Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет124/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
16-сабақ
ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ
Қазақ  баспасөзінің  алғашқы  өнімдері  ХІХ  ғасырдың  екін-
ші  жартысында  жарық  көрген  «Түркістан  уалаятының  газеті», 
«Дала уалаятының газеті» сияқты басылымдар.
Алғашқы газет, журналдардың атауы, жылдары, редакторла-
ры және шыққан қалалары төмендегідей:
1. 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Түр-
кістан уалаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторы Шах-
мардан Мирасұлы Ибрагимов болды.
2.  1888-1902  жылдар  аралығында  Омбы  қаласында  «Дала 
уәлаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторлары Ешмұха-
мед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер болды.
3. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында «Айқап» 
журналы  шыққан.  Алғашқы  редакторы  Мұхаметжан  Сералин 
болды.
4. 1913–1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында «Қазақ» 
газеті шыққан. Алғашқы редакторы Ахмет Байтұрсынұлы болды.
5.  1916  жылы  Уфа  қаласында  «Садақ»  журналы  шыққан. 
Алғашқы редакторлары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілеп-
бергенов болды.
6.  1916  жылы  Семей  қаласында  «Алаш»  газеті  шыққан. 
Алғашқы  редакторлары  Көлбай  Төгісов  пен  Мариям  Төгісова 
болды.
7. 1917–1918 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Бір-
лік  туы»  газеті  шыққан.  Алғашқы  редакторы  Мұстафа  Шоқай 
болды.
8.  1918  жылы  Семей  қаласында  «Абай»  журналы  шыққан. 
Алғашқы редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет