындық  беттері  ашы-лып,  халық 
алдында  əшкере  болады.  Олардың  аттарына  лайық  сын-сықақ  жыр  толғанып, 
поэзияның  шыншылдық  беті  айқындалады.  Осылайша  қазақ  поэзиясының 
халықтық  беті  ашылып,  бұқарашыл  идеялары  нығаяды.  Еңбекші  халықтың 
талап-тілектері, мұң-мұқтаж-дары бірінші қатарға шығарылып, азаттық, ерлік 
күрес,  ел  тəуелсіз-дігі  жоқталады.  Халқының  қамын  ойлап.  ел  үшін  еңіреп 
туған  ерлердiң    істері  дəріптеліп,  əділеттік,   адамгершілік    пікірлер  
ұсынылады. 
XIX  ғасыр  ақындары  өзінің  жаңа  идеяларын  поэзияның  бұрынғы 
дəстүрлі үлгі формаларында жырлады. Ертеден қалыптасып, қазак, поэзиясында 
берік  орныққан  поэтика,  көркем  түр,  стиль,  əдіс-тəсілдер  əрбір  ақынның 
үйреншікті,  төселген,  жатыққан  бейнелеу,  суреттеу  құралдары  болатын.  Ең 
алдымен,  халықтың  поэтикалық  творчествосы  қалыптастырған  өлең  құрылысы, 
буын өлшем, ырғақ-ұйқас жүйелері қаз-қалпында сақталды. Əсіресе, халықтың 
қара  өлең,  толғау,  жыр  жүйелері  кең  пайдаланылады.  Ақындар  арнау  айтыс, 
өлең формасын жиі қолданады. Осылардың ішінде, XIX ғасыр поэзиясын кең 
өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын 
ерекше атап көрсеткен орынды. 
Əрине,  бұдан  аталмыш  поэтикалық  формалар  ескі  қолданылған 
қалпынан  өзгерместен  бұрынғысынша  пайдаланылды,  формада  еш  прогресс 
болмады деген бір жақты ұғым тумаса керек. Не дегенмен жаңа дəуір поэзияға 
жаңа мазмұн мен идеялар ғана беріп қоймайды, соған лайық жаңа формаларды 
да  талап  етіп  отырады.  Бұрынғы  дəстүрлі  формалардың  өзі  жаңа  идеяны 
жырлау  үстінде  біраз  жанғырады,  жақсарады,  жетіледі,  олар  өзінін,  жаңа 
қырынан көрініп отырады.  

 
 
 
61
Мысалы,  Махамбет  Өтемісұлының  толғаулары  өзінің  екпінділігімен, 
ырғақтылығымен  өзгешеленіп,  толғау  формасын  идея  жағынан  да,  түр  жағынан 
да жаңартты деп айтуға болады. Шернияз бен Сүйінбай арнаулары  да  осындай 
жаңалықтармен өзгешеленеді. 
Айтыс  жанрының  ақындық  өнер,  импровизация  өнері  ретінде  да-  муы, 
біржола қалыптасулары да осы дəуір поэзиясынын, үлесіне молы-рақ тиеді. Бұл 
кездің  кейбір  арнаулары  толғау  дəрежесіне,  кейбір  толғаулары  дастан 
дəрежесіне,  кейбір  айтыстары  диалогты  поэма  дə-режесіне  кетерілгені 
байқалады. Сөйтіп, XIX ғасырдағы қазақ əдебиетi өзінен бұрын жасалған əдеби 
формаларды  жаңғырта  пайдаланып  өс-кен,  дəуір  талабына  сай  мазмұнда 
дамыған,  негізінен,  көне  поэтикалык  үлгілерді  өз  бойында  сақтап  келген 
дəстүрлі əдебиет болды. 
                     
                               

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет