Асқорыту мүшелері


Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс



бет8/8
Дата26.12.2023
өлшемі34,33 Kb.
#143714
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТаÒ Ñ Ñ Ñ бÑ Ð Ñ Ò азаннÑ Ò£ жÓ не Ñ Ñ екÑ Ñ Ò£ моÑ оÑ лÑ Ò , Ñ вакÑ аÑ оÑ лÑ Ò , Ñ екÑ еÑ -emirsaba.org

Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс.


  • Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс.

  • Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.

  • Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.

Қолданылған әдебиеттер

1.«Адам физиологиясы” Х.Қ. Сатбаева., А.А. Өтепбергенов., Ж.Б.Нілдібаев. Алматы 2005


2.“Основый физиологи человка” Н.А.Агаджанян. И.Г.Власова., Н.В.Ермакова., В.И.Торшин.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет