Ашекеева Ќ



бет11/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері.

Либералды даму ойлары ХVІІ-ХVІІІғғ. дами бастады. Либерализмнің көрнекті өкілдері: Джон Локк, Ш. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Дж. Милль және басқалары қазіргі адам құқығы туралы түсініктердің негізін қалады. Оларға адамдардың өмір сүру құқығын, бостандығы мен меншігін, қорлыққа қарсы күресін және табиғи құқығын қорғауды жақтады. Осы ретте халықтың дербестігі мен биліктің бөлінуі жақталды.
Еркіндікті дұрыс түсіну және оны дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ал Ф. Энгельс «Анти- Дюринг» атты еңбегінде: «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі» деп жазумен қатар, ол Гегельдің еркіндік теориясы жайлы былай тұжырымдайды: – Гегель алғашқы болып еркіндік пен қажеттілік арасындағы қарым-қатынасты дұрыс көре білді, өйткені қажеттілікті білмейінше, адам соқыр болады. Еркіндік табиғат заңдарынан тәуелсіздігінде тұрған жоқ, қайта еркіндіктің негіздері оны танып, өз мақсаттарына бағындыруда жатыр».
Фейербах еркіндіктің түп негізін дінге тәуелсіздіктен көреді. Фейербахтың ойынша: «Еркіндік – бастау мүмкіншілігінде емес, керісінше аяқтау қабілетінде жатыр, бірақ бұл еркіндіктің мүмкіншілігі мен шарты уақыт болып табылады».
Тарихи зерттеулерден белгілі болғанындай, табиғатынан адамдар тең болып жаратылады, бірақ олар сол теңдікті өмір бойы ұстап тұра алмайды; қоғам олардан бастапқы теңдікті тартып алады. Адамдар тек заңдардың арқасында ғана жоғалған тепе-теңдігіне қайтадан қол жеткізе алады. «Еркіндік» сөзі сияқты көптеген мағынаға ие болған және де ақылға соншама түрліше әсер ететін, сірә, сөз болмаған болар, – дейді Ш.Монтескье. Біреулер еркіндік деп өздері тирандық билік беріп қойған адамды жеңіл жамандауды атайды; келесілері - өздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын айтады; үшіншілері – қару-жарақ асыну құқығын және озбырлық жасау құқығын айтады; төртіншілері – одан өз заңдарына бағынып, өз ұлтынан шыққан адамның қарамағында болу артықшылығын көреді. Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті ұзын сақал қою салты деп қабылдады. Кейбіреулер, басқаның бәрін итеріп тастап, бұл атауды басқарудың белгілі түрімен байланыстырады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет