Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы



бет10/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Анатомия 7

Бауырөп функциялы ағза.
Бауыр- адам денесіндегі ең үлкен без. Анатомия құрылысы. Бауырдағы барлық клеткалардың 60% гепатоциттерден, 30% жұлдыз тәрізді. Купфер жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалардың фагоцитоздық қасиеті бар. Өткен ғасырда Л.Людвиг бауырды организмнің орталық лабораториясы деп атады. Өйткені бауыр көп функциялы ағза. Оның атқаратын қызметіне жатады:

  1. бауыр өт шығарып, ас қорыту процесіне қатысады.

  2. лимфа түзілу процесіне катысады.

  3. зат алмасуына қатысады, әсіресе май ыдырауына

  4. қан үюынақатысатын көптеген акуыздар мен олардың пиғменттер компоненттері -протробин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин, Ү-ХІ-ХП-ХШ факторлар, сондай-ақ гепарин, антитромбин, антиплазмин т.б. қан үюына түратын компоненттері түзіледі.

  5. бауыр холестерин (түзілуі, ыдырауы, сыртқа шығуы) сондай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.

  6. су мен тұз алмасуына қатысады.

  7. бауырдың витаминдер алмасуына мәні бар, мұнда «А» витамині түзіледі, майда еритін басқа витаминдердің (А,Д,Е,К) алмасуы да осында өтеді.

  8. бауыр- қан жүйесінің маңызды бөлігі. Ол қан түзілуіне жэне (баланың құрсақта дамуыкезінде), қан айналысына қатысады, ересек қан қоймасы болып саналады. Осы қызметініңретіндеқан айналысындағы барлық қанның 20-30%-ін тамырға айдап шығарып отырады.Оның бұл қызметі әсіресе қансырағанда және басқа жағымсыз жағдайда байқалады. Бауыр жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне үлкен әсер етеді (қан тамырының тонусы, серпінісі, жүректің жиырылу жиілігі т.б.).

  9. дененің қорғаныс қызметіне қатысады., иммундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі, иммунопоэз пен иммунды реакцияларды реттейді.

  10. бауыр экскреторлық ағза кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.

  11. бауыр денеде пайда болған (эндогенді) және сырттан келіп түскен (экзогенді) әр түрлі улы заттар мен токсиндерді (олардың ішінде дәрілер де бар) бейтараптайды.

  12. бауыр-жылу реттеу процесіне қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет