стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ
құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып
табылады»,деп нақты көрсетілген. Бұдан əрі «Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен,
біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз —
Ұлт жоқ. Ұлтсыз — мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз — болашақ жоқ», делінеді. Құжат
жалпы ережелер мен үш бөлімнен жəне қорытындыдан тұрады. Доктринаның «Бір ел — бір
тағдыр», деп аталатын бірінші тарауының іс-шаралары ел бірлігін жəне қазақстандық
патриотизмді нығайтуға бағытталады. Бұл ретте бірқатар институционалдық шаралар
қабылданып, Ақсақалдар кеңесі, діни тақырыптарды жариялауға арналған əдістемелік кеңес
құрылатын болады, этносаралық қатынастар мəселелері бойынша үздік сарапшы
журналистер клубының қызметі қамтамасыз етіледі. Бұнымен қоса, халық бірлігіне қауіп
төндіретін кез келген əрекетті анықтау жəне алдын алу жөніндегі сауықтыру жұмыстары
күшейтілетін болады.
Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен
қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде,
стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ
құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Сондықтан, 2010 жылы сəуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың,
азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы
қабылданды. Содан бері Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына
сəйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз, əрі халықты қандай күш біріктіреді жəне біртұтас
етеді - соны түсінудің тəсілі жəне болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні болды деп айтуға
негіз толық екендігін тарих дəлелдеп отыр.
«Ел бірлігі» доктринасы еліміз үшін ұлттық саясатты жүргізуде ішкі тұрақтылық пен
қоғамдық келісім жəне ұлт бірлігінің мызғымастығы алғашқы кезектегі маңызға ие екендігін
тағы да дəлелдеп берді. Ұлттық саясаттағы осы басты мұраттар Қазақстан
Конституциясының ішкі рухымен үндес жəне ішкі тұрақтылық пен келісімнің, ұлттық
бірліктің мызғымастығы Қазақстанның экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне мəдени
дамуының негізгі факторына болып қала бермек. Осы орайда, Қазақстан Республикасы
Конституциясының ережелеріне талдау жасай отырып ондағы этникалық тұрақтылықты
қалыптастыруға жəне ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нормаларға баға беру үшін
оларды мазмұндық сипаты бойынша төмендегідей үш топқа бөліп қарастыруды ұсынымыз.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғамның ұлттық бірлік
сипатын айқындаушы ережелер еліміздегі барлық этникалық топтарды біртұтас «Қазақстан
халқы» деп саяси-құқықтық баға беріп, ұлттық бірліктің негізін бекітеді. Бірқатар ғалымдар,
1993 жылғы Конституцияның дағдарысқа ұшырауының бір себебі ретінде ол құжатта
белгіленген ұлттық бірлік идеясының Қазақстан халқының ортақ саяси-ұлттық
біртұтастығын қамтамасыз етуге қауқарсыз болуынан деп пайымдайды [8, 16−19-б.б.].
Шын мəнінде түрлі этникалық, мəдени ерекшеліктерден тұратын қоғамның бір
бөлігінің өзін жат сезінуіне алып келетін идея ешқашан да қоғамдағы бірліктің бастауы бола
алмайды. Тек тең жəне ерікті негіздегі қоғамдық келісім жолымен жақындасуға, бірлесуге
162
арқа сүйейтін конституциялық идея ғана этникалық, мəдени ерекшеліктеріне қарамастан,
бірін-бірі жатсынбас біртұтас азаматтық қоғамның қалыптасуына, ұлттық бірлікке жол
ашады. Өз кезегінде конституциялық реформаларды талап еткен осы мəселе жаңа
конституцияны қабылдауда сабақ боларлық сəттердің бірі болатын. Соған байланысты, 1995
жылы қабылданған Конституцияда ұлттық бірліктің «азаматтық ұлт» үлгісі бекітілді.
Конституция преамбуласындағы «біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді татулық мұраттарына берілген
бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» делінген
сөздегі конституциялық идея Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті
азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мəдени
ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына,
ұйымдасуына жəне қоғамдық келісімге əрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол
ашты.
Екіншіден, этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұлттық бірліктің дамуына
ықпал етуші ережелер. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында əлем елдері
конституцияларының ешбірінде де кездеспейтін ерекше норма бекітілген. Онда қоғам мен
мемлекеттің жəне еліміздің əрбір азаматының қызметінде басшылыққа алынуы тиіс деген
тұжырыммен жазылған «Республика қызметінің түбегейлі принциптері» анықталған. Оның
қатарында «қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», «қазақстандық патриотизм»
принциптері бар. Осы норманың конституция жобасын əзірлеу барысында заңгер
ғалымдардың мұндай нормалар конституциялық тəжірибеде жоқ екендігін дəлелдеуіне
қарамастан Президентіміз Н. Назарбаевтың жеке бастамасымен енгізілгені мəлім. Бүгінде
осы ережелер еліміздегі ұлттық саясаттың басты принциптері болып отыр.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясында: мемлекеттік тілдің қазақ
тілі болып бекітілуі жəне мемлекеттің Қазақстанда өмір сүруші өзге де этникалық топтардың
тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік беруі [2,7-бап]; «Əркімнің қай
ұлтқа… қай дінге жататынын өзі анықтауға жəне оны көрсету көрсетпеуге» құқығының [2,
19-бап, 1-тармақ]; «Əркімнің ана тілі мен төл мəдениетін пайдалануға қарым-қатынас тəрбие,
оқу жəне шығармашылық тілін еркін таңдап алуға» [2, 19-бап, 2-тармақ] құқығының
танылуы еліміздегі этникалық тепе-теңдіктің конституциялық кепілі болып табылады.
Конституция ережелерінің ұлттық бірліктің, қоғамдық келісімнің бұзылмауын
қорғайтын ережелеріне баса назар аудару бүгінгі күні аса маңызды екендігіне ерекше
тоқталып өткен жөн. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп отырған этнсаясаттың Қазақстандық
үлгісі нəтижесінде əлем назарын аударып отырған ерекше ұлтаралық татулық, қоғамдық
келісім, бейбіт қоғам қалыптасты. Бұл тиянақты жүргізіліп келе жатқан салиқалы ұлттық
саясаттың жəне барлық этникалық топ өкілдерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол
жеткізілген тарихи игілік. Міне осындай нəтиженің қандай да болмасын ұлтаралық
татулықты бұзатын, этникалық кикілжіңге алып келетін əрекеттерге ұшырамауы жіті назарда
болуы тиіс. Ғалымдардың ойынша, бұл салада еліміздегі «уыздай ұйыған» татулық пен
келісімді бұзатын əрекеттерді алдын ала анықтап жедел қарсы тұрудың механизмін
жетілдіру қажет. Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының қылмыстық, əкімшілік
заңнамаларында мұндай əрекеттерге нақты жауапкершілік қарастырылған. Алайда,
азаматтарымыздың бауырмал сезіміне ірткі салатын əрекеттер мен көзқарастардың орын
алуы мен қарапайым құқық бұзушылық немесе қылмыстық əрекеттердің салдарынан
алауыздық ұшқынының тұтануының алдын алатын салмақты əрі сарапталған шараларды
жедел əрі жүйелі ұйымдастырудың тетіктері əлі де жоқтың қасы. Осы орайда,зертеушілердің
пікірлерінше, ойламаған жерден орын алып, ұлтаралық татулықты бұзатын, ұлттық бірлікке
нұқсан келтіретін əрекеттерге нақты жауап беруге қауқарлы кешенді шаралар ойластырылуы
керек [9].
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері елімізде қоғамдық келісім мен
тұрақтылықты қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда демократиялық əдістерді,
еріктілік, теңдік, əділдік принциптерін қолдануға жəне адам құқықтары мен бостандықтарын
163
қатаң сақтауға, əрі қорғауға негізделген деген тұжырымға келуге болады. Демек,
Конституция еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықтың жəне ұлттық
бірліктің берік негізі əрі кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың 2014
жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың жəне Қазақстан
халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы
даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі
күштірек, топтасқан жəне бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды...Этносаралық келісім –
ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек
өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз...Біз
Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын
Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда
бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек», - деп атап көрсеткен болатын [10].Елімізде
қоғамдық бірлікті одан əрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық бірлігін
нығайту мақсатында Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы деп
жариялаған болатын.Жолдауда алға қойылған осы міндеттерді ынтымағымызды ұйыта
түсетін, ілгерілеуімізге серпін беретін, рухани жаңғыруға жағдай жасайтын нұрлы жол деп
біледі қазақстандықтар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік
пен зияткерлік əлеует жинақтап жəне халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе
отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 140-тан аса этностың басын біріктіретін бірегей
құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль
атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл əлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар
саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1.Назарбаев Н.Ə. Елдің қуаты – елдің бірлігінде // Ақиқат. -2010, №11;
2.Қазақстан Республикасы Конституциясы. – Астана, 1997
3.Назарбаев Н.А. Қазақстандық жол. – Қарағанды, 2006. – 372 б.
4.Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в Республике
Казахстан. - Алматы, 1996. -75с.
5.Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ереже. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң № 856
Жарлығы. – 2002, 26 сəуір
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заң. Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 20
қазанындағы № 70- IV Заңы // adilet.zan.kz/kas/docs/Z…
7. Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы.- Астана, 2010.- 52б.
8. Оспан Е. Этникалық топтардың парламентте өкілдік етуінің құқықтық негіздері:
Қазақстандық тəжірибе жəне шет елдердегі парламентаризмге салыстырмалы талдау //
Представительная власть в Казахстане/Под. общ. ред. Б. Байкадамова – Астана, 2009. – 190с.
9.Оспан Е. Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың жəне
ұлттық бірліктің негізі // Конституция – Қазақстан Республикасындағы демократиялық өзгерістердің
негізі ретінде.-Дөңгелек үстел материалдарының жинағы: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010
10.Назарбаев Н.Ə.Нұрлы жол – болашаққа бастар жол.Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы. – 2014, 11 қараша // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми
сайты / akorda.kz/kz/page/...
164
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ САЯСИ ИНСТИТУТ
РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қалиев Н.,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Қазақстандағы саяси модернизация соңғы жылдардағы саяси үдерістердің мазмұнын
құрайды Ол саяси жүйедегі құрылымдық, институционалдық өзгерістерді, халықтың əртүрлі
жаңа топтарының саяси істерге қатысуын, осы мақсатта жаңа саяси институттардың
қалыптасуын қажет етеді. Қоғамдық үрдістердің талаптарына, əлеуметтік топтардың
мүдделерніне байланысты саяси жүйеде арнайы рөлдерге ие құрылымдар мен
институттардың пайда болуы табиғи мəселе. Олар түзілу мен дамудың белгілі бір
кезеңдерінен, фазаларынан жəне даму циклдарынан өтетіні де белгілі.
Қазақстан Републикасы өз тəуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет құру ісіне
кіріскеннен бері оның алдында үнемі тұрған күрделі проблеманың бірі – елдегі ұлтаралық
жəне қоғамдық татулықты нығайту болды. Мəселенің ерекше, саяси күрделілігі мен
маңыздылығының бірнеше тарихи-саяси себептері бар еді.
Біріншіден,
байырғы қазақ жерінде өзінің мемлекетін құруды жариялаған Қазақ
ұлтының кеңестік дəуірдің қатігездік пен бұрмалаушылық саясатынан өз жеріндегі үлес
салмағы төмен болатын. Қазақстан жариялаған мемлекеттік тəуелсіздікті, турсын айту
керек, барлық этностар бірдей жылы қабылдай қойған жоқ
Екіншіден, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында əр түрлі тарихи, əлеуметтік,
экономикалық себептерден Қазақстандағы кейбір этностардың, əсіресе, орыстардың,
немістердің, гректердің, поляктардың жəне тағы басқа да топтар өкілдерінің өздерінің
тарихи Отанына көші-қонын саясаткерлер, қоғамдық ұйымдар белсенділері, бұқаралық
ақпарат құралдары біржақты, тек саяси-құқықтық себептермен түсіндіріп, елдегі ұлтаралық,
этносаралық ахуалды шиеленістіруге тырысушылар болды.
Үшіншіден, мемлекет құраушы ұлттың мемлекеттік тілдің функцияларын кеңейту,
ұлттық дəстүрлерді қалпына келтіру, тарихи ақтаңдақтарды жою, өткен кезеңдерде
бұрмаланып, күштеп өзгертілген жер-су аттарын қалпына келтіру жөніндегі заңды талабы
мен бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың заңнамалар аясындағы қызметі де бұрмаланып
көрсетілді. Қазақстанның Батыс, Солтүстік жəне Шығыс аймақтарында кейбір сепаративтік
күштер бой көрсетті.
Төртіншіден, кейбір сыртқы күштер, саясаткерлер (Горбачев, Солженицын,
Жириновский жəне т.б.) Қазақстан аумағына, аумақтық тұтастығына ірткі салуға тырысып,
əртүрлі арандатушылық мəліметтер жасады.
Осындай күрделі саяси ахуалда Қазақстанның мемлкеттік басқару органдары алдында
ұлтаралық қатынастардағы жас мемлекетіміздің саяси-құқықтық түбегейлі ұстанымдарын
дөп, қалтқысыз, біліктілікпен белгілеудің аса күрделі жауапкершілігі тұрды.
Қазақстан мемлекеті өз тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ ұлтаралық жəне
қоғамдық татулықтың айқын да сабырлы жолын таңдады. 1991 жылы 16 желтоқсанда
қабылданған «Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
тəуелсіздігі
туралы»
Конституциялық Заңда: «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген
республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл
халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі жəне мемлекеттік
биліктің қайнар көзі болып табылады... Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстаған
дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жатанынына, қызметіне, тұрғылықты орнына
қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады» деп түйінделген. Ал
Заңның 8-бабында: «Қазақ ұлтының жəне Қазақстанда тұратын бсқа ұлттар өкілдерінің
мəдениетін, дəстүр салтын, тілін қайта түлету, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту
мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» делінген.
165
1995 жылғы қабылданған Ата заңымыздың алғашқы жолдарының «Біз, ортақ тарихи
тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде» деген сөздермен басталуы –
біріншіден, бұл жердің иесі, мемлекет құраушы негізгі ұлт – қазақтар екенін білдірсе,
екіншіден, Қазақ жерінің оны мекендеп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың Отаны
екенін айқындап, олардың ортақ Отан тағдыры үшін жауапкершілігі мен міндеттеріне де
мезгеп тұрғанын тура айтуымыз қажет . Қазақстан Республикасы Конституциясында ұлт
жəне этнос қатынасы мəселелерінің түбегейлі конституциялық нормаларын анықтауда оның
авторлары мына маңызды фаторларды еске алғаны даусыз:
-
еліміздегі барлық этностар байырғы Қазақ жерінде тіршілік етіп, дамып, өсіп -өніп
келеді:
-
мемлекетқұраушы, жүйеқұраушы ұлт - қазақтар, дəл осы ұлттың атауы мемлекет
атауын түпкілікті анықтайды;
-
мемлекет унитарлық негізде құрылады жəне түпкілікті болып табылады,
Қазақстанда ұлттық-этностық негіздегі қандайда болсын аумақтық мемлекеттік құрылымға
жол берілмейді;
-
мемлекеттік тіл – қазақ тілі;
-
орыс тілі тарихи себептерден жəне тілдік ахуалдың ерекшелігінен ресми түрде
мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең
қолданылады;
-
мемлекет Қазақстанды мекендеген этностардың өз тілдерін үйренуі жəне дамытуы
үшін қамқорлық жасайды;
-
əркім өзінің қай ұлтқа жəне қай дінге жататынын өзі анықтауға жəне оны
көрсету-көрсетпеуге хақылы;
-
əркімнің өзінің ана тілі мен төл мəдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие
жəне оқу мен шығрамашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар;
-
əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, жəне рулық астамшылдықты
насихаттауға жол берілмейді жəне тағы басқалары.
.
Қазақстан мемлекеті тəуелсіздік жылдары ұлт жəне этносаралық қатынастар саласында
қандай күрделі қиыншылықтармен кездескенін мына бір деректер нақты бекіте түседі. 1989
жылы КСРО ыдырардан екі жыл бұрын соңғы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Бұл
санақтың қорытындысы бойынша саны 16 млн, адамға жеткен Қазақстан Қазақстан
халқының құрамы мынадай болды: қазақтар - 39,7%, орыстар – 37,8%, украиндар – 5,4%,
немістер – 5,8%, татарлар - 2,0%, өзбектер-2,0%, белорустар мен ұйғырлар -1,1%, кəрістер –
0,6%, əзірбайжандар -0,4% [1].
Мемлекеттің ұлттық құрамының осындай күрделі жағдайында Қазақстан халқын
мемлекет құраушы ұлттың төңірегіне ұйыстырудығ ұйымдық саяси формаларын іздестіру
күн тəртібінен бір түскен емес. Осы жолда Мемлекет басшысын ерекше назарында, ойында
болған мəселе – Қазақстандық этностарды қазақ ұлтының жетекші жағдайындағы
мемлекеттің түбегейлі мүдделері төңірегінде топтастыратын қоғамдық ұйымдық-мəдени
нысанды табу еді. Ол туралы алғаш рет Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының
бірінші форумында 1992 жылы өз тұжырымдамалық ұстанымын былай деп жариялаған еді:
«Бүгінгі талқылаудың нəтижесінде біз жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының
келісім жəне бірігу ассаамблеясын құра алар едік деп ойлаймын. Бұл Қазақстандағы
ұлтаралық келісімді бүкілхалықтық нығайту міндетін шешетін саяси емес, үкіметтік емес
ұйым болар еді». Осы жерде бəріне уақыт төреші деген пікір заңды түрде ойға түседі.
Əуеліде, Мемлкет басшысы «саяси емес» деп сипаттаған құрылым біріте –бірте айқын
саяси сипаттағы ұйымға айналды. Бұл да Қазақстандағы қоғамдық процестердің
қайшылықыты күрделі сипатының бір белгісі əрі ерекшелігі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзі араласатын өмір саласының – ұлтаралық
қатынастардың елдегі саяси үдерістердің бел ортасында тұрғандықтан, біздің пікірімізше
оның қызметі бірте-бірте тікелей, айқын саяси сипаттағы институтқа айналды деп
есептейміз..
166
Жалпы саяси институт саяси ғылымдағы базалық түсініктердің бірі. Саяси
институттар қалыптасуы ерешеліктері мен табиғатын зерттеудег əлемге белгілі
ңалымдардың бірі М. Дюверже: «Белгілі бір елдегі осы уақыттағы саяси
институттардың жиынтығы саяси режимді құрайды. Белгігілі бір мөлшерде саяси
режим жұлдыздар шоғырынан тқрады, ал жұлдыз функциясын саяси институт
орындайды» - деген тұжырымды пікір айтқан[2]. Саяси интуттур қоғамдық
процесстер талабынан туады, соның заңдылықтарына бағынады, сонда туған саяси
мүдделерге жауап береді. Олар қатып қалған, сіреспе, жансыз бірлестік немесе
құрылым емес. Саяси өмірдің ықпал-тезімен, жүйедегі акторлардың көңіл-күйімен,
талаптарына сəйкес өзгереді.
«Институт» деп латынның «institutum» – біріншіден, мекеме, ұйым, бірлестік деген
мағынан білдіретін, екіншіден, тұрақты ішкі берік қатынастар арқылы міндеттері,
мақсаттары жəне əлеуметтік жағдайлары ортақтығы біріктіретін жəне бұл маңызды
жүйеқұраушы белгілердің түгелі дерлік заңдар жəне ережелер арқылы түбегейлі реттелген
адамдардың белгілі бір үлкен тобын айтады.
Институттану (институционализация) дегеніміз күрделі үдеріс, оның қызметі
барысында белгілі бір қоғамдық-саяси объектідегі əлеуметтік-саяси қатынастар мен үрдістер
қажетті реттілікке келіп, ол тұрақты əлеуметтік-функционалдық құрылымға айналады.
Тəуелсіз Қазақстанның саяси жүйеісндегі соңғы жылдардағы аса маңызды өзгерістердің
бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан əрі - Ассамблея) конститутциялық-құқықтық
негіздерінің нығайып, Қазақстан Республикасы Коституциясына 2007 жылғы 21 мамырдағы
өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес саяси жүйенің маңызды консультативтік-кеңестік
институты мəртебесіне ие болуы. Ассамблея – саяси жүйенің маңызды институты.
Саяси институт – билік пен басқаруға байланысты адамдар қатынастары мен
əрекеттерінің жетілген формасы. Оның негізгі жүйе құраушы белгісі ішкі бірлігі, мақсат
ортақтығы, белгілі бір құндылықтары жəне ұйымдық нақты принциптерінің болуы.
ҚХА қалыптасуының, қызметі мен қажеттігінің аса маңызды қорытынды нəтижесі –
2008 жылғы 20 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы» Заңның қабылдануы болды.
Бүгінде ҚХА-сын саяси жүйенің аса маңызды əлеуметтік-саяси институты ретінде
қарастырып, зерттеуге, сипаттауға толық негіз бар. Оны саяси институттар санатына
жатқызудың ең басты негізі – оның бүкіл тіршілігінің, қызметі мақсатының саяси
жүйенің орталық институты мемлекетпен жəне оның ішкі саясатының аса маңызды
бағыты – этносаралық келісім мен татулықты қамтамасыз етумен тікелей жəне жан-
жақты байланыстарында жатыр. Егер Қазақстандағы қоғамдық-саяси қатынастарда,
саяси үдерістерде этносаралық қатынастар, этностар өмірі мен мүдделері
мəселелерінің маңызды, күрделі жəне өткір екендігін мойындасақ, осының өзі-ақ
ҚХА-ның саяси жүйедегі өзіндік өскелең орнын көрсетеді. ҚХА саяси жүйе дизайнын
оның құрамына кіретін этностар мəдениетімен, дəстүрлерімен біршама əрлендірді,
əртүрлі реңке бөледі деуге болады. ҚХА тікелей саяси сипаттағы институт ретінде
сипаттауға мынадай, заңнамалық-ұйымдық негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |