Қасымхан бегманов күРЕҢбел өлеңдер • Дастан •



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата20.02.2017
өлшемі4,06 Mb.
#4543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

КҮРЕҢБЕЛ
Есiмде 
            Күреңбел қырлары,
Беймаза жылдарым зырлады.
Ол кезде бозбала ақын едiм,
Бiр сен деп төгiлген жырлары.
Есiмде 
           сүйдiң сен асылым,
Мен-дағы армансыз тасыдым.
Тағдырдың бейопа сыйы барын,
Нелiктен бiлмедiк ғашығым.
Есiмде 
             Күреңбел кештерi,
Таулардан самалдың ескенi.
Соңғы рет өзiңмен қоштасарда,
Бұлттардың күркiреп көшкенi.
Есiмде 
             Күреңбел көктемi,
Аңсатып құстардың жеткенi.
Қайтейiн қинайды жүрегiмдi,
Өмiрдiң өзiңсiз өткенi.    

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
20
КӨРШІ
Қора жақта ескі күбі, орақ тұр,
Қаңқу сөздер бұл ауылда борап тұр.
Ыстық күнде тұт ағаштың қалғыған
Түбінде отыр мысық тышқан аңдыған.
Әріректеу кескен кеше тал жатыр,
Сәкі үстінде шәйін ішіп шал жатыр.
Жүгені мен ер-тоқымы артта тұр,
Бар әңгіме міне осы қартта тұр. 
Болмай қалған уайымдайды ол астықты,
Көлеңкеде шынтақтап ап жастықты.
– Сәл ертерек су салғанда бидайға,  
Тыңдағанда ұрынбас ек мұндайға.
«Бала бастық бүйте берсе оңбайды,
Көріп жүрміз үйіне көп қонбайды».
Деген сөзді айтып салды кемпірі,
Көп жуғаннан оңып кеткен жемпірі.
Қалыңдау ғып салдырып ап төсегін,
Кемпірінің тыңдамайды ол өсегін.
Мал да қайтты,  
                     ауылға кеп кеш кірді, 
Көрші үй жақтан матор үні естілді.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
21
Бұрқ етіп шаң, машина кеп тоқтаған,
Түсе бере келіншегін боқтаған.
«Қызу екен бастық бала бүгін де,
Әй оңбайды, оңбайды бұл түбінде.
Келін жақсы, 
                     келіншегі жақсы адам».
«Тыныш», – деді кемпіріне қақсаған.
Естіп қалды  тұсап жатып есегін:
«Дұрыс шықса осы жолғы есебім.
Кетем болды, 
                      қала жаққа көшемін»,
Қарт қысылды айналшақтап есегін.
Бұ сөздерді сұраған жоқ ешкімнен,
Ашық тұрған терезеден естілген.
«Тағы ішіпті-ау», – деген оймен бұрылды,
Көрші үйдің перделері сырылды.
Қысылды қарт аңдығандай  күй кешті,
Кіре бере жәпірейген үйге ескі.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
22
 СӘУІР ДЕ ӨТЕР
Сәуір тәуір болмады биылғы бұл,
Сағағынан дір етіп қыйылды гүл.
Долы дауыл бұтақты ала қашып,
Көкірегіме өзендер құйылды  бір.
 
Көкірегіме өзендер құйылды бір,
Дір-дір етіп қылтиған қиылды гүл.
Қобалжиды жылқышы әрең шыққан,
Қалай сақтап қалам деп үйірді бұл.
 
Долы дауыл сыпырып кетті бәрін,
Соңғы сөзін айта алмай өтті ғалым.
Көктем қашан келеді  
                                   дегенменен,
Менің өкпем ешкімге жоқ шырағым.
 
Суық жаңбыр қақты көп тереземді,
Бұзып-жарып ақты кеп сең өзенді.
Ағыл-тегіл жауғанмен ақ жаңбырлар,
Қандыра алмай қойды-ау жер кенезеңді.
 
Кенезеңді қара жер қандыра алмай,
Толқындары тулайды жарды ұра алмай.
Сабыр етсек сәл ғана  
                                   сәуір де өтер,
Тәуір белгі артына қалдыра алмай.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
23
 
КЕШКІ ВОКЗАЛ 
Қары тау боп үйілген,
Қарауытып жол жатыр.
Жүгі тең-тең түйілген,
Состав темір жолда тұр. 
Шыққан канден бұрыштан,
Тіміскілеп бау ішін.
Әлдекімді ұрысқан,
Кезекшінің дауысын.
Кетем қазір зулайды,
Сан оқиға ойымда.
Кешкі вокзал шулайды,
Темір жолдың бойында.
Өтті осылай өмірім,
Туған елдің аспаны.
Құлазып тұр көңілім,
Поезд жылжи бастады. 
Кездесуге әзірмем,
Суылдайды жүрегім.
Түсіп қалып қазір мен,
Тыныштыққа сіңемін.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
24
* * *
Алдымнан менің керілген жұмбақ 
                                                     жол күтті-ау,
Бес белден астық... 
                       мұнартқан асу  қорқытты-ау.
Көзіме оттай басылған  қайран  
                                               туған ел,
Көңіл құрғырды тағы да, 
                                         тағы  толқытты-ау.
Алқына бердім, 
                       алдымнан таныс қыр шықты,
Кіршіксіз мөлдір
                          көңілде сезім тұншықты.
Анаммен бірге қоршаған 
                                          бақты, 
                                                     шарбақтар,
Көзімнің жасын еріксіз қалай ыршытты.
Шұлғаумен орап аяққа киген етікті,
Бала кез біздің бастан да мәңгі өтіпті.
Жандарбек, 
                   Елғон,
                             Иманбайлармен ойнаған,
Қалың тоғайдың ағашы сиреп кетіпті.
Ұмытқам қалай 
                         қызғалдақ терген белеңді,
Ауылға жиі келіп тұрамын мен енді.
Аудандық газет басқаны әлі есімде 
Ерімбет бала екеуміз жазған өлеңді.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
25
Аңсадым бүгін
                        алаңсыз сол бір шақтарды-ай,
Қаншама жылдар 
                           санада біздің сақталды-ай. 
Қаншама сұрақ 
                      жауапсыз қалды бұл жылдар,
Бағира қызға Аманбай жазған хаттардай.
Сары қыз қайда, 
                        ұмытқам бүгін басқаны,
Есімнен шықпай  
                         балалық шақтың дастаны.
Айдарбек ағай әліппе оқытқан мектептің,
Орыны жатыр аспанға ұшып ақ шаңы.
Соңғы жылдары 
                            сирек соғатын болдық-ау,
Қымбат күндердің 
                      ұмытылғаны қорлық-ау.
Қырық жыл бұрын 
                              мен кеткен осы ауылдан,
Ақсары, Сертке асатын қасқа жол мынау.
Алыстап қалған алаңсыз ойын-сауығым,
Ақпейіл елім,  
                   ардақты жұртым, қауымым.
Келмеске кеткен сәби кезімді сағындым,
Иті де ыстық аяулы менің ауылым.
Көне көздердің бірі де тіпті қалмаған,
Бағанадағы радио қайда сарнаған.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
26
Суы тартыла
                    бастапты-ау мына тоғанның,
Есіңді алып ағатын асып арнадан.
Көктемде келсең толқиды мұнда қыр гүлі,
Сағынған кезде келер деп ұлым бір күні.
Арманы асқақ 
                     қара балаңды баяғы,
Іздедің бе екен, күттің бе мені Үлгілі*.
Ауырта тырнап жанымның ескі жарасын,
Жүректе мәңгі сағыныш болып қаласың.
Туған ауылда
                    күтетін біреу бар ма екен, 
Алыста жүрген Бабайқорғанның* баласын.
*Үлгілі, Бабайқорған - жер аттары 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
27
* * *
Мына дүние 
                   көктем сайын көктейді,
Тағдыр адам мүмкіндігін  шектейді.
Сені сүйіп өту үшін жалғаннан,
Жалғыз рет сүрген өмір жетпейді.
Бір-ақ рет 
                сүрген өмір жетпейді,
Ал, табиғат қайта-қайта көктейді.
Адам шіркін қарбаласта сезбейді-ау,
Қадам сайын... бейіт жаққа беттейді.
Әр қадаммен 
                    бейіт жаққа беттейді,
Мән беруге, мұршасы оның жетпейді.
Бір-ақ рет сүретінім өмірді,
Күндіз-түні  көкейімнен кетпейді.
...Жер бетіне 
                    жаңбыр жауса сіркіреп,
Көкейіме оралады бір тілек.
Аяулым-ау, саған жазған жырларым,
Көктем сайын көктер ме екен дүркіреп. 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
28
* * *
Арықтардан су ағады жосылып,
Көктем таяу… 
                     сүйеніш қой осы үміт.
Үкіметі көшіп кеткен Алматы,
Құлазиды меніменен қосылып.
Басым қатып толқын-толқын ойлардан,
Мезі болған у-шуы көп тойлардан.
Достарыңның бірі сатқын, бірі жау,
Бұл күндері бақталасқа айналған.
Олар талай нұрлы істерден сырт қалды,
Аң-таң болып қарақұрым жұрт қалды.
Ертең тағы алыс елге аттанам,
Еске алмаймын, ойламаймын қырттарды.
Бұл қала үшін келіп кетер жан қиғым,
Сосын оның қас-қабағын аңдимын.
Үкіметі көшіп кеткен Алматы,
Көшесінде жалғыз қалып қаңғимын.
Мынау дүкен сатады тек қарулар,
Бомба қойған… 
                         атыс-шабыс, жарулар.
Кептелісте тізіледі көліктер,
Жол сұрайды асыққан кей арулар.
Әр күн сайын не сұмдықты есітті ел,
Сіресіп тұр құлыпталған есіктер.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
29
Жын ойнаққа айналғандай кафеге 
Селт етпейді суық қарап мешіттер.
Осындай бір тіршілік бұл арбасқан,
Жас баласы жағаңа кеп жармасқан.
Менің нәзік көңілімдей мұңайып,
Құлазып тұр қысқы Алматы қар басқан.
Үзік елес сол бір сырлы шақтардан,
Құстар үні естілмейді бақтардан.
Түніменен құлазиды Алматы,
Көшелері аршылмаған ақ қардан.
Жастық шақта талайлармен достасқан,
Вокзал мынау қимай тұрып қоштасқан.
Кесіп-кесіп, бөліп алған барлығын,
Бұл шаһардан жер таппайсың бос жатқан.
Басым ауған жаққа тартып барамын,
Баласы едім кеше ғана даланың.
Тұрғынымыз бұл күндері, қарағым,
Үкіметі көшіп кеткен қаланың.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
30
ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВКЕ ОРАЛУ
Белдерден асып
                     қайырылмай кеткен қара жол,
Шолпандай таңғы дара еді ол.
Далалық біздің шалдардай 
                                            сергек дана еді ол,
Кей сәтте сәби бала еді ол.
Жалықпайтұғын жағаға қарай 
                                толқындай тулап қайтудан,
Теңіздей шулап айтудан.
Қасқая шапты-ау,
                             алдынан сонда ай туған,
Алыбым едің заманаларға сай туған.
Сыбырлап қана іздейтін мына күз біздің,
Махаббатына өртеніп кеткен жүз қыздың.
Оның жырына жер менен көгің теңселген,
Қаранарым еді ол ел сенген.
Ұлы даланың қырына,
Шыңыраудай түпсіз сырына,
Жасындай аққан Жанарбектердің жырына.
...Жауыз боп кетсең бұл күнің 
                                     ертең болар мұң,
Келгенде уақыт жауқазындайын солармын.
Оралмайтұғын көктемді іздеп жүріп мен,
Төлеген жырға қайтадан қалқам оралдым.
Жарқырай берші адастырмайтын жұлдызым,
Жанымен сүйген артыңнан ерген ұл-қызың.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
31
Жаныммен сүйген 
        сен туған жақтың бұл жылдар,
Жаза алмай жүрмін,
               жаза алмай жүрмін бір қызын.
 
Жүрек шіркінде
                    қырық қатпарлы сыр жатыр,
Жазылмай қалған жыр жатыр.
Ал анау текті де туған сол қыздың,
               жатырында,
                              алтын айдарлы ұл жатыр.
Сол бір ұл, бәлкім,
                            туылмай  белімде кеткен,
Бір шырын қалған кенезіп ерінде кепкен.
Несін айтайын сендерге, қалқаларым-ау,
Армандай сұлу қалған-ды жерімде көктем.
Қаталсың уақыт...
                              жанардан жасты үзгіздің,
Адамдар емес, ұққандай сырды 
                      тоналған мұңлы күз біздің.
Маңдайға әжім сызғыздың,
Жүрекке қатқан ерімес, сірә, мұз біздің.
Төлеген жырға оралдым қайта ормандай,
Елім деп өткен сормаңдай,
Махаббатына өртеніп кеткен жүз қыздың.
 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
32
* * *
Қай қырда қалдың, 
                          қиылып туған ай сындым,
Қай жырым менің үзілді 
               ұшына жетіп қай шыңның.
Жабылып бәрің, 
                        соңыма менің түсердей,
Жолыңды кестім қайсыңның?
Дүниені кезіп архив ақтарып, 
                      сары қағаздарға үңілдім,
Сұқсырдай мынау сүмпиген
                             сұрқыңнан сенің түңілдім.
Сорақы болды-ау бүгінгің,
Құлжабайұлы Мәмбетке барып жүгіндім.
А, анау қырғыздағы сыр бүккен
                                         он бір жыраның,
Құпия сырын білгенде, 
                  шешем бүгін өлгендей, 
                          ағыл да, тегіл жыладым.
Баурайында гүл аңқыған қолаттың,
Шолтаң етіп өте шықты-ау  
                                              шолақ күн.
Бір татысқан дәм тұздан да  
                                            қорықпай,
Ғайбат сөздерді соңымнан менің бораттың,
Болмаса тек еліккен...
                                  бірер ессіз кей кісің,
Бүгінгі есті  қазақты саған сенер деймісің.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
33
Қарш та-қарш шайнасып,
Ұлы тарихшымен оңашада ойласып,
Қара қазанға қойды асып.
Мұстафа Шоқай жолымен 
                             өткенде жүріп көктемде,
Алысқа сапар шеккенде –
Құс ұшырып төбемнен,
                                   ит қосқанмен топтасып,
Ана иттермен соттасып,
                                мына иттермен қоштасып.
Тамтығым қалмай кетсе де,
Шәуілдеген көп итке 
                               сыр берместен өткенмін,
Шуағына шомылып 
                                күзбен сол бір көктемнің.
Талқыға түскен тар шақта бұлт ете қалған 
                                                            сол ағам,
Жүрегі оның жаралған екен қоладан.
Намысымды таптаған,
                                 ортаңнан сенің таппаған,
Бақыт дейтұғын итіңді, сол бір итінген,
Табам ба барып моладан.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
34
* * *
Жаратушым 
          мені еркін жүрсін деген шығарсың,
Бұл өмірдің 
                       қадірін білсін деген шығарсың.
Анамды алып... жылап ап, 
                                 күрсін деген шығарсың,
Асу бермес биікке 
                                 ұмсын деген шығарсың.
Қиянатқа осынау  
                             төзсін деген шығарсың,
Махаббаттың қадірін 
                                   сезсін деген шығарсың,
Таңғажайып дүниені
                                    кезсін деген шығарсың,
Жалған достан біржола 
                                       безсін деген шығарсың.
Шын сүйді ғой 
                     сүйгенін жазсын деген шығарсың,
Шоқай жолын екшелеп 
                                       қазсын деген шығарсың.
Жағда шалмен сырласып
                                       қалсын деген шығарсың,
Сыбағасын өмірден 
                                алсын деген шығарсың.
Дүниені шарлап бір 
                             қайтсын деген шығарсың,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
35
Жүрек сырын жыр етіп  
                                айтсын деген шығарсың.
Қазақ қызын ес-түссіз
                                 сүйсін деген шығарсың,
Көңіліне бір мұңды 
                            түйсін деген шығарсың.
Ақ қағазға дастан ғып 
                                құйсын деген шығарсың,
Сол сүйгенін өзгеге
                              қисын деген шығарсың.
Жаратушым көңілде, 
                               жүрегімде тұрарсың, 
Көз жетпейтін көкжиек, 
                      қол жетпейтін шынарсың.
Менің мұңлы,  у-шулы  
                                  өмірімде тұрарсың,
Сәл жұмбақтау, қайғылы 
                                  өлімімде тұрарсың,
Соңғы минут, соңғы сәт 
                                        көңілімде тұрарсың,
...Терең ұққан жас ұрпақ 
                                     өксіп-өксіп жыларсың.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
36
* * *
Жиделібайсын –  
                       көзімнің жасы ыршыған,
Санама жетті-ау  
                           ғасырлар сыры сыңсыған.
Бабамнан қалған қайғылы мұңы өлкенің,
Жазира белді, 
                      көгілдір көлді көркемім.
Кеудемде қатқан шеменді мұздай ерітерім,
Өзің деп өткен  шалдардың сырын шертемін.
Олардың бәрі бейітте жатыр тізіліп,
Көзімнің жасы үзіліп
Тырналар  кетті көкжиек асып тізіліп
Жан ұқпас мұңлы сырымды, 
                                тұрғандай мына күз ұғып.
Қаншама ұрпақ  
                        ауысқан сыр ғой біртіндеп,
Ертіп кетердей ғайыптан біреу  бір күн кеп.
Олардың бәрі жалғаннан өтті арманда,
Байсынға бірге барар ма екенбіз шіркін деп.
Соларды көріп өстім мен,
Сәби болғасын сұрай алмадым ешкімнен,
Содан да болар 
                  жалғыздық дертін кештім мен.
Қажытты-ау түнде
                               қамалап ойлар  қаңғырған,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
37
Сағыныш дерті жүректе қайта жаңғырған.
Ұлттан ұлттың десекте қалқам кемі жоқ,
Сан ғасырларға созылған дерт бұл-емі жоқ...
Ұлы сахара шапандай болды-ау жеңі жоқ,
Жиделібайсын атамекенім – теңі жоқ.
Жиделібайсын –
                          жанардан жас қой төгілген,
Жүрегім бе екен атқақтай соғып егілген.
Қабырғам ба екен 
                                біртіндеп тұрып сөгілген,
Құйрықты жұлдыз ағып бір түскен көгімнен.
Жұлынған жағам 
                            жат жанның кеткен қолында,
А, ана Самарқанның 
                                  Байсынға барар жолында.
Әлішер досым екеуміз қанша мұңдастық,
Байсыннан соққан
                              шерлі жел үнін тыңдастық.
...Амал жоқ  кері  
                       Ташкенге барар қырды астық.
Байсын, 
            мен саған түбінде бәлкім соғармын,
Өзіңе қарай құстайын қанат қағармын.
Қабірі  қалған әжем мен онда бабамның,
Жоқ іздеп шыққан жолаушы едім кім білсін,
Жоғымды содан табармын..

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
38
* * *
Білемін сіздер өшсіздер,
Қан жоса болып үзіліп кеткен 
               Қаддафименен ыржақтап 
                                суретке түскен ессіздер.
Ессіздер мынау ғаламды 
                           жайлап барады талқандап,
Бораған оқтың астында 
                         қорғансыз ару қалқам қап.
Ессіздің бірі шыныдан шығып кетердей 
                                       ары да бері талтаңдап,
Өлген патшаны жүгірді 
                      аспақшы болып арқанды ап.
Есіме түсті-ау сол сәтте 
                         баяғы Саддам Хусейін,
                                   арқанды салған мойнына,
Қара жер менен қанішер қанға тойды ма?
Түршіктіргендей денемді,
Ливиядағы бүгінгі ессіз той мына.
Экрандардан қан шашқан...
                                 сұмдық, кім күткен,
Дүние мынау төңкерістерден дүрліккен,
Үмітін үзіп қарап тұр бала тірліктен.
Атыс-шабыстан мына әскерлер де сүрліккен. 
Алаулап атар ақ таң мен 
                             жарқырап шығар күн күткен.
...Түсіме кірді ақ әжем түнде 
                               пештің түбінде жүн түткен.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
39
Ақ әжем қайран аруағың желеп-жебеген,
Торыққан кезде демеген.
Түсіме кірді-ау шіркіндер,
Жылап ояндым, 
                         тағы да тағы бір күн бер.
Айжамал ана аяулы,
Көңілі бәлкім қаяулы.
Жаза алмай асау жырымды,
Тағы да көзім ілінді.
Түсім бе мынау өңім бе,
Мазаңды алдым ба сенің де.
Ары да бері ауған ел,
Қос-қостап бие сауған ел.
Әлішер досым,  
                     жан-жүрегімізді ауыртты-ау, 
Өзбекке сіңіп
                    біржола Жиделібайсын, 
                                Жаңажол жақта қалған ел.
Бозақтай мынау 
                        топырақ басқан мұңлы да, 
                                             шерлі қаласын,
Қазақтың анау
                        шетелге кеше 
                                   сатылып кеткен баласын.
Шалдардың қайтем 
                         жатжұртта жылап 
                                  мәңгіге қалған моласын,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
40
Созақтың сонау 
                      Қаратау асқан 
                                 Бабайқорғандай саласын,
...Жиделібайсын,  
                        Майдамталдайын даласын,
А, анау Ташкеннің түбіндегі 
                              Қауыншыдайын қаласын,
Есіңе түбі аласың!
Беу, он сегіз мың 
                           ғаламат ғалам қайтейін,
Жаза алмай жанның жарасын
Жанарға сыймай, 
                       қимай да қимай барасың
Қамшыменен маңдайдан 
                                     жібергендейін 
                                                  тартып кеп,
Қадекең менен 
                      Тұмағаңдардан артық па ек,
Бізден де ертең қаласың,
Түк көрмегендей боласың!

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
41
ӘДЕБИ ОРТА
Бұл орта біздің шеттеткен топ боп ірісін,
Айтқым келмейді, айтпаймын оны құрысын.
Байқап жүр бала, аңқылдай берме мен құсап,
Сұқ көзден таса қалмайды жүріс-тұрысың.
Бұл орта біздің ескермес кейде ұлысын,
Айтатын сөз бе, айтпаймын оны құрысын.
Алдымда кеткен сан толқындарға бас ием,
Қазақты сүйіп қалдырған асқақ жыры үшін.
Байқалмай қалмас бұл жерде жүріс-тұрысың.
Жақсы әдет емес, айтайын несін құрысын.
Мәңгілік сүйіп өтемін рас кейбірін,
Ана тілімде қалдырған ғажап сыры үшін.
Бұл ортаңызда қиялы көкке ұшқан көп,
Кешегі досың шыға келеді дұшпан боп.
Поэзиядан дәмелі таныс бозбала,
Қосылар екен қиқулап қайсы тұстан кеп.
Бұл орта солай, солай да солай шулаған,
Кей қылықтары ағаштай сусыз қураған.
Қызығып тұрған жүріске біздің  балақай,
Жүйкеңді сосын, жүректі сақта тулаған.
Бұл орта кейде тілеулес бағзы бапкердей,
Тыншымайтұғын бәйгені тағы ап келмей.
Бұл орта кейде көзіңе ыстық  көрінер,
Ғашықтық ғазал жазылған ескі дәптердей.  

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
42
Арқаңнан қағар мейрімдісі де табылар,
Көңілі босы қолыңды сүйіп табынар.
Өсектің өртін лаулатып жүрген анау «дос»,
Қайта келмеске кеткенде бәлкім сағынар.
Арулар сүйіп алдаса  ыстық  төсекпен,
Кейбірі кейде атады таспен, кесекпен.
Қақ жарып өтер қасқа соқпақпен тартпасаң,
Байқап жүр бала жіберер өртеп өсекпен.
Көзіңнің жасын көл қылып кейде саулатқан,
Қиял ғажайып әңгіме  отын лаулатқан.
Дәмете көрме халқым кеп ара түсер деп,
Күдікпен сынай тұрады ол қарап аулақтан.
Әдеби орта жүйкеңді жүндей түтетін,
Осы орта тағы мәреден сені күтетін.
Не айтам інім көрерсің, байқап сезерсің,
Дақпырт пен шуды бейітте ғана  бітетін.
Әдеби орта тұратын майдан, шайқастан,
Әдеби орта жазылмас құшақ айқастан.
Асыға көрме бағасын берер, реттер,
Туады ұрпақ, тұлпардың ізін тай басқан.
Кездесулерге сан бармай қалып қызбенен,
Әдеби орта  бір кезде со-н-дай  іздеген.
Көзімнің жасын көл етіп жаздым бұл жырды,
Сабырлы болып сырласқанменен сізбенен.
Сауық сайранды
                              қадірі қалмас кештің де,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
43
Сенімен бірге көрге түспейді ешкім де.
Ақындық тағдыр алып қашады қиырға,
Не жетсін шіркін пәк болып өтсең бес күнде.
Есіңде болсын, періште емес ешкім де,
Пенделік етпей өте алсаң шіркін бес күнде.
Ешкімнің сенде жұмысы болмас, бауырым,
Ғұмырда мынау сан рет жанып өштің бе?!
Әдеби орта айырылған талай тарланнан,
Қасқа жайсаңмен түседі еске барған маң.
Рухқа айналып том-том боп тұрар сөреде,
Өткендерімен өздері мынау жалғаннан.
Бітпейтін бәйге, 
                           өтеді қысып тақымын,
Жұбатпай-ақ қой, ұмытпайды елім ақынын.
Өсек өртімен өртеген қалқам аяусыз,
Әдеби орта, тағдырым... әрі жақыным.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
44

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет