ЕСКI ЖҰРТ
(Толғау)
Бабам көрген,
атам көрген ескi бел,
Сағыныштан тұнжыраған кештi көр.
Жасқа толы жанардайын қарашы,
Күн астында мөлдiрейдi кешкi көл.
Аман-есен жатырмысың ескi қыр,
Сырласуға арнап келдiм кештi бұл.
Ескi адамдар жатқан ескi төбенi,
Аймалап тұр, аялап тұр кешкi нұр.
Ескi тамның жанындағы ескi арық,
Өкпелетiп алғам жоқ па кеш барып.
Қариялар қой қайтарған құба бел,
Сендердi аңсап келiп тұрмын кеш жарық.
Кешiр менi жұмбақты өңiр, сестi өңiр,
Сағынышты жеткiзе алман ескi өңiр,
Не айтасың сәбиiңе кешегi,
Тiрлiгiме толар емес еш көңiл.
Ескi өңiрде тұрған бiр кез ескi адам,
Көз жұмарда деген едi-ау кеш балам.
Кеш барам деп ойлағам жоқ, кеш бабам,
Жаңа жерде сенi талай еске алам.
Бар қызықтан жырақ қалған ескi там,
Қабырғасы құлап қалған ескi там.
Қарттарыма тұрақ болған ескi там,
Шөлдегенге бұлақ болған ескi там.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
361
Жалғыздықтан жыладың ба, ескi там,
Шулап тұрған құлағым ба, ескi там.
Әлде көмек сұрадың ба, ескi там,
Жауап бершi сұрағыма, ескi там?..
Бала болғам мен де осында ес кiрiп,
Көп нәрсенi талайлардан кеш бiлiп.
Қарттарыммен бiр кетiптi-ау бiлмеппiн,
Басыңнан бақ айналайын ескi жұрт.
Кешiр менi, кешiр менi кешкiлiк,
Қаперiме келмеушi едi еш күдiк.
Қара шалдар қауын тасып, кемпiрлер
Көрiнбейдi отыратын төс тiлiп.
Ұмыттық қой барлығын да ер жетiп,
Төсек тартқан қайран шалдар бел кетiп.
Сырғанадық киiп сенi қанша жыл,
Кеш болса да алғыс айтам, керзi етiк.
Көкiрегiмде лаулап тұрған жастық бар,
Қайда қалды қауын салған қапшықтар.
Ұзақ жылдар басымызды сүйедiң,
Апам тiккен, әпкем тiккен жастықтар.
Бар асықты көршi ауылға ұттырып,
Жүрген кез-ай көрсете алмай мықтылық.
Тоз-тоз бопты қалың бау да кешегi,
Жыластарын жейтiн үске жұқтырып.
Ұнамайтын маған боран, қыс қана,
Таяқ жесем әжем байғұс түстi ара.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
362
Кештiм сенi мазақ етiп қыздарға,
Өн бойымды шымырлатқан ұстара.
Бар ауылға өзiм жазған жыр тарап,
Жүрген кез-ай, дауылдатып бұрқап ап.
Бiз қарызбыз жауратпаған аязда
Әжелерге жасап берген ұлтарақ.
Жаңа өмiрге жаңа көзбен қарадық,
Сол көзқарас алып шықты дара ғып.
Сiздерге ерiп кеткеннен соң балалық,
Ескi жұрттан жан-жаққа бiз тарадық.
Жан жұлдызым жарқырай ма, жана ма,
Нұрын шашып әлде ертерек аға ма?
Басымды ием құдiретiңе аяулы,
Аруана ана, ару ана, жан ана.
Туған жер ғой жарататын алып қып,
Жалаң аяқ қара жолмен жарыстық.
О, ескi жұрт, айналайын жарықтық,
Менiң жырым бұдан былай халықтық.
Ескi өңiрде жусан қандай, тау қандай,
Қара суы тiл үйiрген саумалдай.
Өне бойым тiтiркендi түп-түгел,
Ескi жұрттың мұңы маған ауғандай.
Жусаныңды жүрегiмде сақтадым,
Қайда барсам сендей дала таппадым.
Тағдыр солай алыс кеттiм мен бүгiн,
Кешiр менi, кешiр менi, қарттарым.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
363
ШЫҒЫС ШАЙЫРЫМЕН СЫРЛАСУ
(Толғау)
Айналайын,
алтын адам,
Менiң әкем секiлдiсiң жаны iзгi,
Жетi ғасыр жарқыраған,
Шамшеддин Хафиз тәрiздi.
Менi-дағы қара түндер тербеттi,
Қара көздер келбеттi
Он жетiмде отқа өртедi,
қақтады,
Жүрегiмнiң жаңбырларын селдеттi.
Қайран жырым кей топасқа жақпады,
Сарғыш тартты қара қыздың хаттары,
Бiрақ жүрек махаббатын сақтады.
...Патшалардың шiрiп алтын тақтары,
Қайда кеттi ұшқан құспен жарысып,
Ауыздықпен алысатын аттары,
Қандай патша ел үмiтiн ақтады,
Қылыш та жоқ
көтерiлген шапқалы,
Жылан да жоқ келе жатқан шаққалы,
Қылыштары быт-шыт болды,
тот басты,
Ел талады,
жер қарады соттасты.
Зұлымдықтың ұрпақтары әрқашан,
Соғыс құмар құзғындар боп топтасты.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
364
Ұлы Хафиз,
саған айтар сырымды ұқ,
Миллион мәрте қызыл гүлдей жұлындық.
Адамзаттың тиылады көз жасы,
Жер бетiнен жойылғанда зұлымдық.
Жиырмасыншы ғасырдағы ақынды ұқ,
Теңiз түгiл мұхиттарды сапырдық.
Ұлы Хафиз,
өлең-жырдан басталған,
Сiз бен бiздiң арадағы жақындық.
Өз ғасырың артса саған ауыр жүк,
Өз ғасырым артып отыр маған жүк.
Ұлы Хафиз сенiменен алысқан,
Менiмен де алысуда жамандық.
Жердiң бетi дейтiн ғажап өлкенiң,
Жетi ғасыр бұрын өзiң көркi едiң.
Пәрәнжiмен бетiн жапқан қыздардың,
Жүректерiн ғазалыңмен өртедiң.
Аппақ айдай құдiреттi көркемiм,
Өз ғасырым жайында сыр шертемiн.
Адал жанға ақ жүрегiн ашатын,
Қыз алдында сөз таба алмай сасатын.
Ұлы Хафиз өзiңменен сырласты,
Жиырмасыншы ғасырдағы жас ақын.
Сүйгенiнен талай ғашық үздi үмiт,
Жабырқатты қайғы боп кеп күзгi бұлт.
Ғасырлармен жарысумен келедi,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
365
Сен жырлаған сұлулық пен iзгiлiк.
Арын қорғап жарқабақтан жар ұшты,
Барын қорлап ақ найзалар салысты.
Ертектегi алыптардай жырларың,
Қара ниет ғасырлармен алысты.
Ғазалдарың бағаланып асылға,
Құлақ түрдiң қаншама мың тасырға.
Сенiң жырың жауды жеңген батырдай,
Аман жеттi жиырмасыншы ғасырға.
Талай сөнген жүректерге тұтатты от,
Гүл боп өндi, бүршiк жарды бұтақ боп.
Жетi ғасыр бұрын жазған ғазалдар,
Мәскеу жақтан шықты ғажап кiтап боп.
Жанымызды, тәнiмiздi сан улар,
Шет елдерде жасалса да қарулар.
Ұлы шайыр туған шағын Ширазда,
Әлемдегi бiлдi сенi арулар.
Дарындарға тұрды жырың жел берiп,
Сенi оқыдық бiздер ел мен жер көрiп.
Тебiрендiк бара жатып жырыңа,
Трамвай мен тамбурларда тербелiп.
Алматыдай әсем әндей астанам,
Жарқырап тұр, мен несiне жасқанам.
Ғазалыңды қайталадым,
о, Хафиз,
Билет алып шыға бере кассадан.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
366
Сырым ғой бұл әлi ешкiмге ашпаған,
Шұғылам ғой су бетiне шашпаған.
Туған жердiң талдарындай таранған,
Ұрпағыңды әлдиледi сан арман.
Жетi ғасыр бұрын еккен шыбығың,
Бұл күндерi көз жетпейтiн қара орман.
Жиырмасыншы ғасырымнан алғысты ал,
Көктем,
күз,
жаз өтсе дағы сан қыстар.
Көрер ме едiң келiп,
шiркiн,
көзiңмен,
Орманыңда сайрағанын сан құстар.
Қазақ дейтiн бұл халықтың сырлары,
Гүл өңiнде, жүрегiнде тұрмады.
Ұлы Абай мен Қашағандар жырлады,
Ұлы Хафиз, мына бiздiң өмiрдi,
Аялдама, бұрылыстар ұрлады.
Өмiр қатал,
ұтқызбайды ұтылмай,
Көңiл жайын жұтқызбайды жұтылмай.
Сiз өмiрден өте алмайсыз алаңсыз,
Өсектер мен есектерден құтылмай.
Бiз өмiрден өте алмаймыз жасықтай,
Мейлi мақсат түссiн тiптi қашықтай.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
367
О, зұлымдық,
алысамын сенiмен,
Қан қалғанша жүрегiмде қасықтай.
Жатсақ тағы жат өлкеде қансырап,
Санамызда жанып тұрды шамшырақ.
Жыландайын шақты улы сан сұрақ,
Бiр шөкiм бұлт қалды мәңгi көңiлде,
Жауа алмаған көк жүзiнде тамшы қап.
Ұлы Хафиз,
осы жолға бекiнгем,
Сырлас өстiм қаршадайдан жетiммен.
Осы жолда Махамбеттiң басындай,
Түссiн басым иығымнан, өкiнбен.
Ұлы Хафиз,
мiне, осылай бiздiң жай,
Сұмдықтарды көрдiңiз бе сiз мұндай?
Дарындылар ерте кеттi өмiрден,
Жырындылар көп жасаса құзғындай.
Жалындылар жанды қанша, жан баба,
Тесiлемiз таста қалған таңбаға.
Қаншама адам бейбiт күндi көрмедi,
Бiр тыныштық берген жоқпыз аңға да.
Қаншама мың жанарлардан жас тамды,
Қанша сәби әкесiнен жас қалды.
Гитлер сұм бүлдiрсе де жер бетiн,
Гагарин боп игердiк бiз аспанды.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
368
АЛДАН БАЛА
(Толғау)
Ал-д-а-а-н!
Ал-д-а-а-н!
Дауыс шықса осылай Алдандаған,
Алаңсыз бiр ойнауды армандаған.
Алдан бала қайтқан сол амалсыздан,
Мұңлы сурет жатталып қалған маған.
Сылтып басып аяғын Несiп кемпiр,
Басын сұғып iздейдi есiктен кiл.
«Келмедi ме, қаңғыбас?» – деп сұрайды,
Көршi үйге енсе кебiсiн шешiп кемпiр.
«Алдан қайда, әй, бала, келтiр берi,
Жүр ме бiздi, жетпегiр, өлтiргелi.
Қара жерге кiрмейдi...» Несiп кемпiр
Көбiгi ағып аузынан селкiлдедi.
Өгей шеше, сал әке, Алдан бала,
Өз үйiне кiре алмай қалғанда аға,
Апам менiң үйге әкеп қондыратын
Куә оған сағымды тарлан дала.
Келiп қалған көз жасын сүрте салып,
Қарбыздарды кiретiн күркеге алып.
Мен мұндалап жататын егiстiкке,
Суын сыйлап ағатын Үлкен арық.
Бiздi көрсе жүзiне күлкi енгенмен,
Сөйлесетiн үлкендей, үлкендермен.
Жапырлаған жұлдызды көретiнмiн,
Қара түнде көрпемдi бүркенгенмен.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
369
Желсiз түнге тараған қырғыз әнi,
Менi ерiксiз төсектен тұрғызады.
Мандолинмен айтылған сол әндердей
Бiрде өлең жаза алмай жүрмiз әлi.
Бала бiткен жарыттық ненi бiлiп,
Асханаға тұз сiңген терiнi iлiп.
Велосипед бiткендi тамға сүйеп,
Кезек-кезек жатқамыз желiн үрiп.
Көкейлерде тұрса да жылан сұрақ,
Мазалаушы ек қырғызша бiр ән сұрап.
Дауыс шықса алыстан қарғыс толы,
Үйiне ол қайтатын жыламсырап.
Қаны қайнап соғысқа Жүкең кешкен,
Шығарып ап нан алар дүкендi естен.
Көз алдымда жүргенi желiм iздеп,
Жамамақ боп камердi тiкен тескен.
Сыр бермеген далада қалғанда да,
Гүл бермеген қырғызша ән салғанда да.
Жүней қожа сүндетке жатқызар күн
Жоқ боп шықты ауылда Алдан бала.
Нағашыға кетпек боп қырғыздағы,
Өрiктерiн қорыды, жұлғызбады.
Түркiстанның көргенiн вокзалынан
Айтып келдi ауылдың бiр қыздары.
Бас көтердi көкейде жатқан күдiк,
Салмасақ та бiз оны аттандырып.
Алдан бала қырғызға қашып кеттi,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
370
Алты беттей Гүлiмге хат қалдырып.
Мүсибат боп жүрегiн жаралады,
Хабарым бар бұл сырдан арадағы,
Шөп қораға қарауыл Құрманбектiң
Ғашық едi қызына қаладағы.
Қарамастан айна алып түрге сынап,
Несiп кемпiр жатқанын бiлгесiн-ақ.
Кешке қарай тартушы ек шөп қораға,
Велигiне Алданның мiнгесiп ап.
Құрманбектiң еркесi Гүлiм деген,
Ақ құба өңдi, қара көз күлiмдеген.
Қызыл жiбек перденiң бер жағынан
Көлеңкеге қараушы ек дiрiлдеген.
Аяулы едi сол әйнек жарығы бар,
Гүл егiлген түбiнде арығы бар.
Бiр қырда өскен ұқтық па,
Алдан мұңын,
Бiз ұқпасақ түбiнде халық ұғар.
Осылай бiз ғашық боп өскен едiк,
Көлеңкесiн қыздардың кешке көрiп.
Орамалдың шетiне сол махаббат,
Жiбек жiппен жазылды кестеленiп.
Қуанушы ең көргендей көлден кейпiн,
Жеке шығып отырып елден кей күн.
Өне бойды ерiтiп, шымырлатып,
Көлеңкесi Гүлiмнiң көлбеңдейтiн.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
371
Аяулы едi орамал кестеленген,
Қызыл перде... көлеңке... кешке көрген.
Бозбала боп мәңгiлiк қала алмастан,
Бiз де кеттiк бүгiнге көшкен елмен.
Қызығы көп, балы көп қара түннiң,
Қара түннен ақын боп жаратылдым.
Алданға ерiп көруге Гүлiм қызды
Жарығы бар әйнекке баратынмын.
Рас, бүгiн, алыстап қалды бәрi,
Еске түссе жүректi жандырады.
Иығымды сеземiн бұл күндерi
Сағыныштың салмағы талдырады.
...Автобуста сол Алдан көрiп менi,
«Махаббатым мәңгiлiк, берiк»,– дедi.
Талай жылдар кетпеген көз алдымнан
Қылықты едi Гүлiм қыз, көрiктi едi.
Соңғы жылдар соққасын елге сирек,
Ел де сүймек жүзiмнен, жел де сүймек.
Қара көзге кеп қалған тамшыларды
Бұрылдым мен жұбайым көрмесiн деп.
Үйрек ұшты қанаты сампылдаған,
Күпiсiн шал қымтанды салқындаған.
Оралдық бiз араға жылдар салып,
Аманбысың, аяулы алтын далам.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
372
ТҮС. МӘҢГІЛІКТІ ІЗДЕУ
(Толғау)
Қара жолда мәңгілікті ойладым,
Қара түнде сұлулықты тойладым.
Дәл осы сәт,
ұмытқым кеп барлығын,
Тыңдамастан тірі пенде жарлығын.
Қарамастан жаңбырлы түн,
қарлы күн,
Ойламастан бұл дүниенің тарлығын.
Тойлап жатсам,
себебі жоқ бір тойды,
Бір суық ой қақ шекемнен бір қойды.
Қарға ұшты,
қара ағаштан қарқ етіп,
Көзім алды дөңгеленді жарқ етіп.
Иектеді жетегіне ап қанша мұң,
О, бұл оймен арпалысып шаршадым.
Аттанғанда уайымдарға беріліп,
Жеткізбеді жазира бел керіліп.
Қара жолдар көкжиекпен астасқан,
Тұңғиыққа сіңіп кетті, қашты аспан.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
373
Уақыт қашты
бұрылмастан тоспастан,
Бір бойжеткен баяғыда қоштасқан.
Түсіме еніп
қол бұлғайды алыстан,
Қоңырбұлақ, жусанды бел, таныс маң.
Көкжиекті меңзегендей ғарыштан,
Марқұм анам қарап тұрды алыстан.
Сағыныштан сорғалады көз жасым,
Не дейді екен бұ дүниеден озғасын.
Не дейді екен,
не дейді екен жарықтық,
Парықсызбен өмір бойы алыстық,
Не меңзеді,
аян беріп жүр ме екен,
Әлде маған ырза болмай тұр ме екен.
Мейлі менің қайғымды кеп қозғасын,
Селт етпейтін болып алғам өз басым.
Баяғыдай,
бұ дүниеден озбаған,
Бошалаған бозінген кеп боздаған.
Іште қалған,
сездірмеген шерлерім,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
374
Анамменен атпен өткен жерлерім.
Бар мұңымды оятасың сен менің,
Мұндай сұлу алқап бұрын көрмедім,
Баяғыдай бала екенмін ойнаған,
Періште екем торғайды да соймаған.
Ана белде
қозы бағам,
қой бағам,
Алыстарға қарап тұрып ойланам.
Қозы-лағы құлдыраңдап ойнаған,
Жер тістелеп жүрмейді отар тоймаған.
Босағаға қара саулық төлдеген,
Табын құлар шаң көтеріп шөлдеген.
Көз ұшында көрші қыз
ақ лақтай,
Бірге жүрген ешқашан да жылатпай.
Қылт ете ғап
қалатұғын ұнатпай,
Ал күлкісі сылдыраған бұлақтай.
Жатқан сәтім
өткен шаққа тояттай,
Қоя тұршы тәтті ұйқымнан оятпай.
Сәби кезім маңдайыма сыймаған,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
375
Түсімде де бір бақытты қимаған.
Адамдар-ай,
адамдар-ай,
адамдар,
Өзгермейсің өзгергенмен замандар.
Бір-біріне жасағанмен қадамдар,
Аямайды бірін-бірі адамдар.
Аспаннан бір жатқандайын жай атып,
Қарашы иттің жібергенін оятып.
«Түс көрдің бе», – деп қалжыңмен қағытты,
Сәл ғана сәт болған едім бақытты.
Дүниенің жамандығын таятып,
Жібердің ғой бекер мені оятып.
Қайта айналып келіп жетті жаңғырық,
Қайда кетті, қайда әлгі мәңгілік.
Мәңгілікті іздеп шыққам ауылдан,
Аулақ анау бітпейтұғын дауыңнан.
Жер бетінде
осылайша қаңғырдым,
Өткен күндер жадымда сан жаңғырдың.
Сыртым күліп
тұрғанменен жаныңда,
Арпалыстар жүріп жатты қанымда.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
376
Жеңем деген жетіп келіп нала-мұң,
Нала-мұңға жоғарыдан қарадым.
Қарадым да жүріп кеттім қарағым,
Құшақтап ол қала берді арағын.
Кете бардым
гүлін кешіп даланың,
Қайтқан қаздан естісемде жаралы үн.
Арт жағыма қарайламай барамын,
Рас кейде абайламай қаламын.
Ессіз сүйдім
Есениндей айыбым,
Мұхитқа кеп салдым дала қайығын.
Оң жағымда қала берді Жайығым,
Кешіре гөр болса егер айыбым.
Тұрған кезде лүпіл қағып жүрегім,
Қара жолдың қысқармауын тіледім.
Мәңгілік деп
келе жаттым қаңғырып,
Шығыс жақтан көтерілді таң күліп.
Бітпейтұғын
неткен ұзақ жол еді,
Жайқалып тұр, алма бағы, терегі.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
377
Айтшы маған осы ма еді керегі,
Төңірегім тамылжыған ел еді.
Тастақтыда байқай салғым келеді,
Әлдекімге айқай салғым келеді.
Сағыныштан тұр өзегім өртеніп,
Кеткен жандар түсіме енді ерте өліп.
Алып кеттім
қоңыр елдің қайғысын,
Жұбаныш қып қоңыр жырдың ойлысын.
Жаныңызға ерген болса жетесіз,
Ол биікке жете алмай-ақ кетесіз.
Бір қырдан соң,
тағы да бір қыр асқан,
Менің жолым мәңгілікке ұласқан.
378
МАЗМҰНЫ
Ташкентпен қоштасу – поэтикалық құбылыс......3
Махаббат ақыны....................................................10
«Шерлі Түркістан» тарихи дастаны
жайлы бірер сөз..............................................................15
Қоңыр......................................................................17
Күреңбел.................................................................19
Көрші......................................................................20
Сәуір де өтер..........................................................22
Кешкі вокзал...........................................................23
«Алдымнан менің керілген жұмбақ...»................24
«Мына дүние көктем сайын көктейді»..............27
«Арықтардан су ағады жосылып».......................28
Төлеген Айбергеновке оралу................................30
«Қай қырда қалдың»..............................................32
«Жаратушым мені еркін»......................................34
«Жиделібайсын – көзімнің жасы»......................36
«Білемін сіздер өшсіздер».....................................38
Әдеби орта.............................................................41
«Қырғи-қабақ жүргенменен көп мейлі».............44
«Көп қалған бұл көңіл көнерген».......................46
Қорықпаймын ғайбаттардан бораған..................48
Қақпан.....................................................................51
«Ана арудың бойында балам кетіп барады»......53
«Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала»..................54
Бақыт жайлы баллада............................................56
«Қасиетті құпиям бар санамда»...........................59
Неткен қайғы, неткен мұң....................................60
«Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер»........61
«Шіркін мына бұлақта-ай бүлкілдеген»............63
«Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем»..................64
Ташкентпен қоштасу.............................................65
Хантағыға тағзым..................................................72
379
Көктем. Кентау.......................................................75
Ұзармыз біз қос нүктеге айналып........................77
«Жүрегімді нұрға бөлеп, толқыттың-ау сен».....78
«Бұл жылдар кеткем қамысты көлдер»...............79
«Сендер аман болыңдар асылдарым».................80
Қалай өмір сүргенмін............................................82
Алматыға қар жауып тұр ақпанда........................83
«Алматыға келді тағы, гүл көктем»...................84
«Жебемеген жетiм менен жесiрдi».....................85
Біздің ауыл.............................................................86
Ескі мұң..................................................................87
Ей, алдамшы дүние...............................................88
Абай........................................................................90
«О дүниеге менен бұрын өткендер»....................92
Жолдар....................................................................93
Есіл жылдар...........................................................95
Еске түсті................................................................96
Қайран анам...........................................................98
«Осында қалған келмеске кеткен күндерiм»......99
Таразының бары анық........................................101
Мәңгілік серік мұң-нала.....................................103
Төрт мезгіл...........................................................105
«Бес күн тiрлiк...»................................................106
Алғаш рет.............................................................107
Өмірбаян орнына жазылған өлең.......................109
Шүберек................................................................111
Туған ауылда........................................................113
«Қол бұлғап қалды артымда».............................114
Күз. Түнгі ой........................................................116
Ана бейітінде........................................................117
Көше ақындары....................................................119
Төрт қақпалы Түркістанға тағзым.....................123
«Түркiстан ием...»...............................................129
«О, Түркiстан...»..................................................131
380
«Иесi қазақ...».......................................................132
«Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды»............133
Қос көкем..............................................................135
«Сыймай аққан арнаға түбi өзендей толармын»....136
Жаңа ертегі...........................................................137
Дүние....................................................................139
«Шеттегi көше...»................................................141
«Таң атады...».......................................................142
«Пана болмай кеңселер».....................................143
«Өткiзе алмай...»..................................................144
«Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым»....145
«Бейiттерге қонды тағы кептерлер».................146
Бейіт басында.......................................................147
«Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр»..................148
«Жалған сезiм...».................................................149
«Үрiкпей ерке киiктер».......................................150
«Жақсының табанында...»..................................151
«Ғашық боп тұрған өзiңе үзiле жалған»...........153
«Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай»..154
«Гүл терген асыл еркем Бөкейiңнен»................155
«Есiмнен мәңгi шықпай да қойған бiр елiк»....156
Ол көктем оралмайды.........................................158
Сағындым сені.....................................................160
«Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен»...............162
«Әлi серiк сол мұң менен...»...............................163
«Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен»...............164
«Қиялдадым, армандадым, арыдым»................165
«Жас тұрды қара көзiмде»..................................166
«Қайнадым қара шәйнекте»...............................167
Кешегі қыз............................................................168
Сағыныш..............................................................170
«Жиырма жыл көрмегенмiн».............................173
«Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан».....174
«Қабырғаның ар жағында сен жаттың»...........175
381
«Дала да үнсiз, сен де үнсiз тұрдың-ау»..........177
«Ажарың толған ақ айдай жаным»....................178
«Қара шалдардың қайғысын емiп ержеткем»..179
«Қара қайғы соқ».................................................181
Жалғыздық...........................................................182
«Махаббатқа куә болған»....................................184
«Тым көңiлсiз өттi қызық күзiң де»...................187
«Сен тұрдың менi арманшыл ағаға балай».......188
«Шулаған ауыл»..................................................189
Аяздағы ән...........................................................191
Аяулым-ау............................................................193
Кездемедегі кинолар...........................................194
«Қамын ойлар кезiм ғой деп ұлыстың»............196
«Он төртiншi туған айдай, нұрланып»..............198
«Ой үстiнде жүрем ылғи мұңданып»...............199
«Арман болған бүгiнде»......................................201
«Саусақтан сусып серiлiк»..................................202
«Шымырлар жүрек»............................................204
«Сен едiң қияда өскен түздiң гүлi»....................206
«Бұйығылау боп өстiм де».................................207
«Қар жауды кеше қыламықтанып»....................208
«Ғашық еткен...»..................................................209
«Сен менi мүсiркеме...».......................................210
Ақын азабы...........................................................211
«Ауыл сыртында»................................................212
«Жалғыз қалған жолбарыстай»..........................214
«Жаңбырлы кеш»................................................216
«Туған жерден iздеп келген Айнұрдың»...........218
Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр.................219
Қыстау..................................................................221
Теміртау түні........................................................222
«Қалжырағам бiр ойдан соң бiр ойдан»............223
Шыңғыс пен Ілия................................................224
«Жауғанда жаңбырбетіне жердің бір күні»......227
382
Тұлпар..................................................................228
Ескі суреттер........................................................230
«Балалықты ендi тастайық»...............................231
Ару қалам Астанам..............................................232
Үлгермедім..........................................................233
«Көп болды құстай қанат қағысқалы»..............234
«Қараша үйден»...................................................235
Замандасым, сырласым.......................................236
«Көк туы көк аспанда..»......................................238
Хан Кене жайлы жыр..........................................240
Тәуелсіздік...........................................................242
Академик Қаныш Сәтбаев жайлы жыр.............244
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр........................246
Қасым Аманжолов жайлы жыр..........................251
Саттар Ерубаевқа.................................................258
Асқар Сүлейменовті еске алу.............................259
Қараойдағы Махамбет қабірі басындағы ойлар....260
Қар жауып тұр......................................................265
Ақын еді ол Алтайға тартып туған....................266
Құбылыс...............................................................270
Қолдаушысы Алаш атты рухтың.......................273
Ақын ағаға сыр....................................................278
Әлішер..................................................................283
Суретші.........................................................285
Оңтүстік...............................................................286
Үзеңгілес..............................................................291
«Сол жылы жазда»..............................................293
Шерлі Түркістан (Дастан)...................................294
Тұяқ серпу.............................................................355
Ескі жұрт..............................................................360
Шығыс шайырларымен сырласу........................363
Алдан бала...........................................................368
Түс.Мәңгілікті іздеу.............................................372
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
Өлеңдер, дастан, толғаулар
(Қазақ тілінде)
Редакторы Әлімғазы ДӘУЛЕТХАН
Техникалық редакторы Талғат Әлімжанұлы
Мұқабаны безендірген Бейсен Серікбайұлы
Корректоры Ақжарқын Садырханқызы
Басуға 17.07.2014ж.қол қойылды
Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 84х108 1\32. Шартты баспа табағы 20.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 723
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400-402
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |