Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан.
Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан.
Шартты рефлекторлық қарын сөлінің бөлінуі бас миы сыңарларының (тәбетті сөл) қатысуымен болады. Қарын сөлінің рефлекггорлық бөлінуін И.П. Павлов «алдамшы қоректендіру» тәжірибесі арқылы дәледдеді. Иттің қарны түбін кесіп, одан кішкентай қарынша жасады. Ішкі сілекейлі қабықшасы бүтін қалпында сақталғандықтан, ас үлкен қарында қорытылған кезде кіші қарыншада («Павлов қарыншасы») сөл (астың сапасына байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесінде жабыстырылған тұтікке тамшылап ағады. Яғни ит қоректі жұтқанда қарынға түспесе де, қарын сөлінің бөлінуі байқалды.
Қарын безінің физиологиялық белсенділігі (ұзақтығы, сөл бөлінуі, әрекетшіддігі) қоректің химиялық құрамына (белок, май, көмірсулар), оның консистенциясына, температурасына, қарынның сілемейлі механикалық тітіркенісіне байланысты. Ішек-қарынның ең басты гормондарының бірі - қарын сілемейі өндіретін гастрин. Гастрин клеткалардың тұз қышқылын өндіруіне әрекет жасайды.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі
Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі
жүйкелік және гуморалдық механизмдермен жүзеге асады.
Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді.
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі
Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6—8 сагат) оньщ кұрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағам-дар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жыл-жып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарын-да тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашыльш жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.
Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында токтап қалады, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылуына карындагы және он екі елі ішектегі гидростатикалы қысым, химустық қыпікылдыц дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарындағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейін (химус изотоника-лы болғанша) босамайды. Астың Карыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қыш-қыл күйінде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреозимин бөлі-неді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыган орай ішекте рН жоға-рылап, пилорустың ашылуын тсздетеді.