Қасымхан бегманов күРЕҢбел өлеңдер • Дастан •


Қоқан. 19 ақпан,  1918 жыл



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата20.02.2017
өлшемі4,06 Mb.
#4543
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Қоқан. 19 ақпан,  1918 жыл.  
...Тап бүгінгідей есімде. Таңертең сағат он бір-
ден жиырма минут өткенде қасыма большевик-
тердің өкілдері келді. Бұл жолы жаңа талаптар 
қойылған ультиматум алып келіпті. Большевик-
тер онда: 1. Автономиялы үкіметтің кеңес өкіл-
дерін  мойындауын,  2.Түркістан  халықтарын 
Кеңес  үкіметіне  бағынуға  шақыратын  мәлім-
деме  жариялауды,  3.  Түпкілікті  тұрғындарды 
қарусыздандыруды,  халықтың  қолындағы  бар 
қаруды  большевиктерге  тапсыруды,  4.  Ұлттық  
үкіметтің    милиция  органын  таратуды  және 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
313
басқаларды  талап  еткен.  Осы  сәтте  үкімет  мү-
шелерінен  Мир Әділ, Абдрахман Орази,  Хида-
ятбек Юрғули, және мен Қоқанда едік*.
Біздің жауабымыз қысқа болды.  Біз бұл уль-
тиматумды орындаудан бас тарттық. Жолдаста-
рымның  талабына  орай  мен  большевик  өкіл-
деріне:
– Сіздерде күш басым. Бізде әзірше өзіміздің 
ұлттық құқымызды танудан басқа күш  жоқ. Бұл 
күресте  бізді  жеңетіндеріңіз  даусыз.    Әйтсе  де 
сіздердің  әкімшілік  құқыңызды  мойындамай-
мыз. Түркістанда кеңес  үкіметін мойындаудан  
бас тартамыз,-деп жауап бердім.
...Большевик өкілдері шығып кетті.  Жиырма 
минуттан соң, яғни сағат он бірден қырық ми-
нут өткенде большевиктер біз отырған үйге оқ 
жаудырды.  Зуылдаған  оқ  астында  Қоқанның 
ескі көшелеріне кіріп кеттік...  
                                   Мұстафа Шоқай
Бәрі де қараң қалады,
Сенбес ем біреу десе мен.
Мұстафа Шоқай барады,
Қоқанда ескі көшемен.
Қолында барлық дерегі,
Қайтарар қалай есесін.
Жалғыз ол кезіп келеді,
Қараңғы Қоқан көшесін.
Түтігіп кеткен түр өңі,
Сұсындай суық қарудың.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
314
Боп-боз боп кеткен реңі,
Кездескен қарсы арудың.
Большевик сөгіп, тілдейді,
Басқаша сөйлеп басында.
Кім қайда кетті білмейді,
Әскери поляк қасында.
Үмітін елдің ақтайды,
Суық ой бойды қарыды.
Ешқашан мұны сатпайды,
Поляктың мынау нар ұлы.
Бәрінен сол сәт түңілген,
Өзгерді талай қоғамдар.
Ары да бері жүгірген,
Абыр да сабыр адамдар.
«Кім қарсы, түгел өледі,
Өртеңдер, бәрін бұзыңдар».
Қырып сап бәрін келеді,
Қалаға кірген қызылдар.
Сабырмен соңын тоспасаң,
Сан рет үкім етіп ек.
«Түркістаныңда ешқашан,
Болмайды», – деді үкімет.
Тарады аңыз сан қыйлы,
«Төбеңді бұлттар торлайды.
Түркістан мынау қанқұйлы,
Тәуелсіз енді болмайды.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
315
Анық қып бәрін жазайық,
Ұмытқын жайды әуелгі.
Империяға «ғажайып»,
Түркістан мәңгі тәуелді».
Бір-бірін іреп жүндеген,
Шаршады ел түрлі өкілден.
Шешендер түспей мінбеден,
Жиналыстарда көпірген.
Таба алмай қайтты сабылып,
Жер көкті тінтіп шарлаған.
Кемпірге жатты жабылып,
Қолдарын созып зарлаған.
Сорлы ана қайтсін зарламай,
Айырылса түгел туыстан.
Түркістан тағы сорлады-ай,
Сусып бір бағы уыстан.
Жалғанда, жалған, жалғанда,
Қоқанның қоңыр көктемі-ай.
Қол созым жер-ақ қалғанда,
Бағының тайып кеткені-ай.
Әрқайсы тұлға, ірі екен,
Қиырға салды замандар.
Қай жерде қазір жүр екен,
Ақпейіл сол бір адамдар.
Аз екен тағдыр опаңда,
Қағазға жазсаң сыр қалар.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
316
Бір жүрген Ташкент, Қоқанда.
Қайда екен сол бір тұлғалар.
Көрмеген жандар шағынып,
Өртеніп жүрек күйеді.
Еске алам бүгін сағынып,
Қай жерде қалды сүйегі.
Сыр қалар бәлкім, жыр қалар,
Қоймаса-дағы құлыптас.
Сендерді асыл тұлғалар,
Түркістан мәңгі ұмытпас.
...Осы кезде менің қасымда Польшаның 
әскери штаб офицері бар еді. Есімі жадымнан 
шығып кетіпті, әскери ұйымымыздың бөлімше 
бастығы болатын.
Мұстафа Шоқай
 
Қан толған сай мен салалар,
Қолдарын жайған аналар.
Өртенген күл боп қалалар,
Панасыз қалған балалар.
Сұмдықты көрген кейіпті ел,
Қамкөңіл жанды күй ептер.
Ашылып қалған бейіттер,
Шашылып қалған сүйектер.
Қалайша тұрақ таба алар,
Тоғытып елді торға олар.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
317
Өртенген кітапханалар,
Айдалған байлар, молдалар.
Атылды айтқан, сыр қылған,
Сенбесең өзің келіп көр.
Аштық пен соғыс, қырғыннан,
Тау болып қалған өліктер.
Ханменен кеше тең болған,
Ғұрпың мен ата салтың-ай.
Қарға құзғынға жем болған,
Қайран да менің халқым-ай.
Қайтпайды алған бетінен,
Сөнгенше соңғы жарығы.
Қаланың тапты шетінен 
Бейітті поляк нар ұлы.
Тағы бір ақ таң атарда,
Тағдырға қатал налыды.
Лақатқа алғаш жатарда,
Суық ой бойын қарыды,
Кінәмшіл тіпті боп алды,
Бәрінен тез-ақ жеріді.
Азық ап қайта оралды,
Офицер поляк серігі.
Сенетін кім бар сырына,
Анасы шықпай түсінен.
Поляктың адал ұлына,
«Қарызбын», – деді ол ішінен.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
318
 ...Шоқайұлы болса Ферғана таулары арқылы 
Ташкентке қашқан. Шоқайұлының басын әкеліп 
берген адамға большевиктер 1000 рубль беруге 
уәде етеді. Алайда оны достары тығып қойып, 
құтқарып қалған. Саясатта болсын, жеке өмірін-
де  болсын,  онымен  араласқан  әрбір  адам  оны 
сыйлайтын, оған сүйсінетін.
Мария Шоқай
Мұндайды бұрын көріп пе ең,
Сезгендей тіпті боласың.
Пана ғып жатты өлікпен,
Қоққанның шеткі моласын.
Атпайды таң да, күн шығып,
Өтпейтін ұзақ түндер-ай.
Өлгендерменен тұншығып,
Қатар бір жатқан күндер-ай.
Ештеңе жанды жылытпас,
Тілекті алла бермеуін.
Ғұмырда қалған ұмытпас,
Лақаттың тап-тар ернеуін.
Қозғалса маңдай тиеді,
Сенімді жанды сатпаңдар.
Өмірді шексіз сүйеді,
Өлікпен қатар жатқандар.
Әрекет тағы қыла ғой,
Аруақпен қолы тиіскен.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
319
Тітіркенеді  тұла бой,
Қолаңсы ащы иістен.
Өшірер қалай зейіннен,
Қозғалсаң көктей соласың.
Түсінде көрді ол кейіннен,
Өзбектің мынау моласын.
Бәрі  де, бәрі жүректе,
Жазылған хаттай тұрыпсың.
Тірідей жатқан түнекте,
Моланы қалай ұмытсын.
Ұмытуға оны бола ма,
Жүздері жасқа боялған.
Жатқандай әлі молада,
Малшынып терге оянған.
Алыста қалған жерім деп,
Жүрегі шаншып ұратын,
Ұйқыдан кейде, елім деп,
Ауа жоқ... атып тұратын.
Көңілді қайғы торлаған,
Ауа жоқ, қатты тұншықты.
 Қызыл үкімет орнаған,
Басына үлкен құн тікті.
Жуымай бір жан қасына,
Көп жайдан үміт күтіп ек.
Мұстафа Шоқай басына,
Құн тікті қызыл үкімет.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
320
Өзгерер ме екен замандар,
Жалалы айып тізбеген.
Жосып жүр қанша адамдар,
Сабылып бұны іздеген.
Жаc жанын қатты қинайды,
Астында оқтың қалғандар.
Дүниеге мынау сыймайды,
Адыра қалып армандар.
Ел білмес мынау қанша сыр,
Күнәһар жандай боласың.
Ұмыта алмады қанша жыл,
Қоқанның мұңлы моласын.
...Большевиктер  бізге  өкілдерін  жіберіп,  мені 
«Қоқан  әскери  революциялық  комитетіне» 
тапсыруды талап етті.
 Мұстафа Шоқай 
 
Әкеден ерте жас қалған,
Өртелген әрбір кек қуды үй.
Самарқан жақты басқарған,
Махмуд қожа Беһбуди.
Жат жерде қалған жерлер-ай,
Айырылдық ұлыс, үлестен.
Қайран сол ғазиз ерлер-ай,
Түркістан үшін күрескен.
Сарғайған құжат сақталды-ау,
Жасалған бұл бір жақсылық,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
321
Жіберуге де шақ қалды-ау,
Әскери сотқа тапсырып.
Құдиярдан қалған қорған бұл,
Хат-хабар күткен Жайықтан.
Сатқындар құрған тордан бір,
Бір Алла қақты-ау ғайыптан.
Айласын жасап түлкінің,
Төніп бір келген тажалдан.
Үмітін бүкіл Түркінің,
Бір Алла қақты ажалдан.
Жауын ап көздің құртының,
Гүлдердей ерте солатын.
Үміті түркі жұртының,
Осы үкіметте болатын.
Батумиде түнгі жаңбыр жауып тұр
...Ұшақтан  ұшақ  ауыстырып,  аэропорттардан 
аэропорттарға  қарай  ұштық.  Траптардан  трап-
тарға өттік. Бір мемлекеттен екінші мемлекетке 
жеттік.Түрлі  елдер,  қалалардың  толып  жатқан 
перрондарынан  перрондарына  қарай  асықтық. 
Сол елдердің мұрағаттары мен мұражайларын-
да сарсылып отырдық. Сонда көзім анық жеткен 
бір нәрсе бар. Ол әлдекімдер жазып, айтып шу-
лап жүргендей емес, керісінше  Мұстафа Шоқай-
дың өмір жолында иненің жасуындай  кемшілі-
гінің жоқтығы. Бұл имандай шындық.  Дәл осы 
жерде айта кету ләзім, Ной Жордания бастаған 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
322
сол тұстағы Грузиннің зиялыларымен бірге М.
Шоқай  жарымен  1921  жылдың  наурыз  айында 
Батуми  айлағынан  эмиграцияға  кетті.  Дәлел  – 
Батуми мұрағатынан біздер тапқан бұрын-соңды 
ешкімнің қолына түспеген – Мария Шоқайдың 
атына берілген ресми анықтаманың көшірмесі. 
Құжат  Батуми  мұрағатының  құпия  бөлімінде 
сақталған. Онда «Куәлік. № 2905, 7 наурыз 1921 
жыл»  деп  кеткен  уақыттары  анық  көрсетілген. 
Бұл арада дау тууы мүмкін емес.
        «Ақпанның  25-і    күні  Италияның  кемесіне 
мініп, Түркияға аттандық. Бір пәшкі печеньеден 
басқа жейтін ештеңеміз де жоқ еді» – деп Ма-
рия  Шоқай  естелігінде  атап  көрсеткен  атақты 
Батуми айлағы– міне, осы. Кіреберістегі оң жақ 
қалтарыста ағаштан өрнектеп жасалынған жел-
кенді кеме қойылыпты. Бұл ХІХ ғасыр мен ХХ 
ғасырдың  басындағы  су  лайнерінің  көшірмесі 
іспетті,  сірә.  Мұстафа  мен  Мария  Шоқайлар-
дың Түркия сапарындағы  мінген кемесі шама-
мен осындай болса керек деп ойладым. Кемені 
тамашалап көріп, суретке түсіріп, бейнетаспаға 
жаздық.   Айлақтан шығып, теңіз жағасына дей-
ін  жақындап  келдік.  Желмен  тербелген  ақжал 
толқындар іргені үздіксіз соққылайды. Аңдаған 
адамға  теңіз бейне әлдене деп үн қататындай. 
«Мұстафа Шоқайды білеміз. Оны алыс қиырға 
шығарып салған біз боламыз, осында болғаны-
на бәріміз куәміз» – деп толқындар жарыса жа-
мырайтындай. Маужыраған жып-жылы түн құ-
шағында теңіз жағалап  ұзақ жүрдім.
                                                                Автор**

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
323
Рахатты ақ нөсерден тауып қыр,
Батумиде түнгі жаңбыр жауып тұр.
Әлденеге алаңдаймын, неліктен, 
Көңілімді мазалайды қауіп бір.
Түнгі жаңбыр көрмегендей күй кештім,
Жағалауда теңізбенен үйлестім.
Алматыға жер жетпейді бірақта,
Еш шаһарды Батумидей сүймеспін.
Құжаттарды ептеп ашып оқыдық,
Сайрап жатыр жүрген жолы жосылып.
Дерек таптым Мариямға қатысты,
Батумиде мұрағатта отырып.
Мені алға жетелеген осы үміт,
Жеттім  мұнда жігіттерге қосылып.
Сарғыш тартқан мұрағатты ақтардым,
Батумиде жалғыз өзім отырып.
Ғимараты ерекшелеу өрілген,
Жасырын бір әріптермен терілген.
Мұрағаттан бір куәлік таптым мен,
Мұстафаның зайыбына берілген.
Салқын самал есіп тұрған ақ таңда,
Қызық кезді күнде қимай батқанда.
Шаңға батып мұрағатта отырдым,
Жолдастарым сауық құрып жатқанда.
Ессіз күнді еске алғанда қарағым,
Ерке шаққа оймен кетіп қаламын.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
324
Есениндей мұңға батсаң шіркін-ай,
Бір жұтып ап Батумидің шарабын.
О, Батуми, cен ұйқымды ұрладың,
Ал, мен болсам тауларыңды жырладым.
Мына белгі дәлелдейді осы үйде,
Есениннің  бір жылдары тұрғанын.
Есенин бе, қызық өмір сүріпті-ау,
Шаганэмен сауық-сайран құрыпты-ау.
Антон Чехов мына үйге түсіпті,
Ал мына үйде Чайковский тұрыпты-ау.
Таң тамаша сұлулығын тойлаппын,
Алыстағы Батумидей айлақтың.
Мұстафадан басқа белгі қалмаған,
Есіме алып неге жиі ойлаппын.
О, тау елі, менің де асқақ халқым бар,
Ат үстінде найзағайдай жарқылдар.
Әлдене деп жарысады жағаға,
Жел тербеген ақжал асау толқындар.
Көңіл құрғыр сол айлаққа ауып тұр,
Тау ауасы дерттерімнен сауықтыр.
Толқып жатқан жағасында теңіздің,
Батумиде түнгі жаңбыр жауып тұр.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
325
  ЕХ, СТАМБҰЛ, СТАМБҰЛ...
Стамбұл  көшесінде  келе  жатып  Мұстафа 
Шоқай  армандаған  Түркістан  идеясының  түбі 
бір жүзеге асатынына көзім анық жеткендей бол-
ды. Көп жылдарға созылған үзілістен кейін түрік 
дүниесінің қайтадан бір арнаға тоғыса бастаға-
нын аңғардым. Мұстафа Шоқайдың түрікшілдік 
идеясының  өміршеңдігін,  түбінде    бір  жүзеге 
асатынын Ыстамбұл көшелерінде бірде – баспа-
на табылса, бірде – табылмай, шаһар алаңында 
түнеп жүрген кезінде-ақ көз жеткізген екен-ау...  
Талай жыл түсімізге кірген сол шаһармен сенің 
көшеңде келе жатқаныма сене алар емеспін.
Автор**
Ех, Стамбұл, асылым,
Бүкіл түркі дүниесімен қолдасқан,
Иір-қиыр тарам-тарам жол қашқан.
Түркістаным деп толғаған тар кезде,
Қазақтарға пана мынау болды аспан.
Көз жетпейтін жағасында Мәрмәрдің,
Алыстағы елімді ойлап сандалдым.
Есіме алдым екі көзім жасаурап,
Ерліктерін Хақ Назардай хандардың.
Ех, Стамбұл,
                       түрік елі, жыр елі,
Маңдайдағы бағың сенің бір елі.
Арыстандай айға шапқан аяулы,
Жүрегімде Мұстафалар
1
 тұр еді.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
326
Ех, Стамбұл,
                  асқақ шаһар, паң қала,
Азаңшыңды тыңдап тұрдым таңдана,
Түркілердің жоғын жоқтап алыста,
Дүниеге қарап тұрсың шамдана.
Ех, Стамбұл, 
                     махаббаттың қаласы,
Жазылмады-ау жүрегімнің жарасы.
Ақ сағымды сағынышын жолдады,
Алыстағы Алашымның даласы.
Ех, Стамбұл,
                  бақша-бауың жайқалған,
Теңіздерің көкірегімде шайқалған.
Болмысыңнан айналайын, Ұлы ел,
Бізге туыс екендігі байқалған.
Төңірегім көрінбейді гүлдерден,
Сырыңды ұқтым 
                      жұлдыз аққан түндерден.
Ех, Стамбұл,
                        тағы оралдым жоғалтып,
Сонау жылы ағамды мен бір келген
2
.
Ех, Стамбұл, 
                       Құранменен нұрланған,
Көкейімде Шоқай айтқан тұрды арман.
Кенесары, Махамбетпен, Кейкілер,
Кімнен кейін қалмас дейсің бұл жалған.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
327
Жағамнан ап сілкіледі бұл жалған,
Билік маған қыр көрсетті сұрланған.
Не айтамын бұдан басқа өзіңе,
Ех, Стамбұл, Құранменен нұрланған.
* * *
...Оның  менің  өз  анам  емес  екенін,  алайда 
оны  өз  анамдай  жақсы  көретінімді  сен,  әрине, 
білесің. Ол идеал ана болатын. Әлі есімде, кіш-
кентай кезімде шешекпен ауырғанымда, ол мені 
үш  апта  бойы  тізесіне  жатқызып  қараған-ды. 
Соның  еңбегі  мен  күтімінің  арқасында  біз 
бәріміз  де  тәніміз  бен  жанымыз  сау  боп  өстік. 
Бала кезімде таңертең ерте сабаққа кетер алдын-
да, мен ұйықтап жатқанда, түнде ішіне өкпе-ба-
уыр салып пісірген шелпектерін жегізіп, ыстық 
сүт беретін. Мен мұны өте жақсы көруші едім. 
Мені өзі жуындырып-киіндіріп, мектептің жар-
ты  жолына  дейін  шығарып  салатын.  Ол  менің 
әрбір жетістігіме қуанатын. Оның жалғыз тіле-
гін орындай алмадым. Оның бар арманы – менің 
әйелімнің  қолында  тұру  болатын.  Жан  жарым 
менің, анамның бұл тілегін мен үшін орындай-
тыныңа  кәміл  сенемін.  Алайда  тағдыр  бізді, 
анам екеумізді, айыруды жөн көріпті, қайтейін...
1917 жылы тамызда үйден кетіп бара жатып бір 
қалтаға біраз топырақ толтырдым да, егер анам 
мен жоқта көз жұматын болса, қабірге алдымен 
осы топырақты салыңдар дедім, бізде осындай 
әдет бар. Мен оған иіссу мен Құран апарып бер-

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
328
генмін. Ол 75 жасында қайтыс болды. Әлі күнге 
дейін көз алдымда жанды бейнесі елестейді де 
тұрады. Орта бойлы, толықшы келген, ақ сары 
жүзді, көздері де керемет болатын. Оның қолда-
рының жұмсақтығы әрі нәзіктігі сондай, біз бір 
жеріміз ауыра қалса, аялы алақандарын ауырып 
тұрған  жерімізге  қоюын  өтінер  едік  және  ауы-
руымыз бірден айығып кететініне сенетінбіз. Ол 
шын мәнінде біз үшін ыстық ұя еді...
Мұстафа Шоқайдың 
аяулы жары Марияға жазған
 хаттарынан
Париж - 6.06.1923 жыл 
Қыр басында қалған шеше ербиген,
Күн сап қарап...
                      шыға салып төргі үйден.
Мүмкіндік жоқ,
                         бөгелуге, 
                                        қалуға,
Өлген кезде қабіріне салуға.
Бір уыстай топырақты түйілген,
Аманаттап берген сәтте ... күйінген.
Қайғы - мұңды кете барды арқалап,
Ыстық жасты кірпіктері қалқалап.
Жолдар қашты, 
              шықты алдынан шартарап,
Ұзай берді қасыретін  арқалап.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
329
 
Мұрша болмай өмір өтіп барасың,
Ойлауына қара бастың наласын.
Түркістаным, қасыретім, байтағым,
Өткен күннің естелігін айтамын.
Жан анамның алақанын сағындым,
Бауырымның балақанын сағындым.
Жан анамның ертектерін сағындым,
Ыстық сүтін, шелпектерін сағындым.
Қартайғанда жанын да мен болмадым,
Бір тілегін орындай да алмадым.
Туған ауыл атқан таңын сағындым,
Қып-қызыл боп батқан күнін сағындым.
Тағдыр мені неге осылай қорладың,
Қара бұлт көкірегімді торладың.
Сезсең ғой сен бұл қасырет салмағын,
Қартайғанда қастарында қалмадым.
 
Қала берді-ау естілместей күлкі үйден,
Есімде әлі жұпыны ел үрпиген.
                    
Туыс бауыр қасыретін сезгенмен,
Бақыт таппай дүниені кезгенмен.
Атақ, мансап барлығынан безгенмен,
Түркістанның қасыретіне төзгенмен;

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
330
Төзе алмадым қайғысына анамның,
Сағыныштан сарғайғанын санамның.
Мұң-наласын арқалап бар ғаламның,
Қабіріне барып ғазиз анамның.
 Ең болмаса құран да оқи алмадым,
Сезші жаным қайғымның бар салмағын.
Мен Түркістан жастарына сенемін,
Осы берік сенімменен өлемін.
Арман бар ма кіндік кескен жерде өлсең,
Арман бар ма туған жерде жерленсең.
Сол жас ұрпақ тербеткенде бөбегін,
Дүниеге қайта айналып келемін.
Тиді-ау менің талайларға  кесірім,
О, Жасаған жасай көр тек кешірім.
Тағдыр өзі жасағандай шешімін,
Қалса болды естеріңде  есімім.
Жалаңаяқ топырағында ойнаған,
Күн батқанша қызығына тоймаған.
Ұмытқам жоқ Наршоқының жартасын,
Жоғалтқам жоқ Түркістанның картасын.
Түркістанның аша алмадым есігін,
Ұрпағымның тербетпедім бесігін.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
331
Тиген болса сырттарыңнан кесірім,
Барлығыңнан сұрайыншы кешірім.
Берлин. Мұстафа Шоқай қабірі басында
–  Менің  міндетім  –  мешітті  таңертең    ашып, 
кешке жабу.  2008 жылғы Ораза айының ішінде, 
Қадір түніне бір-екі күн қалғанда мешіттің ішін-
де отырып-ақ, таңсәріде Мұстафа бейдің бейіті 
басынан  жарқырап  тұрған  нұр  көрдім.  Көлемі 
екі  еуроның  көлеміндей.  Бұл  көрініс  үш  күн 
бойы қайталанды...
...Мұсылман халқында көрген ғажайыбын жа-
рия  етуге  болмайды.  «Егер  өзге  адамға  құпия-
сын  аша  қалса,  ондай  кереметпен  екінші  рет 
кездеспейді» – деген ұғым бар. Бірақ бүгін сіз-
дерге айтып отырмын. Соншама жерден, Мұста-
фа  бейдің  туған  елінен  арнайы  келіп  отырған 
соң    жасырып  қалуға  да  қақым  жоқ.  Мен  енді 
ол нұрды қайтып көре алмайтын болдым. Әйт-
се де, бабаларыңыздың аса қасиетті адам екенін 
сіздер біліп жүретін болдыңыздар. Мүмкін ару-
ақтар кешіріп, әлгі айтқан нұрды тағы да көрер-
мін. Бәрін бір Алла біледі, – деді қабір күзетшісі 
ауыр күрсініп.
Берлиндегі зират күтушісі, ұлты түрік Керим 
Чечик  маған  осы  әңгімені  толқып  отырып  ай-
тқан еді.
 Сол бір таңғажайып нұр жайлы мен көп ой-
ландым. Тіпті есімнен шықпай қойды десем де 
болады. Сол бір сәтте әлі қағазға да түспеген әл-
дебір өлеңнің өзіме де беймәлім жолдары көкей-

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
332
іме оралып, жүрегімді тербеді.
Мұстафа Шоқай ма ол асыл адам,
Бабасы ер Түріктей жасымаған.
Алыста, тым алыста қалса-дағы,
Шуағы шыққан күндей шашыраған...
Иә, ұлты түрік зират күтушісі Мұстафа Шоқай-
дың  бейіті  төңірегіне  сәуле  таратып,  аспанға 
нұр  шашып  жатыр  дейді.  Мұстафа  Шоқайдың 
шуағы алдағы келетін барлық ғасырларға қарай 
шашылып кеткендей.  Ескіше сауатты құранды, 
ислам ілімін, барлық шариғаттарын бала кезінен 
тұла бойына терең сіңіріп өскен Мұстафа Шоқай 
шет елге өз еркімен кеткен жоқ. Ол елінің тәу-
елсіздігін көксегендіктен еріксіз кетуге мәжбүр 
болды. Ислам дінінде мұндай оқиғаны Хижрет 
деп атайтынын біздің Түркістанның діндәр шал-
дары үнемі айтып отыратын. Ең бастысы, өмір 
бойы  осы  сертінен  айнымай  елі  үшін  күресті, 
осы  жолда  жанын  қиды.  Сондықтан,  бұл  нұр 
жатқан иеміздің артында перзенті де қалмаған, 
сүйегі  жат  топырақта  жерленген  Мұстафа 
Шоқайдай  ғазиз  пендесіне  жасаған  ерекше  бір 
шапағаты  болса  керек  деп  ойладым.  Иә,  Алла, 
дәл осылай болғай.
                                                Автор**
Сәті жоқ оның сыр берген,
Ұмытпас сірә бір көрген.
Мұстафа Шоқай  басынан,
Қабірден көкке шаншылған,
Жарқырап тұрған нұр көрген.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
333
Қалмасын арман жаншылып,
Оянсын қайта қанша үміт.
Мұстафа жатқан бейіттен,
Аспанға қарай созылған,
Нұр көрген тұрған шаншылып.
Қас қақпай, қайтпай тірескен,
Империялармен сірескен.
Мұстафа Шоқай ер жатыр,
Бұл жерде бүкіл Түркінің,
Азаттығы үшін күрескен.
Күлтегін туған айбатты ел,
Тарихын терең ойлап көр.
Бұл жерде мәңгі ұйқыда,
Мұстафа Шоқай ер жатыр,
Қазақтан шыққан қайраткер.
Халықты қанап илеген,
Парықсыздықты сүймеген.
Парасат, пайым иесі,
Таңғажайып жан жатыр,
Дұшпанға басын имеген.
Асуда асу бел жатыр,
Шалқар да шалқар көл жатыр.
Топырағында немістің,
Татпаған дәмін жеңістің,
Елім деп өткен ер жатыр.
Қауызы гүл боп  ашылған,
Жалғасқан көне ғасырдан.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
334
Түркінің қамын ойлаған,
Ғарышқа қарай созылған,
Арманы шығар шашылған.
...Парижден Құран мен сәлде әкелген болатын-
мын.  Қолының  үстіне  Құранды  қойдық,  тақия 
мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына 
кигіздік. 
                                               Мария Шоқай 
Айға да оны балаймын,
Күнге де оны балаймын.
Ақ таңның мынау атысы,
Дәл оның осы жатысы,
Зәресін алды-ау талайдың.
Биігін алып қыранның.
Қайтарып уын жыланның,
Тақия қойып қасына,
Сәлдені орап басына,
Нұрымен аптап құранның.
Адал боп қалған Тұранға,
Ерместен түрлі ұранға.
Жалтақтап жатсын жар кімге,
Кеткендей қалғып әлгінде,
Қолдарын қойып құранға.
Қазақтың қара нары еді,
Заманы неткен тар еді.
Ессізді кеткен ертпестен,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
335
Ташкенде түнде серттескен,
Мариям адал жары еді,
Мариям асыл жан еді.
Мұстафа Шоқай –  Берлиндегі Түркия мемлекеті-
не қарайтын «Түрік шәһитлігі мешіті» аумағын-
дағы  зиратта  жатыр.  Бейіт  басындағы  ескерт-
кішке жары Мариям Шоқайдың өтінішімен үш 
латын әріпі мен төрт сан жазылған.  Олар Ио-
аннадағы  Інжілдің  бесінші  тарауындағы  13-ші 
өлеңді меңзеп тұр. Бұл жыр жолдары: 
«Нет больше той любви, как если кто положит 
душу свою за друзей своих». 
 Бұл жолдарды  қазақшалар болсақ :
 «Жаныңды сеніп тапсыратын ол достар және ол 
махаббат енді жоқ» деген мағынаны білдіреді.
                                                       Автор**
Шуағы күннің сүйеді,
Соққан жел келіп тиеді.
Ұлан да байтақ ұлы ел,
Түркіні тұтас етем деп,
Берлинде қалған сүйегі.
Артында қалды жазары,
Қардан да аппақ таза ары!
Бөленген мәңгі бесікке,
Түрікке қарар мешітте,
Мұстафа Шоқай мазары.
Қабірге өніп гүл шықты,
Сезімге жүрек тұншықты.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
336
Латынша қашап жаздырған,
Төрт санға сыйған мына сөз,
Көзімнің жасын ыршытты.
Сөзімді тыңда жақсылар,
Жер емес бұл бір бақ сынар.
Ешқашан сені сатпайтын,
Қасыңда бар ма, жан досың,
Жаныңды сеніп тапсырар.
Көңілді бір мұң торласа. 
Қиын ба, Алла қолдаса,
Түріктер салған, дариға-ай,
Моласын қайдан табар ек,
Мынандай мешіт болмаса.
Осы бір зират-мешіттің,
Аңыздай даңқын есіттім.
Берлинге,  
                осы бейітке,
Жете алмай іштей тынып мен,
Қаншама жылға кешіктім.
Бақытты қайдан табармын,
Жұлдыздай көктен ағармын.
Түркі деп өткен Күлтегін,
Ұрпағы жатыр бұл жерде,
Төныкөк, Білге қағанның.
Құрғамас кезі жастың да,
Қимасты тасқа бастың ба?

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
337
Сағыныш, 
                сосын көз жасы
Махаббат пенен зар жатыр,
Төрт санның мынау астында.
Ақ  жаңбыр тағы құйып тұр,
Бұл жерде жатыр сүйікті ұл.
Өмірдің мынау жалғаны,
Түркінің тұтас арманы,
Төрт санға қалай сыйып тұр.
Тұрандай  байтақ жер жатыр,
Шөлдер мен қанша көл жатыр.
Осынау шағын бейітте,
Алтай мен Қара теңізге,
Созылған алып ел жатыр.
Жазылмай қалған жыр жатыр,
Айтылмай қалған сыр жатыр.
Жазықтар, таулар, еңістер,
Ойпаңдар, құздар, тегістер,
Тұлпарлар өткен қыр жатыр.
Бермейтін асу шың жатыр,
Бұйра да бұйра құм жатыр.
Түркінің  ұлы үміті,
Осынау шағын зиратта,
Сағыныш жатыр, мұң жатыр.
Түркідей асқақ ұлт жатыр, 
Жырақта, бөлек, сырт жатыр.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
338
Қанаты құстың талатын,
Сүйгенін таңдап алатын,
Айбынды асқақ жұрт жатыр.
Жат жерде қалған бел жатыр,
Рухты дауыл, жел жатыр.
Сызылып кеткен картадан,
Осынау мұңлы молада,
Ежелгі біздің жер жатыр.
Адал сүт емген төл жатыр,
Мөп-мөлдір ғажап көл жатыр.
Таппайтын ешбір картадан, 
Осынау шағын бейітте,
Баяғы Тұран –Түркістан,
Бөлшектелмеген ел жатыр.
Ешбірін айтпай сырдың мен,
Қобалжып, қорқып тұрдым мен.
Берлинде бейіт басында,
Мұстафа Шоқай қасында,
Осылай толқып тұрдым мен.
Осылай толқып тұрдым мен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет