Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Қарын - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен іске асады.