Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества


использование  трудовых  традиций  народной  педагогики



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41

использование  трудовых  традиций  народной  педагогики, призванных  формировать
многогранную, активную, успешную, креативную личность с пробужденным национальным
сознанием.
Список использованной литературы:
1. Указ  Президента  РК «Об  утверждении  Стратегии  гендерного  равенства  в  Республике
Казахстан на 2006-2016 годы» от 29 ноября 2005 года №1677 // САПП РК. 2005. №41.
2.Калыбекова А. Теоретические и прикладные основы народной педаогогики казахов. Алматы:
Баур, 2005.
3.Н.А. Назарбаев Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к обществу всеобщего
труда // Казахстанская правда.  10 июля 2012г.
4.Антология  педагогической  мысли  Казахстана / Сост.: Жарикбаев  К.Б., Калиев  С.К. Алматы:
Рауан, 1995.
КƏСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ
СТУДЕНТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТƏРБИЕЛЕУ
Алшынбаева Ж.Е.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ докторанты, Астана қ.
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ə.Назарбаев  ұсынған «Қазақстан-2030»
стратегиясында  негізгі  бағыттардың  бірі  ретінде  халықтың  ұлттық  моделі  мен  салт-
дəстүрлерін  есепке  ала  отырып, білімі  мен  білігі  жағынан  өркениетті  елдердегі
замандастарымен  қатар  тұра  алатын, бойында  ұлттық, отаншылдық  рухы  мықты
қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тəрбиелеу қажеттілігі атап айтылған [1].
Еліміздің  дамуы  мен  қалыптасуында  сан  түрлі  қажеттіліктерге  сəйкес  ұлы  мақсаттар
айқындалып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан
əрі  дамытып, көркейтетін  ұрпақ  тəрбиелеу  мəселесі. Осы  қажеттілікті  жүзеге  асыру  үшін
жоғарыда  аталған  бағдарлама  дамып  келеді. Қоғамды  дамытушы  негізгі  күш  жас  ұрпақ
болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш-қабілет болуы керек. Ол
күш – білім, тəрбие мəселесінде екені айқын.
Қандай  да  бір  ұлы  іс  болмасын  ол  қашанда  сол  халықтың, елдің  саяси  əлеуметтік,
тұрмыстық – экономикалық  хал-жайына, көңіл-күйіне, сана-сезіміне  байланысты  болады.
Еліміздің  нығаюына  халықтың  өзін-өзі  басқаруының  дами  беруіне  жас  ұрпақ  жан  тəнімен
мүдделі.
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіз  даму  жолына  енді  ғана  түсті. Оның  келешегі  алда,
біртіндеп  дамыған, өркениетті  елдер  қатарына  қосылады. Мұны  жүзеге  асыратын
Қазақстанның  қазіргі  жас  азаматтары, студенттер. Қазақстанға  жан-жақты  білімді, осы
республикадағы  барлық  халықтың  тілін, тарихын, əдет-ғұрпын  сыйлайтын, осы  ел  үшін
оның халқының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз
отаншыл азаматтар қажет.

218
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жас ұрпаққа оқу білім жəне тəрбие
беру  ісін  дұрыс  жолға  қоюы  тиіс. Ұлттың  бүгіні  де, болашағы  да  тəрбиелі  ұрпаққа
байланысты. Толық  жетіліп  қалыптасқан  ұлттық  сана – қабілетінде, түсінік – талғамында,
мінез – құлқында, өзіне  тəн  ерекшелік  менталитеті  болатынын  ғылым  дəлелдеген. Оны
ұлтымыздың  өзек  –  мəйегі,  ұлттық  ерекшелігіміздің  негізі  деп  қарастырсақ  жөн  болмақ.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегілі тəрбие беру – қазіргі
міндеттің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық жəне де толып жатқан кісілік
қасиеттер мектеп қабырғасында бастауыш сыныптан қалыптасады. Бұлар арқылы оқушыны
алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата – аналарға, үлкендерге деген кішіпейілділікті бойына
сіңіруге, залалды əдеттерден аулық болуға адамгершілікке тəрбиелеуге тиіспіз[2].
Адамгершілік  іс- əрекеттің  қалыптасуы  – тəрбиенің  негізгі  мақсатына  жетуді
анықтайтын  өлшем. Қоғамның  болашағы  бүгінгі  жастардың  құнды  қасиеттерінің  қандай
дəрежеде  болуымен  тікелей  байланысты. Ол  студенттердің  бақыт  пен  бақытсыздықтың,
жақсылық  пен  жамандықтың  адам  өмірінің  мəні  əділдік  ұғымдары  арқылы  өлшенеді.
Көрсеткіштер мəліметтерін анықтағанда сауалнама жүргізу кезінде «əлеумуттік қажеттілік»
феномені  пайда  болуы  мүмкін. Сондықтан  бағалау  жұмысы  тəжірибелік  тəсілдерді  қажет
етеді.
Сонымен, тəрбие  процесін  бағалауда өлшемдер  жүйесін  қолдану  қажет, себебі тəрбие
процесі- ол динамикалық біртұтас жүйе. Əр түрлі əлеуметтік- педагогикалық жүйелер үшін
жалпы өлшемдерді қолдануға болады.
Өлшемдер қоғам мен адам арасында өркениетті қатынастарды (мінез мақсат), тұлғаны
қалыптастыру (өзекті  мақсат), тəрбие  процесін  ғылыми  түрде  ұйымдастыру  деңгейін,
болжамды нəтижені анықтау, бағалау, бақылау жəне нəтижені қадағалауын, яғни тəрбиенің
мақсатқа  жету  деңгейін  өлшейді. Тəрбие  процесі  бойынша  өлшем  болжамды  нəтиже  мен
нақты  жетістікке  жетуде  жұмсалған  педагогикалық  күш  пен  əдіс- тəсілдердің  қойылған
мақсатқа  сəйкестігін  анықтайды. Өлшемдер  тəрбие  процесінде  қатысушылардың  өзара  іс-
əрекетін  бағалайды. Сол  арқылы  жастар  сыртқы  тəрбие  əсерін  сезінеді. Сөйтіп, тəрбие
процесі кең мағынасында субъектілер мен объектілерге араласады.
Тəрбие  процесінің  өлшемдері  тұлғаның  əлеуметтенудің  қаншалықты  табысты  өтіп
жатқаның көрсетеді. Олар тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Себебі тəрбие
процесін  тек  сыртқы  əсер  ғана  емес, баланың  ішкі  өзгерістерімен  қоса  өсу, тəжірибе
жинақтау  тəрізді  қасиеттердің  қалыптасуы  кіреді. Сондықтан  тəрбие  процесін  бағалауға
психологтарды қатыстыру қажет[3].
Жалпы  алғанда, оқу  орындарында  тəрбие  процесінің  тиімділігі  мен  нəтижесін
зерттеудің  нақты  көрсеткіштеріне  мінез-құлықтың  негізгі  дəлелдері, құндылықтар  арқылы
адамгершілікке тəрбиелеу алынады.
Бала  тəрбиесі – ана  сүтінен  басталып, біреудің  біреуге  ықпалы  арқылы  өмір  бойы
қалыптасатын күрделі құбылыс. Тəрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы
мектеппен байланысты, яғни бала тəрбиелене отырып білім алады.
Ұрпақ  тəрбиесі, бүгінгі  қоғамға  лайықты  азаматтар  тəрбиелеу  күрделі  мəселелердің
бірінен  саналатын, үлкен  жауапкершілікті, жан-жақтылықты  талап  ететін  процесс. Осыған
байланысты  қоғамның  жаңа  ғасырға  өтпелі  кезеңінде, үлкен  өзгерістер  мен  жаңалықтарға
толы мерзімде  болашақ азаматтарға білім мен тəрбие беру мекемелерінің алдында жауапты
міндеттер  тұр. Қазіргі  сəтте  осындай  келелі  мəселелерді  шешу  мақсатында  уақытқа
ыңғайластырылған  тиімді  əдіс-тəсілдер  іздестірілу  үстінде. Тəрбиелеудің  қиындығы  оның
нəтижесі  бірден  көріне  бермейтін  əрекеттерге  жататындығында. Яғни  тəрбие  беруге
барлығын  жан-жақты  терең  ойластырғанда  ғана  жемісті  болатынын  педагогика  жəне
психология  ғылымдары  зерттеп, дəлелдеуде. Кеңестік  дəуірдегі  ғылыми  педагогикада:
«Тəрбиелеу  ісі  ұрпақтар  арасындағы  сабақтастық  байланысты  қамтамасыз  етеді. Мұнда,
тəрбие  процесінде  жастар  өзінің  алдындағы  ұрпақтар  жинақтаған  коллективтік (ұжымдық)
тəжірибе  мен  білімдерді  меңгеруге  ғана  тиіс  емес, сондай-ақ  оның  бойында  өмір  алға

219
қоятын, аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттер қалыптастыруға
тиіс» деп айтылғанды.
Ал  кейінгі  кездегі  бала  тəрбиелеу  бағытындағы  күрделі  өзгерістерге  байланысты
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Тұжырымдамасында: «Тəрбие –
халықтың  ғасырлар  бойы жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі мен  ізгі  қасиеттерін жас
ұрпақтың  бойына  сіңіру, баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын, дүниетанымын,
өмірге  деген  көзқарасын жəне соған сай  мінез-құлқын  қалыптастыру» деген  түсінік  береді.
Екі анықтама да əртүрлі кезеңде берілгенімен, тəрбиеде көзделген мақсат біреу – ұрпақ пен
ұрпақты  байланыстыру, сабақтастыру, тəжірибеде  шыңдалған  тəрбие  түрлерін, əдістерін
келесі  ұрпаққа  жеткізу, солар  арқылы  тəрбиелеу  болып  табылатындығын  айғақтайды.
Жоғарыда  аталған  Тұжырымдамада: «...Тəрбиенің  негізгі  мақсаты – дені  сау, ұлттық  сана-
сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,
іскер, бойында  адамгершілік  игі  қасиеттер  қалыптасқан  адамды  тəрбиелеу» делінген. Бұл
қоғамға  қазіргі  кезде  қандай  адам  тəрбиелеп, өсіру  керек  деген  сауалдарға  толыққанды
түсінік  береді.  Осы  жерде  құндылық  ерекшеліктерін  меңгеру  үшін  ең  алдымен,  ұлттық,
адамгершілік  сана-сезімнің  басым  болуы  керек  екендігін  баса  айта  кету  керек. Басқаша
айтқанда, бүгінде  қоғам  алдында  жас  ұрпаққа  құндылықтар  арқылы  адамгершілік  тəрбие
беру міндеті тұр. Ал, құндылық деп отырғаннан кейін ұлттық құндылық, əдет-ғұрып, салт-
дəстүр, əдебиет  пен  мəдениет, өнер, тұрмыс-тіршілігінің  тарихын қозмай  кетуге  болмайды.
Ол  жөнінде  белгілі  тарихшы-ғалым  Қойшығара  Салғараұлының «Ертеңі  бар  ел  боламыз
десек» ... деген  еңбегінде  жан-жақты  түсінік  беріледі: «Ұлттық  сана  деген  абстракт  ұғым
емес, ол – ұлт  тірлігінің  тұрмыстық  көрінісі, былайша  айтқанда, сол  ұлтты  құрайтын
халықтың  бүкіл  ғұмырнамасының, əдет-ғұрпының, салт-дəстүрінің, əдебиеті  мен
мəдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дəрежесін, яғни халықтың өзін-өзі
жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным
дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дəстүр арқылы өз болмысын – танытады»
дейді. Осыдан  шығатын  қысқаша  қорытынды  ұлттық  сана-сезімді  ояту  үшін  халықтық
дəстүрлерді, əдебиеті  мен  мəдениетін, өнерін  келер  ұрпаққа  дұрыс  түсіндіре  алу, жеткізу,
үйрету  керек. Сондағана  жас  ұрпаққа  құндылықтар  арқылы  адамгершілік  тəрбие  береміз.
Студенттердің  ұлттық  дүниетанымын  халықтың  ерекше  қасиеттері  арқылы  кеңейтіп
тəрбиелеу, оны əрі қарай дəстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.
Еліміздің білім беру ісінде түрлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қабылданған білім
стандартының, реформалардың мақсаты да аян: əлемдік білім кеңістігіне ену. Ал мұғалімнің
басты  да  қасиетті  міндеті – рухани  бай, жан-жақты  дамыған  жеке, дарынды  тұлға
қалыптастыру. Адамзат  тарихында  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз  атанған  ұлы  Əбу
Насыр  əл-Фарабидің «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, тəрбие  беру  керек, тəрбиесіз  берілген
білім  адамзаттың  қас  жауы, ол  келешекте  оның  өміріне  апат  əкеледі» дегенін  біз, ұстаздар
қашанда жадымызда ұстауымыз керек. Өйткені, білім мен тəрбие – егіз ұғым. Сапалы білім
мен саналы тəрбие шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ,
қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге қол жеткізбек. В.Дальдің анықтамасына
сүйенсек, білім беру ақыл-ой мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Мағжан  Жұмабаевтың «Тəрбиелеу – адам  баласын  кəмелеттік  жасқа  толып, өзіне  өзі
қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру» десе, «тəрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың
сезімін  оятып,  əсершілдігін  дамыту,  сезімді  тəрбиелеу,  яғни,  баланы  қоғамдық  мəні  бар,
адамдарға жақсылық əкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз», -
деп жазады Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Ұстаздан ұлағат» кітабында.
Адамгершілік- адамның  рухани  байлығы, болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін
рухани  дəуіріне  жаңа  қадам  болып  табылады. Адамгершілік  тəрбиенің  нəтижесі  адамдық
тəрбие болып табылады[4].
Ол  студенттердің  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен  сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан,
адамдардың мінез-құлқы, іс-əрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

220
Олар  адамды  құрметтеу, оған  сену, əдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық,
жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық  т.б. Адамгершілік - ең  жоғары
құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті, адамгершілік  жəне  психологиялық
қасиеттерінің жиынтығы.
Құндылық  арқылы  студенттерге  адамгершілік  тəрбие  беру  мəселесіне  қатысы,
студенттердің  ортамен  қарым-қатынасы, айналысатын  ісі, білімі  мен  өмір  сүру  салты,
санасы, сезімі, сенімі  мен  сапасынан  тұратын  жүйе. Бұл  жүйенің  сапасы  төмендегідей
бөлімдерден тұрады.
Білімділік сапа – бұл зердені байытып, ойлауды белгілі бір дəрежеге көтеру үшін керек
дүние. Сол кезде Сократ «Менің білетінім ешнəрсені де білмейтіндігім» - дегені адамның əлі
де  ғалам  құпиясынан  бейхабар  екенін  көрсетеді. Қазіргі  ақпарат  ағыны  дамыған  заманда
адам  баласы  күнде  естіген, көрген  білгендерін  қорытуға  өз  білімдері  арқылы  үлес  қосуға
мəжбүр  болып  отыр.  Сондықтан  алған  білімін  жинақтауда  сандық  нəтижеден  гөрі  оның
сапалық жағынан көп мəн берілсе, адамға өз пайдасын тигізеді.
Имандылық  сапа  – немесе  рухани  күштердің  адал  жанды  қолдайтынына  сенім,
болашаққа деген үлкен үміт, адамды, табиғат жəне бүкіл əлемді жан – тəнімен сүйе білуі.
Адамгершілік сапа – бұл адамның жан сұлулығы, ой тазалығы, іс-қимыл мен ниетінен
ақтық  үйлесімділігі. Мəселен, өте  қас  шебер  үшін  өз  жүрегінің  əмірімен  жасалған  өнер
əрқашанда  адам  жанына  əсер  етері  сөзсіз, сондықтан  адамгершіліктің  рухани-əсемдікпен
байланысы да адам үшін құндылық болып есептелінеді.
Психологиялық  сапа  -  бұл  адам  бойындағы  «жандүние»,  «жүрек  жылуын»
қалыптастыру  қажеттілігі  арқылы  мейірімділікке, жылылыққа, сұлулыққа  əкелетін  дүние.
Бұл физиологиялық қажеттілік емес, бұл психологиялық ерекшеліктерден туындайтын адами
игі қасиет.
Өнерлілік сапа - өнерге құндылық ретінде дұрыс қатынасты қалыптастыру қажеттілігін
туғызуы. Өнер арқылы адам бойындағы дарындылықты əлемге танытады.
Шығармашылық  сапа  –  бұл  адамның  бүкіл  əлемді  тануға  ұмтылысы,  оның  тек  қана
бейнелеп  қоймай, əрі  қарай  жетілдіріп, дамытуға  ұмтылу. Бұл  сапа  қызметі  адамның
өміріндегі орнын біліп, мəнін түсініп, сол арқылы санасын қалыптастыру күнделікті өмірдің
дағдысына  айналғаны  дəлел  болып  отыр  ендеше, құндылықтар  арқылы  адамгершілікке
тəрбиелеуде маңызы үлкен. Осы сапа негізінде бастауыш сынып оқушыларына құндылықтар
арқылы адамгершілікке тəрбиелеудің жүйесі құрылды.
Түйіндей  келе  адамгершілік  тақырыбы- мəңгілік. Ол  ешқашан  ескірмек  емес.
Адамгершілік  əр  адамға  тəн  асыл  қасиеттер. Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы - халқында,
отбасында, олардың өнерлерінде, əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс
- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Ұлттық құндылық арқылы адамгершілікке тəрбиелеу – бұл адамды белгілі бір ұлттың
өкілі, ұлттық  дəстүрді, халықтық  тəжірибені  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізуші  ретінде
сипаттайтын  адами  сапа (қасиет) болып  табылады, ол  ұлттық  тұлғаның  таным-білімімен,
сана-сезімімен  жəне  алынған  білімді  іс  жүзінде  жүзеге  асыра  алу  дəрежесімен – мінез-
құлқымен өлшенеді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2030» даму стратегиялық бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1997.
– 96 б.
2. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тəрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
3. Наурызбаев Ж. ұлттық мектептің ұлы мұраты - Алматы: Ана тілі, 1995.- 192 б.
4. Абдраман  Ш.А. Жоғарғы  техникалық  оқу  орындары  студенттерін  кəсіби  техникалық
қалыптастурдың дидактиқалық негіздері: докт.пед.наук: 13.00.08.-2000.-320 с.

221
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТƏРБИЕСІ –
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ НЕГІЗІ
Алшынбаева С.Е.
№27 ЖББ ОМ ШО тəрбиеші, Қарағанды қ.
Қазақстан Республикасының  білім  беру жүйесінде мектепке  дейінгі тəрбие  мен оқыту
білім  беру  үрдісінің  бірінші  деңгейі  болып  табылады. Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті
мəселесі  жас  ұрпаққа  рухани-адамгершілік  тəрбие  беру, бала  бойындағы  мəңгілік
құндылықтарды  дамыту, рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы
керек. Рухани-адамгершілік тəрбие отбасынан басталады. Бала тəлім-тəрбиені, адамгершілік
қасиеттерді ата-анасынан, үлкендерден, тəрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы
көру, сезім  қатынасында  ғана  алады. Дəлірек  айтқанда, адалдық  пен  шыншылдық,
адамгершілік  пен  кішіпейілділік, қарапайымдылық  пен  сыпайылық, үлкенді  сыйлау  мен
инабаттылық  адамзат  тəрбиесінің  ең  өзекті  мəселелері. Мектепке  дейінгі  адамгершілік
тəрбие – балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Ұрпақ тəрбиесі –
келешек  қоғам  тəрбиесі. Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген, ақыл-парасаты
мол,  мəдени,  ғылыми  өрісі  озық  етіп  тəрбиелеу  –  біздің  де  қоғам  алдындағы  борышымыз.
Бұл жөнінде Елбасының биылғы жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі білім беруді дамытуға баса
назар аударылды [1].
Рухани-адамгершілік тəрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адам өмірінің əр
кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тəрбие үрдісін дүрыс ұйымдастыру нəтижесінде, рухани
бай, дамыған жеке тұлғаны тəрбиелеуге өріс ашады.
Мектепке  дейінгі  кезеңде  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сəйкес  баланың  жеке
тұлғалық мəдениетінің негіздері қаланады. Сондықтан, баланың бойына туған- туысқандары
мен  жақын  адамдарына  сүйіспеншілік, айналасындағы  жанды-жансыз  дүниеге  қайырымды
көзқарастары мен сезімталдық  сияқты  адамгершілік сапаларын қалыптастыру аса маңызды.
Жеке  түлғаны  қалыптастыру  үрдісі  адамгершілік, еңбексүйгіштік, ізеттілік, шыншылдық,
жауапкершілік, əдептілік, т.б. адами қасиеттерді дамытуды көздейді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тəрбиелеудің негізгі міндеттері –
балалардың  адамгершілік  сезімдерін, мінез-құлықтың  ізгі  дағдылары  мен  əдеттердің
адамгершілік  ұғымдары  мен  мінез-құлық  түрткілерін  қалыптастыру. Баланы  тəрбиелеуде
оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен
орын  алады. Үлкендермен  қарым-қатынас  жасау  үрдісінде  оларды  жақсы  көру  сезімі,
олардың  нұсқауларына  сай  əрекет  жасауға, оларға  қуантуға, жақын  адамдарын  ренжітетін
қылықтар  жасамауға  ұмтылу  пайда  болады. Бала  өзінің  тентектік, қателік  жасаған  кездегі
ренішті  немесе  наразылықты  көргенде  толқуды  бастан  кешіреді, ал  өзінің  жақсы
қылықтарына  жылы  шыраймен  қараса, оған  қуанып, жақын  адамдарының  ризашылдық
білдіруінен  рақат  алады. Мектепке  дейінгі  шақта  балада  қайырымдылық, жанашырлық,
қуанышқа  ортақтасу  сезімдері  қалыптасады. Сезім  балаларды  белсенді  іс- əрекетке: көмек
көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық
сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тəрбиелеудің
ерекше маңызы бар.
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  қатынаста  болу, серуен, жеке
шығармашылық  үшін  уақыт  үнемдеуге  əсер  ететін  ықпалдасу  жолын  жүзеге  асырудың
негізгі  түрлерінің  бірі  жəне  ойын  əрекетінің  ең  бастысы – ықпалдасқан  сабақтар  болып
саналады. Педагогикалық  процеске  тұтастық-ықпалдасқан  жол  мектепке  дейінгі  жастағы
балаларға  əлемнің  толық  бейнесін  беру, оларды  жүйелі  білімді  қалыптастыру, қорытылған
ептілік жəне ең маңыздысы, адамгершілік қасиетін тəрбиелеу, руханилығын ашу.
Тұтастық «үйлесімділік» жəне «ықпалдастық» түсініктерімен  бір  маңызды  байламға
жалғанады. Үйлесімділік - бұл  саналуандықтың  бірлігі, ал  ықпалдастық - бірліктің

222
саналуандылығы. Үйлесімділік  ықпалдастықпен  ғана  тығыз  байланыста  емес, сонымен
қатар, тұтастықпен  де  байланысты: педагогикалық  процестің  тұтастық  деңгейі  барынша
жоғары болса, ол сонша рет үйлесімді жəне тəрбиелеу мен оқытудың басты болашағы - жан-
жақты  дамыған  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  тиімді  шешіледі. Керісінше, педагогикалық
процестің  үйлесімділік  дəрежесі  барынша  жоғары  болса, сонша  рет  ол  тұтастық  болып
есептеледі  жəне  ол  өзінің  қызметтерін  нəтижелі  орындайды. «Жеке  тұлғаның  сан  алуан
жағының  дамуы», оның  дене  бітімінің  жəне  рухани  күштерінің, оның  барлық
шығармашылық  қабілеттерінің  жəне  таланттарының, сонымен  қатар, жоғары  адамгершілік
қасиеттерінің, жан-жақты  рухани  жəне  материалды  құндылықтармен  эстетикалық  жəне
мəдени  құндылықтарды  таратушысы  ретінде  белгіленетін  баланың  жеке  тұлғасының  жан-
жақты дамуы. Оқытуда ықпалдасу идеясы Я.А. Коменскийдің еңбектерінде бастау алады, ол
бір-бірімен  байланысты  нəрселер, ұдайы байланыста болуы  жəне ақыл-парасат, ес жəне тіл
арасында  бірдей  бөлінуі  керектігін  дəлелдейді. Сонымен, барлығы, адамды  неге  оқытатын
болса, ол  аз, бірікпеген  болмауы  керек, керісінше  бірыңғай  жəне  тұтас  болуы  керек.
Ықпалдастық–заманауи  білім  берудің  қалыптасуының  ең  маңызды  жəне  болашағы  бар
əдістемелік  бағыттарының  бірі  болып  саналады. Білім  беруде  ықпалдастық  білім  беру
əдістерінің  тəрбиешілерге  ерекше  ықпалы, тəрбиелеу  мен  оқытудың  позитивті  нəтижесін,
өмірдің  барлық  тұстарының  негізі  ретінде  гуманистік  бағытты  қамтамасыз  етуші  олардың
əрқайсысының  жеке-жеке  əсеріне  қарағанда, көбінде  белсендірек  жəне  тəуірлеу  деп
есептелгенінде  көрінеді. Педагогтың  негізгі  міндеті– баланың  алдында  əлемді  жалпы  ашу,
оған əлемді орасан кең жəне сан қырлы етіп, бұл үшін дыбыстарды, сөздерді, қимылдарды,
ым-ишараларды жəне иістерді қабылдап, қолдана отырып үйрету болып табылады. Балалар,
орман, өзен, жер жəне т.б. бар екенінен хабардар болуы  шарт, жəне олардың қандай  да бір
жағдайда қалай өзара əрекетте болуын білуі керек. Бірақ олар жеке іс-əрекетте жəне сондай-
ақ  бірлескенде  қандай  нəтижелер  алып  келетінін  білмейді. Əрине  қорытындысында  біз
білетін, бірақ түсінбейтін баланы аламыз. Түсінетін бала ол алдымен, барлық нəрсенің тұтас
байланыстарын  жəне  қатынастарын  көруге  қабілетті, құбылыстар  арасында  кішкентай  ғана
байланыстар  мен  өзара  тəуелділікті, сонымен  қатар  іс-əрекеттерінен  туындайтын
зардаптарды  көруге  қабілетті  бала. Бұл, сезінуге  қабілетті, біреудің  қайғы-қуанышына
ортақтаса білетін, «барлығының бірлікте, бəрімен байланысты екенін» сезінеді нəтижесінде
білуі мүмкін, бірақ түсінбейді [2].
Мұның  барлығы  əртүрлі  білім  беру  саласында  жалпыадамзаттық  құндылықтарды
ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Осылай мазмұн ықпалдаса қалыптасуы мүмкін:
- бейнелеу  жəне  тіл, бейнелеу  өнері  жəне  музыкалық  даму, мұнда  байланыстырушы
элементі болып бейне көрінеді (көркем жəне тіл);
- техникалық  жəне  көркем – эстетикалық  құрастыру, қызметтің  осы  түріне
шығармашылық сипат береді, мұнда рухани-шығармашылық даму жəне қабілеттердің дамуы
болады;
- математикалық жəне ақпараттық, құрылымдық, балалардың  математикалық ойлауын
дамытуды теңестіру, талдау, пайымдау, қорытындылай білу, ойша  пайымдауларды, əртүрлі
нүктелер, қасиеттер, алуандар арасындағы қатынастарды түсіне білуді қамтамасыз етеді;
-əлеуметтік  мəдениетпен  экологиялық  білім  беру, бұл  өз  кезегінде  балаларда
экологиялық  қауіпсіздіктің, тірі  əлемге  күш  көрсету, экологиялық  мəдени  ойлай  білу  жəне
мінез-құлықты  қалыптастыру, қоршаған  ортада  адамгершілік  мəндерін  ажырату, табиғатта
жəне əлеуметтік ортада өзін тани білу негіздерін дамытудың міндеттерін шешуге мүмкіндік
береді;
-  валеологиялық  жəне  физикалық  дамыту  «өзі  туралы»  білімдердің  қалыптасуының
жəне балалардың денсаулығын жақсарту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді;
- байланыстырушы  элемент  болып  табылатын  бейне, құбылыс, категория, түсінік
шығатын танымдық  жəне бейнелеу; балаларда танымдық  процестердің  дамуын қамтамасыз
етеді, шығармашылыққа жол ашады.

223
Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі
ретінде  қазіргі  тұрақты  өзгеріп  тұрған  əлемде  табысты  бейімделуге  қабілетті  бала
тұлғасының  қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  жағдайлар  жасайды. Жетекші  ғалымдар  мен
практиктер  жүргізген  көптеген  психологиялық-педагогикалық  зерттеулер  нақты  мектепке
дейінгі  жастың  зияткерлік, тұлғалық, əлеуметтік  жəне  эмоционалдық  дамуын  анықтайтын
шарт  екендігін  дəлелдеді. Уақытында  алынған  мектепке  дейінгі  білімнің  əр  бала  үшін  де,
еліміздің əл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мəні бар [3].
Балалар  бақшасында  жəне  жанұяда  балаға  қойылатын  талаптардың  жүйелілігі,
бірізділігі  жəне  бірлігі  мінез-құлық  дағдыларын  бекем  меңгеруді, баланың  жеке  басының
адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді. Бұл  заңдылық  тəрбиешіден
барлық тəрбие жұмысын жүйелі түрде, тəрбие міндетін бүкіл топқа тұтас жəне əр балаға өз
алдына (оның  ерекшеліктерін  жəне  енгізілген  адамгершілік  ережелерді  меңгеруін, мінез-
құлық тəжірибесін есепке  ала) біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруды  талап етеді.
Сондай-ақ тəрбие міндетін неғұрлым толық шешуді қамтамасыз ететін жағдай жасау қажет:
қандай да болса адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін баланың сол қасиеті бейнеленетін
қылықтарын  жүйелі  жаттықтыру  қажет, сонымен  бірге  оны  тəрбиелеуші  адамдардың
талаптарының  бірдей  болуын  қамтамасыз  ету  керек. Əйтпесе, балаларда  өз  мінез-құлқын
саналы  басқару  емес, тек  үлкен  адамдардың  бұйрығына  бағына  білу  ғана  қалыптасады.
Бейімделгіш болу қаупі туады. Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында тəрбиелеу жеке-дара
тəсіл заңдылығымен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік
дəрежесін жəне баланың мінез-құлық тəжірибесін есепке алу керек. Бұл заңдылықты жүзеге
асыру  үшін  тəрбиешіден  əр  жастағы  баланың  психо-физиологиялық  жəне  əрбір
тəрбиеленушінің  дамуының  жеке-дара  ерекшеліктерін  терең  білуді  талап  етеді. Адамның
моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. Мектепке дейінгі
жылдарда  бала  ересектердің  жетекшілігімен  жақын  адамдарымен, құрдастарымен,
заттармен, табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың, тəлім-тəрбие  алудың  бастапқы
тəжірибесіне  ие  болады. Балалардың  іс-əрекеттерін  басқара  отырып, тəрбиші  олардың
бойында  Отанын  сүю, айналадағыларға  ықыласпен  қарау, шамасы  келгенше  оларға
көмектесуге  ұмтылу, дербес  іс-əрекетте  белсенділік  жəне  белгілі  бір  іске  бастама
(инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тəрбие
балаларда  теріс  тəжірибе  көбеюіне  жол  бермейді, баланың  адамгершілік  сапасының
қалыптасуына қолайсыз əсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен əдеттердің дамуына
кедергі  жасайды.Тəрбиеші  балаларда  үлкендерге  құрмет  көрсетуді, өз  қатарларымен  дұрыс
қарым-қатынас  жасауды, заттарға  ұқыпты  қарауды  білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық
дағдыларын  қалыптастырады. Бұлар  əдет  бола  отырып, мінез-құлық  нормасына  айналады:
сəлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою,
қоғамдық  орындарда  өзін  мəдениетті  ұстау, өтінішін  ізеттілікпен  білдіру  əдеті. Мектепке
дейінгі естияр  жаста үлкендермен, өз  қатарларымен  мəдениетті қарым-қатынас жасау, шын
айту, тазалық, тəртіп  сақтау, пайдалы  іс-əрекет  жасау, еңбек  ету  əдеті  қалыптаса  береді.
Мектепке  дейнігі  ересек  жаста  балалар  қылығының  адамгершілік  мазмұнына  ой  жүгірте
қарау  негізінде  дамыған  адамгершілік  дағдылар  мен  əдеттер  неғұрлым  берік  болады.
Тəрбиеші  балалардың  адамгершілік  нормаларына  бағынатын, саналы  түрде  меңгерілген
мінез-құлыққа  тəрбиелейді. Сезімге, санаға  жəне  мінез-құлыққа  ықпал  жасау  бірлігі
заңдылығы  жеке  адам  дамуы  үдерісінің  біртұтастығы  ұғымынан  туады. Ол  адамгершілік
тəрбие құралдары мен əдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді [4].
Адамгершілік тəрбиесінің мазмұнына балалардың интерационалдық рухта тəрбиелеу де
жатады. Өйткені, ол  адамгершілік  тəрбиесінің  негіздерінің  бірін  құрайды. Балабақшада
көптеген  ұлттың  балалары  бар  олардың  бəрі  бірдей  тəрбиеленіп, бірдей  қамқорлыққа
бөленеді. Осының  өзі-ақ  балалардың  бір-біріне  жолдастық, достық  сезімін  тəрбиелеудің
қолайлы жағдайы.

224
Адамгершілік тəрбиесінің мазмұнына баланың мінез-құлқын тəрбиелеу жатады. Мінез-
құлық дегеніміз – адамдардың өзін қоршаған ортаға, қоғамға, басқа адамдарға деген қарым-
қатынасынан көрініс табатын тұрақты психикалық ерекшелігінің жиынтығы.
Бұл  ерекшеліктердің  ең  бастысы - сана  мен  ерік. Мінез-құлық  ерте  жастан  бастап
қалыптасады жəне саналы, ақылды ұйымдастырылған тəрбие ісіне бағынады. Еріктік сапаға:
қажыр-қайрат, өзін  меңгере  алу, сабыр, төзім, мақсаттылық, шешімділік, тұрақтылық,
ұстамдылық, батылдық, белсенділік  жатады. Бұл  қасиеттер  балалардың  іс- əрекет, еңбек,
ойын, оқу-тəрбие жұмыстары үстінде көрініс тауып, қалыптасады [5].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет