Мецгер отметил, что в Казахстане, живут в мире и согласии более 100 народов, и каждый
должен учиться у этой страны.
Не отставая от мировых лидеров, о важности модели Казахстана разделяют и
мировые
эксперты, которые
считают
что
модель
межэтнического
и
межконфессионального согласия, функционирующую в Казахстане, многие зарубежные
эксперты оценили как «уникальный казахстанский путь», а также предлагают
«экспортировать» ее в другие государства. По мнению научного эксперта Академии
национальной обороны Австралии Мартина Малека сила возникает у людей, когда они
начинают действовать совместно. Точно так же Казахстан обрел глобальную силу,
объединяя под миротворческими инициативами целые континенты. Президент Центра
информации и политического анализа США Хуман Садри убежден, что сегодня Казахстан -
настоящий остров стабильности на просторах СНГ. Это чудо, над которым ломают головы
политологи, и всегда будут говорить историки, изучающие наш период - рубеж XX и XXI
веков. Он охарактеризовал достижение Казахстана одной фразой - «Стабильность, мир и
согласие». Во всех кругах уже закрепилась мнение, что Ассамблея народа Казахстана – это
политическое «ноу-хау» Лидера Нации, которое вызывает сегодня в мире огромный интерес.
153
Действительно, политика толерантности в нашем государстве проводилась с первых
дней независимости государства. Как отметил Нурсултан Назарбаев на Форуме народов
Казахстана, «Не одно поколение казахстанцев создавало главное достояние - дружбу
народов. Мы не вправе растрачивать это богатство, перечеркивать добрые традиции
интернационализма». [6]
Всем нам известно, что XXI век остро обозначил проблемы взаимоотношений культур
и цивилизаций, межэтнических контактов во всем мире, создания новых подходов к
интеграции полиэтничных обществ. И в этих условиях, где признаки системного
общецивилизационного кризиса, отражающий не только мировой финансовый кризис, но и
признаки энергетического, экологического, продовольственного, социального кризисов
Казахстан уже четко определил для себя путь развития и процветания благодаря уникальной
модели мира и согласия Лидера Нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.
Список использованной литературы:
1. Н.А. Назарбаев – основоположник
казахстанской модели межэтнического и
межконфессионального согласия. / Сост.: А.Н. Нысанбаев, А.Г. Косиченко.– Алматы: 2010. – 365 с.
2. Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана (до 2020 года) от 18 апреля 2013 года.
3. Конституционный закон Республики Казахстан «О Первом Президенте Республики
Казахстан - Лидере Нации» от 20 июля 2000 года N 83-II.
4. Положение об Ассамблее народа Казахстана от 7 сентября 2011 года.
5. «20 лет Ассамблее народа Казахстана. Уникальная модель единства и согласия», газета
«Семей таңы» от 24.01.2015 г.
6. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на Форуме народов
Казахстана (Алма-Ата, 13 декабря 1992 года).
ƏЛЕМДІК ТƏЖІРИБЕНІ БОЙЫНА
ЖИҒАН ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ
Жүсіпбек Р.Р.
Жəңгір хан атындағы БҚАТУ 2 курс студенті, Орал қ.
Бұл дəуір мықтылар мен білімділер дəуірі.Қай елдің экономикасы өрлеп,білімі оза
шапса заман сол елдікі.Ол елдің жастары да соншалықты биікте сақтайды.Алайда
экономикасы дамыған елдер халықының бірлігін таба білмесе ешқашан алыптардың
қатарына кірмейді.Іштегі алауыздық сырттағы жаудан бетер үрей туғызыды.Себебі бұл –
жаһандану дəуірі.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қатынастардың теориялық
жəне тəжірибелік саласы ең өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Елімізде 120-дан астам ұлт
пен ұлыстар тұратыны белгілі. Əлемдік қауымдар Қазақстанның этноəлеуметтік дамуындағы
сəттіліктерді мойындауда. Əрине, бұл жетістіктерде Қазақстан халқымен қатар еліміздің
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың да қызметін атап өтуіміз қажет.
Президентіміз өзінің еңбектерінде: «Біз еліміздің болашағы үшін əр қайсымызға жүктелген
жауапкершілікті түсіне отырып, өткенді еске сақтап, болашаққа ұмтылуымыз керек. Басқа
халықтармен достықта өмір сүре отырып, олардың мəдениеті, дəстүрлерін құрметтеуіміз
керек. Қазақ халқының береке басы бірлікте деген сөз əрдайым есте сақтауымыз керек» -
дейді.
Ата заңымыздың 39 бабының 2 тармағында ұлтаралық қатынастарға қарсы жасалған
əрекеттердің барлығы конституциялық емес болып табылады делінген болатын.Қазіргі таңда
əлемдік қоғамдастықтардың мəдени өмірін саяси жəне əлеуметтік-экономикалық
жағдайлардағы өзгерістердің интенсивті түрде дамуы ұлтаралық жəне этникааралық
процестерде өсіп отыр. Сондықтан өткен кезең мен қазіргі уақыттағы түрлі ұлттардың
154
қарым-қатынастарындағы тарихи жəне теоретикалық, болжамдық, тəжірибелік жағынан
талдау өзекті мəселелердің бірі болып отыр. [1, 6 б.].
Қоғамдағы татулық- мемлекетті нығайтудың ең басты шарты болып табылатындығы
белгілі. Əлемде тұрақты, мықты ұлтаралық қатынас болу үшін, ол мемлекетте барлық
этностардың құқығын қорғайтын мықты құқықтық база жəне осы құқықтарды іске асыратын
институттар болуы керек. Осындай институттар құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан
Республикасының Президенті 1992 жылы Тəуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан
Халықтарының бірінші Форумында ұсынған болатын. Форумда сөйлеген сөзінде Президент
қазақ халқының бірнеше ұрпақтары, біздің басты игілігіміз- ұлттар достығы қалыптастырды.
Бүгінгі таңда тарихқа көз жүгірту кезінде осы байлығымызды жоғалтып алмай, көптеген
дəстүрлерімізді жоғалтпауымыз керек. Олар соңғы он жылдықтар немесе партияның
дерективаларымен қалыптасқан жоқ, əр бір адамның, əр бір халықтың, əр бір ұлттық
дауысын күнде есту қажет. Міне, сондықтан форумды тұрақты негізге көшіріп, жаңа
қоғамдық институт қазақ халықтарының бірлігі мен татулығының Ассамлеясын құру керек
деген болатын. Елбасы бір сөзінде: «Мені небір қиын күндерде де демеп жүретін халықтың
қолдауы, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың достығы. Біз қоғамда қалыптасқан саяси
тұрақтылықты, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, ағайын арасындағы сыйластықты,
адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін көздің қарашығындай сақтауды балаларымыздың
балаларына аманат етіп өтуге тиіспіз!», - деп атап көрсеткен болатын. Ассамблеяның бұл
бағытта, еліміздегі бірлікті сақтауда маңызды рөл атқарып отыр. Бір сөзбен айтқанда,
Ассамблея өз міндетін орындап келеді. Соның арқасында Қазақстанда мекен етіп отырған
ұлттар мен ұлыстардың достығы көрініс тауып отыр. Қазақстан дамуының бір модулі ретінде
Ассамблеяның өз міндеті бар. Оның ішінде Қазақстанда мекендеп отырған əр түрлі ұлт пен
ұлыстың өкілі өзінің мəдени жəне тарихи, этнографиялық өмірінен қалыс қалмай, осында
өмір сүре отырып, өздерінің тарихи танымын байытуда, өздерінің мəдениетін, өнерін
жоқтатпай отыр. Ассамблея Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің басын қосып,
жан əлемінің бола ма, тағы да басқасының бола ма, көрініс табуына ықпал етіп, құрылым
ретінде қызмет етуде.
Арада 20 жыл өтсе де Елбасының бұл сөздерінің өзектілігі артып, күн өткен сайын
өміршеңдігі айқындала түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы құрылтайында
Елбасы жаңа институттың қоғамдағы рөлі мен жұмысының басты контурларын сол кезде-ақ:
«Осыдан бастап қоғамдық мəселелердің барлық қырлары бойынша, əсіресе, ұлттық саясатта
мемлекеттік актілер Ассамблеяның пікірлерін ескеріп жəне оның тікелей қатысуымен
қабылдануға тиіс. Ол актілердің əрқайсысы еліміздегі барлық этностардың мүдделеріне
қайшы келмеуі қадағаланып, сараптан өткізілуі керек», деп қолмен қойғандай нақтылап
берді. Бұл кейіннен идеологиялық тренд ретінде орнығып, əлемге «бейбітшілік пен қоғамдық
келісімнің Назарбаев моделі» деген атпен белгілі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының
алғашқы қадамы еді. [1, 250 б.].
Мемлекеттік этностық саясатты жүзеге асырудың жаңа институционалды тетіктері
толығымен қалыптасты. Өткен жылы Елбасының Өкімімен Президент жанындағы
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Облыстардағы,
республикалық маңызы бар қалалар мен елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеяларының
қызметтерін қамтамасыз ету» атты жаңа бюджеттік бағдарлама қабылданды. Аймақтарда 11
мамандандырылған облыстық «Достық үйі» табысты жұмыс істеп тұр. Тағы 4 облыста
Ассамблея жылы барысында ашылатын болады. Елбасының тапсырмасы бойынша Достық
үйлерін дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, Достық үйлері директорларының əдістемелік
кеңесі құрылды. Күнделікті өмірден туындайтын нақты мəселелер жергілікті жерлерде пайда
болады, тиісінше түйткілдердің түйінін тарқату да сонда жүзеге асырылады. Бұл ретте,
Ассамблеяның аймақтық құрылымдарының маңызы ерекше екенін ескеріп, оның жергілікті
жерлердегі жұмысын қолдау үшін аймақтық Ассамблея хатшылықтары меңгерушілерінің
лауазымы көтерілді. Ассамблея жұмысын ең жоғарғы заң шығарушы орган деңгейінде
қамтамасыз ету мақсатында Ассамблеяның парламенттік өкілдігі пайда болды. Қазақстан
155
халқы Ассамблеясының атынан Мəжіліске сайланған 9 халық қалаулысы əрбір ұлыс өкілінің
жоғын жоқтаумен бірге барша халқымыздың бірлігі жолында Парламент қабырғасында
табысты қызмет етуде. Ассамблеяның Мəжілістегі депутаттық тобына аталған 9 депутатпен
бірге төменгі палатаның 7 комитетінде тұрақты қызмет істейтін, парламенттік партиялардың
барлығын қамтитын 12 халық қалаулысы кіруі Ел бірлігі мəселесінің кез келген саяси
кеудемсоқтықтан биік тұрғанын көрсетеді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында жүктеген «жалпыазаматтық, саясатүстілік жəне
жалпыхалықтық сипатта болу» турасындағы міндеттің парламент қабырғасында табысты
орындалып жатқанына айқын дəлел іспетті. Осы депутаттық топтың негізінде Парламентте
қоғамдық келісімді нығайту мəселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастық тетігі
қалыптасты. Елбасы Ассамблеяның алғашқы сессиясында ең басты міндеттердің бірі ретінде
атап өткендей, кез келген заң мемлекеттің Ел бірлігі саясатына сəйкестігі тұрғысынан
арнайы сараптамадан өтеді. Дəл осындай депутаттық топтар барлық облыстық
мəслихаттарда құрылып, ортақ мүддеге сай жұмыс істеуде. Бұл да Мемлекет басшысының
бейбітшілік жəне қоғамдық келісім саласындағы кез келген бастамасының арада қаншама
жыл өтсе де ешқашан мəні мен маңызын жоғалтпайтын өміршеңдігіне кезекті дəлел.
Ассамблея институты азаматтық қоғамның ең дамыған салаларының біріне жəне қоғамдық
бірлестіктер мен мемлекеттің өзара əрекеттестігіне қажетті басты сұхбаттастық алаңына
айналды. Қазақстанда 820 этномəдени бірлестік жұмыс істейді. Ассамблея мен этномəдени
бірлестіктердің активі 67 мыңнан астам адамды қамтиды. Елбасының тапсырмасы бойынша
аймақтық əкімдіктердің жанынан ақылдастық кеңестік орган ретінде құрылған Қоғамдық
келісім кеңестері Ассамблеяның Елбасы айқындап берген жалпыхалықтық институт
мəртебесін айшықтай түседі. Себебі, ауыл, аудандардағы əртүрлі ұйымдардың басын бір
арнаға тоғыстыратын, қоғамда туындайтын негізгі сауалдардың барлығымен айналысатын
осы кеңестер. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында түрлі деңгейдегі 1035 қоғамдық
келісім кеңесі табысты жұмыс істеуде. Ассамблеяның жанынан құрылған Отбасында
толеранттық тəрбие беру жөніндегі Аналар кеңесі еліміздің ең басты құндылықтары –
татулық пен тұрақтылықты ұрпақ жадына сіңірудің тиімді тетігі ретінде өз жұмысын
бастады. [1, 13 б.].
Елбасымыз үнемі айтып келе жатқандай «Бейбітшілік пен тұрақтылық біздің
мемлекетіміздің негізі, басты байлығымыз бен игілігімізге» айналды. Тəуелсіздік тұғырына
көтерілген сəттен бастап, мемлекетіміздің саяси бағыты əрбір ұлт өкілінің өз мəдениетін
дамытып, туған тілін, салт - дəстүрі мен əдет - ғұрыптарын сақтауға тең құқылы болуына
жағдай жасауға кең жол ашылды. Осы орайда, барлық қиындықтарды тек қана достық пен
бірлік негізінде ғана жеңуге болатынын Елбасымыз құрған жаңа мемлекеттің аз уақытта
жүріп өткен жолы айқын көрсетіп берді.
Барлық Қазақстан халқын біріктіретін бірден-бір фактор - қазақ тілі. Қазақ тілі - ұлт пен
ұлысты біріктіруші, ұйыстырушы, түсіндіруші, бір-бірімен ұғыстырушы құралға айналатын
мемлекеттің ең басты тетігі. Мемлекеттік тіл арқылы түсінісе білсе оңай əрі жеңіл болады.
Сондай күнге жетсек, Ата Заңымыздағы мемлекеттік тілдің конституциялық мəртебесін
толық орындауға мүмкіндік болады деп есептеймін.
Қазақстан Республикасын мекендеп отырған 16 миллион халықтың тағдыры бір, өмірі
бір, тіршілігі бір, мұңы бір, соның барлығы Елбасы айтқандай, бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл
қағидаты бойынша жүруі керек. Сол кезде Қазақстан халқының достығы берік, ынтымағы
мықты болады. Осы қалпын одан сайын берік қылатын бірден-бір жол - мемлекеттік тіл,
барлығымыз қазақ тілі арқылы түсінісуіміз керек. Еліміздің жетістіктерін жоққа шығармай,
соны баянды етуіміз, Тəуелсіздікті баянды етуіміз керек. Тіл мен Тəуелсіздік екеуі егіз ұғым,
тұрлаулы ұғым. Ең басты дүниелер осы мəселелерге келіп тіреледі. Бұл мəселелер
шешілгенде тыныштық та, тұрақтылық та, береке де, мереке де болады. // www.parlam.kz //
“Түрік жұрты үшін түнде ұйықтамадым,күндіз отырмады”- деп келетін ерте кезден
жеткен жыр жолдарында елдің қамын,бірлігін ойлаған бабаларымыз бүкіл саналы өмірін
156
елдің болашағы үшін арнады.Міне,бүгінгі халықтар достығының жарқын көрінісі бабалар
еңбегінің асыл жемісіне айналып отыр.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Коституциясы. -Алматы,1998. [1, 6 б.].
2.Назарбаев Н.Ə. Тəуелсіздігіміздің бес жылы. –Алматы,1996 [1, 250 б.].
3.Ассамлея народов Казахстана.-Алматы, 1997.[1, 13 б.].
4.Халмурадов Р. Қазақстан Халқы Ассамлеясы Президент Н.Ə. Назарбаевтың «ноу -хауы» //
www.parlam.kz
ЕЛ БІРЛІГІ ЖЫЛЫ
Исакова С.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
аға оқутышысы, Қаратау қ.
1995 жыл-тəуелсіздігін дүйім дүниеге паш етіп, өзін егемен ел ретінде жариялағанына
бірнеше жыл ғана болған Қазақстанның күйреген империядан мұраға қалған құлдыраған
экономикасының ауған жүгін түзету жолындағы арпалыспен қатар шекарасын шегендеп,
мемлекеттілігін нығайтып, алдағы даму жолын айқындау мақсатында əлемдік үрдістердің
беталысын байыптап,барлай отырып, ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын бірігей
Қазақстан жолын салуға кіріскен кезі болатын. Сол жылы көктемнің алғашқы күнінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол
қойды. Араға бірнеше апта салып, өзінің тікелей бастамасымен шақырылған Қазақстан
халық Ассамблеясының бірінші сессиясында тарихи баяндамасын жасады. «Мен елімнің
Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты жəне ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді
өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді ,тек қарқынды
жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең - байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын
тілеймін. Мұның, ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске
аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сəбилердің
мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп,
жыламағанын қалаймын», деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері сол кездегі ең өзекті, ең
маңызды мəселе ретінде əрбір қазақстандықтың жүрегінің төрінен орын алды.
Арада 20 жыл өтсе де Елбасының бұл сөздерінің өзектілігі артып, күн өткен сайын
өміршеңдігі айқындала түсті. Елбасымыздың бастамасымен алдымыздағы жыл Қазақстан
халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Оның мақсаты-отандастарымыздың жарқын
келешегінің, балаларымыз бен немерелеріміздің шат күлкісінің кепілі болып отырған
еліміздегі толеранттылық пен қоғамдық келісімді жалпақ əлемге паш ету.
2015 жыл біздің Отанымыз үшін тарихи белестерімізді атап өту жылы болмақ. Бідің
тарихымыз - бұл бірліктің қацнар көзі! Өткенімізді бағалай отырып қана келешегімізді
болжай аламыз.
Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Қазақ хандығының 550 жылдығын,
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын,
Ш.Уəлихановтың 180 жылдығын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын атап өткелі отырмыз.
Бұл оқиғалар – еліміздң тарихында түбегейлі бетбұрыс жасаған жасампаз кезеңдер. Бұл тек
тарихи қазынамыз ғана емес, елдік рухымыздң бастауы, бірлігіміздің негізі,
мемлекеттілігіміздің айғағы. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – бұл бірлік жылы,
Н.Назарбаевтың барша əлем мойындаған Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық
келісімнің қазақстандық моделінің жалпыхалықтық салтанат құру жылы.1995 жылдан бастап
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының əрбір сессиясында сөйлеген сөзі
мен көтерген бастамалары сол кездегі ел дамуының ең өзекті мəселелерін қамтып отырды.
157
Сондықтан, Ассамблеяның тарихы соңғы жиырма жылдағы Қазақстан тарихы. Тиісінше,
дербес институт ретінде Ассамблеяның жүрген жолы, оның жеткен жетістіктері мен шыққан
биіктері еліміздің даму даңғылындағы айтулы оқиғалармен тығыз астасып жатыр. Уақыт
өлшемі бір оқиғаға тұтас ғасырды, бір кезеңге тұтас дəуірді сыйғызардай сығымдалған
қазіргі Мəңгілік Ел болуды мақсат еткен Қазақ елі – бүгіні мен ертеңін ғана емес, көз
жетпес көкжиектен арғысын ойлаған ел. Ешқашен мызғымайтын тұғыры мықты, ешқащан
үзілмейтін ғұмыры ұзақ Мəңгілік Еліміздің кемел келешегі үшін атқарылып жатқан қыруар
шаруа мен жасалып жатқан ұшы-қиырсыз еңбекті баянды ететін бір ғана ұйытқы – Ел бірлігі.
Бірлік болмаса, қандай қуатты империяның да күлі көкке ұшатынын тағылымы мол тарих
талай мəрте адамзат баласына көрсеткен. Сондықтан, ешбір байлықпен салыстыру мүмкін
емес, кұн жетпес қазынамыз – бірлігімізді сақтай отырып, Елбасы айқындап берген « Нұрлы
Жолмен» келешекке нық қадам басып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көзделген биік
мақсаттарға сеніммен қол созамыз.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Ассамблея народа Казахстана: исторический очерк / Тугжанов Е.Л., Кан Г.В., Коробков В.С.,
Шаяхметов Н.У. – Алматы: Раритет, 2010. – 304 б.
2. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы»
3. Егемен Қазақстан 2015 № 1.
4. Аймбетов С. 1926-1939 жылдар арлығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық жəне
əлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Алматы, 1998.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ
МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚЫЗМЕТІ
(Қазақстан Республикасы Конституциясы аясында)
Искакова К. И.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы
кафедрасының профессоры, филос. ғ. к.
Еліміздің бейбітшілік пен татулықтың берекелі бекетіне айналуына Қазақстан халқы
Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді. Қоғамдағы этностық жəне түрлі əлеуметтік топтар
арасындағы, сонымен бірге мемлекетаралық қатынастардағы келісімге қол жеткізу мəселесі
- бағзы тарихтан мемлекет өміріндегі басты мəселелердің бірі. Демократиялық тəртіптегі
қоғамдық келісімге, ондағы түрлі топтардың мүдделерін есепке алу, үйлестіру арқылы жəне
этностық, əлеуметтік əралуандықты ымыраға келтіре отырып қана қол жеткізілетіндігі
белгілі. Дəл осындай пайыммен 1995 жылдың 1-ші наурызында Елбасы Н.Назарбаевтың
бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде негізгі конституциялық
қағидаға айналған этносаралық жəне қоғамдық келісімнің алтын діңгегі, əрі жанды құралына
айналды. Елімізде қоғамдық институттардың белсенді қатысуымен қоғамның басты
құндылықтарын жаңғырту жөнінде ортақ көзқарасқалыптасып, ел бірлігінің іргетасы мен
отансүйгіш орта орнықты.
Төрағасы Елбасы Н.Ə.Назарбаев болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы
еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, Тəуелсіздіктің қасиетті мұрасы болып
орныққандығына 20 жыл толды.Қазақстан халқы Ассамблеясы Тəуелсіздік жылдары
этносаралық тұрақтылықты нығайтудың ерекше құралына айналғандығы туралы
Н.Ə.Назарбаев былайша атап көрсетті:«Тəуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа
белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел
озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бəріміздің көзіміз жеткен. Бүгінгі таңда
158
Қазақстан халқы Ассамблеясы осы айтып отырған мемлекетіміздегі тұрақтылық пен
тұтастықты сақтаудың берік тұғырына айналды» [1, 6-7].
Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты əзірлеуге жəне жүзеге асыруға, Қазақстан
Республикасындағы
қоғамдық-саяси
тұрақтылықты
қамтамасыз
етуге
ықпал
жасайды.Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете
отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық жəне рухани-мəдени
ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті жəне бəсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру
процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік
органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз
ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттылықты одан əрі нығайту үшін қолайлы
жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары
бойынша қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту. Ассамблея этномəдени бірлестіктердің
күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мəдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық
мəдениеттері, тілдері мен дəстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, жəне дамуын қамтамасыз
етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы
Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Қазақстан халықы Ассамблеясы құрылғаннан бергі жиырма жылда мемлекетіміздің
негізгі тұрғындары - қазақ халқының санасында болып жатқан өзгерістерге басқа ұлттардың
өкілдері түсіністікпен қарауға, оған рухани жəне интеллектуалдық тұрғыдан қолдау көрсетіп,
Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралар да біздің ұлтымыздың осындай түсіністік пен
қатынасты талап ететінін дұрыс ұғына білуге, өз ұлтымыздың біріктіруші рөлі арқасында
барлық қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз етуге, жалпыұлттық мүдделерді жүзеге
асыру жолында сіңірген еңбегі зор.
Жылына бір рет өткізілетін отырыстарында (сессияларында) Ассамблея қоғамымыздың
саяси-əлеуметтік өміріндегі басты мəселелерге басым көңіл бөлетін іс-шараларды атқаруға
зор ынтамен кірісті(2014 жылдың сəуірне дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының 21
сессиясы өтті). Қазақстан нарықтық экономикаға бағытталған жəне жаңа принциптік түрдегі
қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген тəуелсіз мемлекетті құруға кіріскен кезеңде,
Ассамблея ерекше тарихи бастама көтеріп, еліміз дүниежүзілік өркениет із ашқан жолға
түсуге тікелей араласты. Оның бірі - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын
қабылдау болды.
Еліміз тарихында 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясытəуелсіз Қазақстанның іргетасын бекіткен құжат болып табылады [2]. 1995
жылғы Конституцияны қабылдауының нəтижесінде демократиялық институттар жұмыс
істеуіне қажетті негізгі жүйе іске асырылды.Мемлекеттің тұрақты дамуын басқаратын
президенттік нысаны, Парламенттің осы заманғы құрылымы жəне нақты құрылған билік
жүйесі орнықты. Конституция нарықтық экономиканы, азаматтық қоғамының барлық
институттарын бекіту негізінде ел дамуының демократиялық жолын қамтамасыз ететін
құжатқа айналды. Биліктің өкілдік органдарының өкілеттігін кеңейтуі саяси жүйесін
дамытуда маңызды бағыттарының бірі болып табылды. Осыған байланысты аталған
реформаларды стратегия мен тактикасын əзірлеу жөнінде үлкен жұмыс атқарылды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекетте адам мен азамат
қатынастарының принциптері мен нормаларын, сонымен бірге, қазақстандық жəне
əлемдік қоғамдастықтың алдындағы бастапқы міндеттерді қалыптастырды, Қазақстан
халқының егеменді құқықтарын бекітті.
Конституция қолданыста: «жеке тұлға –
отбасы – меншік қатынастары – халық - егемендік – халықаралық құқықтық тəртіп» сияқты
əр дəрежедегі əлеуметтік қарым-қатынастар тізбегінің барлық заңды мəнісін қамтиды.
Конституция адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негіздері мен
шектеулерін: конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртіп, адамның құқықтары мен
бостандықтары, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті
159
шамада жəне тек заңменғана белгілейді. Конституцияда ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс
негізгі құқықтар мен бостандықтар көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары «ең қымбат қазынасы» екенін мойындайды. Тұлғаның жеке мүмкіндіктерін
дамыту мемлекеттің маңызы мен мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасында
Конституцияға сəйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепілдік
беріледі.
Адамның құқықтары арқылы оның мемлекетте ұйымдастырылған құқықтық тəртіпке
бағыну, адамдық тұрмыс ережелерін сақтау жөніндегі қоғам алдындағы міндеті танылады.
Қазақстан халқы қабылданған Конституцияны сыйлау, салық төлеу жəне қажетті
жағдайда Отанды қорғау, тарихи жəне мəдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау,
табиғат байлықтарына ұқыпты қарау – бұның барлығы қоғамда өмір сүрудің табиғи
құқығынан шығатын азаматтың конституциялық міндеттері.
Адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды негізгі конституциялық құқықтар мен
бостандықтарды бекітумен қатар, Ата заң оларды қорғау механизмін қамтамасыз етті.
Республика Конституциясы құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын екі маңызды - сот
арқылы жəне əкімшілік тəсілді бекітті.Бірінші кезекте - өз құқықтары мен бостандықтарын
сот арқылы қорғалуына құқығы. Құқықтық мемлекет жағдайында тəуелсіз сот адам құқығын
қорғалуының негізгі құралы болып табылады.
ҚР Конституциясы қазақстандық қоғамың əртүрлі қоғамдық-саяси күштерінің келісімін
қамтамасыз етуі Негізгі заңның басты əлеуметтік құндылығы болып табылады. Бұл
Конституцияны саяси тұрақтылығының факторы, бейбітшішік пен келісімнің кепілі. Бүгінгі
күні Қазақстан ішкі тұрақтылығына жетті, əлеуметтік даму базасының сенімділігі
қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық қызметіне баға
бере отырып оның өз мұраттарына адал қызмет атқарып келе жатқандығын айта
аламыз. Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы,
құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға қызмет атқарып келеді.
Конституция елімізде қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, оның саяси, экономикалық,
əлеуметтік жəне рухани салаларда қарыштап дамуына негіз болып отыр. Бұл туралы Ел
Президенті Н.Ə.Назарбаев: «1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстанда реформаны
жүргізудің аса қуатты серпіні болғанын мен мақтанышпен айта аламын. Көп жағдайда, оның
ережелерінің арқасында, аздаған мерзімдердің ішінде ғана жас мемлекеттің экономикасы
мен саясатында ұлтаралық тұрақтылықта аса үлкен жағымды нəтижеге жеттік», - деп жазды
[3, 91-б.].
Бүгінгі күні Конституция институты – қоғам мен мемлекеттің негізгі актісі ретінде
оның өмір сүруі мен дамуының стратегиялық тұжырымдамасы бекітілген жалпы ұлттық
əмбебап құрал деп танылады. Дамыған өркениетті қоғамдардағы конституция – мемлекет
пен қоғам өмірінің барлық салаларында тікелей қолданылатын құқықтық əлеуеті зор құжат.
Соңғы кезеңдерде, көптеген мемлекеттерде
конституциялардың əлеуметтік
қатынастарды оның ішінде этникалық қатынастарды реттеудегі маңызының артып келе
жатқандығын байқауға болады, мұндай үрдісті əсіресе ХХ ғасырдың 90 жылдары
қабылданған көпэтникалық елдердің (атап айтқанда Белгия, Босния жəне Герцеговиния,
Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония т.б.) конституцияларынан анық көре
аламыз. Талдау көрсеткендей, əдетте конституцияларда алдымен, қоғамның ұлттық бірлік
сипаты айқындалып, жеке тұлғаның мəртебесі, оның ішінде этникалық ерекшеліктеріне
қатысты адам құқықтары мен бостандықтары бекітіледі жəне мемлекеттегі этникалық
қатынастардың реттелуінің негізгі ережелері мен шегі белгіленеді. Тиісінше, көп этникалық
қоғам конституциялары қоғамның этникалық тұрғыдағы тұрақтылығын қамтамасыз етуші
нақты ережелерге ие.
1995 жығы Қазақстан Республикасының Конституциясына уақыт сұрақтарына дəл
жауап беру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Атқарылған жұмыстардың
160
нəтижесі Конституцияға енгізілген «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы» ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңы, тиісті түзетулері болды.
Мемлекеттік қызметінің сапасын көтеруге, азаматтық қоғаммен мемлекет арасындағы
өзара ықпалдастығын нығайту,
халықтың əлеуметтік жəне құқықтық қорғалуына
бағытталған Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдағы ішкі тұрақтылық пен
келісімді сақтайды, бұған біздің Конституциямыз толық мүмкіндік туғызады.Конституция
мемлекеттік құрудың алғашқы кезеңдеріндегі тарихи қиын сəттерден сабақ ала отырып, жаңа
мемлекет құру үшін, күрделі өзгерістерге бел шешіп кіріскен саяси басшылықтың тікелей
бастамасымен бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын.
2007 жылғы осындай өзгерістер нəтижесінде Қазақстан Республикасында этникалық
топ өкілдерінің қоғамдық-саяси өмірге тікелей қатысуы негізінде, олардың Парламентте
өкілдік етуінің конституциялық негізі қаланып, тəжірибеге енгізілді, елімізде этникалық
саясатта тікелей демократия тəсілі пайда болды. Сол жылы өткен Мəжіліс сайлауында алғаш
рет тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы Мəжіліске сайлады. Тиісінше, ұлттық
саясаттың жетекші əрі ерекше институты Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық
құрылымға айналып, оның мəртебесін бекіткен заң қабылданды.
Ғалымдардың атап көрсеткендей, бүгінде əлемде 34 елде парламенттің төменгі
палатасында, ал, 17 елде жоғарғы палатасында ұлттық азшылықтарға (бір орыннан ондаған
орындарға дейін) заңнамалық квоталар қарастырылғын. Алайда, салыстырмалы талдау
көрсеткендей, осындай өкілдік беруде электорат ретінде түбінде этносаралық қарым-
қатынастың саясилануына алып келетін тұтас халық емес, этникалық жағдайға баға беруге
құзіретті Қазақстан халқы Ассамблеясының таңдалып алынуы Қазақстандық үлгінің
тиімділігін еселей түседі [4, 115-131 бб.].
Конституциядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ережелердің маңызды
бөлігін ұлттық бірлікті қорғаушы ережелер деп атауға болады. Бұл ережелер сипаты
бойынша еліміздегі этникалық татулық пен тұрақтылықтың шырқын бұзатын əрекеттерге
тыйым салу мен осындай əрекеттерді айыптаудан тұрады. Атап айтқанда, олар:«мақсаты
немесе іс əрекеті… əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық жəне рулық араздықты
қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға тыйым салынады» [2; 5-бап, 3-
тармақ]; «тегіне… нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе
кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» [2, 14-бап, 2-
тармақ]; «нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық астамшылықты… насихаттауға
немесе үгіттеуге жол берілмейді» [2; 20-бап, 3-тармақ]; «ұлтаралық татулықты бұзатын кез
келген əрекет конституциялық емес деп танылады» [2;39-бап, 2-тармақ].
Қазақстан Республикасының Конституциясында да еліміздің көп этникалық құрамынан
туындайтын ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге жəне ұлттық бірлікті нығайтуға
бағытталған нақты нормалар бекітілген болатын. Бұл ережелер ұлттық саясатты жүргізуде
бүгінгідей нəтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.
Ассамблея өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Ережеге [5] сəйкес жүзеге асырып келді. 2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы əлемде баламасы жоқ заңға қол қойды[6]. Сөйтіп,
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды.
Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Елімізде ерекше маңызы бар құжат 2010 жылы қабылданған «Қазақстанның Ел бірлігі
Доктринасы». Тұтас қоғамды қамтыған талқылаулардан кейін дүниеге келген осы
стратегиялық құжатта Қазақстанның ұлттық саясатының өткеніне баға беріліп, болашақтағы
басымды принциптер анықталды. Доктринада «егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты
міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел
дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары
161
мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету
болып табылады», - деп көрсетілді[7].
Доктрина этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісі негізінде құрастырылған,
уақытында ұсынылған, болашақ дамуға бағытталған əрекеттің жетекшілікке алынатын
теориялық жəне саяси ұстынын білдіретін мемлекеттік маңызды құжат. Доктрина Мемле-
кеттік егемендік туралы декларацияға, мемлекеттік Тəуелсіздік туралы конституциялық
заңға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Қазақстан-2030» стра-
тегиялық даму бағдарламасынан бастау алып, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік ұлт саяса-
тының бағыт-бағдарларын айқындайды.
Доктрина негізінде Елбасы Жолдауында жарияланған халықтың ең басты құндылығы
ретінде Тəуелсіздік идеясы қаланған. Бұл ретте құжатта «…ел дамуының жаңа кезеңінде,
Достарыңызбен бөлісу: |