Ішек қимылы бірыңғай салалы ет талшықтарының үйлесімді жиырылуына байланысты 5 түрге, атап айтқанда, маятник тәрізді, ырғақты-бунақтану, перистальтика, тонустық (ширақтык), кері перистальтика (антиперистальтика) қимылдарына бөлінеді.
Маятник тэрізді қимыл нәтижесінде ұзыннан ұзақ орналасқан ет талшықтары біресе жиырылып, біресе босаңсиды да ішектің біраз бөлігі біресе кысқарып, біресе үзарады. Осыған орай ішек-тегі химус бірде алға, бірде артқа қарай жылжып, ас қорыту сө-лімен әбден араласады.
Ырғақты-бунақтану қимылы кезінде сақина тәрізді ет талшық-тары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, оны үзындығы әртүрлі (1—2 см) көптеген сегменттерге бөледі. Одан әрі сег-менттер ортасындағы сақина тәрізді еттер жиырылып әр сегмент-ті екіге бөледі, сөйтіп келесі сегменттерді қүрады. Ішекті бунақ-қа бөлу ырғақты түрде қайталанып, оның бір жерінен екшші жеріне көшіп отырады. Бұл қимыл іштегі химустьщ ас қорыту сөл-мен араласуын қамтамасыз етеді.
Перистальтика қимылын жасауға ішек етінің екі түрі де қа-тысады. Ішек бөлігінің жоғарғы жағында сақина тәрізді көлде-нең еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, ал дәл осы кезде төменгі жағында ішекті бойлай орналасқан еттер жиырылып ішек куысын кеңітеді. Ондағы химус енді ішек қуысының тарыл-ған жерінен кеңейген жеріне қарай жылжиды. Қелесі жолы сақи-на тәрізді еттер ішектің кеңіген жерінде жиырылады. Аталган қимыл он екі елі ішектің басында пайда болады да, аш ішек пен мықын ішектің бойымен толқын тәрізді таралып, тоқ ішекке же-теді. Сөйтіп, перистальтика қимылы химустың бір беткей, жоға-рыдан төмен карай жылжуын қамтамасыз етеді. Перистальтика кейде құрт тәрізді қимыл деп те аталады.
Қері перистальтика қимылы ішектегі химусты кері қайтарып, карынға қарай жылжытады. Бұл қимыл әдетте аздап он екі елі ішекте де байқалады. Мұның нәтижесінде ас осы ішекте кідіре-ді де, ас қорыту сөлінің әсері ұзарады.
Ширақтык, (тонустык,) қимыл да өзгеріп отырады. Бірыңғай салалы еттер әрдайым ширақ келеді, яғни (тонуста болады). Ішек тонусы түрлі себептердің әсерінен не жоғарылауы не төмен-деуі мүмкін. Еттер тонусы (ширақтығы) күшейсе, ішек қуысы тарылады, төмендесе, керісінше ішек қуысы кеңейді. Бұл да хи-мустың сөлмен араласып, даяр өнімдердің сіңуіне септігін тигі-зеді.